«Қарағанды қаласының білім бөлімі» мм «Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша кешені» кмм


II бөлім. Тарихи мәлімет: «Бауыржан Момышұлы - жауынгер



Pdf көрінісі
бет90/117
Дата22.01.2023
өлшемі2.42 Mb.
#468609
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   117
II бөлім. Тарихи мәлімет: «Бауыржан Момышұлы - жауынгер, 
қолбасшы 
1-оқушы.
1941 жылдың күзінен - 1945 жылға дейін майданда болды. 207 
рет ұрысқа қатысқан, 5 рет қоршауда жүріп шайқасқан, 2 рет ауыр 
жараланған. Алматыда жасақталған 316- атқыштар дивизиясының 
құрамында болды. 
 
2-оқушы. Аға лейтенант шенінен бастап, батальон командирі ретінде 
соғысып, соғысты полковник шенінде дивизия командирі болып аяқтады. 
Ұлы Отан соғысынан 9 гвардиялық дивизияның командирі болып оралды. 
3-оқушы. Москва түбіндегі шайқаста болып, жауды орасан зор 
қиыншылықтармен жеңе отырып, тойтарыс берген. 1946 жылы 
Москвадағы әскери академияны бітірген тұңғыш қазақ. Бауыржан 
Момышұлы ұрыс кезінде жеңіске бастайтын ұтымды тәсілдерді тауып, 
қолдана білген қолбасшылығымен де дараланады. Батыр қолбасшының 
ұтымды соғыс тактикасы көптеген жауынгерлердің өмірін сақтауға себеп 
болған. 
Мұғалім. Бауыржан Момышұлы ағамыз туралы өлең-жырлармен ары 
қарай сабағымызды жалғастырамыз: 
4-оқушы. Ел аузында аңыз болған есімі 
Атқан оқтай айтқан сөзі кесімді 
Ерге лайық мінезі оның найзағай, 
Ақ боз атпен қолбасы боп көсілді. 
 5-оқушы.
Қалт еткенде естеліктер қалдырып,
 
Қоршау бұзған жауды естен тандырып,
Ер Бауыржан ата есімі рух берген,
Жүректерде жігер отын жандырып. 
6-оқушы. Құптап Қамбар, Алпамыс, Қобыланды, 
Тек өзіңді тең санап тобына алды. 
Ер қаруы - бес қару алтыншы боп
Ерліктің сан артында томы қалды. 
III
 бөлім.
Видеоролик «Тарих Бауыржан ата аузымен...»
 
(Оқушылар Бауыржан Момышұлының өз дауысымен айтқан Отан қорғау 
жайлы пікірін тыңдайды) 
IV
 
бөлім. Бауыржан Момышұлы – жауынгер-жазушы
Мектеп кітапханашысы
көрнекті жазушының жазып қалдырған 
«Офицердің күнделігі» (1952), «Бір түннің тарихы» (1954), «Біздің семья» 
(1956), «Москва үшін шайқас» (1959), «Жауынгердің тұлғасы» (1958), 
«Майдан» (1961), «Майдандағы кездесулер» (1962), «Генерал Панфилов» 
(1963), «Ел басына күн туса» (1970), «Ұшқан ұя» (1975), «Адам қайраты» 
(1981) т.б. кітаптарына шолу жасап, оқушыларды қысқаша мазмұнымен 
таныстырды. Бауыржан Момышұлының қазақ әскери әдебиетінің негізін 
қалаған жауынгер-жазушы екені айтылды.
Б.Момышұлы орыс және қазақ 
тілдерінде бірдей жазады. Оның «Біздің отбасы», «Артымызда Москва», 


180 
«Майдандағы кездесулер» сияқты кітаптары бірнеше шетелдік тілдерге 
аударылып басылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   117




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет