Құрылымдарды пайдаланатын файлдармен жұмыс істеу кезінде fread()/fwrite() функцияларын пайдаланған ыңғайлы. Олардың жазылуы:
fread(ptr, size, n, fp);
мұнда fp файлынан әрқайсысы size байттан тұратын мәліметтің n блогы ptv нұсқауышы көрсетіп тұрған жады аймағына оқылады (оқылатын блок үшін алдын ала орын дайындап қою қажет).
fwrite(ptr,size,n,fp);
мұнда ptr нұсқауышы көрсетіп тұрған жады аймағында орналасқан әрқайсысы size байттан тұратын мәліметтің n блогы ашық тұрған fp файлына жазылады.
Осы функцияларды қолданудың бір мысалын келтірейік:
typedef struct
{
char author [30];
char title [50]; int pages;
} BOOK;
BOOK b1={ "Kernighan", "С Language", 256 }, b2;
FILE *fp; void main()
{...
fp=fopen("struct.txt", "w+");
// файл әрі оқу, әрі жазу үшін ашылды fwrite(&b1, sizeof(BOOK), 1, fp); fseek(fp,0,0); // маркер файл басына fread(&b2, sizeof(BOOK), 1, fp);
printf("Авторы – %s,аты – %s,беттер саны – %d\n",b2.author, b2.title, b2.pages);
}
Файл дегеніміз не? Ол не үшін пайдаланылады?
Файл қайда орналасады және қалай белгіленеді?
Файл ашу функциясы қалай жазылады?
Файл атын программада қалай анықтаймыз?
Файлдың қолданылу режимдері қалай көрсетіледі?
Файлға мәлімет жазу/оқу функциялары.
Файлға жаңа элемент қалай қосылады?
Мәлімет оқылған файлға мәлімет жазуға бола ма?
Файлдан ақпарат оқу үшін не істеу керек?
Файлға ақпарат жазу үшін не істеу керек?
Символдар мен сөз тіркестерін файлға жазу үшін не істеу керек?
Құрылымдарды пайдаланатын файлдар қандай функцияларды пайдаланады?
ЛЕКЦИЯ № 11
Тақырыбы: Объектілі-бағытталған бағдарламалауға кіріспе.
Класс және объект ұғымы
Достарыңызбен бөлісу: |