Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы биологиялық химия кафедрасы Нуклеин қышқылдарының құрылысы және қызметі Барлық факультеттің студенттеріне арналған



бет8/9
Дата12.10.2023
өлшемі101.5 Kb.
#480569
1   2   3   4   5   6   7   8   9
LнуклеинKZ

Посттранскрипциялық түрлену. Эукариоттарда мРНҚ гетерогенді ядролық РНҚ құралады (гяРНҚ-біріншілік транскриптат). Ядрода біріншілік транскрипті РНҚ жетілген молекуласына айналдыратын, бірқатар коваленттік түрленулер болады. Біріншілік транскриптің ұзындығы шамамен 30 нуклеотидке жеткен кезде, оның 5`-соңында кэптелу болады. Кэп – бұл 7-ші жағдайда метилденген гуанозин-5`-трифосфаттан тұратын, қалпақ. Кэптің қызметі: мРНҚ 5`-соңын ыдыраудан сақтайды, сплайсингке қатысады, инициацияның рибосомдық факторларымен мРНҚ табу үшін қызмет жасайды. Одан басқа, кэп мРНҚ-ға ядролы-саылаулық комплекстен өтуіне көмектеседі.
мРНҚ-ң біріншілік транскриптінің 3`-соңында арнайы полиА-полимераза ферментімен полиА-кезектескен реті құрылады, ол 100-200 аденил қышқылдарының қалдығынан тұрады. 3`-соңында полиА-кезектесу ретінің болуы ядродан мРНҚ-ң шығуын жеңілдетеді және оның цитоплазмадағы гидролизін баяулатады. тРНҚ және рРНҚ-ң молекулаларында кэп және полиА-кезектескен реті болмайды.
Біріншілік транскрипт генге комплементарлы, экзондары да, сондай-ақ және нитрондары да болады. Біріншілік транскриптен интрондардың кезектескен реті кесіліп тастайды, экзондардың соңы бір бірімен жалғанады; РНҚ-ң мұндай түрленуі сплайсинг деп аталады. Сплайсинг ядрода жүреді, цитоплазмаға жетілген мРНҚ тасымалданады.
Интрондардың кесілу процессі кіші ядролық рибонуклеопротеиндердің (кяРНП) қатысуымен жүреді – сплайсолармен. кяРНП кіші ядролық РНҚ (кяРНҚ) тұрады, оның тізбегі бірнеше протомерлерден тұратын, белоктық тұлға сүйенішімен байланысты. Жекеленген кяРНП комплементарлы принціпіне байланысты біріншілік транскриптегі интрондардың спецификалық кезектескен ретін «таниды». кяРНП интронмен экзонның шекарасында 3`,5`-фосфодиэфирлік байланыстың ыдырау реакциясын және одан кейінгі 2 экзондардың қосылысын трансэстерификациялық реакция жолымен катализдейді, осы процесстен кейін бір экзонның ОН-тобы басқа экзонның бос 5`-фосфатымен байланысады. Бұл процесс кезінде барлық комплекс сплайсосомамен бірге ұсталады.
Сплайсинг аяқталғаннан кейін жетілген мРНҚ біріншілік транскриптен шамамен 4 есеге қысқа болады.
Сонымен, мРНҚ жетілуі келесі этаптардан тұрады:

иРНҚ-ң құрылысы. РНҚ түзу молекуласының 5`-соңында кэп бар, одан кейін алғы кезектескен реті орналасқан, сонан соң жай триплетпен берілген аденин-урацил-гуанин инициация кодоны, оның артынан терминдеуші кодонмен аяқталатын, экзондардан тұратын кодтаушы бөлік (урацил-гуанин-аденин; урацил-урацил-аденин; урацил-аденин-гуанин). 3`-соңында тасымалданбайтын трейлерлік жүйелілік бар, сонан соң 100-200 қалдықтан тұратын, полиаденилдік құйрық. Оның қызметі – бұзылудан сақтау, сондай-ақ иРНҚ-ң ядродан цитоплазмаға өтуін жеңілдетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет