Қара, түсті, бағалы металдар балқымаларын және осы металдардың негізінде алынатын қорытпаларды өндіру бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары


Коксохимия өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті



бет8/12
Дата12.06.2016
өлшемі1.25 Mb.
#130646
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

19. Коксохимия өндірісіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті

қамтамасыз ету тәртібі
1228. Газ желілері мен құрылғылардың сиретіліп жұмыс жасауына жол берілмейді. Тек технологиялық регламентте қарастырылған желілер мен құрылғылардан басқа.

1229. Буландыру және оңды қысымды сақтау үшін газ құбырларына жәберілетін бу технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

Осы Қағидада айтылған жағдайлардан басқа жағдайда, ашық отпен герметикалықты тексеруге жол берілмейді. жүргізілмейді.

1230. Қабылдау бункерлерінің ғимаратына локомотивтердің кіруіне жол берілмейді. Тұйық соңына вагондарды беру кезінде локомотивтердің маневрлік жұмыстарын вагондардан немесе платформалардан жабындының бар болуы кезінде жүргізуге жол беріледі.

1231. Қабылдау бункерлерін көмір қалдықтарынан тазалау жоғарғы жақтан жүргізіледі.

1232. Көмір және шаң бункерлерін, көмір мұнараларын тазалау жүктелім – рұқсатнама бойынша орындалады.

1233. Цех бөлімдері мен телімдері телефон байланысымен, ал орталықтандырылған басқару жоқ болған жағдайда екіжақты дыбыс немесе жарық дабылымен жарықталады.

1234. Бункерлер мен өзге сыйымдылықтардағы көмірдің, шихтаның өздігінен тұтануының алдын алу үшін оларды түсіру кезектілігі сақталады. Сыйымдылықтарды тазалау технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

1235. Ашық қатқабаттарда көмірдің тұтануы кезінде өрт ошақтары (ұясы) грейферлермен немесе скреперлермен жиналады, осылайша ошақтарды судың шашыранды ағысымен салқындатуға жол беріледі. Бункерлерде немесе жабық қоймаларда көмір жанған кезде оларды өрт сөндірумен бір уақытта түсіру жүргізіледі.

Жанған көмірді бункерлерден түсіру кезінде пневмоопырылым жүйесін қосуға жол берілмейді.

Жанып жатқан көмірді сөндіру шашыранды сумен немесе бумен жүргізіледі. Өздігінен жанған көмір сөндірілгеннен және салқындатылғаннан кейін пайдалануға жатады.

1236. Локомотивтердің көмірлерді жібітуге арналған секцияларға кіруіне жол берілмейді.

1237. Адамдардың көмірлерді жібітуге арналған гараж секцияларына оның жұмыс істеуі кезінде кіруіне жол берілмейді.

1238. Жібітуге арналған гараж секцияларындағы жөндеу жұмыстары оны пайдалану кезіндегі жүктелім - рұқсатнама бойынша орындалады.

1239. Көмір байыту фабрикаларында реагенттерді пайдалану технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

1240. Кептіру трактысын тексеру және кептіру атанағының ішкі құрылғыларын тазарту жүктелім - рұқсатнама бойынша орындалады.

1241. Жарамсыз бақылау - өлшеу аппаратурасы және газ жолдары мен шаңтұтқыштарындағы жарамсыз қорғағыш клапандар кезінде кептіру қондырғыларын жұмысқа қосуға жол берілмейді.

1242. Бу-газ қоспасындағы оттектің құрамы технологиялық регламентте көзделген нормалардан жоғары болған кезде газ кептіру қондырғыларын пайдалануға жол берілмейді.

1243. Көмірдің кез келген маркасы үшін технологиялық регламентте жарылысқауіпті газдарды қалыптастыра отырып, көмір тозаңының термиялық ыдырауына жол бермейтін кептіру агентінің (түтін газдарының ауамен қоспасы) шекті температурасы белгіленіп көрсетіледі.

1244. Газ кептіру қондырғылары жарылғыш клапандарының жай-күйін тексеруді қызмет көрсететін қызметкерлер құрамы тексеру нәтижелерін жедел журналына енгізе отырып, ауысым сайын жүргізеді.

1245. Көмір тозаңын жабдықтан жинау ауысымда кемінде бір рет жүргізіледі, осылайша тозаңның өлшенген күйге ауысу мүмкіндігіне жол берілмейді.

Көмір дайындаудың барлық үй-жайларында көмір тозаңын жинау және жою ауысым сайын жүргізіледі.

1246. Кокс пештерін жылыту үшін газ құбырларын, арматура мен жабдықты қабылдау және сынау дайындаушының пайдалану жөнінде басшылығына сәйкес жүргізіледі.

1247. Кокс немесе аралас (кокс немесе домна) газдарының кокс пештері үлестіруші газ құбырларын жұмысқа қосу, үрлеу технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

1248. Кокс және пекококс пештерін жылытуды іске қосуға және тоқтатуға технологиялық регламент әзірленеді.

1249. Кокс пештерін қалауда жылыту арматурасын, регенераторлар мен газ таратқыш каналдарды тазалау және жөндеу мынадай талаптарды сақтай отырып жүргізіледі:

1) кокс газымен қыздыру кезінде үлестіруші газ құбырынан жылыту аралық қабырғасына енгізуге дейінгі телімде арматураны тазалау, тексеру және жөндеу, корнюрлер мен дюзді каналдарды (кокс газын төменнен беру пештерінде) тазалау және жөндеу, диафрагмалар мен реттеу өзектерін ауыстыру бөгеткіш кранды жапқаннан кейін және қос бағытты кранды көмкеру механизмінен өшіргеннен кейін жүргізіледі.

2) домна газымен қыздыру кезінде домна газы үшін газ-ауа клапандарын және көмкеру крандарын тазарту реттеу (бекітпе) клапаны жабылғаннан кейін жүргізіледі, бұған қоса клапандарды тазарту олар төмен түсетін ағында жұмыс ісеген кезде жүзеге асырылады;

3) кокс және домна газдарымен қыздыру кезінде көмкеру және қос бағытты крандарды тазарту жетекші иінтіректі көмкеру кранынан ажыратқаннан кейін манжетті тығынның көмегімен жүргізіледі.

Жоғарыда баяндалған жұмыстарды көмкеру уақытында жүргізуге жол берілмейді.

Қызмет көрсететін алаңда орналасқан газ таратқыш каналды тазарту және жөндеу кезінде бөгеткіш кранның маңында «Қосуға болмайды, адамдар жұмыс істеп жатыр!» атты ескерту плакаты ілінеді.

1250. Кокс батареяларын қыздыру үшін газды қосқан кезде мыналарға жол берілмейді:

1) бір мезгілде бірнеше батареяларды қосуға;

2) блоктың қалған батареяларын қыздырудың газ-ауа клапандарының қисайтуын жүргізуге.

1251. Жылыту газының қызмет көрсететін үңгі жолдарға және пешкөмейлерге кемуінің алдын алу үшін мыналарды тексеру жүргізіледі:

1) кокс газымен қыздыру кезінде – газ құбырлары штуцерлерінің, бөгеткіш және көмкеру крандарының, графиттенсіздендіру құрылғыларының ауасы үшін клапандар қақпақтарының герметикалығын, арматураның қалаумен бірігу тығыздығын;

2) домна газымен қыздыру кезінде - газ құбырлары штуцерлерінің, газ-ауа клапандарының, бөгеткіш және көмкеру крандары мен клапандарының герметикалығын, клапандардың регенераторлар мен пешкөмейлерге қосылуын;

3) конденсатбұрғыштардың, оларды жеткізетін құбыржолдар мен арматураның жұмысы мен герметикалығын.

1252. Қисайту уақытында графиттенсіздендіру құрылғыларының ауасына арналған клапандарға тікелей жақындықта тұруға жол берілмейді.

1253. Газ-ауа клапандары мен газ регенераторларындағы сұйылтуды тексеру технлогиялық регламентке сәйкес мерзімді жүргізіледі.

1254. Кокс пештерін қыздыруды және кокс газын соруды тоқтату кезінде, газ құбырларын домна немесе кокс газымен үрлеу кезінде коксты беру тоқтатылады, қызмет көрсететін үңгі жолдарда және пештердің кокс блоктарының газ жолдарында оттық және авариялық жұмыстарды жүргізуге жол берілмейді.

Қыздыруды тоқтату және қосу, газды бір түрден екіншіге ауыстыру технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

Кокс батареяларын қыздыруды кокс газынан домна газына ауыстыруға тәуліктің күндізгі уақытында жол беріледі.

1255. Түтін құбырының тартуы жоқ болған жағдайларда кокс пештерін қыздыру тоқтатылады, қызмет көрсететін қызметкерлер құрамы батареялар үй-жайларынан шығарылады және қызмет көрсету үңгі жолдарының және оларға іргелес өзге де үй-жайлардың желдетуін күшейту шаралары қабылданады. Бұл жағдайларда газдан қорғау аппаратурасыз және газқұтқарушылар жоқ болған жағдайда қызмет көрсету үңгі жолдарына кіруге жол берілмейді.

1256. Кокс машиналары жұмыс істеген кезде:

1) машиналардың кабиналарында бөгде тұлғалардың;

2) көмір тиеу вагонының жоғарғы алаңында ол жылжыған мезетте және пештерге тиеу кезінде;

3) есігі алынғыш машинаны жылжыту, коксты беру троллеяларында кернеудің бар болуы кезінде есігі алынғыш машинаның төбесінде;

4) электровоздың қозғалысы кезінде оның баспалдақтарында және алаңында тұруға жол берілмейді.

Электртехникалық қызметкерлер құрамын қоспағанда, қызметкерлер құрамының есігі алынғыш машинаның токалғыш құрылғысына кіруіне жол бермес үшін оның төбесіне кіру құлыппен бекітіледі.

1257. Кокс батареясының барлық ұзындығы бойынша және көмір мұнараларының астында тиеу вагондары мен жабдықтың арасындағы өту жолдары бос болып ұсталады.

Көмір тиеу машинасы мен ұстындар немесе көмір мұнарасының қабырғасы арасында еркін өту жолын қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда көмір мұнарасы арқылы өту мүмкіндігі жоқ екендігі туралы ескертетін дабыл құрылғыларын орната отырып, көмір мұнарасының сыртқы жағынан айналма алаңдар көзделіп отыр.

1258. Тиеу люктерін графиттен тазарту жабық есіктер және ашық тікқұбырлар кезінде коксты пештен бермес бұрын құрал-сайманмен жүргізіледі.

1259. Сөндіру вагонының жолдарын жөндеу және қолмен тазалау электровоз троллеяларынан кернеуді алып тастай отырып, жұмыстарды жүргізу қауіпсіздігін қамтамасыз ететін тұлғалардың бақылауымен коксты беруді тоқтату кезінде жүргізіледі.

1260. Сөндіру мұнарасының суару жүйесін тазарту және жөндеу жабдықталған қозғалмалы арбашамен немесе сорғыларды өшіре отырып, электровоздарды қоректендіретін троллейлік желіден кернеуді алып тастай отырып, сөндіру вагонында алаңның көмегімен күндізгі уақытта жүргізіледі.

1261. Екі электровоздың бір рампада жұмыс істеуі кезінде оларды жылжыту реті технологиялық регламентпен белгіленеді.

Төңгершектік шұңқырдағы барлық жұмыстар бирка жүйесі туралы қағиданың талаптарын сақтай отырып жүргізіледі.

1262. Кокс машиналарының түйістіргіш аспап беттерінің кіру есіктері құлыппен бекітілген және оператор кабинасына шығарылған олардың ашылуы туралы бұғаттаумен немесе дабылмен жарақталады.

1263. Шаңды жинау ауысым сайын жүргізіледі.

1264. Сөндірілмеген кокстың кесектерін рампадан конвейерлік таспаға түсіруге жол берілмейді. Қосымша сөндіру технологиялық регламентпен белгіленген тәртіпте рампада қамтамасыз етіледі.

1265. Пекококсті пештердің есіктерін майлаудың жай-күйіне бақылау белгіленеді. Айқындалған тығызсыздықтар ерітіндімен бітеледі.

1266. Пекококсты пештерді пайдалану кезінде мыналарға жол берілмейді:

1) тікқұбырларды коксті бергенге дейін 20 минут бұрын ашуға;

2) қарқынды газ бөліну кезінде келте құбырларды алуға немесе ауа люгін ашуға.

1267. Ыдыстан шайырды беруде технологиялық регламентте көзделген мөлшерден аспайтын ыдыстағы қысымды қадағалау керек.

1268. Пекококсты пештерді тиеу кезінде мыналарға жол берілмейді:

1) тікқұбырды ашуға;

2) камерадағы пектің берілген деңгейінен асуға.

1269. Пектің жылыту жүйесіне есіктерді майлау және қалау арқылы ағып кетуі кезінде, пек лақтырындысының және қызмет көрсететін қызметкерлер құрамының күйіп қалу қауіпіне әкелетін пек құбыры мен тиеу құрылғылары герметкалығының бұзылуы кезінде пештерді тиеуге жол берілмейді.

1270. Пештерді тиеу кокстеу камерасындағы пектің деңгейін бақылауды қамтамасыз ете отырып жүргізіледі.

1271. Пекококсті пештерді және пекті тиеу телімдерін жөндеу және оларға қызмет көрсету, сыйымдылықтарды пектен, пек шайырынан және дистилляттан тазарту жөнінде жұмыстар жүктелім-рұқстанама бойынша жүзеге асырылады.

1272. Жарылыс қауіпті сұйық химиялық өнімдерді тиеу және түсіру жүргізілетін кіру теміржол жолдары рельстерінің түйіспелерінде тиеу пунктісінен екі жақтан электроқшаулау түйіспелері орнатылады. Екінші электроқшаулау түйіспелері локомотивтерден, жабынды платформалардан және теміржол цистерналарынан тұратын құрамның ұзындығынан асатын қашықтықта орнатылады.

Екінші электроқшаулау түйіспесінің электр потенциалының жоқ болуын бақылау қалыпты пайдалану кезінде құрастырудан немесе жолды әрбір жөндеуден кейін жылына екі рет жүргізіледі.

Химиялық цехтар аумағындағы кіру орындарында қауіпсіздік белгілері орнатылады.

1273. Қызмет көрсететін қызметкерлер құрамы жұмыс істеп тұрған жабдық пен құбыр жолдардың көзбен шола тексеруін ауысым сайын жүргізеді. Жабдық пен құбыр жолдарды герметикалыққа тексеру жоспарлау-алдын алу жөндеулер кестесі бойынша жүргізіледі.

Өшірілген аппаратттарға, резервуарларға және құбыр жолдары мен газ құбырларына қадағалау жүзеге асырылады. Оларды өшіру және жұмыстан шығару тәртібі, қадағалауды қамтамасыз ету технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

1274. Теміржол цистерналарынан қышқыл мен сілтіні ағызу, оларды қоймаларға және қысымды бактарға беру цистерналарда артық қысымды қалыптастырмай-ақ айдап қотару сорғылары көмегімен жүзеге асырылады.

1275. Тез тұтанатын және улы өнімдерді айдап қотару кезінде тікелей сыйымдылықтарда кез келген жұмыстарды өндіруге жол берілмейді. Теміржол цистерналарында оларды тиеу және түсіру кезінде қызмет көрсететін қызметкерлер құрамының тұруына цистерналардағы өнім деңгейін тексеру үшін ғана жол беріледі.

1276. Төсеу материалы ретінде қышқыл ерітінділер үшін аппараттарда және құбыржолдарда қышқылтұрақтылық материалдар пайдаланылады.

1277. Тез тұтанатын және жарылысқауіпті өнімдері бар (шикі бензол, бензолды ректификациялау өнімдері) цистерналарды тиеу (түсіру) кезінде барлық стационарлық тиеу-түсіру құрылғылары, ағызу құбыры мен цистерналар жерге оқшауландырылуы тиіс.

Өнімдерді еркін құлайтын ағыспен беруді жүзеге асыруға жол берілмейді. Төгу құрылғысының ұштығы түсті металдан орындалады және қисық қиылумен аяқталады.

1278. Тез тұтанатын сұйықтықтарды сыйымдылықтарға беру үшін құбыржолдарды енгізу төгу құбыржолының деңгейінен төмен орналасады. Тез тұтанатын сұйықтықтары бар сыйымдылықтарды толтыруға және босатуға арналған құбыржолдар тіреулерде төселіп бекітіледі.

1279. Сығылған ауаның көмегімен шикі бензолды, рективикация өнімдерін, пиридинитті негіздерді және өзге де тез тұтанатын өнімдерді тасымалдауға және араластыруға жол берілмейді.

1280. Өндіріс қалдықтары мен өнімдерін канализацияға тастауға жол берілмейді.

1281. Техникалық құрылғыларды пайдалану тәртібі технологиялық регламенттің талаптарына сәйкес келеді.

1282. Барлық технологиялық аппараттарға нөмірлер түсіріледі. Нөмірлер технологиялық сұлба аппараттарының нөмірлеріне сәйкес келеді.

1283. Технологиялық аппараттар мен ыдыстарды толтыру деңгейі бақыланады. Бұғаттаудың қолданыстағы жүйесі барынша рұқсат етілген деңгейге қол жеткізу кезінде аппаратқа сұйық өнімдердің түсуіне жол бермейді.

1284. Зерделенбеген физикалық-химиялық қасиеттері бар өнімдерді қайта өңдеуге және реактивтерді қолдануға жол берілмейді.

1285. Химиялық өнімдерді аулау цехтарының машина бөлімі жалпы зауыт байланысынан басқа кокс цехымен, газ арттыру станциясымен (газды тұтынушы цехымен) және өндіріс диспетчерімен тікелей телефон байланысымен жарақталады.

1286. Кокс газының сықағышын іске қосу және тоқтату туралы машина бөлімінің қызмет көрсететін қызметкерлер құрамы өндіріс диспетчерін, кокс цехының, бу қазан және газды тұтынушы цехтың газ арттыру станциясының инженерлік-техникалық жұмыскерлерін хабардар етеді.

1287. Машина бөлімі толық тоқтатылғаннан кейін кокс газының сықағышын іске қосу технологиялық регламентке сәйкес кокс цехының сықағыштарды іске қосуға дайындығы кезінде және аулау цехының сықағыштарды бумен қыздырғаннан және газбен үрлегеннен кейін газды қабылдауға дайындығы кезінде жүргізіледі.

Технологиялық регламентпен белгіленген сықағыштар айналымының шекті санын арттыруға жол берілмейді.

1288. Сықағыштардан және оларға іргелес газ құбырлары телімдерінен конденсатты (шайыр, шайыр үстіндегі су) конденсатбұрғыштар арқылы бұру ағынды үзбей-ақ тұрақты ұсталады және пайдаланушы қызметкерлер құрамы оны жұмыс ауысымы барысында бақылайды.

1289. Турбина айналымдарының шекті рұқсат етілген санын бақылайтын қауіпсіздіктің реттелмеген автоматымен бу турбинасының жұмыс істеуіне жол берілмейді.

1290. Газ құбырлары мен аппараттардың саңылаулары арқылы газдың үй-жайға немесе сыртқа жарылуы жағдайында газ қысымын соруды төмендету жолымен азайту, мүмкіндік болса герметикалығы бұзылған телімдерді өшіру керек. Бір мезгілде авариялық тарпа желдеді қосып, үй-жайдың табиғи желдетілуін күшейту қажет (үй-жайдағы барлық ойықтарды ашу қажет), тығыздығының бұзылуын жою шараларын қабылдау қажет.

1291. Коксті газдағы оттектің құрамы 1 % астам болмауы тиіс. Газдағы оттектің құрамы артылған жағдайда газ жүйесіне ауаның сорылуына әкелген себептерді айқындау және жою шаралары қабылданады. Коксті газдағы оттектің құрамын бақылау автоматты түрде орындалады, оттек құрамының көтерілуі туралы жарық және дыбыс дабылы бар.

Сору газ құбырында бақылау талдауын жүргізуге газ сынамасын алу үшін бір тығындамадан артық ашуға болмайды.

1292. Кокс газын тазарту электрсүзгілерін пайдалану технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

1293. Сатураторларға қышқылды беру үшін немесе сатураторлардан ерітіндіні беру үшін сығылған ауаны пайдалануға жол берілмейді.

1294. Центрифугаларда тұзды шаю үшін және сатуратор астауын жуу үшін шайыр суын қолдануға жол берілмейді.

1295. Сатураторлар астындағы қазаншұңқырлардағы аналық ерітіндіні шығаруға жол берілмейді.

1296. Сатураторлар жұмыс істеген кезде ерітіндіні сатуратордан сорғымен алынатын ерітіндінің көлеміндегі ерітінді әрбір сатураторға қайтарылады.

1297. Шоғырландырылған аммиакты су бөлімдеріндегі қарау фонарьлары мен диссоциаторлардың құбырлары ауысымда кемінде бір рет буландырылады.

1298. Аулау цехтарында өлшеуіштер мен өнімдер қоймасын ашық күйде ұстауға жол берілмейді. Қалыптасқан саңылаулар арқылы аппараттар мен құбыржолдардан газдар мен булар шыққанда байқау фонарьларындағы ақаулы шыналары бар немесе конденсаторлар мен тұтқыштардың қоқырсыған ауа желісі бар аппараттарда жұмыс істеуге жол берілмейді.

1299. Фенолсыздандыру скрубберін жөндеуге тоқтату технологиялық регламентке сәйкес жүзеге асырылады.

1300. Фенолсыздандыру скрубберін пайдалану кезінде мыналарға жол берілмейді:

1) ашық дроссельді клапан кезінде желдетуді қосуға;

2) жұмыс істеп тұрған скрубберге онда ажыратуды қалыптастырмас үшін суық суды немесе суық феноляттарды беруге;

3) скруббердің гидробекітпесінде кранды жабуға.

1301. Металл саптамасы бар бензольды скрубберлерді жөндеу технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

1302. Коксті газдың шығының бақылау скрубберлердің әрбір кезегінде жүзеге асырылады.

1303. Ауысымда кемінде бір рет аппаратура мен газ құбырларынан гидробекітпелерге, конденсатбұрғыштарға ағызындылар тексеріледі және гидробекітпелерге және олардан ағызындылар желілерін буландыру жүргізіледі.

1304. Химиялық өнімдерді ауалау цехтары техникалық құрылғыларын іске қосу және тоқтату технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

1305. Газ аппараттарының қосылуы немесе өшірілуі туралы газ сыққағыштарының машинисі хабардар етіледі және бұл туралы сықағыштар жұмысының журналында жазу жазылады.

1306. Құбырлы пештердегі жаңарғыларды жағу газ аппаратурасының герметикалығын, оттықты желдетуді (үрлеуді) тексеруді және оттық кеңістігінен онда жанғыш заттардың құрамына ауа талдауын алуды көздейтін технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі. Сынамада жанғыш заттар бар болғанда олар толық жойылғанға дейін жаңарғыларды жағуға жол берілмейді. Оттықтарды жандыру ауысым шеберінің қатысуымен жүзеге асырылады.

1307. Құбырлы пештің майлы иректүтігі құбырларынан ағызынды айқындалған жағдайда кокс газын беру тоқтатылады да бу пештің оттығына беріледі, сонымен қатар сіңіргіш майды иректүтіктерге беру де тоқтатылады. Иректүтіктер босатылады да оларға бу беріледі.

1308. Құбырлы пешке сіңіргіш майды беру тоқтатылған жағдайда коксті газды оттыққа беру автоматты түрде тоқтатылады.

1309. Шайырды қайта айдау ыдысы немесе құбырлы пеш жөндеуге тоқтатылса, газды жаңарғыларға жеткізетін газ құбырларында өшіру бітеуіштері орнатылады.

1310. Өнімдер мен материалөткізгіштерді буландыру қайта айдау алдында және содан кейін жүргізіледі.

1311. Буды құбыржолдар мен аппараттарды буландыруға бермес бұрын бу конденсатын жою үшін алдымен бу құбыры үрленеді.

1312. Аппараттар мен құбыржолдарды буландыру үшін буды беру өшіру арматурасын (ысырмаларды) баяу ашқан кезде жүргізіледі.

Аппараттар мен сыйымдылықтарды буландырмас бұрын құбыржолдар өткізу қабілетіне, өндіріс өнімдерінің ықтимал түзілімдерінің жоқ болуы тексеріледі.

1313. Қысым астындағы құбыржолдарда олардың герметикалығының бұзылуына әкелетін жұмыстарды орындауға жол берілмейді.

1314. Атанақты кристаллизатордың (салқындатқыш) жұмыс істеу кезінде кристалдарды кесетін пышақты атанаққа жақындатуға жол берілмейді.

1315. Нафталинді бункерлер, науашалар мен конвейерлер ұшқын бермейтін құрал-сайманмен тазаланады.

1316. Астау нафталинді фракциямен толтырылған кезде вакуум-сүзгілерді жұмысқа қосуға жол берілмейді.

1317. Шайырды ыдыстардан және шайыр сөндіргіштерден өздігінен ағу орын алмаған жағдайда алуға будын қысымымен немесе айдап қотару сорғысымен жүргізуге жол беріледі. Бұл мақсат үшін сығылған ауаны пайдалануға жол берілмейді.

1318. Пекті дистиляциялаудың үздіксіз агрегатын іске қосқанда өнімді суы бар іске қосқыш резервуарға түсіруге жол берілмейді.

1319. Пекті ыдыстан шығару технологиялық регламентке сәйкес жарамды қорғағыш клапандар, кубтағы жарамды тиектік крандар, жарамды манометрлер, таза шайыр құбырлары, пек желілеріндегі жарамды тиектік крандар, пек сөндіргіштерде бос орынның болуы және оларда судын жоқ болуы жағдайында жүргізіледі.

1320. Пекті қысымды бактарға және араластырғыштарға оларда су мен май болған жағдайда лак пен арнайы өңдеуден өткен шайырды дайындау үшін тиеуге жол берілмейді.

1321. Газды жақпас бұрын кубтар мен құбырлы пештердің оттықтары технологиялық регламентке сәйкес желдетіледі.

Ретурбендтердің, кубтардың және құбырлы пештер оттықтарының камераларына өрт сөндіру үшін буды әкелу көзделіп отыр.

1322. Цистерналарға пекті тиеу және түсіру ағызу және құю пункттерінде жүргізіледі. Құю пункттері цистерналарға құюдың шекті деңгейінің дабыл бергіштерімен жабдықталады. Ағызу пункттері цистерналарды жылыту құралдарымен жабдықталады.

Цистернадағы өнім деңгейін ұзындығы кемінде 3 метр ағаш сызғышымен өлшеуге жол беріледі.

1323. Құю, ағызу алдында цистернаны тежеу башмактарымен немесе кідіріс тежеуімен бекіту қажет, цистерна мен құю (ағызу) құрылғысы жерге қосылады.

1324. Ағызу (құю) кезінде балқытылған пек үшін цистерналарды пайдалану, жөндеу, ағызуға (құюға) дайындау, оған қызмет көрсету технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

1325. Фтальды ангидрид цехтарының техникалық құрылғыларына қызмет көрсету, оларды тексеру, тазарту және жөндеу жұмыстары технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

Дербес оттек оқшаулау аппараты жұмыс орнында ұсталады.

1326. Жөндеулер жүргізгенде жұмыс аймағының ауасында нафталиннің, фтальды және малеин ангидридінің булары бар болған жағдайда жұмыстар оқшаулау респираторларымен ғана жүргізіледі.

1327. Құбыржолдардағы тығындарды қыздыру үшін ашық отты пайдалануға жол берілмейді. Бұл мақсатта ыстық су мен бу пайдаланылады.

1328. Бу құбырларының ыстық беттеріне, конденсациялық құмыраға және өзге де жабдыққа технологиялық өнімдердің ықтимал түсуіне жол берілмейді.

1329. Ауыр бензолды хлорлы алюминиймен полимеризациялау жүргізілетін үй-жайларда бөгде тұлғалардың болуына жол берілмейді.

1330. Вакуумды кубтарда сұйықтық деңгейін өлшеу және оның сынамасын алу вакууммен жүргізіледі.

1331. Жұмыс істемейтін желдету кезінде шайырды тарата құю және салқындату конвейерлерін жұмысқа қосуға жол берілмейді.

1332. Инден-кумаронды және стеролды-инденді шайырларды қаптарға буып-түю кезінде жұмысшылар тиісті жеке қорғаныс құраладарын пайдаланады.

1333. Қызмет көрсететін қызметкерлер құрамына жұмыс аймағы ауасындағы зиян заттар құрамының шекті рұқсат етілетін шоғырланудан аспауын қамтамасыз ететін желдетудің жұмыс істеп тұрған жүйесі кезінде цех үй-жайында тұруына жол беріледі.

1334. Ыдысты жуу, пиридинді және хинолинді өнімдерді тарата құю орындары жұмыс аймағына зиян заттардың бөлінуіне жол бермейтін құрылғылармен жабдықталады.

Бұл орындарда зиян заттардың шоғырлануы рұқсат етілгеннен жоғары болғанда жұмыстарды газқұтқарушының қатысуымен оттек оқшаулау аппараттарын қолданатын кемінде екі жұмысшы жүргізеді.

1335. Пиридинді өніммен толтырылатын ыдыс жергілікті сорудың ауа өткізгішіне қосылады. Ыдыстың шекті толу мөлшері 90 % аспауы тиіс.

1336. Пиридинді және хинолинді өнімдермен толтырылған ыдыстарды (бөшкелер) сақтау, тасымалдау, тиеу және түсіру кезінде тікелей күн сәулелерінен және жергілікті қыздырылудан қорғалады, олардың құлауына, соқтығуына және бұзылуына жол берілмейді.

Бөшкелерге «Улы» және «Өртқауіпті» атты жазбалар жазылады.

1337. Пиридинді және хинолинді өнімдер кездейсоқ төгілген жағдайда төгілу себебі жойылып, өнімдерді жинау жүргізіледі. Жинауды оттек оқшаулау аппараттарын пайдалана отырып орындау қажет.

Көрсетілген жұмыстар газқұтқарушылардың бақылауымен жүргізіледі.

Жинау басталмас бұрын пиридинді негіздер күкірт қышқылының 15 – 20%-дық ерітіндісімен бейтараптанылады (пиридин сульфатына қосу қажет). Жинау аяқталғаннан кейін төгілу орны көп мөлшердегі сумен жуылады. Жинаудың барлық уақыты ішінде үй-жай желдетіледі.

1338. Пиридинді өнімдерге арналған технологиялық аппараттар, ыдыстар және коммуникациялар тоттануға төзімді материалдардан орындалады.

1339. Ашық біркелкілендіргіштер мен аэротенктер астында жөндеу және басқа да жұмыстар жүктелім-рұқсатнама бойынша жүргізіледі.

1340. Биохимиялық тазарту қондырғыларына қызмет көрсету бойынша жұмыстар тиісті жеке қорғаныс құралдарын пайдалана отырып жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет