Қарағанды облысының 2008-2010 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болашағы мен жағдайы туралы баяндама Кіріспе



бет2/10
Дата25.02.2016
өлшемі0.7 Mb.
#23458
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Құрылыс

Құрылыс облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының индикаторы болып табылады. 2005-2006 жылдары күрделі құрылысқа 171573,8 млн. теңге инвестиция жіберілген. Барлық меншік түріндегі кәсіпорындар мен ұйымдарда құрылыс-монтаж жұмыстары 75885,7 млн. теңгеге орындалған. Облыста 593 құрылыс ұйымдары мердігерлік жұмыстарды іске асырады.

Көптеген мердігерлік жұмыстар көлемі жеке меншік түріндегі құрылыс ұйымдарының өз күштерімен орындалған (94,0 пайыз).

Егер де 2005 жылы жалпы көлемі 370,3 мың шаршы метр 963 ғимарат салынса, оның ішінде 556 ғимарат тұрғын үй бағытындағы жалпы көлемі 240,8 мың шаршы метр, ал 2006 жылы жалпы көлемі 501,3 мың шаршы метр 1419 ғимарат салынды, оның ішінде жалпы көлемі 314,3 мың шаршы метр тұрғын үй бағытындағы 857 ғимарат.

Тек 2006 жылы республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен пайдалануға 4300 оқушы орнына арналған 6 жалпы білім беретін мектеп, 500 орынды 4 мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу ұйымы, денсаулық сақтау объектілерінен 233 кереует орнымен 3 аурухана, ауысыммен 98 адам баруға арналған 7 амбулаторлық-емханалық мекеме, 11,3 км су тартқыштар мен су құбыры жүйелері, жергілікті маңыздағы үш қазандық сағатына 7,62 Га, 72 орындық 1 әлеуметтік қамтамасыз ету объектісі, бір мәдениет объектісі, екі дене тәрбиесі мен спорт объектісі және қоршаған ортаны қорғаудың екі объектісі енгізілген. 2006 жылы республикалық бюджет есебінен Қарағанды қаласында 700 орынға арналған Сәкен Сейфуллин атындағы қазақ драма театры ерекше объекті құрылысы басталды, оны салу 2007 жылы жалғасатын болады. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арналған 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» жолдауын, «Қазақстан - 2030» Стратегиясын орындау үшін, Қазақстан жаңа даму кезеңінде. Біздің ішкі және сыртқы саясатымызға бағытталған 30 маңызды бағыттар «мемлекеттік-жеке серіктестік негізінде 100 мектеп пен 100 аурухана құрылысын» іске асыру жобасы, 2007 жылы облыста Абай қаласында 464 орынға арналған орта мектеп құрылысын аяқтау және Балқаш қаласында 1176 орынға арналған орта мектептің құрылысын бастау, Қарқаралы қаласында 360 орынға арналған кәсіптік мектеп құрылысын бастау жоспарлануда. Сонымен қатар, жобаға жеті денсаулық сақтау объектісі кірген, оның ішінде екі объектісінің 2007 жылы құрылысы басталатын болады: Теміртау қаласындағы 500 адам баруға арналған диагностика орталығымен қалалық емхана және Бұқар жырау ауданындағы Ботақара кентіндегі 100 кереуетке арналған орталық аудандық аурухана.


      1. Ауыл шаруашылығы

Қазіргі кезде облыстағы ауыл шаруашылығы өндірісі 245 ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында, 6519 шаруа (фермерлік) қожалығында , халықтың 118,9 қосалқы шаруашылығында іске асырылады.

Ауыл шаруашылығы дәнді-дақылдарының барлық егу алаңы 20006 жылы 1057,7 мың ганы құрады. Дәнді-дақылдар 662 мың гаға жайылған. 2006 жылы егін өндірісі 662 мың га. алаңға егілді. Дән өндірісі 2006 жылы 437 тоннаны құрады, бұл 2005 жылға қарағанда 1,5 есе көп. Облыс бойынша орташа дәнді-дақылдар шығымдылығы 6,9 га құрады, бұл 2005 жылдан 2,7 ц/га көп.

Ірі қара мал саны 395,3 мың басты құрады, бұл 2005 жылға қарағанда 1,4 пайызға көп, қой мен ешкі – 883,7 мың бас, өсім- 5,2 пайыз, жылқы – 121,7 мың бас, өсім-6 пайыз, шошқа 105,7 мың бас, 2 пайызға кем, құс саны 1625,9 мың – 9,6 пайызға азайған.

2006 жылы ет 108,8 мың тоннаға өндірілді, бұл 2005 жылғы деңгейден 13,3 пайызға көп, сүт – 295,1 мың тонна, - өсім 4 пайыз, жұмыртқа 204,7 млн. дана, өсім – 8,2 пайыз, жүн- 1471 тонна - өсім 6,5 пайыз.

Облыс бойынша мал шаруашылығы өнімдерін өндірумен 495 мамандандырылған мал шаруашылығы өнімдерінің орта және ірі – тауар лар шаруашылығы өндірісімен айналысады (ОІТӨ), оның ішінде 15 ірі және 480 орта. 2006 жылы 24,6 мың тонна ет, сүт – 9,9 мың тонна, жұмыртқа – 148 – млн. дана, жүн – 580,0 тонна өндірілді.


Малдың өнім беру сапасын селекциондық және асыл тұқымды жетілдіру бойынша іс-шаралар бойынша 5 зауыт пен 16 асыл тұқымды шаруашылық, сонымен бірге бұқа-өндіруші өсіретін дистрибьютер орталығы ұйымдастырылған. Асыл тұқымды мал шаруашылығының субъектілері отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 6302 бас асыл тұқымды қой, 696 бас шошқа, 100 бас асыл тұқымды жас ірі қара мал, 166 бас жас жылқы, 1163 дана жұмыртқа 37 мың доза бұқа өндірушілер тұқымын іске асырған.

Облыс бойынша ірі қара малдарды қолдан ұрықтандырудың 91 пункті жұмыс істейді, малдарды жасанды жолмен ұрықтандыру 26 пайызды құраған.

Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша бірдей белгімен 425,8 мың бас ірі қара мал, 915,7 мың бас қой мен ешкі, 123,2 мың бас жылқы, 148,2 мың бас шошқа, 1301 бас түйе мен 37,7 мың бас құс мәліметі компьютер базасына енгізілген.

Өңдеу өнеркәсібі (тамақ және жеңіл) кәсіпорындарының өнім өндірістерінің көлемі қолданыстағы бағамен 32,9 млрд. теңгені немесе 2005 жылға 106,1 пайызды құрады. Оның ішінде 32,1 млрд. теңгесі (97,3 пайыз) тамақ өнімдеріне келеді (сусындарды қоса алғанда), 0,8 млрд. теңге (2,5 пайыз) тоқыма және тігін өнеркәсібіне және 63,0 млн. теңге (0,2 пайызы) былғары, былғары бұйымдары мен аяқ киім өндірісі.

2006 жылдан бастап облыстың өңдеу кәсіпорындары шығаратын өнімдер сапасын жақсарту бойынша және ИСО халықаралық стандартына кәсіпорындарды көшіру бойынша белсенді жұмыстар атқаруда.

Егер 2006 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша менеджмент сапасы жүйесін ендірген облыстың тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары 3 құраған, оның ішінде: «Қарағанды маргарин зауыт» ААҚ, «Морделикатес» ЖШС, «Балқашбалық» ЖШС, ал 2006 жылдың мамыр айында сүт өндіретін «Жезқазған сүт және К» кәсіпорны МЖС ендіру бойынша жұмыстарды аяқтады және ИСО 9001-2001 сериялы менеджмент сапасы жүйесіне сәйкес сертификат алған.

2006 жлыдың қараша айында «Қарағанды сүт комбинаты» ЖШС МСС енгізу бойынша жұмыстарын аяқтады және ИСО сериялы менеджмент сапасы жүйесіне сәйкес сертификат алды.

«Корпорация Қарағанды Нан» ЖШС, «Қарағанды мелькомбинат» ЖШС, «Ақнар - ҚФ» ЖШС, «А-Алтын» ЖШС мен «Құрма Агрофирма» ЖШС республикалық бюджеттік бағдарламаны жекелеген (50 пайызға дейін) халықаралық менеджмент сапасы стандартын сертификаттау мен енгізуді әзірлеу бойынша кәсіпорындар жұмсаулары сомасын арзандатуды іске асыруға қатысты. Бұл кәсіпорындар жұмыстарын 2006 жылдың желтоқсанында аяқтады.

Облыстың өңдейтін кәсіпорындары жыл сайын республикалық бюджеттік бағдарлама «Кәсіпорындарға ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша олардың айналым қаражатын толықтыруға екінші деңгейлі банктер берген кредиттер бойынша көтермелеу (мүдде) ставкасын субсидиялау»- ды іске асыруға қатысты. Осылайша, 2006 жылы 17 кәсіпорын жалпы сомасы 1971 млн. теңгеге кредит алды, онда субсидия сомасы 147 млн. теңгені құрады, нәтижесінде соңғы қарыз алушыға пайыздық ставка орта есеппен 5 тен 7 пайызды құрады.

Ет өңдеу бойынша кәсіпорындарда «Хенкель» (Финляндия) Компаниясының линиясы жұмыс істейді, ал мынандай ірі кәсіпорындар «Қарағанды маргарин зауыты» АҚ мен «Эфес-Қарағанды» СП технологиялық жабдықтарын негізгі жеткізуші болып неміс компаниялары табылады.

Облыстың сүт өңдеу кәсіпорындары ескі кеңес дәуіріндегі жабдықтарды кезекпен жаңа жабдықтарға негізінен ресей өндірген жабдықтарға жекелеген қымбат еместерін қоспағанда (өлшеу автоматтарын, баға жасаушылар мен т.б.) ауыстыруда.

Қазіргі кезде облыстың ауыл шаруашылығын өндірушілерінде барлық маркалы 8802 трактор, 2510 комбайн (оның 2434 егін жинаушы), барлық маркалы 2638 жүк машиналары мен 20 мың бірлік егін егетін, түптейтін және басқа техникалар бар.

Өткен жылы лизингтік негізде өсімдік өсіру үшін 40 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы, мал шаруашылығы субъектілері үшін 6 бірлік жабдықтар алынды.

2006 жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ арқылы тікелей кредитпен негізгі құралдарын жаңарту бойынша және ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар өз жұмыстарын бастады. Олар жаңа ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін технологиялық жабдықтарды жалпы сомасы 182 млн. теңгеге алды.

2006 жыл шамасында «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ бірлесіп ауылдық кредиттік серіктестіктер (АКС) Абай мен Ұлытау аудандарында құрылды. Қазіргі кезде АКС барлық ауылдық аудандарда бар және 300 астам қатысушылар мен облыстың 113 ауылдық округтарын (59 пайыз) біріктіреді. Олар 162 жобаға 282,2 млн. теңгеге кредит берді, бұл 2005 жылға қарағанда 1,5 есе артық.

Жыл шамасында ауыл шаруашылығы өнімдерін сату, өңдеу, сақтау, дайындау бойынша кооперативтер (серіктестіктер) ауыл шаруашылығын құру бірлестіктерін жетілдіру бойынша жұмыстар жүргізілді. 2 жобаға 83,4 млн. теңгеге кредит берілді.

1. «Сүт әлемі» СПК – Бұқар жырау мен Осакаров ауданына қызмет көрсететін сүт өңдеу мен дайындау бойынша 77,4 млн. теңгеге кредит берілді;

2. «Балқантау» СПК – Қарқаралы ауданына қызмет көрсететін ет дайындау, шикіхат өндіруге 6,0 млн. теңге сомасында кредит берілді.

Сонымен қатар, жаңаарқа ауданында сүт өңдеу мен дайындауға «Зергер Арго» СПК құру бойынша 62,8 млн. теңгеге жоба эксперттік комиссияның оңтайлы қорытындысын алды және қазіргі кезде жоба қаржыландыруда жатыр.


      1. Көлік және коммуникация



Автомобиль жолдары
Қарағанды облысының облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 6071,3 км (3359 км ден 2712,3 км дейін) құрайды, оның ішінде асфальтты бетон төселгені – 512 км, қара ұсақ тас төселгені – 2276 км және ақ тас жол (ұсақ тасты) – 3167,3 км, грунтты жолдар – 116 км.

Бұл автомобиль жолдарында 124 көпір бар (6838,5 п/метр), 3462 су құбырлары трубалары (52214,6 п/метр), сонымен қатар жасыл желектер бар.

Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына жөндеудің барлық түрлерін жүргізуге және ұстауға бөлінген бюджеттен қаржы бөлу көлемі жыл сайын ұлғайтылуда.

Атқарылған жұмыстар бұзылған жолдар учаскелерін қалпына келтіруге және жалпы автомобиль жолдарының көліктік-пайдалану жағдайын жақсартуға ықпал етеді.

Қазіргі кезде мердігер ұйымдар жаңа жол техникасын алуда (автогрейдерлер, асфальт төсегіштер, вибробаткалар және т.б.) , сонымен бірге асфальт бетонды зауыттар, 6 ұсақтағыштар, бар, бұл жыл сайын бөлінген бюджет қаражаттарын толық көлемде игеруге ықпал етеді.

2006 жылы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын жөндеу мен ұстауға 537,1 млн. теңге бөлінді және игерілді, оның ішінде:

- күрделі жөндеуге – 79,4 млн. теңге /11 км;

- орташа жөндеуге – 239,2 млн. теңге/113 км;

Ағымдағы жөндеулерге, ұстау мен жасылдандыруға – 218,5 млн. теңге/6071,3 км.
Автомобиль көлігі

Облыста 2006 жылы жүк тасу көлемі 334703,2 мың тоннаны құрады, бұл 2005 жылдың тиісті кезеңінен 8,2 пайызға көп.

2006 жылы облыста жүк тасумен 52 жеке автокөліктік кәсіпорын айналысады. Жүк тасымалдаудың үлес салмағы республикалық көлемде 16,5 пайызды құрады. Жүк тасымалдау көлемі бойынша облыс республикада 1 орын алады. Автокөліктік тасымалдау көлемі 15,8 пайызға артқан.

Есеп беру кезеңінде көліктің барлық түрімен жеке меншік тасымалдауды қоса алғанда 1091669,4 мың адам тасымалданған, бұл 2005 жылдың осыған ұқсас кезеңінен 1,9 пайызға көп. Осының ішінде 132049,1 мың адам автобуспен тасымалданған, 704,3 мың адам – таксоматормен, 1255,0 мың адам – троллейбустармен, 12634,8 мың адам – трамвайлармен, 26,0 мың адам - әуе көлігімен тасымалданған.

Жолаушыларды автомобильмен тасумен 54 шаруашылық айналысады, олардың барлығының жеке меншік түрлері бар.

Республикалық көлемнен жолаушылар тасымалдау көлемінің үлес салмағы 10,3 пайызды құрады. Тасымалдау көлемі бойынша облыс республикада 2 орын алды.

Облыста күн сайын темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдайтын 10 әлеуметтік маңызы бар күн сайынғы тасымалдау ұйымдастырылған, оның ішінде 5 электр пойызы бар.

2007 жылы 1168000,0 мың адам жолаушы тасымалдау жоспарлануда (көбею 1,7 пайызды құрайды). Жүктерді тасымалдау көлемін 358000,1 мың тоннаға арттыру , бұл 2006 жылдың тиісті кезеңінен 6,8 пайызға көп.

«Әлеуметтік маңызды ауданаралық (халықаралық) қатынастар бойынша жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру» бағдарламасына сәйкес 1.01.07 жылы 859743 мың теңге игерілді, оның ішінде автомобиль жолаушылар тасымалдауын ұйымдастыруға – 400951 мың теңге, темір жол жолаушылар тасымалдауға – 458792 мың теңге.

Жергілікті бюджеттен ақша бөлу есебінен 108 әлеуметтік маңызы бар облыс ішілік маршруттардың қозғалысы ұйымдастырылды, оның ішінде 60 ауданаралық және 48 қала сыртындағы қатынастар. Тұрақты автобус қатынастарымен 170 астам елді мекендер қамтылған. Оның ішінде 130 облыс орталығымен және серіктес-қалалармен тікелей қатынас жасайды.



Темір жол көлігі
Облыста күн сайынғы 10 әлеуметтік маңызы бар темір жол көлігімен маршруттар жүреді, оның ішінде 5 электр пойызы бар.
Темір жол көлігімен әлеуметтік маңызы бар жолаушылар көлігін ұйымдастыруға 2006 жылы республикалық бюджеттен 288792 мың теңге және жергілікті бюджеттен 170000 мың теңге ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінген, 2007 жылға жергілікті бюджеттен 170120 мың теңге қарастырылды.
Әуе көлігі
Қарағанды облысының аумағында 3 аэропорт орналасқан: Қарағанды қаласында «Сарыарқа» аэропорты, Жезқазған қаласында – «Жезқазған-Эйр» Авиакомпаниясы» АҚ, Балқаш қаласында «Жезқазған -Эйр» Авиакомпаниясы» АҚ филиалы Балқаш аэропорты.

Инвестиция тарту және аэропорт пен аэропорт шаруашылығын әрі қарай дамыту үшін 2005 жылдың 15 қарашасында «Сарыарқа» Аэропорты» АҚ акциясын 100 пайыз мемлекеттік пакетпен сату бойынша инвестициялық тендер болды. Тендер қорытындысы бойынша акция пакетері «Sky Servis» берілді.

Қарағанды қаласының «Сарыарқа» аэрофорты қызметінің негізгі саласы Қазақстан Республикасы арқылы транзитті жүк тасымалдауды атқаратын әуе судаларының техникалық жағдайын қамтамасыз ету, сонымен қатар жолаушылар тасымалдау болып табылады.

Жезқазған мен Балқаш қаласының аэрофорттары «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС сенім басқармасына берілген.

2005 жылы «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС инвестициялық жоспарларына сәйкес Жезқазған қаласында жасанды ұшу-қону жолағына және халықаралық авиарейстерге қызмет көрсету үшін аэровокзалды қайта жөндеуге жалпы сомасы 313 млн. теңге 660 мың теңгеге күрделі жөндеу жүргізілген.

2009-2010 жылдарға арналған республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар тізбесіне Балқаш қаласының ұшу-қону жолағы мен аэровокзал кешенін қайта жөндеуді енгізу жоспарлануда.


Телекоммуникация мен байланысты дамыту

Облыстағы телекоммуникация жүйесінің ағымдағы жағдайын келесі маңызды сандармен сипаттауға болады:



  • телефон станцияларының саны 293 АТС құрайды, оның ішінде сандықтары;

  • станцияның жалпы монтирорлау сыйымдылығы 315 943 номерді құрайды, оның ішінде сандығы 240 426 номерлер немесе 76 пайыз;

  • станцияның әрекет ететін жалпы сыйымдылығы 302 869 номерді құрайды, оның ішінде сандық 228 938 номер немесе жалпы АТС жөндеу жасалған сыйымдылығы 95,8 пайыз және сандық бойынша АТС 95,2 пайыз;

  • негізгі телефон аппараттарының саны 301 621 құрайды, оның ішінде ГТС – 275 468, СТС – 26 153;

  • қойылған негізгі телефон аппаратарының саны 23 141 құрайды, оның ішінде ГТС – 20 172, СТС – 2969;

  • негізгі телефон аппараттарының таза өсімі 18 496 құрайды, оның ішінде ГТС – 16 261, СТС – 2 235;

  • облыс бойынша телефон тығыздығы 100 тұрғынға 21,7 телефонды құрайды, оның ішінде ГТС – 24,2, СТС – 10,4.

2005,2006 жылдары телекоммуникация жүйесін дамыту мен модернизациялауға акцент қойылған. АТС модернизациялау Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Теміртау, Шахтинск қалаларында жүргізілді.

NGN мультисервисті қол жетуді пайдаланумен жаңа түрдегі жүйе құрылысы бойынша жұмыстар басталды. Монтаж бойынша жұмыстар жүргізілді және IP/MPLS мәліметтерін беру жүйесінің жабдықтарына тестілік байқау жүргізілуде. ADSL порттарына монтаж жүргізілді: Қарағанды қаласында – 6048, Балқаш қаласында – 864, Жезқазған қаласында – 576, Теміртау қаласында – 1104.

Осакаров ауданындағы Молодежный кентінде, Нұра ауданындағы Киевка кентінде, Шет ауданындағы Ағадыр кентінде, Бұқар жырау ауданындағы Ғ.Мұстафин кентінде АТС сатып алу және жаңарту бойынша жұмыстар жүргізілді.

Бұқар жырау ауданындағы Доскей ауылы, Сарлық, Кеңгір ауылдары, Ұлытау ауданының Талап ауылы бағытында аудан, село орталықтары учаскелерінде қосу линиялары сандықтау бойынша жұмыстар жүргізілді.

Апатты жағдайдағы ғимараттардан кету мақсатында 12 селода селолық телефон станциялары контейлерін орналастыру мен жабдықтау бойынша жұмыстар жүргізілді.


      1. Сыртқы экономикалық қызмет

2006 жылғы облыстың сыртқы сауда айналымы 5452,2 млн. АҚШ дол. құрады, оның ішінде экспорт – 4223,8 млн. АҚШ долл. импорт – 1228, 3 млн. АҚШ дол., оңтайлы сальдо – 2995, 5 млн. АҚШ долл.


млн.АҚШ дол.





2005

жылға есеп беру



өткен

жылға %


2006 жылға

есеп беру



өткен жылға %

2007

жылға бағалау



өткен

жылға %


Сыртқы сауда айналымы

4176,4

110,0

5452,2

130,5

6400,0

117,3

Экспорт

2975,7

108,0

4223,8

141,9

5350,0

126,6

Импорт

1200,0

115,2

1228,3

102,3

1050,0

85,4

2006 жылы облыстың сыртқы сауда айналымы 2005 жылмен салыстырғанда , 30,5 пайызға, экспорт – 41,9 пайызға, импорт – 2,3 пайызға артты.

2006 жылы Қарағанды облысының шаруашылық субъектілері 143 әлем мемлекеттерімен сыртқы сауда байланыстары жөнге қойылды және кеңейтілді, оның ішінде ТМД – 23, Европамен – 37, Азиямен -28, Америкамен -29, Африкамен -19, Австарлиямен -7. Біздің облыстың өнімдері әлемнің 97 еліне қажетті, 116 ел өз өнімдерін біздің аймаққа жеткізуді іске асырды.

Экспорттың негізгі тұтынушылары болып Қытай, Италия, Ресей, Иран, Өзбекстан, Ұлыбритания, Корея Республикасы, Түркия табылады.

Облыстың ірі экспортқа бағытталған кәсіпорындары болып және олардың негізгі тауарлары - «Миттал Стил Теміртау» АҚ қара металл прокаты; «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС – тазартылған мысы табылады.

Экспорт көлемінің өсуі негізінен, мыс көлемін экспортқа – 69,6 пайызға арттыру табылады, осылайша, 2006 жылы қара металл прокаты – 2,9 млн. тонна 1,1 млрд. АҚШ дол. экспортқа шығарылды, бұл облыстың экспорт шығару көлемінің 22,0 пайызын құрайды. Бұл жағдайда орташа баға тоннасына 370,0 АҚШ долл. құрайды. Қара металды жеткізуші болып «Миттал Стил Теміртау» АҚ табылады.

Шет елге тазартылған мыс жеткізу 2,4 млрд. АҚШ долл. 338,7 мың тоннаны құрады, бұл облыстың экспортқа шығару көлемінің 48,7 пайызын құрайды. бұл жағдайда орташа баға тоннасына 6939,4 АҚШ долл. құрады.Облыстағы тазартылған мыс жеткізуші болып «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС табылады.

2007 жылғы бағалау бойынша сыртқы сауда айналымы 6,4 млрд. АҚШ долл. құрады (2006 жылға 105,9 пайыз), оның ішінде экспорт – 5,4 млрд. АҚШ (2006 жылға 110,9 пайыз), импорт – 1,1 млр. АҚШ долл. (2006 жылға 86,2 пайыз).

Экспорт көрсеткіштерінің өсуі қара металл, көмір, мыс, цинк, өңделмеген немесе жартылай өңделген күміс пен алтын, ферросплавтардың артуы есеібінен болады.

Экспорт бойынша болжамданған мәліметтер талдауы 2007 жылдан бастап 2009 жылдар бойынша экспортқа шығатын тауарлардың негізгі түрлері болып мыналар қалатынына қорытынды жасауға ықпал етеді:

- «Миттал Стил Теміртау» АҚ – қара металл прокатын экспортқа 2007 жылы - 1,8 млрд. АҚШ долл. арттыратын болады.

- Тазартылған мыс пен ерітінді – жыл сайынғы экспортқа көлемі 1,9 млрд. АҚШ долл. құрайды, бұл түрлі түсті металдың нарық әлемінде өсуімен; «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Лондонның қаржылық биржасында тіркелуімен түсіндіріледі. Бұл корпорацияның өз өнімдерін өздерінің ешкімнің көмегінсіз жоғары құнмен сатуына ықпал етеді.

- тас көмір мен лигнит – 2007 жылы экспортқа 102,0 млн. АҚШ долл. құрайды. Негізгі экспортер-кәсіпорындар болып «Миттал Стил Теміртау» ААҚ КД , «Шұбар көл» ААҚ, «МУГОТЕКС» ЖАҚ табылады.

- «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС - өңделмеген немесе жартылай өңделген күміс, алтын шығаруды жоспарлауда, бұл күмісті экспортқа шығу көлемі жылына 81,3 млн. АҚШ долл. және алтын жылына 56,2 млн. АҚШ долл. құрайды деген сөз.

- металды цинк – тауары 2003 жылға дейін шығарылмады десе де болады. Цинк зауытын іске қосуға байланысты металды цинк 2007 жылы - 197,6 млн. АҚШ долл. құрайды.


      1. Туризм

Облыста туристік қызметпен айналысатын 52 туристік фирма мен 5 жеке кәсіпкер бар. Оның ішінде туроператорлық қызметті -5, турагенттікті -42, экскурсияны -3, басқа туристік қызметті -2 іске асырады. Орналастыру объектілерінің саны -99, оның ішінде орналастырумен айналысатын жеке кәсіпкерлер объектілерінің саны – 41.

Туристік қызметпен айналысатын туристік фирмалармен жеке кәсіпкерлер қызмет көрсету көлемдері 2006 жылы 321,3 млн. теңгені құрады, бұл 2005 жылға қарағанда 3,2 есеге – 99,4 млн. теңгеге көп.

Қарағанды облысының инфрақұрылым туризмінің объектілері болып табылатындар:



  • Қарқаралының Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі;

  • демалыс үйлері: «Миттал Стил Теміртау» АҚ «Шахтер», «Тас бұлақ» «Жемчужина» және «Каскад»;

  • 10 демалыс зонасы (Ақтоғай ауданында Тораңғылық ауылдық округінде Балқаш өзенінің бойында – 530 орынға арналған 9 демалыс зонасы, Шұбартүбек кентінде - «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС БГМК «Голубые купола» және «Зеленый мыс» 1 демалыс зонасы);

  • 5 мерзімді сауықтыру лагері («Кооператор»- Қарағанды экономикалық университеті, «ҚарМУ- Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, «Политекник – Қарағанды техникалық университеті, «Медик» - Қарағанды медициналық академиясы, «Горняк» - тау кен колледжі);

  • 1 Бұқар жырау ауданындағы «Березка» сауықтыру кешені;

  • «Қазақмыс» корпорациясы 1 профилакторийі;

  • 3 санаторий («Миттал Стил Теміртау» АҚ «Жартас», Бұқар жырау ауданының «Жосалы», Теміртау қаласының «Самал»);

  • 4 санаторий-профилакторий («Қазақмыс» корпорациясы ЖШС, «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС БГМК, Қарағанды облысының «Арман» темір жолы, Теміртау қаласындағы «Арасан»);

  • 1 туристік база «Сарыарқа» «Балқаштүрлі-түсті металл» ПО, «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС Ақтоғай ауданындағы Бектау ата қонысы;

  • 29 мейманхана (заңды тұлғалар), оның ішінде 14 мейрамхана ресторандармен және орналастырумен айналысатын 27 мейманхана жеке кәсіпкерлермен, оның ішінде 1 қонақ үй ресоранмен.

  • 1357 қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны.

  • Мұражайлар, сәулеттік-тарихи ескерткіштер.

  • Облыста Қарқаралы ауданында – Қарқаралы Мемлекеттік Ұлттық табиғи паркі экологиялық туризм әжептеуір дамыған, онда 6 бекітілген туристік маршруттар бойынша инспектор-проводниктер мен экскусоводтар қызмет көрсетеді.

  • Шет ауданында «Бүркітші» мектебі мен арнаулы шаруашылық орналасқан, онда туристерге абаттандырылған қонақ үй, аттар, аң аулауға қажетті құралдар беріледі.

  • Теміртау қаласының жанындағы Гагаринское селосы мен Қарқаралы Ұлттық табиғи паркінде қыс мезгілдерінде тау шаңғы кешені қызмет етеді.

«Туристік қызметті реттеу» Бағдарламасын іске асыруға облыстық бюджеттен 2006 жылы 4,6 млн. теңге бөлінді. Аймақтың туристік имджін құруға бағыталған бюжеттік бағдарламаның іс-шараларын іске асыру барысында Қарағанды облысы 2006 жылы «Саяхат және туризм» (Мәскеу қаласы) Халықаралық туристік жәрмеңкеге; «Туризм және саяхат» 6 Қазақстандық халықаралық жәрмеңкеге (Алматы қ.); «Демалыс-2006» 3 Қазақстандық халықаралық туристік көрмеге (Астана қ.) қатысты.

Облыста туристік саласының дамуын талдау 2007 жылға арналған көрсеткіштерді бағалауға ықпал етеді. Туристік қызметпен айналысатын жеке кәсіпкерлер мен туристік фирмалар қызмет көрсеткен жалпы азаматтар саны 18,5 мың адам болады деп күтілуде, бұл 2006 жылғы көрсеткіштен 9,6 пайызға жоғары (17,1 мың адам).

Туристік ұйымдар қызмет көрсеткен азаматтар саны 2007 жылы көшпелі туризм бойынша 26 адамды құрайды, бұл 2006 жылдың деңгейінен (6 адамға) 4,3 есе, көшпелі туризм бойынша – 13,5 мың адамға (7,9 пайыз), ішкі туризм бойынша – 4,9 мың адамға (8,1 пайыз) көбейеді.

Көшу объектілеріне келушілерге қызмет көрсету саны 161,9 мың адам болады деп күтілуде, бұл 2006 жылға қарағанда 7,1 пайызға көп.

2007 жылы бағдарламаны іске асыруға облыстық бюджеттен 4,1 млн. теңге бөлінді. Бұл қаражат «Туризм және саяхат» (KIFT -2007) Алматы қаласындағы Қазақстандық халықаралық жәрмеңкеге , Астана қаласындағы «Демалыс-2007» Қазақстандық халықаралық туристік көрмеге қатысуға бағытталатын болады. Бағдарлама төңірегінде облыста туристік потенциялды маркетингтік зерттеу өткізуге және Қарағанды облысында туризмді дамыту бойынша мастер-жоспарды әзірлеуге 3 мың теңге бөлінген., нәтижесінде орналастыру құралы бойынша (туристік инфрақұрылымды зоналау, біліктілік талаптары) әзірленетін болады, эксклюзивті келешегі бар туристік маршруттарды әзірлеу жүргізілді.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет