3. Реттеушілік.
Мононуклеотидтер – көптеген негізгі ферменттердің активтілігін реттейді, цАМФ және цГМФ жасушаға көптеген гормондардың әсері кезінде гормондық сигналды беріп тұруға қатысады.
ДНҚ-ң құрылысы және қызметі.
ДНҚ-ы тізбегінің бірінші реттік құрылымы – бұл полинуклеотидтік тізбекте дезоксирибонуклеозидмонофосфаттардың кезектесіп келу реті.
ДНҚ-ң екінші реттік құрылымы оңға оралған спираль тәрізді болып келген, жалпы остің айналасында және бір біріне біршама оралған, антипараллелді жүретін екі полинуклеотидті тізбектен тұрады.
Антипараллельдік жүріс байқатады, яғни - 3` - бір тізбектің соңы 5` - басқа тізбектің соңына және керісінше сәйкес келеді.
Негіздердің қалдықтары спиральдің ішіне бағытталған. Бір орам спиральге 10 жұп негіздер келеді. ДНҚ-ң тізбектері біркелкі емес, олардың нуклеотидтік құрамы әртүрлі, бірақта бір тізбектің бірінші реттік құрылымы басқа тізбектегі нуклеотидтік кезектескен ретін алдын-ала анықтайды, яғни олар бір біріне комплементарлы.
ДНҚ-ң тізбегі комплементарлық негіздер арасында болатын, сутегі байланысымен ұсталып тұрады: екеуі аденин және тимин арасында және үшеуі цитозин және гуанин арасында; сондай-ақ қостізбектік молекулаларының негіздері арасында болатын, гидрофобты әрекеттесулер қосқабатты спиральді тұрақтандырады.
Сондай-ақ нуклеин қышқылдарының үшінші реттік құрылымы бар, олардың кеңістіктік ұйымдасуларымен түсінуге болады.
Нуклеин қышқылдары ағзада бос күйінде емес, нуклеопротеиндердің құрамында кездеседі. ДНҚ-ң әрбір молекуласы жеке хромосомаға оралған. Хромосомалар ДНҚ-ң белгілі бір жүйелілігімен байланысқан, әртүрлі белоктардан тұрады. Эукариоттардың ДНҚ-ен байланысатын барлық белоктарын 2 топқа бөлуге болады: гистондар және гистон емес белоктар. Жасушаның ядролық ДНҚ-ң белоктар комплексін хроматин деп атайды.
Гистондар – бұл кішкене көлемдегі (мол. салмағы шамамен 20 000) құрамында оң зарядталған амин қышқылдары (лизин және аргинин) көп болатын белоктар. Хроматин 5 түрлі гистондарды құрайды: Н2А, Н2В, Н3, Н4 (нуклеосомдық гистондар) және Н1. Қосынды оң заряд оларға ДНҚ-мен мықты байланыста болуына мүмкіншілік жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |