Гистондық емес белоктар – бұл әртүрлі типтегі реттеуші белоктар, спецификалық жүйеліктегі ДНҚ-мен байланысатын, сондай-ақ матрицалық биосинтездерге қатысатын ферменттер.
ДНҚ-ң екінші реттік құрылымы қаншалықты әлсіз сутекті және гидрофобты байланыспен тұрақтанатындықтан, 80-900 –қа дейін температура жоғарылаған кезде ДНҚ денатураланады (балқиды) және баяу салқындаған кезде ренатуралануға қабілетті.
Денатуралану кезінде ДНҚ-ң қос спиральдік молекуласы жеке тізбектерге бөлінеді. Егерде ДНҚ-ң денатураланған ерітіндісін жайлап салқындатса, онда қайтадан комплементарлы тізбектер арасында әлсіз байланыс пайда болады және бұрынғысына ұқсас (нативті) спиральдік құрылым болып шығуы мүмкін. ДНҚ-ң денатуралануы және ренатуралануы қабілеттілігіне молекулалық гибридтелу әдісі негізделген, оны нуклеин қышқылдарының құрылысын зерттеу үшін қолданады.
Нуклеин қышқылдарын информациялы молекулалар деп атайды, себебі ДНҚ-ғы нуклеотидтердің жүйелілігі жасушадағы барлық белоктардың құрылымын анықтайды.
ДНҚ-ң бөліктері, белгілі бір белоктарды кодтайтын (гендер), матрицалық РНҚ-ң (мРНҚ-ы) полинуклеотидтік тізбек түрінде көшіріледі (транскрибирленеді), сонан соң ол белок синтезі үшін матрица қызметін жасайды. Сонымен, ДНҚ-да жазылған (генотипте), генетикалық хабар жасушаларда фенотиптік белгілердің құрылуларын қамтамасыз етеді, яғни генотип фенотипке тасымалданады. Бұл бағытталған хабарлар ағыны үш түрлі матрицалық синтездерді енгізеді:
ДНК-ы репликациясының жартылайконсервативті механизмі
Энергия көздерінің және құрылыс заттарының ролін орындайтын, дезоксинуклеозидтрифосфаттар синтездің субстраттары болып саналады. ДНК репликациясы үшін әртүрлі белоктардың және ферменттердің көптеген жиынтықтары қажет – репликативті комплекс.
Репликация – матрицалық процесс. Репликация уақытында ДНҚ-ң әрбір 2 тізбегі жаңа тізбек құру үшін матрица қызметін жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |