Облыста 2411 спорт ғимараты жұмыс істейді, онда 400 мыңнан артық адам дене шынықтырумен және спортпен шұғылданады, 42 спорт түрі бойынша 33 федерация, дарынды балаларға арналған 1 мектеп – интернат, 45 балалар мен жеткіншектердің спорт мектебі, 37 спорт клубтары қызмет етеді. Барлық қалалар мен аудандарда спорттық және дене шынықтыру – жаппай сауықтыру жұмыстарын одан әрі жақсарту үшін дене шынықтыру және спорт жөніндегі бөлімдер құрылды.
2005-2007 жылдары 6 жаңа спорт объектілері: Шет, Нұра аудандарында, Теміртау және Қарағанды қалаларында спорттық кешендер, Балқаш қаласында боулинг-орталық ашылды. 15 спорт объектісі күрделі жөндеуден өткізілді, Шет ауданының Ақсу-Аюлы кентінде балалар мен жасөспірімдердің жаңа спорт ғимараты және Олимпиадалық дайындық орталығында жаттықтыру ғимараты пайдалануға берілді, жеті футбол алаңына жасанды материалдар төселді. 2007 жылы 9 спорт объектілерін, Олимпиада резервтерін даярлау орталығының жүзу бассейнін ағымдағы және күрделі жөндеуден өткізу, облыстық спорттық жүзу мектебінің жүзу бассейнін, Шахтинск қаласының стадионын қайта жөндеуден өткізу, шаңғы базасының салу көзделіп отыр.
Материалдық - техникалық базыны нығайту мақсатында спорттық заттар мен арнайы жабдықтар сатып алынды.
Облыс спортсмендері Әлем (6 медаль, оның ішінде 1 алтын) және Азия Чемпионаттарына (64 медаль, оның ішінде 34 алтын), Орта Азия және Қазақстан Чемпионаттарына (15 медаль, оның ішінде 8 алтын), ҚР Чемпионаттарына және Біріншіліктеріне (952 медаль, оның ішінде 395 алтын) қатысты.
-
-
-
-
-
-
1.2.11. Табиғатты пайдалану және тұрақты даму экологиясы
-
Атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың жалпы көлемі Қарағанды облысы бойынша көп болып отыр, бірақ соңғы жылдары ластаушы заттардың атмосфераға шығарылу көлемі жағынан оң динамика (төмендеуі) байқалуда. Сөйтіп, 2005 жылы атмосфераға шығарылатын ластаушы заттардың эмиссиясы 1415,4 мың тоннаны құрады, 2006 жылы - 1303,2 мың тонна және прогнозные на 2007 жылға – 1181,7 мың тонна болжамдалуда. Оң динамика облыс кәсіпорындарына жаңа технологияларды енгізуге және табиғатты қорғау іс – шараларын орындауға байланысты.
Өнеркәсіп кәсіпорындарының облыс бойынша су ресурстарын ластау көзі болып табылады. Ластанған сарқынды су құрылғыларында тазартылады. Жер үсті тоғандарына шығарып тастау көлемі таблицада көрсетілген.
Өлшем
бірлігі
|
2005 ж.
|
2006 ж.
|
2007 ж.
|
Жылына м3
|
951,84
|
1053,43
|
1055,0
|
Мың.тонна
|
563,514
|
688,73
|
690,7
|
«Қазақмыс Корпорациясы» АҚ-ның энергиямен жабдықтау кәсіпорындарында электр энергиясын шығаруды арттыруға байланысты нормативті таза су шығару көлемі артты, осыған байланысты тоғандарға сарқын суларды шығару көбейді. Толығымен тазартылмаған жер үсті тоғандарына соңғы жылдары едәуір азайды, бірақ олардың көлемі артық (1996 жылы 48 млн шаршы метр, 2005, 2006 жылдары 6,5 млн шаршы метр). «Капиталстрой» ЖШС тазарту құрылғыларына құйылатын Саран және Қарағанды қалаларының тұрмыстық сарқын көлемінің артуы есебінен 2007 жылы көлемі жылына 7,5 млн.м3 дейін артады деп күтілуде.
Бұл мәселені шешу үшін кәсіпорынның жеке қаражаты есебінен де, облыстық бюжеттің қаражаты есебінен де сарқынды су тазартқыш құрылғыларын салу, қайта құру және тиімділігін арттыру жұмыстары бойынша іс – шаралары жүзеге асырылады.
Қарағанды облысының жер қоры 42,8 млн.га. құрайды. Өндірістік кәсіпорындардың қызметі жерлердің бұзылуына және азуына әкеледі. Бұзылған жерлердің аумағы шамамен 42 мың. га құрайды, оның ішінде өңделгені 10,8 мың. га. 2002 жылдан бастап 2006 жылдары аралығында ауылшаруашылық айналымына қайта қалпына келтірілген жердің 1700 га артығы қайтарылды, бірақ, облыс кәсіпорындарында бұзылған жерлердің өңделген алаңдары бойынша жерді қалпына келтіру әлі де жеткілікті дәрежеде емес.
Облыс кәсіпорындарының өндіріс қалдықтарын орналастыру және қоршаған ортада қолдану табиғатты пайдаланудың негізгі түрі болып табылады. Бүгінгі күні жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарында жинақталған шығындарда шамамен 6,5 млрд. тонна қалдық орналасқан және сақтаулы.
Облыс кәсіпорындарында өнеркәсіптік қатты қалдықтардың 2005-2006 жж. және пайда болуы, оларды пайдалану және орналастырудың 2007 жылға мыналар болжамдалуда:
млн. тонна
2005 2006 2007
Білім беру 200,2 196,0 200,0
Пайдалану 59,4 60,5 60,0
Жинақтау 140,8 135,5 140,0
Тұрғындардың экологиялық білімін арттыру мақсатында Қарағанды қаласында «Экология и балалар» атты ғылыми – тәжірибелік конференция өткізілді, «Ауа – райының ауқымды өзгерістері» және «Экологиялық таза Қарағанды қаласы» атты білім беру сипатындағы экологиялық фильмдер, фотоматериалдар шығарылды. Мектеп жасындағы балалар үшін «Экошкиннің үйі», «Тірі табиғат қанша тұрады», «Қоршаған ортаны қорғау - келешек ұрпақ үшін» атты мемлекеттік және орыс тілдерінде 5500 дана оқу құралдары шығарылды. Бейне кассеталар мен дискілерде 135 дана «Ауа – райының ауқымды өзгерісі» атты фильмнің тираждалуы болды. «Халықаралық шөл және шөлейттену жылы» тақырыбында экологиялық фестиваль ұйымдастырылды және өтті.
Іс – шараларды іске асыруға қойылған міндеттерді шешу үшін 2005 – 2007 жылдары қоршаған ортаны қорғауға және тұрғындардың өмір сапасын арттыруға жергілікті бюджет қаражатынан бөлінетін инвестиция 1406,2 млн. теңгені құрады;
Жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыны игеру 2005 – 2006 жылдары 2007 жылмен салыстырғанда 1397,8 млн теңгені немесе 99,4% құрайды.
Қоршаған ортаның ластануы үшін төлемнен түскен қаржы 2005 жылы – 813,6 млн. теңгені, 2006 жылы – 1195,7 млн. теңгені құрады.
Табиғатты қорғау іс – шараларына бағытталған қаражат көлемі 2005 жылы 242,5 млн. теңгені, 2006 жылы – 273,3 млн. теңгені құрады.
2005-2007 жылдары жылдары қоршаған ортаны қорғауға және жалпы тұрғындардың өмір сапасын арттыруға жергілікті бюджет қаражатынан бөлінетін инвестиция 1406,2 млн. теңгені құрады, бөлінген қаржыны игеру 1397,8 млн.теңгені, немесе 99,4% құрайды.
Бөлім бойынша 2005-2006 жылдары 0,005 мың.га. алаңында іс – шаралар жоспарланған және өткізілуде.
-
1.3 Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру
-
1.3.1. Өңдеу кәсіпорындарының басым салаларының дамуы
-
Металлургия және металл өңдеу, машина құрылысы, пластмасса және резина өнімдерін өндіру және құрылыс индустриясы Қарағанды облысының өңдеу өнеркәсібінің басым салалары болып табылады.
Бұл салалардың жеке салмағы өңдеу өнеркәсібінің 2006 жылғы жалпы мөлшерінің 86% құрады.
Металл өңдеуде 2 ірі кәсіпорын жұмыс істейді, олардың бірі - «Имсталькон» АҚ ҚФ, ол металл құрылғыларын дайындайды және дәнекерлеумен айналысады. Металл құрылғыларының барлық ірі құрылыс объектілерін осы кәсіпорын салады. Екінші кәсіпорын – санитарлық – техникалық бұйымдарын өндіретін «Сантехпром» ЖШС (ванналар, жуынғыштар, табандықтар мен жылыту радиаторлары), ағымдағы жылы жылына 12,0 мың дана акрилді ванна шығару жөніндегі торапты іске қосу жоспарлануда. Қазақстанда бұл өндіріске теңдесі жоқ екенін атап өту керек.
Облыстың машина құрылысында «Қарағанды электр техникалық жабдықтар зауыты» АҚ, «Пархоменко атындағы Қарағанды машина құрылысы зауыты» АҚ, «№1 машзавод» ЖШС, «КарГорМаш» ЖШС, «Техол» ЖӨШ ЖШС, «Казцентрэлектропровод» ЖШС, «Еламан-А» ЖШС, «Бұлак LTD 2004» ЖШС сияқты ірі кәсіпорындар бар.
Саланың «Машзавод №1» ЖШС, «Қарағанды электр техникалық жабдықтар зауыты» ЖШС, «Казцентрэлектропровод» ЖШС сияқты кәсіпорындары тұрақты түрде кеңейтіліп отырады, өнімдердің жаңа түрлерін өндіру жөніндегі жаңа цехтары ашылды. «Казцентрэлектропровод» ЖШС өткізгіштердің ағаш барабандарын (дайын өнімдерге арналған ыдыстар) шығара бастады, сөйтіп, өндірістің толық циклы қамтамасыз етіледі (бұрын ыдыстар басқа жақтан сатып алынатын). 2007 жылы «КарГорМаш» ЖШС - де жоғары қысымды қалақшаларды жинау және шығару жөніндегі учаскесін ұйымдастыру жоспарлануда.
«Сараньрезинотехника» ЖШС, «Қарағанды резина техникасы» ЖШС, «Eurasiaflor» АҚ және «Восход» ЖШС пластмасса және резина өнімдерін өндіретін саланың негізгі кәсіпорындары болып табылады.
Салада өткен жылы екі жаңа кәсіпорын енгізілді: «BARfloors» ЖШС - жылына 500 мың шаршы метр қуатты еденге арналған ламининатталған ПВХ плитка өндіру және «Тибет» ЖШС ПКФ – қуаты жылына 600 тонна полипропилен құбырларын өндіру.
"BAR floors" ЖШС өндірісі "Schilling-Knobel" Gmbh Scattering Thermoftx Technology және "Techno Partner Samtronic" Gmbh неміс компаниясының жабдықтарымен жарақталған, олар бірлесе отырып кәсіптік құрастыру және пуско-жөндеу жұмыстарын қамтамасыз етті. Еденге арналған поливинилхлоридті (ПВХ) плитка үш қатпарлы ПВХ пленкасынан тұрады, жылытып сығымдау әдісімен дайындалады. Арқаулау қабат есебінде шыны қаңылтырлары төселген.
Қазіргі кезде ассортимент ТОО "BAR floors" ЖШС ассортиментінде 24 түрлі түстердің реңі бар.
"BAR floors" ЖШС өнімдері ТМД тең келері жоқ, жоғары сапалы және қолданыстағы мемлекеттік стандартқа сәйкес келеді, сондықтан оны сенімді де тұрақты өнім беруші ретінде бағалауымызға болады. Сұранысы мен арналуына қарай еденге арналған ПВХ мынадай үш түрге бөлінеді: коммерциялық, жартылай коммерциялық, тұрмыстық, қозғалыс үдерісі әр түрлі ғимараттар үшін. Сонымен қатар, плитка мына түрде орындалады: жай түрде, "Трудногорючего" орындауында - "Т".
"BAR floors" ЖШС - мен қатар қазіргі кезде ISO 9001:2000. сапасының - әзірлеу және енгізу менеджмент жүйесі енгізілуде, бұл бәсекеге қабілеттіктің бұдан да жоғары деңгейіне шығуына жол ашады.
2007 жылы «Эгофом» ЖШС жылына 300 тонна көбік полиуританын (паралон) шығару жөніндегі жаңа өндіріс ашу жоспарлауда.
Құрылыс материалдарын өндіру өнеркәсіптің ең бір қарқынмен дамып келе жатқан саласы, 2006 жылы бұл салада 30 жаңа өндірістің 17- нің ашылуы - соның дәлелі. Мысалы, «Сенімді Құрылыс Технологиясы» ЖШС - көбік бетон блоктарын өндіреді, «Ир» ЖШС - керамикалық плитасын өндіру, «Қарағанды - Бетон» ЖШС - бетон қоспаларын өндіру, «Тұмар-тас» ЖШС – бетон бұйымдарын өндіру және т.б.
«Тұмар-тас» ЖШС құрылыс материалдары нарығына түрлі - түсті тротуар плиталарын, бордюр тастарын және т.б. шығара бастады. Бетоннан жасалған бұл құрылыс материалдары неміс технологиясы бойынша HESS Maschinenfabrik GmbH (Германия), «АгроМаш импорт-экспорт» ЖАҚ , «Валдай» ААБ және «Уфакран» АҚ (Ресей) фирмаларының жабдықтарымен өндіріледі. Шығарылатын өнімдердің негізгі түрлері мыналар: қабырға материалдары, бордюрлік және тротуар плиталары, кабелді науашалар, қорғандар, қоршау, баспалдақ элементтері және т.б. Өндіріс қуаты: 8160 мың. дана қабырға блоктары, 673 мың. Шаршы мтер тротуар плиткасы, 2 млн. дана бордюр тасы.
Зауытта бетоннан жасалған жоғары сапалы өнімдер шығару бойынша автоматтандырылған желілер орнатылған. Бұл технологиялық үрдісті автоматтандыру деңгейі бойынша республикадағы екінші зауыт. Құрылыс бұйымдары еуропалық технология бойынша «HESS Maschinenfabrik GmbH & Co.KG» (Германия) фирмасының жабдықтарында шығарылады, бұл бұйымдардың мықты, аязға төзімді және сыртқы тұрпатының жақсы болуын қамтамасыз етеді.
Саланың негізгі өкілдері - «Central Asia Cement» АҚ, «КЗАЦИ» АҚ, «Қарағанды құрылыс конструкциясы» ЖШС, «Теміртау кірпіші» ЖШС, «Қазтрансметалл» ЖШС және «Нұрхан» ЖШС. Жоғарыда аталған кәсіпорындардың бұл саладағы үлес салмағы 87,3% құрайды.
Ағымдағы жылы облыста құрылыс, керамикалық (қыш), қож блогын, көбік блок кірпіштерін, жеңілдетілген шифер мен экоқұрылыс плиталарын және т.б. шығару жоспарланып отыр.
1.3.2 Қосымша құны жоғары болатын экспортқа бейімделген өнімдер шығару
Өнеркәсіптік өндіріске бәсекеге қабілетті отандық дәрілік өнімдерді енгізудің мысалы ретінде Елбасының тапсырмасы бойынша Қарағанды қаласында өсімдік шикізатының негізінде жасалатын фито дәрі – дәрмектері, соның ішінде өндірістік қуаты жылына 2 млн. ампуланы құрайтын қатерлі ісікке қарсы «Арглабин» дәрісін шығаратын фармацевтикалық кешенді келтіруге болады. Қазіргі таңда дайын ампула қалыптарын шығаратын цехтан және казіргі заман талабына сай жабдықтармен жабдықталған сапаны бақылау зертханасынан тұратын фармацевтикалық кешеннің бірінші кезегі жұмыс істей бастады. Дайын өнімді шығару көлемі 2006 жылы 100 мың ампулаға жетті.
2007 жылы «Amarantos Golden Kazakhstan» ЖШС ТМД елдері аумағында аналогы жоқ амарант майын шығару бойынша «Таврия – Сары-Арки» жобасын (дәнінен әрі қарай қайта өңдеп амарант майын алу үшін бір жылдық Амарант өсімдігін өсіру) жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Өнім ТМД, Еуропа елдеріне және АҚШ-қа жеткізілетін болады. Аталған жобаның жобалық қуаты жылына 150 тонна амарант майы. Жобаның құны 500 млн. теңге.
1.3.3 Технологиялар мен инновацияларды дамыту
2006 жылы инновацияларды енгізген кәсіпорындардың үлесі облыстағы өндірістік кәсіпорындардың жалпы санының 0,6% құрады.
Аймақтық деңгейде 2006 жылы құны 11 млрд. теңгені құраған 9 жоба жүзеге асырылып, 521 жұмыс орны құрылды.
Химия өнеркәсібінде 2006 жылы «ЮИИ Казахстан» ЖШС-ында жарылғыш заттардың сулы-гельді түрлерін шығару басталды, жобаның құны 622,1 млн. теңге, 50 жұмыс орны құрылды. Өндірістік қуаты жылына - 12,0 мың тонна. Жарылғыш заттардың сулы-гельді түрлерін шығарудың әлемде теңдесі жоқ. Араластырғыш - зарядтау машиналарының көмегімен жасау технологиясы экологиялық тұрғыдан таза және қоршаған ортаға зияны жоқ.
Өнімнің жоғары қуатты болуы тау кенін жақсы уатуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде тау-кен жабдықтарының өнімділігін арттырып, бұрғылау-жару жұмыстарының шығынын азайтады.
Еденге арналған поливинилхлоридті ламинатталған плиткаларды шығару бойынша «Bar-floors» ЖШС (Қарағанды қ.) – 268 млн.теңге, 21 жұмыс орны құрылды. Өндірістік қуаты–жылына 500 мың шаршы метр. Поливинилхлоридті плиткалар Қазақстанда теңдесі жоқ өндіріс үрдісі мен шығарылатын өнімнің сапасын бақылау мүмкіндігін беретін алдыңғы қатарлы неміс технологиясы бойынша шығарылады.
Сонымен қатар «Электротехникалық бұйымдардың Қарағанды зауыты» АҚ (Қарағанды қ.) жел қондырғыларын жасауды бастады. Жобаның құны 68,8 млрд.теңге, 7 жұмыс орны құрылды. Бұл Қазақстандағы аталған өндірістегі жел қондырғыларын жасау бойынша жалғыз кәсіпорын.
Металлургия өнеркәсібінде 2006 жылы «Миттал Стил Теміртау» АҚ (Теміртау қ.) №7 кокс батареясын 8,4 млрд.теңгеге қайта құрастырылды, 110 жұмыс орны құрылды. Өндірістік қуаты жылына 930,0 мың тонналық аталған жобаны жүзеге асыру металлургиялық зауыттың арнайы коксқа деген қажеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Қарағанды қаласында әлемдік стандарттарға сай Қазақстандағы бірден – бір «Сантехпром» ЖШС-ында неміс технологиясы бойынша болат радиаторларын шығарады, 120 жұмыс орны құрылған. «Казахстальпром» ЖШС-ында тау-кен байыту және металлургиялық комбинаттар үшін металл бұйымдар шығару басталған. Аталған өндіріс экспортқа бейімделген және импорт алмастырушы болып табылады.
Бірқатар жаңа өндірістер құрылыс өнеркәсібіне де енгізілген. Теміртау қаласында «Тұмар-Тас» ЖШС-ында неміс технологиясы бойынша бетоннан жасалған құрылыс бұйымдарын шығару ұйымдастырылған. Қарағанды қаласында «Құрылыс материалдарының Қарағанды зауыты» ЖШС-ында неміс технологиясы бойынша құрылыс және қыш кірпіштер шығарыла бастады.
Өтініш берушілерге инновациялық жобаларды жасауда аймақтық технопарк көп көмек көрсетеді. 2006 жылы технопарк 41 жоба бойынша 28 компаниямен жұмыс жасаған. 21 жобамен 16 компания сараптамадан өткен. Олардың 13 жобамен 10 компаниясы Сараптамалық кеңесінің оң бағасын алды.
Нәтижесінде 5 жоба «Ұлттық инвестициялық қор» АҚ-на бағытталды; технологиялар трансфертінің Қазақстандық желісінде орналастыру үшін 3 жоба «ЦИТТ» АҚ-на бағытталды; 1 жоба ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым қорымен қаржыландырылады. 14 компания ұсынған 21 жоба технопарктің Сараптамалық кеңесінде қарастырылу үшін дайын.
2007 жылы кәсіпорын қаржысының есебінен индустриялық-инновациялық бағыттағы жаңа 14 өндіріс енгізу жоспарланып отыр.
Ағымдағы жылы Қарағанды қаласында «Минова-Казахстан» БК ЖШС-ында неміс технологиясы бойынша полимер ампула шығару өндірісі ретке келтірілген, 35 жұмыс орны құрылған. Бұл технологияны қолдану шахталар мен кеніштердегі тау-кен өнімдерін сақтау жөніндегі жұмыстарына байланысты өндірістік шығындарды және жұмысты атқаруға кететін еңбек сыйымдылығын төмендетуге, жұмыстың қауіпсіздік деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.
1.3.4 Инфрақұрылымды, соның ішінде шағын кәсіпкерлікті дамыту
Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында облыста «Технопарк UniscienTech» ЖШС құрылды.
Технопарктің негізгі міндеті – ғылыми-техникалық саланың, инновациялық бизнес қорларын біріктіру арқылы аймақта тиімді инновациялық кеңістік құру және сол арқылы ғылыми-техникалық дамуы мен ғылымның коммерциялануына жағдай жасау болып табылады.
Клиенттердің тиімді іріктелуі мен компаниялардың жобаларын жүзеге асыруда көмек көрсетуді қамтамасыз ету үшін «Технопарк UniscienTech» ЖШС жобаларды бағалауды олардың әкімшілік, ғылыми-техникалық, экономикалық, академиялық және жергілікті өнеркәсіптік ортасының сарапшыларын тарту арқылы ұйымдастырады. Клиенттерді іріктеу әзірленген шарттар бойынша коммерциялауға үлкен мүмкіндігі мен болашағы бар инновациялық жобаларды анықтау мақсатында жүргізіледі.
Қазіргі таңда облыста қаржы институттары (шағын бизнесті қолдау қорлары, несиелік серіктестіктер, микронесиелік ұйымдар, лизингтік компаниялар), шағын бизнесті қолдау орталықтары, консалтингтік фирмалар, кәсіпкерлер бірлестіктері, жергілікті атқару билігінің жанындағы консультативтік-кеңестік органдар ұсынған толыққанды кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымы құрылған. Барлығы облыс бойынша шағын бизнесті қолдау инфрақұрылымынның 165 бірлігі бар. Тек 2006 жылдың өзінде ғана инфрақұрылымынның 45 бірлігі құрылған, оның ішінде кәсіпкерлік мәселесі жөніндегі Сараптамалаық кеңес – 9 бірлік, қалалар мен аудандарда шағын және орта бизнес мәселелері бойынша 10 комиссия, 7 шағын несие ұйымдары, 2 несие серіктестік, 17 консалтингтік фирма.
Қорлар, несие серіктестіктері, шағын несие ұйымдары мен лизингтік компаниялар кәсіпкерлерге қаржылай елеулі қолдау көрсетуде. Кәсіпкерлерге берілетін несиелердің едәуір бөлігін екінші деңгейлі банктер (93%), ауылдағы кәсіпкерлерге несие серіктестіктері (7%) береді.
«Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту қоры» ҚФ және «Қарағанды лизингтік компаниясы» ЖШС кәсіпкерлерге елеулі қаржылай қолдау көрсетуде.
2006 жылы «Кәсіпкерлікті қолдау және дамыту қоры» ҚФ жалпы сомасы 116,0 млн.теңгелік 188 жобаны қаржыландырды. 2007 жылы жалпы сомасы 145,0 млн.теңгелік 250 жобаны қаржыландыру жоспарланып отыр, бұл 2006 жылғы деңгейден 25% жоғары.
2006 жылы «Қарағанды лизингтік компаниясы» ЖШС 23,0 млн.теңгеге 26 келісім-шарт жасады, 2007 жылы 23,2 млн.теңгеге 32 келісім-шарт жасамақшы (2006 жылға қарағанда 100,9%).
Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңына сәйкес 2006 жылы облыс әкімдігінің жанында жеке кәсіпкерліктің мүдделеріне қатысты нормативтік-құқықтық актілерді қарастырумен айналысатын кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалаық кеңес құрылады.
Сонымен қатар Салық клмитеті, Кедендік бақылау департаменті, Облыстық прокуратура мен Экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі департаменттің жанында шағын кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі Сараптамалаық кеңестер құрылып, жұмыс істеуде. Аталған Сараптамалаық кеңестердің құрамына кәсіпкерлер мен бизнесмендер қоғамдық ұйымдарының басшылары кіреді.
Облыста Шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссия жұмыс істейді, онда әлеуметтік, кәсіпкерлерге мәдени және тұрмыстық мақсаттағы нысандардың құрылысы үшін жер тілімдерін бөлумен және мемлекеттік сатып алулармен байланысты мәселелерді шешетін заңнамалық және нормативтік актілерге ұсыныстар мен өзгерістер енгізу жөніндегі мәселелер қарастырылады. 2006 жылы Шағын және орта бизнес мәселелері жөніндегі комиссияның ұсынысы бойынша бизнес-асоциациялар мен табиғи монополиялар субъектілерінің арасында Қарағанды облысындағы шағын және орта бизнес нысандарын жылу және электр қуатымен қамтамасыз ету мәселелерін шешудегі ортақ іс әрекеттер туралы меморандумға қол қойылды.
1.3.5 Мемлекеттік даму институттары арқылы жүзеге асырылатын жобалардың тиімділігі. Нәтижелерді бағалау
2005-2006 жылдары даму институттарының қарауына облыстың 86 жобасы ұсынылған болатын. Олардың ішінде «Қазақстанды дамыту банкі» АҚ-на – 23; «Ұлттық инновациялық қор» АҚ-на – 36; «Қазақстанның инвестициялық қоры Инвестициялық компаниясы» АҚ-на – 27. Инвестициялық және Инновациялық қорлармен арадағы өзара қарым-қатынас 6 жобаның, оның ішінде 4 2006 жылы қаржыландыруды аяқтауға мүмкіндік берді. Соның ішінде:
1. «Жылу күші қондырғылары үшін экологиялық таза және қауіпсіз сұйық ортаның гидродинамикалық қыздырғыштар сериясын жасау» («ТММ» ЖШС) – 7,5 млн.теңге (НИОКР);
2. «Еден жабуларын шығару» («Eurasiaflor» АҚ) – 414,0 млн,теңге. Жоба еденнің коммерциялық ПВХ жабуларын шығаруды қарастырады. Аталған өнім тозуға төзімділігімен, дизайнерлік мүмкіндіктермен (тапсырыс берушінің қалауы бойынша өрнектер, логотиптер және т.б. жасауға болады) ерекшеленеді. ТМД аумағында өндіріс пен технологияның теңдесі жоқ. Дайын өнім халықаралық стандарттар бойынша сертификатталатын болады;
3. «Отандық жаңа аса тиімді антитрихозды «Антилишай» линименті құралын ветеринарлық тәжірибеге енгізу және оны өндіріске шығару (Органикалық синтез және көмір химиясы институты)» - 7,5 млн.теңге (НИКР). «Антилишай» линименті – ірі қара мал төлдеріндегі құрғақ теміреткінің созылмалы түрін емдеуге арналған аса тиімді отандық дәрілік өнім.
4. «Ағаш үй құрылысы мен құрастырылып желімделген білеу өндірісін ұйымдастыру» («Қарағанды ағаш өңдеу комбинаты» АҚ) – 1,4
млрд.тенге. Жобада жиылмалы - қалқа үйлерді дайындау қарастырылған. Бұл үйлер «Weining» герман фирмасының автоматты жүйесінде құрастырылады.
5. «Арнайы кокс өндіру мен электр және жылу энергиясын шығару жөніндегі кешенін құру» («Қазақстан Инвест Көмір» АҚ) – 555 млн. теңге. Жобада бу турбина қондырылғыларын пайдаланып және жылу энергиясын қайта өңдей отырып, жанар газды тиімділікпен пайдалана отырып, электр энергиясын өндіру үшін арнайы коксты өндіру жөніндегі қуат технологиясы кешенін салу және пайдалану қарастырылған. Мыналар өндіріс өнімдері болып табылады: арнайы кокс; электр энергиясы; жылу энергиясы.
6. «Ісікке қарсы «Арглабин» дәрі – дәрмегін өндіретін орын ұйымдастыру» («Қарағанды фармацевтік зауыты» ЖШС) -383,4млн. тенге. Қарағанды фармацевтика зауыты шығаратын негізгі өнім – іскке қарсы «Арглабин» дәрі – дәрмегі, оның дүние жүзінде теңдесі жоқ, медицина дәрі – дәрмек тіркелімі - (№003950 от 09.12.99г) және ҚР өмірге қажетті дәрілік құралын ретінде енгізілген. Тек Орталық Қазақстанда ғана өсіп - өнетін жусанның түрі - «Арглабин» дәрі – дәрмегін өндіруге арналған негізгі шикізат болып табылады. Болашақта бұл дәрі – дәрмекпен сүт жолдары рагын, өкпені, бауырды кешенді түрде емдеу болжамдалуда, сонымен қатар тек ісікке қарсы ғана емес, сол сияқты бұл дәрінің қабынған ауруларға қарсы, жұқпалы дерттің мөлшерін анықтайтын, адам әлеуетін арттыратын қаситі және радиосенсибилизациялаушық әсері бар. Бұл дәрі – дәрмекті өндіру Халықаралық денсаулық сақтау ұйымының GMP халықаралық стандартына сәйкес келеді.
Даму институттары 72 жобадан бас тартты. Бас тартудың негізгі себептері: одан әрі коммерциялану мүмкіндігінің болмауы; күн талабына сай келмеуі; техникалық шешім дәрежесінің жетіспеушілігі; қаржылық инвестиция саясатына сәйкес келмеуі және т.б.
Жобаларды іске асырудың төмен болуы өтініш берушілер тарапынан аз пысықталуын, сонымен қатар институт менеджерлерінің ұзақ мерзімде қарауын білдіреді. Соның нәтижесінде жобалардың кейбір авторлары қаржыландырудың балама көздерін іздестіреді. Бұдан басқа, жобаларды жарты жылдан артық қарастырған Қордың Республикалық бюджет тарапынан жеткіліксіз қаржыландырылуына байланысты Инвестициялық қор олардан бас тартты.
Осыны ескере отырып, қолда бар әлеуетті тиімді пайдалану және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін Қарағанды облысы әкімдігі мен «ФУР «Қазына» АҚ арасында 2007 жылдың 20 қаңтарында өзара түсіністік пен өзара қарым - қатынас туралы Меморандум бекітілді.
Бүгінгі күні даму институттарында 10 инвестициялық жобалар қаралуда. Соның ішінде «Шойын өндірісін құру» жобасы қолдау тапты және оны Инновациялық қор қаржыландырады.
-
1.4. Қорытынды
Өнеркәсіп
Аймақтың экономикалық қауіпсіздігі барлық сала кәсіпорындарын тұрақты дамытумен баиланысты. Бүгінгі күні өнеркәсіптің динамикалық дамуы туралы айта аламыз.
Экспортқа бейімделген және халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетін жаңа өндірістерді енгізу есебінен өнеркәсіптегі көрсеткіштердің сапалы өсімі қамтамасыз етілген. Өнеркөсіпте соңғы өнім наменклатурасын кеңейтуге арналған бағыт анықталған, бұл аймақ кәсіпорындарының нарықта тұрақты жұмыс істеуіне жол ашады.
Егер біз бәсекеге қабілетті өнім өндіре отырып сыртқы нарыққа шығамыз десек, онда кәсіпорындардың техникалық жарақтануын жаңартып, жаңа тиымді технологияларды енгізуіміз қажет.
Бұл бағытта бізде бүгінгі күннің өзінде көптеген істер атқарылуда. Біздің кәсіорындар бүгінгі күні ресурс сақтаушы технологияларды енгізе бастады, бұл даиын өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға әкеледі.
Сонымен қатар шикізат базасы дамуда. Көмір, темір, марганец, мырыш, және басқа жалпы таралған пайдалы қазба өндірудің көлемі артуда.
Облыстың дамуы тау – кен, машина жасау кешенінің, тамақ өнеркәсібі мен құрылыс индустриясының одан арғы дамуымен болжамдалған. Бұған негізінен тұрып қалған кәсіпорындарды жөндеу есебінен қол жеткізуге болады, жаңа импорт алмастырушы өндірісін іске қосу, ISO сериялы халықаралық сапа стандартын енгізу.
Жалпы алғанды, облыстың экономикалық жағдайының болашағын кәсіпорын тұрақты жұмысы мен олардың инвестициялық жобаларды, жаңа технологияларды енгізу анықтайды.
Аймақтың инвестициялық әлеуетін дамытуда аймақта инвестицияның қызметін белсенділігі мен аймақтық инвестиция тартымдылығын арттыру сипатының оң тенденциясы басым бағытта.
Жалпы алғанда облыстың инвестицилық тартымдылығы дамыған өнеркәсіптік инфрақұрылымда бай шикізат басзасында, тиімді экономикалық – географиялық орналасуында, қолда бар дербес ғылыми – техникадан көрінеді. Түрлі инвестициялық және қаржы институттарының ең алдымен металлургия және тау – кен өнеркәсібі сиқты салаларын тартатынын атап өтуіміз керек.
Бүгінгі күні облыста отандық және шетелдік инвестрлар қызмет етеді, олар үшін тең жағдай жасалған.
Кіші бизнес
Аймақ экономикасының тұрақты даму динамикасына қол жеткізу көп жағдайда тиісті бизнес ауа – райын құруға да байланысты.
Бизнестің аймақ экономикасында нақты алатын орны бар, кәсіпкерлікті қорғаудың аймақтық инфрақұрылымы құрылды, нарықтық қатынастың бірізді және тиімді түрде қалыптасуын қамтамасыз етті.
Бүгінде облыс кәсіпкерлері заң шығару жұмыстарына қатысу арқылы өз ұстанымдарын бірлесіп айқындауға мүмкіндік алды. Оған Сараптама кеңесін құру арқылы қол жеткізілді.
Бұдан басқа, кәсіпкерлер кәсіпкерлікті дамыту кедергілерін жою жөніндегі жоспарлы және мақсатты іс - шараларын қолдану үшін мемлекеттік органдарға нұсқау қабылдау жөніндегі түрлі комиссия жұмыстарына белсенді түрде қатысуда.
Бүгінгі күні аймақтың маңызды деген әлеуметтік – экономикалық мәселелерін шешуде мемлекет пен бизнес – орта арасында сындарлы ара – қатынас орнаған.
Ауыл шаруашылығы
Қарағанды облысының агроөнеркәсіп кешенін тұрақты дамуының 2006-2010 жылдарға арналған Аймақтық бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2006-2008 жылдарға арналған бірінші кезектегі іс – шаралар Бағдарламасының алғашқы жылғы қорытындысының көрсеткеніндей, экономиканың аграрлық секторында нақты қорытындыларға қол жеткізілді.
2006 жылы ауыл шаруашлығының барлық шаруашылық санаттарында жаппай өнім көлемі 43,1 млрд.теңгені құрады, оның ішінде өткен жылғымен салыстырғанда мал шаруашылық өнімі 8,2%, өсімдік өнімдері - 18% артты. Ауыл шаруашылық өнімдерінің табиғи көлемінің индексі 2005 жылмен салыстырғанда 11,2 пайыздық пунктке артық.
Қарағанды облысының АӨК тұрақты дамуының 2006-2010 жылдарға арналған Аймақтық Бағдарламасының бюджеттік бағдарламасы бойынша 2,7 млрд.тенге игерілді. «КаАгро» АҚ қаржы институттары мен бөлінетін қаржының негізгі бөлігі өсімдік шаруашылығын дамытуға бағытталған.
Дымқыл қорды сақтаушы дәнді дақылдарды өндіру технологиясын енгізудің жалпы көлемі 46,4 мың. га, немесе барлық егін себу алаңының 7% құрайды. Жыртуға жарамды ауыл шараушылық жерлердің жалпы көлемінің тек 88% ғана игерілді.
2006 жылы алынған астық обылыс тұрғындарын өзімізде шырғалатын ұнмен, 2007 жылғы тұқым себуге, обылыстың тұрақтендыру қорына және мемлекеттік ресурсқаөткізу үшун жеткілікті.
Мал шаруашылығы өндірісі мен өнімдерін сатуда даму үрдісі байқалады, мал басының саны көбейіп, малдардың өнімділігінің арқасында саланың сапалық көрсеткіштері жақсарды. 2005 жылмен салыстырғанда мал өнімдерінің барлық түрлерін шығару көлемі орта есеппен 7%, ал барлық малдар мен құстардың шартты саны 2,9% өсті.
Мал өнімдерінің орташа-тауарлық өнімділігімен мамандандырылған шаруашылықтың 7 бірлігі ұйымдастырылды, ведомство аралық сараптамалық комиссия 5 асыл тұқымдық шаруашылықты аттестациялады.
2006 жылдың аяғында халықаралық стандарттарды енгізген қайта өңдіруші кәсіпорындардың саны облыс бойынша 10 бірлікті құрады.
Қайта өңдіруші кәсіпорындардың техникалық жабдықталуын жақсарту бойынша іс - шаралар ауылшаруашылық өнімдерінің қайта өңдеу үлесін өсіруге және шығарылатын өнімнің сапасын жақсартуға, яғни кәсіпорындардың нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік берді.
Ауылшаруашылық өнімдерін шығару көлемінің, мал мен құстардың санының өсуі есебінен облыстағы ауылшаруашылық өнеркәсібінде 1281 жұмыс орны құрылды, бұл жоспардағыдан 175 орынға немесе 16% артық.
2007 жылы облыстың ауылшаруашылық құрылымдары 693,6 мың гектар жерге дәнді дақылдардар себеді. Шаруашылықтардың барлық санаттарындағы картоптың ауданы 9,25 мың гектар, көкөніс – 2,31 мың гектар. Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өсіру: бидай – 555 мың тонна, картоп – 141,2 мың тонна, көкөніс – 48,5 мың тонна.
Жер өңдеуде өсімдік өсіретін шаруашылықтарды ірілендіру және машина-тракторлық паркті жер өңдейтін және тұқым себетін техниканы қазіргі заман талаптарына сай тұқым себу кешендеріне ауыстыру арқылы инновациялық технологияларды қолдану бойынша жұмыстар жалғасады.
Ауылшаруашылық өнеркәсібін техникалық жабдықтау аграрлық сектордың дамуының негізі болады. 2007 жылы ауылшаруашылық техникасы мен қайта өңдеу кәсіпорындарына арналған жабдықтары лизингі саласындағы инвестицияларды арттыру жоспарланып отыр. Лизингтік негізде «Қазагрофинанс» АҚ арқылы 780 млн.теңгеден астам сомаға ауылшаруашылық техникасының 131 бірлігі мен агрегаттар сатып алу жоспарланып отыр.
Облыстың ауылшаруашылық құрылымдары ауыл шаруашылық дақылдарын жоғары өнімді шетелдік техниканы қолдану арқылы өңдеудің жаңа технологияларына біртіндеп өтуде. «Хорш», «Морис», «Гриме», «Амазоне», «Лемкен» және т.б. сияқты аттары әлемге әйгілі машина шығаратын компаниялардың техникасын сатып алу жоспарланып отыр.
Мал шаруашылығы саласындағы басымдық бағыттар: мал шаруашылығының асыл тұқымды базасын кеңейту (2 асыл тұқымды шаруашылық құру, соның ішінде: сүтті бағыттағы мүйізді 1 ірі қара мал шаруашылығы және 1 етті-майлы қой өсіру шаруашылығы), қолдан ұрықтандыру және ірі қара малды жемдеу бойынша мамандандырылған кәсіпорындар ұйымдастыру арқылы жергілікті малдардың өнімділігі мен тұқымын жақсарту.
2007 жылы 56,3 мың тонна ет, 304 мың тонна сүт, 1500 тонна жүн, 208 млн. дана жұмыртқа шығару көзделіп отыр. Жылдың аяғында 402 мың бас ірі қара мал, 892 мың бас қой-ешкі, 123 мың бас жылқы, 112,0 мың бас шошқа, 1803 мың бас құс шығару жоспарланып отыр.
2007 жылы «Аграрная кредитная корпорация» АҚ арқылы жеңілдік несиелеу есебінен қайта өндіруші кәсіпорындарға арналған дайындау инфрақұрылымын құру бойынша жұмыс жалғастырылады. Облыстағы 6 елді мекенде жабдықталған дайындау пунктерін құру жоспарланып отыр.
Қайта өндіруші кәсіпорындар өз қаржыларының есебінен халықаралық стандарттарға сай шетелдік жабдықтар орнатуды жоспарлап отыр: бидайды қайта өңдеу бойынша «Ас-Екен» ЖШС, сыра қайнату зауыты «Эфес-Қарағанды» БК АҚ, етті қайта өндіру бойынша «Тай» ЖШС және балмұздақ шығаратын «Айсберг» ЖШС. Теміртау қаласындағы «Шулемин» ЖК лизингтік негізде «КазАгроФинанс» АҚ арқылы лизингтік негізде 44,0 млн.теңгеге балықты қайта өндіру бойынша қазіргі заман талабына сай желіні сатып алуды жоспарлап отыр.
Сапа сласы мен ISO 9001 халықаралық стандартқа көшуге насихаттау бойынша жұмыс жалғастырылады. 8 азық-түлік өнеркәсібі кәсіпорындарында халықаралық стандарттарды енгізу жоспарланып отыр.
Құрылыс
Тұрғын үй құрылысының үш жылдық жоспары екі жыл ішінде орындалды және 20% асыра орындады. 2005-2006 жылдары барлық қаржыландыру көздерінің есебінен екі жыл ішінде 21279,5 млн.теңге игерілді, 5711 отбасы пәтер алды.
2007 жылы ипотекалық үй салуға 440 млн.теңге көлемінде несиелік қаражат бөлінді. Сонымен қатар, облыста қаржыны қайта пайдалану есебінен ипотекалық тұрғын үй құрылысы әрі қарай дамытылады.
«Қарағанды облысы бойынша тұрғын үй құрылысын дамытудың 2005-2007 жылдарға арналған аймақтық бағдарламасын» іске асыру жөніндегі іс - шаралар жоспарына сәйкес өткен жылмен салыстырғанда 30% өсуін ескере отырып, 2007 жылы тұрғын үй беру қарқыны арта түседі.
Жастар саясаты
«2005-2007 жылдарға арналған Қарағанды облысының жастары» бағдарламасын жүзеге асыру жастардың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, рухани, мәдени, білім беру, кәсіби қалыптасуы мен дамуы, олардың қоғам мүддесі үшін шығармашылық мүмкіндіктерінің ашылуы үшін жағдай жасайды. Бағдарламаны жүзеге асырылу нәтижесінде жастардың мемлекеттік жастар саясатын құру мен жүзеге асыруға қатысу деңгейі өсті; жастар әлеуметтік маңызы бар бастамалары жүзеге асырады; жастар арасындағы қазақстандық отансүйгіштік сезімі нығая түсті. Жастардың қоғамдық және азаматтық белсенділігі олардың мамандықтар мен мүдделер бойынша құрылған қоғамдық бірлестіктердің қоғамдық-саяси қызметіне қатысуға деген ұмтылысынан байқалады.
Құрылыс және еңбек отрядтарында жастар қозғалысының артуы, қоғамдық қарым-қатынастар деңгейі мен жастардың білімі мен саяси сауаттылығының өсуі байқалады.
Ауылдық жерлердегі жастар қозғалысы жанданды, қозғалыс дәстүрлі емес жұмыс түрлері және дене шынықтыру, денсаулық сақтау, спорт, білім беру, мәдениет салаларына жаңа технологияларды енгізу арқылы жастарды салауатты өмір салтына шақырады.
Қазіргі таңда Қарағанды облысында жастардың 38 қоғамдық бірлестігі жұмыс істейді (2005 жылы – 32, 2006 жылы – 35), олар жастардың әлеуметтенуі, жұмыспен қамту, шығармашылық қалыптасу, демалыс уақытын ұйымдастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықпен күрес, кәмелеттік жасқа жетпегендер арасында заң бұзушылықтың алдын алу, жастардың құқықтарын қорғау, білім және ғылыми бағдарламалар арқылы жас ұрпақты қолдау сияқты жастар проблемаларын шешу ісінде белгілі бір орын алады. 2005 жылы құны 4630,0 мың теңгелік 14 әлеуметтік маңызы бар жоба, 2006 жылы 5770,0 мың теңгелік 16 жоба жүзеге асырылды.
Мемлекет пен қоғамдық бірлестіктердің өзара байланысын облыс әкімінің жанындағы консультативті-кеңестік орган мәртебесіне ие Жастар ісі жөніндегі кеңес жүзеге асырады және жастар қоғамдық бірлестіктерінің қызметі, олардың мемлекеттік билік органдарымен қарым-қатынасы мәселелері бойынша ұсыныстар жасайды. Кеңес қызметіне анализ жасау жастардың жұмыспен қамту, тұрғын үймен қамтамасыз ету, демалыс уақытын ұйымдастыру, шығармашылық қалыптасу үшін жағдай жасау және т.б. мәселелерін шешу бойынша жүргізілетін мақсатты жұмыс жастардың елде жүргізіліп жатқан реформаларды қолдауына мүмкіндік туғызатындығын көрсетті.
Осылайша облыста мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында жүргізілетін іс шаралар жастардың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін, жастар проблемасын дер кезінде шешуге, мемлекеттік құрылымдардың жастардың қоғамдық бірлестіктерімен ара қатынасы механизмін реттеуге жағдай жасайды.
Қоршаған ортаны қорғау
Қоршаған ортаны қорғау бойынша мәдени айналымға, жаңа ағаштар отырғызу, қолдан отырғызылған жасыл ормандарды қалпына келтіру және оларды күтіп - баптау жұмыстары, ормандар мен атмосфераның санитарлық жағдайын жақсарту үшін санитарлық мақсатта ормандарды кесу және өртке қарсы іс шараларды өткізу есебінен техникалық қоқыстан тазартылған жерлерді қайтаруға мүмкіндік береді. Кезбе иттерді ату жөніндегі шаралар адамдар мен малдардың құтырып ауруынан қорғауға мүмкіндік береді. Жұмыс істеп тұрған тазарту құрылғыларын қалпына келтіру және жаңаларын салу арқылы ағынды және фекальды (кәріз) сулардың жер асты суларына түсуін азайтады, бұл аймақтағы санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды жақсартады, эпидемиялардың, тұзды және батпақтанған жерлердің пайда пайда болу мүмкіндігін азайтады.
2. 2008-2010 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттары
2.1. Әлеуметтік-экономикалық дамудың проблемалық мәселелері
Өнеркәсіп
2007 жылғы 28 ақпандағы Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында көрсетілгендей мультипликативті әсері бар жаңа технологиялық және жүйе құраушы өндірістерді дамыту үшін жағдай жасау керек.
Қайта өңдеуші өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметіне талдау жүргізу барысында өндірістің дамуына кедергі болатын бірқатар проблемалар анықталды. Олардың бастылары – негізгі қорлардың тозуы (50% астам), ликвидті емес кепілдік мүлікке байланысты несиелер бойынша жоғары пайыздық мөлшерлеме, салықтың жоғары жүктемесі және импортты жоғары технологиялық жабдықтарды әкелуге салынатын жоғары кедендік баж салығы.
Қазіргі таңда Қарағанды облысының машина құрылысы саласын дамытудың үлкен өндірістік әлеуеті бар. Алайда, шикізат қорының, жерасты ресурстары мен адамдар потенциалы бола тұра біздің облыста машина құрылысын әрі қарай дамытудың мүмкіндігі мен жағдайы жоқ екендігін айта кету керек. Бұл салада да өндірістің негізгі қорлары іс жүзінде толық тозған, бұл кәсіпорындардың бар күшін салып жұмыс істеуіне мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар «Миттал Стил Теміртау» АҚ-ның шикізатқа (металл өніміне) деген жоғары сату бағасы жұмыс істейді. Мұның барлығы түбінде шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілетсіздігі мен жоғары қосымша құнның болмауына әкеліп соғады. Сонымен бірге машина құрылысы өнеркәсібінің жалпы көлемінің 75,0% өнеркәсіптік сипаттағы қызметтер құрайды (жылжымалы құрылымдар, тау-кен шахта жабдықтарын жөндеу).
Азық-түлік өнеркәсібінде: кондитер өнімдерінің Қазақстанға импортының өсуі отандық өнімдердің сатылуының азаюына, кәсіпорындардың жоғары әлеуетті мүмкіндіктері бар болғанда өндіріс табыстылығы төмендеуіне, өндіріс көлемін арттыруға қолдан кедергі жасауға әкеліп соғады. Импортталған өнімдердің төмен, демеу бағалары қазақстандық кондитерлерді теңсіз бәсеке жағдайына әкеліп соқты.
2005 жылы кондитер өнімдерінің үш тобын әкелуге кедендік баж салығын 6 айға уақытша көтеру өндіріс көлемін 32-35% көтеруге, өндірістік қуатты 75% қосуға, жаңа уақытша жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді.
Жеңіл өнеркәсіп өте қиын жағдайда. Тоқыма және тігін өнімдерінің Қазақстандық рыногы Қытай мен ТМД елдерінің импорт өнімдеріне толы, бұл өз кезегінде отандық кәсіпорындардың дамуына мүмкіндік бермейді. Бұл ең алдымен бәсекеге қабілетсіз отандық өнімдердің шығарылуына, айналым қаражатының жетіспеушілігіне байланысты
Осы салада білікті мамандардың жоқ болуымен. Екінші дәрежелі банктер бұл саланың кәсіпорын қызметтерін еріксіз қаржыландырады, олар мұны жалға беретін мүліктің табысты болмауымен және жоюға болмайтынымен түсіндіреді, оның үстіне ұсынылатын пайыздық мөлшерлемесі жеткілікті дәрежеде жоғары.
Минералдық-шикізат ресурстарының болуы, құрылыстың артуы оның ішінде жаңа астанының құрылысы сапалы құрылыс материалының түрін шығару үшін жаңа ресурсты сақтаушы технологияны игеруге мүмкіндік береді. Бірақ бірқатар проблемлар бар. Өз өндірістерінде металл өнімдерін пайдаланатын құрылыс индустриясының өндіріс кәсіпорындары өздерінің соңғы өнімдерін шығару үшін «Миталл Стил Теміртау» АҚ – да металл өндіретін сатылу бағасы өте жоғары болғандықтан, шетелден сатып алуға мәжбүр. Көліктік мәселесі құрылыс индустрияасы шығаратын өнімдердің өзіңдік құнына әсер етеді. Қазіргі кезде обылыс әкімдігі «Миттал Стил Теміртау» АҚ және Қазқстан Республикасының индустрия және сауда министірлігімен бірлесіп «Металлургия-металды қайта өндеу» класстерінің қатысушылары үшін металл өнімдерінің сатылу бағасын төмендету жөніндегі мәселені шешуде.
Бүгінгі күні аймақтың сыртқы нарықтағы өнім жиынтығы өте аз, негізінен қосымша құны төмен өнімдер басым. жиһаздар, өндірістік және тұрмыстық техникалар, құрылыс материалдары, киім және аяқ киімдер қатар ауыл шаруашылық өнімдері де импорттық тауарлармен алмастырылған.
Энергетика
Облыстың энергиялық балансының талдауы бойынша қазіргі кезде Қарағанды энергия торабы электр энергиясы жағынан да, қуаты жағынан тапшы. 2050 МВт жарықты жалпы пайдалану кезінде 8 электр станция генерациясы 500 МВт дейін тапшылығы кезінде 1550 МВт құрайды.
Электр пайдалану өсім болжамы Қарағанды энергия торабы мына қуат тапшылығын көрсетеді:
2010 жылы – 598 МВт,
2015 жылы – 840 МВт.
Қарағанды облысындағы электр энергиясы мен қуат тапшылығы мәселесінің шешілмеуі бұл тапшылықты «Қазақстанның Оңтүстік - Батысы» электр транзитінен және қазіргі кезде салынып жатқан екінші «Қазақстанның Оңтүстік - Батысы» транзитінің электр беру торабынан алу есебінен жабуға әкеледі. Бұл - энергия тапшылығын көріп отырған Оңтүстік Қазақстанға электр энергиясын және қуатын беруді шектейді.
Облыста қуат тапшылығын төмендету және жүктеме өсімін жабуды қамтамасыз ету жаңа генератор қуатын салу есебінен жүзеге асуы тиіс. Жаңа генератор қуатын енгізудің ең төменгі қажетті көлемі мыналарды құрайды:
2010 жылға – 400 МВт,
2010 – 2015 жылдар аралығында – 600 МВт.
Шағын бизнес
Кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметшілердің өзара қарым – қатынас тәжірибесі екі жақтың тең дәрежедегі байланыстың жеткілікті, қабылданатын шешімдердің салдарының үлгісінде ұтымдылықтың жоқтығын көрсетеді. Кәсіпкерлік қызмет теориясы мемлекеттік басқару және бизнес-қызметтің тәжірибесінен тыс қалып отыр. Бұл аймақтың ғылыми және педагогикалық қызметкерлерін тартуды және оларды тиімді пайдалануды, аймақтық маңызы бар қызмет жобасын құруды және іске асыруды қиындатады. Бұдан шығатын заңды құбылыс - аймақтық субъектілердің интеллектуалдық, қаржы және басқа ресурстардың, тараптардың бір – біріне өзара талап қоюы, қаланың және ауылдың дамуында қатынастың үзілуі және т.б.
Сөйтіп, нарықтық біліктіліктің жетіспеушілігі мен субъектілердің аймақтық қызметтерінде серіктестік қарым – қатынастың құрылмауы Қарағанды аймағының кіші кәсіпкерлігін дамытудағы негізгі проблема болып табылады.
Проблемалар ғылыми - әдістемелік, білім беру және ұйымдастырушылық- құқықтық сипатта.
Ғылыми - әдістемелік сипатының проблемалары:
-
Қарағанды аймағының интеллектуалдық, қаржылық, материалдық - техникалық ресурстары мәселесінде кәсіпкерлердің, мемлекеттік қызметшілердің және мамандар арасында мамандық салалары бойынша өзара қарым – қатынасын жүйеге келтіру қиындықтарын анықтау және серіктестік қарым – қатынасты орнату жөніндегі зерттеулердің болмауы;
-
Кәсіпкерлік икемділікке жол ашатын педагогикалық жаңа технологиялардың болмауы;
-
Нарықтық ойлау мен мамандық қарым – қатынасты құру әдістемесі және тараптардың ұйымдасқан байланысы және көзқарас келісушілігі жоқ, тиісті оқыту - әдістемелік оқу құралдары жетіспейді.
Білім беру сипатындағы проблемалар:
-
Басқарушы қызметкерлердің, кәсіпкерлердің, педагогтардың, инженерлердің, экономистердің, заңгерлердің және басқа мамандық иелерінің басым көпшілігі нарықтық ойлаудың әдістемелік негізін, байланысын, көзқарастарды келісу жоладрын, кәсіпкерлік қызмет теориясын білмейді;
-
аймақтың көптеген субъектілерінің бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтерді құруды анықтайтын бәсекелестік қабілеттілігі жоқ;
Ұйымдық – құқықтық сипаттағы проблемала:
-
салалық, ведомствалық және аймақтық нормативтік құқықтық актілердің – нормативтік құқықтық базаның келісілмеуі;
-
нарық субъектілері арасында мамандық аралық және серіктестік қарым – қатынас құру саласында маманданатын ақпараттық, аналитикалық, жобалаушы, сараптамалық, консалтингтік және білім беру құрылымдары торабы – кәсіпкерліктің интеллектуалдық инфрақұрылымы жеткілікті дәрежеде дамымаған.
Сөйтіп, Қазақстанның, оның ішінде Қарағанды аймағында кәсіпкерлік қызметті дамытуда мемлекеттің қатысы ел ішінде, сол сияқты одан шет жерлерде бәсекеге қабілетті бизнесті арттыру үшін жағдай туғызу қажеттілігімен анықталады.
Ауыл шаруашылығы
Қарағанды облысының агроөнеркәсіп кешенінің тиімді түрде дамуын тежейтін көкейкесті факторлар:
-
ұсақ тауарлық және ұйымдаспаған агроқұрылым санының көптігі;
-
агротехнологияның ғылыми – негінің сақталмауы, ауыл шаруашылық құрылымдары агротехникалық жұмыстардың оптималды мерзімі ұстанбауы;
-
қолда бар комбайндық - тракторлық және машина паркінің жоғары дәрежеде ескіруі;
-
облыстың мал шаруашылығының қазіргі жағдайы ұсақ тауар, өндірісі ұйымдаспаған, мал өнімдерін шығарудың технологиясының қарапайымдығымен, ауыл шаруашылық малдарының генетикалық әлеуетінің төмендігімен, жемшөп өндіру мен азықтандыру жүйесінің бұзылуы сипатында;
-
жалпы мал басына тұқымдық малдың жеке салмағының төмендігі.
Ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу саласында:
-
негізгі өндіруші қорлардың моральдық ескіруі және жоғары деңгейде табиғи тозу;
-
технологиялық жабдықтармен төмен жарақтануы сапалы және халықаралық стандартқа сәйкес өнімдерді шығаруға және өндірістің өзіндік құнын төмендетуге жол бермейді;
-
өндірушілердің (тұрғындардың) шикізат сапасының төмендігі;
-
өткізу нарығындағы жоғары бәсекелестік;
-
білікті мамандардың жетіспеушілігі;
-
шикізатты оны одан әрі қайта өңдеу үшін дайындау жүйесінің әлсіздігі;
-
ISO сериясының халықаралық жүйесін енгізу жөніндегі жобаны іске асыру үшін қаржы қиыншылықтары
Көлік
Мыналар бұл саланың тұрақты дамуына кедергі келтіретін негізгі проблема болып табылады:
Автомобиль көлігінің жылжымалы құрамының жоғары дәрежеде тозуы, негізгі қордың ескіру бағытының сақталуы.
Жеткізушілердің жылжымалы составты жаңартуда шектеулі қаржы мүмкіндігі, инвестицияның аз құйылуы.
Қала арасында және облыс арасында жолаушыларды автобустармен тасымалдаудың үйлесімдік механизмінің болмауы.
Саланың ақпараттық қамтамасыз етілу жүйесінің болмауы.
Халықаралық стандартқа сәйкес келетін жылжымалы составтың болмауы.
Облыстың автомобиль жолдарында сервистік қызметтің болмауы.
Жастар саясаты
Еліміздегі қоғамдық – саяси жағдайының даму динамикасы аймақтар мен облыстар деңгейінде ішкі саясат процесі үшін жауапты мемлекеттік органдардың жұмысын сапалы түрде жақсаруын талап етеді.
Ішкі саясат саласымен айналысатын жергілікті атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін арттыру және жұмысты жақсарту мақсатында қалалар мен аудандардың ішкі саясат бөлімдерінің (бұдан әрі – ІСБ) ішкі саясат департаментіне «тік вертикаль» бағыныстылық мәселесін шешу қажет.
Жоғары тұрған орындарда (Қазақстан Республикасының мәдениет және ақпарат министрлігі) департамент бөлімдерінің нақты кураторлары жоқ.
Облыстың бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс істеу кезінде Қазақстан Республикасының «Бұқаралық ақапарат құралдары туралы» заңнамасын дөрекі түрде бұзатын БҰҚ қатысты департаменттің қысым тетіктері жоқ.
Аталмыш мәселелер Қазақстан Республикасы Үкіметі дәрежесінде шешім қабылдауды талап етеді.
Көші – қон
«Тұрғындардың көші – қоны туралы» ҚР Заңының 29-3 бабына сәйкес тұрғындардың көші – қон саласында қоғамдық қарым – қатынасты реттейтін жергілікті атқарушы органдар оралмандарға жұмысқа орналасу, біліктіліктерін арттыру және жаңа мамандықты игеруде көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.
Бірақ көп жағдайда оралмандар жұмысқа тұру және біліктілтерін арттыру мәселелерінде нақты қиыншылықтарға кездеседі, олардың себептері мыналар:
1. Тұрғылықты орны (тіркелімі) және тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелімінің жоқ болуы;
2. Жұмыссыз ретінде есепке қою рәсімі туралы ақпараттық дәрежесінің төмендігі ;
3. Жұмыс берушілердің оларға шетелдік жұмыс күшін «заңсыз» түрде тартқаны үшін санкция қолданады деп қорқуына байланысты «оралман» мәртебесі бар әлеуетті жұмыскерлерге деген жұмыс берушілердің сенімсіздігі.
Тұрғындарды жұмыспен қамту саласында:
-
әсіресе жергілікті жұмыс рыногында жұмыс күшінің сұранысы мен ұсынысының кәсіптік - біліктілік құрылымына сәйкес келмеуі;
- ауылдық жерлерде жұмыс орнының жетіспеуі;
-
кадрларды дайындау экономиканың талаптарына сәйкес келмейді;
-
халықтың жекелеген топтарын жұмысқа орналастыру қиындығы (әйелдер, жастар, зейнеткерлікке шығатын жас аралығындағы тұлғалар, мүгедектер);
-
шектес мемлекеттерден жұмыс күшінің заңсыз келуі;
-
жұмысшылардың ауылдық аудандардан қалалық жерлерге көшіп-қонуы;
-
жұмысшылардың жалпы саны бойынша мамандығы жоқ әйелдердің үлес салмағының ұлғаюы (әсіресе ауылдық жерлерде);
-
бизнес пен кәсіпкерліктің дамуына шектелген мүмкіндіктер мен білім беру деңгейінің жеткіліксіздігіне байланысты ауылдық аудандардағы жастар жұмыссыздығының жоғары деңгейі;
-
техникалық мамандықтардағы білікті кадрлардың, жоғары білікті жұмысшылардың жетіспеушілігі.
Жергілікті атқарушы және өкілетті билік органдары мүмкіндіктері шектелген тұлғалардың әлеуметтік қорғалу мәселелеріне ерекше назар аударады.
Алайда, жүргізген жұмыстарға қарамастан, облыста бүгінгі таңда мүгедектерді әлеуметтік қорғау бойынша бір топ мәселелер орын алады.
Психо-неврологиялық бағыттағы медициналық-әлеуметтік мекемелерде қажеттілік тұрақты сипат алуда.
Облыста облыстық бюджеттің қаражаттары есебінен қаржыландырылатын ересек тұрғындарға арналған үш психоневрологиялық интернат үйі (олардың жатын ауқымы – 1180 жатын орын) және ақыл-ойы мешеу балалар үшін бір интернат үйі жұмыс істейді (360 жатын орын).
Қарағанды облысының денсаулық сақтау департаментінің мәліметтеріне сәйкес созылмалы психикалық науқастан зардап шегетін 18 жастан асқан тұлғалардың саны 7175 адамды құрайды. Солардың ішінде 6315 адам – 1-2 топтағы мүгедектер арнайы бағытталған интернат-үйіне жіберуге әлеуетті үміткерлер болып табылады.
Мүгедектердің хал-ахуалын талдау көрсетіп отырғандай, кейінгі 10 жылда созылмалы психикалық науқастан зардап шегетін азаматтардың саны 6 есеге өскен. Бұл психоневрологиялық интернат үйлеріне кезектің өсуінің бірден бір себебі, 2007 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша 439 адамды құрады.
Кезектің болу жағдайы барлық қажет етуші мүгедектерді интернаттар жатын орындармен қамтамасыз етуге жағдайы жоқ екендігін дәлелдейді, ал психоневрологиялық интернаттардағы бірен-саран босатылатын орындар тіпті ІІБ (ЦВИАРН), денсаулық сақтау мен білім беру органдарының жіберіп отырған тұлғаларының талабын қанағаттандырып отырған жоқ.
Бұл мәселелер мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелердің желілерін бұрынғы тұрғылықты жеріне мейлінше жақынырақ, әсіресе психиневрологиялық интернаттарды әрі қарай кеңейту қажеттілігін дәлелдейді.
Бұрынғысынша облыста әлеуметтік қамтамасыз ету мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту мәселесі көкейкесті болып отыр.
Интернат үйлері сонау кеңестік уақытта (60-70 жылдары) өзінің жұмыс істеуін бастады және кеңес уақытының талаптарына жауап беретін жабдықтармен жарақталған. Сол жабдықтар бүгінгі күні моралды тұрғыдан ескірді, күнделікті артылып отырған жүк-салмақтан жиі істен шығады. Ескірген жабдықтарды жөндеуге кететін қаражаттар өзін ақтамайтын жағдайға жетіп отыр, оларды жаңалау қажет.
Жыл сайын 2005-2007 жылдар бойына интернат үйлерінің материалдық-техникалық базасын нығайтуға облыстық бюджет 5 миллион теңгеден 6 миллион теңгеге дейін қаржы бөледі, алайда сұраныс қажеттілігі әлдеқайда жоғары. 2007 жылы интернат үйлері 37,7 миллион теңге сұраныс қажеттілігін білдірді, бірақ бар болғаны 4,6 миллион теңге бөлінді, немесе бар қажеттіліктің 12%.
2007 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша облыстың аудандар мен қалаларында мүгедектердің мейлінше жиі келетін ғимараттары мен құрылыстарына 462 пандус және жер төле жолдары орнатылды. 2007 жылы Қарағанды, Теміртау қалаларының бюджеттерінде үкіметтік емес ұйымдардың әлеуметтік тапсырыс механизмі арқылы мүгедектерді көлікпен қамсыздандыруды ұйымдастыруға 18 миллион теңге шамасында қаржы қарастырылды. Алайда, облыста бүтіндей алғанда мүгедектердің әлеуметтік және дем алатын инфроқұрылымға бөгетсіз кіруіне жағдай жоқ.
Өздігінен қозғалуы қиын адамдар үшін қоғамдық көлікке қол жетімділігі, мүгедектерге немесе мүгедегі бар отбасыларға берілетін тұрғын үйлерді арнайы құралдармен және құрылғылармен жабдықтау мәселелері шешімін таппаған проблема болып отыр.
Қоршаған ортаны қорғау
Экологилық қауіпсіздік Тұжырымдама ережесін іске асыру мақсатында қоршаған ортаны қорғау министрлігінде Қазақстан Республикасының экологиялық тіркелімі бекітілді. Бұл Тіркелімге Қарағанды облысының экологиялық проблемалары енгізілген. Олар: такие как очистка донных отложений реки Нұра өзенінің тұнбасын тазарту және бұрынғы «Карбид» ӨБ өнеркісіптік алаңын сынаптан ластанудан, қалдықтарды қайта өңдеу зауытын, уланған қалдықтар полигонын салу, иесіз бұзылған жерлерді қалпына келтіру, тазартқыш құрылғыларын қайта жаңарту және салу, Балқаш көлі мен әскери - сынақ полигоны мәселелері.
Білім беру
-
12-жылдық оқытуға көшуге байланысты, ҚР білім және ғылым министрлігіне жіберілген облыс мұқтадығына сәйкес республикалық бюджеттен оқу ғимараттарын салуға және материалдық - техникалық базасын нығайтуға мақсатты қаржы бөлуді қамтамасыз ету қажет. Ауыл мектептерінің әрбір үшіншісінің физика, химия кабинеттері жабдықталмаған, спорт залдары, шеберханалары жоқ. Мектеп жиһаздары, оқыту жабдықтары ескірген және ауыстыруды қажет етеді.
-
Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауын орындау мақсатында бұрын жабылған балабақшаларды қалпына келтіру, жаңадан салу және ашу жолымен мектепке дейінгі ұйымдардың қызметінің қол жетімдігін бірлесе отырып кеңейту керек. Осыған байланысты қайта енгізілетін мектепке дейінгі ұйымдарды құруға және ұстауға облыста қосымша қаржы бөлу мәселесін мемлекеттік деңгейде шешу қажет. Облыста 7349 бала мектепке дейінгі ұйымдарға орналастыру кезегінде тұр (2005 ж. - 5358 бала).
-
Жалпы білім беретін мектептердің оқушыларын толық толық мәнді тамақтануын және оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету пайызын арттыру мақсатында барлық мектептерде асхана құру және мақсатты қаржыландыру есебінен олардың материалдық базасын. Қазіргі кезде асхананың технологиялық жабдықталуы арендаторлар есебінен қолдау көруде, бюджет есебінен қаржы бөлінбейді.
-
Барлық білім беру ұйымдарының жартысына жуығы өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына сәйкес емес, өртке қарсы автоматты дабылмен жарақтанбаған, бастапқы өрт сөндіргіш құралдармен толығымен қамтамасыз етілмеген, жыл сайын арнайы құралдармен жасалынатын өртке қарсы өңдеу жұмыстары жүргізмейді. Бұл мәселені шешу үшін қосымша қаржы қажет.
Денсаулық сақтау
-
облыстың емдеу-алдын алу ұйымдарының материалдық – техникалық базасының төмен болуы;
-
облыстың емдеу-алдын алу ұйымдарының 62%-ы бейімделген ғимараттарда орналасқан;
-
кадрлардың жетіспеуі: 01.01.2007 жылы облыста дәрігер мамандарының жетіспеуі 483 бірлікті құрады, оның ішінде: аудандар бойынша – 96, қалалар бойынша – 387.
Мәдениет
-
балаларды және жасөспірімдерді бұрынғыдай «музыкальных абонементтер» арқылы жүзеге асырылатын эстетикалық тәрбие беру жүйесі жоғалған;
-
төмен жалақы мен тұрғын үйдің жоқтығынан жас дарындардың келмейді және тұрақтамайды;
-
балет әртістерінің, вокалистердің, үрлеме құрал әртістерінің зейнеткерлікке шығу мәселелері шешілмеген;
-
театрлар мен концерттік ұйымдар толық мәнді шығармашылық қызметті қамтамасыз етпейтін көлемде қаржыландырылады;
-
облыстың барлық мұражайларында қор жинағын сақтау шарты қазіргі заман талғаттарына сайкес емес. Облыстың жоғары оқу орындары мұражай мамандарын дайындамайды. Облыс жоғары оқу орындары мұражай мамандарын даярламайды;
-
Мәдениет мекемелерінің төмен дәрижеде материалдық-техникалық қамтамасыз етілеуі.
Қазақстан Республикасы мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің 2002 жылғы 8 мамырдағы №118 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының кітапхана мекемелерінің қызметі туралы Ережеге сәйкес кішігірім елді мекендерде ауылдық кітапханалар ашу, мемлекеттік кітапхана ашу 500 ден 1500 тұрғыны бар кенттер мен ауылдарда қызмет көрсету кітап қоры 3 мың данадан кем емес қарастырылған.
Спорт
-
спорт мектептерінде жеке спорт базасының болмауы
-
спорттық базаларды қажетті спорттық керек – жарақтармен және жабдықтармен аз жарақталуы
-
білікті мамандардың жетіспеуі
-
спортсмендер мен жаттықтырушыларды оқыту – жаттықтыру жиындарына қатысуға, түрлі рангтегі жарыстарға қатысуға, спорттық керек – жарақтарды және спорттық киімдерді сатып алуға қаржының жеткіліксіз болуы.
-
2.2 2008-2010 жылдарға арналған социально әлуметтік-экономикалық дамудың мақсаттары мен міндеттері.
-
2008-2010 жылы әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттары Президенттің Қазақстан халқына арнаған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында анықталған мақсаттар мен міндеттерге, ҚР Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасына, 2003-2015 жылдарға арналған индустриалдық - инновациялық стратегиясына сәйкес келеді.
Қазақстанның жақын жылдары бәсекеге қабілетті дүниежүзінің 50 елдің қатарына енуі үшін облыста қолайлы жағдай тудыру, облыс халқының өмір сүру сапасын арттыру 2008-2010 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық саясаттың негізгі мақсаты болып табылады.
Алдыға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін мына міндеттер шешілмек:
өнеркәсіпте:
- өнеркасіп өнімдерін өндіру көлемін қамтамысыз ету. Сөйтіп 2008 жылы 803,6 млрд. теңгеге, ал 2010 жылы 912,7 млрд. теңгеге арттыру;
- жоғары дәрежеде қосымша құн салығы бар салаларды алдыңғы қатарлы және басым бағытта дамуына жағдай жасау (машина құрылыс, химиялық, құрылыс индустриясы, металлургия 4-й);
- наукоемка және жоғары технологиялық өндірістерді құруды ынталандыру;
- экономика салаларының халықаралық сапа стандартына өту, және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
- құрылыс индустриясы, металлургия 4 және 5 переделов, машина құрылысы және химия өнеркәсібі сияқты экономиканың жүйе орнататын негізгі салаларының одан әрі дамыту;
- дүниежүзілік стандартқа сәйкес келетін жоғары дәрежелі жаңа технологияларды әзірлеу және енгізу;
- импорт алмастырушы және экспортқа бейімделген өнімдерді шығаруды кеңейту;
- жоғары дәрежеде дайындалған өнімдерді шығара отырып, шикізатты тереңдетіп қайта өндіру жөніндегі жаңа өндірістерді дамыту;
- өнеркәсіп саласына инвестиция тарту;
- алждыңғы қатарлы әдістемелерді, технологиялық жүйелерді және жаңалықтарды енгізу, ескі технологиялардың қысқарту (рост инновациялық өндірістің өсімі).
Сыртқы экономикалық саясатта:
- облыс кәсіпорындарында сыртқы сауда серіктестерімен байланыс орнату, ұлттық және халықаралық рыногындағы орнын іздестіру;
- кәсіпорынды техникалық қайта жарақтау;
- батысқа қарағанда төмендетілген нормалар бәсекелестермен демпинг болып түсүндуруне байланысты экология шығындары, еңбек жалақсының денгейін халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкестендіру;
- еңбек өнімділігін арттыру жөніндегі жағдай туғызу іс – шараларын әзірлеу. Шетел компанияларымен нақты серіктестігі біздің көрсеткіштерді арттыру жағдайында ғана мүмкін болғандықтан, сыртқы экономикалық айналысқа түскеннен кейін бұл фактордың маңызы зор болмақ;
- жергілікті атқарушы органдар консалтингтік фирмалармен бірлесе отырып өндірістік кәсіпорындардың қаражаты есебінен қызметкерлерді оқыту жөніндегі насихат жұмыстарын жүргізу.
инвестициялық саясатта:
- әлеуметтік – экономикалық дамыту мақсатында инвестиция тарту жөніндегі мемлекеттік саясатты іске асыру;
- инвестициялық белсенділікті ынталандыру, инвестицияға сұранысты және инвестицияның қайнар көздерін зерделеу;
- облыстың инвестициялық әлеуетін дамыту, экономиканың түрлі салаларында инвестициялық белсенділік мониторингін жүргізу;
- облыс экономикасына инвестиция тарту жөніндегі іс – шаралар ұйымдастыру және өткізу;
- халықаралық инвестициялық қызметті дамыту ;
- облыс аумағында қызмет атқаратын инвесторлардыдың құқығы мен мүддесін қамтамасыз ету;
- инвестициялық қызметті ақпараттық қолдау;
- экономиканың басым секторларының инвестициялық тартымдылығы.
шағын бизнесте:
- тұрақты экономикалық өсімінің ірі әлеуеті бар аймақтық оң имиджін, нарықтық субъектінің инновациялық сапа тартымдылығын құру;
- кәсіптік, ғылыми, консалтингтік, білім беру құрылымдары, қоғамдық ұйымдар мен мемлекеттік органдары арасында аймақтық инновациялық және мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды әзірлеу создание условий для ведения эффективного диалога жөніндегі тиімді диалог жүргізу үшін жағдай жасау.
- инновациялық бизнестің қалыптасуында шағын кәсіпкерлік субъектілерін дамыған ақпараттық, заңдық, білім беру, әдістемелік және қаржылық қолдау жүйесін құру.
- жоғары техникалық бизнеске бағдарланған және отандық, шетелдік тауар және нарығында бәсекеге қабілетті аймақтың шағын кәсіпкерлігінің материалдық-техникалық базасының және кәсіптік даярлығын құру.
туристік сала:
- елімізге валюта ағымын қамтамасыз етуіне, саланың дамуына ықпал жасауына байланысты енгізілетін туризмді дамыту;
- туризмнің инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру;
- аймақтың туристік саласын дамытуға инвесторлар тарту;
- туристік тартымды имидж құру.
ауыл шаруашылығында:
- агроөнеркәсіп кешені салаларын индустриализациялау;
- институциялық инфрақұрылымын дамыту;
- агроөнеркәсіптік кешеннің бәсекеге қабілетін арттыру (кластерлік бастаманы дамыту);
- агроөнеркәсіптік кешеннің халықаралық талаптарға сәйкес өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын бағалау жүйесін құру;
- азық – түлік рыногын мемлекеттік реттеу механизмін жетілдіру.
тұрғын үй құрылысында:
- ипотекалық тұрғын үй құрылысы республикалық бюджеттен ерте бөлінген қаржыны қолдану есебімен қайта қайтару;
- жалпы халықтың жинақтаушы тұрғын үй құрлысы және ипотекалық несиенің өсуі;
- тұрғын жалгерлік секторын дамыту;
- жеке тұрғын үй құрылысының әрі қарай дамуына жағдай жасау;
- аудандарда инженерлік-коммуникациялық тұрғын үй құрлысын салуды дамыту.
көлікте:
- қоғамдық жолаушылар тасмалын тиімді қалыптастыруды қамтамасыз ету мақсатында көлік саласында (тендрлер мен байқаулар) мемлекеттік рөлді реттеуді күшейту.
- облыстың барлық жергілікті тұрғындарын 2008-2010 жылдары көлікпен қамтамасыз ету, жалпы әлемдік стандартқа сәйкес.
- лизинг формасын облыс инвестициясында көліктік-коммуникациялық кешенде максималдық қолдану.
әлеуметтік сферада:
- еңбек нарығында белсенді саясатты, жұмыспен қамту тиімділік бағыттарын, экономикалық өсуге ынталандыру және дамыту, жұмыс күші қажеттілігін қанағаттандыруды жүзеге асыру;
- жоғарғы сапа және жұмыс күшінің бәсекелік нарығы мамандандырылған оқуды ұйымдастыру жолымен және еңбек нарығы жағдаятына сәйкес жұмыссыз азаматтарды қайта оқыту;
- әлеуметтік жүйенің әрі қарайғы даму серіктестігі – еңбек нарығы бас қатысушыларын жұмыспен қамыту;
- шет ел жұмыскерлерін және мамандарын пайдалануды шектеу, ішкі саясат еңбегін қорғау;
- мақсатты топтардан жұмыссыздарға, әлеуметтік қорғау көрсету;
- шағын бизнеске қоса, өзін жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасауды құру;
- негізгі еңбек нарығының индикаторлар мониторингін үнемі жүзеге асыру;
- еңбек көші-қоны жолымен еңбек ресурстары икемділігін жүзеге асыру;
- жалпы халыққа мақсатты көмек көрсету;
- жағдайы төмен халыққа атаулы әлеуметтік көмек көрсетіп, механизмдік жетілдіру;
білім беруде:
- мемлекеттік білім беру оқу орындарының желісін қолданыстағы заңға сәйкес лицензиялау, аттестациялауды жүзеге асыру ;
- кәсіптік білім беруді дамыту, менеджменттік сапа жүйесін енгізу, 12 жылдық білім алуға көшуге жағдай жасау, кәсіптік оқыту, білім алудың мазмұнын жетілдіру;
- балалардың мектепке дейінгі тәрбиелену деңгейін көбейту және мектепке дейінгі балалар ұйымдарын қалпына келтіру;
- кәсіптік білім беру оқу орындарының көп бейіндік, көп функционалдық сеттерін дамыту;
- біліктілігі жоғары кадрларды дайындауда білім беру мекемелері өндірістік және көрсетілген қызметтер саласымен өзара іс-қимылды жетілдіру;
- білім беру үдерісін ақпараттандыру, оқушыларды мамандандырылған бастапқы және орта оқытуда дистанциондық білім беруді енгізу, барлық мектептерді Интернет желісіне қосу және телефонизациялау жағдайын шешу үшін телекоммуникация жүйе желісін құру;
- ҚР ақпараттық теңсіздіктің төмендеуі Мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асырылуы;
-мектепте шет тілі және табиғи ғылым басымдығын дамыту;
- инклюзивтік білім беруді дамыту және балалардың өмір сүру жағдайын жақсарту;
- кәсіптік білім беру оқыту мекемелері базасын нығайту және өндірістік практика ұйымы бойынша облыстың ірі кәсіпорындары және корпорацияларымен әлеуметтік серіктестік жасау;
- халықаралық талаптарға сәйкес жаңа кәсіптік стандарттар әзірлемесі;
- басқармалық шешім қабылдағын білім беру және мониторинг бөлімдері аудандық қалалық рейтинг арқылы қолданыстағы заң талаптары есебімен білім беру ұйымы қызметіне бақылауды қамтамасыз ету.
денсаулық сақтау:
- ПМСП дамуы, ауылда ерекше;
- елеулі әлеуметтік аурулардың төмендеуі және бала мен ананың денсаулығын қорғауға бағытталған шара тиімділігін қамтамасыз ету;
- денсаулық сақтаудың материалдық-техникалық базасын нығайту;
- денсаулық сақтау басқармасы әдістемесі мен нысанын жетілдіру;
- елеулі әлеуметтік аурулардың деңгейінің төмендеуі.
мәдениет:
Достарыңызбен бөлісу: