Қара, түсті, бағалы металдар балқымаларын және осы металдардың негізінде алынатын қорытпаларды өндіру бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары


Өндірістік алаңдар, ғимараттар, имараттар мен үй-жайларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі



бет2/12
Дата12.06.2016
өлшемі1.25 Mb.
#130646
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

3. Өндірістік алаңдар, ғимараттар, имараттар мен үй-жайларды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
127. Балқымаларды өндіру кезінде жұмыскерлердің қауіпті факторлармен зақымдану тәуекелдері орын алатын орындарда өндірістік алаңда жұмыскерлерді бұндай факторлардан қорғайтын үй-жайлар орнатылады.

128. Агрегаттарды басқару пульттері алаңда агрегат пен жүргізілетін жұмыстардың көрінімін қамтамасыз ете отырып қауіпсіз орында орналасады.

129. Сәулелі жылу әсеріндегі жоғары температуралы зонада орналасқан пульттердің, күзет орындарының және басқару панельдерінің терезелерін қорғай қарастырылған. Терезе жылуды шағылдырғыш жабындылары бар арнайы терезелермен шыныланады.

130. Қауіпті аймақтағы үй-жайлар үшін қарама-қарсы жақтарда орналасқан кемінде екі кіру-шығу көзделіп отыр. Есіктер сыртқа қарай ашылады және олардың ішкі бекітпелері болмайды.

131. Жұмыс алаңдарының едендері сырғанамайтын беті бар тозуға төзімді материалдардан тегіс етіп орындалады.

132. Жылу әсеріне ұшырайтын ғимараттар мен имараттар арқалықтары, ұстындары, құрылымдары жылуоқшауланады.

133. Судың жиналуы мүмкін цехтар ғимараттарындағы едендер телімдері оны бұру үшін құрылғылармен жабдықталады.

134. Жер жабдығы бар цехтар аралықтары жұмыс алаңының ені жұмыскерлерді тасымалдау үшін қауіпсіз теміржол құрамы мен жабдық габариттері арасындағы қашықтықты қамтамасыз ететіндей етіп көзделіп отыр.

135. Үй-жайларда мыналар көзделеді:

1) ені кемінде 2,0 метр басқару қалқандарына (тұрақты жұмыс орындарының бар болуы кезінде) қызмет көрсету фронты бойынша алаңдар;

2) ені кемінде 1,0 метр жабдыққа тұрақты қызмет көрсету алаңы;

3) ені кемінде 0,8 метр жабдыққа мерзімді қызмет көрсету алаңы;

4) жабдыққа жан-жақтан қызмет көрсету кезінде оның маңындағы алаңның ені тиісінше 1,0 және 0,8 метр.

Аталған үй-жайда жөндеуі көзделіп отырған жабдықты құрастыру және боршалау үшін алаңдар құрастырылатын және боршаланатын жабдықты орналастыру, оның жөндеуін жүргізу, жұмыс өту жолдарын, негізгі және қосалқы шығуларды, баспалдақтар алаңын бөгемей-ақ материалдарды, айлабұйымдар мен құрал-саймандарды орналастыру үшін жеткілікті мөлшерлерде көзделіп отыр.

136. Теміржол құрамдарына және жүгі үлкен автомобильдерге кіру үшін цехтар ғимараттарындағы ойықтар көлік құралдарының кіруіне және шығуына рұқсат алу немесе тыйым салу үшін жарық дабылымен, көліктің қозғалуы туралы құлақтандыру үшін дыбыс дабылымен жабдықталады.

137. Қақпаларды ашу және жабу механизмі кіру (шығу) дабылымен бұғатталады.

138. Қызмет көрсететін қызметкерлер құрамының тұрақты болуы көзделетін немесе тұрақты қызмет көрсетуді талап ететін жабдық орналасатын үй-жайларды жарылысөртқауіпті және қауіпті заттарды пайдаланатын агрегаттардың астында орналастыруға жол берілмейді.


  1. Өртжарылысқауіпті ұнтақты материалдардың өндірісі орналасқан үй-жайлардың құрылымдық элементтері үшін шаң жиналатын қабырғадан шығатын жазықтықтарға жол берілмейді.

140. Бұл үй-жайлардағы қабырғаларда және өзге де қиын қолжетімді орындарда (ауажолдар, металл құрылымдары) оларды шаңнан тазарту мүмкіндігін қамтамасыз ететін өңдеуі болады.

141. Жарылысөртқауіпті және қауіпті заттар тасымалданатын галереялар қарама-қарсы жақтардан орналасқан кемінде екі кіру-шығу жолымен жабдықталады. Есіктер сыртқа қарай ашылады және оларда ішкі бекітпелер болмайды.

142. Өртжарылысқауіпті және қауіпті заттектер тасымалданатын галереялар ауаны тірей отырып ауаны сору-тартпа желдетумен жабдықталады.

143. Ғимараттар мен имараттардың өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасы осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес мерзімдерде жүзеге асырылады.

144. Цехтар аралықтарында алмалы-салмалы траверсаларды орнату үшін құрылғылар, құрылымы оларды тікелей еденге орнатуға мүмкіндік бермейтін шөміштерді орнату үшін стендтер көзделіп отыр.

145. Пайдалану үдерісіндегі қауіпті өндірістік объектілердің ғимараттары мен имараттары техникалық қадағалау қызметінің бақылауында тұр. 146. Техникалық қадағалау қызметі ғимараттар мен имараттарды техникалық пайдалану талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. 147. Техникалық қадағалау қызметінің негізгі міндеттері:

1) ағымдағы және күрделі жөндеулер жүргізу жолымен ғимараттар мен имараттардың тиісті техникалық жай-күйінің сақталуын қамтамасыз ету;

2) ғимараттар мен имараттардың пайдалану сапаларын ұстауға бағытталған іс-шаралардың жүзеге асырылуын орындауды және бақылауды ұйымдастыру болып табылады.

148. Ғимараттар мен имараттардың құрылыс құрылымдарының жай-күйін, оларды ұстау мен жөндеуді техникалық қадағалау қызметінің құрылымы мен саны осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес ол қызмет көрсететін объектілердің алаңына байланысты анықталады.

149. Барлық өндірістік ғимараттар мен имараттар немесе олардың бөліктері (аралық, қабат) ұйым басшысының бұйрығымен көрсеткен алаңдарды басатын цехтарға, бөлімдерге және ұйымның өзге де бөлімшелеріне бекітіледі. Тиісті бөлімшелердің (цех, бөлім) бастықтары бөлімшеге бекітілген ғимараттардың, имараттардың немесе жеке үй-жайлардың қауіпсіз пайдалануын, сақталуын және уақытылы жөнделуін қамтамасыз ететін тұлғалар болып табылады.

150. Өндірістік ғимараттар мен имараттар мерзімді техникалық тексерулерге ұшырайды. Тексерулер толық немесе ішінара түрде жүргізіледі.
Жалпы тексеру кезінде ғимарат мен имараттың барлық құрылымдары, соның ішінде инженерлік жабдық, өңдеудің әртүрлі түрлері және сыртқы көркейтудің барлық элементтерін қосқандағы барлық ғимараттар мен имараттар толық тексеріледі. Ішінара тексеру кезінде тексеруге жеке ғимараттар немесе кешен имараттары және жеке құрылымдар немесе жабдықтың барлық түрлері ұшырайды. Ғимараттарды жалпы техникалық тексерулер жылына екі рет - көктемде және күзде жүргізіледі.

151. Көктемгі тексеру қар ерігеннен кейін жүргізіледі. Тексеру кезінде қар ерігеннен немесе қысқы жаңбырлардан кейін ғимарат пен имараттың жай-күйін куәландыру жүргізіледі. Көктемгі тексеру кезінде жазғы маусымда орындалатын ғимараттарды немесе имараттарды ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар нақтыланады және күрделі жөндеу бойынша оларды келесі жылдың жоспарына енгізу үшін жұмыстардың көлемі айқындалады. Көктемгі техникалық тексеру кезінде:

1) көтергіш және қоршау құрылымдарының жай-күйін егжей-тегжейлі тексеру және атмосфералық және өзге де әсерлердің нәтижесінде олардың ықтимал зақымдарын айқындау;

2) ұзақ байқауды талап ететін ақау орындарын белгілеу;


3) терезелердің, фонарьлардың, есіктердің және өзге де құрылғылардың механизмдері мен ашылатын элементтерін тексеру;

4) суағарлардың, нөсер қабылдағыштардың жай-күйін тексеру және ретке келтіру қажет.

152. Күзгі тексеру кезінде ғимараттар мен имараттардың қысқа дайындығын тексеру жүргізіледі. Күзгі техникалық тексеру кезінде:

1) ғимараттар мен имараттардың кқтергіш және қоршау құрылымдары тексеріледі, тесіктер мен саңылауларды жою жөнінде шаралар қабылданады;

2) ғимараттар жабындыларының қарды жоюға дайындығы және бұл үшін қажетті құралдар (қар еріткіштер, жүмыс керек-жарақтары), науашалардың және суағарлардың жай-күйі тексеріледі;

3) қысқы жағдайлардағы жұмысқа терезелердің, фонарьлардың, қақпалардың, есіктердің және өзге де құрылғылардың ашылатын элементтерінің жарамдылығы тексеріледі.

Ауыр кран режімі бар ғимараттардың негізгі құрылымдарын немесе агрессивті ортада пайдаланылатын ғимараттар мен имараттарды ағымдағы тексеру он күнде бір рет жүргізіледі.

153. Стихиялық апаттар мен авариялардан кейін ғимараттар мен имараттарды кезекті тексерулерден басқа кезектен тыс тексеру жүргізіледі. 154. Тексерулердің ерекше режімі жерасты кен қазбасының кеуленген аумақтарында, отырғызылған топыраққа салынған, тұрақты діріл кезінде пайдаланылатын өндірістік ғимараттар мен имараттар үшін белгіленеді. 155. Ғимараттар мен имараттарды тексеру жқнінде комиссия құрамын ұйым басшысы тағайындайды. Тексеру жөнінде комиссияны ұйым басшысы немесе оның орынбасары басқарады. Комиссия құрамына техникалық қадағалау қызметінің өкілдері, ғимараттар мен теміржол немесе көлік цехының (ғимаратқа теміржол кіруінің бар болуы кезінде) инженерлік жабдығының жеке түрлерін пайдалануды басқаратын қызметтер өкілдері, ғимаратты тікелей пайдаланатын цехтардың, шеберханалардың, бөлімдердің бастықтары кіреді.

156. Ғимараттар құрылымдарына ағымдағы тексеру жүргізетін тұлғаларды тиісті ғимаратты немесе ғимараттар мен имараттардың тобын пайдаланатын цехтың, шеберхана мен бөлімнің бастықтары бөледі.

157. Тексерулердің барлық түрлерінің нәтижелері айқындалған ақаулар, жұмыстарды орындау мерзімдері көрсетіле отырып, оларды жою үшін қажетті шаралар белгіленген актілермен ресімделеді.

158. Ғимараттар мен имараттардың сақталуын байқау кезінде:

1) геодезиялық құрал-саймандардың көмегімен жерасты кен қазбасының кеуленген аумақтарында, отырғызылған топыраққа, тұрақты дірілге ұшырайтын негіздерге салынған өндірістік ғимараттар мен имараттардың негізгі құрылымдарының жағдайын тексеру жыл сайын жүргізіледі;

2) атмосфералық суды бұру үшін ғимараттар мен имараттардың маңындағы жерді жоспарлауды тиісті күйде ұсталынады. Жердің жоспарланған беті ғимарат қабырғаларынан көлбеу етіп орнатылады. Ғимарат маңындағы төсеніштер жарамды күйде ұсталынады. Асфальт немесе бетон төсеніштері (тратуарлар) мен ғимарат қабырғалары арасындағы тесіктер тазартылады, ал содан кейін ыстық битуммен, цемент ерітіндісімен, шайырмен немесе мыжылған сазбен бітеледі;

3) материалдарды, өндіріс қалдықтарын және қоқысты қоймалауға, ғимарат қабырғаларының маңында гүлзарлар мен көгалдарды тікелей орналастыруға жол берілмейді;

4) ғимарат төбесінен атмосфералық және еріген суларды бұру бойынша құрылғылардың және шатырдың жарамды жай-күйі қадағаланады;

5) қысқы уақытта қар ғимараттар мен имараттардың қабырғаларынан, жабындыларынан уақытылы алынып тасталынады. Төбені тазалау кезінде шатыр материалдарының бүлінуіне әкелетін соққы құрал-саймандарды пайдалануға жол берілмейді;

6) ғимараттар қабырғаларының маңында ластанған су мен будың лақтырындысына жол берілмесін;

7) іргетастардың гидрооқшаулауының бұзылуынан туындайтын ғимараттағы сыздың таралуына жол берілмесін;

8) қосылыстардағы және құбыр қабырғаларының, фасон бөліктері мен аспаптардың жарықтары арқылы ағуларға жол берместен сумен қамтудың, канализация мен жылумен қамтудың ішкі желілерінің жарамды жай-күйін қадағалау қажет;

9) желдету жүйелерінің қалыпты жұмысын қадағалау қажет; 10) шатырдың қабырғаларға, жақтауларға, құбырларға, мұнараларға, антенна құрылғыларына және өзге де шығып тұрған құрылымдарға жанасу тығыздығын қадағалау қажет;

11) ғимараттар мен имараттардың ағаш фермаларының, ағаштан жасалған жабындылары мен өзге де жауапты құрылымдарының жай-күйі мерзімді бақылансын. Ғимараттардағы еден астындағы кеңістіктерді тұрақты желдету қамтамасыз етілсін;

12) кірпіш қалауына немесе бетонға бекітіп тасталған топырақпен жанасатын, сондай-ақ едәуір температуралық ауытқулар орын алатын орындарда ағаш құрылымдарының элементтеріне ерекше назар аударылсын;

13) тас немесе бетон қабырғаларында, темір-бетон бағаналарында, аралықтарда, фермаларда, арқалықтарда және плиталарда жарықшақтар айқыдалған жағдайда дереу оларға маяктар орнатылсын және жарықшақтың және құрылымның күйін дәйекті қадағалау жүргізілсін;

14) қабырғалар мен ұстындардың тік болуы қадағалансын, темір-бетон құрылымдарындағы, әсіресе агрессивті ортадағы қорғау қабатының жай-күйін тұрақты байқау ұйымдастырылсын;

15) металл құрылымдарының жапсарлары мен қосылыстарының (пісірілген, тойтарылған, бұрандамалы) жай-күйі тұрақты қадағалансын;

16) құрастыру темір-бетон құрылымдары түйіспелерінің жай-күйін егжей-тегжейлі бақылау ұйымдастырылсын;

17) ғимаратты немесе имаратты дұрыс пайдалануға жауапты тұлғалардың жазбаша рұқсатынсыз жабындылардағы, арқалықтардығы ұстындар мен қабырғалардығы тесіктерді тескілеуге жол берілмейді;

18) динамикалық жүктемелерге, термиялық әсер етулерге ұшырайтын немесе агрессивті ортада тұрған құрылымдарға ерекше назар аударылсын;

19) құрылыс құрылымдарының асқын жүктелуіне жол берілмесін;

20) ғимараттар мен имараттардың өнеркәсіп қауіпсіздігінің сараптамасы жүргізілсін.

159. Құрылыс құрылымдарының асқын жүктемесінің алдын алу үшін жобалау құжаттамасында көзделмеген технологиялық жабдықты, көлік құралдарын, құбыржолдар мен өзге де құрылғыларды орнатуға, ілуге және бекітуге жол берілмейді. Қосымша жүктемелерге құрылыс құрылымдарының тексеру есебінен кейін немесе бұл құрылымдарды нығайтқаннан кейін жол беріледі.

160. Барлық өндірістік үй-жайлардағы едендердің, жабындылар мен алаңдардың шекті жүктемелерінің артуына жол берілмейді. Ғимараттар мен имараттардың жақсы қаралатын элементтерінде рұқсат етілетін шекті жүктемелерінің жазбалары жасаланады және сақталады.


161. Қолданыстағы цехтарда құрылыс-құрастыру жұмыстарын өндіру кезінде уақытша құрылғылардың есебінен құрылымдарға жүктеме салуға, ішкі цех көлігі жылжуының рұқсат етілетін жылдамдықтарын арттыруға және оны күрт тежеуге жол берілмейді. Бұл туралы цехтарда және ұйымның аумағында ескерту жазбалары жазылады.
162. Әрбір өндірістік ғимараттар мен имараттар үшін немесе ғимараттар мен имараттардың топтары үшін жабындылардың, едендердің және тиісті алаңдардың жеке аймақтары бойынша шекті жүктемелерді көрсете отырып, қабатаралық жабындыларды, алаңдарды және едендерді пайдалану бойынша технологиялық регламент құралады.

163. Құрылыс құрылымдары сұйық металл төгілген, қыздырылған бөлшектер өңделген, бу лақтырынды кезінде туындайтын жылу әсерлерінен, қыздыру агрегаттарының жеткіліксіз жылуоқшаулау салдарынан сәулелену әсерінен қорғалады. Жоғарыда айтылған факторладың әсер ету орындарында жылуоқшаулағыш қорғаныс орындалады.

164. Өндірістік үй-жайларда температуралық-ылғалды режім ұсталады. Қоршаулардың ішкі бетінде конденсаттың түзілуіне жол берілмейді.

165. Ұйым аумағында ғимараттар мен имараттардың, 1520 (1524) миллиметрдегі жолтабаны мен 750 миллиметрдегі жолтабаны теміржол жолдарының жылжымалы құрамының жақындау габариттері жобалаудың қолданыстағы нормалары бойынша қабылданады.

166. Теміржол құрамы мен жабдықтың габариттері арасындағы қашықтықты қамтамасыз ететін еден жабдығы бар цехтар аралықтары жұмыс алаңының ені жұмыскерлерді тасымалдау үшін қауіпсіз болып табылады.

167. Жұмыс алаңында теміржол рельстері арасындағы кеңістік сырғанамайтын беті бар тозуға төзімді материалмен орындалады.

168. Теміржол жолдарының автожолдармен және жаяу жүргінші өткелдермен қиылусы орындары құрылыс нормаларын ескере отырып орнатылды.

169. Жаяу жүргінші қозғалудың теміржол жолдарымен қиылусы әртүрлі деңгейлерде (виадуктар, үңгі жолдар) көзделіп отыр.

170. Автомобиль жолдарының теміржол жолдарымен қиылысу орындарында өткелдер орнатылады.

171. Ұйым әкімшілігі ұйымның, объектінің аумағы бойынша көлік құралдары мен жаяу жүргіншілер қозғалысының сұлбасын әзірлейді. Қозғалу сұлбалары ұйым аумағында және барлық объектілерде ілінеді.

172. Ұйымдар аумағы бойынша автомобильдер мен өзге де рельссіз көліктің қозғалу жылдамдығы әкімшілікпен жергілікті жағдайларға байланысты белгіленеді. Көлік қозғалысын реттеу Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 1196 қаулысымен бекітілген жол қозғалысы Ережелерімен көзделген жол белгілері мен жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарын пайдалана отырып жүргізіледі.

173. Ұйым аумағындағы материалдар, бұйымдар мен өзге де жүктер белгілі орындарда сақталады.

174. Тиеу және түсіру жұмыстары МЕМСТ 12.3.009-76. ССБТ. Тиеу-түсіру жұмыстары. Қауіпсіздіктің жалпы талаптарына сәйкес орындалады.

175. Жұмыс істеп тұрған цехтарда құрылымдардың және жылжымалы құрамның, темір жолдарының жақындау габариттерін қалыпты мөлшерлерге дейін жеткізу мүмкін болмаған жағдайда габариттің бұзылуы туралы ескертетін дабыл (жарық, дыбыс) орнатылады.

176. Кәсіпорындар аумағында шұңқырлардың, жыралардың және ой-шұңқырлардың бар болуына жол берілмейді. Жөндеу және құрылыс жұмыстары уақытында орнатылған шұңқырларды, жыраларды қоршау кез келген ауа райы мен тәулік уақытында жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

177. Аумақты металл сынығымен, қоқыспен және өндіріс қалдықтарымен бөгеуге және ластауға жол берілмейді.

178. Сутек пен өзге де жанғыш газдарды пайдаланатын өндірістер орналасқан ғимараттар элементтерінің құрылымы тоқырау аймақтарының және желдетілмейтін телімдердің қалыптасуына жол бермейді.

179. Үй-жайлардағы едендер өндіру үдерісінде жол берілетін механикалық, жылу немесе химиялық әсерлерге төзімді болуы тиіс және:

1) сұйықтықтарды мерзімді немесе тұрақты ағызу (су, қышқылдар мен сілтілер ерітінділері, минералдық майлар, эмульсиялар) үй-жайларында – бұл сұйықтықтар үшін өткізбейтіндей етіп орындалады және науашаларға, каналдарға сұйықтықтарды ағызуға арналған еңіс болады;

2) электролиз цехтарында – электрөткізгіш емес, ылғыл өткізбейтін және жылуға төзімді етіп орындалады;

3)металлургия агрегаттарының жұмыс алаңында – тегіс және тайғанамайтын беті бар берік тозуға төзімді материалдардан орындалады;

4) үй-жайлардың жарылысқауіпті және өртқауіпті аймақтарында – ұшқынсыз болып орындалады.

180. Агрессивті ортаның әсеріне ұшырайтын ғимараттар мен имараттардың барлық құрылыс құрылымдары ҚР ҚНжЕ 2.01-19-2004. Құрылыс құрылымдарын каррозиядан қорғау талаптарына сәйкес каррозиядан қорғалады.

181. Пештерден және миксерлерден балқытылған және қыздырылған өнімдерді шығару аймағында орналасқан пеш, таратып құю, құю аралықтары мен миксерлі бөлімшелерінің алаңы жылуоқшауланады. Жылуоқшаулау тәсілі жобалау құжаттамасымен анықталады.

182. Жылу әсеріне ұшырайтын ғимараттар мен имараттар арқалықтары, ұстындары, құрылымдары жылуоқшауланады. Жылуоқшаулау тәсілі жобалау құжаттамасымен анықталады.

183. Өндірістік ғимараттар мен имараттардың құрылымдарын (құрамы, қадағалау және жөндеу) пайдалану, олардың жай-күйін бақылау нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкес жүргізіледі

184. Ғимараттар мен имараттардың құрылыс құрылымдарына жүктемелерді өзгертуге есептерді тексергеннен және өзгерістерді жобалаушымен келіскеннен кейін ғана жол беріледі. Енгізілетін өзгерістер кезінде техникалық қауіпсіздіктің деңгейін төмендетуге жол берілмейді.

185. Өндірістік үй-жайлардағы өту жолдары мен өтпелер шекаралары қоршаулармен немесе таңбалармен жабдықталады.

186. Авариялар мен жазатайым оқиғалардың қаупін төндіретін құрылыс құрылымдарының, өндірістік жабдық пен ішкі цех көлігінің элементтері, өрт сөндіру және қауіпсіздікті қамтамасыз ету құрылғылары мен құралдары тиісті қауіпсіздік белгілерімен жарақталады және оларда ҚР СТ МСТ Р «Дабыл түстері, қауіпсіздік белгілері және дабыл белгілері» талаптарына сәйкес дабыл-ескерту бояуы болады.

187. Тез тұтанатын ұнтақты материалдар өндірілетін және пайдалынылатын үй-жайларда шаңды жинауды технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

188. Ғимараттар шатырлары шаңнан, қардан және мұздан тазартылады.

189. Ғимараттарды, имараттарды және сыртқы қондырылғыларды найзағайдың тікелей соққыларынан және оның қайталанылатын көріністерінен қорғау жобалау құжаттамасында көзделіп отыр.

190. Пайдалануға берілген ғимараттар мен имараттар бойынша барлық техникалық құжаттама: бекітілген техникалық жоба (жобалық тапсырма), жұмыс сызбалары құрылыс телімінің гидрогеологиялық жағдайлары туралы деректер, объетілерді салу бойынша жұмыстарды өндіру сапасын, жағдайын және қолданылған материалдарды сипаттайтын құжаттары бар пайдалануға қабылдау актісі, жасырын жұмыстарға арналған актілер, объектіні пайдалануға беру мезетіне жобадан ауытқушылықтар және кемшіліктер туралы мәліметтер - ұйымның ғимараттары мен имараттарын пайдалану және жөндеу бөлімінің техникалық мұрағатында жинақталып сақталады.

191. Ғимараттар мен имараттарға қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстарды есепке алу үшін жұмыстардың түрі мен орнын көрсете отырып, қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу бойынша орындалған жұмыстар туралы жазбалар енгізілетін ғимараттар мен имараттарды пайдалану жөнінде журнал жүргізіледі.Журнал нысаны осы Қағидаға 6-қосымшаға сәйкес орындалады.

192. Ғимараттар мен имараттарды пайдалану жөнінде журналға енгізілген мәліметтер уақыттың аталған кезеңіне ғимараттың (немесе имараттың) техникалық жай-күйін, оны пайдалану тарихын көрсетеді. Бұл мәліметтердің бөлігі жөндеу жұмыстарына арналған ақау тізімдемелерін құрау кезінде бастапқы деректер болып табылады.

4. Қоршаулар, алаңдар мен баспалдақтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
193. Техникалық құрылғылардың қозғалмалы бөліктері қоршалады. Функционалдық арналуына байланысты қоршауға жол берілмейтін, 2,5 метрден астам биіктікте орналасқан және қауіп төндірмейтін жылжымалы бөліктер ғана қоршауға алынбайды.

194. Қоршаулар техникалық құрылғылармен бір жиынтықта жеткізіледі.

195. Алынған немесе жарамсыз қоршаулары бар техникалық құрылғылардың жұмыс істеуіне жол берілмейді.

196. Қоршау функциялық міндеттерімен жол берілмейтін бөлімдерін қоспағанда, еден деңгейінен 2,5 метр (қоса санағанда) биіктікке дейін орналасқан және жұмыс алаңдарынан кездейсоқ тиіп кетуге қол жетерлік жабдықтың барлық ашық қозғалмалы бөліктері, қоршалады. Қол жетпейтін орындарда орналасқан агрегаттардың қозғалмалы бөліктерін оның қызмет көрсетуін қиындатпайтын, жапқыш жабдықтан жалпы қоршаумен қоршауға жол беріледі.

197. Қоршаулар тұтас метал немесе торлы болып орындалады. Торлы қоршаулар ұяшқтарының мөлшері жобалау құжаттамасымен белгіленеді.

198. Егер техникалық құрылғылардың атқарушы органдары адамдар үшін қауіп төндіретін болса және қоршалмаса, техникалық құрылғыны жұмысқа қосу туралы ескертетін дабыл, энергиямен қамту көздерінен ажырату және тоқтату үшін құралдар көзделеді.

199. Техникалық құрылғылардың ішіне орналаспаған контржүктер қоршалады немесе адамдардың қауіпті аймаққа қол жеткізу мүмкіндігіне жол бермейтін жабық бағыттаушы құрылғыларға (құдықтар, құбырлар, шахталар) орналастырылады.

200. Тісті, белдікті және тізбекті берілістер тұтас алмалы-салмалы қоршаумен жабдықталады.

201. Алмалы-салмалы, қайырмалы және жайылмалы қоршаулар, бұл қоршаулардағы қақпақтар мен қалқандар олардың кездейсоқ ашылуына немесе алынуына (құлыптар, электрқұлыптар, арнаулы құрал-сайманның көмегімен ашу) жол бермейтін құрылғылармен, сондай-ақ қоршауды алу немесе ашу кезінде жұмыс үдерісінің тоқтауын қамтамасыз ететін бұғаттаулармен жабдықталады.

202. Техникалық құрылғылар қоршауларының жарамдылығы ауысым сайын тексеріледі. Айқындалған ақаулықтар жойылады.

203. Техникалық құрылғылар жұмыс істеген кезде қозғалмалы бөліктер мен қоршауларды жөндеуге, қолмен тазалауға немесе бекітуге жол берілмейді.

204. Жөндеу үшін қоршауларды алып тастауға техникалық құрылғылар толық тоқтағаннан кейін ғана жол беріледі. Жөндеуден, тазалаудан, тексеруден кейін іске қосуға қоршауды орнына орнатқаннан және оның барлық бөліктерін бекіткеннен кейін ғана жол беріледі.

205. Жабдықтың қозғалмалы айналымдық бөліктерінің артына және айналу аймағына қол астындағы құралдарды кіргізуге жол берілмейді.

206. 2,0 метр биіктікте және бөлме еденінің (жоспарланған белгісінен) деңгейінен жоғары орналасқан қосымша құрал-жабдықтарға, құбыржолды арматураға, жылыту және желдеткіш агрегаттарына қызмет көрсету үшін тұрақты алаңдар мен оларға арналған баспалдақтар қарастырылады.

207. Қашықтықтан басқарылатын жоғарыда көрсетілген құрылғыларға қызмет көрсету және оларды жөндеу үшін ауыспалы алаңдарды, баспалдақтарды, мұнараларды немесе аспалы бесіктерді қарастыруға болады.

208. 1,3 метр және жер және жабын деңгейінен жоғары биіктікте орналасқан алаңдар, ағаш және көпірасты төсеніштер жұмыстық жабыннан, аралық горизантальді элементтен және 140 миллиметрден төмен емес тұтас борттан 1,1метрден төмен емес биіктікте орналасқан тіреуден, тұтқадан құралатын қоршаулары бар. Тіреу мен тұтқа арасындағы аралық 2 метрден көп емес. Қоршау үшін 1 метр биіктіктен кем емес тұтқамен металды торды қолдануға жол беріледі.

209. Өндірістік ғимараттың жабындыларындағы шұңқыршалар, люктер, құдықтар, түтіктер мен ойықтар еденмен бірдей деңгейде бүкіл беткі жағынан берік төселген қақпақтар және жабындылармен жабылады. Егер жұмыс жағдайы бойынша бұл шұңқыршалар, түтіктер және ойықтар ашық болса, олар қоршаулармен жабдықталады.

210. Шұңқыршалар мен құдықтарға қол жеткізу үшін биіктігі бойынша бір бірінен 0,3 метр ара қашықтықта орналастырылған тік баспалдақтар немесе тоған құрылғыларын қолдануға жол беріледі.

211. Резервуарлардың (тұрақты ыдыстардың) шатырында орналасқан люктерге, құбыржолды арматураға, өлшегіш және басқа құрылғыларға қызмет көрсету үшін қоршалған алаңдар мен баспалдақтар орналастырылады. Ыдыстарды тексеру және жөндеу үшін аспалы бесіктер және басқа да жабдықтар қолданылады.

212. Ғимараттан тыс орналасқан алаңдар мен баспалдақтар қысқы уақытта қар мен мұздан тазартылады, ал қар еріген кезде тайғанауға қарсы материалдар себіледі.

213. Жарылөртқауіпті, қауіпті және зиянды заттар пайдаланылатын агрегаттардың жұмыс алаңдары үшін екіден кем емес кіру-шығу есіктері қарастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет