«Қарағанды қаласының білім бөлімі» мм «Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені» кмм



Pdf көрінісі
бет11/117
Дата22.01.2023
өлшемі2.42 Mb.
#468609
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   117
 
Список использованной литературы: 
1. Бек А. «Волоколамское шоссе» Тетралогия.- М.:Худож.лит.,1991. 
2. Нуршаихов А. «Истина и легенда» Вечный диалог/ пер. с каз.яз. 
В.Ермаченкова //А.Нуршаихов. Портреты.- С.377-384 


27 
3. Ахметова З. «Светлые дни».- Алматы: «Алматыкітап» баспасы, 2008.-
254 с.,ил. 
4. Момыш-улы Б. «Наша семья» Повести и рассказы.- А.-А.,1974 
 
ӘЛЕМ ХАЛҚЫНЫҢ ОРТАҚ ПЕРЗЕНТІ 
 
Сейткалиева К.Ж., ағылшын тілі пәні мұғалімі 
Әлихан Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін №76 орта мектебі
 
Халықтық тәжірибе – бүгінге ғана емес, ертеңге де керек қазына. 
Б.Момышұлы 
 
«Рухани 
жаңғыру» 
жалпыұлттық 
бағдарламасының 
жаңа 
компоненттері ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасының цифрлық 
өркениет жағдайында түсінікті әрі сұранысқа ие болуын қамтамасыз ете 
отырып, оны жаңғыртуға мүмкіндік береді. Төл тарихын білетін, 
бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп
сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және 
болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің табысты болуының кепілі 
дегеніміз осы.[1] Бірінші Президентіміздің «Ұлы даланың жеті қыры» атты 
мақаласында көрсетілген осы бір жолдар қазақ халқының даңқын шығарып 
абыройын асырған айтулы ұлдарының бірі-гвардия полковнигі, жазушы, 
Совет Одағының Батыры Бауыржан Момышұлының қалың оқырмандар 
назарына ұсынылған шығармалар жинағын терең зерттеп, «Қанмен 
жазылған кітап», «Ұшқан ұя », «Москва үшін шайқас» деп аталатын 
туындыларды қайта бір зерделеп, тарихқа тағы бір көз жүгіртуге себеп 
болатындай. Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, Халық 
Қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы – Бауыржан Момышұлы 1910 
жылдың 24 желтоқсанында Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы 
Мыңбұлақ ауылында туған. 1921 жылы мектеп табалдырығын аттап, 1924 
жылдан бастап Шымкент қаласындағы жетіжылдық мектепте оқыды. 1941 
жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен даңқты генерал-майор 
И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 
316-атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон
полк командирі қызметтерін атқарады. Бауыржан Момышұлы ұрыс 
жүргізу теориясын соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың және 
оны дамытушылардың бірі болды. Ол – әскери педагогика мен әскери 
психологияны байытушы, баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. 
«Қанмен жазылған кітап» туындысы бұрын-соңды оқырман қауымға 
танымал шығарма. «Ұшқан ұя» туындысы Бауыржан Момышұлының орыс 
тілінде «Наша семья» деген атпен жазылған алғашқы көлемді шығармасы 
болатын-ды. Бұл шығарма мазмұны мен көркемдігі жағынан жоғары 
бағаланып, Абай атындағы Қазақстан республикасының мемлекеттік 
сыйлығын алды. Ал «Москва үшін шайқас» деп аталатын туындысы орыс 
және қазақ тілінде жазылған әрі Баукеңнің майдан төрінен оралмай қалған 


28 
қанды 
көйлек 
майдандас 
жауынгерлер 
тағдырын 
суреттеумен 
ерекшеленетін айрықша мәні бар шығармасына айналып үлгерді. Қазақ 
халқының «Ақын елдің еркесі,батыр елдің серкесі» деп ақын мен батырды 
айрықша қастерлейтін дәстүрі бар. Баукеңде осы екі қасиеттің екеуі де бар. 
Ұлы Отан соғысында қазақ халқының ұлттық батырына Бауыржан 
Момышұлы бұлтта ойнаған жасындай Москва түбіндегі шешуші щайқаста 
қапияда ой тапқан, ерен ерлігімен даңқы әлемге жайылып, аты аңызға 
айналған бірегей қолбасшы ретінде танылды. Баукеңнің «Москва үшін 
шайқас» кітабын жазудағы басты мақсатын- атақты «Волокалам тас жолы» 
кітабының авторы А.Бектің Баукеңе арнап жазған өлеңінен көреміз: 
Кейіпкерін пешкі мен ноқаттардай жайылтты, 
Ал мендегі геройлар алға тартпақ тарихты. 
Өр көкірек ақымақ! Үнің неден тарылды! 
Шейіттерді қастерле! Нанға сатпа арыңды! 
Қасиетті құрбандар жанын қиды ар үшін, 
Қойсам деймін ескерткіш, бұл солдаттық парызым! - деген Баукеңнің
айбарлы үнін естігендей боламыз. [2] 
1943 жылы желтоқсан айының соңында Алматыға майданнан 
оралған гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлын Қазақстан 
жұртшылығы құшақ жая зор қуанышпен қарсы алды. Бұған дейін 1941 
жылы Москва түбіндегі қанды шайқастарда теңдесі жоқ ерлігімен бүкіл 
әлемді дүр сілкіндірген 316-атқыштар дивизиясының батальон командирі 
аға лейтенант Бауыржан Момышұлының жан беріп, жан алысқан қанды 
шайқаста көрсеткен бірегей батырлық ерлігі оның есімін аңызға бөлеп, 
даңқ тұғырына көтерген болатын-ды. Қан майданнан жараланып емделуге 
келген батыр ұлын астана жұртшылығы қошеметпен басына көтерді. 
Зиялы топпен, атақты атасы Жамбылмен және майданнан хат арқылы 
хабарласып сырттай танысқан Мұхтар Әуезовпен сұхбаттасады. 
Астанаға 
келген 
атағы 
жерді 
жарған 
батырды 
астана 
жұртшылығының мақтаныш сезімімен қарсы алуы өнер қайраткерлері мен 
ғылым ордаларында дүркірей өткен қайталанбас қызу да қызықты 
кездесулерге ұласып жатты. Мінбеден шешен де шешіле сөйлейтін, терең 
ойлы, ұшқыр пікірлі, дүние танымы мүлде бөлек сезімтал азаматтың 
кездесулерде майдан жаңалықтары туралы айтқан уытты әңгімелерін 
жұртшылық ерекше қызығумен қабылдап, аса жоғары бағалап жатты. 
Оның қан майданда пісіп жетілген ой танымын, өзіндік тума ой-
толғаныстарын келешек ұрпақ үшін хатқа түсіріп алып қалу қажеттілігі 
айрықша сезілді. Бұл жағдайды терең ұғынған көреген жазушы Мұхтар 
Әуезов бұл істі жүзеге асыруға тікелей кірісті. Ел қамын ойлаған азамат 
ағалардың бірін-бірі іштей ұғынып, түсінісуі оларды рухани тұтастыққа 
бастады. Өйткені ұлы жазушы назары Бауыржан Момышұлына Москва 
түбіндегі қанды шайқастарда Отан тағдыры қыл үстінде тұрғанда-ақ түсе 
бастаған болатын-ды. Екі арадағы алғашқы байланыс бір-біріне хат 
жазысып, пікір алысудан бастама алды. Мұның үстіне атақты жазушының 


29 
ұлы майдан шындығы жайлы сол дәуірге сай көркем туынды жазу мақсаты 
да ойда жүретін. 
Ұлы Отан соғысы жөнінде асығыс жазылған көптеген шығармаларға 
көңілі толмай қомақсып жүрген Баукең үлкен жазушының бұл ниетіне 
қатты риза бола отырып, 1942 жылы тамыздың 18 күні жазған хатында: 
«...Отан соғысын тақырып етіп еңбек етемін. Ол ат үсті емес, әдеби 
мағына-мазмұнына терең түсініп, біліп алып бастаймын деген ниетіңіз, 
талабыңыз мені өте қуантады...Сіз сияқты қазақ әдебиетінің полковнигі 
шынында солай етпеуіне болмайды», - деп тебірене жазатыны бар. 
М.Әуезов даңқты 8-гвардиялық дивизия өмірінен драматург 
Ә.Әбішевпен бірігіп, «Намыс гвардиясы», кейін «Ер серігі – сергек ой» 
деген деректі әңгіме жазды. Бұл шығармаларында нақтылы өмір 
шындығын, майданда болып өткен бірегей оқиғаларды негіз етеді. Мұхтар 
Әуезов майданнан оралған Бауыржан Момышұлымен алғаш рет 1943 
жылы тікелей танысып, сый қонақ ретінде шақырылған жерлерде бірге 
болып, Баукең тек атақ-даңқы шыққан батыр ғана емес, терең ойлы
танымы бөлекше өзіндік ой-пікірі бар алғыр да шыншыл азамат екендігін 
мықтап тани түседі. 
М.Әуезов конспектілеген дәптеріне әңгіме-дәрістің мазмұнын ғана 
түсініп қана қоймай, Баукеңнің сырт келбетіне, психологиялық өзекті 
желісіне жіті назар аударып, көзі шалып, көңілі тапқан кейбір 
ерекшеліктеріне дейін арнайы жақша ішіне алып, қағаз бетіне түсіріп, 
жазып алғандардың бәрін ой елегінен қайтара өткізіп, өзіне қажет деген 
тұстарына әр түсті қаламмен белгілер де соғып отырған. Өзі көш бастаған 
ғұлама ғалым білмегенін білуге, тіпті тереңірек ұғынуға ұмтылған жан 
құмарлы-саналы тәлім аларлық үлгі-өнеге десе болғандай. [3] 
Осы ретте Баукеңнің тек Мұхтар Әуезовпен ғана емес, қазақтың ұлы 
ақыны және ойшылы Абай Құнанбаевтың шығармаларымен де тығыз 
байланыста болғанын тілге тиек ету парызымыз. Жазушы Абай 
шығармаларын оқтын-оқтын қайталап оқып, әр оқыған сайын ойға оралған 
соны да тың пікірлерін һашия түрінде Абай кітабының шетіне жазып 
отырған. 1945 жылы Абай кітабына жазылған һашияларында Момышұлы 
ақын мұрасын терең танып қана қоймай, сол мұраны әрі зерттеуші, әрі оны 
тікелей орыс тіліне аударушы ретінде араласатыны бар. Абай кітабына 
жазылған һашияларында көбірек пікір қозғап, молырақ ізденіс тұсы – 
Абайдың орыс классиктерінен аударған шығармаларына байланысты. 
Абай кітабын оқудан туындаған һашияларында айрықша ерекшеленетін 
тұсы да Абайдың Лермонтовтан аударған «Қараңғы түнде тау қалғып» (Из 
Гёте «Горные вершины») деген өлеңін ерекше ден беріп талдауында 
жатыр. Әлемнің үш ақынының, яғни Гете, Лермонтов, Абайдың бірінен 
бірі жарыса аударған аудармашылық өнерінің қайталанбас ерекшелігін, 
ақындық өнер жолындағы бас айналдырар шеберлік жолындағы 
ізденістерін терең талдап, білуге ұмтылған әрекеттер жатыр. [4]


30 
Алмас қылыштай өткір де қайсар батыр Бауыржан даналығымен, 
шешендігімен де танылды. Осынау дара тұлғаның бүкіл саналы ғұмыры, 
ғибратқа толы істері, сөйлеген сөздері, терең мағыналы ойлары әркімнің 
көкейінде. 
Ол 
адамгершіліктің, 
азаматтықтың, 
патриоттықтың, 
имандылықтың символы, көркем бейнесі іспетті. Баукең – әлем халқының 
ортақ перзенті дәрежесіне дейін көтерілген азамат. Жазушы Бауыржанның 
айтар ойы, жазар тақырыбы – соғыс шындығы. Ол өз шығармаларының 
кейіпкері, өзінің образдарымен тұтасып кеткен тұлға. Барлық оқиғалардың 
бел ортасында өзі болғандықтан, автор әңгімені өз атынан айтады. Ол – 
сырт бақылаушы емес, белсенді қатысушы.
Қазақ елі батыр жауынгерлер мен көрнекті жазушыларға бай ел. 
Осындай ұлы тұлғалардың бірі – Бауыржан Момышұлы. Ол екінші 
дүниежүзілік соғыстың даңқты қаһарманы. Бауыржан атамыз Ұлы Отан 
соғысында өзінің еліне, жеріне деген сүйіспеншілігі мен патриоттық 
сезімін айқын жеткізе білді. Батыр Бауыржан тек батырлығымен ғана емес, 
шешендігімен де көзге түсті. Соғыстың ащы шындығы мен елдің мұң-
қайғысын бір шығармаға сыйдырып, оқырманға ұсынды.
Бауыржан 
Момышұлының 
өмір 
жолы, 
сұрапыл 
соғыс 
жылдарындағы жанқиярлық ерлігі, өжеттігі мен өрлігі, алғырлығы мен 
көрегендігі – біле- білгенге ұлы тәрбие, үлкен өнеге мектебі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет