Қара, түсті, бағалы металдар балқымаларын және осы металдардың негізінде алынатын қорытпаларды өндіру бойынша қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары


Ферроқорытпа өндірісінде өнеркәсіптік қауіпсіздігін



бет7/12
Дата12.06.2016
өлшемі1.25 Mb.
#130646
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

17. Ферроқорытпа өндірісінде өнеркәсіптік қауіпсіздігін

қамтамасыз ету тәртібі
1085. Көрік алдындағы және электрод алаңдарындағы ферроқорыту пештерінің жұмыс алаңдары едендері электрөткізгіштіксіз болып жасалады және құрғақ болуы қадағаланады.

1086. Суыту жүйелерінен судың ағыу болған жағдайда балқыту агрегаттарын пайдалануға жол берілмейді.

1087. Қауіпісіздік бөгеттерінің, дабыл жүйелерінің және агрегаттардың және жабдықтардың апатқа қарсы қорғанысы жағдайларын тексеру және тексеру нәтижелерін рәсімдеу тәртібі технологиялық регламентте белгіленеді.

1088. Құйма ыдысы бар арбаларды енгізу және шығару кезінде қорғалмаған жол жиегінде және керілмері тростың жанында жұмысшылар 5 метрден кем емес жерде болуы керек. Арбаның қозғалысы металл мен қождың шетінен төгіліп кетуіне жол бермейтін баяу, бірқалыпты орындалады.

1089. Шихта материалдары қоймаларына қождалған ыстық қалдықтарды кіргізуге жол берілмейді.

1090. Төңгершек (скип) шұңқырының есігі оны ашқан кезде жүкшығыр жетегін сөндіретіндей жабылады және бөгеткімен қамтамасыз етіледі. Кіру есіктері үстіне қызмет көрсетуге қатысы жоқ адамдарға төңгершек шұңқырларына кіруге тыйым салынған плакаттар ілінеді. Төңгершік шұңқыры негізгі негізгі көтерудің апатты ажыратқышымен жабдықталған.

1091. Ұнтақтарды қолмен жинау кезінде жұмыстар технологиялық регламент талаптарына сәйкес жүргізіледі.

1092. Төңгершік көтергішінің жұмысы кезінде адамдардың еңіс көпірінде, төңгершік шұңқырында, қабылдау бункері мен еңіс көпірінің (локалды бөлігінде) жұмысшылардың жүруіне жол берілмейді.

1093. Бөлмеде газ бөліну салдары бар күйдіру пешінің жиналуындағы ақау жойылады.

1094. Материал мен жабдықтарды жұмыс алаңына әперуге арналған аралық тетіктері жеңіл алынатын қоршаулармен жабдықталады.

1095. Пештің жұмыс алаңында апатты ажыратудың құрылғысы орнатылады.

1096. Электрпештерінде үнемі қаптамалардың ақауларын (шытынау мен күйіп кету) анықтау үшін бақылау жүргізіледі.

1097. Электрпешінің қаптамасы жерге қосылады.

1098. Электродтарды ауыстыру механизмі гидравликалық жетегінен майдың ағуына жол берілмейді.

1099. Ферроқорыту пештерінің өздігінен жанатын электродтарды ұзарту және қайта қосу бойынша, тежеу таспаларының дәнекерленуі және электродты массаны тиеу кезіндегі жұмыстарын кренеуді айырмай жүргізуге болады.

1100. Летканың күйдірілуі диэлектрлік материалдан жасалған құрғақ алаңдарда (тұғырық) жүргізіледі.

1101. Летканы бөліктеуге арналған металл шыбықтары құрғақтықта сақталады.

1102. Электрпешті қосу мен ажырату кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі технологиялық регламентте белгіленеді.

1103. Пешті қосар алдында барлық алаңдардағы жұмысшылар дыбыстық дабылмен ескертіліп, алаңнан қауіпсіз орынға аластатылады.

Пешке қызмет көрсететін персоналға ток жүктемесін ажыратусыз пешті өшіруге қауіпті өндірістік фактор туындаған кезде жол беріледі.

1104. Электрпешіндегі жұмыстарды атқаруда қолданылатын металл құралдардың барлығы немесе оқшаулау тұғырығында жұмысшылар жасайтын жұмыстар жерге қосылады.

1105. Электрод сынықтарын жинау пештің өшірілуі кезінде жүргізіледі.

1106. Жабық кенді қалпына келтіргіш пештерінің газдарындағы сутегінің жеткілікті мөлшері балқытылатын балқымаға байланысты жобалық құжаттамамен белгіленеді.

Пеш газында сутегі мөлшерінің асып кетуі жағдайында пеш сөндіріледі.

1107. Жабық кенді қалпына келтіргіш пештерінің газдарындағы сутегінің мөлшерінің 1 % асу кезінде 2-3 миллиметрден (су бағаны) кем емес қысымның мөлшеріне жол беріледі. Оттегі мөлшерінің 2 % асуы кезінде оның мөлшерінің асуына әкелген себептерді жою үшін пеш сөндіріледі.

1108. Жабық кенді қалпына келтіру пеші дөңес астындағы кеңістік қысымы және температурасы электрпеш, балқытылған балқыма құрылымына байланысты жобалық құжатнамамен белгіленеді және технологиялық регламентпен реламенттеледі.

Пештің бірікпесі астындағы газ қысымы– оңды. Сутегі және оттегі мөлшері қалыпты газ құрамында жеке өлшеу нүктелерінде жұмыс жасауға болады. Осы орайда,пеш бірікпесі астындағы температура 600 ºС кем болмауы тиіс.

1109. Жабық және герметикалық пештердің газ қайтару трактары газды тазалау немесе электрпештеріндегі қалқаншаларында тіркелген газдарындағы сутегі мен оттегі мөлшерін қадағалайтын жеделәсереткіш құрылғылармен жабдықталады.

1110. Пеш астында орналасқан жабдықтың қарауы мен жөндеу жұмыстары электр пешінің көтеріліп тұруы жағдайында тіреу көмегімен жасалған қосымша бекіту кезінде жүргізіледі.

1111. Индуктордың түтікшелері салқындату суының жұмыс қысымы 1,5 еседен кем емес гидравликалық қысымда беріктік пен тығыздылыққа тексеріледі.

1112. Шихта материалдарын дозалау және оларды алюминий ұнтағы мен селитрамен араластыру кезінде металтермикалық цехтарда жеке үй-жайлар көзделеді.

Аталған технологиялық операцияларды жеке бөлмелерде орындау мүмкіндігі жоқ болған кезде жарылуға қауіпті тозаң жиналуының алдын алатын шаралар қарастырылады.

1113. Жұмыс алаңына берілетін ферроқорытпалар құрғатылады. Дайын қферроқорытпаларды сақтау бункерлерде жүзеге асырылады. Сонымен бірге қоспаларды пешке қосу үшін, дәл солай ферроқорытпаларды тікелей шөмішке беру үшін пештің артқы жағына мульда сияқты берілу мүмкіндігі көзделген.

1114. Ферроқорытпаларды бункерге тиеу және оларды пештен беру механикаландырылған тәсілмен орындалады.

1115. Ферробалқымаларды өндіру кезінде келесі қоспаларды қолдануға жол берілмейді:

1) жану процесі (үрдісі) жарылысқа айналса;

2) өздігінен тұтанып кету қасиеттері бар және жану процесінің үлесті жылуы 50 кДж/моль болса;

3) механикалық әрекеттерге (соқыларға) сезімталдықтары 19,6 Дж, одан да кіші, ал белсенді құрамы -9,8 Дж және одан да кем болған кезде.

1116. Жарылыс қаупін тудыратын тезтұтанғыш ұнтақты материалдар мен қоспалардың сақталуы мен өндірісі А және Б санатты өндірісіндегі бөлмелерде, ал тезтұтанғыш ұнтақты материалдар мен қоспалар – А,Б, В санатты өндіріс бөлмелерінде.

1117. Материалдарды бөлу мен ұнтақтау жүргізілетін металлотермикалық цех бөлмелерінде жиі қабырғадан, төбеден және құрылғылардан отырып қалған шаң жиналып отырады.

Тазалауды жиі жүргізу қабаттарында жанып кету қаупін тудыратын мөлшерде шаңның жиналуына жол бермейді.

Шаңды жинаудың жиілігі және тәртібі, осы орайда, қауіпсіздік шаралары технологиялық регламентпен анықталады.

1118. Металлотермикалық цехтарда шихта материалдарын мөлшерлеу және араластыру кезінде келесі талаптар сақталады:

1) мөлшерленетін материалдар құрғақ күйінде сақталады;

2) шихтаны араластыру кезінде шоқ ұшқындарының пайда болуына, араластырғышқа бөгде заттарды түсіп кетуіне жол бермейтін шаралар қолданылады;

3) шихтаны араластырылуы материалдың біркелкі бөлінуін қамтамасыз ететін араластырғыштарда жүргізіледі;

4) шихта материалдарын араластыратын және мөлшерлейтін түйіндер жеке желдеткіш және аспирациондық құрылғылармен жабдықталады.

Шихтаны мөлшерлеу және араластыру түйіндерінде жүргізілетін барлық жөндеу жұмыстары, дәнекерлеуді қоса алғанда, жүктелім-рұқсатнама бойынша оларды шихтан және алюминий тозаңынан тазалағаннан кейін жүргізіледі.

1119. Жарылыс қаупі бар аймақтың пайда болуынан сақтау үшін материалдардың флегматизациясы пайдаланылады.

Тезтұтанғыш ұнтақты материалдардың флегматизация технологиясы және осы үшін пайдаланылатын заттар ұнтақты материалдарды ары қарайғы өңдеу кезінде жарылу қаупі бар аэрозаттардыі пайда болу мүмкіндігін жоққа шығарады.

1120. Құрамында жарылыс қаупі бар аймақты тудыратын белсенді қышқылдандырғыштары және тезтұтанғыш ұнтақты материалдары бар қоспаларды дайындаған кезде араластыру құрылғыларына немесе бункерлерге ең алдымен инертті материалдар немесе қалпына күрдел келтірілетін қышқылдар, одан кейін қышқылдандырғыштар салынады. Аталған компоненттерді араластырғаннан кейін тезтұтанғыш ұнтақты материалдар салынады да, араластырылады.

1121. Құрамында жарылыс қаупі бар аймақты тудыратын белсенді қышқылдандырғыштары және тезтұтанғыш ұнтақты материалдары жоқ қоспаларды дайындаған кезде араластыру құрылғыларына немесе бункерлерге ең алдымен инертті материалдар немесе қышқылдандырғыштар, содан кейін тезтұтанғыш ұнтақты материалдар салынады. Тезтұтанғыш ұнтақты материалдарды салу компоненттерді алдын ала араластырмаса да жүргізуге болады.

1122. Балқыту шахталарының, ожаулар мен құймақалыптардың футеровкасы мен толтырылуы отқа төзімді құрғақ материалдармен жүргізіледі. Ерітінділерді қолданған кезде футеровкалар кептіріледі.

1123. Тұтандырғыш қоспалардың массасы мен олардың құрамы технологиялық регламентте белгіленеді.

1124. Дайын болған тұтандырғыш қоспа жеке жабық бөлмеде шоқ шығу қаупінен сақталып жасалған, ылғалды жібермейтін металл жәшіктерде сақталады.

Тұтандырғыш қоспаларды дайындау және араластыру шоқтанбайтын металл ыдыста, шоқтанбайтын ағаш немесе металл сайманымен жасалады. Дайындалған тұтандырғыш қоспаның мөлшері ауысымдық сұраныстан аспайды. Тұтандырғыш қоспаны шоқтанбайтын металл ыдыста немесе тығыз қағаз пакеттерінде тасымалдайды.

1125. Балқымамен шихта камерадан шығару кезінде және оны тасымалдағанда құю және суыту орындарында адамдардың 10 метрге жақын қашықтықта жүрулеріне жол берілмейді.

1126. Қолданылмаған шихт материалдары шоқтанбайтын жабық ыдыстарда қауіпсіз жерлерде сақталады. Оларды пайдалану мүмкіндігі туындамаса, олар технологиялық регламентке сәйкес жойылады.

1127. Өртжарылысқа қауіпті шихт материалдары бар бункерлерді электркөпірлік кран троллеялары астында сақтауға жол берілмейді. Аталған материалдармен жұмыс жасаған кезде шоқ бермейтін құрал пайдаланылады.

1128. Металды конвертерге құю және оны пайдалану мына жағдайда жол берілмейді:

1) арматурлық қабат пайда болғанша конвертер футеровкасының тозуы;

2) мойыншық футеровкасында қақтың болуында;

3) еңістік механизмдерінің ақаулары кезінде;

4) газды тазалау және қағып алу жүйелерінің ақаулары кезінде;

5) оттек шығыны мен қысымын көрсететін оттекөткізгіштің, арматура және құрылғылардың ақаулары кезінде;

1129. Үрлеу үшін конвертерді еңкейту және балқыманы құяр алдына дыбыстық және жарықты дабыл беріледі.

1130. Формалық тетіктің немесе футеровканың күйіп кетуі кезінде үрлеу тоқтатылып, қалған металл ағызылып тасталынады.

1131. Үрлеу кезінде қызмет көрсетуші персонал қауіпті аймақ сыртында болады.

1132. Оттекөткізгіштің және олардың арматураларының фланцты бірікпелерін қысым астында тартуға жол берілмейді.

1133. Орнатар алдында фурма, қолданар алдында құбіршектер мен түтікшелер майсыздандырылады. Ауаны немесе суды жіберу үшін оттек құбіршектерін пайдалануға жол берілмейді.

1134. Қалпынакелтіргішті балқыту ыдысына құю алдында дыбыстық дабыл беріледі.

Балқымалардың араластырылуы жүретін участок процесті жүргізу уақытында қосылатын жарықтық табломен жабдықталады.

1135. Балқыманың көбіршіктеніп кетуі кезінде қалпынакелтіргіш пен қатты күйдегі шихтаны балқымаға құюды біртіндеп құю жылдамдығын азайтумен тоқтату керек.

1136. Қалпынакелтіргішті құйып болғаннан кейін балқымадан газ бөлінуі тоқтағанша үзіліс керек.

1137. Балқыту кезінде араластыру түйіні маңайында адамдардың жүруіне жол берілмейді.

1138. Сұйық қалпынакелтіргіші бар ожаудың қаптамасы қызарып кеткен жағдайда балқытуды жүргізуге жол берілмейді.

1139. Ылғалды өндірістік роцестер жүретін бөлмелерде, жылдың суық кездерінде 16 ºС градустан төмен емес, қалыпты температура қамтамасыз етіледі.

1140. Агрессивті сұйықтықтарға арналған барлық ыдыс аппаратуралары жоғарғы деңгейлі дабылмен және сұйықтықты жеткізуді автоматты түрде тоқтататын құрылғылармен жабдықталады.

1141. Улы ерітінділермен жұмыс жасағанда еденге шашырау мен төгілудің алдын алу шаралары қолданылады. Улы ерітінділердің төгілу жағдайларында жинақтағыш арқылы вакуумды сорғышпен тазалау жүргізіледі, еден су ағынымен жуылады.

1142. Күкірт қышқылы ерітінділерін даярлау кезінде алдымен су одан кейін қышқыл құйылады. Қоспаны даярлау кезінде күкірт қышқылын ең соңында құяды.

1143. Апаратты және электролиз ванналарын сумен толтыруға байланысты температурасы 80-100 ºС қосымша суды беру үшін, ағынды қақпақ штуцері арқылы немесе «айна» астымен баяу жүргізеді.

1144. Агрессивті және улы ерітінділерінің шығу жағдайларында аппараттар мен құбырларды қолдануға жол берілмейді.

1145. Оттекөткізгіштерін, реакторларды, сорғыштарды қарау және жөндеу жұмыстары, қызмет көрсетуші персоналмен құбырлардағы бекітпе арматураларын ашу жеке қорғану құралдарын пайдалану арқылы жүргізіледі. (көзілдірік, қолғап).

1146. Аппараттардың, ыдыстардың (реакторлар, жинақтар) ішкі қарауы, тазалауы мен жөндеуі технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

1147. Каустик, хромды ангидрид және т.б. заттармен толтырылған металл ыдыстарын сору желдеткішімен жабдықталған оқшауланған камерада арнайы құрылғылармен немесе стендте ашады.

1148. Трифостат, каустикті, кальцийленген соданы ашық түрде бөлшектеуге жол берілмейді.

1149. Электролиз ванналары және шинаөткізгіштер жерден оқшауланады, ал электролитке арналған жинақты бактар жерге қосылады.

Шинаөткізгіштерде тоқ шығуын ескертетін дабылы бар оқшауды баұылайтын құрылғы қарастырылады.

1150. Электр шыншырының үзілуімен байланысты электр доғасының пайда болуы кезінде кернеуді алғанша электролиз ванналарына жақындауға жол берілмейді.

Құю ыдыстарын футеровкасы, кептіру және жөндеу жұмыстары технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

1151. Көлемін ұлғайту үшін ожауларды ұзартуға жол берілмейді.

1152. Құю ыдыстарының жағдайына, қарау тәртібі мен нормаларының сақталуының бақылауы технологиялық регламентте қарастырылған.

1153. Ожаудағы қожға қоқыс немесе ылғалды толықтыру материалдарды тиеуге жол берілмейді. Қожды қоюландыру үшін металды құю орындарында немесе горндарда құрғақ материалдар болады.

1154. Металды құю барысында метал құю аймақтарында басқа жұмыстарды жүргізуге, аталған жұмысқа қатысы жоқ адамдардың жүруіне жол берілмейді.

1155. Рафинатталған феррохром құймакесектерін тиеу биік шеттері бар платформаларға немесе қораптарға жүргізіледі немесе қалқада орнатылған жай қораптарға тиеледі.

Құймакесектерді дайын өнімдер қоймаларына жіберу олардың толық суыған кезінде жүргізіледі.

1156. Құймакесектерді, ожауларды немесе науашаларды түйіршіктеу бактарында суытуға жол берілмейді.

1157. Ожау ішінде сұйық қож немесе металдың болуы кезінде қожды гарниссаждарды шығаруға жол берілмейді.

1158. Ғимараттан тыс, эстакадаларда орналасқан ферробалқымаларды құюға арналған конвейерлі машиналар отқа төзімді материалдан жасалған конвейердің бүкіл ұзындығына қалқаймамен жабдықталған.

1159. Аударғыштағы ожауды орнату немесе шешу құю машинасы операторының белгісімен орындалады. Ожауды әперу кезінде аударғыш құрылғысы бар камерада адамдардың жүруіне жол берілмейді.

1160. Металды құю алдында құю машинасының операторы аударғыш құрылғысындағы кран бекіткілерінің беріктігіне көзін жеткізеді.

Бар тетіктерді, жарықтарды және басқа ақауларды қармау үшін шөміш тіреуішін пайдалануға жол берілмейді.

1161. Әк ерітіндісі форсункаларының тазалануы сорғыш сөндірілген кезде жүргізіледі.

1162. Металды ақаулы науашаларға құюға жол берілмейді. Науашалардың жарамдылығына бақылау белгіленеді.

1163. Сутегі бөлу арқылы сумен белсенді қатынасқа түсетін ферробалқымаларды түйіршіктеуге жол берілмейді.

Түйіршектелу мүмкін ферроқорытпа номенклатурасы технологиялық регламентпен анықталады.

1164. Ферросициля мен ферросиликохромды түйіршіктеуге арналған түйіршіктеу құрылғылары ожаудағы металды ағызу үшін аударғыш құрылғыларымен жабдықталады.

Аударғыш құрылғысы ожау еңкеюуі шектемесімен жабдықталады.

1165. Силикомарганец және көміртекті феррохром, ферросицилияны түйіршіктегенде 45% қабылдау арқылы электрокөпірілік кран көмегімен рұқсат етіледі.

Ожау арқылы қабылдағышқа феррохромды құю тәртібі технологиялық регламентте белгіленеді.

Толып кету жағдайларына феррохром қабылдағыштары ыдысқа балқыманы ағызатын қосымша ағызбалы науашалармен жабдықталған.

1166. Аударғыш құрылғылар су қысымының қажетті мөлшерден төмендеуі кезінде автоматты түрде түйіршіктеуді тоқтататын бөгеткілермен жабдықталады.

1167. Металды түйіршіктеу алдында аударғыш құрылғының, ағызу науашасы мен форсунканың жағдайы тексеріледі.

Қабылдағыш құрғақ материал-құммен, үйіршіктелген металмен толықтырылады.

1168. Металды түйіршіктеу процесі кезінде персоналдың 10 метр радиуста жақын болуына жол берілмейді.

1169. Су қысмының қалыпты мөлшерден төмендеген немесе судың келуі тоқтатылған кезде металды түйіршіктеуді тоқтату керек, ал феррохромды түйіршіктеу кезінде бақыманы қасындағы ыдысқа ағызып тастау керек.

1170. Бутобой құрылғылары металл сынықтарының ұшуынын қорғайтын қорғаныс қоршауларымен жабдықталады. Бутобойларды дыбысоқшаулағыш камераларға орнатады.

1171. Бутобойдың қалпы мен жұмысын тексеру ағаштан немесе түсті металдан жасалған қашау тұғырығында жүргізіледі.

1172. Жұмыс аяқталғаннан кейін, жөндеу және ревизия уақыты кезінде бутобой ауа магистралінен ажыратылып, қысым түсіріледі.

1173. Ферробалқымаларды бөлшектеу кезінде, ұсақтау агрегаттарынан шаңды тазарту шаралары қарастырылады. Өйткені, ферробалқыма тозаңдары пирофорлық қасиеттерге ие, сондықтан өлшенген жағдайда ол жарылысқа қауіпті немесе өртке қауіпті қасиеттері бар (силикокальций, ферросиликомагний модификаторлары, ферротитан, кристалды кремний, ферромарганец, металл марганец, жоғары пайызды ферросицилий ).

Аспирационды құрылғылардың ауажібергіш құрылымы оның ішінде шаң жиналуына жол бермейді.

Силиокальций және магниймен ферросилиция модификаторлары үшін ұсақтағыш агрегаттарының аспирационды қондырығылары жарылыстан қорғалған орындаумен орындалады және жарылғыш клапан сақтандырғышы және сутекті тастау үшін шырақпен, сутектің құрамын бақылауға арналған қадағамен жабдықталады.

Аталған балқымаларды бөлшектеу өртжарылыс қауіпті аймақтың пайда болуының (инертті газ, флегматизация, микрокапсуландыру) алдын алатын шараларды қолдану арқылы жүргізіледі.

1174. Ұнтақтағыштың тиеу алаңында, оның лотоктарында, қабылдау конусында ылғалдың болуы кезінде кальций карбидін бөлшектеуге жол берілмейді.

1175. Диірменнің жұмысы кезінде тарту бөлмесінде барлық есіктер жабылып, ескертуші жарық таблолары қосылады.

1176. Ұнтақтарды тасымалдау өздігінен түсіргіші бар жабық контейнерлерде жүргізіледі. Жинау және төгу кезінде орнатылатын контейнерлер мен алаңдар шоқтануды болдырмайды.

1177. Сумен әрекеттесуші ферробалқымалар сақталатын бөлмелер мен жабдықтар құрғақ тәсілмен тазартылады.

1178. Тарту бөлмесінде шылым шегуге және ашық отты пайдалануға жол берілмейді. Ашық отты пайдаланумен жасалатын жөндеу жұмыстары жүктелім-рұқсатнама бойынша жүргізіледі.

1179. Ферробалқыма өндірісіндегі ыстық өнімдерге тазалау жүргізуге жол берілмейді.

1180. Металл барабандарға кальций карбидін тиеу кезінде соғылу барысында ұшқын шығармайтын (мыс, жез) құралдары пайдаланылады.

1181. Кальций карбиді сақталатын қоймаларда: «Жарылуға қауіпті», «Отқа қауіпті», деген жазулар қойылады. Қоймалар өрт сөндіру құралдарымен (ұнтақты өртсөндіргіштермен, құрғақ құммен, киізбен) жабдықталады.

1182. Кальций карбиді астынан шыққан бос барабандар шаңнан тазартылып, жеке бөлінген орындарда сақталады.

1183. Вагондардың қарсы есіктері жабылады, ал вагон арасындағы және тиеу рампаларының ашық алаңдар тіреуі бар көпірмен жабылады.Вагон ішін жарықтандыру үшін кернеуі 36 Вольт болатын шамдарды пайдалануға жол беріледі.

1184. Торлы оттыққа қатпаған сұйық бөлігі бар қожды төгуге жол берілмейді.

Шығаруден кейінгі қождың төгілу уақыты, жатып қалған қождардан бункерлерді тазалау өндірісінің жұмыстары технологиялық регламентпен қарастырылады.

1185. Қатып қалған қождан ауа сепараторының ішкі бөліктерін тазалау жұмыстары жүктелім-рұқсатнама бойынша жүргізіледі. Сепараторда жұмыс жасайтын қызмет етуші персонал 12 Вольттен көп емес кернеудегі жарықтандырумен, сақтану құрылғыларын, жеке қорғаныс құралдарын пайдаланады. Сепараторда жұмыс жасап жатқан адамдарға саны екеуден кем емес тұлғамен бақылау жүргізіледі.

1186. Түйіршіктеу құрылғыларының негізгі технологиялық көрсеткіштері мен жұмыс тәртібі жобалау құжаты және технологиялық регламентпен анықталады.

1187. Алюминий ұнтағын шығаратын өндіріс бөлмелерінде ұшқын болу мүмкінідігі жоқ. Аталған бөлмелердің едендері ұшқындаудан сақтайтын материалдардан жасалады.

1188. Конвейерлі галереяларда, бункерлі бөлмелерді, дайын өнім қоймаларында және қаптау бөлімдерінде қолданылатын электржабдықтарының бөлменің класс аймағына, санатына сәйкес орындалады.

1189. Ыдысты сұйық алюминиймен толтыру деңгейіне бақылау қойылады.

1190. Алюминийді тозаңдандыру алдында камера есіктері, конвейерлі галереялар және бункер бөлімдері құлыпқа жабылады. Алдын ала аталған бөлмелерде адамдардың, бөгле заттардың болмауына көз жеткізу қажет. Аталған бөлмелердің кілттері шеберде болады.

1191. Алюминийді тозаңдандыру мен бункерлерден ұнтақты босату бір мезетте жүргуге жол берілмейді.

1192. Желдеткіш және өзге де жабдықтар ақаулы болса, ағудың тығыздалуында ұнтақты босатуға жол берілмейді.

1193. Алюминий ұнтағымен жұмыс жасауда қолданылатын барлық құралдар мен ыдыстар ұшқынды болдырмайтын түсті металдан немесе ағаштан жасалады. Алюминий ұнтақтарын тасымалдау үшін соғылған кезде ұшқын бермейтін конусы түсті металдан жасалған болатты ыдыстарды пайдалануға жол беріледі, сонымен бірге қауғаларды және бункер қылталарын орнатуға арналған алаңдар алюминий беттерімен қапталады.

1194. Қоймада алюминийді сақтау кезінде өртжарылыс қауіпсізідігі талаптары сақталады. Қоймаға алюминий ұнтағының қалдықтары мен сметаларын қабылдауға жол берілмейді.

1195. Алюминий ұнтағының қышқылданыун, өздігінен жанып кету немесе жарылып кетуін болдырмас үшін оны сақтаумен өндіру орындарында ылғалдың болуына жол берілмейді.

1196. Тұтанып кеткен алюминий ұнтағын сөндіру үшін жобалау кезінде қарастырылған өртсөндіргіш құралдар пайдаланылыпи жүргізіледі.

1197. Бункер бөлмелеріндегі, конвейерлі галереялардағы және бөлімдердегі еден мен жабдықтардығы шаңжды тазалау ауысым сайын жасалады, ал қабырға, төбе және металл қүрылғыларынан – аптасына бір рет.

Өндірістік жинау туралы беру және қабылдау журналында жазба орындалады.

1198. Шаңды тазалау барысында алюминийден жасалған швабра мен күректерді қолдануға болады. Металл және жүнді ысқыштарды пайдалануға жол берілмейді. Сумен жуу немесе ылғалды шүберекпен сүртуді құрғақ тазалаудан кейін жүргізуге болады.

1199. Алюминийді тозаңдандыру камерасының шаң мен ыстан тазалануы жүктелім рұқсатнама бойынша жүргізіледі. Осындай жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі технологиялық регламентпен анықталады.

1200. Жөндеу жұмыстарын жүргізу алдында бөлме желдетіледі, ал дәнекерлеуші жұмыстары үшін- сумен жуылады.

1201. Пештерді тазалау мен жөндеу жұмыстары жүктелім-рұқсатнама бойынша жүргізіледі.

18. Балқытуға үшін қара металдардың сынықтары мен қалдықтарын дайындау кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібі
1202. Қоймадағы металл сынықтары қатқабаттарын алу жоғарыдан басталады. Сынықтардың жеке бөліктерін опырылым астынан алуға жол берілмейді.

1203. Бөлшектеуге жіберілетін құймақалыптарды қатқабаттап байлау арқылы жинау керек. Құймакесектерді үш қатардан артық биіктікте жинауға жол берілмейді.

Металл сынықтарының жиналуының ең жоғарғы биіктігі 2,0 метр жүккөтргіш механизмнің жоғарғы жағдайында болады.

1204. Әрбір металл сынықтары партиясы жалпы техникалық талаптарға сай қара түсті металдардың сынығын куәләндіретін құжаттармен расталады.

1205. Металлолом пакеттерін даярлау кезінде олардың ішіне май, су, мұзы бар металл емес заттарды салуға жол берілмейді.

1206. Ұйымда металломның жарылу қаупіне бақылау жасайтын бақылау қызметі құрылып, бақылау тұлғасы тағайындалады.

1207. Қайта өңдеуге түсетін металлоломның әрбір партиясы (қарау, сұрыптау, бөлшектеу, тиеу) немесе шығару, жарылу қауіпсіздігіне тексеріліп, аталған металлоломның жарылу қауіпсіздігін анықтайтын құжаттармен расталады.

1208. Қара түсті металдардың металлолом партиясының жарылу қауіпсіздігі құжаттарында жеткізуші «конвертерлерде пайдалану үшін » деген тиісті жазба түсіреді.

1209. Қауіпсіздендірілген заттарды қоса металлолом келесі талаптарға сәйкес:

1) артилериялық және ату қаруларында атылмай қалған капсюльдердің және жарылғыш заттардың қалдықтарының болуына жол берілмейді;

2) ұшақты, әскери, және зымыранды тезникалар металлоломдары жарылғыш заттардан, майлар мен сұйықтықтардан тазартылады;

3) артиллериялық және ату қаруларының оқпандарында ашық жыралар бар. Ол олардың әскери қолдануына жол бермейді;

4) барлық ыдыс түрлері және қуыс заттар сыртқы қабатын қарауға қолжетімді, (баллондардың мойыншықтары ашық) және майдың, сұйықтықтардың, сусымлы заттардың (қыс кезінде қар мен мұздың) қалдықтарынан тазартылған;

5) қышқылдар немесе өзге де қауіпті заттардан шыққан ыдыстар бейтараптаудан өтеді;

6) жарылу бөлшектеуіне түскен металл массивтері мен «козелдар» жарылу қауіпсіздігі бақылауына жатады.

1210. Жеткізілген металлолом партиясы ішінде жарылу қаупі бар заттардың анықталуы кезінде технологиялық регламентпен қаралған шаралар қолданылады.

1211. Ұшақ, әскери және зымыранды техника металлоломдарының бөлшектенуі, жарылу қаупі бар заттарды залаласыздандыру жұмыстары жоғары қауіпті жұмыстарына жататындықтан оларды бөлшектеу жұмыстары жеке жерде жүргізіледі.

Мұндай сынық пакеттері сақталады және партиялар бойынша жеке тасымалданады.

1212. Әрбір екінші реттік металл қабылдау кезінде радиациялық бақылауға жатады.

Өндірістік үрдісте радиоактивтік заттарды қолданатын ұйымдардан келген екіншілік металдар партиясы дезактивация туралы құжаттармен жөнелтіледі.

1213. Қауіпті заттарды пайдаға асыру, залалсыздандыру, жою жұмыстары технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

1214. Қатқабатта тұрған металлоломды кесуге жол берілмейді. Кесу жұмыстары жұмыс алаңының еденінде жүргізіледі.

1215. Қуысы бар ыдыстар мен заттарды кесу кезінде, олардың қақпақтары мен люктері ашылады, тығындары алынады, ал бітеу қуыстары бұзылады.

1216. Баллоны бар контейнерлер жағада орнатылады немесе кеменің жоғарға палубасында , ұшқын болмайтын аймақта бекітіледі.

1217. Газ құбырларын ажырату кезінде 40 метрден көп емес құбіршектерді (жең) пайдалану көзделген.

1218. Газ – отты жұмыстарын бастар алдында үй-жайларда ұшқыннан жалындап кету қаупі бар жанғыш газдардың, заттардың немесе материалдардың жоқ екеніне көз жеткізу керек және ауа аймағының жағдайын бақылау қажет.

1219. Қайшы операторының жұмыс орнында (қашымен жұмыс жасаудың пульт басқаруы) кесуге мүмкін металды тілудің ең жоғарғы көрсеткішімен кесте ілінген.

1220. Кесілген металдың іріктеуін қайшыны тоқтатып, жүргізу керек.

1221. Қуысты заттарда бөтен заттар мен заттектердің болуына жол берілмейді.

1222. Винтовкалы, пулеметті, қарулық оқпандарды кесуге жол берілмейді, ал аллигаторлық қайшыларда- бұрандалы байланыстарымен металл сынқтары.

1223. Шой балғаның қозғалысы кезінде (көтерілу жәнеи құлау) қызмет көрсетуші персонал ықта тұрады.

1224. Ұру залына қызмет көрсету персоналдарына кіруге рұқсат, шой балғаны тастағаннан кейін 10-15 секунд ішінде беріледі.

1225. Копр тіреуіштерін жүккөтергіш механизмдерді, электр кабельдерін және копр жұмысымен байланысты емес өзге де құрылғыларды созуға және бекітуге жол берілмейді.

1226. Копр құрылғыларының техникалық жағдайының тексерілуі жылына екі рет жүргізіледі. Тексеру қорытындылары құрылғының төлқұүжатына енгізіледі.

1227. Сепарациялы құрылғыларындағы өндірістік қалдықтарынан металлоломды алу технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет