Қарағанды облысының 2008-2010 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болашағы мен жағдайы туралы баяндама Кіріспе



бет4/10
Дата25.02.2016
өлшемі0.7 Mb.
#23458
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Білім беру

Облыста білім беру жүйесін тиімді дамыту үшін жағдай жасалған, жалпы білім беретін мектептердің материалдық-техникалық базасы жақсарған, мектепке дейінгі ұйымдар жүйесі артқан және сақталған.

Облыста 143 барлық меншік түріндегі мектепке дейінгі ұйымдар қызмет етеді, оларда 24,4 мың бала тәрбиеленуде.

Облыста жалпы орта білім беретін оқу орындарының жүйесі тұрақталған: жалпы типтегі 602 күндізгі жалпы білім беретін мектептер мен мектеп-интернаттар, 32 кәсіптік мектеп, 12 колледж, 11 балалар үйі, бес жасөспірімдер үйі, қиын балалар мен жасөспірімдерді психологиялық оңалтудың екі қызметі, 23 мектеп жанындағы интернат бар. Сонымен қатар, облыс аумағында республикалық әскери мектеп-интернат, спорт мектеп-интернаттары мен білім беретін 80 жеке ұйымдар бар.

2005 жылмен салыстырғанда мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдар 3 бірлікк көбейген. Балқаш, Теміртау, қалаларында Абай ауданының Сарепта селосында балалар үйі қалпына келтірілген. Олардың барлығы күрделі жөндеу жасалған бұрынғы балалар үйінің ғимаратына орналасқан. Мектепке дейінгі балалар ұйымындағы балалар саны 2 мыңнан артыққа көбейген

2006 жылы мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер жанындағыц 16 шағын-орталықтардың жұмыстары ұйымдастырылған, оларда 415 бала тәрбиеленуде. Халықтың жалпы санынан мектепке дейінгі оқытумен балаларды қамту 1,85 % имектепке дейінгі ұйымдармен қамтамасыз ету деңгейімен облыстағы 1000 балаға 1,4 бірлікті құрайды.

2007 жылы мемлекеттік бала бақша жүйесі 12 бірлікке көбейеді, оның ішінде 5 қолданысқа енгізілген, қалғандары жыл аяғына дейін ашылатын болады. Балқаш қаласы мен Бұқар жырау ауданындағы Самарканд селосында екі жеке меншік бала бақша қалпына келтірілетін болады. Жаңадан ашылған бала бақшаларда 1885 орын құрылатын болады. Қолданыстағы бақшаларда қосымша орындар ашу жоспарлануда. Осылайша, балалар саны 2068 адамға дейін көбейеді. Сонымен қатар, 2007 жылы 400 орынға 14 шағын-орталық ашу болжамдануда.

Жалпы білім беретін мектептер жүйесі 2005 жылмен салыстырғанда 7 бірлікке азайған. Облыста оқу жылы басталғанда жетерлік оқушылар болмаған селолық жерлердегі шағын бастауыш сыныптарды жабу жүріп жатыр.Жалпы білім беретін мектептердегі оқушылар санының жылдан-жылға азайып бара жатқанын атап өту қажет. Осылайша күндіз оқитын жалпы білім беретін мемлекеттік мектептердегі оқушылар саны 2005 жылдан бері 11,3 мың адамға азайған. Оқушылар санының азайғаны соңғы жылдарда да байқалуда, 2007 жылы оқушылар саны 201,6 мың адамды құрайтын болады, бұл өткен жылғы деңгейден 3,7 мың адамға төмен. Оқушылар санының қысқаруы 90 жылдардың аяғында 2000 жылдардың басындағы бала туу санының азаюына байланысты.

Облыста 34 кәсіптік мектеп пен лицейлер, оның ішінде 2 жеке меншік. 2006 жылы Қарқаралы ауданындағы Егіндібұлақ селосында кәсіптік мектеп ашылған. Қазіргі кезде облыстың барлық аудандары мен қалаларында кәсіптік мектеп бар, Осакаров пен Нұра аудандарында филиалдары жұмыс істейді.

Кәсіптік мектептерде 48 мамандық бойынша дайындық жүріп жатыр. Бастапқы кәсіптік оқытумен 12,27 мың оқушы қамтылған (2005 жылы 12,07 мың адам).

Облыста 45 колледж жұмыс істейді, оның ішінде 18 мемлекеттік және 27 мемлекетік емес, 8 колледж жоғары оқу орындарының құрылымдық бөлімшелері болып табылады, оның 3 мемлекеттік.

Колледждер жүйесі соңғы жылдары 3 бірлікке өскен, колледжде оқыту 94 мамандық бойынша жүргізіледі.

Жастарды орташа кәсіптік оқытумен қамту 40,5 мың адамды қамтиды, бұл 2005 жылға қарағанда 4,3 мың адамға көп. 2007 жылы 41,2 мың адам күтілуде. Мемлекеттік тапсырыс жағдайында 8,6 адам оқиды, оның ішінде 0,6 жеке меншік колледждерде.

Республикалық бюджеттің нысаналы трансферттері есебінен 2006 жылы Жезқазған қаласында орта мектеп салынған, Қарқаралы қаласында бала бақша, Шет ауданындағы Ақжал кентінде орта мектептің құрылысы басталды.

Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен: Осакаров ауданындағы Сенокосное селосында және Қаражал қаласына қарасты Жәйрем кентінде бейімделген мектеп орнына 2 мектеп салу басталды.

2007 жылға арналған білім беру объектілерін салу мен қайта жөндеуге 1217403 мың теңге оның ішіндде РБ 755874 мың теңге қарастырылған.

Құрылыс басталатын болады: жергілікті бюджет есебінен – Ақтоғай ауданындағы Үшарал ауданында ОМ, Жаңаарқа ауданындағы Ескене ауылында, Қарқаралы ауданындағы Егіндібұлақ аулында мектеп жанындағы интернатқа бұрынғы ОМ ғимаратын қайта жөндеу, Нұра ауданындағы Ахмет ауылында ОМ, Қарқаралы ауданындағы Матақ ауылында ОМ, Саран қаласындағы «Спутник» бала бақшасын қайта жөндеу; республика бюджеті есебінен: Абай, Балқаш қалаларындағы ОМ, Қарқаралы қаласындлағы кәсіптік мектеп.

Облыстың ЖОО үш тілде жаңа оқу және ғылыми әдебиет алынды, қазіргі заманғы жабдықтармен ғылыми зертхана алынған, компьютер базасы кеңейтілген, жаңа Интернет кластары ашылған, білім берудің менеджмент сапасы жүйесі енгізілген.




      1. Денсаулық сақтау

Денсаулық сақтау жүйесін әрі қарай жетілдіруді анықтайтын, мемлекеттің басымдылықтыларының бірі азаматтар денсаулығын қорғау мен нығайту табылады.

Қарағанды облысының 2006 жылғы денсаулық сақтау жүйесінің қызметін реттейтін негізгі құжат болып ҚР Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі №1438 Жарлығымен бекітілген, 2005-2010 жылдарға арналған ҚР денсаулық сақтауды реформалау мен дамыту Мемлекеттік бағдарламасы, Қарағанды облысының 2008-2010 жылдарға арналған денсаулық сақтауды реформалау мен дамыту Аймақтық бағдарламасы және Қарағанды облысының 2008-2010 денсаулық сақтау объектілерін күрделі жөндеу мен материалдық-техникалық жарақтандыру жөніндегі Аймақтық бағдарлама болып табылады.

Халықтың денсаулық деңгейі мен облыстың денсаулық сақтау жағдайын сипаттайтын көрсеткіштері жақсарған:



  • 4,7% туу саны артқан (2005 жылы 14,9 дан 2006 жылы 15,6 дейін);

  • 2006 жылы табиғи өсім 2005 жылғы 1,72 қарағанда 2,41 құраған;

  • Туберкулезбен ауыру 12,9 пайызға халықтың 100 мыңына  167,2 ден 145,5 дейін азайған (өлім 5,5 пайызға төмендеген);

  • Онкологиялық сырқат 100 мың тұрғынға 244,0 қарағанда 242,3 құраған (0,7 пайызға азайған);

  • Психикалық ауытқулармен сырқаттану 2,6 пайызға 229,3 тен 223,5 дейін азайған;

  • Наркология бойынша сырқаттану екі есе 100 халыққа 546,0 ден 273,3 дейін азайған.

2005-2007 жылдары Қарқаралы, Осакаров, Жаңаарқа аудандарында орталық аудандық ауруханалар, Приозерск қаласында туберкулездік және көп профилді аурухана, облыстық бөлімшеге перинаталды бөлімше құрылысы, Октябрь ауданында көп профилді аурухана ашылған, 2647 бірлік медициналық жабдықтар мен медицинаға арналған бұйымдар алынған, 8 ауылдық жерлерде мобилдік телемедицина енгізілген, ақпараттық-сараптау орталығы құрылған, 205 денсаулық сақтау объектілерінде күрделі жөндеу жүргізілді, облыстың селолық жерлерінде денсаулық сақтау объектілері толық медицина көліктерімен қамтамасыз етілді. 2007 жылы мықын жамбас сүйектерін протездеу мен тізе буындарына артоскоптік ауыстырулар енгізілді, миокарда реваскулиризациялауды операция жасаулар басталды (коронар сосудаларын тігу мен аортокоронарлы шунтирлау).





      1. Халыққа әлеуметтік көмек

2005-2007 жылдар аралығында мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар 18752 адамға қысқарған (01.01.2005 ж. 46041 адамнан 01.01.2007 жылға дейін 27289 ) немесе 40,7 %. Облыс бойынша МАӘК тағайындау 2004 жылға – 803 теңге, 2005 жылға – 916 теңге, 2006 жылға – 967 теңге. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар санының азаюы келесі себептерге байланысты: МАӘК алушылардың жұмысқа орналасуы, халық кірісінің артуы, қосалқы шаруашылық көлемінің артуы (мал басы саны арқан) , МАӘК алушылардың жасырын кірістерін учаскелік комиссияның анықтау фактілерінің күшеюі, (18 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтылған отбасылардың, 1 жасқа дейінгі баланы бағуға жәрдемақының берілуі).

2006 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 27289 адамға 316,7 млн. теңгеге жүргізілген. 2005 жылмен салыстырғанда АӘК тағайындалған алушылар саны жалпы облыс бойынша 23,6 пайызға кеміген (2005 жылы төленгендері 29843 алушыға – 306,4 млн. теңге , оның ішінде 2005 жылдың желтоқсан айына – 10,2 млн. теңге ( 38260 алушыға 2005 жылы – 395,6 млн. теңге). 1.01.2007 жылға облыс бойынша атаулы әлеуметтік көмекті төлеу бойынша қарыздар 3.1 млн. теңгені құраған. 2006 жылдың желтоқсан айына төленбеген төленбеген сома 17,4 млн. теңгені құраған.

2007 жылдың қаңтар-наурыз айларына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 12291 адамға 54,6 млн. теңге сомасына тағайындалған, төленгені 15725 алушыға – 63,1 млн. теңге, оның ішінде 2006 жылы қараша, желтоқсан айларына - 20,5 млн. теңге.

2006 жылғы алушылар арасында 18 жасқа дейінгі балалар көбірек (61,5 пайыз). 7 жасқа дейінгі баланы бағып отырған адамдар 14,7 пайызды құрайды. АӘК алушылар арасында жұмыс істейтіндердің үлес салмағы 6,5 пайызды құрайды. Жұмыспен қамту ооргандарында есепте тұрған жұмыссыздар АӘК алушылардың жалпы санынан 8,5 пайызды құрайды.

2006 жылдың қаңтарынан бастап отбасының кіріс жиынтығына енгізілетін 18 жасқа дейінгі балаларға және 2006 жылдың шілдесінен бастап бала бағуға жәрдемақы енгізілуге байланысты АӘК алушылар саны 8,4 мың адамнан 23,6 пайызға азайған. АӘК төлеуге аудандар мен қалалар бюджетінде 01.04.2007 жылғы жағдай бойынша 280,6 млн. теңге қарастырылған. ОБлыс бойынша АӘК төлеу үшін қалалар мен аудандар есептері бойынша толық көлемде 289,5 млн. теңге қажет.

Облыстағы әлеуметтік көмек пен әлеуметтік қамтамасыз ету халықтың әлеуметтік осал бөлігіне әлеуметтік көмектерді көрсету түрінде іске асырылады: ақшалай төлем – бұл атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегі, азық-түлік кәрзіңкесі құнынан аспайтын ортажандық кірісі бар аз қамтылған отбасылардың 18 жасқа дейінгі балаларына жәрдемақы; тегін тамақ беруді ұйымдастыру мен киім беру, қариялар мен мүгедектерге үйде қызмет көрсету, қариялар мен мүгедектерге интернат-үйлерінен орын беру және т.б.

Әлеуметтік қорғау бағдарламасын қаржыландыру мемлекеттік бюджет пен бюджеттік емес қаражаттар есебінен іске асырылады.

Кедейшілік шегінен төмен тұратын азаматтарды бюджеттік емес табыс көздерінен қорғаудың барлық көлемі 2006 жылы 590,2 млн. теңгені құрады, бұл 2005 жылға қарағанда 34 пайызға аз (көмек көлемі 893,9 млн. теңге). Көмекпен қамтылған аз қамтылған азаматтардан бір адамға есептегенде көрсетілген көмектің орташа көлемі жоспардағы 6400 теңгенің орнына 24003,6 теңгені құрады, бұл 2005 жылға қарағанда (21542,3 теңге) 1,1 есе көп. Бір рет көрсетілген көмек санына қарамай нақты көмекпен қамтылған аз қамтылған бір рет есептегенде облыс бойынша 100 пайызды құрады.

1.01.2007 жылы аз қамтылған азаматтарды әлеуметік қолдау үшін облыста жеңілдікпен (тегін немесе жеңілдікпен) 15 аумақтық Орталық жұмыс істейді, халықтың әлеуметтік-әлсіз бөлшегіне әлеуметтік-тұрмыстық қызмет көрсетілген; 49 қайырымдылық асханалары мен 193 тамақтандыру пунктері бар, оларда 48076 адам тамақтанған (оның ішінде 46315 аз қамтылған азаматтар); киім мен аяқ киім жинайтын 346 пункт (2006 жылы 75,5 мың бірлік киім жиналған және 28,8 мұқтаж адамдарға тапсырылған). Облыста барлық меншік түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдарға аз қамтылған азаматтарды тіркеу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

2007 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік емес табыс көздерінен жалпы сомасы 97,9 млн. теңгеге көмек көрсетілген. 2007 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша көмекпен қамтылған аз қамтылған азаматтардан бір адамға есептегенде 2007 жылдың 1 тоқсанындағы – 1600 теңге орнына 4003,2 теңгені құраған (немесе жоспардан 250,2 пайыз ). Ағымдағы жылдың наурыз айында облыс бойынша аз қамтылған азаматтарды әлеуметтік көмекпен қамту 22461 адамды құрады немесе 100 пайыз.

Халықтың көмекке ерекше мұқтаж бөлігіне көмек көрсету үшін облыстың аудандары мен қалаларында қайырымдылық акциялары өтуде. 2005 жылы 768 акция өтті, онда материалдық және заттай көмек 134301 адамға 188,5 млн. теңгеге көрсетілген. 2006 жылы 708 акция өткізілді, оның барысында 101411 адамға 142,9 млн. теңге сомасына материалдық және заттай көмек көрсетілді. 207 жылдың 1 тоқсанында 198 акция өтті, оның барысында 18222 адамға 21,1 млн. теңге материалдық және заттай көмек көрсетілген.

2006 жылы мемлекеттік балалар жәрдемақысын 12668 аз қамтылған отбасының 18 жасқа дейінгі 30338 баласына облыс бойынша 212,7 млн. теңге тағайындалған. Төлем 12643 отбасының 30297 баласына 212,4 млн. теңгеге жүргізілген, оның ішінде республикалық бюджеттің трансферттері есебінен – 190,5 млн. теңге, бұл 2006 жылғы төлем бойынша бекітілген қаржыландыру жоспарының 55,9 пайызын құраған.

2007 жылдың қаңтар-наурыз айларында мемлекеттік балалар жәрдемақысын тағайындау 8271 аз қамтылған отбасының 18 жасқа дейінгі 20319 баласына жалпы облыс бойынша 62,9 млн. теңгеге жүргізілген. 7988 отбасының 19663 баласына 51,1 млн. теңге сомасында жүргізілген, оның ішінде республикалық бюджеттің трансферттері есебінен – 14,3 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 5,7 млн. теңге.

Барлық аудандар мен қалаларда 2006 жылдың тамызынан бастап 18 жасқа дейінгі балалары бар отбасыларын балаларына жәрдемақы тағайындауға ықтимал талапкерлерді анықтау мақсатында аралау жұмыстары жүргізілген, олардың жәрдемақы алуға құқықтарын іске асыру үшін қажетті құжаттарын алуға ықпал етілді. Облыс бойынша 2006 жылы барлығы 18 жасқа дейінгі 303240 баласы бар 153254 отбасы анықталған. 2006 жылдың тамыз айынан бастап желтоқсан айы бойынша кәмелетке толмаған балалары бар 100668 отбасы немесе 65,7 пайызы зерттелген. Олардың ішінде 18 жасқа дейінгі балалары бар ықтимал талапкер 4868 отбасы анықталған (12002 бала). Нақты жәрдемақы тағайындатуға 4061 отбасы өтінген, 3945 отбасына (10089 балаға) жәрдемақы тағайындалған, 112 отбасына (264 балаға) жәрдемақы тағайындаудан бас тартылған, 317 отбасына (723 бала) жәрдемақы рәсімдеу үшін қажетті құжаттар алуға ықпал етуде.

1.01.2007 жылдың жағдайы бойынша 11 қала мен ауданда балалары бар отбасыларына зерттеу жүргізіліп, аяқталған. Жас отбасылармен, жаңа туған балалары бар отбасыларға балаларына жәрдемақы тағайындау құқықтарын анықтау бойынша үнемі жұмыс жүргізіледі. 7 қала мен ауданда зерттеу жөнінде жұмыстар жалғасуда және бақылауда жатыр.

01.04. 2007 жылғы жағдай бойынша «18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы» 016 бағдарлама бойынша түзетілген жоспар 280,6 млн. теңгені құрайды. 2007 жылы бюджетті орындау барысында «Жергілікті бюджеттің қаражаты есебінен бағдарламаны іске асыру» 015 кіші бағдарлама бойынша Жезқазған, Приозерск, Шахтинск қалаларына, Абай ауданына жоспарлық ақша бөлу азайған.

18 жасқа дейін балаға жәрдемақы алатындардың ішінде 73,7 % ауылда тұрады, ал қалған 26,3 % - қала тұрғындары. Жәрдемақы белгіленген отбасылардың жалпы санының 80,4% - толық отбасылар, ал сәйкесінше 19,6 % - толық емес отбасылар құрайды. Балалар жәрдемақысын белгілеу үлесінің шекті кіріс деңгейі белгілеленген АӘЖ қарағанда артық бола тұра, 2006 жылы облыстың 3 қаласында АӘЖ алатын балалар саны – балалар жәрдемақысын алатындардан артық.

АӘЖ алатын аз қамтылған отбасылар балалар жәрдемақысын мына негізгі себептерге байланысты алмайды:

- Балалардың ата – аналары жұмыс істемейді және де ұсынылған жұмыстан және одан кейінгі орналастыру мақсатында жұмыссыздар санатында есепке тұрудан бас тартады. 3 жастан 7 жасқа дейінгі кәмелетке толмаған балалары бар әйелдер баланы мектепке дейінгі (ондай мекеменің жоқтығынан немесе ақасының жоғары болуынан) мекемеге орналастырудан және балаға қарайтын қызметшінің ақысын төлейтін қаражатының болмауынан көп жағдайда жұмысқа орналасудан бас тартады. Жұмыс істемейтін ата – аналардың біреуі еңбекпен қамту орталығында тіркелмесе, жәрдемақы төленбейді. Ал АӘЖ жәрдемақыға құқығы бар отбасының басқа мүшелеріне (балаларға, 7 жасқа дейінгі балаларға қарайтын адамдарға және т.б.) белгіленеді.

- Толық емес отбасыларда кәмелетке толмаған балаларды ұстауға белгілі себепсіз алимент төйленбейді, бұл да балаларға жәрдемақы белгілеуге кедергі келтіреді. АӘЖ белгілеу кезінде тек қана нақты алынған алименттер ғана ескеріледі.

- Балалардың жәрдемақы мөлшері онша жоғары емес, 1 айлық көрсеткіші 1092 теңгені құрайды, сондықтан 2 пакет құжат жинамас үшін және АӘЖ белгілеу кезінде балалар жәрдемақысының кірісте есептелінетінін, кедейшілік шегі мен бір адамға шаққандағы орташа кіріс арасындағы айырмашылық есебіндегі АӘЖ мөлшерінің төмендетілетінін есепке алып, кейбір отбасылары оны алудан бас тартады және тек қана АӘЖ алады.

- нақты тұрып жатқан жерінде тіркелмеген немесе жәрдемақы белгілеуге құжаттары (жеке куәлік, балалардың туу туралы куәлігі, кіріс туралы анықтама қағаздары) жоқ отбасылар. Ондай отбасыларына жәрдемақы алу құқықтарын іске асыру үшін қажетті құжаттарын алуға, тұрып жатқан жерлерінде тіркелулеріне ықпал етіледі. Бірақ, егер де ата-аналардың еңбек қатынастары рәсімделмесе, жалға (жасырын жұмыс) жұмыс істесе және жұмыс берушілер олардың кірістерін растаудан бас тартса, отбасылар кіріс туралы мәліметтерін көп жағдайда тапсыра алмайды. Ондай отбасылар балаларға арналған жәрдемақы алу құқықтарын іске асыра алмайды.

2007 жылғы есептеуге қарағанда жәрдемақы алатын балалардың нақты саны – 25,4 мың адамды, оларды төлеуге қажетті сома - 261,4 млн. теңгені құрайды.

2005-2007 ж.ж. мерзімі аралығында тұрғын үй алатындар саны 16178 отбасына төмендейді деп күтілуде (1.01.2005 ж - 14009 отбасынан 1.01.2007 ж. – 7683 дейін). 1.01.2005 ж. бастап 1.01.2007 ж. аралығында белгіленген тұрғын үй жәрдемақысы 101,2 млн. теңге сомасын құрады.

Осы көмек түрін алуға үміткерлер санын арттыру мақсатында аз қамтылған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және коммуналдық қызметтерді төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру жөніндегі Қарағанды облысы Мәслихатының 11.12.2004 жылғы X сессиясында бекітілген № 157 ережесіне қатты отын нормативін арттыру және шығындардың шекті үлесін 20 % дейін төмендету жөнінде 2005 жылы өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

2006 жылдың шілдесінен бастап тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін қалалар мен аудандардың жергілікті өкілетті органдары анықтайды. Бүкіл облыс бойынша тұрғын үй жәрдемақысын көрсетудің тәртібі аудан, қала мәслихаттарының деңгейінде қабылданды.

2006 жылы тұрғын үй жәрдемақысын белгілеуді 7815 отбасы сұрады (2005 жылы – 9145 отбасы), оның ішінде тұрғын үй жәрдемақысы 7683 отбасына белгіленді (2005 жылы – 8893 отбасына). Белгіленген тұрғын үй жәрдемақысы 57,7 млн. теңге сомасын құрады (2005 жылы – 43,5 млн. теңге), төленген тұрғын үй жәрдемақы сомасы – 55,0 млн. теңге (2005 жылы – 43,6 млн. теңге). Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу бойынша қарыз 1.01.2007 жылы 1,6 мың теңгені құрады. 2870,8 мың теңге сомасында тұрғын үй жәрдемақысы төленбеген.

2007 жылдың I тоқсанында тұрғын үй жәрдемақысын белгілеуді 5299 отбасы сұрады, олардың ішінде 5144 отбасына тұрғын үй жәрдемақы белгіленген. 2007 жылдың 1 сәуірінде белгіленген тұрғын үй жәрдемақы сомасы 24,2 мың теңгені, төленген тұрғын үй жәрдемақысы – 21,4 мың теңгені құрады. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеу бойынша 1.04.2007 жылы 1295,5 мың теңгені құрады. Төленбеген тұрғын үй жәрдемақысы - 4414,3 мың теңге.

ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Г.Д. Қарағұсованың 25.01.2007 ж. № 09-02-09/325 хатына сәйкес және ҚР тұрғын үй коммуналдық саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс – шаралар жоспарының 2.1 – тармағын орындау мақсатында ағымдағы жылдың наурыз айында қала және аудан әкімдеріне барлық көп қабатты тұрғын үйлерді түгендеу, жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, кондоминимум обьектілерінің жалпы мүлігіне күрделі жөндеу жүргізудің жекелеген түрлерінің шығынын есептеу, кондоминимум обьектілерінің жалпы мүлігін пайдалану жөніндегі тариф механизмін анықтау және күрделі жөндеуден өткізу шығынын есептеу, сонымен қатар, шығындардың шекті үлесін кезеңмен төмендету барысында тұрғын үй жәрдемақысын төлеуге арналған қаражат сұранысын анықтау және күрделі жөндеу шығынын енгізу туралы хат жолданды.

Қалалар мен аудандарда ТКШ бөлімдері мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен бірлесе отырып қала және аудандардың бюджет мүмкіндіктеріне қарай 2008 – 2010 жылдарға арналған тұрғын үй жәрдемақысының төлем қаражатын болжамдалған сұранысын анықтау бойынша бірлескен жұмыс жүргізілуде.

2007 жылдың II тоқсанынан бастап жалпы мүлікті күрделі жөнідеуден өткізуге және шектелген үлесін төмендетудің мөлшері мен тәртібін белгілейтін актісіне толықтырулар мен өзгерістер енгізіледі.

2007 жылы 9900 отбасына тұрғын үй жәрдемақысын белгілеу жоспарланған. 1.04.2007 жылғы жағдай бойынша қала және аудандарда тұрғын үй жәрдемақысын төлеуге жалпы сомасы 69,1 млн. теңге қарастырылған, оның ішінде 5,7 млн. теңге - телефонның абоненттік төлем тарифін арттыру өтемақысына арналған республикалық бюджет трансферттері. Тұрғын үй жәрдемақысын төлеуді қамтамасыз етуге нақты 78,4 млн.теңге қажет.

Облыстық Мәслихаттың 2005 жылғы 27 желтоқсандағы XVIII сессясының № 267 шешімімен Қарағанды облысы мүгедектерін оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасы бекітілді.

1.04.2007 жылы барлық санаттың мүгедектері облыс тұрғындарының жалпы санының 47,5 мың. адамды немесе 3,5 % құрады.

Облыста мүгедектерді әлеуметтік оңалтуды жүзеге асыратын мынадай ұйымдар мен мекемелер торабы жұмыс істейді: білім беруді түзететін 11 арнайы ұйымдары; мүгедек балаларға арналған 2 «Үміт» оңалту орталығы; мүгедектерге арналған спорт мектептері; көзі және естуі нашар адамдарға арналған 5 мәдениет үйі; 9 интернат үйі; жалғызбасты зейнеткерлер мен мүгедектерге, мүгедек балалардың әлеуметтік жәрдемақысы үйде берілетін 68 бөлімше.

2006 жылы мүгедектерді міндетті гигиеналық құралдармен және ымдасып тілдесетін мамандардың, жеке көмекшінің қызмет көрсетулерімен қамтамасыз етуге арналған трансферттерді игеруге бөлінген қаржының (49453,0 тыс. тенге) 46,7 млн. теңгесін немесе 94,5 % құрайды.

Мүгедектерді оңалтудың аймақтық бағдарламасын іске асыруға 2006 жылы барлығы 473,1 млн. теңге шығындалды (2006 жылға жоспарланған соманың 107,2 %), оның ішінде 105,2 млн. теңге мүгедектерге әлеуметтік көмек көрсетуге, қызмет көрсетуге, мүгедектерді оңалту үшін техникалық қосалқы құралдар сатып алуға бағытталған.

Жалпы алғанда 2006 жылға арналған Бағдарлама бойынша жоспарланған негізгі іс – шаралардың орындалғанын атап өтуіміз қажет.



      1. 1.2.9. Мәдениет

Облыста 528 мемлекеттік мәдениет объектілері жұмыс істейді, оның ішінде – 317 кітапхана, 155 мәдени – сауықтыру ұйымдары, 21 – бейне мобильдер, 5 – театр, 2 – концерттік ұйым, 15 - мұражай, 7 – мәдениет және демалыс саябақтары, кинотеатрлар, 3- хайуанаттар паркі, облыстық ғылыми - әдістемелік, сауықтыру және халық шығармашылығы орталығы, тарихи – мәдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция және Ұлытау республикалық мұражай қорығы.

Облыста мемлекеттік мекемелерден басқа 55 мемлекеттік емес мәдениет ұйымдары бар.

2005-2006 жылдары мәдениет объектілерінің мемлекеттік желісі 48 бірлікке өсті. Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Жаңаарқа, Осакаров, Ұлытау, Шет аудандары мен Жезқазған, Саран, Сәтбаев, Теміртау қалаларында кітапханалар, Абай, Бұқар жырау, Қарқаралы, Жаңаарқа, Нұра, Ұлытау аудандарының ауылдарында клубтар ашылды.

2007 жылы мемлекеттік мәдениет объектілер желісі 25 бірлікке артты. Бұқар жырау, Жаңаарқа, Нұра, Ұлытау, Шет аудандары мен Жезқазған, Саран, Қарағанды, Теміртау қалаларында 9 кітапхана, Бұқар жырау, Қарқаралы, Жаңаарқа, Нұра, Осакаров, Ұлытау аудандарында 15 клуб ашылмақ. Нұра ауданыныың Киевка поселкесінде тарихи-өлкетану мұражайын ашу жоспарланып отыр.

2005-2006 жылдары: Шет ауданында Ағыбай батыр, Нұра ауданында Әли-Түсіп, Ұлытау ауданында Жошы хан кесенелерін қалпына келтіру жұмыстары басталды. Осакаров ауданында Қаратоғай қорғанын, Бұқар жырау ауданында Ащы су және Тегіс жол кешендерін, Қарқаралы ауданындағы Алат, Кент елді мекендерін, Ұлытау аудынындағы Айбас дарасы, Талдысай, Тоқтауыл аялдамасы, Орталық Қазақстандағы темір дәуіріндегі ескерткіштерді археологиялық зерттеу, Бұрынғы Қарлаг басқармасы ғимаратын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары, Ақтоғай, Бұқар жырау, Қарқаралы аудандарын тарихи-этнографиялық зерттеу, тарих және тарихи тұлғалар жөніндегі басылымдарды әзірлеу мен өңдеу материалдарды жинау жұмыстары, ғибадат ететін тарихи және мәдени, бейнелеу өнері ескерткіштерін, Қарағанды суретшілері ақсақалдары туындыларының буклетін, Қарағанды қаласындағы Е.Бөкетов ескерткіші құрылысын жасау басталды.

Шет ауданында Ағыбай батыр мавзолейі, Ұлытау ауданында Жошы хан кесенесін қалпына келтірілді; Осакаров ауданында Қаратоғай қорғанына археологиялық зерттеу жасалды, сирек кездесетін қола дәуіріндегі қорған зерттелді, зерттелген аймақтағы 525 шаршы метр жер қазылды, қоладан жасалған бұйымдар, сүйек сыбызғылар, 4 сауыттың бөлшектері табылды.

Нұра ауданындағы Әли-Түсіп кесенесінің мұнарасын, қабырғаларын ескі кірпіштермен біртіндеп қалпына келтіру жұмыстары, тарих және сәулет ескерткіштері қалпына келтірілді. Ұлытау аудынындағы Айбас дарасы, Талдысай, Тоқтауыл аялдамасы, Қарқаралы ауданындағы Кент елді мекендеріне археологиялық қазба жұмыстары жүргізілді, Бұқар жырау ауданындағы Тегіс жол кешенінің әр кезеңдегі археологиялық ескерткіштерін зерттеу, Орталық Қазақстандағы ерте темір дәуіріндегі 59 ескерткішті археологиялық зерттеу қорытындысында ескерткіштердің сызба-картасын жасау аяқталды, Бұқар жырау ауданындағы Ащысу бейітінде қола дәуірінің апатты жағдайдағы 2 қорғанын қазу нәтижесінде жерлеу қалдықтары мен 20 археологиялық қазбалар табылды, Сарыарқа жерінің белгілі орындаушылары репертуарларынан ән жинағын шығаруға фольклорлық материалдар жинауға экспедиялық жұмыстар жүргізілді.

Ұлытау және Нұра аудандарында ғибадат ететін сәулет есерткіштері жөнінде жинақ, Қарағанды суретшілері ардагерлері мен олардың өнер туындылары туралы жинақ-кітап, Ж.Елебеков, Б.Байжанов, Доскейдің өмірі мен шығармашылығы туралы энциклопедиялық жинақ шығарылды.

Қарағанды облысының тарихы мен тарихи мұралары туралы ғылыми-танымдық фильм түсіру мақсатында 50 тарихи ескерткіш, 5 ғылыми экспедиция бейне таспаға түсірілді; Қарағанды қаласында ғалым, қоғам қайраткері Е.Бөкетов ескерткішінің құрылысы салынды.

2005-2006 жылдары басталған Алаша хан, Ахмет кесенелерін, Ұлытау ауданы Ақмешіт Әулие, Едіге-Тоқтамыс кешендерін қалпына келтіру жұмыстары 2007 жылы жалғастырылатын болады.

Көне түрік және қыпшақ заманы ескерткіштерін археологиялық зерттеу, Солтүстік Балқаш маңын тарихи-археологиялық зерттеу, Сары арқа жеріндегі әйгілі әншілер жазбаларының архивін жасау, Қарағанды қаласындағы этнопаркте және тарихи туризм орталықтарында этноауыл жасау (Қарқаралы-Кент, Талдысай, Бегалы, Тегіс жол), құжаттамалық мұралар қорын сақтау мен цифрлық лабораториясын жасау жалғастырылуда.

Бұдан басқа, 2007 жылы Тайжан Қалмағанбетовтың және Шынболат Ділдебаевтың шығармаларын, Қарағанды облысының петроглифтары мен тау, жоталары жөніндегі альбом – жинақ, «Қарағандының атақты тарихи тұлғалары» (Гапеевтің, Костенконың, Күзембаевтың, Чижевскийдің және т.б. өмірі мен қызметі) атты энциклопедиялық жинақ, Қарағанды облысында тұратын халықтардың салт - дәстүрлері туралы - «Бір шаңырақ астында» атты жинақ әзірлеу және шығару, Орталық Қазақстанның тарихы мен мәдениетінің атақты өкілдері туралы (Қаз дауысты Қазыбек би, А.Бөкейханов, А.Ермеков және т.б.) мұрағат топтамаларын құру және ғылыми зерттеулерді шығару жоспарлануда.







      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет