25. Қорғасын мен мырышты өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
1607. Зиян немесе улы заттардың қалдықтарын сақтау, тасымалдау және жою технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
1608. Мышьяк тәрізді сутектің бөлінуі мүмкін цехтарда, бөлімдер мен телімдердежарық және дыбыс дабылының құрылғысымен автоматты газталдағыштар көмегімен ауа ортасының жай-күйіне бақылау жүзеге асырылады.
1609. Оттекпен байытылған үрлеуді пайдалану технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.
1610. Балқыманы шығаруға арналған науашалар кемінде 0,06º еңісімен орындалады және аспирация жүйесімен жабдықталады. Жабынды құрылымы науашаларды шоғырмақтардан тазалауды жүргізуге мүмкіндік береді.
1611. Пештер ықтимал авариялар кезінде пештерден барлық балқыманың алынуын қамтамасыз ететін жертөлелермен жабдықталады.
1612. Шихтаны жеткізу көлігіне энергияны берудіңтроллей өткізгіштерінің аймағында жұмыстарды өндіру наряд-рұқсат бойынша жүзеге асырылады.
1613. Қысыммен жұмыс істеп тұрған электрпештердің тиеу бункерлерінен шихтаны толық өндіруге жол берілмейді. Тиеу бункерлерінде қалдырылатын шихтаның деңгейі технологиялық регламентпен орнатылады.
1614. Пештің балқыту камерасының кессонирленген арақабырғасы құрастырылмас бқрын гидравликалық сынаққа ұшырайды. Пайдалану үдерісінде арақабырға жай-күйін тексеру технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
1615. Шихтаны тиеудің жұмыс алаңы жұмыс аймағы ауасында көміртек тотығының құрамын анықтау үшін автоматты газталдауышпен жабдықталады.
1616. Шаңдайындау қондырғысының диірменің іске қоспас бұрын барлық жүйе жылытылады. Диірменнен шығудағы газ-ауа қоспасының температурасы технологиялық регламентпен белгіленген мөлшерден астам емес.
1617. Бункерлердегі шаңның жануын басу үшін 1,5 МПа астам емес қысыммен инертті газды немесе буды жеткізу көзделеді.
1618. Қорғағыш клапандардың жарамдылығы ұйымның техникалық басшысы бекіткен тексеру кестесі бойынша тексеріледі.
1619. Қазанды қыздыру үшін нихромды жылытқыштардың секцияларына баратын үйлестіру құрылғылары мен токөткізгіш шиналар қоршалады. Алмалы-салмалы қоршау кернеуді өшіретін құрылғымен орындалады.
1620. Қазаннан қазанға құю науашалары герметикалық жабылады.
1621. Пайдаланылатын тазарту қазандарында орнатылған бұлғауыштарда, сорғыларда және өзге де жабдықта жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді.
1622. Сілтісі бар атанақтарды ашу жіне сілтіні ұсақтау механикаландырылған және жеке қорғаныс құралдарын пайдалана отырып, бұл мақсаттар үшін көделген орындарда жүргізіледі.
1623. Натрий қауіпсіздік шараларын сақтай отырып үй-жайларда сақталады. Тазарту алаңында натрийді үш тәуліктік қажеттіліктен астам мөлшерде сақтауға жол берілмейді.
1624. Материалдарды күйдіру үшін пештерді іске қосу және тоқтату технологиялық регламенттің талаптарына сәйкес жүргізіледі.
1625. Технологиялық регламентпен белгіленген режімнің бұзылуы кезінде пештерді пайдалануға жол берілмейді.
1626. Авариялық жағдайларда пешті өшіру тәртібі технологиялық регламентпен белгіленеді.
1627. Қышқылдатылған ерітінділерді мыс-кадмиймен тазартуға беруге жол берімейді.
1628. Электролиз астауларының сериялары нөмірленген. Нөмір жақсы көрінетіндей етіп орындалған.
1629. Кадмийді үздіксіз тазарту вакуум - пештерін іске қосу және тоқтату технологиялқ регламентке сәйкес жүргізіледі.
1630. Металлургия агрегаттарының (пештерінің) сусалқындату элементтері оларды орнатпас бұрын және жөндеуден кейін қысымның жұмыс мәнінен кемінде 1,5 есе асатын сынама қысыммен гидравликалық сынауларға ұшырайды.
1631. Буландыру салқындату жүйесі қолданылатын цехтарда ұйым бойынша бұйрықпен буландыру салқындату жүйелерін қауіпсіз пайдалануды және олардың жарамды жай-күйін қамтамасыз ететін тұлға тағайындалады.
1632. Буландыру салқындату жүйесін іске қосу бұл жүйені бақылайтын тұлғаның басшылығымен жүргізіледі. Буландыру салқындату жүйесінің жай-күйі ауысым сайын тексеріледі. Тексеру нәтижелері пайдалану журналына енгізіледі.
1633. Буландыру салқындату жүйесін іске қосу, тоқтату, қайта қосу және оның жұмысын бақылау технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
26. Сүрмені және оның қосылыстарын өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
1634. Токөткізгіш бөліктердің маңында қызмет көрсететін қызметкерлер құрамының жоқ болуын тексергеннен кейін көтерілген электродтар кезінде, қосылу туралы дыбыс үдеткіш байланыстың желісі бойынша ескертуден кейін пешті қосуға рұқсат етіледі.
1635. Пешті автоматты өшіргеннен кейін, қоршау жүйесі қосылған кезде сөндіруге әкелетін себептер жойылғаннан кейін қайтадан қосылу жүргізіледі.
1636. Шпурларды электркүйдіру бойынша жұмыстарды орындауға дайындықтан өткен көрсетілген жұмысқа рұқсат туралы куәлігінде белгісі бар тұлғалар жіберіледі.
1637. Шпурларды электркүйдіру екі жұмысшымен жүргізіледі, оның біреу - бақылаушы. Шпурды күйдіретін жұмысшы оқшаулау көпіршелерінде тұрады жәнежарық сүзгісі бар көзілдірікті пайдаланады.
1638. Электркүйдіру аппараты аппараттың қосылуы/өшірілуі туралы жарық дабылымен жабдықталады, ағынөзекті күйдіру кезінде қосылатын ажыратқыш көзделеді.
1639. Ағынөзекті күйдіру кезінде оттекті беру үшін қолданылатын металл түтіктері мен икемді құбыршектер (жеңдер) құрғақ күйде ұсталады және оларда майлардың ізі болмайды. Металл түтіктері үшін кемінде 3 метр ұзындыққа жол беріледі.
1640. Шпурды оттекпен күйдіруді кемінде екі жұмысшы жүргізеді. Бір жұмысшы оттегі бар баллонның немесе оттекөткізгіш тетігінің маңында түрады, екіншісі оттек түтігін электркүйдәрудә және шпурды күйдіруді жүргізеді.
1641. Оттек түтігін электркүйдіру технологиялық регламенттің талаптарына сәйкес жүргізіледі.
1642. Шөміштерді пайдалану технологиялық регламенттің талаптарына сәйкес жүргізіледі.
1643. Кен-термиялық пештерге тиелетін шихтадағы ылғалдың құрамы технологиялық регламентпен белгіленеді.
1644. Электродтардың кесектерін жою, балқыма астауларының тереңдігін өлшеу, пештен штейн мен металлды шығару, газарналарын тазарту пештен алынып тасталған кернеу кезінде жүргізіледі.
1645. Футерлеудің тозу салдарынан қаптаманың жергілікті қыздырылуы айқындалған жағдайда пештен кернеу алынып футерлеуді жөндеу орындалады. Қаптаманың қыздырылған орындарын салқындату сығылған ауамен немесе желдету жүйелерінен берілетін ауамен жүргізіледі.
1646. Пеш астында орналасқан жабдықты тексеру және жөндеу кезінде көтерілген корпус тіреулердің көмегімен белгіленеді.
1647. Салқындату суының сапасы (қаттылығы) және индуктордан кіруде және шығуда судың температурасы жобалау кезінде белгіленеді.
Индуктордың түтіктері гидросынауға жатады. Сынақ қысымы салқындату суының жұмыс қысымынан 1,5 есе асады.
1648. Сурменің үш тотығын алу үшін электрпештің қосылуы сусалқындатудың жұмыс істеп тұрған жүйесі кезінде жүргізіледі. Пештің жүмысы кезінде су салқындату элементтерінен суды ағызу жобалау құжаттамасында белгіленген температурасымен (+30 ºС астам емес) біркелкі су ағынымен жүргізіледі.
1649. Қожды алу және пештің жүмыс кеңістігін тексеру диэлетрлік жабуы бар (кілемшелер, тіреуіштер) жұмыс алаңынан жүргізіледі.
1650. Қожды алуға және пешті тазалауға арналған құрал-саймандар құрғақ күйде ұсталады.
1651. Пештен балқыту өнімдерін шығару уақытында жұмыс алаңында бұл операциямен айналыспайтын тұлғалардың болуына жол берілмейді.
1652. Тарата құю конвейерінде металдарға арналған құймақалыптар, металл мен қожға арналған қазандар мен шөміштер оларға балқыту өнімдерін құю кезінде құрғақ күйде ұсталады.
1653. Қазандардан балқыту өнімдерін түсіруге олар толық қатқаннан кейін ғана жол беріледі. Әрбір өнім үшін ұстау уақыты технологиялық регламентте белгіленеді.
1654. Гидрометаллургия цехтарындағы жылыту және желдету жүйелерімен жылдың суық кезінде тұманның түзілуіне жол бермеу көзделген.
1655. Металдан орындалған желдету ауажолдары электроқшаулау ажыратқыларымен жарақталады және оларды электролиз үй-жайына енгізу кезінде электролиз үй-жайынан тыс жерде тұрған желдету қондырғысынан оқшауланады.
1656. Сүрмені және оның қосылыстарын гидрометаллургиялық өндіруде пайдаланылатын қышқылдар, сілтілер және өзге де агрессивті заттардың ерітінділерімен жұмыс істеу кезінде технологиялық регламенттің талаптары сақталады.
1657. Электролиз үдерістері электролитке цех атмосферасына сілті буларының бөлінуін азайтатын үстірт-белсенді заттарды қоса отырып жүргізіледі.
1658. Элекролизді ваннада жұмыс істеу кезінде жанында тұрған астаудың блоктарының тұйықталуын болдырмайтын сақтық шаралары сақталады.
1659. Астаулар мен қызмет көрсететін алаңдар астында орнатылған оқшаулағыштар оларға кездейсоқ төгілу орын алған жағдайда электролит ерітінділерінің түсуіне жол бермейтін жабындармен жабдықталады.
Оқшаулағыштарды тазалау кезінде пайдаланылатын металл баспалдақтары еденнен және металл құрылымдарынан оқшауланады.
1660. Техникалық құрылғылар және Шлиппе тұзының ыдырау телімінде пайдалану шарттары, бес күкіртті сүрмені кептіру, ұнтақтау, сепарациялау және қою үдерістері ұшқынтүзілудің немесе ашық оттың туындау ықтималдығына жол бермеуді көздейді.
1661. Сілтісіздендіру, Шлиппе тұзын фуговкалау, тұзды ыдырату және бес күкіртті сүрменің пастасын фуговкалау бойынша операцияларды орындайтын жұмысшылар арнайы киімді, арнайы аяқ киімді және жеке қорғаныс құралдарын пайдаланады.
1662. Қышқылдарды өлшегіштерге құю және реактордан бескүкіртті сүрменің пастасын қысып шығару бойынша жұмыстар жүргізу кезінде цехта бұл жұмыстармен айналысатын персоналдың болуына жол беріледі.
1663. Көрсетілген жұмыстарды жүргізбес бұрын және оларды жүргізудің барлық уақытында ескерту дабылы қосылады.
1664. Тұздың ыдырауы кезінде бөлінетін күкіртті сутек бейтараптандыруға (сілтілі ерітінділермен сіңірілуі) немесе кәдеге жаратуға (жандыру) жіберіледі.
1665. Ауа сору-тартпа желдетудің жарамсыз жүйесі кезінде Шлиппе тұзын ыдырату бойынша жұмыстар жүргізуге жол берілмейді.
1666. Шлиппе тұзын ыдырату операциялары аяқталған соң сынаманы қашықтықтан ала отырып, үй-жайдағы ауада күкіртті сутектің бар болуына экспресс-талдау орындалады.
1667. Ауада күкіртті сутектің шеті рұқсат етілген шоғырлануы артқан жағдайда авариялық желдету қосылады.
1668. Пастаны қысып шығару бойынша операциялар жүргізу кезінде Шлиппе тұзын ыдырату үй-жайына кіру қажеттілігі кезінде қызмет көрсететін персонал тиісті жеке қорғаныс құралдарын пайдаланады.
1669. Бес күкіртті сүрмені ұнтақтау, сепарациялау және қою үшін пайдалынылатын техникалық құрылғылар саңылаусыз орындалады.
1670. Бес күкіртті сүрмені сепараторы бар жабық циклде жұмыс істейтін шарлы диірменде ұнтақтау үшін қола шарлары қолданылады.
1671. Ұйым аумағы бойынша шикізатты, концентранттар мен өнеркәсіп өнімдерін тасымалдау механикалық, пневмо немесе гидро көлік жүйелерін пайдалана отырып төгілуге, шаңдануға орын бермейтін герметикалық ыдыста жүргізіледі.
1672. Концентранттарды, флюстерді және өзге де шаңданатын материалдарды тасымалдау, шихталау, тиеу, мөлшерлеу үдерістері механикаландырылған және шаңбасу жүйелерімен жарақтанады.
27. Сынапты өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті
қамтамасыз ету тәртібі
1673. Құрамында сынап бар шикізатты, материалдарды және өнімдерді тасымалдау, тиеу, түсіру, шихталау, мөлшерлеу және дайындау бойынша операциялар, шикізатты күйдіру сынапты түйгіштен шыңдау, оны тазарту, құю, ыдысты дайындау және өзге де операциялар механикаландырылған, автоматтандырылған және герметикалық техникалық құрылғылар мен жабық коммуникацияларда жүзеге асырылады.
1674.Сынапты пайдаланумен байланысты жұмыстар (зертхана жұмыстары, сынап катодында электролиз, амальгам, өндірісі, құрамында сынап бар заттарды синтездеу, электртехника, аспап жасау) күштеп ауа сору-тарпа желдетумен жабдықталған жеке үй-жайларында, тартпа шкафтарында технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
1675. Сынаппен және оның қосылыстарымен жұмыс істеу үшін пайдаланылатын тартпа шкафтардың құрылымдары жобалау ұйымымен әзірленеді.
1676. Техникалық құрылғылар мен коммуникациялардың сыртқы бетінің танымдық бояуы, жазбалар мен таңбалануы жобалау құжаттамасына сәйкес орындалады.
1677. Сынапты ыдыстарға құю (технологиялық және көліктік ыдыс, баллондар, контейнерлер) үй-жайдағы тартпа шкафта орындалады.
1678. Газ отынымен жұмыс істейтін техникалық құрылғыларды пайдалану технологиялық регламент бойынша орындалады.
1679. Сынапты және оның қосылыстарын алу үдерісінде түзілетін булар одан әрі кәдеге жарата отырып конденсациялауға ұшырайды.
Сынап техникалық құрылғылардың қыздырылған беттеріне түскен кезде тартпа желдетуді өшірмей-ақ қыздыру көзін өшіру (жою), бетті салқындатып, оның демеркуризациялануын жүргізу қажет.
1680. Құрамында сынап бар өңделген ерітінділерді герметикалық ыдыстарға ағызу қажет. Құрамында сынап бар ерітінділерді канализация желісіне төгуге жол берілмейді.
1681. Жөндеу жұмыстарын жүргізбес бұрын техникалық құрылғылар мен коммуникациялар құрамында сынап бар өнімдерінен технологиялық регламенттің талаптарына сәйкес тазартылады.
1682. Алмалы-салмалы техникалық құрылғылар мен коммуникациялардың жөндеу жұмыстары жеке үй-жайларда өндірістік персоналға қауіпті және зиян өндірісітік факторлардың әсер етуіне жол бермейтін жағдайларда жүргізіледі.
1683. Шаң-газ тазарту аппараттарын жөндеу және тазарту оларды техникалық құрылғылардан – сынап ластану көзінен өшіру, жұмыс аймағының ауасындағы сынап буларының шоғырлануын тыныс алу органдарының жеке қорғаныс құралдарын пайдалана отырып жұмыс істеуге мүмкіндік беретін деңгейге дейін төмендету жағдайларында жүргізіледі.
1684. Вакуум-сүзгілердің секцияларын тазарту және жөндеу орындары гидрожинау және ластанған ауаны жергілікті сору жүйесімен жабдықталады.
1685. Сынаппен және оның қосылыстарымен жұмыс жүргізілетін өндірістік үй-жайларды тұрғын үй және қоғамдық ғимараттарда орналастыруға жол берілмейді.
1686. Өз бетімен жүргізілетін өндірістік үдерістер мен операциялар өіндік тұрмыстық үй-жайлармен жабдықталған жеке ғимараттарында жүргізіледі, өйткені оларды орындау кезінде ауаны сынап буларымен ластау ықтимал.
Сынапты пайдаланбайтын өндірістік үдерістерді және сынап буын бөлумен сүйемелденетін үдерістерді жүргізудің (қоса атқару) технологиялық қажеттілігі жағдайында ғимараттарда бірінші қабатта немесе ғимарат жанында жеке шығумен жабдықталған оқшауланған үй-жайлар бөлінеді.
1687. Өндірістік және қосалқы үй-жайлардың ішіндегі құрылыс құрылымдары сынап буларының сорбциясына (сіңіру) және десорбциясына (кері бөліну) жол бермейтін, сынапты және құрамында сынап бар заттарды дымқыл жинауға (гидрожууға) мүмкіндік беретін құрамдармен (сынап өткізбейтін жабындылар) өңдеуге жатады.
1688. Қабырғалардың өзара, төбемен және еденмен жанасу орындары, технологиялық және қосалқы құбыржолдарының өту орындары, құрылыс құрылымдарының іргетастармен, техникалық құрылғылардың тіреулерімен немесе корпустарымен түйісу орындары герметикалық және сынап өткізбейтін жабындыларды қондыру қолайлылығы және үй-жайда дымқыл жинауды жүргізу үшін жұмырланған болып орындалады.
1689. Технологиялық құбыржолдар, ауа жолдары және өзге де коммуникациялар ашық тәсілмен және мүмкіндігі бойынша өндірістік үй-жайдан тыс жерде төселеді.
1690. Электркәбілдер құбырларда немесе кәбіл каналдарында төселеді. Жарық беру желілерінің электр сымы жасырын түрде немесе арнайы сымдармен орындалады. Алюминий тарамы бар кәбілдерді, шнурларды және сымдарды пайдалануға жол берілмейді. Гидрожылу жүргізуге мүмкіндік беретін тиісті герметикалық орындалған электртехникалық құрылғыларды (іске қосу аппаратурасы, жарық беру арматурасы) пайдалануға жол беріледі.
1691. Сынаптан еденге немесе жабдық іргетасына түсуі мүмкін барлық өндірістік үй-жайлар вакуум-жинау жүйелерімен және гидрожуу құрылғылармен жарақталады. Сұйықтықты ағызу үшін едендер сынап аулағыштармен жабдықталған еңіспен және науашалармен орындалады.
1692. Сынап буы бөлінетін өндірістік үй-жайлар технологиялық үдерісті бақылау үшін кабинада артық қысымды қамтамасыз ететін таза ауа беретін байқау кабинасымен жарақталады. Технологиялық үдерістерді қашықтықтан басқару пульттерімен басқару жағдайында пульті бар үй-жай ғимарат (цех) жанында орналасады және сынап цехымен сондай-ақ, тұрмыстық үй-жаймен қатынасады. Пульт бөлмесіне (қалқанды) сынап цехы жағынан кіру таза ауаның артық қысымы ұсталатын тамбур-шлюздермен жабдықталады.
1693. Сынап буларының ауаға бөлінуі орын алатын үй-жайларда құрылыс құрылымдарының құрылымдық материалдары ретінде алюминийдің, мыстың және өзге де пассивті металдарды пайдалануға жол берілмейді.
1694. Аяқ киімнің сынаппен ластану ықтималдығы орын алатын үй-жайдан шығуда борты төмен астаулар немесе жұмыс аяқ киімін демеркуризаторлар ерітіндісімен (калий перманганатының қышқылданған ерітіндісі, сілтілі металдар полисульфидтерінің ерітіндісі) жууға арналған машиналар орнатылады.
1695. Тікелей сынаппен (сынапты дистилляциялау, қызыдыру, жуу, сынаптың ашық беттерінің бар болуы) жұмыстар, сынаппен толтыруы бар модельді (пилотты) қондырғылары пайдалынылатын жұмыстар орындалатын зертханалық үй-жайлар өзге өндірістік үй-жайлардан оқшауланады, жеке шығумен жарақталады және өзіндік тұрмыстық үй-жайлармен қамтамасыз етіледі.
Сынаппен жоғарыда баяндалған жұмыстар орындалмайтын зертханалық үй-жайларды ғимараттың бірінші қабатында орналастыруға жол беріледі, олар үшін баспалдақ алаңына таза ауаның артық қысымы ұсталатын тамбур-шлюз арқылы шығу көзделеді.
1696. Өндірістік және зертханалық жиһаздың құрылымы мен материалдары сынаптың сорбциясына жол бермейді және демеркуризация мен дымқыл жинауды жүргізу ықтималдығын қамтамасыз етеді.
1697. Сынап өндірісінің қосалқы үй-жайлары өндірістік ғимараттардың жел соғатын жағынан жеке тұрған ғимараттарда орналасады. Ерекше жағдайларда қосалқы үй-жайларды олардан дәліздермен және таза ауаның артық қысымы ұсталатын тамбур-шлюздермен бөлінген өндірістік ғимараттың бүйір жағында орналастыруға жол беріледі.
1798. Тұрмыстық үй-жайлар оқшауланады және өндірістік ғимаратттың бүйір жағында орналастырылады. Өндірістік үй-жайлардан олар дәлізбен, баспалдақ торымен немесе таза ауаның артық қысымы ұсталатын тамбур-шлюзбен бөлінеді.
1799. Тұрмыстық үй-жайлардың құрамында арнайы киімді сақтау, тазалау, жуу және демеркуризациялау үшін арналған бөлмелер мен орындар, қызмет көрсететін персоналдың жеке қорғаныс құралдарын дайындау және сақтау үй-жайлары, душ және санитарлық-профилактикалық құрылғылар көзделеді.
1700. Арнайы киімді санитарлы өңдеу, жеке қорғаныс құралдарын дайындау және сақтау бойынша барлық операциялар мен еңбекті қорғау бойынша өзге де іс-шаралар белгіленген тәртіпке сәйкес орындалады.
1701. Өндірістік аймақ пен қосалқы ғимараттар мен имараттар аймағы арасындағы, сондай-ақ көлік-қоймалық және әкімшілік-шаруашылық аймақтарды қосқандағы қашықтық нақты өндірістік және климаттық жағдайларға сүйене отырып, жобалау ұйымымен анықталады. Алаңдағы негізгі өндірістік ғимараттар (корпустар) мен имараттар арасындағы қашықтық 50 метрден аз болмауы керек.
1702. Сынаппен ластану ықтимал орындардағы өндірістік алаңдардың аумағы топырақтың сынапты сіңіруіне кедергі келтіретін жабынмен және тазарту имараттарына нөсер, еріген және суару суларын бұруды (ағызу) қамтамасыз ететін еңістермен қорғалады.
1703. Жұмыс істеу кезінде сынап буының бөлінуі ықтимал сынапты және оның қосылыстарын өндірумен байланысты техникалық құрылғылар сынап буларын орнында аулау құрылғылармен және кіріккен сорғылармен жинақталады.
1704. Техникалық құрылғылар мен коммуникациялардың құрылымдары технологиялық үдерістің жағдайлары бойынша сынап конденсациясы (конденсаторлар, скрубберлер) орын алатын техникалық құрылғыларды қоспағанда, сынап буларының конденсациясының ықтималдығына жол бермейтіндей етіп орындалады.
1705. Құрылымдық материалдар немесе техникалық құрылғылар сыртқы бетінің жабу материалдары сынаптың сорбциясына, беттің материалы мен сынаптың химиялық өзара әрекеттесуіне жол бермейді және демеркуризациялау мен тазалуды, соның ішінде гидрожуу немесе химиялық заттарды пайдалануды жүргізуге мүмкіндік береді.
Техникалық құрылғылардың металл бөліктері майда болып орындалады және қорғау жабынымен (нитроэмальдар, бояулар) жабдықталған.
1706. Техникалық құрылғының құрылымы және оны орнату сынаптың техникалық құрылғының бетіне және оның астына жиналуына жол бермейтіндей етіп орындалады, сынапты жинауды және демеркуризация мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
1707. Техникалық құрылғылар жуу ерітінділерінің ағуына кедергі келтіретін, сүйір нысанды болып келетін қорғау жабыны бар алдын ала әрленген іргетастарға орнатылады.
1708. Технологиялық ерітінділерді немесе құрамында сынап бар қоспаларды айдап қотаратын ортадан тепкіш сорғылардың тығыздамаларының және ажыратқыш қосылыстарының астында бұл заттарға төзімді материалдардан табандықтар орнатылады.
Арынды құбыржолдардың фланецті қосылыстары қорғау құрылғыларымен жабдықталады.
1709. Эмальданған табандықтарда орнатылған сынаппен толтырылған зертханалық техникалық құрылғыларын:
1) оңтүстікке немесе оңтүстік-батысқа бағытталған тікелей есіктердің, өту жолдарының және терезе ойықтарының маңында;
2) жылыту аспаптары мен қыздырылған беттердің қасында орналастыруға жол берілмейді. Сынап аппаратурасының шыны бөліктері тартпа шакафтардың ішінде оны пайдалану уақытында да, сондай-ақ жұмыстан тыс уақытта да орналастырылады.
1710. Өндірістік үй-жайлардың астындағы болат табандықтары биіктігі 100-150 миллиметр бортпен жарақталады, сыртынан және дәл солай ішкі жағынан нитроэмальмен қапталған және ішінен майда етіп (пісіру жапсарлары сыртына қарай) орындалады.
1711. Құрамында сынап бар аспаптар мен аппаратураларының крандары мен шыны түтіктерін біріктіру үшін барынша жұмыс қысымынан 10-15 % артатын қысымға есептелген қатты өткелдер мен бекітпелер пайдалынылады.
1712. Сынап буының бөлінуі мүмкін үй-жайларда орнатылатын электрқозғалтқыштар мен электраппаратура оларда алюминий сымдары мен бөлшектері бар болған кезде сынапқа төзімді қорғау жабынымен жабылады.
1713. Сынапты сақтау ауасында сынап буы бар өндірістік үй-жайларға қойылатын талаптарға сәйкес жабдықталған қоймаларда жүзеге асырылады.
Сынапты сақтау қоймасының жоспарлауымен сынаптың біржақты қозғалуы көзделеді (сынаппен толтырылған баллондарды қабылдау, оларды сақтау, беру, босату баллондарын сақтау).
Сынап қоймаларындағы барлық жұмыстар технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
1714. Сынапты қоймаларда және өндірістік үй-жайларда сақтау бұралатын болат тығындамалары және төменгі жақта сынапты ағызу үшін краны бар болат баллондарында көзделеді.
1715. Өндірістік үй-жайларда механикалық, химиялық және өзге де әсер етулерге төзімді герметикалық жабылған қалыңқабатты шыны немесе өзге де ыдыстарда тартпамен сынапты уақытша сақтауға жол беріледі. (бір тәулікке дейін). Ыдыс амартизаторы бар футлярға орналастырып табандыққа орнатылады.
1716. Зертханалық үй-жайларда сынап тартпа шкафта табандықта амартизаторы бар футлярға орналастырылған герметикалық жабылған қалыңқабатты шыны немесе өзге де сынбайтын ыдыстарда сақталады.
Өңделген сынапты сондай жағдайларда қышқылдандырылған калий перманганаты ерітіндісінің қабатында сақтау қажет.
Аз мөлшердегі сынапты жалпы зертханалық шкафтарда дәнекерленген шыны ампулаларында (әрқайсысы 20 - 30 миллиграмнан) сақтауға жол беріледі. Осылайша ампулар олардың кездейсоқ бұзылуы кезінде сынап төгілуінің алдын алатын тығыз футлярларға орналастырылады.
1717. Сынаппен толтырылған модельді қондырғылар, аспаптар, аппаратура олардың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін немесе жөндеуге бермес бұрын технологиялық регламентке сәйкес демеркуризациялауға жатады
1718. Сынап кенін, сынап өндірісінің жартылай өнімдерін, сынап қалдықтарын сақтау, құрамында сынап бар ыдыс пен шыны аспаптарын қирату тәртібі технологиялық регламенпен белгіленеді.
1719. Сынап өндірісінің өртенділерінің қоймасы (террикондар мен үйінділер) өндірістік ғимараттардан кемінде 200 метр қашықтықта өндірістік алаңның жел соғатын жағынан орналастырылады.
1720. Өндірістік аймақтың аумағында сынаппен ластанған техникалық құрылғылардың бөлшектенген тораптары мен бөлшектерін қысқа мерзімді сақтау үшін алаңдар көзделіп отыр. Алаңдар сынап өткізбейтін жабындымен және жуу суларынан сынапты жинау үшін аулағыштары бар науашаларымен жарақталған.
1721. Сынапты, құрамында сынап бар бұйымдар мен қалдықтарды сақтау, тасымалдау қоршаған ортаны сынаппен ластанудың екінші көздерінің пайда болуына жол бермейтін механикалық, химиялық және өзге де әсер етулерге төзімді герметикалық ыдыста (контейнерлер, ыдыстар) көзделеді.
1722. Сынаптан босатылған ақаулы бұйымдар және қиратылған шынылар сынаптан босатылған бұйымдарды уақытша сақтау үй-жайына ыдыспен шығарылады.
1723. Жоюға жататын сынаппен ласталған ақаулы бұйымдарды жұмыс істеп тұрған тартпа желдету кезінде тартпа шкафта жүргізіледі.
1724. Пеш агрегаттарының бункерлерінен өртенділерді түсіру және оларды тасымалдау техналогялық регламентке сәйкес орындалады.
1725. Өртенділерді тасымалдау барынша шаңбасу жағдайларында жүргізіледі (гидрокөлік, шаң бөлу және аспирация орындарының жабындысы).
1726. Сынапты және оның қосылыстарын алу өндірісінде ағымдағы және соңғы демеркуризация бойынша барлық жұмыстар, соның ішінде арнайы киімді демеркуризациялау технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.
1727. Техникалық құрылғылар мен коммуникацияларды, өндірістік және зертханалық үй-жайлардың (едендер, іргетастар, қабырғалар) құрылыс құрылымдарын, жиһаздар мен жарақтарды ағымдағы демеркуризациялау:
1) ұйымның техникалық басшысы бекіткен жоспарлы- алдын алу жөндеу кестесі бойынша;
2) техникалық құрылғылар мен коммуникацияларды жөнде жіне бөлшектеу бойынша жұмыстарды жүргізбес бұрын;
3) тамшы немесе технологиялық ерітінділер түрінде сынаптың жиналуы айқындалған кезде орындалады.
1728. Сынапты және оның қосылыстарын өндірудің барлық уақытында ағымдағы демеркуризациялау пайдаланушы ұйымның күштерімен жүргізіледі.
1729. Техникалық құрылғылар мен коммуникацияларды, өндірістік және зертханалық үй-жайлардың (едендер, іргетастар, қабырғалар) құрылыс құрылымдарын, жиһаздар мен жарақтарды қорытынды демеркуризациялау:
1) жұмыстардың маусымдық (циклдік) түрлерін орындау аяқталған соң;
2) сынаппен ластанған өндірістік алаңдарда сынапты пайдаланумен байланысты емес технологиялық үдерістерді орналастырмас бұрын;
3) сынапты пайдалануды тоқтатумен немесе оны зиянсыз не болмаса улылығы төмен заттармен ауыстыру кезіндегі технологиялық үдеріс;
4) ластанудың екінші көзі болып табылатын және ағымдағы демеркуризациялауды жүргізу нәтижесінде жоюға келмейтін құрамында сорбирленген сынап бар объектілер айқындалған кезде;
5) Сынапты пайдалана отырып бұрын жұмыста жүргізілген объектіні бір ұйымнан екінші ұйымға объектіні одан әрі пайдаланудың болжанатын сипатына қарамастан беру кезінде орындалады.
1730. Қорытынды демеркуризациялауды жүргізу әдісін анықтау үшін (орындау тәсілін) жұмыстар басталмас бұрын сынап буымен ауаны қайтадан ластаудың барлық көздері айқындалады, олардың қарқындылығы және құрылыс материалдарына сынаптың өту тереңдігі анықталады, сынаппен ластанған үй-жайларды одан әрі пайдаланудың сипаты ескеріледі.
1731. Сынапты пайдаланумен байланысты техникалық құрылғыларды өңдеуге ұшырайтын өндірістік алаңдарында одан әрі орналастыру жағдайында қорытынды демеркуризациялауды жүргізу құрлыс құрылымдарын сынаптан қорғау жұмыстарын орындауды қамтиды.
1732. Сынаппен жұмыс істеу үшін өндірістік және зертханалық үй-жайлар ауа сору-тартпа желдетумен жарақталады.
1733. Желдету жүйелерінің құрылғысы сынап буының ықтимал конденцациясын және сынаптың ауа жолдары мен желдету жабдығының өзге де элементтерінің ішкі және сырқы беттерінде жиналуына жол бермеуді көздейді.
1734. Тартпа желдетудің ауа жолдары мерзімді тазарту жүргізу үшін люктермен жабдықталады.
1735. Зиян заттардың бөлінуімен сипатталатын өндірістік үй-жайларда олардан ауаның аз ластанған үй-жайларға өтуінің алдын алу шаралары көзделіп отыр.
1736. Өндірістік үй-жайларды желдету үшін жалпы айналымдық желдетудің жүйелерін және жергелікті сору жүйелерін қосу тәртібі мен тартпа шкафтардағы жұмыстар технологиялық регламенттердің талаптарына сәйкес келеді.
1737. Барлық желдету жүйелері, соның ішінде резервтілері де технологиялық техникалық құрылғылармен біріккен. Желдету жүйелерін қосу техникалық құрылғыларды іске қосуға алғышарт болады.
1738. Желдету жүйелерінің ауа жолдарындағы ауаны ажырату деңгейі, техникалық құрылғылардың жұмыс ойықтарындағы, жергілікті сору ауа қабылдағыштарының жұмыс және қарау тесіктеріндегі ауа қозғалысының жылдамдығы жобалық ұйыммен анықталады.
1739. Сынаптарға арналған барлық аулағыштар жергілікті сорумен жарақталады.
1740. Желдету лақтырындылары сынап буларынан тазартуға ұшырайды.
1741. Желдету камераларын, ауа жолдары мен сүзгілерді тазалай отырып, желдету жүйелеріне мерзімді тексеріс жүргізіледі. Жылыту аспаптары беттерінің температурасы 80°C астам емес. Жылыту аспаптарының құрылымдары майда, олардың беттерінде сынаптың жиналу мүмкіндігіне жол бермейтіндей етіп орындалған, тазалау үшін жеңіл болып таблады.
Жылыту аспаптарында ойлы-қырлы құбырларды пайдалануға жол берілмейді.
1742. Көп мөлшердегі сынаптың төгілуін жоюмен байланысты жұмыстар (авариялық жағдай), жалпы айналымдық желдетудің немесе жергілікті сорудың өшірілген жүйесі кезіндегі жұмыстар, жабық ыдыстардағы жұмыстар және ерекше жағдайлардағы тарпа шакафтардан тыс қыздырылған сынаппен және оның қосылыстарымен байланысты жұмыстар технологиялық регламентке сәйкес тыныс алу органдарының жеке қорғаныс құралдарын пайдалана отырып жүргізіледі.
Қара, түсті, бағалы металдардың
балқымаларын және осы
металдардың негізінде қорытпаларды
өндіру бойынша қауіпті өндірістік
объектілер үшін өнеркәсіптік
қауіпсіздікті қамтамасыз ету
қағидаларына
1-қосымша
Технологиялық регламентті әзірлеу жөнінде нұсқаулық (талаптары мен құрамдас бөліктер)
1. Технологиялық регламент – өндірістік үдеріс операциясын жүргізу тәртібі мен нұсқаулық режімін орнатушы және өндірістік үдерісті қауіпсіз жүргізу бойынша талаптары бар болатын негізгі нормативтік құжат,
2. Технологиялық регламент әрбір өндірістік үдеріске әзірленеді.
Өндірістік үдерістер мыналар бойынша технологиялық регламент әзірлеушісімен тәптіштеленуге жол беріледі:
мазмұны (үдерісі, кезеңі, операциясы);
жүзеге асыру орны (қайта өңдеу, цех, бөлім, аумақ).
Технологиялық регламентке қосымша режімдік карталар және басқа құжаттар әзірленуі мүмкін.
Бекітілген технологиялық регламентке негізделіп берілген жұмыс орнындағы және операциядағы технологияны түсіндіретін жұмыс нұсқаулығы құрастырылады.
3. Өнімнің сапалығына, өндірістік үдерісті рационалды және экономикалық жүргізуге, құрылғының сақталушылығына, авриялық жағдайлардың туындау мүмкіндігін жоюға кепіл беретін болғандықтан технологиялық регламент талаптарын сақтау міндетті болып табылады.
4. Технологиялық регламент талаптары өнімнің дайындалуын мемлекеттік стандарт, ұйым стандарты, техникалық талаптар нормаларына және талаптарына сәйкес орындалуын қамтамасыз етеді және осы норма және талаптармен байланыстырылады.
5. Технологиялық регламент келесі құрылымдық элементтерден тұрады:
титульный лист;
мазмұны;
арналуы және қолдану шеңбері;
талаптар.
Құрылымдық элемент «Талаптарға» келесі бөлімдер енгізіледі:
өнім өндірісі үдерісінде қолданылатын шикізат, отын, негізгі және көмекші технологиялық материалдар сипаттамасына талаптар;
негізгі құрылғы сипаттамасына талаптар;
технологиялық және аппаратуралық схемалардың графикалық суреті;
операциялар бойынша өндірістік үдерістің режімдік көрсеткіштеріне сипаттама және талаптар;
қауіпсіздік талаптары;
өндірісі осы технологиялық регламентпен регламенттелетін өнім сипаттамасына талаптар;
қоршаған ортаны қорғау (өндіріс, ағынды сулар қалдықтары және атмосфераға шығарылымдар сипаттамасы);
өндірістік үдерісті және өнім сапасын метрологиялық қамтамасыз ету;
өндіріс өнімдерін бақылау;
энегиямен- сумен қамтамасыз ету.
6. Шикізат, қосынды, отын, негізгі және көмекші материалдар сипаттамасына талаптар.
6.1. Бөлімде минералдық және химиялық құрамы, физикалық құрамы (сыртқы түрі, ылғалдылық, қаттылық, салыстырмалы және үйме салмақ, електі сипаттамасы) , бақыланатын қоспалары, сондай –ақ улылық, өртке төзімділік пен жарылысқауіптілік көрсеткіштері қажет кезде көрсетілумен (егер негізгі және көмекші материалдар мақсатты көрсетілсе), өндірістік үдерісте қолданылатын шикізат, отын, қосынды, реагенттер атаулары көрсетіледі.
Нормативті құжаттар болған кезде шикізат, отын, қосынды, және көмекші материалдарды сипаттау орнына оларға сілтеме жасауға рұқсат етіледі. Сонымен бірге өндірісте қолданбас бұрын тексеру үшін міндетті көрсеткіштер көрсетіледі.
Шикізат, негізгі және көмекші материалдар сипаттамасын кесте түрінде көрсетуді ұсынады.
6.2. Егер өндіріс үдерісіне қайта өңдеуге түскен өндіріс өнімдерді және материалдарды асуға, түсіруге, қаттауға және сақтауға арнайы(ерекше) талаптар болса, онда олар ескертілуі қажет.
7. Негізгі құрылғы сипаттамасына талаптар:
7.1. Бөлімде негізгі құрылғы аты, түрі және маркасы көрсетіледі. Оның арналуы және жұмыс қағидаттарына қысқаша сипаттама беріледі. Қажет болғанда күрделі жөндеу және жоспарлы-ескерту жөндеулерін жүргізу ескертіледі.
7.2. Бөлімде негізгі құрылғының техникалық сипаттамасы қамтып көрсетіледі. Ол еркін үлгідегі кесте түрінде ұсынылуы мүмкін. Құрылғыны пайдалану жөнінде нұсқау болған кезде оған сілтеме жасаға рұқсат беріледі.
7.3. Жеке жағдайларда егер олар өндірістік үдеріске әсер етсе құрал-сайман, аспаптар және көмекші құрылғы сипаттамасы беріледі және өнім сапасы анықталады.
7.4. Егер құрал-сайман, аспаптар және көмекші құрылғыны жұмысқа қоспас бұрын сол немесе басқа көрсеткіш бойынша тексерілуі және дайындалуы қажет болса онда көрсеткіштер немесе үдерістер тізімі, тексеру (бақылау) тәсілі, үдерістің дәйекті сипаттамасы көрсетілуі қажет. Нормативті құжаттар болған жағдайда сипаттама орнына сілтеме беріледі.
8.Технологиялық және аппараттық сызбаның графикалық суреті.
8.1. Бөлімде үдерістің технологиялық, аппараттық немесе аппараттық-технологиялық сызбасы келтірілген.
8.2. Технологиялық сызба операцияға түсетін және әр операциядан шығатын материалдарды көрсетумен үдерістер бойынша ағындардың жылжуының толық сызбасынан құралады.
Технологиялық сызбаға материалдар және өнімдер (содержание бақыланатын компоненттер, қоспа консентрациялары, ірілік және т.с.с), сипаттамасысын қосу ұсынылады.
Қажет болғанда операциядан пайызбен өнімдердің шығуы көрсетіледі.
Технологиялық сызбада өндірістік үдерісті байқау және бақылау орны көрсетіледі.
8.3. Аппаратуралық сызбада қолданылатын құрылғының схемтикалық суреті көрсетіледі. Сызбаға қолданылатын құрылғының сызба бойынша нөмірі, оның атауы, біратты аппараттар саны көрсетілетін спецификациясы қосылады.
9. Қауіпсіздік талаптары.
Бөлімде өндірістік үдерісті қауіпсіз жүргізуге бар қағидалар тізімі беріледі, персонал өміріне және денсаулығына әсер ететін факторларды көрсетумен өндірістің ерекшеліктері сипатталады. Өндірістік үдерісте қолданылатын және туындаған зиян (улы) заттар тізімі құрастырылады.Олардың сипаттамасы, өрт-жарылысқауіптілік көрсеткіштері, алдын алу және сақтау шаралары сипатталады.
Зиян әсер етулер бойынша іс-шаралар жоспары, негізгі құрылғының авариялық тоқтатылу тәртібі, сондай-ақ жазатайым жағдайда алғашқы көмек көрсету бойынша шараларды сипаттайтын еңбекті қоғау бойынша нұсқау бөліміне сілтемелер беріледі.
Зиян заттардың, авариялық тоқтатылу тәртібін жобалау сипаттамасын баяндаудың орнына, нормативтік құжаттар болған жағдайда сілтеме беріледі.
Бөлімде бөлімше бойынша аса қауіпті жұмыстар тізімі көрсетіледі.
10. Өнім сипаттамасына талаптар
Бөлімде нормативтік құжаттаманы көрсетумен өнім атауы, оның сипаттамасы (химиялық құрамы, маркасы, сұрыбы және басқа көрсеткіштері келтіріледі.
11. Қоршаған ортаны қорғау.
Бөлімде атмосфераға шығарылымдар, су қоймасына ағынды суларды төгу, олардың пайда болу көздері және бақылаудың мерзімділігінің, туындағын шығарылымдардың, промөнімдердің, шығарылым көздері орналасуының схемасы, қалдықтар үшін сыйымдылықтардың орналасу және промөнімдерді қаттау орны схемасы тізімінің бақыланатын көрсеткіштері тізімі және мөлшері көрсетіледі.
12. Өндірістік үдерістің және өнім сапасының метрологиялық қамтамасыз Бөлімде бақылау орнын, ортасын, бақыланатын көрсеткішті, технологиялық режім нормасын, өлшеу құралдары сипаттамасын, сұрыптау орнын, бақылаудың мерзімділігін көрсетумен бақылаудың әдістері көрсетіледі. 13. Өндіріс өнімдерін бақылау.
Бөлімде көрсетіледі: Сынама (өнім) атауын, сұрыптау орнын, байқау орнын, байқау әдісін, анықталанатын компоненттерін және параметрлерін, талдау әдістерін көрсетумен химиялық бақылау жоспары. 14. Энергиямен және сумен жабдықтау. Бөлімде сумен жабдықтау, энергиямен жабдықтау, ауамен жабдықтау схемалары келтіріледі.
Қара, түсті, бағалы металдардың
балқымаларын және осы
металдардың негізінде қорытпаларды
өндіру бойынша қауіпті өндірістік
объектілер үшін өнеркәсіптік
қауіпсіздікті қамтамасыз ету
қағидаларына
2-қосымша
Ұйым __________________________
Цех ____________________________
Агрегатттық журнал №_________________
Журнал басталды __________________________
(күні)
Журнал бітті________________________
(күні)
Журналда ______________ бет
Мазмұны
№
п/п
|
Агрегаттық журналға енгізілген машиналар мен механизмдер атауы
|
Беттер
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3-нысан
Агрегат, машина, механизм атауы__________________________________________
№№
п/п
|
Ақау табыл-ған торап атауы
|
Байқау немесе тек-серу күні
|
Ақаудың қысқаша сипаттама-сы
|
Байқауды жүргізген, тұлғаның қолы
|
Жөндеу күні
|
Ақауларды жою үшін орындал-ған жұмыстар тізімі
|
Жөндеу кезінде ауыстырылған тораптар мен бөлшектер
|
Цех механи-гінің қолы
|
Атауы
|
Саны дана
|
Қызмет мерзімі,
ай.
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
8
|
9
|
10
|
11
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Агрегаттық журналды толтыру жөніндегі
нұсқаулық
1. Агрегаттық журнал бекітілген технологиялық үдерісті орындауды және өндірістің белгіленген ырғағын қамтамасыз ететін негізгі және көмекші жабдықтардың барлық түрлеріне жүргізіледі.
2. Журнал пайдалану үдерісінде қолданыстағы жабдықтың техникалық жай-күйі және жұмысқа қабілеттілігі туралы деректердің жүйелі жиналуы үшін қызмет етеді және жөндеу жұмыстарының, сондай-ақ тораптар қызметі мерзімінің және жабдық бөлшектерінің сипаттамасы мен көлемін белгілеу үшін бастапқы құжат болып табылады.
3. Агрегатты журналдың сақталуы, күйі және жүргізудің дұрыстылығы міндеттемесі цех механигіне жүктеледі.
4. Агрегаттық журналдарды жүргізу, толтыру және бақылау өндірістік бақылау туралы ережелермен анықталған тұлғаларға жүктеледі.
5. Жабдықтан табылған, тозулар және басқа ақаулар туралы жазбалар машинаны (механизмді) байқау немесе тексеру күні агрегаттық журналға, ал орындалған жөндеу жұмыстары туралы жазбалар – жөндеудің бітуі бойынша 2 күндік мерзімнен кешіктірілмей енгізіледі.
6. Агрегаттық журналдың барлық беттері нөмірленеді.
Журналға бірнеше машина мен механизмдер қосылғанда –олардың әрқайсысына агрегаттық журналдың мазмұнында көрсетілетін, тиісті беттер саны беріледі
7. Агрегаттық журналдың сол жағы, жабдықты байқау және тексеру кезінде табылған ақауларды, ал оң жағы – оларды жою бойынша орындалған жұмыстар туралы жазбаны жазу үшін арналған.
8. Журналдың сол және оң жағындағы жазбалар өзара байланысты және бір біріне сәйкес, ақауларды жою бойынша жұмыстар туралы жазбаларды тиісті ақау сипатталған жазбаға қарсы орналастыру қажет.
Егерде машинаны жөндеу кезінде байқауда және тексеруде анықталмаған ақау табылса, онда ақауды жою туралы жазба орындалған жұмыстар туралы бағанда жүргізіледі. Егер анықталған ақаудың дереу жойылуы мүмкін болмағанда, онда ол туралы сол жақта – 4-бағанда жасау қажет.
9. Агрегаттық журналда тіркелген 4-графада белгіленген, ақаулар сипаттамасы бөлшекті жөндеу немесе оны жаңаға ауыстыру жолымен ақауды жоюдың тәсілін бағалау үшін жеткілікті.
10. 7-бағанда цех механигі немесе шебер-механик агрегаттық журналдың сол бөлімінде көрсетілген, ақауларды жою бойынша орындалған жұмыстар туралы қысқаша сипаттама береді.
11. Біткен агрегаттық журналдар кезекті күрделі жөндеуге дейін цех мұрағаттарында сақталады.
Қара, түсті, бағалы металдардың
балқымаларын және осы
металдардың негізінде қорытпаларды
өндіру бойынша қауіпті өндірістік
объектілер үшін өнеркәсіптік
қауіпсіздікті қамтамасыз ету
қағидаларына
3-қосымша
Ұйым, _______________________________________________________
Қауіптілігі жоғары жұмысты атқару
наряд - шақтама № __________
1. Жұмыс атқарушы _______________________________________________
(аты-жөні, қызметі)
2. Орындауға тапсырылды_____________________________________
(құрылғы аты, жұмыс орны, жұмыс көлемінің қысқаша _______________________________________________
мазмұны)
3. Жұмысқа жіберуші ______________________________________________
(аты-жөні, қызметі)
4. Жауапты жетекші ________________________________________
(аты-жөні, қызметі, қолы)
5. Жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар:
5.1. Тоқтату ______________________________________________________
(техникалық құрылғының аты)
____________________________________________________________________
5.2. Сөндіру ______________________________________________________
(рубильник, тартпа, магистраль және тағы басқа)
5.3. Орнату ______________________________________________________
(тупиктер, тұйықтау, сигналды лампалар және тағы басқа)
____________________________________________________________________
5.4. Ауа ортасына талдау жасау_________________________________
(орынды көрсету)
5.5. Қоршау ________________________________________________________
(жұмыс зонасы, плакат ілу)
____________________________________________________________________
5.6. Құдық биіктігі жұмысы кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау
____________________________________________________________________
(ағаштар, сақтандыру белдіктері, арқандар және тағы басқалар)
5.7. Ескерту ____________________________________________________
5.8. Теміржол жолдарында қауіпсіздік шараларын сақтау______________________________________________________________
(белгілер, плакаттар, қоршау, тупиктер және тағы басқалар орнату)
5.9. Маршрут жолын көрсету ______________________________________
____________________________________________________________________
(қажет болған жағдайда схеманы қосу)
5.10. Қосымша шаралар _____________________________________
____________________________________________________________________
6. Наряд-шақтама берді________________________________________________
(тегі, қызметі, қолы, күні)
7. Шаралар қолданылды____________________________________________
(аты-жөні. қызметі, қолы)
____________________________________________________________________
8. Келісілді: _____________________________________________________
(қызметі, тегі, қолы)
9. Бригада жұмысына шақтама
№
р/с.
|
Жұмыс жүргізу күні және уақыты
|
Бригада мүшесі
|
Мамандығы
|
Жұмыс шартымен таныстым, нұсқаулық алдым (қолы)
|
Нұсқаулық өткізді (жіберуші, аты - жөні, қолы)
|
|
|
|
|
|
|
Бригада жұмысқа кірісті___________________________________________
(жұмыс атқарушының тегі, қолы , күні, уақыты)
10. Жұмыс үзілісін толтыру
Күні, уақыты
|
Жұмыс атқарушы жұмыс орнын өткізді
|
Жұмысқа жіберуші
|
Жұмыс атқарушы жұмыс орнын қабылдады
|
Жұмысқа жіберуші
|
|
Аты-жөні
|
Қолы
|
Қолы
|
Аты-жөні
|
Қолы
|
Аты-жөні
|
Қолы
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Бригада құрамынан шығарылды__________________________________________
(аты-жөні)
Бригада құрамына енгізілді______________________________________________
(аты-жөні)
Шақтама беруші _____________________________________________________
(аты-жөні, қолы)
Жұмыс аяқталды ____________________________________________________________________
(уақыты, күні)
Жұмыс орны жиналды, персонал жұмыс орнынан шығарылды.
Наряд – шақтама тапсырылды ____________________________________________________________________
(қызметі, тегі, жұмыс атқарушының қолы)
Жұмыс орны, наряд – шақтама қабылдадым ____________________________________________________________________
(қызметі, тегі, жұмысқа кірушінің қолы)
Жоғары қауіптіліктегі жұмыстарды орындау тәртібі
1. Жоғары қауіптілік талаптарындағы жұмыстарға жатады:
Қауіпті және зиян өндірістік факторлардың пайда болуы және жұмыскерлерге әсер етуі ең ықтимал, жөндеудің, бөлшектеудің, құрылыстың, авариялық-қалпына келтірудің және басқа жұмыстардың барлық түрлері, сондай-ақ жоғары қатермен байланысты жұмыстар:
биіктіктегі жұмыстар;
электрберу желілеріне жақын жұмыстар;
құдықтардағы, сыйымдылықтардағы жұмыстар;
қызмет көрсетуші персоналдың жарақаттану (улану) мүмкіндігін жою үшін жұмыс орнын даярлауды талап ететін, қысыммен жұмыс істеуші ыдыстармен байланысты жұмыстар.
2. Жоғары қауіптілік талаптарындағы жұмыстар тізімі цех басшылығымен құрастырылады, еңбек қауіпсіздігі қызметімен келісіледі, директормен бекітіледі
3. Жоғары қауіптілік талаптарындағы жұмыстар тізімі жыл сайын құрастырылады, сондай-ақ Тізімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, бір апталық мерзімде қайта қарастырылады.
4. Аварияны жою кезінде жұмыстар адам өміріне тікелей қауіпті жоюға дейін жүктелім-рұқсатнаманы дайындаусыз, цехтың жауапты тұлғасы қадағалауымен және бақылауымен жүргізіледі. Одан арғы аварияны және оның зардаптарын жою бойынша жұмыстар жүктелім-рұқсатнама дайындалғаннан кеін жүргізіледі.
5. Жоғары қауіптілік талаптарында рұқсатнама актісі бойынша мердігер ұйым күшімен, басқа кәсіпорынмен жұмыстарды орындау үшін объектілер табысталуы:
өндірістік аумақтар, технологиялық желілер;
Немесе бөлек тұрғандар:
құрылғы;
ғимарат және имарат;
қолданыстағы көмекші цехтар мен қойма бөлмелерінің жұмсақ шатыры;
қолданыстағы емес көмекші цехтарда орналасқан басқа аумақтар.
6. Объектіні тапсыруды рұқсатнама актісі бойынша мердігер ұйымның басқа кәсіпорынға беруі алынып тасталады, егер:
жоғары қауіптіліктегі жұмыстар өндірісі үшін бөлінген аумақ арқылы қолданыстағы ток өткізгіштер, газ өткізгіштер, жылуөткізгіштер, балқытпа өткізгіштер, қышқыл өткізгіштер және басқа байланыстар өтсе.;
технологиялық машиналар мен механизмдер жұмыс істесе.
7. Жабық жүктелім-рұқсатнамалар оны берген адаммен, бір жыл ішінде цехта сақталса.
8. Орындау кезінде авариялар мен жазатайым уақиғалар болған жоғары қауіптілік талаптарындағы жұмыстар жүктелім-рұқсатнамалары авария мен жазатайым уақиғалар бойынша материалдармен кәсіпорын мұрағатында сақталуы керек.
9. Жоғары қауіптілік талаптарында жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру және қауіпсіз өндіріс үшін жауапты адамдар:
жүктелім-рұқсатнаманы берушілер;
жұмысқа жібергендер;
жұмысты өндірушілер;
жұмысты орындаушылар болып табылады.
10. Жүктелім-рұқсатнаманы беруші жұмысқа жіберушіні (жіберушілерді) тағайындайды, оны (оларды) жүктелім-рұқсатнамамен көзделген қауіпсіздік шараларымен таныстырады, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады және жүктелім-рұқсатнамада көзделген қаупісіздік шараларының толықтылығына және жұмысқа жіберушінің (жіберушілердің) кәсіптік біліктілігіне жауапты болады.
11. Жүктелім-рұқсатнама бойынша жұмысқа жіберушімен тағайындалуы мүмкін лауазымды тұлғалар тізімі жыл сайын кәсіпорын бойынша өкіммен бекітіледі және еңбек қауіпсіздігі қызметімен келісіледі.
12. Жүктелім-рұқсатнама бойынша жұмысқа жіберуші жүктелім-рұқсатнамада көрсетілген жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша техникалық іс-шаралардың дұрыс және нақты орындалуын тексеру керек, сондай-ақ:
жөнделіп жатқан объектіні бу, су, газ электр қор көздерінен өшіру және жерге қосуды орнату;
барлық құбыр түрлері бойынша бітеуіштерді орнату, газоходты және шаңқұбырларын (байланыстарды) тазалау, құбырларды үрлеу және булау, құрылғының кірден, шаңнан, қышқылдан, майдан тазарту және газоходтарды және аппараттарды үрлеу.
қолданыстағы құрылғы және байланыстан жөндеу, құрастыру, құрылыс аймағын қоршаулармен, тұйықтарменн, қауіпсіздік белгілерімен, дабыл құрал-жабдықтарымен және плакаттармен бөлу
басқа дайындық жұмыстарды орындау керек.
13. Жүктелім-рұқсатнама бойынша жұмысқа жіберуші тікелей жұмыстар өндірісі орнында өндірушіге берілген қолданыстағы цех (бөлім) ерекшеліктері туралы нұсқау беруге міндетті.
14. Жүктелім-рұқсатнама бойынша жұмысқа жіберуші жүктелім-рұқсатнамада көрсетілген, жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша техникалық іс-шаралардың орындалуының дұрыстығына және толықтылығына жауапты.
15.Жөндіруші мыналар үшін::
жұмыс орнындағы қауіпсіздік шаралар туралы бригада мүшелері нұсқаулығының толықтығына және сапалығына (нұсқаулық туралы жазба жүктелім-рұқсатнамаға қосымшада дайындалады);
олармен қауіпсіздік шараларын сақтау ;
арнаулы жұмыс киімін және жеке қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалану;
еңбек қауіпсіздігі техникалық құрал-жабдығының жарамдылығына жауапкершілік артады.
16. Орындаушылар, бригада мүшелері мыналар үшін жауап береді:
жүктелім-рұқсатнамада көзделген еңбекті қоғау және қауіпсіздік шаралары талаптарын сақтау:
жұмыс уақытында арнаулы жұмыс киімін және жеке қорғаныс құралдарын дұрыс қолдану;
еңбек және өндірістік тәртіпті сақтау.
Қара, түсті, бағалыметалдардың
балқымаларын және осы
металдардың негізінде қорытпаларды
өндіру бойынша қауіпті өндірістік
объектілер үшін өнеркәсіптік
қауіпсіздікті қамтамасыз ету
қағидаларына
4-қосымша
Достарыңызбен бөлісу: |