Ақпараттық технологияның қарқынды дамуна байланысты соңғы кездері программалауға деген қызығушылықтың арта түскені белгілі. Дк қолданудың ең негізгі облыстарының бірі бағдарламалау болып табылады



бет10/71
Дата04.10.2022
өлшемі1.36 Mb.
#461923
түріПрограмма
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   71
С тілінде программалау УМКД

While операторы


Орындалу саны алдын ала белгісіз болатын циклдер құру кезінде шарттары алдын ала немесе соңынан тексерілетін екі цикл түрі бар. Шарты алдын ала тексерілетін цикл операторының орындалу келесі суретте көрсетілген. Оның жазылуы:



Сурет 4.2. - Шарты алдын ала тексерілетін цикл


Мұнда шарт ретінде шартты өрнек немесе кез келген типтегі өрнек пайдаланылуы мүмкін. Оператор қарапайым немесе құрама болуы мүмкін. Ол құрама оператор болса, онда операторлар жиыны жүйелі жақшаға алынып жазылады. While операторы орындалғанда, алдымен, жақша ішіндегі өрнек есептеліп тексеріледі. Егер өрнек мәні ақиқат болса немесе жалпы жағдайда 0-ге тең болмаса, онда оператор атқарылады. Содан соң жақшадағы өрнек тағы да есептеледі. Егер өрнек мәні жалған болса (немесе жалпы жағдайда 0-ге тең болса), онда while цикл операторы өз жұмысын аяқтайды.


Мұнда шарт-өрнек құрамына кіретін айнымалы цикл ішінде өзгеріп отырады. Мысал:



/* 1-ден 100-ге дейінгі бүтін сандар қосындысы */
#include #include int main() {
int s,k; clrscr(); s=0; k=1;
while (k<=100) { s+=k;
k++; }
printf ("s= %d",s);
printf("\nАяқтау үшін Enter басыңыз\n"); getch();
return 0
}







  1. Do ... while цикл операторы


Шарты соңынан тексерілетін do … while циклінің орындалу схемасы 4.3- суретте көрсетілген. Осыған сәйкес оператордың жалпы жазылу түрі:

do {
1-оператор; 2-оператор;





n-оператор;
} while (өрнек);





Сурет 4.3. Кейінгі шартты циклдық оператордың орындалу схемасы Цикл тұлғасы ретінде қарапайым немесе құрама оператор қолданылуы


мүмкін. Жақшадағы өрнек цикл тұлғасынан кейін тексеріледі. Сондықтан do while цикл тұлғасы ең болмағанда бір рет орындалады. Цикл тұлғасынан кейін жазылған өрнек ақиқат болса (немесе жалған жағдайда ол 0-ге тең болмаса), цикл тұлғасы қайтадан орындалады. Ал өрнек жалған болса (немесе 0-ге тең болса), цикл аяқталады. Енді мысалдар келтірейік.

// Енгізілген сандардың үлкенін (максимумын) табу


#include #include main()
{
int a, max; clrscr();
printf("\n Сандар максимумын табу \n");
printf("Аяқтау үшін 0 енгізіңіз \n"); max = -32000;
// алдын ала максимумды ең кіші бүтінге теңейміз
do
{ printf("Сан енгізіңіз : ");
scanf("%i",&a);
if (a > max) max = a;
}
while (a!=0);
printf("Сандардың максимумы: %i",m);




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   71




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет