Қарағанды қалалық білім бөлімі Әдістемелік кабинет Теңдеулер тақырыбына арналған алгебрадан есептер жинағы


Өз бетімен шығаруға арналған есептер



бет6/6
Дата24.12.2023
өлшемі73.72 Kb.
#487877
1   2   3   4   5   6
Өз бетімен шығаруға арналған есептер:

  1. Тігін цехына 5000м үш топ ақ мата келіп түсті. Бірінші топтағы мата екіншідегіден үш есе кем, ал үшіншіде барлық матаның 22%-і бар,І топтағы матадан 150 жайма және 240 жастық тысы тігілді. Бір жастық тысына қарағанда бір жаймаға 3,25 м мата артық кетеді. Бір жастық тысына қанша кетеді? Жауабы:1,25м.

  2. Бір бассейнде 200м³ су барда, ал екіншісінде -112 м³ су бар. Бассейндерді толтыру үшін крандарды ашып қойған. Егер екінші бассейнге, біріншіге қарағанда, 22м³ су артық құйылатын болса, неше сағаттан кейін екі бассейндегі су мөлшері бірдей болады? Жауабы: 4 сағ. кейін.Екі күш бір нүктеге тік бұрыш жасай түсірілген. Олардың біреуінің шамасы , екіншісінің шамасынан 4Нартық. Ал тең әсерлі күштің шамасы осы күштер шамаларының қосындысынан 8 Н кем. Әрбір күштің және оларға тең әсерлі күштің шамаларын табыңыздар. Жауабы: 12,16,20Н.

  3. Екі таңбалы санның цифрлары квадраттарының қосындысы 13-ке тең. Егер осы саннан 9- ды шегерсе, онда сол цифрлармен кері тәртіпте жазылған сан шығар еді. Сол санды табыңыздар.

  4. Трактор бригадасы 5/6 жер учаскесін 4 сағ 15 минутта жыртып бітіреді. Бри гада түске дейін 4,5 сағ істеген, содан кейін тағы да 8га жер жыртылмай қалған. Учаскенің ауданы қандай еді? Жауабы: 68га.

  5. Екі селоның арақашықтығы 10км-ге тең. Екі адам селоның бірінен бір мезгілде шығып, екіншіге қарай беттеді.Олардың біріншісі , екіншіге қарағанда 3 км/сағ артық жылдамдықпен жүріп, екінші селоға 3 сағ бұрын жеткен. Әрқайсысы қандай жылдамдықпен жүрген. Жауабы: 2 және 5 км/сағ.




Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Миндюк Н.Г,Баймұханов Б Алгебра
2. Бүкүбаев К.О Теңдеулер мен теңсіздіктер
3. Олехник С.Н Нестандартное методы решения уравнение и неравенств
4. Бородуля И.Т Модуль таңбасы бар теңдеулер
5. Интернетпен жұмыс
6. Электронды оқулықтар

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет