Қара, түсті, бағалы металдар балқымаларын және осы металдардың негізінде алынатын қорытпаларды өндіру бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары


Құйма өндірісінде өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі



бет6/12
Дата12.06.2016
өлшемі1.25 Mb.
#130646
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

14. Құйма өндірісінде өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі
929. Пештерде электродтарды ұзарту өндірісіне рұқсат етіледі. Электродтарды ұзарту басында пеш айырылады.

930. Электродтарды ауыстыру алдында металл ниппельдің иір ойықты бөлігі толығымен (тілменің соңына дейін) электродқа бұралады.

931. Электрод бастиектерінің бекітілуі үнемі тексеріледі. Оның барлық босаған жағдайларында пеш айырылады.

932. Қызмет көрсетуші персоналдың шихті балқыту кезеңінде пеш астында жүруіне жол берілмейді.

933. Қожды шайқау немесе металды шығару үшін алдағы уақытта пештің еңкейтілуі туралы жұсы алаңы астында және құю аралықтарында жүрген жұмысшыларда ескерту үшін жарықдыбыстық дабыл пайдаланылады.

934. Газқышқылы оттығының жұмыс істеуі кезінде үю терезесі қақпағы жабылады.

935. Қожды сору үшін үю терезесінің астында жұмыс алаңының астына түсіру науашасы қойылады. Жұмыс алаңындағы саңлау футерленген алынатын қақпақпен жабылады. Қожды сору кезінде жұмысшыларды шашыраудан қоғайтын қалқаншалар орнатылады.

936. Пештен металды шығаруға арналған науаша құрылғысы мыналарды болдырмайды:

1) оның металмен толып кетуін;

2) науаша футеровкасының бұзылуын;

3) балқыманы шығаруда металл бұзуын.

Балқыманы шығаур және пешке отын толтырылғаннан кейін металл шихтісін балқытқан соң сұйық металдың пайда болуына дейін пештің шығару саңлағы жабылады.

937. Пеш астындағы алаңдарды,шұңқырларды қождан және қоқыстан тазалау жұмыстары қомақты мөлшерде сұйық металл мөлшерінің жиналуы болғанша шихті балқыту басында технологиялық регламентті сақтаумен рұқсат етіледі.

938. Пештердің суда суу бөліктері орнату алдында 1,5 суыту суының жұмыс қысымы (бұдан әрі - Р жұм.) көлемінде гидравликалық сынақтан өтеді.

939. Электрпештері, жеңдері, еңкею механизмі және пеш тіреуіштерінің жөндеу жұмыстары, элетр жабдықтарын, қождық және төгу шұңқырларын тазалау жұмыстары кернеуді ажыратқаннан кейін жүргізіледі.

940. Жоғары көтеріліп тұрған жағдайдағы пештің астында тұрған жабдықтың қарауы мен жөндеу жұмыстарына рұқсат көтеріліп тұрған пешке қосымша тіреудің бекітілу шартында беріледі.

941. Индуктордың суыту жүйесінің түтікшелері төзімділк пен тығыздыққа 1,5 Р жұм. кем емес гидравликалық қысымы астында сыналады.

942. Пештің индукторына суыту суының үздіксіз келіп тұруын бақылау қарау ақылы, сонымен қоса су ағуының болмаған жағдайында автоматты түрде ажыратылатын дабылқаққыш құрылғылармен жүргізіледі.

943. Пештің вакуум камерасы 0,01 МПа (сантиметр кватратқа 0,1 киллограмм күш) қысымы жағдайында әрекет ететін сақтандырушы клапанымен жабдықталады.

944. Вакуумның бірден төмендеу жағдайында пеш камерасы вакуумның төмендеу жағдайы себептерін анықтағанша және оларды жойғанша ажыратылады.

945. Тигльдің қажалуы (жұқаруы) кезінде пеш өшіріліп, сұйық металл науашаға ағызылады. Ашу алдында пеш инертті газбен толтырылады. Металл суығаннан кейін (металл қарайғанша)пештің ауамен баяу толтырылуына жол беріледі.

946. Пеш ішіндегі жөндеу жұмыстарын жүргізуге, қызмет көрсетуші персоналдың вакуум камерасы ішіне кіруіне рұқсат пеш ішінен тез тұтанғыш конденсаттардың толық алынғаннан кейін технологиялық регламентке сәйкес беріледі.

947. Штоктың балқып кетуін, пешке судың кіруінің және жарылыстың болуының алдын алу үшін электродтың толық балқуына жол берілмейді.

948. Құймакесектің кристаллизаторда ілінп қалу жағдайында оны штокпен қысып шығаруға жол берілмейді.

949. Пештің ішкі бөліктерін қарау барысында ашық оттың пайдаланылуына жол берілмейді.

950. Плазматрондарды қосу және ажырату тәртібі технологиялық регламентпен белгіленеді.

951. Пештің қуаттандырғыш көзін қосу схемасында электродтарды суыту жүйесіндегі сорғылардың ток көзінен өшірілуінде автоматты түрде ажыратуды қамтамасыз ететін блокировка (бұғаттау) қарастырылады.

952. Камерадан құймакесекті шығарып алғанға дейін суыту жүйесінің ажыратылуына жол берілмейді.

953. Электронды- сәулелі пештердің радиациялық қауіпсіздігі жобалау кезінде қарастырылады.

954. Электрондық зеңбіректерді қосу тәртібі мен олардың жұмыс режиміне шығарылуы технологиялық регламентпен белгіленеді.

955. Электронды- сәулелі пешті басқару пульті бөлмесінің түгел еденінің ауданы диэлектрлік материалмен жабылады, оның үстіне жабындыны электр қарсылығы сынақтары туралы нәтижелері (белгі) жазылады.

956. Боровтарды тазалау және оның ішіндегі жөндеу жұмыстары пешті толық тоқтату барысында жүктелім-рұқсатнама бойынша жүргізіледі. Осы орайда, желдету жүйесі көмегімен боровтардың ішінен зиянды газдар шығарылады, боровтың ішіндегі ауа температурасы +40оС жоғары болмауы керек.

957. Жөндеуден кейін балқыту пештері мен конвертерлер технологиялық регламентке сәйкес кептіріледі және қыздырылады.

958. Балқыту агрегаттарына арналған металл шихтары құм және кокстың ең аз мөлшеріндегі күйіндісінде болуы тиіс.

959. Вагранкаларда қолданылатын кокс жоғары мехеникалық төзімді және еленген кезде жіберіледі.

960. Металды балқытуға арналған шихт ретінде пайдаланылатын металл жоңқалары балқыту агрегаттарына түсу алдында майсыздандырылады.

961. Қорамалау және өзекті қоспаларды даярлауда қолданылатын материалдар сәйкестік талабына сертификатталған.

962 Персоналдың бункерлерге, өзге де сусыма материалдары бар ашық және жабық ыдыстардың ішіне түсуімен байланысты барлық жұмыстар жүктелім-рұқсатнама бойынша жүргізіледі.

963. Құю өндірісі сұйық күйіндегі сульфитті сілтімен жабдықталады. Цехтағы сульфитті сілтіні дәнекерлеу кезінде дәнекерлеу банкалары қолдану нұсқасындағы талаптарына сәйкес сору көрсеткіштерімен сору шкафтарына қойылады.

964. Жүгіртпе жұмысы барысында қоспадан сынама алу механикалық құрылғымен жүргізіледі. Сынаманы қолмен алу әдісі кезінде (конус немесе қалақшамен) жүгірпелер тоқтатылады.

965. Жөндеу жұмыстары, майлау, тазалау және ішкі қарау жұмыстары кезінде қоспадаярлаушы машиналар және қоспаны тасымалдау құралдары тоқтатылады, электр (схемалары) сызбалары бөлшектеледі. Жұмыс аяқталғаннан кейін техникалық құрылғылардың қосылуы оларды тоқтатуға талап қойған тұлғаның өтінішімен жүргізіледі.

966. Көмір тозаңдарын сақтау бункерлері ішіндегі температура бақыланады. Тозаң температурасы 70оС асуына жол берілмейді. Бункердегі көмір тозаңының тәуліктік қажеттілік мөлшерінен асуға жол берілмейді.

967. Жұмыс аяқталғаннан кеін көмірұнтақтау және тасымалдау жабдықтары шаңнан тазаланады.

968. Техникалық жабдықтарды басқару жүйесі технологиялық операциялардың талап етілген реті бойынша орындалуын қамтамасыз етеді,ол бір мезетте сәйкес емес опрецияларды орындауға жол бермейді, механизмнің сәйкес элементтері белгіленген жағдайында сол позициядағы жұмыстың басын автоматты режимінде қамтамасыз етеді.

969. Зиянды заттарды бөлетін формалардың сыртқы қабаттары мен өзектерін күйікке қарсы бояулармен қаптау технологиялық регламентке сәйкес сорғыштың астында орындалады.

970. Формалық машиналар плитасын формалық қоспалар қалдықтарынан тазалау механизмдірілген және шаңкетіргіш құрылғыларымен жүргізіледі.

971. Жүккөтеруші механизмдермен көтерілген формаландырылған ауыр оптардың аударылуы роликті балансирлерде немесе басқа құрылғылардың көмегімен жүргізіледі.

972. Газбен, электрқыздырумен жұмыс істейтін кептіру құрылғыларын пайдалану технологиялық регламент талаптарына сәйкес жүргізіледі.

973. Формалардың жоғарғы қабаттары және өзектерін күйікке қарсы бояулармен қаптау күйікке қарсы бояулар аэрозольдарының жұмыс аумағына шашыраудың алдын алатын тәсілдермен жүргізіледі. Қызмет көрсетуші персонал жеке қорғану құралдарын пайдаланады.

974. Серпуіш бастиегі доңғалағының күрекшелерінің бекітілу беріктігі бекітпелерді босату кезінде күрекшелердің ұшып кетуінің алдын алу үшін тексеріледі.

975. Өзектерді кептіруге арналған этажеркалары өзекті плиталардың құлауының алдын алатын шынжырларды іліп алу күршектерімен және тіреуі бар торлармен жабдықталады. Этажеркалар төзімділікке сыналады.

976. Топырағы бар формаларды және өзектерді кептіру үшін мұржасыз темір пешті қолдануға жол берілмейді. Бұл мақсатта электрқыздырғыш және газбен жанғыш кептіру құрылғылары, өзге де кептіру әдістері (СО2 пайдалану арқылы формалар мен өзектердің сұйық шыныда химиялық қатуы, инфрақызыл қыздырумен беткі қабатының кептірілуі) қолданылады.

977. Металл құйылған формалардың белсенді желдету аумағында болу ұзақтығы технологиялық регламентпен белгіленеді.

978. Жүккөтергіш құралдарымен қозғалатын ожаулар рұқсат етілген жүктемеге есептелген және жасалғаннан кейін өндірушінің сынағынан өтеді, ал жөндеуден кейін – жөндеуді жүргізген ұйымда тексеруден өтеді.

979. Балқытылған металы бар ожауларды қозғауға раналған жүккөтергіш құралдардың болат арқандары мен шынжырлары, ожаудың өзінің траверстері сәуле жылуы әсерінен сақтайтын қаптамамен қорғалған.

980. Бір балқыту үшін де ожауларды ұзартуға жол берілмейді.

981. Бөгеткі мен стақанға алдын ала ауыстыру жасалмай, құюға арналған ожауды екінші рет пайдалануға жол берілмейді.

982. Құю саймандарының балқытылған металмен жанасу орындары татсыз пайдаланады, металға салу алдында кептіріледі және қыздырылады.

983. Летка арқылы металды өткізетін әрбір балқыту агрегатында ұзындығы 1,5 метрден кем емес екі қарнағы және летканы жабуға арналған қосалқы тығындары бар.

984. Құю аяқталғаннан кейін қож және металл қалдықтарын құрғақ қораптарға және ожауларға ағызу керек. Жерге немесе шұңқырға төгуге жол берілмейді.

985. Құйылмаларды даярлау бойынша технологиялық регламентінде көтеру-транспорттық, тиеу- түсіру жұмыстары және даналанған жүктерді жинауды қауіпсіз өткізудің қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі көрсетіледі.

986. Ожаудың жөндеуі суығаннан кеін жүргізіледі. Жөндеу жүргізу жұмысшыларын жіберу алдында ірі ожаулар ілініп қалған қож, скрап, футеровкалардың болмауы жағдайына тексеріледі. Жөндеудегі ожаулардың футеровкалары жоғарыдан төмен қарай бұзылады.

987. Құйылмалардың формадан ұрылуы формадағы металдың кристалдану процесі (үрдісі) аяқталған соң жүргізіледі. Формадағы құйылмалардың суу ұзақтығы технологиялық регламентте белгіленеді.

988. Сақтауға қабылданатын алюминий жоңқалары құрғақ, май және кір іздерінсіз болуы тиіс.

989. Формалық қоспаларға арналған материалдар өндірістік участоктер және бөлімдерінен тыс орналасқан жеке бөлмелерде сақталады.

990. Цех қоймаларында сақталатын тез тұтанғыш сұйықтықтардың мөлшері технологиялық регламентте белгіленеді.

991. Этилсиликат болаттан жасалған ыдыста немесе қорғаныш қаптаманындағы шыны ыдастарда сақталады.

992. Этилсиликаттың гидролизін жүргізетін бөлмелерінде спирт және эфирлі-альдегидті фракциялардың сақталуы тек қана жанбайтын темір қораптарда рұқсат етіледі.

993. Сусыма материалдар сору желдеткіші жүйесіне қосылған жабық қораптарда сақталады.

994. Құю өндірісінң қалдықтарына пайдаланылған формалық және өзекті қоспалар (ақауы бар форма мен өзектерді қоса),құю қождары, аброзивті және галтовты тозаң, отқа төзімді материалдар, қыштар, ылғалды шаңтазалағыш желдеткіш жүйесінің шламдары жатады.

995. Құю өндірісінің зиянды заттарын және қауіпті қалдықтарын жою немесе көмі тәртібі, үйінді рекультивациялары жобалау барысында анықталады.

15. Илек өндірісінде өнеркәсіптік қауіпсіздігін

қамтамасыз ету тәртібі
996. Станның жұмыс істеу барысындағы илектелетін металл бетіннің өлшеуі сәйкес өлшеуіш құралдарды пайдалану арқылы қашықтықтан жүргізіледі.

997. Илектеу процесі кезінде көтермеге кірердегі белгіленген жайылу соңын қадағалау. Ақау анықталған жағдайда жайылудың соңы кесіліп тасталынады.

998. Білікке металды қолмен жіберу кезінде білікшілердің тістеуіктері илектелген металдың көлеміне қарай қолданылып, жұмыс жағдайында болады. Тістеуіктерді суыту үшін стан маңайларында температурасы +45оС аспайтын ағынды суы бар ыдыстар орнатылады.

999. Отқабыршықтарының қораптарына арналған құдықтар металл плиталарымен бөгеледі немесе стационарлы бөгеттер орнатылады. Ашық тесіктер маңайында отқабыршықтарын жинау кезінде құдықтар үстіне алынатын қоршаулар қойылады.

1000. Стан көтермелері астынан отқабыршықтары және рольгандарды илектеу кезінде қолмен жинауға жол берілмейді.

1001. Біліктерді қайта біліктеу штаттық қайта біліктеу механизмдері мен құрылғыларын пайдалау арқылы технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

1002. Біліктер пирамидалар немесе стеллаждарда сақталады.

1003. Біліктерді платформа, автокөлік, беріліс арбаларында тасымалдау кезінде стеллажға салынады немесе бекітіледі.

1004. Біліктерді қайта біліктеу жұмыстарынан кейін станның қосылуы технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

1005. Қажет болған жағдайда, технологиялық регламентке сәйкес, құрал-саймандардың көмегімен (ұзын ілгектер) металды қолмен түзетуге болады, бұл кезед жұмысшы қайшының қыр жағында тұрады. Металды қолмен әперу кезінде қайшының алдыңғы және қыр жағында, жұмысшы қолының істегі қауіпті аймағына түсуден сақтайтын қорғаныш қоршаулары орнатылады. Қайшы пышақтарының алдына қойылған қорғаныш пышақтары қоршау көтерілген кезде жұмысты тоқтатаын бөгеткімен жабдықталады.

1006. Ыстық металды кесуге арналған пышқымен суық металды кесуге жол берілмейді.

1007. Біліктерді майсыздандыру көп жағдайда ванналарда жууға арналған сулы ерітінділерімен, жобалау құжаттары және технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

1008. Металл кескіндерін тиеу және жинау жұмыстары технологиялық регламент талаптарына сәйкес жүргізіледі. Лақтыру науашалары астына орнату үшін вагондардың қозғалысы кезінде дыбыстық дабылдар беріледі. Тиеу участоктарында тиісті қауіпсіздік белгілері қойылады.

1009. Металл кескіндерін қорапқа жинау барысында оны тым толтыруға жол берілмейді.

1010. Престе, стеллажда түзету процесінде рельс пен арқалықтарды қисайту (жиектеу) механизмдірілген аударғыштардың көмегімен жасалады. Түзету кезінде пайдаланатын астарлардың ұзын тұтқалары болады. Престің астына түзетушінің аяғын құлайтын астарлардан қорғайтын қоршау орнатылады.

1011. Кескіндерді таңбалау және қарау оның + 60оС дейін суу жағдайында жүргізіледі.

1012. Бір бөлмеде фольгаилектегіш жабдықтарымен қоса жарылу-өртену қауіпті жуу, бояу және бояуларды даярлау бөлімдерінің болуына жол берілмейді. Бояу, сорғыш астында (сорғыш шкафы) жеке бөлмеде даярланады.

1013. Білік төсемдерін майлау орталықтандырыла жүргізіледі. Фольганы беру жағынан сүртуге, тазалауға және білікке қол тигізуге жол берілмейді.

1014. Машина үстіндегі роликтерге фолтганы салу және кептіру барабаны температурасын өлшеу білікшімен қызмет көрсету алаңынан немесе тұрақты баспалдақтан жүргізіледі. Бұл жұмысты машинаның шығып тұрған бөліктері немесе қоршау үстінде жүргізуге жол берілмейді.

1015. Бояу машинасының жұмысы кезінде білікшелерді бояудан тазалау және жууға жол берілмейді.

1016. Едендік машинасы жұмыс істеу аймағында адамдардың болуына жол берілмейді.

1017. Білік арасындағы саңылауды және үйлестіру қораптарының орналасуын анықтау, құрылғылардың көмегімен жабдықтың тоқтатылуы кезінде жүргізіледі.

1018. Илектеу процесі тоқтағаннан кейін, үйлестіру қорабының шығарылуы механикаландырылған және қораптан металдың төгілуіне жол бермес үшін жаймен жүргізіледі.

1019. Құю қорабы және білік арасындағы тетіктерді тазалау құрылғылармен жүргізіледі. Жұмыс кезінде біліктерді тазалау технологиялық регламентке сәйкес біліктердің айналу бағытының қарсы жағынан құрылғы көмегі арқылы жүргізіледі.

1020. Металды маркалауға арналған бояуларды даярлау және сақтау оқшауланған бөлмеде жүргізіледі.

1021. Оттық тазалау машиналарын пайдалану технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

1022. Технологиялық жабдықты және бөлмені алюминий-магниялық ұнтақтан тазалау технологиялық регламентке сәйкес, кесте бойынша жүргізіледі. Шашылып қалған ұнтақ жиналып алынады.

1023. Сталлаждар металдың құламауына арналған құрылғыдармен жабдықталады. Тазалау және қарау алдында металл +60 С жоғары емес температураға дейін суытылады. Илекті жоғары температурады қарау мен тазалаудың технологиялық қажеттілігі кезінде технологиялық регламентте қауіпсіздік шаралары қарастырылады.

1024. Металдың беткі қабатын отқабаршықтан тазалаумен байланысты баплық операциялар механизмделген тәсілмен жүргізіледі және технологиялық регламентке сәйкес орындалады.

1025. Илектің беткі қабатын зарарсыздандыру, зарарсыздандыру ерітінділерін купоросты стансыларында және жою құрылғыларында регенерациялаумен байланысты барлық операциялар жобалық құжат және технологиялық регламентке сәйкес орындалады.

1026. Тотияйын станцияда және залалсыздандырудың қондырғыларында илек бетін өңдеумен, өңдеу ерітінділерінің регенерациясымен тазартумен байланысты барлық технологиялық операциялар жобалық құжатнама және технологиялық регламентке сәйкес орындалады.

1027. Ваннаны қышқылмен толтыру технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі. Зарарсыздандыру ваннасына қышқыл ваннаға алдын ала су толтырылғаннан кейін беріледі. Бір мезетте қышқылдар мен регенерацияланған қышқылдарды ваннаға әкелуге және пайдаланылған зарарсыздандыру ерітінділерін ваннадан төгуге жол берілмейді. Пайдаланылған ерітінділер арнайы канализациялар жүйелерімен тазарту құрылғыларына жіберіледі.

1028. Каустикалық сода және қатты күйіндегі (ұнтақ тәріздес) үшнатрийфосфатпен майсыздандыру ерітінділерін өңдеуге тікелей қолдананылатын ваннада жасауға жол берілмейді. Майсыздандыру ерітінділерін концентрлендіру аталған заттардың ерітінділерімен жасалады.

1029. Металы бар ылғалды себеттерді сілті ванналарына салуға жол берілмейді.

1030. Жарылыстың болу қатерінен сілті ваннасының бетіне көмір, ыс, майлау материалдарының түсуіне жол берілмейді.

1031. Каустикалық содасы бар темір ыдыстың ашылуы пышақтың көмегімен жүргізіледі. Каустикалық содаларды немесе өзге сілтілерді ашық күйде ұсақтауға жол берілмейді.

1032. Қышқыл немесе сілті суық суға баяу ағынмен құйылады. Суды қышқылға немесе сілтіге құюға жол берілмейді. Ваннаны қатты химикаттармен толтыру кезінде сұйық заттардың шашырауына жол берілмейді.

1033. Қорғаныш жабуларымен қаптау кезіндегі илекті өңдеу және тасымалдаудың барлық операциялары механизмдендірілген және технологиялық регламентке сәйкес орындалады.

1034. Ваннаға салынатын қалайы, қорғасын, мырыштың және өзге металдардың металл құймалары алдын ала кептіріледі және қыздырылады. Металл құймаларын ваннаға салу арнайы құрылғылардың көмегімен, маңайында адамдар жоқ болған жағдайда жасалады. Тістеуік, сүймен және өзне де саймандар пайдаланылар алдында кептіріліп, қыздырылады. Сынаманы алу және қалайы, мырыш, қорғасын және өзге де металл қалдықтарын ваннадан алып шығу үшін арнайы құрылғыдар пайдаланылады.

1035. Күйіп қалудан және май буларының тұтанып кетуінен сақтану үшін майдың бу тұтануы температурасынан жоғары қызып кеткен кезде отырып қалған флюсте жұмыс жасауға жол берілмейді. Ваннаның температуралық режимі автоматты түрде реттеліп отырады.

1036. Мүмкін болу тұтануды жою мақсатында бөлімдерде сода ерітіндісі пайдаланылады.

1037. Сұйық мырыш, қалайы және өзге металдармен толтырылған формаларға металл қатқанша су құюға болмайды.Формадан босатылған металл құймалары жеке бөлінген орында жиналады, ал формалар кептіріледі. Сұйық металдың ылғалды формаларға құйылуына жол берілмейді.

1038. Металлопласты өндіру кезіндегі полиуретанды желім және ерітінділермен байланысты барлық операциялар технологиялық регламентте қарастырылған қауіпсіздік шараларына сәйкес орындалады.

1039. Регенератор және рекуператорларды пайдалану кезінде газдың шығып кетуіне бақылау жасалады, ал герметикалығының бұзылуы жағдайында ол ақау жойылады.

1040. Ожау мен қораптардың және оларды сұйық қожбен толтыру жағдайларының сақталуы бақыланады. Сұйық қожбен толтырылған ожау және қораптарды жинау уақтылы жүргізіліп отырады. Сұйық дәнекерлеуші қождың сумен түйіршіктелуіне жол берілмейді.

1041. Электротермикалық құрылғыларды сумен салқындату кезінде сумен салқындату жүйелерінің металл құбырлары жерге қосылады.

1042. Индукциялы пештің қаптамалары индуктордан оқшауландырылады және жерге қосылады.

1043. Роликті өткізгіш және қорғауыштарды ауыстырумен қоса электротермикалық құрылғыларды жөндеу технологиялық регламентке сәйкес кернеуді ажырату барыснда жүргізіледі.

1044. Құймакесектер қатқабатталады. Қатқабаттардың биіктігі құймакесектердің мөлшеріне қарай технологиялық регламентке сәйкес анықталады.

1045. Арық, жыра, шұңқыр, тоннельдердің жабылу жолдарына, майжертөлеудерге, люктарға металдарды жинауға жол берілмейді. Бөгеу орындары цехтың еденінде көрсетілген. Бөгетке рұқсат етілген жүктеменің көлемі сәйкес жазулармен белгіленген.

1046. Ультрадыбыстық жұмыстардың жүргізілуі барысында жұмысшылардың қолдары сұйықтықпен, ультрадыбыстық құралмен және өңделуші бөлшектермен ешбір байланыста болмау керек.

16. Құбыр өндірісінде өнеркәсіптік қауіпсіздігін қамтамасыз

ету тәртібі
1047. Құбырларды және дайын өнімдерді даярлау қоймаларындағы барлық тиеу және түсіру жұмыстары технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

1048. Дайындамалар қалталарға салынады. Қалтаның ені пакеттердің қауіпсіз жиналуын ұамтамасыз етеді. Пакеттердің ең жоғарғы жиналу биіктігі қалта тіреулерінде габаритті сызықтармен көрсетіледі.

1049. Дайындамалар пакеттері қалианың төсенішіне салынады. Төсенішті аяқ жақтары қалтааралық саңылауға шығып тұрмайды.

1050. Жинауға арналған стеллаж құрылысы оларды рулон бойынша тиегенде тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

1051. Жабдықты жөндеу жұмыстарын қосылып тұрған индукторда жүргізуге жол берілмейді.

1052. Қарау, тазалау және жөндеу үшін қызмет көрсетуші персоналдың бактарға рұқсаты жүктелім-рұқсатнама бойынша құбырлардан бактерді өшіргеннен, тығындарды орнатқаннан, толық босатқаннан, булағаннан, бактерді желдеткеннен және оттек пен зиян қоспалардың болуына ауа талдауын жасағаннан кейін жүзеге асырылады.

Бактарда қызмет көрсетуші персоналдың жүруі кезінде барлық люктар ашық күйде тұрады. Егер ашық люктар толыққанды бактардың желдетуін қамтамасыз ете алмаса, онда жасанды (мәжбүрлік желдету) желдету жолы қолданылады.

Бак ішінде жұмыстарды орындау кезінде 12 Вольттен аспайтын кернеудегі жарылысқауіпсіз орындалған шамдарды пайдаланылады. Шамдардың бак сыртында қосылады мен ажыратылады.

1053. Пештерді жөндеу кезінде форсункаларға жанармай келетін құбырлар бактардан ысырма және тығындармен айырылып, отын қалдықтарынан босатылады.

1054. Қозғалтқыштың сермерлері олардың айналуы үшін механикалық құрылғыларымен жабдықталады. Сермерлердің айналуы үшін сүймендер мен жүккөтергіш құрылғыларын пайдалануға болмайды.

1055. Негізгі қозғалтқыштың қосылуы мен тоқтатылуы станның барлық жұмыс орындар мен оның қосымша агрегаттарында естілетін сәйкес дабылдан кейін жүргізіледі. Құбырилектеу стандарының қосылу құрылғылары ұзақтығы белгіленген дыбыстық дабылмен бөгеттелген. Қосу туралы дабыл бере алдында шебер немесе аға білікші станды, қоршаулар мен қорғағыш құрылғыларды ақаулыққа тексереді.

1056. Құбырларды илектеу және тігу барысында олардыі қозғалып кету және шығып кету мүмкіндіктерінен сақтау үшін өткізгіштер мен сызғыштар бекітіледі. Өткізгіш пен сызғыштарды бекітілуі және ауыстырылуы илектің аяқталуынан кейін және стан толықтай тоқтатылғаннан кейін жүргізіледі.

1057. Біліктер арасындағы саңылауларды және калибрлерін, өткізгіш жағдайларын тексеру технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі. Біліктер арасындағы саңылауларды және калибрлерін, өткізгіш жағдайларын станның илектеу жұмысыкезінде тексеру білік айналуына қарсы бағытта жасалуына рұқсат етіледі. Текесу уақытында металл илегі тоқтатылады.

1058. Құбырлардың параметрлерін стан қосылып тұрған кездегі өлшеу жұмыстары өлшеу құрылғыларын пайдалану арқылы қашықтықтан жүргізіледі.

1059. Пышқы іске қосылып тұратын аймақтағы жаяу жүру жолдары қорғаныш экрандарымен қоршалады. Пышқы дисктері қорғаныш және дыбысоқшаулағыш қаптамалармен жабылады. Дисктер ауысым сайын тексеріліп, шытынау пайда болғвн кезде ауыстырылып отырады. Дискті дәнекерлеуге және ақауланған тістері бап дисктермен жұмыс істеуге жол берілмейді. Пышқылардың құрылымы дисктердің қауіпсіз ауыстырылуын қамтамасыз етеді. Дайындамалар мен құбырлардың ыстықтай және суықтай кесуге арналған пышқыларын пайдалануға жол берілмейді.

1060. Майжертөлелері өртті анықтау мен өшірудің автоматты құрылғыларымен жабдықталады және өрт-күзет дабылдары жүйелерімен жасақталады.

1061. Автоматты түрде станның жұмысы кезіндегі жеке механизмдердің қосылу арасындағы уақыт шектеуі стан науашасынан гильзалардың апатты шығуы болуына жол бермейді.

1062. Стандарда осьтік берілуі бар гильзаларды тігуде өзектерді ұстауға арналған тіректері, жиекқұрсауы ролик тіректерінің тіреуіштерімен ұсталып тұратындай етіліп реттелген.

1063. Біліктерде қыстырылап қалған дайындамаларды тігу станынан ұрып шығаруға, жиекқұрсауды тегістеу кезінде тіреуіш мойынтірегі көмегімен гильзадан өзекті алуға жол берілмейді.

1064. Қисайған өзекпен жұмыс жасауға, станның жұмысы кезінде алдыңғы шеткі жақта тұрған өзек үстінен өтуге, тігу барысында гильза үстінен өтуге жол берілмейді.

1065. Механизмдерді жөндеу жұмыстары, реттеуі және қалыпқа келтірілуі стан тоқтатылған кезінде жүргізіледі.

1066. Пилигримді станның айналшықтары арқылы ауыспалы көпір құрылғыларына жол берілмейді.

1067. Құбырларды ыстық күйінде престеу кезінде дөңгелектеу машинасының мойынтірегі астынан отқабыршықты жинау машинаның тоқтауы кезінде жүргізіледі.

1068. Дистрибьютер тұтқасын престі тоқтату кезінде бекітіп қою керек.

1069. Гидрожүйелерде шығу мен ақаулардың анықталуы кезінде престегі жұмыс тоқтатылады. Вертикаль престің алдыңғы жағында сақтандырғыш қалқаншасынсыз жұмыс істеге жол берілмейді.

1070. Көлденең престің фундементі мен престі фундаментке бекіту құрылғылары жиі тексеріліп отыруға жатады. Анықталған ақаулар жойылады.

1071. Стан біліктерін таспаның қозғалысы кезінде тазалауға жол берілмейді.

1072. Ваннада үзіліп кету жағдайында таспаның ұштарын біріктіру штаттық құрылғылар көмегімен жүргізіледі.

1073. Құбырларды созу барысында жұмысшылардың сүйретпе станы люнетінің шығу жағында тұруға және құбырды қолмен ұстап тұруына жол берілмейді.

1074. Станның жұмысы кезінде дөңгеленіп жатқан құбырға қарсы тұруға және құбыр қабырғасының өлшеуіне жол берілмейді.

1075. Құбырлар салынған пакеттерді тұзды және сілті балқымалары ванналарының үстінен тасымалдауға жол берілмейді.

1076. Ваннаны қышқылмен толтыру технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі. Зарарсыздандыру ваннасына қышқыл ваннаға алдын ала су толтырылғаннан кейін беріледі. Бір мезетте қышқылдар мен регенерацияланған қышқылдарды ваннаға әкелуге және пайдаланылған зарарсыздандыру ерітінділерін ваннадан төгуге жол берілмейді. Пайдаланылған ерітінділер арнайы канализациялар жүйелерімен тазарту құрылғыларына жіберіледі.

1077. Майсыздандыру ерітінділерінің құрамын тікелей жұмыс ваннасында ерітінділердің қатты компоненттерімен өңдеуге жол берілмейді. Ваннадағы ерітінділердің өңделуі жеке ыдыста даярланған концентрацияланған ерітіндімен жүргізіледі.

1078. Тозаңдану материалдарын сақтау орындарынан пайдалану орындарына жеткізу жабық технологиялық ыдыстарда (қораптар, контейнерлер) немесе пневмакөлікпен іске асырылады .

1079. Ұнтақтау бөлмелерендегі көмір тозаңының жиналу мөлшері тәуліктік қажеттілік мөлшерінен астауы тиіс. Тозаң температурасы +50оС жоғары емес қарастырылады.

1080. Құбырларды татқа қарсы қаптау бөлмелеріндегі және жарылу қаупі бар материалдарды сақтау орындарындағы татқа қарсы ерітінділерді даярлауға арналған техникалық құрылғылар өртжарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

1081. Құбырларды тотқа қарсы қаптау бөлімдері бөлмелері мен құбырларды қаптаудың сыртқы және ішкі алаңдары жобалық құжатқа сәйкес өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады.

1082. Дұрыс престе сына немесе ішпектерді бекітуде қалыптар түріндегі төсеніштерді пайдалануға жол берілмейді.

1083. Құбырлардың сыртқы ақауларын шабу мен отпен тазалау участоктары персоналды металл ұшқындарынан қорғау үшін экранмен қоршалады.

1084. Сынақты жүргізу барысында сынақты жүргізу құрылғыларының жанында адамдардың жүруіне жол берілмейді. Сынақ кезінде құрылғыларға келетін жолдар алынатын қоршаулармен жабылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет