ДНҚ спиральін тарқататын белоктар (ДНК-топоизомераза, ДНК-хеликазалар, ДНК-ң қосқабатты спиральін өру үшін АТР энергиясын қолданатын) және ДНҚ бөлінген жіптерін тұрақтандыратын белоктар. Осы белоктардың әсерінің нәтижесінде репликативті айыр пайда болады – ДНҚ бөлігі, осының маңында спираль жеке тізбектерге бөлінген.
Адамдарда ДНҚ-ң молекуласының көлемі өте үлкен, мұндай үлкен молекуланың репликациясы (минутына 50 нуклеотидтік жылдамдық) шамамен 800 сағ. мерзімде жүретін еді. Сондықтан ДНҚ синтезінің инициациясы хромасомалардың бірнеше нүктелерінде болады, оларды репликацияның инициация нүктесі, немесе репликация ориджиндері (origin) деп атайды. Репликация ориджиндері белгілі бір нуклеотидтік кезектескен реті. Эукариоттарда репликация бірлігін репликон деп атайды. Ориджиндерде репликация екі бағытта иницирленеді, яғни келесі репликонмен кездеспейінше, қарама-қарсы бағытқа ауысып отыратын, 2 репликативті айырлар пайда болады.
ДНҚ-полимеразасы жаңа тізбектің синтезін оның бірінші нуклеотидінен бастауға қабілетті емес. Сондықтан ажыратылған ДНҚ-ң екі тізбегінде де репликация праймерлердің синтезінен басталады (РНҚ-ұйытқы). Біртізбектік ұйытқы - ДНҚ-тәуелді РНҚ-полимеразалардың (праймазалар) қатысуымен праймер синтезделеді. Праймер – қысқа полинуклеотид, ДНҚ-ң матрицалық тізбегіне комплементарлы. Ол 3`-соңында өседі.
ДНҚ-полимераза ДНҚ-ң матрицалық тізбегіне және праймерге 3`- праймердің соңғы нуклеотид аймағында жалғасады.
Матрицаға ауыса отырып оның 5`- соңындағы бағытында, «келесісіне» комплементарлы, яғни матрицалық тізбекке, оған нуклеотидтер бірінің соңынан басқасын жалғай отырып, ДНҚ-полимераза ұйытқыны ұзартады.
ДНҚ жаңа тізбегінің синтезі тек қана 5`→3` бағытында өтуі мүмкін. Сонымен, ДНҚ бір тізбегінде үздіксіз «лидерлі» тізбек синтезделеді, ал басқасында қысқа фрагменттер пайда болады – «кешігетін» тізбек. Бұл фрагменттер Оказаки фрагменттері деп аталады. Оказакидің әрбір фрагменті шамамен 100 – 200 нуклеотидтерден тұрады.
Қалыңқыраған тізбектің репликациясы оқтын-оқтын тоқтап, үзіліңкі жүреді. Осы кезеңде белоктардың комплексі, праймасома деп аталатын, полимеразалардың келесі жұмысы үшін праймерлерді дайындайды.
Оказаки фрагменттері пайда болғаннан кейін праймерлер кетеді, фрагменттері ДНҚ-лигазамен тігіледі.
Репликация аяқталғаннан кейін қосспиральді ДНҚ-ң 2 молекуласы пайда болады, олардың әрқайсысы бір аналық және бір жас ДНҚ-дан, қайта синтезделген жіптен тұрады (жартылайконсервативтелген механизм).
ДНҚ-ң молекуласы үнемі әртүрлі өзгерістерге шалдығады, спонтанды, сол сияқты және химиялық қосылыстармен индуцирленген, радиациямен және ультракүлгін сәулемен.
Достарыңызбен бөлісу: |