Қара металлургия кәсіпорындарындағы газ шаруашылығының өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


-тарау. Газ араластыру станциялары



бет5/8
Дата16.06.2016
өлшемі0.78 Mb.
#139784
1   2   3   4   5   6   7   8

11-тарау. Газ араластыру станциялары
284. Газ араластыру станциялары (бұдан әрі-ГАС) автоматтандырылған және тұрақты емес қызмет көрсету жұмыскерлерімен пайдаланылады.

285. ГАС келтіру газ өткізгіштерінде дистанциондық және жергілікті басқару бар электрлендірілген ысырмалар орнатылады.

286. Домна пештерінің ауа қыздыру аппараттарының ГАС әрбір пеш үшін дербес.

287. ГАС бақылау, дабыл беру және басқару ұйымның газ шаруашылығының диспетчерлік пунктіне топтастырылған.

288. Домна пештерінің ауа қыздырғыш аппараттарының ГАС домна газы мен табиғи газ араластырылғанда, табиғи газды ГАС беру орнында орталарында электр жетегі бар ысырмасы бар пілте мен екі электрлендірілген ысырма ретпен орнатылады.

Араластыру қондырғысына жеткізілетін домна газының шығыны номинал шығыннан 30 % төмендеген жағдайда табиғи газдың берілуі аталған екі ысырманың жабылуымен және олардың араларындағы майшамның ашылуы мен автоматты түрде сөндірілуі іске асырылады.

Домна пешін басқару ғимаратында мнемоникалық схемада ысырмалардың шеткі күйлері көрсетіледі. Бұдан басқа, табиғи газ газ өткізгішінің сөндірілгендігі туралы дыбыстық дабыл беріледі.

12-тарау. Бақылау-өлшеу аспаптары
289. Бақылау-өлшеу аспаптары оларға қарауға, қызмет көрсетуге және мүмкін болатын зақымданулардан сақтау үшін ыңғайлы орындарда орналастырылады.

Аспаптарды алмастыру үшін сөндіру құрылғылары қаралады.

290. А санатты ғимараттарында бірінші ретті аспаптар ретінде жанғыш газдардың қысымы мен шығынының қопарылу қауіпсіз датчиктері қолданылады.

А санатындағы ғимарат үшін жанғыш газдардың қопарылу қауіпсіз датчиктері болмаған кезде қыздырылатын жабық шкафтарда цех ғимаратының сыртында орналастырылған жағдайда жалпы тағайындалған датчиктерді қолдануға рұқсат етіледі. Датчиктерді импульстерді алу орындарына жақын шкафтарға және осы Талаптың 292-тармағының талаптарына сәйкес арнайы ғимараттарда орналастыруға болады.

Г және Д санатты ғимараттарында жалпы тағайындалған электр датчиктерін қолдануға рұқсат етіледі.

291. Басқару постылары мен қалқандар ғимараттарында жанғыш газдардың қысымы мен шығынын өлшеудің екінші реттік аспаптары ғана орналастырылады. Бұл ғимараттарға газ қысымынан тәуелсіз жанғыш газдардың импульстік құбырлы өткізгіштерін енгізуге болмайды.

292. Жалпы тағайындалған датчиктер немесе газ анализаторларын орнатумен Г және Д санатты цехтардың қатарласқан ғимараттарына жанғыш газдардың импульстік құбырлы өткізгіштерін енгізуге, қатарласқан ғимараттың жоғарғы және төменгі бөліктерінде орналасқан ашық саңылаулармен цехпен қатарласып орналасқан ғимараттар арасында қатынас бар болса, рұқсат етіледі. Бұл кезде жоғарғы бөліктегі саңылаулар алаңы 15 % кем емес, ал төменгі бөлікте қатарластырылған ғимараттың 10 % кем емес.

293. Г және Д санатты цехтардың істеп тұрған ғимараттарында жабық қатарласқан бөлмелер, егер оларға жанғыш газдардың импульстік құбырлы өткізгіштері тартылған, ал осы Талаптың 292-тармағының талаптарына сай цехпен қатынас құрылғысы мүмкін болмаса, улы газдар кезінде желдету лақтырындыларын цех сыртына шығарумен сағатына алты дәрежелік ауа алмасуын және улы газдар болмаған кезде үш дәрежелік ауа алмасуын қамтамасыз ететін желдеткішпен жабдықталады.

294. Жанғыш газдардың датчиктерін орнату үшін цехтар ғимараттарына қосымша құрылыс нысандары (олардан тұтастай бөлінген) А санатты өндірістер ғимараттарына жатқызылады.

Егер қосымша салынған құрылыс нысандары цех ғимаратымен ашық саңылаулармен қатынаста болса, осы Талаптың 292-тармағының талаптарына сәйкес, онда цех ғимаратының санатына жатқызылады.

Датчиктерді шкафтарға орналастыру кезінде соңғысының жоғарғы және төменгі бөліктерінде желдету үшін желдеткіштері, сонымен қатар цех жылытылмайтын болса, жылыту құрылғысы болады.

Датчиктер ғимаратын олар жатқызылатын цех аралық құбырлы өткізгіштерге тікелей орналастыруға болады. Бұл кезде ғимарат төбесінен құбырлы өткізгіштің төменгі түзілетін құбырлы өткізгіш саңылауына дейінгі ара қашықтық 2 м кем болмайды.

295. Импульстік құбырлы өткізгіштерді төсеу ҚНжЕ 3.05-09-2002 талаптарына сәйкес орындалады.

296. Ылғалды газдың импульстік өткізгіштері, өлшеу диафрагмалары, датчиктер және реттеу арматуралары (дросселдік клапандар тағы сол сияқты) ғимараттан тыс немесе жылытылмайтын ғимараттарда орналастырылса, олардың тығыздалуы қарастырылады.

297. Бақылау-өлшеу аспаптарының газ аппараттарымен және газ өткізгіштерімен жалғануы металл құбырлары арқылы жүргізіледі.

Газ қысымы 0,1 МПа-ға дейін болған кезде бақылау-өлшеу аспаптарын І класты 0,6 МПа дейін жұмыс қысымымен майысқақ түтіктер көмегімен жалғауға рұқсат етіледі.

Резиналы маталы майысқақ түтіктер ұзындығы 1-ден аспайтын және газ өткізгіштер штуцерлері мен аспаптармен қамыттармен бекітіледі.

298. Техникалық үрдістерді қадағалаудың басқа әдістерін пайдалану мүмкін болмаған жағдайда, осы Талаптың 447-тармағының талаптарын сақтай отырып радиоактивті изотоптарды қолдануға рұқсат етіледі.

299. БӨА қалқаны және құрал-жабдықтар немесе ғимарат қабырғасы араларындағы өту жолдарының ені 0,8 м кем болмайды.
13-тарау. Газ өткізгіштер мен газды қондырғылар ғимараттары

1-параграф. Құбырлар және материалдар
300. Газ өткізгіштерді құру үшін осы Талаптың 7-қосымшасында көрсетілген талаптарға сәйкес болат құбырлар қолданылады.

301. Фланецті қосылыстарды тығыздау мына жерлерде жүргізіледі:

1) ыстық домна газының газ өткізгіштерінде-тұз ерітіндісімен қанықтырылып сіңірілген құрғақ өрме асбесті баумен;

2) диаметрі 500 мм дейін домна және конвертор газдарының газ өткізгіштерінде-табақшалы резинамен, ал диаметрі 500 мм үлкен болған кезде табиғи олифте қызыл бояумен сіңірілген немесе сызылған өрме асбесті баумен;

3) фланецтің кез келген диаметрі кезінде төменгі қысымды кокс, ферроқорытпа немесе табиғи газдардың газ өткізгіштерінде табиғи олифте қызыл бояумен сіңірілген өрме асбесті баумен;

4) фланецтің диаметрінен тәуелсіз төменгі және жоғары қысымды кокс, ферроқорытпа немесе табиғи газдардың газ өткізгіштерінде паронитпен.

302. Резьбалық қосылыстарды тығыздау үшін табиғи олифте қызыл бояумен немесе белиламен сіңірілген зығыр ширатылған жібі қолданылады.

Көбік немесе табиғи олиф алмастырғыштарын қолдануға жол берілмейді.



2-параграф. Пісіру жұмыстары
303. Газ өткізгіштерді құрастыру және пісіру осы Талапқа сәйкес жүзеге асырылады.

304. Пісіру құбырларымен газ өткізгіштерді жабдықтаған кезде құбырлардың түйісуіндегі бойлық пісіру жапсарлары бір-біріне салыстырмалы 50 мм кем сырғытылады.

305. Пісіру құбырларымен де, тұтастай тартылған құбырлармен де газ өткізгіштерді жабдықтау кезінде құбырларға пісірілген түтіктер, штуцерлер, люктер түтіктері майшамдар тағы сол сияқты пісіру жапсарларынан түзілетін түтікті есептегенде 100 мм кем емес қашықтықта және құбырлы өткізгіштердің пісірілген түйіспелерінде орнатылмайды.

306. Газ өткізгіштердің жаңа телімдерін және газ қондырғыларын істеп тұрған газ өткізгіштерге жалғау бойынша жұмыстар газ қаупі бар жұмыстарға жатқызылады және рұқсат-наряд бойынша орындалады.


3-параграф. Газ өткізгіштер мен газ қондырғыларын сынақтан өткізу. Жалпы талаптар
307. Барлық жаңадан жарақтандырылатын және түбегейлі жөндеуден өткізілген газ өткізгіштер мен газ қондырғылары беріктікке және саңылаусыздыққа сынақтан өткізіледі.

308. Сынақты жүргізбес бұрын құрылыс-монтаждау ұйымы кәсіпорынның өкілдеріне сыртынан тексеру үшін газ өткізгіштер мен газ қондырғыларын негізгі құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтағаннан кейін көрсетеді.

Сыртынан тексеру кезінде жарақтанған нысанның жобаға сәйкестігі, барлық кертіктердің бар болуы, сөндіру ысырмаларының жұмысқа қабілеттілігі және нысанның сынаққа дайындығы тексеріледі.

Тексеру нәтижелері актпен рәсімделеді.

309. Газ өткізгіштер мен газ қондырғыларын сынау кәсіпорынның өкілдерінің қатысуымен құрылыс-монтаждау ұйымымен жүргізіледі. Сынақ құрылыс-монтаждау ұйымының техникалық жетекшісімен бекітілген және кәсіпорынның жетекшісімен келісілген осы Талапты ескерумен құрылған бағдарламаға сәйкес жүргізіледі.

Сынақтың жүргізілгендігі туралы сынақтың нәтижелерін көрсетумен акт толтырылады.

310. Монтаждалған газ өткізгіштер мен газ қондырғыларының ішкі қуыстарын сынақтан өткізер алдында ол құрылыс қоқысынан, бөгде заттардан және монтаждау құралдарынан, оның ішіне жұмыскерлердің жетуі мүмкін болмаса, ауамен немесе инертті газбен үрленеді. Үрленетін қуыстағы ағын жылдамдығы барлық тұтынушылардың бір уақтылы жұмыс жағдайларынан есептелген ең жоғарғы газ жылдамдығынан екі есе артық болады.

311. Газ өткізгіштерді және газ қондырғыларын беріктікке және тығыздыққа сынау ауа немесе инертті газбен жүргізіледі, бұған қысымы 0,3 МПа жоғары сыртқы газ өткізгіштерді беріктікке сынау жатқызылмайды, оларға сынақ сумен жүргізіледі.

Қыс мезгілінде, сонымен қатар газ өткізгіш диаметрі 300 мм жоғары болғанда, осы Талаптың 317-тармағының талаптарына сай қауіпсіздік жөнінде қосымша шаралар жүзеге асырылған жағдайда суды ауа немесе инертті газбен ауыстыруға рұқсат етіледі.

312. Сынақтар жабық сөнетін арматурамен тығындар орнатусыз жүргізіледі.

Егер арматура, құрал-жабдық, сақтандыру және реттеу құрылғылары немесе аспаптары сынақ қысымына есептелмесе, олар беріктікке сынақ жүргізген уақытта тығындар көмегімен сөндіріледі. Газ қысымында болатын құрал-жабдық және басқа да газ өткізгіштерден сыналатын газ өткізгішті сөндіру тек тығындармен жүргізіледі; осы мақсатта бекіту арматурасын қолдануға жол берілмейді.

313. Сыналатын нысанға орнатылатын тығындар жұмыстарды ұйымдастыру жобасында максимал сынақ қысымына есептелген және осы Талаптың 36-тармағына сәйкес келеді.

314. Газ өткізгіштер мен газ қондырғыларына сынақтар жүргізу кезінде қысымның өлшенуінің қажетті дәлдігін қамтамасыз ететін манометрлер қолданылады, бұлар:

1) сынақ қысымы 0,1 МПа-ды қоса алған кезде U-тәрізді сынаппен толтырылған сұйықтық манометрлері, үлгі манометрлері немесе серіппелі бақылау манометрлері;

2) беріктікке сынақ қысымы 0,1 МПа-дан жоғары болған кезде 1,5-тен кем емес серіппелі манометрлер, ал тығыздыққа үлгі манометрлер және серіппелі бақылау манометрлері қолданылады.

Әрбір манометр және дифманометрде уақытынан аспаған бұзылмаған сенімділік таңбасы бар.

315. 0,07 МПа және одан жоғары қысымға сынақты сыртқы ауа температурасы минус 200 С жоғары болғанда, 0,07 МПа дейінгі қысымда сынақты ауа температурасы минус 300 С жоғары болған кезде жүргізуге рұқсат етіледі.

4-параграф. Газ өткізгіштерді сынау
316. Цех аралық және цехтық газ өткізгіштер сынаққа бөлек ұшыратылады.

Ғимарат сыртынан қабырға бойынша және шатыр бойынша бөлек тұрған тіректерге төселген сыртқы цехтық газ өткізгіштер цех ішілік газ өткізгіштерден бөлек сынақтан өткізіледі.

317. Газ өткізгіштерді беріктікке пневматикалық сынау алдында сынақтың жүргізілуіне байланысы жоқ адамдар алыстатылатын қауіпті зоналар қойылады. Сынақ жүргізу кезінде зона шекарасы қызыл жалаушамен белгіленеді және күзетіледі.

Қауіпті зона өлшемдері:

1) ғимараттан тыс орнатылған газ өткізгіштер үшін сыналатын нысанның барлық жағынан сынақ қысымы 0,3 МПа жоғары болған кезде 50 м кем емес және сынақ қысымы 0,1 ден 0,3 МПа дейін болған кезде 25 м кем емес;

2) ғимараттың ішінде орналастырылған газ өткізгіштер үшін сәйкес цехтың бастығының келісімімен, бірақ нысанның барлық жақтарынан 10 м кем емес аралықта қауіпті зона қойылады.

Сонымен қатар қауіпті зонадағы және газ немесе ауа қысымы 0,07 МПа жоғары болатын құбырлы өткізгіштер мен ыдыстарды қорғау бойынша шаралар қарастырылады. Бұл шаралар құрылыс-монтаждау ұйымымен әзірленуі, кәсіпорынмен келісілген және осы Талаптың 309-тармағында қаралған сынақ бағдарламасында көрсетіледі.

Тығыздыққа сынақ жүргізген кезде беріктікке сынақ жүргізгеннен кейін қауіпті зоналы белгілеу жүргізілмейді.

318. Қыздырғыштарға шығар жолы бар пештік газ коллекторлары беріктікке сыналады. Бұл сынақтарды жүргізу кезінде қыздырғыштар алдында крандар немесе ысырмалардан кейін тығындар орнатылады. Цех коллекторынан қыздырғыштарға дейін әрбір пешке барлық шығуды тығыздыққа сынау тығындар орнатусыз барлық орнатылған арматурамен жүргізіледі.

1-кесте



Газ өткізгіштегі газ қысымының Р есебі, МПа

Сынақ қысымы

Беріктікке

Саңылаусыздыққа

Төменгі қысым,

Р.≤0,1


Орташа және жоғары қысым, 0,1<Р.≤1,2

-
1,25 Р

1,25 Р, бірақ 0,02Р-ден кем емес

Р

Ескерту. Келтірілген сынақ қысымдарының нормалары домна пештерінің газ тазалағыштарының газ өткізгіштеріне таратылмайды.

319. Цехтық жер үстілік және цехтық газ өткізгіштердің беріктік пен тығыздыққа сынақ қысымының нормалары 1-кестеге сәйкес қабылданады.

320. Сиретумен жұмыс істеуге тағайындалған цехтық және цех аралық газ өткізгіштерді беріктікке сиретудің есептеу коэффициенті 2-ге тең қысыммен және тығыздыққа 1,25 коэффициентімен пневматикалық сынаққа ұшыратылады. Бұдан кейін газ өткізгіштер жүйенің тартып үрлеу құралдарымен түзілген сиретумен сыналады және сынау сиретуінде 1 сағат бойы ұстап тұрады.

321. Беріктікке сынау кезінде цех аралық және цехтық газ өткізгіштер сынақ қысымында 1 сағаттан кем емес уақыт бойы тұруы керек, содан кейін қысым саңылаусыздыққа сынауға бекітілген нормаға дейін түсірілуі керек және газ өткізгіш пен арматураны тексеру жүргізіледі. Бұл кезде газ өткізгіштер пневматикалық сынақтан өткізілсе, онда пісіру жапсарларының, фланецті және резьбалық қосылыстар тығыздығы сабын ерітіндісімен немесе қатпайтын көбікті индикатормен тексеріледі.

Қосыластырды газ өткізгіште сабын ерітіндісімен немесе қатпайтын көбікті индикатормен тексеру кезінде газ өткізгіште тұрақты қысым сақталады.

Сынақтар кезінде байқалған ақауларды жою газ өткізгіштегі қысымды атмосфералық қысымға дейін төмендеткеннен жүргізіледі. Сынақ жүргізу кезінде газ өткізгіште қысымның жоғарылауы және төмендеуі баяу жүреді.

Газ өткізгіште элементтер деформациясы мен зақымданулар жоқ болған кезде, беріктікке сынақ кезінде ауа немесе судың ағуы және манометр бойынша қысымның төмендеуі байқалмаса газ өткізгіш сынаққа шыдаған болып саналады.

322. Газ өткізгіштерді саңылаусыздыққа сынау ғимарат ішінде де, ғимараттан тыс орында да газ өткізгіштегі температура теңдестірілгенен кейін, сонымен қатар қоршаған орта температурасымен теңестірілгеннен кейін ғана жүргізіледі. Газ өткізгіштегі температураны қадағалау үшін сыналатын учаскенің басы және соңында термометрлер орнатылады.

Газ өткізгіштегі ауа қысымы мен температурасы сынақ кезінде газ өткізгішке орнатылған барлық манометрлер мен термометрлердің орташа арифметикалық көрсеткіші ретінде анықталады.

323. Цех аралық және цехтық газ өткізгіштер тығыздыққа сынау кезінде сынақ қысымында 2 сағаттан кем емес уақыт, ал орташа және жоғары қысымды газ өткізгіштер 12 сағаттан кем емес уақыт бойы тұрады, содан кейін қысымды төмендетпей газ өткізгіштің трассасын және фланецті және резьбалық қосылыстар және сальникті тығыздаулардың саңылаусыздығын сабын ерітіндісі немесе көбік индикаторымен тексереді.

324. Газ өткізгіш сынаққа шыдады деп саналады, егер ондағы қысым оны саңылаусыздыққа сынау кезінде мына формуламен есептелсе:

мұндағы Р-қысымның төмендеуінің фактілік шамасы, бастапқы сынақ қысымынан %;

Рбаст.-сынақ басындағы манометрлік және барометрлік қысым сомасы, МПа;

Рсоң.-бұл да, сынақ соңында, МПа;

Тбаст.-сынақ басындағы газ өткізгіштегі абсолют температура, К;

Тсоң.-сынақ соңындағы газ өткізгіштегі абсолют температура, К:

1) цех ішілік газ өткізгіштер үшін 1 % артық емес;

2) сыртқы газ өткізгіштер үшін келесі шамалардан артық емес:

газөткізгіш диаметрі, мм:

300-ге дейін және одан төмен .........................................2,0 %

300 ден аса 1000-ға дейін.................................................1,5 %

1000 нан жоғары................................................................1,0 %

Фланецті және резьбалық қосылыстарды және сальникті тығыздамаларды сабын ерітіндісімен тексеру кезінде ауа немесе инертті газдың ағуы болмайды.

5-параграф. ГРП және ГРҚ сынау
325. ГРП және ГРҚ-ның газ құрал-жабдықтары мен газ өткізгіштерін беріктікке және тығыздыққа сынау газөткізгіштің кіре берісіндегі ысырма шекараларынан бақылау-өлшеу аспаптарына осы аспаптар алдындағы крандарға дейін барлық импульстік тізбектермен газ өткізгіштің шыға берісіндегі ысырмаға дейін жүргізіледі.

Беріктік және тығыздыққа сынау кезінде реттегіштер қысымын және айырғыш сақтандыру қақпақшаларының басқару элементтері, егер олар осы қысымға төлқұжат бойынша есептелмеген болса сөнеді.

326. ГРП және ГРҚ сынақ қысымдары беріктікке 1,25 Р, тығыздыққа Р, мұндағы Р-жоғары жақтағы газдың есептеу қысымы болып қабылданады.

327. ГРП және ГРҚ беріктікке сынау кезінде жүйедегі сынақ қысымы 1 сағат бойы сақталып тұрады, содан кейін қысымды саңылаусыздыққа сынақ жүргізу үшін бекітілген нормаға дейін төмендетеді және құрал-жабдықты сыртынан тексеру жолымен және барлық қосылыстарды сабын эмульсиясымен тексерумен ақаулы орындарды анықтау жүргізеді. Егер сынақ жүргізу кезінде манометр бойынша қысымның түсуі болмаса, деформация жарықшақтық және басқа да зақымданулар болмаса ГРП және ГРҚ сынаққа шыдаған болып саналады.

328. ГРП және ГРҚ тығыздыққа сынау 12 сағат бойында жүргізіледі. Бұл кезде 324-тармақтың формуласы бойынша есептелген қысымның түсуі сынақ кезінде бастапқы қысымнан 1 % аспайды.

Сөндірілген реттеуіштермен және айыру сақтандыру клапандарының бүршіктерімен ГРП сынақтан өткізгеннен соң екінші тығыздыққа сынау осы құрал-жабдықтың төлқұжатында көрсетілген нормалар бойынша қосылған реттеуіштер және айырғыш сақтандыру клапандары бүршіктерімен жүргізіледі.

329. ГРП және ГРҚ сынақ жүргізу кезінде байқалған ақаулар қысымды атмосфералыққа дейін түсіргеннен кейін жойылады.

Пісіру жапсарларындағы ақаулар (пісірілмей қалу, жарықшақ тағы басқа) барлық тігісті кесу немесе шабу және қайтадан пісіру жолымен жойылады. Тығыз емес фланецтік және резьбалық қосылыстар ажыратылып және қайтадан жинастырылады.

Анықталған ағызулар мен ақауларды жойғаннан кейін тығыздыққа сынау қайталанады.

6-параграф. Домна газының газ тазалау қондырғысының

газ өткізгшітерін және аппараттарын сынау
330. Домна газының газ тазалау қондырғысының газ өткізгіштерін және аппараттарын сынау тәртібі мен сынақ қысымының нормалары осы Талапқа сәйкес болады.

Газ тазалау газ өткізгіштері және аппараттары үшін сынақ қысымы осы Талаптың 1-қосымшасының талаптарына сәйкес қабылданады.

331. Телімдер бойынша газ тазалау мен газ өткізгішті беріктікке сынау монтаждалған құрал-жабдықты және арматураны қолданумен (егер олар сәйкес учаскеге сынақ қысымына сыналған болса) немесе барілген телімді сынау үшін қабылданған максимал қысымға сәйкес есептелген арнайы тығындар орнатумен құрал-жабдық және арматурасыз жүргізіледі.

Тығындарды бекіту клапандарының және скрубберлердің шлам клапандарының, электр сүзгілер мен су айырғыштардың, олар 1,25 Р қысымға есептелген болса скрубберлер мен электр сүзгілерінің ысырмаларының орнына орнатуға рұқсат етіледі.

332. Телімдер бойынша газ өткізгіштер мен газ тазалағыштар қондырғыларының аппараттарын беріктік пен тығыздыққа сынау екі кезеңде жүргізіледі.

Бірінші кезең-сыналатын телімдегі қысым 0,07 МПа дейін жеткізіледі, содан соң тексеру және ақауларды анықтау жүргізіледі. Анықталған ақауларды жою (жапсарлардың босаңдығы, сальниктер арқылы ауаның шығуы, төсемдер тағы басқалар) қысымды атмосфералыққа дейін түсіргеннен кейін жүргізіледі.

Екінші кезең-қысымды сынақ қысымына дейін көтеру жолымен беріктікке сынау жүргізіледі, бұл кезде сыналатын телім 5 минут бойына тұрады, содан соң қысым жұмыс қысымына дейін түсіріледі және саңылаусыздықты тексерумен сыналатын телімді екінші реттік тексеру жүргізіледі.

333. Сыналатын телімдерде қысымды көтеру және төмендету баяу әрбір сатыда 5 минуттан кем емес уақыт бойы ұстап тұрумен 0,025 МПа бойынша сатылап жүргізіледі.

Сынау телімдеріне тексеру жүргізуге тек тұрақты қысым бекігеннен кейін 10 минуттан кейін ғана рұқсат етіледі. Қысымды көтеру кезінде және ұстап тұрусыз сыналатын телімдерді тексеру, бөлек жапсарлардың соғылысы, ақауларды қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарына жол берілмейді.

334. Газ тазалау мен газ өткізгіштер аппараттарды телімдер бойынша сынау ұзақтығы 1 сағаттан кем болмайды.

335. Егер осы Талаптың 324-тармағында келтірілген формула бойынша есептелген қысымның түсуі 1 сағаттан аспаса, газ тазалаудың сыналатын телімі саңылаусыздыққа сынаққа шыдаған болып есептеледі:

1) құрал-жабдықпен және арматурамен тығынсыз сынау кезінде 3 %;

2) тығынмен құрал-жабдық және арматурасыз сынау кезінде 2 %.

7-параграф. Эксплуатацияға қабылдау
336. Газ шаруашылығының нысандары құрылысы (қайта конструкциялау) немесе түбегейлі жөндеу ҚР ҚНжЕ 1.03-06-2002 талаптарына сәйкес қабылданады.

337. Жоғары қысымды газ қондырғыларын және газ өткізгіштерді эксплуатацияға қабылдау қысымы 0,3 МПа асады.

338. Осы Талаптан ауытқулары бар газ шаруашылығының нысандарын эксплуатациялауға қабылдауға болмайды.

339. Газ шаруашылығының нысаны эксплуатацияға уақытында енгізілмесе, қайтадан сынау жүргізіледі.



14-тарау. Диспетчерлік басқару, байланыс және дабыл бергіштер
340. Цех-тұтынушылар бойынша газдың тиімді таратылуын қамтамасыз ету үшін, қалыпты газ режимін сақтап тұру және газ өткізгіштер мен газ қондырғыларының қауіпсіз эксплуатациялануын қамтамасыз ету үшін, газ шаруашылығының жұмысын бақылау және басқару шапшаңдығы және сенімділікті арттыру үшін газ шаруашылығының диспетчерлік қызметі ұйымдастырылады.

341. Газ шаруашылығының диспетчерлік пункттері телемеханизация құралдарымен жабдықталады.

Газ шаруашылығының диспетчерлік пунктіне (бұдан әрі-ГШДП) берілген теле өлшеулер, теле дабылдар және теле басқарулар көлемі жобамен анықталады және газбен жабдықтау жүйесін басқаруға диспетчердің шапшаң араласу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Газды пайдалану жағдайлары өзгерген кезде газды автоматты түрде тиімді қайта тарату үшін электрондық есептеуіш машина (бұдан әрі-ЭЕМ) орнату мүмкіндігі қарастырылады.

342. ГШДП-е газ өткізгіштің неғұрлым ерекшеленетін нүктелерінде газ температурасы мен қысымын; кәсіпорынның газ өткізгіштеріне келетін газ қысымы, температурасы және шығынын; барлық ірі және неғұрлым алыста орналасқан газ тұтынушылардың, нысанның автоматты режимінде жұмыс істейтіндерде газ қысымы мен шығынын, басқа кәсіпорындарға газ өткізгіштерді бақылайтын аспаптар мен дабыл бергіш шамдар шығарылады.

343. ГШДП мнемосхемасында дистанциондық басқару ысырмаларының шеткі күйі көрсетіледі.

ГШДП қысымды реттеуді бергіштерді басқару құралдарымен, газ өткізгіштерде ысырмалар мен дроссельдік клапандармен, оның ішінде домна, кокс, және табиғи газдардың газ өткізгіштері араларында айырғыштарда ысырмалармен жабдықталады.

344. ГШДП-де газ шаруашылығының нысандарын дабыл бергіштер мен байланыс, шапшаң реттеу және бақылау қондырғылары І санатты электр энергиясымен жабдықталады.

345. ГШДП газ пайдаланатын және шығаратын барлық цехтармен телефон байланысымен жарақтандырылады.

Әрбір домна пешін басқару ғимаратында, аулау цехтарының машина залдарында және кокс батареяларының аудару кабиналарында, кокс химиялық өндірістің диспетчерлік пунктінде және ірі газ қолданатын цехтарда, ЖЭО, домна және ферроқорытпа газдарының газ тазалағыштарында, ГУБТ, газ арттыру және газ компрессорлық станцияларда, аудандық ГРС, газдан құтқару қызметімен кәсіпорынның өрт күзетімен, медициналық пунктпен, газ цехының негізгі қызметтерінде, кәсіпорынның диспетчері және бас энергетик тікелей телефон байланысымен жабдықталады.

ГШДП оперативті радиобайланыспен және оперативті машинамен жабдықталуы, диспетчер командаларын жазу үшін техникалық құралдармен тексерушілер және жөндеу тобы болады.

346. ГШДП тұрақты қызмет көрсету жұмыскерлерінсіз жұмыс істейтін газ шаруашылығының нысандарынан күзет дабыл бергіші шығарылады.

347. ГШДП бөлек немесе кәсіпорынның энергошаруашылығының басқа түрлерін диспетчерлік пункттерімен біріктіріп орналастыруға болады. ГШДП ғимаратының отқа төзімділігі І және ІІ дәрежелі болады.

ГШДП жанғыш газдардың енуіне жол берілмейді. А санатты ғимараттарға диспетчерлік пункттерді орналастыруға жол берілмейді.

348. Диспетчердің оперативтік қарамағында апаттық-жөндеу бригадасы және арнайы жабдықталған автомашина бар. Аталған бригада жұмыскерлердің тұрақты қызмет көрсетуінсіз жұмыс істейтін құрал-жабдықты профилактикалық бақылау және құрал-жабдықтың апаттық тоқтауымен байланысты барлық жұмыстарды орындайды.

349. Газ цехының конторының құрамында оперативті машинаға арналған гараж және ГШДП дабыл бергішпен және тікелей байланыспен жабдықталған апаттық-жөндеу бригадасы қарастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет