Қарағанды облысының 2008-2010 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болашағы мен жағдайы туралы баяндама Кіріспе


Шара 5. Кадрларды дайындау сапасын көтеру мен білімді дамыту



бет8/10
Дата25.02.2016
өлшемі0.7 Mb.
#23458
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

3.2.5 Шара 5. Кадрларды дайындау сапасын көтеру мен білімді дамыту

Облыста оқушылардың тәрбиесі мен білім сапасы БҰТ қорытындысы куәландырады.

Қортынды аттестацияны бірыңғай ұлттық тестлеу формасында 2006 жылы 12556 түлек тапсырды, оның ішіндегі жалпы контингентің 91,8% (13981).

Облыс бойынша БҰТ нәтижесінің орташа баллы 61,8 құрап, 2004 жылға қарағанда 9, 2005 ж. – 2,80 баллға жоғары деңгейді көрсетті.

Жалпы орта білім аттестацясы туралы 80 түлек «Алтын белгі» алды.

Республикадағы 100 озат мектептің ішіне облыстың 8 мектебі кірді. Облыстық дарынды балаларға арналған «Дарын», «Мұрагер» мектептері, Жезқазған қаласындағы қазақ-түрік лицейі, Қарағанды қаласындағы техникалық лицей, Қарағанды қаласындағы № 97 гимназия және Балқаш қаласындағы гимназия БҰТ қорытындысы бойынша 3 жыл қатарынан озат орында.

Пәндік олимпиадалардың нәтижесі бойынша оқушылардың білімділік дайындығының жоғары деңгейде екенін көруге болады.

Оқушылардың Республикалық ғылыми жобалар (4 бағыт бойынша) сайысының қорытындысы бойынша 2005 жылы 5 жүлделі орынға қарсы 8 орынды Қарағанды облысының командасы жеңіп алды. 22 жобамен 25 оқушы бір 1-ші орынды, бір 2-ші орынды, алты 3-ші орынды және 4 грамотамен марапатталды, сол командалар 3-ші орынды иеленді.

Оқушылардың Республикалық олимпадасында 2006 жылы оқушылардың олимпиадалық командасы 19 жүлделі орын мен 8 грамотамен марапатталды, екінші командалық орынға және «Қазақстан Республикасының ең үздік олимпиадалық командасы» атағын алды.

Халықаралық олимпиадаларда оқушылар: 2 алтын физикадан, 5 күміс және 3 қола медальдарын жеңіп алды (2005 жылы 2 күміс және 2 қола медальдар).

Облыстағы колледждер мен мектептердің 30 үздік оқушыларын шетелдердегі ЖОО-на жіберу мақсатында Еуразиялық өнеркәсіп ассоциациясы, ЖШС «Қазақмыс» корпорациясы», «Миттал Стил Темиртау» АҚ мен облыс әкімшілігі 2006 жылы өзара қарым-қатынастық меморандумға қол қойды. Стипендианттар компанияға қажетті: таулы өнеркәсіп, экономикалық, емдеу, компьютерлік, өнекәсіпті басқару және менеджемент мамандарын меңгереді. Мектеп пен колледждің 9 түлегі Рессей халықтар достығы университетіне жіберілді, Шанхай Халықаралық білім беру университетіне (Қытай) – 19, Париж университетіне (Чехия)-2

2006 жылы 103 ұйымға аттестация жүргізілді:53 жалпы білім беретін орта мектеп, соның ішінде 4 жеке меншік, 2 кешкі мектеп, 4 мектеп-интернат; 17 негізгі мектеп; 9 бастауыш мектеп; 11 облыстық мектептен тыс ұйым,1 балалар үйі, 5 бала бақша, 2 колледж, 4 профмектеп. Білім беру қызмет құқығына қайта тіркеуді есепке ала отырып 86 лицензия, және де басты және орта кәсіптік білім беруге 15 ұсыныс берілді.

Облыстағы кәсіптік мектептер өнеркәсіпке бағытталады және жұмыс берушінің қазіргі және келешек қажеттілігіне сәйкес келуіне ұмтылады.

Бүгінгі күні профмектептерде техникалық маман бойынша 59%, колледжде 21% оқиды.

Профмектептер өздеріне: таулы, машина құру, құрлыстық, қызмет көрсету сферасы, ауылшаруашылығы және т.б. салалық бағыттарды қайтарды.

Соңғы жылдары «Механизация және автоматизация», «Технологиялық процессті және өндірісті автоматизациялау», «Коммуникация системасы мен байланыс жүйесі», «Темір жол транспортының қозғалысын басқару мен тасымалдауды ұйымдастыру», «Таулы және тазалау жұмыстардың жұмыскері», «Крепельщик» және басқа техникалық мамандар ашылды.

Кәсіпорынның хабарламасына мен шартына байланысты жұмыскерлерді дайындау және қайта даярлау мекен-жайына өту басталды. Соңғы 3 жылда жұмысбасты орталығына бағытталған 2248 адам дайындалды. 2006 жылы 1830 адам қайта оқытылды. 21 кәсіптік мектеп жұмыссыз халықты қайта даярлау мен дайындау орталығы болып тағайындалды.

Қарағанды облысының 7 түзету мекемелерінде екі профмектеп жұмыс кәсібі бойынша мамандандырылған білім беруді ұйымдастырды.

Кәсіпорындармен әлеуметтік әріптесік дамуда. Бүгінгі күні іс-тәжірибемен 100% оқушы қамтылған: ПМ (ПЛ) 9251 оқушы мен 15161 колледж оқушылары үйрену практикасын өтті.

2006-2010 жылдарда педогогикалық жұмыскерлерді қайта даярлау мен кфаливикациясын көтеру Бағдарламасы жасалды және бекітілді.

Өткен оқу жылымен салыстырғанда жоғары білімі бар мұғалімдер 2,5% көп, жалпы орта білімі бар мұғалімдер 0,05% аз. 111 мұғалім жоғары категориялы, ал 185 бірінші категориялы. Орта және орта мамандандырылған білімі бар 1084 мұғалімі сырттай бөлімде оқиды.Екінші жоғары білімді 123 мұғалім алуда.

Жоғарғы оқу орындарындағы 23 маман бойынша 2006 жылдың 257 жас маман-түлектеріне хабарлама жіберілді және жинақтап қорытылды. 2006-2007 оқу жылының басына облыстың білім беру ұйымдарына 404 жас маман келді. Басқа жерден келгендер үшін жатаханадан 6 орын бөлінді (Сарань қаласы, Бұхар-Жырау ауданы), 34 жас маман пәтер алды. Еңбек ақысының өркендеу соммасы 1 млн. 137 мың теңге, коммуналдық қызмет пен көмір сатып алуға 1 млн. 802 мың теңге жұмсылды, және де «Өзгеріс-Перемена» педагогикалық газетке жазылу ұйымдастырылды.

12 жылдық оқуға көшуге 2240 жұмысшы РБ арнайы есеп шотынан облыстық квалификацияны көтеру институтында дәріс алды.

Мемлекеттің интеллектуалдық әлеуетін қалыптастыру жоғары мектептердің басты рөлі, дүние жүзілік стандар деңгейінде сапалы білім беру, экономика инновациясы – бұл отандық жоғары білім беру жүйесін әрі қарай дамытудың негізгі арнаулы функциясы, Президенттің Қазақстан халқына жолдауынан алынған.

Жоғары білім берудің маңызды бағыты мамандардың сапалы дайындығын көтеру, инновациялық дамыту, білім мен ғылымның интеграциясы, қоғамның қажеттілігінен сай жоғарғы оқу орындарымен тығыз зерттеу.

Білім және ғылым құрлымын өзгерту шеңберінде академиялық ғылыми мекемелермен бірлесе алдыңғы қатардағы жоғар оқу орындарымен инновациялық-бағдар университеттерін құру мақсатында инженерлік және нақты ғылымды дамыту басымдығын қамтамасыз етуін зерттеу. Жоғары квалификациялы мамандар дайындайтын ғылыми- оқыту комплексі қазіргі заман шартына сай жоғар оқу орындарында біртұтас болу керек.

Облыста өз алдына 15 жоғары оқу орны жұмыс істейді, оның 10 мемелекеттік емес, мұнда 67,1 мың студент дәріс алады.

Облыстың ЖОО-да кадрларды қайта даярлау және дайындау жүйесіне салмақты өзгерістер енгізілді.

2008 жылы тұйық ақпараттар жүйесін құруды аяқтау жоспарлануда. Оқушылар мен мұғалімдердің тікелей және жүйесінде өзара байланысын ұйымдастыру үшін, қорытынды аттестация және дистанциондық оқытуда оқу материалдарының жүйесін қамтамасыз етуді қадағалауда дистанциондық оқыту моделі ретінде Internet – технология қолдану жоспарлануда.

Кәсіптік және жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу сапасын көтеру, университеттің ақпараттық инфрақұрлымын құру, электронды оқулық материалдарын жасау, ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдану мен енгізу үшін кадрларды дайындау мен қайта даярлау, дистанциондық оқытуды дамыту, әлемдегі білімділік кеңестіктегі интеграцияны дамыту басымдығылы.

2008-2010 жылы мамандарды жоғарғы оқудан кейін даярлау және магистрлік дайындау санын ұлғайтады.

Басымдылықты дамыту мен мақсатқа жету үшін келесілер ұсынылады:



  • кадрларды дайындаудың сапасын көтеру және жоғары білімді дамыту;

  • мамандарды қайта даярлау мен дайындау үшін ғылыми-білім беру орталығында комплекстік салааралық сертификатталған, Қазақстан жоғары оқу орндарында инфраструктуралық база дайындау;

  • ғылыми-педагогикалық кадрлар дайындау мәселесі бойынша әр түрлі ұйымдардың ғылыми секторларымен және зерттеу зертханаларымен, ҒЗИ әріптестік түрін кеңейту;

  • халықаралық мұғалімдермен, магистрлармен, докторанттармен айырбастауды кеңейту;

  • экономикалық және өнеркәсіптік қажеттілігін қазіргі заманғы ғылыми жетістіктерін өңдеуі, оның жетілген маңызды бағдарламасын жоғары оқу орынан кейінгі түрін даярлау;

  • мұғалімдердің шет елдерде сынақ мерзімін өту жүйесін дамыту;

  • Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» стипендиясын алу конкурсына мұғалімдер мен студенттерді қатыстыру;

  • ЖОО-ның материалды-техникалық базасын күшейту;

  • келешекте сапалы менеджемент жүйесін енгізу.


3.2.6 Шара 6. Спорт пен мәдениетті дамыту

2008-2010 жылы қарастырылады:



  • бұрыңғы Карлаг мекеме ғимаратына қалпына келтіру жөндеу жұмыстарын жүргізу;

  • Қарқаралы ауданындағы Шөже мавзолейін, Жаңаарқа ауданындағы Жұбан ана мавзолейін, Ұлытау ауданындағы Қарадын, Қособа бекіністеріне жаңғырту жұмыстарын жүргізу, ғылыми-сметалық құжаттарын дайындау;

  • Ақтоғай ауданындағы қола дәуіріндегі Ақсоран қоныстанған жерлер мен бейттер, Орталық Қазақстандағы ерте замаңғы қонытанған жерлер мен мазарлар, Орталық Қазақстандағы сақ қорғандары, Сарыарқадағы қала типтес (протогородской) өркениет, Шет ауданындағы Дарын, Қарамыс, Бұхар-Жырау ауданындағы Садық, Керней, Шешенқора әр замандағы археологиялық ескерткіштеріне археологиялық зерттеуді жалғастыру;

  • тарихи мұралар жинап, мынадай баспалар дайындау: «Сарыарқа ақындары», «Ғибрат», «Прикосновение» өлкетану мультимедия сериясын басу, Академиялық музыка комедия театрының өмірі мен тарихы туралы, XX ғасырдағы мәдени және тарихи процесстер туралы, Сарыарқаның этникалық тарихы туралы кітаптар;

  • Қарағанды қаласында С.Сейфуллин, Қазыбек би, Қарқаралы қаласында Мәди Бәпиұлына ескерткіштер тұрғызу;

ҚР Ұлттық құрама командасының мүшелері, жоғары класс спортшылары мен спорт резервасының болашағын дайындау, әр түрлі халық слойларын қатыстыра отырып дене шынықтыру-сауықтыру және көпшілік спорттық, жазғы және қысқы спартакиадаларды, ұлттық және халықтық спорт түрлерінен жарыс ұйымдастыру және өткізу.

Дене шынықтыру мәдениеті мен спорттың материалдық-техникалық базасын дамыту мен нығайту жоспарлануда, спорттық құрлыстарға жөндеу жұмыстарын жүргізу және қазіргі заманға сай құрал-жабдық базасын жаңарту.

Әлем және Азия Чемпионаттарында, Пекин қаласындағы 2008 ж. XXIX жазғы Олимпиада ойындарында, ҚР колледж бен мектеп оқушыларының спартакиадасына облыстық спортшылардың сәтті қатысуына байланысты балалар-жасөспірімдер спортын дамыту жұмыстарын дамыту.
3.2.7 Шара 7. Халықтың тұрмысын көтеру

Мемлекет саясатының негізгі мақсаты әлеуметтік және зейнетақы төлем мөлшерін көтеру, төменгі жалақы мөлшерін өсіру, жалпы жұмыс жалақы деңгейін көтеру.

Облыста жұмыскерлердің орташа жалақы төлемі 2008 жылы 42403 теңге құрады, 2007 жылға қарағанда 111,3% өсті, 2010 жылы – 54008 теңге немесе 2007 жылға қарағанда 141,7%.

2008 жылы орташа зейнетақы мөлшері 2007 жылға қарағанда 121,8% өседі және 13600 теңгені құрайды, ал 2010 жылы – 136,9% немесе 15281 теңге.


3.2.8 Шара 8. Халықты тұрғын үйімен қамтамасыз ету

«Жаңа Қазақстан жаңа әлемде. «Қазақстан – 2030» Стратегиясы Қазақстан дамуының жаңа этапы. Ішкі және сыртқы саясаттың 30 маңызды бағыты» 2007 жылғы 28 ақпандағы Президенттің Қазақстан халқына жолдауында қазіргі әлеуметтік саясат анықталды: адамдардың мүддесі мен жаңа жұмыс орнын құру сауалдың назарында болды.

Осыған байланысты 2008-2010 жылы ҚР тұрғын үй құрлысының Мемлекеттік бағдарламасының жобасы дайындалды, осының негізінде 2008-2010 ж. Қарағанды облысының аймақтық тұрғын үй құрылыс бағдарламасының жобасы жасалуда (әрі қарай – Бағдарлама).

Бағдарламаны орындау үшін барлық қаражат көздерінен 41758,4 теңге көлемінде инвестиция қажет, соның ішінде жылдар бойы: 2008 ж. – 9960,5 мың теңге, 2009 ж. – 14323,5 мың теңге, 2010 ж. – 17474,4 мың теңге. Республикалық бюджеттен барлығы – 4836,6 мың теңге, соның ішінде жылдар бойы: 2008 ж. – 1091,9 мың теңге, 2009 ж. – 2178,0 теңге, 2010 ж. – 1566,7 мың теңге.

Тұрғын үй құрлысын озу мақсатында жылына 1345 млн теңге тұрғын үй құрлыс ауданының инженерлік-коммуналдық инфрақұрлымын жайластыру мен дамытуға жіберу жоспарлануда, 425 млн теңге инженерлік-коммуналдық реконструкцияға жұмсалу көзделуде.

3.2.9 Шара 9. Жас азаматтарды әлеуметтік-экономикалық дамуға белсенді қатыстыру

Жастар арасында маңызды мәселелердің бірі, жастарды жұмысбастылықпен қамтамасыз ету және жұмысқа орналасуға жәрдем ету. Сондықтан, жоғары оқу орындарының түлектеріне жұмысқа орналасуға көмек көрсету мақсатында қала және аудан әкімшілігімен «Түлек» вакансия жәрменкерлері, жұмыс берушілермен кездесу ұйымдастырылды. 2006 ж. күндізгі бөлімнің 4906 түлектің 4322 адамы немесе 88,1% жұмысқа орналасты (2005 жылы – 87,9%).

Жалпы топтың жұмысқа орналасуы, соның ішінде жастардың, 2005-2006 ж. Қарағанды облысының әкімшілігі облыстық профсоюз бірлестігі, жұмыс беруші мен кәсіпкерлер ассоциациясы арасындағы Облыстық келісімде көрсетілді. 2006 жылдың басында ЖШС «Қазақмыс» корпорациясы» 1381 адам, «Миттал Стил Теміртау» АҚ 667 адам жұмысқа орналасты (2005 жылы «Қазақмыс» корпорация» кәсіпорнына 1442 адам, «Миттал Стил Теміртау» АҚ – 232 адам жұмысқа орналасты).

Облыстағы колледждер мен мектептердің 30 үздік түлектерін Рессей, Қытай, Чехия ЖОО-на жіберу мақсатында Еуразиялық өнеркәсіп ассоциациясы, ЖШС «Қазақмыс» корпорациясы», «Миттал Стил Темиртау» АҚ мен облыс әкімшілігі 2006 жылы өзара қарым-қатынастық меморандумға қол қойды.

Кәсіпорын қызметін дамыту мақсатында облыстың ауылдық аудандарында қызмет ететін бизнесті дамыту және өз жұмысын ашуға облыс әкімінің грантын беру үшін 2005 жылы жоба енгізілді. 2005-2006 жылдары барлығы 1870,0 мың теңге құрайтын 24 грант ауылдық жерлердегі 9 жас өкілге бөлінді.

2006 жылы 1500 жауынгерді қамтитын 33 студенттер құрлыс отряды құрылды, күрделі объектілерге: Астана-Павлодар автожолдары, № 2 және № 3 листопаркт цехы, «Балхашцветмет» профилакториясы, Қарағанды қаласының тұрғын үйлер, «Достар әлем» қонақ үй комплексінің құрлысына және жөндеу жұмыстарына қатысты. Істелген жұмыстың жалпы соммасы 204,9 млн теңгені құрады. Орта жалақы көлемі – 25-55 мың теңге. СҚО облыстық штабы сот мекемелер жүйесінде «Қарағанды облысының студенттік құрлыс және жастар жқмыскерлер отряды» болып тіркелді. 2007 жылы жастар бағдарламасының аясында СҚО облыстық штабына 120,0 мың теңге қаржы бөлінді.

Жалпы ұлттық жасылдандыру бастамасының әлеуметтік-саяси маңыздылығын ескере отырып, «Жасыл ел» бағдарламасын орындау үшін облыста жүргізілуде. 2006 жылы жұмыс берушілермен: ҚМК «Халық коммунал шаруашылығы», «Демалыс және саябақ мәдениетін басқару», «Аспап» ПК (Қарағанды қ.), «Қалалық автожолдарды басқару» (Жезқазған қ.), ЖШС «Сәт сәулет» (Сәтпаев қ.) келісім шарт жасалды. «Жасыл ел» қозғалысына қатысқан жастардың саны 24691 адамға дейін өсті, соның ішінде 1719 студент, 22227 оқушылар және 745 жұмыссыз жастар саны кіреді. 38,1 мың көшет отырғызылды, саябақ, аллея және көшелерде көріктендіру жұмыстары жүргізілді.

Жастардың ғылым, мәдениет, өнер, білім саласындағы жетістіктері үшін жыл сайын берілетін облыс әкімінің «Қайнар» премиясы жастардың шығармашылық дамуына үлкен ынталандыру. 2005-2006 жылдары 33 жас өкілі премияның әртүрлі номинациясы бойынша лауреат атанды.

Жастарға психология-педогогикалық жәрдем беру үшін Қарағанды қаласында «Сенім» қызметі (телефон – Доверия) жұмыс істейді. Жыл сайын қызметкерлермен жастар мен жасөспірімдерді толғандыратын 8 мың астам сұрақты қарастырады. Жастардың жасына, өмірлік тәжірибесіне ескере отырып, Сенім телефоны жастардың психологиялық көмектің ең қажетті және демократияға негізделген түрі.

Жастар саясатының дамуының негізгі міндеті жастар арасында құқық бұзушылық профилактикасы мен салауатты өмір салтын насихаттау. Осы мақсатта 2005-2006 жылы мүдделік танытқан құрылымдармен бірге: МОО көсбасшылары үшін көшпелі лагерлік жиындар; Дүние жүзілік есірткіні заңсыз айналдыру және нашақорлықпен күресу күніне қарсы кең масштабты акция; Қарағанды облысы әкімінің кубогына мини-футбол турын; «Болашақ – есірткісіз» тақырыбында «дөңгелек стол»; «Есірткіге – Жоқ!» облыстық акциясын; «Қазіргі әлемнің маңызды мәселелері және жастар» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын; «Қарағанды облысының үлгісінде жастар арасындағы нашақор профилактикасы» республикалық ғылыми-практикалық конференция және т.б. өткізілуде.

Жаз мезгілінде «Жастар таңдауы. Қарағанды облысы» ОО бірлесе девиантный мінез-құлқы бар жастардың демалысын қала сыртындағы сауықтыру лагерлерінде ұйымдастырылды (2005 ж. Қарқаралы ауданындағы ҚЭУ демалыс базасында, 2006 ж. Теміртау қаласындағы «Жас алаш» балаларды сауықтыру базасында, жылына 20 адам).

2006 ж. «Центр молодежных инициатив» ГДН тіркеуіне тұрған жас өспірімдер үшін сауықтыру лагерлері ұйымдастырылды: маусым айында қала сыртындағы «Космонавт» лагерінде (Саран қаласы) 63 адам, қараша айында «Космос» (Теміртау қаласы) сауықтыру лагерінде 50 адам. Істелген жобалар жұмысының қорытындысына қарап қала сыртындағы лагерлердің қажеттілігі туындайды. Тұлғаның мінез-құлқының коррекциясын дұрыстылығы 50% балада, өткен жылы демалғандардың, оң нәтиже берді, ОДН тіркеуінен алынды. 100 адамды қамтитын ауыл жастары үшін дене шынықтыру-сауықтыру лагері, «Березка» сауықтыру лагерінің базасында 2006 жылы шілде айында құрылды.Өткен жылдың қыркүйек-қазан айларында Павлодарлық ОФ «Освобождение» өкілдерімен бірлесе «Сельские клубы здоровья» ұйымдастыру мәселесі бойынша көшпелі семинар-консультациясы ұйымдастырылды. Мұндай жобаларды дамыту аулдық жастар арасындағы салауатты өмір салтының принципін қалыптастыруға және насихаттауға, мотивациясын көтеруге себеп болды.

Мүдделілік органдары ЖОО-мен бірлесе облыста қиын жастарды жұмыс істеу үшін студенттерді тартуға арналған шара жоспары жасалды, осы шара аясынада жастардың шұғыл дружиналары құрылды, ІІД полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірге компьютерлік салондарда, ойын залдарында, кафелерде рейдтер жүргізу, аула клубтарына қамқорлық көмек көрсету және т.б. 2006ж. 1-10 қараша аралығында студенттердің қатысуымен «Есірткіге жоқ» кәмелеттік жасқа толмаған линия бойынша облыстық акция ұйымдастырылды.

18163 адамды қамтитын, соның ішінде жағдайлары төмен отбасылары – 4693, ИДН және мектепішілік тіркеуде тұрған – 1223, мекен оырандарындағы 171 балалар-жасөспірімдер аула клубтары облыста балалар мен жасөспірімдердің бос уақыттарын өткізу үшін ұйымдастырылды (2005 ж. – 18387 адамды қамтитын 179 клуб). Жыл сайын аулалық клубтар арасында «Біздің аула» облыстық акциясы өткізіледі. 2006 жылы акция аясында бір күндік «Организация деятельности клубов как эффективное средство социализации личности» тақырыбында оқыту семинары өтті. Мұндай шараларды өткізу балалар мен жасөспірімдер арасындағы тәрбиелеу жұмыс жүйесін жетілдіру механизімін анықтауға, жұмыс тәжірбиесімен алмасуға, әдістемелік көмек көрсетуге жол береді.

2005-2006 ж. ООФ «Караганда» және НУ «Личность» бірлесе бас бостығынан айыру жерінен келген девиантный мінез-құлқы бар жастардың тұрмыста орналасуы мен құжаттандыруына әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетілді. Жобамен ПМ мен ПЛ жетім-студенттер, балалар үйінің түлектерін қамтиды, ол бұл категориядағы жастардың оң және нақты өмір ұстанымын, сыртқы әлемінің зиянды ықпалына қарсы тұруына септігін тигізеді.

Жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету бұқаралық ақппарат құралдарының тікелей орналастыру мемлекеттік тапсырысы бойынша орындалады. Жастар үшін «Сool Party», «Выбирай: соблазны большого города», «Нас много» журналдары, радио «Текс» жұмыс істейді. «Лимонад», «Жастар әлемі – Мир молодежи», «Ұлағат – Наше время» баспалары, облыстық газеттердің ай сайынға «Мир молодых» және «Жас қанат» қосымша беттері жастар арасында кең тараған, және де КОФ АО «РТРК «Қазақстан» теле арнасының эфиріне апта сайын шығатын «Student news» және «Спорт, спорт...» бағдарламалары, «АРТ» теле арнасындағы «Артрестлинг» бағдарламасы.

Қарағанды облысында 38 жастар қоғамдық ұйымы жұмыс істейді. Олардың жастар саясатын қайта жаңғыртуы акция, конференция, семинар, «дөңгелек стол» түрінде өткізіледі, жастарға әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді. Сонымен, МОО бірлесе: қоғамдық жастар ұйымының көрмелері, «Біз – біргеміз!» балалар-жасөспірімдер ұйымының облыстық Форумы, Қарағанды облысы әкімінің Кубогына мини-футбол турнирі, КТК чемпионат ойындары, Жастар күніне арналған мерекелері, «Бұл біздің Әнұран!» акциясы, «Жастар – Қазақстан болашағы» аймақтық студенттер фестивалі және т.б. өткізіледі.

3.2.10 Шара 10. Гендірлік теңдікті қамтамасыз ету


  • Мемлекеттік қызметкерлерді даярлау және білім беру қызметкерлерінің квалификациясын көтеру облыстық институт базасында әлеуметтік-экономикалыққ бағдарламарны дамытуды өндіруде бағалау және дамыту, гендерлік ерекшеліктерді тіркеу жұмыстарын қабылдау, отандық гендерлік саясатты жүргізу үшін мамандар дайындау курстарын ашу жоспарлануда.

  • Жергілікті, республикалық деңгейлердегі сайлау органдарында әйел және ер адамды басқару лауазымына ұсынуда гендірлік балансты қадағалау және партиялық тізімдерді тіркеуді қалыптастыру мақсатында ағартушылық жұмыстар жүргізіледі.

  • Қарағанды облысында «2006-2010 жылдары Қазақстан Республикасындағы гендірлік теңдік стратегиясын» дамуын сипаттайтын, гендірлік индикаторды дамыту жоспарлануда.

  • Гендірлік мәселені түсіндіретін мемлекеттік тапсырыс көлемін ұлғайтуға байланысты ұсыныстар енгізіледі.

  • Гендірлік теңдікті насихаттауда, қоғамда әйелдің көркін бейнелеу жөнінде СМИ арасында облыстық конкурстар ұйымдастыр жоспарлануда.


3.2.11 Шара 11. Экологиялық жағдайды жақсарту. Энегрия қайнар көзі мен ресурсын қайта жаңартуды дамыту.

«2007-2024 жылы Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу туралы концепциясында» алға қойылған мақсат халқының өмірсүру сапасын көтеру. Қоршаған ортаны қорғау - өмір сапасының қажетті құрамы. Экологиялық мәселені шешу және антропогенік қысымды түсіру арқылы қоршаған ортаның жақсаруына жетеміз.

Қоршаған ортаның ластануының төмендеуі мен тұрақтануы мақсатында облыс кәсіпорындарымен бірге табиғатты қорғау шаралары жүргізілуде. Сонынмен, ПО «Балхашцветмет» және «Қазақмыс» корпорациясының атмосфераға зиянды заттарды шығаруды қысқарту мақсатында диоксид серасын қайта өңдеу технологиясын қолдану арқылы сернокислотты өндіретін құрылысы салуда. Аталған жобаны орындағанда комбинаттардың жалпы сыртқа шығару көлемі 90% кемиді, жалпы облыс бойынша 40%.

Суды ластайтын сарқынды сулар нысандарын төмендету мақсатында елді мекендер мен қалаларда этаптық модернизация және қайта құру жұмыстары жүргізілуде.

Экологиялық жағдайды жақсарту басымдылығы облыстағы кәсіпорындарының қоқыстарының айналымы: аз қоқыс технологиясын енгізу,

Ресубликалық мағынасы бар мәселелердің бірі Балқаш көлінің экожүйесін сақтап қалу және қалпына келтіру болып табылады. Осы мәселені шешу үшін Қазақстан Республикасының үкіметі «2007-2009 ж.ж. Балқаш-Алакөл бассейінін тұрақты дамуын қамтамасыз ету» бағдарламасын бекітті.

Әскери-сынақ полигондар мәселесі «Байқоңыр» кешенінің шекарасында табиғатты пайдалану және экология бойынша Қазақстан Республикасыгың Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасында Келісімге қол қойылған және бұрынғы Семейдегі ядросы полигонының мәселесін кешенді түрде шешу бағдарламасы төңірегінде шешілеуде.

Қоршаған ортаға шаруашылық қызметінің әсер етуін төмендету үшін табиғат пайдалану экологиялық талаптардың барлығының орындалуын тексеретін болады. 2007 жылдан бастап 3 жылдың кезеңде орман шаруашылығының мекемелерінің материалды-техникалық жабдықтануы кезең-кезеңімен 2005-2007 жж. арналған автокөлік, трактор және ауыл-шаруашылыққа құрал-жабдықтарға жұмсалған қаржының өсуін есептей отырып бекітілім мөлшеріне келтірілген;

Орманды және жануарлар әлемін қорғау бойынша мемлекеттік мекемелер саны нормативті мөлшерге жеткізіледі.

ТБО тазартылған, реттелген свалкаларды жердің мәдениетті айналымына қайтарылатын болады.

Ормандарда жаңа талдар отырғызу, және де жасыл жалынды егіс отырғызу, ормандарды санитарлы кесу, оларды қарау және қалпына келтіру жұмысы және өртке қарсы алдын алу шаралары есебінен атмосфералық ауа мен ормандардың санитарлы жағдайы жақсарады. .

Қасқырларды, қожайыны жоқ иттерді ату салдарынан адамдар мен жануарлардың құтырма ауруына шалдығу ықтималдығын төмендетеді.

Қолданыстағы және жаңа тазарту ғимараттарды тұрғызу салдарынан сарқынды және фекальды сулардың жер асты суларына қосылуына кедергі келтіреді, сондықтан ол аймақтағы сантитарлы-эпидемиялық ахуалды түзетуге ықпал етеді, жердің тұздануын, лайлануын және эпедемия болуын төмендетеді.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет