Қара металлургия кәсіпорындарындағы газ шаруашылығының өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


-параграф. Қопарылу өртену қаупі бар



бет7/8
Дата16.06.2016
өлшемі0.78 Mb.
#139784
1   2   3   4   5   6   7   8

5-параграф. Қопарылу өртену қаупі бар

нысандарды экплуатациялау
410. А санатты ғимараттарда газ өткізгіштердің, арматура және аспаптардың фланецті және резьбалық қосылыстарының сабын эмульсиясымен тығыздығын тексеру технологиялық регламентпен қаралған мерзімде, айына бір реттен кем емес жүргізіледі.

411. А санатты әрбір есікте ғимараттың санаты және қопарылу қаупі бар зона класы көрсетіледі. Бұл ғимараттарда көрнекті орындарда апатты жою жоспарлары және алғашқы көмек көрсету орындарының телефондарының тізімі ілінеді.

412. А санатты ғимараттарда электр құрал-жабдықтарын жөндеу бойынша жұмыстар электр желісінен ажыратылғаннан кейін жүргізіледі. Қажет болған жағдайда тасымалданатын аккумуляторлы қопарылу қаупі жоқ жарықтандырғыштар қолданылады.

413. А санатты ғимараттарда сүрту және майлау материалдарын тығыз жабылатын металл жәшіктер немесе шкафтарда тәуліктік қолданылатын мөлшерден аспайтын шамада сақтауға рұқсат етіледі.

ГРП-да сүрту және басқа жанғыш материалдарды сақтауға жол берілмейді.

414. Сыртқы қондырғыларға жақын жерде, сонымен қатар А санатты ғимарат ішінде және жақын жерде темекі тартуға және ашық отпен пайдалануға болмайды, ол туралы көрінетін орындарда қауіпсіздік белгілері орнатылады.



6-параграф. ГРП және ГРҚ эксплуатациялау
415. ГРП ғимаратында жұмыстарды орындау кезінде негізгі және қосалқы (бар болғанда) шығу есіктерінің құлыптары ашық.

416. ГРП және ГРҚ құрал-жабдықтарына қызмет көрсету графикпен қаралған мерзімде жүргізіледі. Бұл кезде жылына бір реттен кем емес, егер бұл құрал-жабдықтарға зауыт-дайындаушылардың басқа қызмет көрсету мерзімдері белгіленбесе, қысым реттеуіштерін, сақтандыру клапандары мен сүзгілерін бөлшектеумен құрал-жабдықты жөндеу жүргізіледі.

417. Сақтандыру бекіту және айыру клапандарының істеуін және реттеуін тексеру екі айда бір реттен кем емес, сонымен қатар оларды әрбір тексеру және жөндеуден кейін жүргізіледі. ГРП және ГРҚ сақтандыру бекіту клапандары бар болған кезде, олардың іске қосылуының реттелуі есептеу қысымынан 15 % жоғары болғанда жүргізіледі. Айыру сақтандыру клапандарын ретке келтіру ашылғанға дейін қысым 5 % көтерілгенде және қысым 15 % көтерілген кезде толық ашылғанда жүргізіледі.

418. ГРП және ГРҚ газ шығаруда қысымды реттеуші ГРҚ немесе ГРП кезекшісі тұрақты болған жағдайда құрал-жабдықты жөндеу және тексеру кезінде пайдаланушыларға газды ГРП және ГРҚ айналма тізбегі (байпас бойынша) беруге рұқсат етіледі. Бұл кезде манометрлер байпаста реттеу ысырмасына дейін және кейін орнатылады және қызмет көрсететін жұмыскерлерге жақсы көрінетін болады.

Айыру сақтандыру қақпақшасын немесе монометрді жөндеуге алу үшін олардың орындарына сынақтан өткізілген қақпақша және манометр орнатылады. Аталған құрал-жабдықсыз ГРП және ГРҚ жұмыс істеуіне жол берілмейді.

419. ГРП және ГРҚ шыға берістегі газ қысымы пайдаланушылардың газ өткізгіштеріндегі қысымның бекітілген режимдеріне сәйкес реттеледі.

ГРП және ГРҚ шыға берісіндегі газ қысымының пульсациясы берілген жұмыс қысымынан 10 % артуына жол берілмейді.

420. ГРП және ГРҚ орнатылған сүзгілер тазалауға бөлшектелінер алдында ысырмалармен сөндіріледі және тығындармен қайталанады. Сүзгі қақпағы сүзгіде қысымның жоқтығы тексерілгеннен кейін алынады. Сүзгі корпусы сүзгі саптамасын (кассета) алғаннан кейін мұқият тазартылады. Кассетаны бөлшектеу және тазарту ГРП ғимаратынан тыс жерде жүргізіледі.

421. ГРП және ГРҚ құрал-жабдықтарына технологиялық қызмет көрсету бойынша жұмыстар және оны қалыпты эксплуатациялаудан ауытқуларын жою жөнінде жазбалар эксплуатациялық журналда жүргізіледі. Бөлшектері мен тораптарын алмастырумен байланысты ГРП және ГРҚ құрал-жабдығының жөндеулері (тексерістер) нәтижелері ГРП және ГРҚ төлқұжаттарына жазылады.

7-параграф. ГПС, ГКС және ГТРС пайдалану
422. Әрбір ГПС, ГКС және ГТРС агрегатын қосқаннан бастап және жұмыс режимін реттеу немесе машинаны апаттық тоқтату аяқталғанға дейін қажет болғанда қосулы машинаны тоқтату үшін қалқанда кезекші болады.

423. ГПС, ГКС және ГТРС толық автоматтандырылғанда, дистанциондық басқарылғанда және бақыланғанда тұрақты қызмет көрсету жұмыскерлердің қатысуынсыз эксплуатациялауға болады. Толықтай автоматтандырылған ГПС, ГКС және ГТРС кезеңдік тексеру және қызмет көрсету бекітілген график бойынша екеуден кем емес жұмыскермен жүргізіледі.

Толық емес автоматтандырылған ГПС, ГКС және ГТРС эксплуатациялау ауысымына екеуден кем емес жұмыскермен жүзеге асырылады. Жұмыс істеп тұрған агрегаттарды бақылаусыз қалдыруға жол берілмейді.

424. Газ өткізгіштерді желдету немесе үрлеу кезінде машиналардың электр қозғалтқыштарын қосуға жол берілмейді.

425. Газ үрлеуіштерді, айдағыштарды немесе ГУБТ қосу тек машинаның өзінде немесе машиналарды басқару қалқанында орналасқан қосу түймелерімен жүргізіледі.

426. Берілген режимдер бұзылған жағдайда, жұмыс істеп тұрған айдағыштар, компрессор немесе ГУБТ машиналардың олқылығы байқалғанда олар тез арада тоқтатылады.

427. Коллектордағы газдың сору қысымы 0,5 кПа төмен түсіп кеткенде, суыту үшін электр энергиясы немесе су беру тоқтатылғанда, жалпы коммуникацияларда апаттар орын алғанда барлық агрегаттар тез арада тоқтатылады.

428. Сақтандырғыш айырғышы немесе электр энергиясын берудің тоқтатылуы нәтижесінде барлық айдағыштар немесе компрессорлар бір уақтылы кенет тоқтатылғанда, барлық машиналардың электр қозғалтқыштары тез арада сөндіріледі.

Станцияның айдағыш жүйелеріндегі шығын қысымын ұстап тұру үшін сору және айдау бөліктеріндегі ысырмалар жабылмайды. Сору және айдау коллекторлары араларындағы байпас ашық болады.

429. ГПС және ГКС пайдалану, сонымен қатар станция құрал-жабдықтарын тексеру және жөндеу газ шаруашылығындағы қауіпсіздік технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.



8-параграф. Домна газын шаңнан тазарту және

суыту қондырғыларын эксплуатациялау
430. Газ тазалау жұмыстары тек шығын қысымымен жүзеге асырылады.

Домна пештерінің бірін қысқа мерзімге тоқтату кезінде оның газ тазалағышы цех аралық газ өткізгіштен сөндірілмейді; ондағы шығын қысымы басқа пештердің газы есебінен сақталады; тек бір ғана пеш жұмысы кезінде газ тазалағыштағы шығын қысымы жүйеге домна, кокс немесе табиғи газ жіберу есебінен сақталып тұрады.

431. Домна цехының құрғақ шаң аулағыштарынан шаңды шығару кезінде газ тазалау аумағында және скрубберлер және электр сүзгілер алаңдарында қандай да жұмыстар жасауға, егер жұмыстар істеу орнынан шаңның шығатын орнына дейінгі аралық 50 м кем болса, жол берілмейді.

432. Скрубберлер мен электр сүзгілерінің гидро ысырмаларының, скрубберлер мен электр сүзгілерінің су деңгейін бақылау және дабыл беру аспаптарының дұрыстығын тексеру, қалқыма камерасымен скрубберді жалғайтын құбырлар мен тасымалданатын қалқыма құрылғыларын жуу, шламның шөгуінен кері циклді газ тазалау құбырлы өткізгіштері мен тартпаларын жуу және тазалау технологиялық регламентке сәйкес күндізгі ауысымда жүргізіледі.

433. «Газ» әсерінде болатын скрубберлер, электр сүзгілер, құбыр-тозаңдағыштар, дроссельдік топтар, тамшы жинағыштарға қызмет көрсету бойынша барлық жұмыстар, сонымен қатар форсункаларды тазалау, су ысырмаларын жуу, ішкі тексеріс, корондаушы электродтарды алмастыру, шөгінді құбырлар мен электродтарды тазалау, ағынды су құбырлы өткізгіштері мен тартпаларды шаю тағы сол сияқтылар газ қаупі бар болып табылады және наряд-шақтама бойынша орындалады.

434. Газ тазалауды тоқтату және қосу кәсіпорын нұсқаулығының технологиялық регламентіне сәйкес төменде келтірілген талаптарды ескерумен орындалады:

1) газды жағусыз домна пешін тоқтату кезінде колошникте газ тазалау пештен айыру клапанымен, конус аралық кеңістіктің газ өткізгішін теңестіру газ тазалауы-колошникте табақшалы ысырмамен сөндіріледі, бұл кезде газ тазалау апараттары мен газ өткізгіштер таза газдың цех аралық газ өткізгіші жағында қысымда қалады. Газ өткізгіштер мен аппараттардағы үрлеу майшамдары жабық. Скрубберді суландыруға су беру тоқтатылмайды, бірақ қысқартылады;

2) колошниктегі газды жағумен домна пешін тоқтату кезінде конус аралық қуыстағы газ тазалау газ өткізгіші мен теңестіру газ өткізгіші колошникте табақшалы ысырмалармен сөндіріледі, содан соң газ тазалау жағынан аталған газ өткізгіштердегі ысырма және теңестіру газ өткізгішіндегі дренажды тізбектегі ысырма жабылады, содан соң олардағы майшамдар ашылады, ал сөндірілген газ өткізгіштерге бу беріледі.

Газ тазалағыш пештен айыру клапанымен, содан соң цех аралық таза газдың газ өткізгішінен дискілі және табақшалы ысырмамен (немесе тығынмен) сөндіріледі, содан соң газ тазалау аппараттары мен газ өткізгіштерде үрлеу майшамдары ашылады және оларға бу беріледі. Буды ластанған, жартылай таза, таза газ және теңестіру газ өткізгіштеріне желдету кезінде аппараттарға су беруді тоқтатусыз беруге рұқсат етіледі. Буды скрубберге оны желдеткеннен кейін беру тек майшамдар және люктер ашық кезде және осы уақытта скрубберге судың берілуіне жол бермейтін шаралар орындалғаннан кейін ғана жүргізіледі.

Айыру клапаны шаң аулағыштан кейін оналастырылған кезде (газ жолы бойынша) айыру клапанынан кейін скруббер жағынан айыру клапаны жабылғаннан және таза газдың газ өткізгішінің цех аралық газ тазалағышы сөндірілгенен кейін скрубберден айыру клапанына дейінгі телімде лас газдың газ өткізгішін желдету үшін пілте болады.

Газ тазалауды қосу кезінде ластанған газдың газ өткізгішіне, теңестіру газ өткізгішіне және жартылай таза газдың газ өткізгішіне бу беру майшамдар ашық кезде барлық газ тазалау аппараттарына су бергеннен кейін жүргізіледі.

435. Домна пештерін және олардың газ тазалағыштарын жоспарлы тоқтату (қосу) домна және газ цехтарының басшылығымен ертерек құрылған Жұмыстарды ұйымдастыру жоспары (бұдан әрі-ЖҰЖ) бойынша орындалады.

ЖҰЖ барлық айыру құрылғыларын көрсетумен барлық кешеннің принципиалдық сұлбасы бар. ЖҰЖ орындалатын барлық операциялардың тәртібі көрсетіледі. Жұмыстарды бастамас бұрын ЖҰЖ барлық орындаушылар меңгереді.

9-параграф. Ферроқорытпа газын шаңнан және газ жолынан тазалау және суыту үшін қондырғыларды пайдалану
436. Газ тазалау мен ГОС құрал-жабдығын жөндеуге және апаттық жағдайларда тоқтату кезінде апаттар мен құрал-жабдық газ келу көзі жағынан тығындар орнатумен сөндіріледі.

437. ГОС орнатылған газ үрлеуіштердің бірі апаттық тоқтағанда немесе кернеу жоғалып кеткенде тоқтатылған газ үрлеудің айдағыш түтігінде тез әрекет ететін клапан және айдау газ өткізгішінен газ тазалау жолына және одан әрі электр пешіне газдың кетуінен сақтандыратын олардан кейін орнатылған электрлендірілген ысырма автоматты түрде жабылады.

438. Газбен үрлеу және толтыру кезінде газ өткізгіштері мен газ тазалау аппараттарында қопарылу қаупі бар қоспаның түзілуінен сақтану үшін газ тек ауаны бумен немесе инертті газбен толығымен алдын ала ығыстырып шығарғаннан кейін ғана (егер ол бар болса) беріледі.

Газ шығару жолын ауамен толтыру кезінде жөндеу немесе ұзақ уақытқа тоқтатылған жағдайда газ алдын ала бумен немесе инертті газбен ығыстырылады. Газ трактын ауамен толтырудың аяқталуы осы Талаптың 371-тармағына сәйкес анықталады.

Газ өткізгіштерді газбен толтыру кезінде газ қоспасындағы оттегінің мөлшерін тұрақты бақылау жүзеге асырылады.

439. Электр пешін қосу және газ тазалағышқа газ беру алдында ауаның сорылуынан сақтану үшін газ трактындағы және үрлеу майшамдарында сөндіру құрылғыларының күйі, сонымен қатар газ тазалау аппараттарының өту қуыстары және люктерінің саңылаусыздығы мұқият тексеріледі.

440. Газдағы оттегі мен сутегінің мөлшері технологиялық регламентте көрсетілген шектерден асып кеткенде ескерту дабыл бергіштері іске қосылады.

Пеш сөніп қалғанда және ферроқорытпа газындағы оттегі мен сутегінің мөлшері бекітілген шектерден асып кетсе, қауіпсіздіктің автоматты айыру жүйелері іске қосылады:

1) газ тазалауды сөндіру;

2) пештен газ соратын газ үрлеуіштерді тоқтату;

3) ГОС айдау коллекторынын газ үрлеуіштерді айыру.
10-параграф. ГСУ пайдалану
441. Жанғыш газдарды жағусыз ГСУ арқылы шығаруға жол берілмейді.

442. Жанғыш газдарды шығару кезеңінде ГСУ қызмет көрсету алаңдары мен сатыларына адамдардың келуіне жол берілмейді. Газ шығару клапандары алаңдарынан адамдардың ГСУ қалыпты қызмет көрсету бойынша барлық жұмыстар автоматты сөндірілгеннен кезде, газ лақтыру клапандары жабық және инертті газ немесе буды клапандардан кейінгі тіректерге беру кезінде жүргізіледі.

Сатыларға кіру есігі құлыппен жабылады және онда ескерту жазбасы болады.

443. ГСУ қызмет көрсету бойынша барлық жұмыстар газ қауіпті болып табылады және наряд-шақтама бойынша орындалады.



11-параграф. Бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану
444. Эксплуатациялау үрдісінде бақылау-өлшеу аспаптары жылына бір реттен кем емес сенімділікке тексеруден (таңбалау) өткізіледі. Жұмыс істеп тұрған манометрлер нәтижелерін журналға жазумен, бақылау манометрлерінің көмегімен 6 айда бір реттен кем емес қосымша сенімділікке тексеруден өткізіледі. Бақылау манометрі болмаған кезде сенімділікке тексеруді басқа сенімділікке тексерілген манометрлер көмегімен жүргізуге рұқсат етіледі.

Бақылау-өлшеу аспаптарын мынадай жағдайда қолдануға жол берілмейді:

1) аспапта сенімділікке тексерудің жүргізілгендігі туралы таңба немесе пломбы жоқ болғанда;

2) сенімділікке тексеру мерзімі өтіп кеткенде;

3) зақымданулар немесе олқылықтар бар болғанда.

445. Сұйықтық манометрлерін тек газ қысымы 0,03 МПа болған кезде кезеңдік өлшеулер үшін қолдануға рұқсат етіледі.

446. Импульстік газ өткізгіштерін үрлеу аспаптар мен датчиктерден ажыратылған кезде бумен, сығылған ауа немесе газбен жүргізіледі. Бумен үрлеу аспаптан газ өткізгішке орындалады. Сығылған ауамен үрлеу газ өткізгіш жағына қарай газ өткізгіштен импульстік өткізгішті сөндірумен және ауаны атмосфераға шығарумен жүзеге асырылады. Газбен үрлеу аспап жағына майшамға импульстік өткізгішті иілгіш шланг құрамымен қосумен жүзеге асырылады.

447. Радиоактивтік изотоптарды қолдану технологиялық регламентпен іске асырылады.



12-параграф. Газ қаупі бар жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді ұйымдастыру
448. Газ қаупі бар жұмыстарға газданған атмосферасы бар орындардағы жұмыстар немесе орындалуы кезінде газдың бөлінуі мүмкін және жұмыс істеп жатқандарды уландыруға қабілетті орта түзілуі немесе қопарылыстың болуына әкелуі мүмкін жұмыстар жатқызылады.

449. Өндірістік ғимараттың жұмыс зонасы ауасындағы зиянды заттардың мөлшері рұқсатты концентрациялық шектен (бұдан әрі-РКШ) аспайды.

450. Газ цехтарында, сонымен қатар жанған газдарды өндіретін және пайдаланатын цехтарда газ қаупі бар орындар мен газ қаупі бар жұмыстар, оларды топтарға бөлумен газ қауіпті жұмыстар тізбесі құрылған; бұл тізбелерде ағымдағы эксплуатациялау тәртібі бойынша орындалуы мүмкін жұмыстар көрсетіледі. Тізбелер ұйымның техникалық жетекшісімен бекітіледі.

451. Аварияны жою жұмыстары наряд-шақтаманы рәсімдеусіз аварияны жою жоспарымен сәйкес орындалады. Адамдар және жұмыстың материалдық құндылықтарына тікелей қауіп жойылғаннан кейін газ өткізгіштерді және газ жабдықтарын техникалық ретке келтіру наряд-шақтама бойынша жүргізіледі.

452. Екі және одан да көп цехтарға газ қауіпті жұмыстарды жүргізу үшін газ қауіпті жұмыстарды басқаруға тағайындалған тұлғамен осы Талаптың 8-қосымшасына сәйкес жұмысты ұйымдастыру жоспары құрылады.

453. Барлық топтардың газ қаупі бар жұмыстары, құдықтардағы, пеш көмейіндегі, газ тазалау су өткізгіштерінің өту тоннельдеріндегі, резервуарлардағы, пештер оттықтарындағы және аппараттар ішіндегі жұмыстарды қоса, 3 адамнан кем емес бригадамен және газдан құтқарушының қадағалауымен орындалады.

454. Газ қаупі бар жұмыстарды орындау үрдісінде жұмыстың орындалу орнындағы ауа ортасында зиянды заттардың болуына бақылау жүргізіледі. Егер зиянды заттар мөлшері рұқсатты концентрациядан асып кетсе, онда арнайы тағайындалған атқарушы газдан құтқару аппараттарын қолдану немесе газданған ортадан бригада мүшелерін шығару туралы нұсқау береді.

455. Газ қаупі бар жұмысты орындау кезінде жауапты атқарушы жұмыстың жүргізілу орнында болады. Оған басқа жұмыстар атқаруды жүктеуге жол берілмейді. Жауапты басшының өкімдері бригаданың барлық мүшелеріне міндетті болады. Жұмыс жүргізу кезінде басқа қызмет тұлғалары жауапты басшы арқылы ғана нұсқау бере алады.

456. Жауапты атқарушы жұмыс үрдісінде жұмыскерлермен наряд-шақтамамен қаралған барлық қауіпсіздік шараларының орындалуын бақылайды.

457. Газ қаупі бар жұмыстарды орындау кезінде жұмыс орындарында жұмыстың барлық қатысушыларының болуы тексеріледі. Жұмыстың барлық қатысушыларының бар болуын тексеру, адамдардың шығуымен байланысты үзілістерде және жұмыс аяқталғаннан кейін жүргізіледі.

458. Газ қаупі бар жұмыстарды жүргізу орындарында бөгде адамдардың болуына жол берілмейді. Жұмыс орнына жақын жерде қауіпсіздік белгілері ілінеді немесе қойылады.

459. Газ қаупі бар жұмысты орындауға қатысушы тұлғаларда газдан сақтандыру аппараты болады.

460. Газ қаупі бар жұмыстарды жүргізу кезінде қолданылатын газдан сақтандыру аппараттарын арнайы қондырғыда жылына екі реттен кем емес тығыздыққа тексеріледі. Газдан сақтандыру аппараттарының оңтайлылығын тексеру оларды әрбір қолданғаннан кейін жүргізіледі.

461. Газдан сақтандыру аппараттарын, сақтандыру белдіктерін, белдік карабиндерін және сақтандыру арқандарын тексеру және сынау газдан құтқару қызметімен жүргізіледі және журналға жазылумен сәйкес актілермен ресімделеді.

Әрбір сақтандыру арқаны мен сақтандыру белдіктеріне нөмірі және сынау уақыты көрсетілген биркалар тағылады.

462. Газ қаупі бар жұмыстарды құдықтарда, пеш көмейінде, газ тазарту су өткізгіштерінің өту тоннельдерінде, резервуарларда, оттықтар мен аппараттарда орындайтын жұмыскерлер иық белбауымен айқасуында сақтандыру арқанын бекіту үшін шығыршықпен жабдықталған сақтандыру белдігін киеді. Белдік шығыршығы жауырыннан төмен орналаспайтындай етіп таңдалынады. Арқанның бос шеті сенімді бекітіледі. Белдіктерді иық белбаулары және сақтандыру арқандарынсыз қолдануға жол берілмейді.

Ыдыстың (құдық, резервуар тағы сол сияқтылар) сыртында газ қаупі бар жұмысты орындаудың барлық уақытында сақтандыру арқанын сақтандыру белдігі шетінен ұстап тұратын жұмысшыға үздіксіз қадағалау жүргізетін жұмыскер болады.

463. Құдықтарда, резервуарларда және осы Талаптың 462-тармағында көрсетілген басқа ыдыстарда қауіпті жұмыстарды орындайтын жұмыскерлердің аяқ киімдері болат тағасыз және шегелерсіз болады, болмаса колош киіледі.

Газ шығарылуымен газ қаупі бар жұмыстарды орындайтын жұмыскерлер қиын жанатын материалдардан тігілген костюмдер киеді.

464. Газ қаупі бар жұмыстарды орындау кезінде түсті металдардан жасалған балғалар мен зілбалғалар қолданады, ал қара металдардан жасалған құрал-саймандар мен құралдар соққы кезінде ұшқыннның түзілуіне жол бермейтіндей қапталады. Металды шабуға арналған құралдар мен кілттер, егер соңғысы мыспен қапталмаса, онда қою жағармаймен, солидолмен немесе техникалық вазелинмен майланады.

Кез келген электрлік ұшқын түзетін құрал-саймандарды қолдануға жол берілмейді.

465. Газ қаупі бар жұмыстарды орындау кезінде тасымалданатын жарықтандырғыштар, оның ішінде қопарылудан сақтандырылып жасалған аккумуляторлық жарықтандырғыштар қолданылады.

466. Сақтандыру белдіктері, карабиндер және сақтандыру арқандары әрбір қолданар алдында және кейін тексеруге және жылына екі реттен кем емес беріктікке сынақтан ұшыратылады.

467. Бақылаушы тұлға сақтандыру арқанымен 10 күнде бір реттен кем емес сыртқы тексеруді жүзеге асырады. Бұл кезде арқанның барлық бойының тұтастығы тексеріледі: онда оралған орындар мен шіріген іздері болмайды. Синтетикалық материалдардан жасалған белдіктер мен арқандарды қолдануға жол берілмейді.

Белдіктер мен карабиндерді тексеру кезінде оларда механикалық зақымданулар болмайды, олардың металл бөліктері матадан жасалған негізге бекітілген және тот басу іздерінсіз болуы тексеріледі.

468. Сақтандыру кендір арқандарының диаметрі 13 мм кем болмайды.

Сақтандыру арқандарын сынау былайша жүзеге асырылады: арқанды бір ұшынан динамометрге, ал екінші ұшын жүкшығыр қақпасына немесе жүк тиелген жүк машинасына бекітіледі. Содан соң 200 кг (диаметрі 13 мм арқандар үшін) баяу созу жүктеуін беру немесе ұзына бойы асылып тұрған арқанға аталған жүкті бекіту. Арқанды жүктеуде 15 минутқа қалдыру. Арқан ұзындығы сынақ басталар алдында және соңында өлшенеді. Жүктеуді алғаннан кейін арқанды тұтастай және бөлек оның жіптерінде ешқандай зақымданулар болмайды.

Арқанның түсірілген жүктеме әсерінен ұзару 5 % аспайды.

469. Сақтандыру белдіктері мен сақтандыру карабиндерін беріктікке сынау былайша жүргізіледі:

1) екі тоғасына бекітілген сыналатын белдіктің шығыршығына массасы 200 кг жүктемені асу және осы жүктеме ықпалында 5 минутқа қалдыру. Жүктемені алғаннан кейін белдікте ешқандай зақымданудың ізі болмауы тиіс;

2) карабиндерге массасы 200 кг жүктеме асу және карабинді ашық ысырмалы күйде 5 минутқа қалдыру. Жүктемені алғаннан кейін карабин пішіні өзгеріссіз қалады, ал ысырма өз орнына дұрыс және еркін тұрады.

16-тарау. Газдан құтқару қызметі
470. Жанғыш газ өндіретін немесе пайдаланылатын әрбір кәсіпорында газдан құтқару қызметі ұйымдастырылады.

471. Газдан құтқару бөлімшесінің құрылымы, штаттары және қызметтік мекемелері, газдан құтқару станциясының жабдықталу табелі газ шаруашылығындағы күші бар нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес келеді.



Қолданылған қысқартулар
ИТЖ-инженерлік-техникалық жұмыскерлер;

СС-салалық стандарт;

ГПКТ-газды пайдаға жарату компрессорлық турбина;

ГРС-газ реттеу станциясы;

НТҚ-нормативтік-техникалық құжаттама;

ЭБТ-электр беріліс тізбегі;

БӨАжА-бақылау-өлшеу аспаптары және автоматика;

ЖҰЖ-жұмыстарды ұйымдастыру жоспары;

ДҮҚМ-дайындамаларды үздіксіз құю машинасы;

ГРП-газ реттеу пункті;

ГРҚ-газ реттеу қондырғысы;

ГАС-газ арттыру станциясы;

ГКС-газ компрессорлық станциясы;

ГТКС-газ турбиналық кеңейту станциясы;

ГСС-газ сору станциясы;

ГШҚ-газ шығару құрылғысы;

ГАС-газ араластыру станциясы;

ГШДП-газ шаруашылығының диспетчерлік пункті;

КГЖТ-компрессорсыз газ жаратушы турбина.

_________________


Қара металлургия кәсіпорындарындағы

газ шаруашылығының

өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына

1-қосымша

Бекіту арматурасының материалын таңдауға қойылатын талаптар
Бекіту арматурасының материалын таңдау кезінде төменде келтірілген мәліметтерге сәйкес оның газ қысымы мен температурасы бойынша эксплуатациялау жағдайлары ескеріледі:
Газ қысымы, МПа Температура, 0С

Сұр шойын................................0,6-ға дейін – 35-тен кем емес

Соғымды шойын......................1,6-ға дейін бұл да

Көміртекті болат......................1,6-ға дейін – 40-тан кем емес

Легірленген болат....................1,6-ға дейін – 40-тан кем

Қола немесе жез.......................1,6-ға дейін – 35-тен кем емес


Сейсмикалық аудандарда газ өткізгіштерде тек болат арматура орнатылады.

_________________

Қара металлургия

кәсіпорындарындағы

газ шаруашылығының

өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына

2-қосымша

Цех аралық газ өткізгіштерді басқа құбырлы өткізгіштермен

және коммуникациялармен бірге төсеуге қойылатын талаптар
1. Газ қысымы 1,2 МПа дейінгі қайтадан жарақтанатын цехаралық газ өткізгіштердің бірге төсеу және қиылысуы кезінде газ өткізгіштер мен басқа құбырлы өткізгіштер (оқшауландырғышын қоса) араларындағы саңылаудағы минимал ара қашықтық 3-кестеде келтірілген шамалардан төмен болмайды.
3-кесте


Жалғасатын құбырлы өткізгіштің сипаттамасы

Газ өткізгіштен минимал ара қашықтық, диаметрі мынадай болғанда

500 м және оған дейін

500м-ден жоғары

Жанғыш газдардың газ өткізгіштері:

диам. 500 мм дейін оны қоса

диам. 500 мм жоғары

Оттегін өткізгіштер:

Қысым 0,01 МПа және төмен емес, диам. 500 мм және төмен

бұл да, диам. 500 мм жоғары

қысымы 0,01 ден жоғары 1,6 МПа дейін, диам. 200 мм және төмен

бұл да, диам. 200 мм жоғары

қысымы 1,6 жоғары 4,0 МПа дейін, диам. 200 мм және төмен

Басқа құбырлы өткізгіштер:

диам. 50 мм және төмен
диам. 50 мм 300 мм-ге дейін

диам. 300 мм жоғары


300


600

300


600
600

800
1000


төрт сыртқы диаметр
200

300

600

600


600

800
600

800
100
басқа құбырлы өткізгіштер

300


500

Газ өткізгіштер басқа құбырлы өткізгіштермен (оттегін өткізгіштерден басқа) қиылысқан немесе жергілікті жақындауында олардың араларын жақындатуға болады, бірақ 2 еседен артық жақындауына жол берілмейді.

2. Газ құбырлы өткізгіштерден басқа құбырлы өткізгіштермен бірге төсеген кезде осы Талаптың 58 және 1-тармақтардың талаптарынан басқа келесі талаптар орындалады:

1) істеп тұрған газ өткізгіштерде қосымша құбырлы өткізгіштер төсеу тек бас жобалау ұйым және кәсіпорын басшылығы рұқсатымен ғана орындалады;

2) істеп тұрған құбырлы өткізгіш бойынша жалғасқан құбырлы өткізгіш төсеген кезде әрбір бөлек жағдайда қосымша жүктемені және газ өткізгіштің фактілік күйін ескерумен газ өткізгіштің және оның тірек конструкцияларының беріктігі мен орнықтылығына тексеру есебі жүргізіледі;

3) газ өткізгіштерді коррозиялық активті сұйықтықтардың құбырлы өткізгіштерімен біріктіріп төсеген кезде соңғылары төменде немесе газ өткізгіштердің жанында 500 мм кем емес аралықта орналастырылады.

Коррозиялық активті құбырлы өткізгіштерде фланецті қосылыстар бар болғанда коррозиялық сұйықтықтардың газ өткізгіштер және олардың тірек конструкциясына тиіп кетуінен сақтандыру үшін сақтандыру қалқалары құрылғылары болады.

Коррозиялық активті сұйықтықтардың құбырлы өткізгіштерінің фланецті қосылыстар мен бекіту арматурасын кеңістік колонналары шектерінде, сонымен қатар сатылар мен алаңдардың үстіне орналастыруға жол берілмейді;

4) газ өткізгіштердегі люктер, пілтелер, ысырмалар және басқа да құбырлы өткізгіштерді жалғайтын элементтердің орналасу орындарында олардың 800 мм кем емес аралықта орналасады;

5) жалғасқан құбырлы өткізгіштердің дренаждары дренаж өнімдерінің құбырлы өткізгіштерге, тірек конструкцияларына және олардың элементтеріне, газ өткізгіштер арматурасына және конденсат айырғыштарға тиіп кетуіне жол бермейтін аралыққа шығарылады;

6) әрбір құбырлы өткізгіш жалғасқан құбырлы өткізгішке қатысты бір жағынан жету үшін бос болады;

7) жұмыскерлердің өту үшін қоршалған өту жолы қарастырылған газ өткізгіштерде жалғасқан құбырлы өткізгіштер бұл өту жолынан тыс жерде төселеді.

3. Оттегін өткізгіштерді газ өткізгіштермен бірге төсеген кезде осы Талаптың 2 тармағының талаптарынан басқа, келесі талаптар орындалады:

1) цех аралық газ өткізгіштер эстакадаларында оттегі қысымы 0,01 ден 1,6 МПа дейін болған кезде олардың диаметрінен тәуелсіз екі оттегін өткізгіштен артық төсеуге (бөлек цехтарға бөлуден басқа) жол берілмейді;

2) тар жағдайда цех аралық газ өткізгіштер эстакадаларында газ өткізгішке дейінгі аралық (саңылаудағы), 3-кесте мәліметтерімен салыстырғанда екі еседен кем емес ұлғайған жағдайда оттегі қысымы 0,3 МПа дейін болған кезде, диаметрі 200 мм дейінгі немесе қысымы 1,6 МПа дейін болған кезде 100 мм дейін үшінші оттегін өткізгішті бірге төсеуге рұқсат етіледі;

3) егер оттегін өткізгіш мөлшерінің көп саны талап етілсе, онда олар бөлек трассада төселеді. Трассалар параллель бағытталған кезде бөлек трассада орналастырылған шеткі газ өткізгіш пен екінші трассадағы шеткі оттегін өткізгіш араларындағы саңылаудағы ара қашықтық 3 м кем болмайды;

4) цех аралық газ өткізгіш пен оттегін өткізгіштер қиылысуы кезінде немесе осы қосымшаның 3-кестесінде көрсетілген аралыққа жергілікті жақындап кеткенде, қажет болған жағдайда екі еседен артық емес қысқартуға жол беріледі. Бұл кезде барлық жағдайда минимал ара қашықтық 300 мм кем болмайды;

5) газ өткізгіштер мен оттегін өткізгіштерді бірге төсеу кезінде газ өткізгіштер мен оттегін өткізгіштердің арматура және фланецті қосылыстары жоспарда бір-біріне қатысты 1 м кем емес аралыққа сырғытылған болуы керек;

6) оттегі қысымы 1,6 дан 4 МПа дейін болған кезде цех аралық оттегін өткізгіш пен газ өткізгіштерді бірге төсеу кезінде оттегін өткізгіш диаметрі 200 мм жоғары болғанда рұқсат етіледі, ал оттегі қысымы 4,0 МПа жоғары болған кезде бірге төсеуге жол берілмейді.

4. Газ шаруашылығын қамтамасыз етуге тағайындалған (диспетчерлік, дабыл бергіш, жарықтандыру және газ өткізгіштер ысырмаларының электр жетектерін қоректендіру кабельдері) кернеуі 380 В дейінгі электр желілерін электр өткізгіш құрышталған кабельден немесе болат құбырларда орындалған жағдайда газ өткізгіш бойынша төсеуге рұқсат етіледі.

5. Жанғыш газдардың құбырлы өткізгіштерін жалпы құрылыс конструкцияларында келесі талаптар орындалған жағдайда кабельдік галереялармен (эстакадалармен) бірге төсеуге жол беріледі:

1) құрышталған да, құрышталмаған да кернеуі 10 кВт дейінгі 30 артық емес кабельдер төсеуге рұқсат етіледі;

2) кабель галереясы (эстакадасы) газ өткізгіштерден төмен орналасуы керек. Газ өткізгіштердің түзілушілері мен галерея конструкциясы немесе эстакаданың шеткі кабелімен саңылаудағы ара қашықтық 1 м кем болмайды. Кабельдер мен өрт сөндіру құралдары үшін өрт қауіпсіздігі жөнінде күші бар нормативтік құжаттарға сәйкес жеке сатылар мен алаңдар қарастырылады;

3) кабель муфталары құбырлы өткізгіш арматурасы, люктер мен сальникті өтемдеуіштер орнатылған орыннан 3 м кем емес ара қашықтықта орналасады;

4) газ өткізгіштер мен кабельдік галереяның негізгі аспалы құрылыс конструкциялары 0,75 с кем емес отқа төзімділік шегі бар темір бетоннан немесе 0,25 сағаттан кем емес отқа төзімділік шегі бар болаттан жасалған болады.

6. Кабельдік галереялар (эстакадалар) тасымалданатын жанғыш газдың ауаға салыстырмалы тығыздығынан тәуелсіз, келесі талаптар орындалған кезде, жанғыш газдардың құбырлы өткізгіштерін жоғарыдан да, төменнен де қиып өте алады:

1) газ өткізгіштердің түзілуі мен галереяның қоршау конструкциялары (эстакадалары) араларындағы ара қашықтық галерея (эстакада) газ өткізгіштердің астымен өткен кезде 0,5 м кем емес және галерея (эстакада) газ өткізгіштердің үстімен өткен кезде 2 м кем емес болады;

2) газ өткізгіштер эстакадалары мен кабельдік галереялар (эстакадалар) қиылысуы учаскесінде кабельдердегі кабельдік муфталар газ өткізгіш түзілуінен 3 м жақын емес орналасады;

3) кабельдік галерея (эстакада) және газ өткізгіштердің бірлескен тіректеріне олардың қиылысқан орындарына ғимарат орналастыруға болмайды.

7. Өзіндік трассалармен газ өткізгіштер және кабельдік галереялар (эстакадалар) параллель төселгенде кабельдік галереяның (эстакаданың) сыртқы қоршалған конструкциясынан түзілген газ өткізгіштеріне дейінгі аралық 8 м кем емес алынады.

___________________

Қара металлургия

кәсіпорындарындағы

газ шаруашылығының

өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына

3-қосымша



Газ өткізгіштердің жер деңгейінен төселу биіктігіне қойылатын талаптар
1. Адамдар өтетін жолдан және көлік құралдарының өтетін жолдарынан тыс еркін аумақта аласа тіректерде төселетін құбырлардың төменгі бөлігінен (немесе олардың оқшауландырғышының төменгі бөлігінен) жерге дейінгі биіктікті мына шамадан кем етіп алуға болмайды: құбырлар тобының ені 1,5 м кем болмаса-0,35 м; құбырлар тобының ені 1,5 м және одан жоғары болса-0,5 м.

Диаметрі 300 мм және одан төмен құбырлы өткізгіштерді аласа тіректерде орналастыруда желілер трассасын максимал қысқарта отырып тігінен екі немесе одан да көп қатармен орналастыру қаралады.

2. Биік тіректердегі құбырлардың төменгі бөлігі немесе олардың оқшауландырғыштары мен жер деңгейіне дейінгі ара қашықтықты мынадай етіп алады:

1) көлік жүрмейтін алаңда (аумақта), адамдар өтетін орындарда-2,2 м;

2) авто жолдармен қиылысу орындарында (өту бөлігінің жабынының үстінен)-5 м;

3) электрлендірілген және электрлендірілмеген ішкі теміржолдың келу жолдарымен қиылысу орындарында-МЕСТ 9238-83 сәйкес;

4) жалпы желідегі теміржол жолдарымен қиылысу орындарында-МЕСТ 9238-83 сәйкес;

5) трамвай жолдарымен қиылысу орындарында-7,1 м рельс бүршігінен;

6) траллейбустың түйіспелі желісімен қиылысу орнында (өту бөлігінің жабынының үстінен)-7,3 м;

7) құбырлы өткізгіштердің балқыған металл немесе ыстық қож тасымалдауға арналған тез жанатын және жанғыш сұйықтары және газдары бар ішкі теміржол жүру жолдарымен қиылысу орындарында (рельстің бүршігіне дейін)-10 м; жылу сақтандырғыш құрылғысы болған кезде-6 м;

Толқындық компрессорлар, оқшауландырғыштар, кронштейндер тіректері бар болған кезде биіктік осы конструкциялдардың төменгі бөлігіне дейін алынады.

__________________


Қара металлургия

кәсіпорындарындағы

газ шаруашылығының

өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына

4-қосымша



Аласа тіректерде газ өткізгіштерді төсеуге қойылатын талаптар

Жалпы талаптар
1. Қосымшаның талаптары отындық құрғақ газдарды (табиғи, кептірілген кокс, сұйылтылған көмірсутегі-пропан, бутан-бу фазасында және басқа газдар мен олардың қоспасы) тасымалдау үшін газ өткізгіштердің тірек конструкциясының биіктігін таңдауға және кәсіпорын аумағында ғимарат және үймереттен тыс жер үстіне, сонымен қатар кәсіпорынға келе берісте (шыға берісте) төсеу кезінде оларды жобалауға таратылады.

2. Улы және ылғалды газдарды (домна, кокс, конвертор, ферроқорытпа газдары, олардың бір-бірімен немесе басқа газдармен қоспалары) тасымалдау үшін аласа тіректер қолдануға жол берілмейді.

3. Жердің жоспарлану белгісі деңгейінен құбырлардың төменгі қатарының төменгі жағына немесе олардың оқшаулағыштарына дейінгі аралық 2,2 м төмен болса, құбырлы өткізгіш аласа тіректерге, ал 2,2 м жоғары болса-биік тіректерде төселген болып саналады.

4. Аласа тіректерге төсеу кезінде жердің жоспарлану белгісі деңгейінен құбырлы өткізгіштің төменгі бөлігіне (олардың оқшаулағыш беттері болғанда) дейінгі аралықты минимал етіп алу керек, бірақ мына шамадан кем емес:

1) құбырлы өткізгіштер тобының ені 1,5 м кем болғанда-0,35 м;

2) құбырлы өткізгіштер тобының ені 1,5 м және одан көп болғанда-0,5 м.

Трассаның бөлек учаскелер жер рельефіне және құбырлы өткізгіштердің рационал еңкіштігін қамтамасыз ету қажеттігіне байланысты үлкен биіктікте төселеді;

5) қар жабынының деңгейі жоғары аудандарда аласа тіректерде құбырлы өткізгіштерді төсеу кезінде жердің жоспарланған белгісінен құбырлардың немесе олардың оқшаулағышының төменгі бөлігінен (4-тармақ) минимал ара қашықтықты ҚР СНжЕ 2.04-01-2001* және ҚР СНжЕ 2.0-01-2001 тарауына сәйкес қар жабынының ең үлкен биіктігінің орташасына тең алынады.

Аласа тіректерде құбырлы өткізгіштерді төсеу
6. Құбырлы өткізгіштер аласа тіректерде мына орындарда төселеді:

1) құрылыс жүргізуге жатқызылмайтын аумақтар бойынша;

2) егер жоғары тіректерде төсеуді талап ететін факторлар болмаса, кәсіпорын аумағынан тыс;

3) кәсіпорын алаңдарының осы мақсатта арнайы бөлінген коммуникациондық дәліздерде (техникалық жолақтарда);

4) күзет зонасы мен осы зонаға келетін авто келу жолдарын ескерумен кәсіпорын қоршауының бойымен;

5) сұйық өнімдер мен сұйылтылған газдар қоймалары аумақтарында;

6) резервуар парктері аумағында;

7) жолдардың еңістерінің шеттері бойынша және негіздерде;

8) өзендер мен арналар бойында.

7. Диаметрі 30 мм және одан кіші құбырлы өткізгіштерді аласа тіректерде екі немесе одан көп қатармен трассаның енін шектеу мақсатында және құбырлы өткізгіштерге қызмет көрсету тиімділігін қамтасыз ету үшін орналастыру.

8. Ми батпақты емес жерлерде бөлек тұрған биіктігі 1,2 м және одан төмен тіректерді үрлену мен шайылудан сақтандырылған құмдақ төсемге төселген темір бетонды траверс түрінде жобалауға рұқсат етіледі.

9. Жаңа алаңдарды игеруді ескерумен кәсіпорынның әрі қарай дамуына жобалау материалдарын әзірлеу кезінде құбырлы эстакадалар төсеу және аласа тіректердегі коммуникациялар мүмкіндігі үшін коммуникациялық дәліздер (техникалық жолақтар) құрылғысы қарастырылады.

10. Коммуникациялық дәліздер шектерінде зауыттық автомобиль, теміржол және жаяу жүру жолдарын орналастыруға болмайды.

11. Монтаждау және жөндеу жұмыстарын жүргізу мақсатында көлік құралдары мен механизмдерінің келтірілуін жүзеге асыру үшін аласа тіректері бар аумақ екі жағынан да құбырлы өткізгіштер трассасынан жоспарланады.

12. Құбырлы өткізгіштер трассасына қызмет көрсету үшін арнайы авто жолды жарақтауға тек техника-экономикалық негіздеу кезінде ғана рұқсат етіледі.

13. Кәсіпорынның аумағындағы коммуникациондық дәліз бойымен төселген құбырлы өткізгіштер трассасына қызмет көрсету мүмкіндігі үшін әрбір 150-200 м сайын өту көпірлерін қарастырылады.

14. Кәсіпорын және алаңдар аумағында әрбір 1000-1200 м сайын, егер бұл ауданда жобалық авто жолдармен қиылысу қарастырылмаса, жоспарланған аумақпен авто көліктің өту мүмкіншілігі үшін жердің жоспарланған белгісінен эстакада конструкциясы немесе құбырлардың төменгі бөлігіне дейін эстакаданы 5 м дейін жергілікті көтеру қарастырылады. Өнеркәсіптік алаңның аумағының сыртқы шектерінде мұндай көтерулерді әрбір 2-2,5 км сайын қарастырылады. Трассаның аталған көтерулерін П-түрлі тік өтемдеуіштер түрінде орындалады.

15. Аласа тіректерде құбырлы өткізгіштерді мынадай жағдайларда жобалауға жол берілмейді:

1) бір тік жазықтықта орналастырылған кезде жер асты коммуникацияларының үстінде;

2) жөндеу кезінде жету тек ор қазу жолымен ғана мүмкін болатын жер асты коммуникациялары мен ғимараттарының қиылысуы кезінде (бұл жағдайда құбырлы өткізгіштердің жер үсті трассасында жергілікті көтеру қарастырылады);

3) теміржол бойы мен шеткі рельстен 3 м жақын және бардюр тасы мен шеткі құбырлы өткізгіш түзушіге дейін 5 м жақын, ал ашық от көздері бар ғимараттардан, ыстықты тасымалдау жолдарынан және балқыған өнім шығаратын орындардан 10 м жақын.

16. Аласа тіректердегі құбырлы өткізгіштердің жер асты коммуникацияларымен қиылысқан орындарында соңғыларында құдықтар, монтаждау люктері, желдету шахталары және басқа да жер бетіне шығатын құрылғылар болады, шеткі құбырлар немесе жер үсті конструкциясы трассасынан екі жағынан да 5 м кем емес ара қашықтыққа орналастырылады.

17. Құбырлы өткізгіштер арматурасы, штуцерлер, аласа тіректердегі құбырлы өткізгіштердегі пілтелер орнату орындарында жетуге жол бермейтін арнайы қоршаулар қарастырады.

18. Бойына аласа тіректердегі құбырлы өткізгіштер төселетін автомобиль жолдарының бұрылыс орындарында дабылдық-ескерту бояуы бар сақтандыру бағандары қарастырылады.

____________________

Қара металлургия

кәсіпорындарындағы

газ шаруашылығының

өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына

5-қосымша



А санатына жатқызылатын газ шаруашылығының

ғимараттары мен бөлмелеріне қойылатын талаптар
1. А санатты ғимараттары бөлек тұрғызылуы немесе цехтар ғимараттарына қоса тұрғызылған болуы керек. Г және Д санатты ғимаратының ішінде А санатты қоса салынған бөлмесі СНжЕ 2.09.02-85 тарауы және ҚР СНжЕ 2.02-05-2002 талаптарына сәйкес келеді.

2. А санатты бөлек тұрғызылған ғимараттан және қоса салынған бөлмеден басқа ғимараттар және А санатты ғимараттың сыртқы қабырғаларынан тікелей есептелген ғимараттарға дейінгі ара қашықтық, айналымдағы газ қысымынан тәуелсіз мына шамадан кем емес болады, м дейін;


А, Б, В санатының І және ІІ дәрежелі отқа төзімділікті және Г және

Д санатының ІІІ дәрежелік отқа төзімділікті ғимараттар мен үймереттеріне.......................9

Г және Д санатының ІV және V дәрежелі отқа

төзімділікті ғимараттар мен үймереттеріне.............................................................................12

Теміржол жолдарының ең жақын рельсіне дейін...................................................................10

Ыстық өнімдерді тасымалдайтын теміржол жолдарының ең жақын рельсіне дейін..........15

Автомобиль жолдарының өту бөліктерінің шеттері...............................................................5

Жабық және ашық электр қосалқы станциялары,

тарату құрылғылары және

трансформатор қосалқы станциялары Күші бар

нормаларға сәйкес

Ашық оты бар орындар, сонымен қатар шойын мен қож құю..............................................25

Ауадағы ЭБЖ-і трассасының осінен Тірек биіктігінен

1,5 м кем емес

Аталған нысанға қатысы жоқ қысымы 0,6 МПа және төмен

түзілетін жер үстілік құбырлы өткізгіштер..............................................................................5

Бұл да, газ қысымы 0,6 дан 1,2 МПа дейін........................................................................ .10

Аталған нысанға қатысы жоқ басқа құбырлы өткізгіштер......................................................5

А санатты ғимараттың іргетастары кесіндісінен мына сыртқы қондырғыларға дейін, м:

жер асты су құбырлары мен арын канализациясы..................................................................5

өздігінен ағатын канализация....................................................................................................3

жылу өткізгіштер арнасының сыртқы қабырғасы...................................................................2

күш және байланыс кабельдері................................................................................................0,6
3. А санатты ғимаратын қоса салуға жанғыш газдар пайдаланылмайтын Г және Д санатты отқа төзімділігі І және ІІ дәрежелі ғимараттарға, сонымен қатар тек жанғыш газдар ғана қолданылған кезде А санатты ғимараттарға қоса салуға рұқсат етіледі.

А санатты ғимаратты жалпы немесе тұрмыстық ғимаратқа қоса салуға жол берілмейді.

4. А санатты ғимаратты басқа санатты ғимараттарға қоса салу кезінде келесі талаптар орындалады:

1) қоса салынған құрылыс отқа төзімділік шегі 0,75 с кем емес тұтас газ өткізбейтін қабырғалар жағынан І және ІІ дәрежелі отқа төзімділікті ғимараттарға жүргізіледі;

2) қоса салынған ғимаратта лақтырмайтын қаптама болады, бұл кезде терезелер ауданы коса салынған ғимарат көлемінің 0,5 м23 кем емес болады;

3) қоса салынған ғимаратты басқа ғимараттан бөліп тұратын қабырғаға тамбур-шлюздермен жабдықталған есік саңылауын салуға рұқсат етіледі;

4) қоса салынатын ғимарат бүйір қабырғаларынан көлденеңі бойынша негізгі ғимараттың есік және терезе саңылауларына дейінгі аралық 3 м кем болмайды.

5. А санатты ғимараттарға, күші бар нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес, оларға қатысты қосалқы станциялар қоса салуға рұқсат етіледі.

6. А санатты газ шаруашылығының ғимараттары шатырсыз, отқа төзімділіктің І және ІІ дәрежелі болады.

Ауаға қатысты салыстырмалы тығыздығы 0,8 асатын газдар қолданылатын ғимараттарда жертөлелер салуға жол берілмейді.

А санатты ғимараттарды цокольдік қабаттарға орналастыруға жол берілмейді.

7. А санатты екі қабатты ғимараттың қабырғаларында саңылаулар (ашық немесе торлы жапқышпен жабылған) қарастырылады. Ауаға қатысты салыстырмалы тығыздығы 0,8 және одан төмен газдар қолданылатын ғимараттардағы аталған саңылаулар алаңы 15 % кем емес, ал салыстырмалы тығыздығы 0,8 асатын ғимараттарда саңылаудың алып жатқан алаңын қоса әрбір қабат ғимаратының жалпы ауданының 10 % кем емес алаңды алып жатады.

8. А санатты ғимараттың көлемдік-жоспарлау шешімдерімен желдетілмейтін, тұрып қалған зоналардың (қаптар) қалыптасу мүмкіншілігіне жол бермейді.

9. Ауаға қатысты салыстырмалы тығыздығы 0,8 артық жанғыш газдар айналымдағы А санатты ғимараттарда көмілмеген ор, шұңқырлар, еден асты арналар мен тоннельдер салуға жол берілмейді.

А санатты ғимараттардың ішінде ашық шұңқырлар мен көмілмеген арналар құрылғысына ауаға қатысты салыстырмалы тығыздығы 0,8 және одан кем газдар айналымы кезінде, арналар мен шұңқырлардан технологиялық үрдіс бойынша арылу мүмкін болмаған кезде рұқсат етіледі.

Бұл жағдайда тереңдігі 5 м артық шұңқырлар мен арналар үздіксіз әрекет ететін немесе өтпелі-тарту желдеткішімен қамтамасыз етіледі.

10. А санатты ғимараттарда жарық шамдарымен терезелерді шынылау үшін терезе шынысы қолданылады. Армирленген шыны, шыны блоктары және шыны профилит қолдануға жол берілмейді.

11. Екінші қабат қабырғасында периметрі бойынша биіктігі 1,2 м қоршауы бар монтаждау саңылауы жасалуы керек. Саңылау машина залының кранының әрекет ету зонасында болады.

12. А санатты қоса салынған ғимарат пен бөлек салынған ғимараттың аумағында биіктігі 1,25 м кем емес жеңіл қоршау болады.

13. Газ шаруашылығының жаңадан жарақтанатын нысандарында А санатты ғимараттары және сыртқы қондырғылары, талапқа сай толық автоматтандырумен, диспетчерлік пункттен немесе тұрақты қызмет көрсету жұмыскерлерінсіз қалыпты эксплуатациялау үшін қопарылу қаупі жоқ аралас бөлмеден дистанциондық басқарумен жоспарланады.

14. А санатты ғимараттардағы құрал-жабдықтар бөлек аппараттар, машиналар, коммуникациялардың шығып тұрған бөліктері, сонымен қатар ғимарат құрал-жабдығы мен конструкциясы (қабырғалары мен колонналар) араларындағы ені 1,0 м кем емес еркін өту жолдары қамтамасыз етілетіндей болып орналастырылады.

15. А санатты ғимараттарда және сыртқы газ қондырғыларында оларға қатысы жоқ құрал-жабдықтарды орналастыруға жол берілмейді.

16. А санатты ғимараттарға газ жеткізетін газ коллекторлары ғимарат сыртында төселуі керек. Оларды алынбайтын отқа төзімділігі І және ІІ санатты ғимараттың шатырында орналастыруға рұқсат етіледі.

17. А санатты ғимарат ауасындағы жанғыш газдар құрамын тексеру газ айналатын ортаға қолданылатын газ анализаторлармен автоматты түрде іске асырылуы керек. Жарықты және дыбыстық дабылдан басқа, автоматты газ анализаторы емес газдар концентрациясы тұтанудың төменгі концентрациялық шегіне 20 % жеткен кезде немесе ғимарат ауасындағы улы заттар концентрациясының күші бар санитарлық нормалары бойынша рұқсат етілетін шекке жеткенде апаттық желдеткішті автоматты қосу үшін импульс береді.

Дабыл шамдары және дыбыстық хабар бергіштер қалқындық ғимараттарда немесе А санатты ғимаратқа кіре берісте және газ шаруашылығының диспетчерлік пунктінде, ал дыбыстық, бұдан басқа, машина залында орналастырылуы керек. Егер автоматты газ анализаторлар өнеркәсіпті жібермесе, онда уақытша индикаторларды қолдануға немесе техникалық жетекшімен бекітілген график бойынша ғимараттың газдануына кезеңдік бақылау жүргізуге болады.

Газ анализаторлар мен газ индикаторларының датчиктері газдың неғұрлым көбірек бөлінуі және жинақталуы мүмкін орындарда ораластырылады.

18. А санатты ғимараттарына автоматты өртке қарсы қорғаныс жүйелерінің, өрт немесе күзет-өрт дабыл бергіші құрал-жабдықтарының қажеттілігі өрт қауіпсіздігі жөнінде күші бар номативтік құжаттарға сәйкес анықталады.

Ғимарат сыртында кіре берісте орнатылған өрт дабыл бергіштерінің хабар бергіштері болады.

19. Газ шаруашылығы нысандарының жылытылуы мен желдетілуі ҚР СНжЕ 4.02-05-2001 талаптары және осы Талаптарға сәйкес келеді.

20. Г және Д санатты ғимараттарына қоса салынған А санатты ғимараттардың жалпы алмастыру желдету жүйелері осы ғимараттың тарту желдеткішінің жалпы алмастыру жүйелерінен бөлек болады.

21. Апаттық желдеткіштердің қосылуы ғимараттағы улы емес жанғыш газдардың қопарылғыштығының төменгі концентрациондық шегінен 20 % немесе улы газдардың шекті концентрациясына жеткен кезде автоматты түрде газ анализаторлардан қамтамасыз етіледі.

22. Қопарылу қаупі бар зоналар үшін электр құрал-жабдықтарын таңдау және орнату қопарылу қаупі бар қоспалардың топтары, санаттары, қопарылу қаупі бар зоналар санатын классификациялау негізінде күші бар нормативтік құжаттарға сәйкес орындалады.

Қопарылу қаупі бар зоналардың электр құрал-жабдықтары қопарылыстан сақтандыру электр құрал-жабдықтарының мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкес келеді.

23. А санатты ғимараттарда күш және жарықтандыру тізбегінің электр өткізгіші СНжЕ 3.05.07-85 талаптарын сақтаумен орындалады.

24. А және Б санатты ғимараттарда құрал-жабдықтарды басқару және бақылау үшін қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары, дабыл беру және жалпы тағайындалған байланыс құралдары импульстік құбырлы өткізгіштері және қопарылу қаупі бар зоналары жоқ көрші оқшау ғимаратта орналастырылуы керек, бұл кезде ажыратқыш қабырға тұтас, отқа төзімділік шегі 0,75 сағаттан кем емес газ сіңірмейтін болады. Қабырғада сақтандыру құбырларымен кабельдер мен өткізгіштер енгізу тесігін жасауға рұқсат етіледі. Енгізу тесіктері газ өткізбейтін, жанбайтын материалдармен тығыздалған болады.

А санатты ғимараттарында күші бар нормативтік құжаттар және атмосфераға шығару талаптарына сәйкес артық қысымда ауамен үрленетін саңылаусыз шкафтарда сақталған жағдайда жалпы тағайындалған автоматтандыру құралдары мен аспаптарын орнатуға болады.

25. А санатты ғимараттарда барлық технологиялық, электрлік, желдету, жылыту құрал-жабдықтары және металл құбырлы өткізгіштері күші бар нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес электр құрал-жабдықтары мен найзағайдан сақтандыру жермен жалғау контурымен екеуден кем емес орында әрбір жүйемен жалған және аталған жүйені үздіксіз электр тізбегінің барлық бойына тоқ өткізгіш айырғыштармен жалғау жолымен жермен жалғанады.

Барлық жанғыш газдар түрлерінің импульстік құбырлық өткізгіштерін, қысымға тәуелсіз, басқару пульттері мен қалқандарын ғимаратына енгізуге жол берілмейді.

____________________

Қара металлургия

кәсіпорындарындағы

газ шаруашылығының

өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына

6-қосымша



ГРП және ГРҚ құрылғысы мен орналастырылуына

қойылатын талаптар
1. ГРП тағайындалуы мен технологиялық қажеттілігіне байланысты мына орындарда орналастырылады:

1) бөлек салынған ғимараттарда немесе (6-қосымша) 1-13-тармақшалар талаптарына сәйкес келетін ғимараттарға қоса салынған ғимараттарда, бұл кезде ГРП құрал-жабдықтарының бөлігін (ысырмалар, сүзгілер, лақтыру сақтандыру клапандары тағы басқалар) ГРП ғимаратынан тыс қоршалған алаңдарда орналастыруға рұқсат етіледі;

2) газды пайдаланушылар орналастырылған отқа төзімділік дәрежесі І, ІІ және ІІІ өндірістік ғимараттардың шатырларында, бұл кезде шатырдың жылытқышы қиын жанатын материалдардан жасалады;

3) отқа төзімділік дәрежесі ІІІ кем емес газды пайдаланатын ғимараттардың сыртында қабырғаларда орнатылған шкафтарда, бұл кезде шкафтардың бүйір қабырғаларынан көлденеңі бойынша терезелер, есіктер және басқа да саңылауларға дейінгі аралық 1 м кем болмауы, ал жолдардың өту бөлігіне дейін 3 м кем болмауы керек. Шкаф ГРП ғимарат терезесінің астына орналастыруға жол берілмейді. ГРП шкафтары жанбайтын материалдардан жасалған және жоғарғы және төменгі жағында желдету үшін тесіктері болуы керек. Шкафтар ыстық судың және будың келуімен жылытылуы керек. Шкафтар қабырғалары жылудан оқшауланған, ал олардың есіктері құлыппен жабылған болады;

4) жанбайтын материалдардан жасалған бөлек тіректерде орнатылған шкафтарда, тіректерде және газ өткізгіштер алаңдарында;

5) егер аталған климаттық жағдайларда құрал-жабдықтардың қалыпты жұмысы қамтамасыз етілсе, төбе астындағы қоршалған ашық алаңдарда.

2. ГРП ғимаратының қосымша салынған бөлмесін әкімшілік және санитарлық-тұрмыстық ғимараттарға, сонымен қатар осы ғимараттар қабырғаларына шкафтық ГРП орналастыруға жол берілмейді.

3. ГРП ғимаратының негізгі өту жолдарының ені 0,8 м кем болмауы керек. ГРП ретеуіштері ғимаратынан екінші шығу есігі ғимарат ұзындығы 6 м артық болған кезде қарастырылады.

4. ГРП ғимаратында сағатына үш дәрежеліктен кем емес ауа алмастырылуын қамтамасыз ететін тұрақты істеп тұратын табиғи желдету болады.

5. ГРП кезінде реттеуіштер ғимаратынан отқа төзімділік шегі 0,75 с кем емес газ өткізбейтін тұтас қабырғамен бөлінген бөлек шығу есігі (кіруі) бар БӨА ғимараты қарастырылады.

Бұл ғимаратта кәсіпорынның газ шаруашылығының диспетчерлік пунктімен тікелей байланысы бар телефон орнатылады.

6. Ашық немесе шкафтық орындалған ГРҚ кіре берістегі газ қысымынан тәуелсіз газ пайдаланатын агрегаттар орналастырылған қазандықтар мен цехтар ғимаратына тікелей орналастырылады. ГРҚ орналастырылатын ғимараттарда Г және Д санаттарына жатқызылуы керек және отқа төзімділіктің ІІІ дәрежесінен кем болмайды.

ГРҚ басқа цехтардан оқшауланған (мысалы, басқару пункттерінде, қалқан ғимараттарында, тағы сол сияқтылар) қоса салынған ғимараттарда, сонымен қатар негізгі жұмыс алаңдарында, тұйықталған тереңдегі орындарда, және саты марштарының астында орналастыруға жол берілмейді.

7. Болат балқыту, прокат, термиялық және басқа да үлкен цехтарда барлық цех пайдаланушылары үшін бір ГРҚ, сонымен қатар газ пайдалану агрегаттарының бөлек орналасқан әрбір тобы үшін бірнеше ГРҚ құруға болады.

Бір ГРҚ газды бір ғимараттың басқа бөлмелерінде орналасқан газ пайдаланатын агрегаттарына беруге, ГРҚ және газ пайдаланатын агрегаттар орналасқан бөлмеге қызмет көрсететін жұмыскерлерге еркін кіріп-шығу тәуліктің кез келген уақытында қамтамасыз етілген жағдайда, рұқсат етіледі.

8. ГРҚ оларға механикалық зақымдаулар мүмкіндігіне жол берілмейтін, діріл мен жылу әсері болмайтын, қызмет көрсетуге жету оңай орындарда орналастырылуы керек. Бұл орындар желдетіледі және жарықтандырылады. ГРҚ ыстық металды түсіру, сақтау және тасымалдау орнынан 5 м кем емес аралықта немесе жанбайтын қоршаумен қоршалған болады. Ашық ГРҚ жанбайтын материалдардан жасалған қоршау болады.

9. ГРП және ГРҚ әрбір тізбегінде сүзгі, сақтандыру-бекіту клапаны, газ қысымын реттеуіш, пілтелер, жоғарғы және төменгі жақтардан сөндіру құрылғысы, реттеуіштен кейін және сүзгідегі газ қысымы ауысқаннан кейін газ қысымын өлшеу үшін манометрлер болады.

Параллель қосылған тізбектен тұратын ГРП және ГРҚ әрбір торабында екі сөндіру құрылғысы мен араларында пілтесі бар айналма газ өткізгіш (байпас), төменгі жақта айыру клапаны (оның саны жобамен анықталады), сонымен қатар жоғарғы және төменгі жақтан ГРП газ коллекторларында тіркеу манометрлері болуы керек. Серіппелі типті айыру сақтандырғыш клапанының алдында ашық күйде пломбыланған сөндіру атматурасын орнатуға рұқсат етіледі.

Жаңадан салынатын ГРП байпасты ғимарат сыртына орналастырылады.

Реттеудің резервтік тізбегі бар болған кезде шкафтық ГРП және ГРҚ байпас орнатылмайды.

10. Реттеудің әрбір тізбегінде барлық фланецті қосылыстар мен арматураны айналдырылған тоқ өткізгіш айырғыштар болуы керек; тоқтың тарауына жермен тұйықтағыштың импульстік кедергісі 10 Омнан артық болмайды.

11. Өндіріс жағдайлары бойынша газ беруде үзілістері жоқ металлургиялық кәсіпорындардың цехтары үшін ГРП және ГРҚ сақтандыру-бекіту клапандарын орнатуға жол берілмейді.

12. ГРП әрбір тізбегінде сүзгілер орнату орнына ГРП-ы ғимаратының сыртына орталықтандырылған сүзгілер орнатуға болады, бұл кезде резервтік сүзгі болады. Газ тазалау пунктінен 1000 м кем қашықтықта немесе сүзгісі бар алдыңғы ГРП алшақтатылған ГРП және ГРҚ сүзгілер орнату міндетті болмайды.

ГРП алдында немесе кәсіпорынға газ өткізгіштердің кіре берісіндегі газ тазалауышқа орнатылған және 0,07 МПа артық қысыммен жұмыс істейтін висцинді сүзгілер мен сапараторлар қысыммен жұмыс істейтін сосудтар құрылғысы мен қауіпсіз эксплуатациялау бойынша күші бар нормативтік құжаттарға сәйкес келеді.

13. ГРП және ГРҚ дабылды диспетчерлік пункттерге немесе кезекші қызметкерлер ғимаратына шығарумен төменгі жақта газ қысымының бекітілген шектерден көтерілгендігі және түсіп кеткендігі туралы дабыл бергіштер болады.

14. ГРП және ГРҚ, сонымен қатар қысымды реттеумен тұрғызылған айыру сақтандыру клапандары есептеу қысымы 15 % асып кетсе, клапанның толық ашылуы мен артық газ мөлшерін пілтелер арқылы лақтыруды қамтамасыз етіледі.

Пілте диаметрі сақтандыру клапанынан кейін клапанның шығу түтігінің диаметрінен кем болмайды.

15. ГРП әрбір тізбегінің сөндіру құрылғыларының фланецті қосылыстары реттеуішке дейін және кейін реттеуіш жағынан өңделген төсем сақина болуы керек, тізбек жөндеуге тоқтатылған кезде оның орнына табақша тығындар орнатылады.

16. Ысырма алдында қысымды реттеуіштен кейін реттеуішті реттеу үшін реттеуіш өнімділігінен 15 % кем емес газ өткізуге есептелген үрлеу пілтесі орнатылады.

17. ГРП, оның ішінде шкафтарға газ жеткізетін газ өткізгіштерде ғимарат (шкафтар) сыртында арнайы ыдыстарға конденсатты кезеңдік жіберу үшін штуцерлер қарастырылады.

18. ГРП-ына дейін және кейін келтіру және жіберу газ өткізгіштерінде реттеуіштер ғимаратынан 5 м жақын емес және 100 м алыс емес аралықта сөндіру құрылғысы орнатылады. Аталған сөндіру құрылғысын, егер олар ГРП реттеуіштер ғимаратынан цех аралық газ өткізгіштің шыға берісінде және цехқа кіре берісте 100 м артық емес аралықта орнату қаралған болса, орнатпауға болады. Сонымен қатар ысырма тек бір цех (нысан) қана қоректендірілетін ГРП кейін орнатылмайды. ГРП алдында электр жетегі бар ысырма орнатылады.

19. ГРҚ дейін газ өткізгіште сөндіру құрылғысы орнатылуы керек. ГРҚ-ынан кейін газ өткізгіште сөндіру құрылғысын орнату талап етілмейді.

20. Сақтандыру айыру клапандарынан айыру пілтелері осы талаптың 25-тармағының талабына сәйкес биіктікке шығарылады.

21. Тұрақты жұмыс орындарында және кәсіпорын аумағында ГРП және ГРҚ эксплуатациялау кезінде дыбыс деңгейі ЕҚСЖ, МЕСТ 12.1.003-83-пен қаралған шамалардан асып кетпейді.

__________________

Қара металлургия

кәсіпорындарындағы

газ шаруашылығының

өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына

7-қосымша



Болат құбырлар мен материалдарға қойылатын талаптар
1. Газ өткізгіштерді жарақтау үшін құрамында 0,27 % артық емес көміртегі, 0,05 % артық емес күкірт және 0,04 % артық емес фосфоры бар жақсы пісірілетін болаттардан жасалған немесе аталған талаптарға сәйкес келетін болат табақшадан жасалған жапсарсыз, тік жапсарлы және шиыршықталған жапсарлы болат құбырлар қолданылады.

2. Барлық жанғыш газдардың цех аралық және цехтағы газ өткізгіштерін, сұйылтылған көмірсутегінің сұйық фазасынан басқа, жарақтау үшін қысқы есептелген сыртқы температурасы минус 400 және одан төмен болғанда 4-кестеде келтірілген болат құбырларын қолданады.

3. 4-кестеде келтірілген құбырларды, сонымен қатар газ қысымы 1,6 МПа дейін және оны қоса сұйылтылған көмірсутегінің бу фазасының құбырлы өткізгіштерін жарақтау үшін қолданылады.

4. Газ құбырларының құрылысы үшін тағайындалған болат құбырларды таңдау кезінде қысқы ауа температурасының есептеу шамасы ретінде ҚР СНжЕ 2.04-01-2001* және ҚР СНжЕ 2.0-01-2001 тарауы бойынша бес күндіктің неғұрлым суық температурасы алынады.

5. Қысымы 1,6 МПа дейін және оны қоса сұйылтылған көмірсутегі газдарының сұйық фазасының газ өткізгіштері және сыртқы ауаның есептеу температурасы минус 400 және одан жоғары болғанда жапсарсыз құбырлар қолданылады. Бұл кезде МЕСТ 8731-74 бойынша шығарылған құбырларды қысым 0,6 МПа жоғары болған кезде сұйық фазаның құбырлы өткізгіштері үшін ғана қолдану ұсынылады. Мына құбырлы өткізгіштер үшін қолдануға рұқсат етіледі:

1) диаметрі 50 мм кіші электрмен пісірілген құбырлар;

2) құбырлардың пісіру жапсарлары 100 % бұзбай сынау бақылауына және созуға сынауға ұшыратылғанда диаметрі 50 мм және одан жоғары электрмен пісірілген құбырлар.

4-кесте



П.п. номері

Құбырлар стандарты немесе техникалық шарттары

Болат маркасы, болат стандарты немесе техникалық шарттар

Құбырдың сыртқы диаметрі, мм

1. Электрмен пісірілген тік жапсарлы құбырлар

1)

МЕСТ 10704-91

ВСт2СП2, ВСт3сп2-6

ВСт4сп2 МЕСТ

Ст0, сталь 10, сталь 15,

Сталь 20, МЕСТ 1050-88,

ВСт2сп2, ВСт3сп2-ВСт4сп2

МЕСТ 370-93



10-530

2)

МЕСТ 10706 (В тобы)

ВСт2сп2, ВСт3сп2-ВСт4сп2

МЕСТ 370-93 



630-1220

3)

МЕСТ 20295-85

ВСт3сп2 (К38) МЕСТ 380-94, сталь 10 (К34), сталь 15 (К38), сталь 20 (К42) МЕСТ 1050-88

159-219

4)

ТУ 14-3-943-80

ВСт2сп2 МЕСТ 380-71, сталь 10

(К34), МЕСТ 1050-88



219-530

2. Электрмен пісірілген шиыршықталған жапсарлы құбырлар

5)

МЕСТ 20295

ВСт3сп2 МЕСТ 380-94, сталь 10

(К34), сталь 15 (К38), сталь 20

(К42) МЕСТ 1050-88


159-273

6)

ТУ 14-3-3684-77

Сталь 20 МЕСТ 1050-88

530-820

Барлық құбырлар 1,2 МПа есептеу қысымына қолданылады.

6. Діріл жүктемесіне ұшыратылатын (ГРП, ГРҚ, компрессорлар, тағы басқалар) барлық қысымды газ өткізгіштердің учаскелері үшін құрамында 0,22 % артық емес көміртегі бар 206 санатты, Ст2 және СТ3 маркалы В тобының МЕСТ 380-94 бойынша және СТ08, Сталь 10, Сталь 15, Сталь 20 маркалы МЕСТ 1050-88 бойынша тыныш болаттан жасалған құбырлар қолданылуы керек.

7. Сыртқы ауаның есептеу температурасы минус 400С дейін және оны қоса алғандағы аудандарда жарақталған газ өткізгіштер үшін құбыр металының соққы тұтқырлығына қойылатын талаптар, талапқа сай қойылмайды, бұған қысымы 0,6 МПа жоғары газ өткізгіштердің учаскелері, сонымен қатар діріл жүктемесі, жетуі қиын және аса маңызды орындарда төселген жағдайда құбырлардың қабырға қалыңдығы 5 мм артық құбырлы өткізгіштердің учаскелері қосылмайды. Бұл кезде құбыр металының соққы тұтқырлығының шамасы эксплуатациялаудың минимал температурасы кезінде 0,3 МПа төмен болмайды.

8. Сыртқы құбырлы өткізгіштер үшін келесі жағдайларда жартылай тыныш болаттан жасалған құбырларды қолдануға рұқсат етіледі:

1) құбырлар температурасы газ өткізгіштерді эксплуатациялау үрдісінде минус 200С төмен болмайды;

2) құбырлы өткізгіштер диаметрі 720 мм аспайды, ал құбырлар қабырғасының қалыңдығы 8 мм аспайды;

3) болаттағы көміртегінің мөлшері 0,24 % аспайды.

Жартылай тыныш болаттан жасалған құбырларда бір қалыпқа келтірілген бөліктер және өтемдеуіш құрылғыларға суықтай майыстыру әдісін қолдануға жол берілмейді.

9. Сыртқы ауаның қысқы есептеу температурасы минус 400С-тан төмен аудандарда барлық газдардың газ өткізгіштері құрылысы үшін 5-кестеде келтірілген болат құбырлар қолданылады.

10. 5-кестеде келтірілген құбырларды, сонымен қатар қысымы 1,6 ПМа дейін және оны қоса сұйылтылған көмірсутегі газдарының бу фазасының газ өткізгіштерін жарақтау үшін қолданылады.

11. Газ құбырлары өндірісі кезінде құбырларға, электродтарға, пісіру сымтемірлеріне, флюстерге және басқа да материалдарға зауыт-дайындаушылардың құбырлар, электродтар және басқа да материалдардың осы Талаптарға сәйкестігін растайтын сертификаттары немесе сертификаттың иесімен куәләндырылған оның көшірмелері болуы керек. Сертификаттары немесе оның көшірмелері жоқ құбырларды, егер олар бір балқытумен алынған құбырлар болса, әрбір партия құбырларынан алынған үлгілерді, егер олардың бір балқытумен алынғандығын бекіту мүмкін болмаса әрбір құбырдан (олардың осы Талапқа сәйкес келген жағдайда) механикалық сынақ және химиялық талдау жасағаннан кейін ғана қолдануға рұқсат етіледі.

12. Газ өткізгіштердің бір қалыпқа келтірілген учаскелерін дайындау кезінде майыстырылған, пісірілген немесе штампталған бүгілмелер, бұрыштамалар және жалғастырғыштар қолданылуы керек. Фитингтер болаттан жасалған болады.

5-кесте



П.п. номері

Құбырлар стандарты немесе техникалық шарттары

Болат маркасы, болат стандарты немесе техникалық шарттар

Құбырдың сыртқы диаметрі, мм

1. Жапсарсыз суықтай және ыстықтай деформацияланған құбырлар

1)

МЕСТ 8733-74 (В және Г топтары)

Сталь 10, сталь 20 МЕСТ 1050-88

10-108

2)

МЕСТ 8734-75

Сталь 10, сталь 20 МЕСТ 1050-88

10-108

2. Жапсарсыз ыстықтай деформацияланған құбырлар

3)

МЕСТ 8731-74 (В және Г топтары

Сталь 10, сталь 20 МЕСТ 1050-88

СТ09Г2с (К6) МЕСТ 19281-89,

Сталь 10Г2С МЕСТ 4543-71


45-108

127-325


4)

МЕСТ 8732-78

Сталь 10Г2С МЕСТ 4543-71

127-325

3. Электрмен пісірілген тік жапасарлы құбырлар

5)

МЕСТ 20295-85

Сталь 17Г1С (К52), сталь 17ГС (52), 6-8 МЕСТ 19281-89

530-820

6)

МЕСТ 10704-91

ВСт2сп2-СВт6сп2 МЕСТ 380-94, Ст 0,8, сталь 10, сталь 15, сталь 20 МЕСТ 1050-88

10-108

4. Электрмен пісірілген шиыршықталған жапсарлы құбырлар

7)

МЕСТ 20295-85

Сталь 17Г1С (К52), сталь 17ГС (К52), 6-8 МЕСТ 19281-89

520-820

1) және 3) позициялар бойынша құбырларды 0,6 дан 1,2 МПа есептеу қысымы кезінде; барлық қалған позициялар бойынша 1,2 МПа кезінде қолдану ұсынылады.

13. БӨА және газ өткізгіштердің басқа да элементтерін қосу үшін фланецтер, тығындар, төсеме сақиналары, бобышкалар болаттан жасалған және құбыр материалына сәйкес келеді, ал бекіту бұйымдары (болаттар, шпилькалар, гайкалар, шайбалар) таза және мемлекеттік стандарттарға сәйкес келеді.

_________________

Қара металлургия

кәсіпорындарындағы

газ шаруашылығының

өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына

8-қосымша

Бекітемін

Техникалық меңгеруші

«____» ______ 20__ж.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет