Қарағанды облысының білім басқармасы Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығы



бет13/18
Дата17.10.2022
өлшемі118.34 Kb.
#462864
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
РО директорлар кеңесі бағыттардың барлық міндеттері бойынша ұйымның қызметін үйлестіруді жүзеге асырады.


6.Ресурстық орталықты басқару, кадрлық, қаржылық қамтамасыз ету, құқықтық жағдай.
Ресурстық орталықты қаржыландыру ҚР «білім туралы» заңы мен заңнамасына сәйкес, жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырылады.
РО қаражаты бюджеттік қаражаттандырудан және басқа табыс көздерінен түсетін өз қаражатынан құралады (ақылы қызмет көрсету, қамқорлық жасау ұйымдарының ерікті жарналары, кооперативтер, қоғамдық ұйымдар, сәйкес бағыттағы жоғары оқу орындарының мақсатты жарналары және басқа да тілек білдіруші ұйымдар).
Штаттық кесте РО директорымен жалақының және бюджет қаражатының көлемінде бекітіледі.РО педагогикалық ұжымы конкурстық-шартты негізде белгілі бір уақытқа құралады. Мұғаліммен жасалған келісімшарт аттестациялық комиссия ұсынысы бойынша шартты уақыттан бұрын бұзыла алады. РО мұғалімінің жалақысы аптасына 18 сағат есебінен тағайындалады, оның ішінде 6 сағат ғылыми-әдістемелік және тәжірибелік-эксперименттік жұмысқа бөлінеді. РО директорының, оның орынбасарының, сыныптан тыс жұмыс ұйымдастырушысының жалақылары оқушылармен толық қамтылған мектептердегідей тағайындалады. Ғылым Академиясының ғалымдарына, профессорларға, ресурстық орталықтың 8-11 сыныптарына сабақ жүргізуге шақырылған жоғары оқу орындарының оқытушылары мен мамандарына еңбек және әлеуметтік мәселелер бойынша қаулымен қарастырылған сағаттық төлем белгіленеді. Факультативтік сабақтар және таңдау курстары топта 8-10 адам жиналғанда өткізіледі.


7.Күтілетін нәтиже.

1.Білім беру үрдісі ұйымдастырушылық-оқу формаларының көптүрлілігімен қамтылады.


2.Оқушылардың жеке табысты шығармашылық жұмыстары үшін жағдайлар жасалады;
3.Нақты білім сапасымен қамту үшін алғышарт болатын, оқушылардың әлеуметтік тәжірибелері мен аймақтың қоғамдық мәні зор жұмыстарына қатысу үшін кеңістік құрылады.
4.Тұлғаның тіршілікке кемді сапаларын анықтайтын мониторинг пен диагностика жүйесі құрылады.
5.Қызығушылық бойынша клубтар ашылады және ауыл мәдени орталық ретінде сақталып қалады.
6.Ауыл оқушыларының бәсекеге қабілеттілік деңгейі артады.
7. МЖМБС-2012 сәйкес білім, икемділік және дағды деңгейлері артады.
8.Тірек мектебінің Үйлестіру кеңесі, Педагогикалық кеңесі, РО Қамқоршылық кеңесі құрылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет