«Қарағанды қаласының білім бөлімі» мм «Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені» кмм



Pdf көрінісі
бет16/117
Дата22.01.2023
өлшемі2.42 Mb.
#468609
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   117
 
List of used literature: 
1. Beck A.A "Volokolamsk Highway" 
2. "Ascent to the Father", written by Bakhytzhan Momyshuly 
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ РУХАНИ МҰРАСЫНДАҒЫ
ЭТНОМӘДЕНИ ДӘСТҮР ЖӘНЕ БАТА БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 


Нұрмағанова Айжан Шаухатқызы, 
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, №9 гимназия
 
Бауыржан Момышұлының дүниежүзілік ерекшеліктер соғыста 
қайталанбас ерлігімен, атағы бүкіл әлем халытарына аңыз болып тараған 
гвардия полковнигі, даңқты жазушы Б. Момышұлының өмір жолы 
ғажайып сырға толы.
Б.Момышұлының әдебиетке араласуы. Ол қазақ және орыс тілдеріде 
бірдей жазып, өз өмірінде көрген білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан 
туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері 
қалың оқушылардың оқитын шығармаларына айналды. 
Б.Момышұлы әдебиетке ерекешелікпен келген екен. Оқырман қауым 
батырды алдымен шығарманың авторы ретінде таныды. Дәлірек айтар 
болсақ, Александр Бектің «Волокаламск тас жолы» повесі арқылы 
танылған болатын. Ол кісі өте қайсар болған. Шындықты жаны сүйетін, 
өтірікшілер мен қорқақтарды жек көретін адам болды. «Момышұлы»
деген тегінің өзі үлкен бір қайсарлықтың арқасында солай аталады. 


42 
Тақырыптың негізгі мәселесіне көшейін. Дана халқымыз
«Жауынменен жер көгереді, батаменен ел көгереді» - дейді. Атадан балаға 
мирасы мол мұралардың ішінде батаның лайықты жоғары орны бар. Бата - 
өсиет пен аманаттың атасы, ұрпақа деген сүйіспеншілік пен махаббатың 
бұлағы. 
Ата-бабамыздан қалған ұшан-теңіз аса құнды баталардың ішінде
Бауыржан атамыздың баталары бір төбе деп айтуға болады. Себебі 
баталары ақиқат пен шындыққа шынайы парасатқа негізделіп, жан-тәнімен 
берілген ықылас үлгісі. Б. Момышұлының халық арасында таралып 
жүрген /1968 жылы «Жазушы баспасынан шыққан ІІ томдық шығармалар 
жинағына енген.»/ батадағы ақ ниетті тілек бас батырдың сенімі мен 
имандылық әлеміне жетелейтін құдыретті күші бар. Б. Момышұлының ел 
ардақтысы болып өсуіне әсер еткен каһармандық ғұмырының бастауы 
болған төрт батаның біріне назар аударайық: 
Жарық дүниге келгеніме екі-үш ай болғанда, шешем мені күн көзіне 
шығарып Имаш атамның алдына әкеліпті: Атам ерте көктем алдында ағаш 
отырғызып жүр екен,
- Атасының қолын ұзартып, қолғабыс беруге келді, - депті шешем 
ізетпен иіліп. Атам еміреніп мені алақанына алыпты. Қолына жас бұтақ 
ұстатып: 
Құрық деп берсем, - құл болма, 
Шыбық деп берсем, - шіл болма. 
Бәрінен де шырағым,
Баяны жоқ ұл болма, - деп келініне қайтарып беріпті екен. Осы 
берілген аталы батаның Бәукең атамыздың батыр, қайсар, данышпан
болуына септігі тиген десек қателеспейміз. 
Я, Алла тағалам! 
Өмір берсең жайлы ғып бергін. 
Дәулет берсең сайлы ғып бергін. 
Еңбегіміз өрісті болсын, 
Қамбамыз астыққа толсын, 
Көсегеміз көгере түсіп, 
Мыңғырған мал өріске толсын. 
Әйел берсең әдепті, 
Жанға тыныш жайлы ғып бергін. 
Келін берсең келісті ғып бер, 
Ағаш берсең жемісті ғып бер. 
Тұлпар берсең шабысты ғып бер... 
Жомарт болсаң осы айтқандарымның барлығын 
Үйіп-төгіп бір-ақ бер! 
Аллаһу акбар! /Бата. Б. Момышұлы. 2 томдық шығармалар жинағы. 
Алматы. «Жазушы» 1968 жыл. 2-ші том.18-бет. / 
Сапарынан соңғы күні Бәукең атамыз жалғыз баласы қаза болған 
қасіретті қарияның бірінің үйінен дәм-тұз татып шықпақшы болады. 


43 
Қанша үйдің дәмін татса, астан кейінгі бата беруді ауыл ағалары атқарады. 
Енді елден аталар алдындағы дәм-тұздің батасын беруді жұрт Бәуекен 
атамыздан өтінеді. Бәуекен сәл ойланады да, термеліп батасын береді. Осы 
мағыналы, өнегелі баталардан кейін өзіне үлгі тұтатын үлкен ой 
түйіндейсің. 
Б.Момышұлының қол бастаған батырлығы мен интеллектуалды ой-
сананың да айтулы еріне айналған даңқы бүкіл Одақ халқы мен күллі әлем 
жұртшылығына тұтас жайылуымен дараланады. 
Мен – анамын, ұстазбын өмір тәжірибем жеткілікті деп есептеймін.
Өзім сияқты аналар, ұстаздар, өскелен ұрпақтың бойында мәдениет, 
адами қасиеттер қалыптастыру мақсатында айтылатын әрі әсерлі, әрі
ойда сақталып қалатындай мәнді мақал-мәтелдер, ақыл-насихат,
өнеге-өсиет Б.Момышұлы шығармаларында табылатынына көзім жетті. 
Біз қоғамның қамын ойлайтын азамат тәрбиелеуіміз керек. Осындай
игі істе біздің таптырмас көмекшіміз осындай ақын-жазушы-
ларымыздың даналығы болып табылады. Өткен замандарда жасаған
серілер мен ақылмандарымыз бізге қалдырған ой-парасат мирасы
даңғыл жол сияқты екен! Біз бұрынғылардың ақыл-кеңесіне құлақ
тоссақ, адаспай, абыржымай, жаңылмай, жаза баспай, арман-
тілегімізге 
неғұрлым 
тезірек 
жетуімізге 
жол 
табылады. 
Б.Момышұлының шығармалары бізді ізгілікке, имандылыққа,
адамгершілікке,
адалдыққа,
еңбексүйгіштікке,
ұлтжандылыққа,
отаншылдыққа тәрбиелейді. Жалпы оқушыларды отансүйгіштікке 
тәрбиелеу ісінде Бауыржан Момышұлы мұрасындағы партиотизмнің 
ғылыми құндылығы мен тәрбиелік мәні жоғары асыл мұра екеніне көзім 
жетті.
Б. Момышұлының пікірі бойынша «Тәлім – тәрбиенің мәні неде? 
Адамның ауыртпалықты, мұқтаждықты және қорқынышты жеңе білу 
қабілетінде. Жеке мақтаныш сезімі еңбекте, тұрмыста ғана емес, ұрыста да 
ерлікке бастайды. Парыз сезімі, адамгершілік – жеке басының, ұлттың, 
Отанның мақтанышы.
Бұл Б. Момышұлының ұрпаққа қалдырған аманаты деп білеміз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет