НУКЛЕОТИДТЕРДІҢ АТАУЫ
Азоттық негіздер
|
Нуклеозид
|
Нуклеотид
|
аденин
|
аденозин
|
аденозинмонофосфат (АМФ)
|
гуанин
|
гуанозин
|
гуанозинмонофосфат (ГМФ)
|
урацил
|
уридин
|
уридинмонофосфат (УМФ)
|
тимин
|
тимидин
|
тимидинмонофосфат (ТМФ)
|
цитозин
|
цитидин
|
цитидинмонофосфат (ЦМФ)
|
ТМФ тек қана ДНҚ-да кездеседі, ал УМФ – тек РНҚ-да.
Нуклеин қышқылдарының құрамындағы мононуклеотидтер көрші мононуклеотидтердің пентозасымен өзара фосфор қышқылының қалдығы арқылы 3`,5`- диэфирлік байланыспен байланысады.
МОНОНУКЛЕОТИДТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ.
1. Құрылымдық.
Мононуклеотидтерден нуклеин қышқылдары, кейбір коферменттер және ферменттердің простетикалық топтары құрылған.
2. Энергетикалық.
Мононуклеотидтер макроэргиялық байланысты ұстайды – энергияның аккумуляторы болып табылады. АТФ – бұл энергияның универсалдық аккумуляторы, УТФ энергиясы гликогеннің синтезі үшін қолданылады, ЦТФ – липидтердің синтезі үшін, ГТФ – трансляция кезінде рибосоманың қозғалуы үшін (белоктың биосинтезі).
Достарыңызбен бөлісу: |