Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы биологиялық химия кафедрасы Нуклеин қышқылдарының құрылысы және қызметі Барлық факультеттің студенттеріне арналған



бет9/9
Дата12.10.2023
өлшемі101.5 Kb.
#480569
1   2   3   4   5   6   7   8   9
LнуклеинKZ

иРНҚ альтернативті сплайсингі. Кейбір жағдайларда альтернативті сплайсинг және полиаденилдену байқалады, олар біреуінде және сол біріншілік транскрипте әртүрлі белоктардың пайда болуына әкеледі. Сонымен, қалқанша безінің парафолликулалық жасушаларында кальцитионин генінің транскрипциясы кезінде иРНҚ пайда болады, ол кальций иондарының алмасуын реттеуге жауапты, табиғаты белоктық гормондар туралы информацияны ұстайды. Мида сол біріншілік транскрипт сплайсингтің және полиадениденудің басқа вариантына шалдығады, соның нәтижесінде дәм сезуге жауапты, белокты кодтайтын, мРНҚ пайда болады. Альтернативті сплайсинг транскриптелетін гендердің сандарының көптігі үшін жазылған.
иРНҚ тұрақтылығының өзгеруі. Эукариоттардағы иРНҚ-ң өмір сүру жартылай кезеңі бірнеше сағаттан бірнеше күнді құрайды (прокариоттардағы иРНҚ-ң өмір сүру жартылай кезеңі бірнеше минутқа тең), және сол уақытта иРНҚ молекуласының тұрақтылығы фактор болып саналады, оның өзгерісі трансляция деңгейіне әсер етеді. иРНҚ-ң тұрақтылығы транскрипцияның фиксацияланған жылдамдығы үшін оның жинақталуына және түзілген белоктық өнімдердің көлемінің ұлғаюларына әкеледі. Сондай-ақ, сүттену (лактация) кезінде пролактин гормоны казеиндегі иРНҚ-ң өмір сүруінің жартылай кезеңін ұлғайтады – сүттегі негізгі белок.


Қолданылған әдебиеттер:
Негізгі: 1. Сейтембетова А. Ж., Лиходий С. Биологиялық химия., Алматы, «Білім», 1994 ж.
2. Сейітов З. С. Биологиялық химия, Алматы, «Қайнар», 1992 ж.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет