Қарағанды облысының білім басқармасы Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығы



бет2/18
Дата17.10.2022
өлшемі118.34 Kb.
#462864
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Ақпараттық анықтама



  1. Білім беру ұйымының жалпы сипаттамасы:

Толық атауы: Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы «Ю.А.Гагарин атындағы жалпы орта білім беру мектебі» Коммуналдық Мемлекеттік Мекемесі

  1. Заңды мекен жайы: 100500 Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы, көше Ә.Оспанова 36

  2. Мекеме түрі: Мемлекеттік жалпы білім беретін орта мектеп.

  3. Оқыту тілі: қазақ.

  4. Құрылған күні: 1981 жыл.

  5. Соңғы күрделі жөндеуден өткен жылы: 2018 жыл.

  6. Қабат саны: 2

  7. Ғимарат ауданы: 1047,0 м2

  8. Мектептің жобалық сыйымдылығы: 420 адам

  9. Құрамына кіреді О.Жұмабеков тірек мектебі (ресурстық орталық)» ___ шағын жинақы мектептер.

  10. ББҰ дамуының сандық және сапалық көрсеткіштері: 64 пайыз

11.1. 3 жылдағы оқушылар саны (контингент, (әр мектеп жеке) сызықпен түсірілген бейне түсініктемесімен)



Оқу жылы

оқушылар саны

1

2017-2018жж.

281

2

2018-2019жж.

293

3

2019-2020жж.

303

11.2. Оқу қызметіндегі 3 жылғы жетістіктері (сызықпен түсірілген бейне немесе диаграмма (әр мектеп жеке): бастауыш, негізгі және орта сатылары, пәндер бойынша білім сапасының мониторингі (жоғары және төмен көрсеткіштерді, оның себептерін анықтау мақсатында)


Бастауыш буын оқушыларының үлгерімі

Оқу жылы

Жыл аяғындағы
оқушылар саны

Үздіктер

Екпінділер

Сапа %

Үлгерім %

2017-2018жж.

125

43

50

75,6

100

2018-2019жж.

140

46

58

74,4

100

2019-2020жж.

149

34

43

72

100



2017-2018 оқу жылында оқушы саны-125, үздіктер-43 (35%), екпінділер -50 (40,7%) , білім сапасы -75,6% болса, 2018-2019 оқу жылында оқушы саны –140, үздіктер-46 (33%), екпінділер-58 (41,4%) , білім сапасы -74,4%, 2019-2020 оқу жылынын бірінші жарты жылдық бойынша -149, үздіктер-34 (32,7% ), екпінділер- 43 (38,9%), білім сапасы- 72% болды. 2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылы 15 оқушыға көбейген, үздіктер 3 оқушыға өскен, екпінділер 8 оқушыға артқан.
Негізгі мектеп оқушыларының үлгерімі

Оқу жылы

Жыл аяғындағы
оқушылар саны

Үздіктер

Екпінділер

Сапа %

Үлгерім %

2017-2018жж.

138

20

51

52,2

100

2018-2019жж.

131

13

52

50

100

2019-2020жж.

124

20

44

52

100



2017-2018 оқу жылында оқушы саны-138, үздіктер-20 (14,77%), екпінділер-51 (35,7), білім сапасы -52,2% болса, 2018-2019 оқу жылында оқушы саны –131, үздіктер-13 (10%), екпінділер-52 (40% ), білім сапасы -50%, 2019-2020 оқу жылында оқушы саны -124, үздіктер-20 (18% ), екпінділер - 44 (39%), білім сапасы - 52% болды.
2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылы 7 оқушыға азайған , үздіктер 7 оқушыға артты, екпінділер 8 оқушыға кеміген. Білім сапасы 2018 жылмен салыстырғанда 2019 ж 2% артқан.
Орта мектеп оқушыларының үлгерімі

Оқу жылы

Жыл аяғындағы
оқушылар саны

Үздіктер

Екпінділер

Сапа %

Үлгерім %

2017-2018жж.

22

2

13

68,2

100

2018-2019жж.

23

7

7

61

100

2019-2020жж.

30

6

8

47

100


2017-2018 о.ж оқушы саны-22, үздіктер-2 (9,09%), екпіндісі-13 (59%) , білім сапасы -68,2% болса, 2018-2019 оқу жылында оқушы саны–23, үздіктер-7(30,4%), екпінділер-7 (30,4%) , білім сапасы -61% болды, 2019-2020 оқу жылында оқушы саны-30, үздіктер-6 (20%), екпінділер-8 (26,6%), білім сапасы- 47%. 2018 жылмен салыстырғанда 2019 жылы 1 оқушыға азайған, үздіктер саны 5 оқушы қосылған, екпінділер 6 оқушыға азайған.
Жалпы 3 жылғы салыстырмалы білім сапасының көрсеткіші



Оқу жылы

Білім сапасы

Қанша оқушы

1

2017-2018жж.

63,7

281

2

2018-2019жж.

64

293

3

2019-2020жж.




303



Диаграммада көрсетілгендей білім сапасы жыл сайын өсуде.
Ю.А.Гагарин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің салыстырмалы түрдегі білім сапасының көрсеткіші
2018-2020 оқу жылдары



Пән атауы

2017-2018ж.ж.

2018-2019ж.ж.

2019-2020ж.ж.

Математикалық жаратылыстану пәндері бойынша

1

Алгебра

48,3

52

47

2

Геометрия

55

53

49

3

Физика

67,5

55

54

4

Химия

62,6

64

66

5

Биология

69,5

71

70

6

Информатика

77

84

87

7

География

74

71

74

8

Жаратылыстану

64,7

70

73




Қоғамдық гуманитарлық пәндері бойынша

9

Қазақстан тарихы

68

71

71

10

Дүние жүзі тарихы

70

74

67

11

Қазақ тілі

74

75

75

12

Қазақ әдебиеті

75

77

75

13

Орыс тілі

65

63

71

14

Орыс әдебиеті

66,6

55

71

15

Ағылшын

62

59

58

Бастауыш сыныптары бойынша

16

Математика

81,3

76

79,4

17

Қазақ тілі

77,17

76

80,4



Кемшіліктер: 3 жылғы пәндер бойынша білім сапасын салыстырмалы түрде алғанда ауытқушылық байқалады. Математикалық жаратылыстану пәндері бойынша Алгебра пәнінен – 1,3 пайызға, Геометрия пәнінен-6%-ға; География пәнінен - 8%-ға, физика пәнінен -9,5%., химия пәнінен-4,6%, биология пәненен-5,5%, төмендегені байқалды.
Қоғамдық гуманитарлық пәндері бойынша Дүние жүзі тарихы - 3-ға; Ағылшын пәнінен -4%-ға, қазақ тілі пәнінен -10%, қазақ әдеб. пәнінен-5%, биология пәненен-5,5%, кеміді.
Бастауыш сыныптары бойынша математика – 1,9%-ға төмендегендігі байқалды.
Мүмкіндіктер:
Математикалық жаратылыстану пәндері бойынша жаратылыстану пәнінен -3%-ға жоғарылады;
Қоғамдық гуманитарлық пәндері бойынша Қазақстан тарихы пәнінен-3%-ға; орыс тілі пәнінен -6 пайыз, орыс әдеб.пәніне-5 пайыз, Бастауыш сыныптары бойынша қазақ тілі пәнінен – 3%-ға жоғарлағаны байқалды.
Ұсыныстар:
Математика, геометрия, физика және қоғамдық гуманитарлық пәндері бойынша төмен көрсеткіш көрсеткен негізгі пәндер және бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығы бойынша әдістемелік көмекті «Ізденіс», «Ұлағат», «Зерде» шығармашылық топтар арқылы кемшіліктерді анықтау, талдау және жою жөнінде іс –шаралар жоспарын жасау.
Қауіп –қатер
Орта буын сыныптарында оқушы санының азаю қауіпі бар;
11.3. Оқушыларының 3 жылдағы жетістіктері: олимпиадалар, конкурстар, жарыстар, зерттеу жобалары (аудандық, қалалық және республикалық деңгейлер) диаграмма түрінде және түсініктемемен (әр мектеп жеке (РО олимпиадалық, зерттеулік, жобалық қызметтерінің корпоративті жетістіктері).
2016-2017 оқу жылында ОҒҚ қаңтар айында мектепішілік ғылыми конференция ұйымдастырды. «Бастауыш» секциясында 8 жұмыс, «Гуманитарлық» секциясында 7 жұмыс, «Жаратылыстану» секциясында 6 жұмыс, жалпы 21 жұмыс тыңдалды.
2017-2018 оқу жылында ОҒҚ ақпан айында мектепішілік конференция ұйымдастырды. Биылғы оқу жылында «Дарын» ОҒҚ тек жоғары сыныптар арасында конференция ұйымдастырып, жалпы 11 жұмыс қорғалды. Ғылыми-практикалық конференцияның аудандық кезеңінде 5 жұмыс қорғалды, оның 4-еуі марапатқа ие болды.
2018-2019 оқу жылында «Дарын» ОҒҚ конференциясында қазақ әдебиеті, математика, орыс әдебиеті, биология, химия, тарих, информатика секциялары бойынша қорғалған 8 жұмыс аудандық кезеңге жолдама алып, 3 жұмыс нәтижемен оралды.
Қыркүйек айында ҚарМУ ұйымдастырған облыстық жоба сайысында 8 сынып оқушылары Айжанова А, Жұмаділда Ж. – ІІІ орын алды, секциясы: өлекетану, жетекшісі: Рыспекова Ж. ШҒА ұйымдастырған облыстың жоба сайысында 7 сынып оқушысы Сәкен Р. – үздік жоба болып танылды, секция: орыс әдебиеті, жетекшісі: Абенова Ү.А.Сондай-ақ ШҒА ұйымдастырған облыстық жоба сайысында 9 сынып оқушысы Байкенова Қ. – ІІ орын алып, Республикалық кезеңде де – ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Оспанова Қ.Е. Секциясы: қазақ әдебиеті
2016-2017 оқу жылында ОҒҚ қаңтар айында мектепішілік ғылыми конференция ұйымдастырды. «Бастауыш» секциясында 8 жұмыс тыңдалды.
2017-2018 оқу жылында ОҒҚ ақпан айында мектепішілік конференция ұйымдастырды. Бұл оқу жылында «Ұшқын» ОҒҚ жеке бастауыш сыныптар арасында конференция ұйымдастырып, жалпы 8 жұмыс қорғалды. Ғылыми-практикалық конференцияның аудандық кезеңінде 3 жұмыс қорғалды, оның 2-еуі марапатқа ие болды.
2018-2019 оқу жылында «Ұшқын» ОҒҚ конференциясында бастауыш секцисы бойынша қорғалған 8 жұмыстың 3 -еуі аудандық кезеңге жолдама алып, 3 –еуі де жүлделі орындарға ие болды. Жұмыстары ғылыми- практикалық конференция материалдарының жинағына енді.
Қыркүйек айында «Сарыарқа дарыны» ғылыми орталығы ұйымдастырған облыстық жоба сайысына 3 сынып оқушысы Есенбаев Е.Д. қатысып, жүлделі ІІІ орын алды, секциясы: жаратылыстану, жетекшісі: Каримова Ғ.М.
2018 жылдың тамыз – қыркүйек айларында жас мұғалімдерге тәлімгерлер
тағайындалды. Жас мұғалімдер, тәлімгерлер бірге отырып, жұмыс жоспарын
құрып, бекітті. Қазан айында тәлімгерлер іс жүзінде, жас мұғалімдерге сабақ
жоспарлауға әдістемелік көмек көрсетті. Жас мамандарға тәлімгер бекітілді.
МАД сыныпта С.Адикамоваға Қожаханова Г, Қазақ тілі пәні мұғалімі Оспанова Қымбатқа
Нақыпова А, тенология пәнінен Альжанов Аманға технология пәні мұғалімі Сыздыкова М,
Шағын орталық тәрбиешісі Рахметуллина Арайлымға Шопанбекова Ғ көмек беріліп отырды.
Оқу кабинеттерінің жабдықталуы барлық пән бірлестіктері бойынша жалпы қаңағатанарлық денгейде болғанымен, ішінара пән кабинеттерінде стенд, көрнекі құралдармен безендірілгенімен көрнекі құралдар, оқушылардың тәжірибе жасалған жұмыстарының нәтижесінің бұрышы ұйымдастырылмаған ұлдардың технология кабинеттерінде тақырыптық стенділер, белгілі бір тақырып пен оқушылар қолымен жасаған бұйымдарының көрмеге қоярлықтай жұмыстар жинақталмаған. МАД кабинеттері мен математика кабинетінің дидактикалық материалдарымен жабдықталу деңгейі жеткіліксіз. 
Пән бойынша өткізілетін білім сайыстары, олимпиада, байқауларға қатысуды ұйымдастыру
Облыстық кезенде өткен Клевер олимпиадасына оқушыларды дайындағаны үшін Асанова Г, Накыпова А, Байжанова Е, Искакова К,Шопанбекова Г Алғыс хаттпен марапатталды. Аудандық кезеңнен «Жыл мұғалімі» конкурсына Саденова Меруерт қатысып 3- орын марапатталды.
Рыспекова Жадыра «Ізденіс» шығармашылық тобының жетекшісі Мадақтамен марапатталды, Астана қаласының 20 жылдығына орай «Мейірім шуағы » Алғыс хат, «Шежіре -life» «Менің отбасымның тарихы» Алғыс хат, Шеберлік сыныптар бағдарламасы Бағдарламасы, Ұлы дала әскери мұра жинағы шықты.
Тайкенов Дархан Республикалық қашықтық «Мұрагер» интеллектуалды конкурсына қатысқан үшін Алғыс хат, Республикалық қашықтық «Үздік сабақ презентациясы» байқауына қатысып І дәрежелі диплом, ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің Алғыс хаты, «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы Облыстық кезеңіне белсенді қатысқаны үшін Дипломмен марапатталды.
ШопанбековаГазиза «Данышпан» республикалық қашықтық байқауларн орталығының ұйымдастырумен өткен «Көңілді қыс»шығармашылық байқауына жеңімпаздар дайындағыны үшін дипломмен марапатталды. Білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін Мадақтама, Интернет олимпиада байқауына
үлес қосқаны үшін Алғыс хат, Халықаралық ғылыми практикалық конференциясының Мақала жинағы, Қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында білім беру мазмұнын жаңарту Мақала жинағы, «Қоғамдық сананы жаңғырту жағдайында білім беру мазмұнын жаңарту» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясына белсене қатысқаны үшін І –ші дәрежелі дипломмен
марапатталды.
Накыпова Алма, Шопанбекова Газиза, Оспанова Қымбат «Данышпан» республикалық қашықтық байқаулар орталығының ұйымдастырумен өткен «Тәуелсіз елім-тірегім» атты шығармашылық байқауына жеңімпазды дайындағаны үшін дипломмен марапатталды.
Асанова Г Шебер сабақ көрсеткені үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Искакова Кенжегул Республикалық қашықтық «Үздік сабақ презентациясы» байқауына қатысып І дәрежелі диплом, Мемлекетіміздің қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқаны үшін Қарағанды облысы әкімінің Алғыс хаты, Республикалық қашықтық «Үздік мұғалім порт фолиосы » байқауына қатысып І дәрежелі диплом. «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы Облыстық кезеңіне белсенді қатысқаны үшін Дипломмен марапатталды. «Көкжиек»Республикалық ғылыми әдістемелік орталығына мақаласы жарияланып Дипломмен марапатталды. «Менің» педагогикалық қоржыным ХҮ аймақтық ашық әдістемелік вернисаж фестивалінен 1-орын дипломмен марапатталды.
Каримова Газиза «Көкжиек» Республикалық ғылыми әдістемелік орталығына Абайдың қара сөзі атты мақаласы жарияланып Дипломмен марапатталды. «Менің»педагогикалық қоржыным ХҮ аймақтық ашық әдістемелік вернисаж фестивалінен 2-орын дипломмен марапатталды. ZIAT ҒӘО «Жас зерттеуші ІХ Республикалық зерттеу жұмыстары сайысында оқушысы жүлдегер атанды диполммен марапатталды». «ЗЕРДЕ» республикалық конкурсының облыстық кезеңіне оқушыны жоғары деңгейде дайындағаны үшін Каримова Газизаға Алғыс хат берілді.
Смайлова А Облыс білім басқармасының Алғыс хаты. Жұмажанова Ырыс Ұстаз тілегі Республикалық ұстаздар сайтында белсенділік танытқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды, ұстаз тілегі Республикалық ұстаздар сайтында 5 сыныпқа алғаш
бару тренинг сабақ материалы веб сайтына жарияланды.
Бакеева Айнур «Данышпан» республикалық қашықтық байқауларн орталығының ұйымдастырумен өткен «Көңілді қыс»шығармашылық байқауына жеңімпаздар дайындағыны үшін дипломмен марапатталды. «Платон» Халықаралық білім дамыту орталығы ұйымдастырған "Сандар әлемі" атты конкурсына мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі қатысып дипломмен марапатталды.Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі мерекесіне орай ұйымдастырылған «Көк тудың желбірегені» атты Республикалық өнер байқауына қатысушы шәкіртімен нәтижелі жұмыс жүргізгені үшін Мадақтамамен марапатталды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстан –менің Отаным» атты интернет – байқауында жүлделі орын алған білім алушыларды дайындағаны үшін дипломмен марапатталды. ПОНИ Халықаралық байқауына жеңмпаздар мен жүлдегерлерін сапалы дайындағаны үшін дипломмен марапатталды.
Рахметуллина Арай шағын орталығының тәрбиешісі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстан –менің Отаным» атты интернет – байқауында жүлделі орын алған білім алушыларды дайындағаны үшін дипломмен марапатталды.
Тулеубаев Дуйсен Аманбаевич Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі мерекесіне орай
ұйымдастырылған «Көк тудың желбірегені» атты Республикалық өнер байқауына қатысушы шәкіртімен нәтижелі жұмыс жүргізгені үшін Мадақтамамен марапатталды.
Мейзбекова Анар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі мерекесіне орай ұйымдастырылған «Көк тудың желбірегені» атты Республикалық өнер байқауына қатысушы шәкіртімен нәтижелі жұмыс жүргізгені үшін Мадақтамамен марапатталды.
Сулейменова Асел ауданымызда тарих пәнінен Д.Ізтөлеуовтың атына өткізген олимипадаға оқушы дайындағаны үшін сертификатқа ие болды.
Хасенова Бибіжан «Данышпан» республикалық қашықтық байқауларн орталығының
ұйымдастырумен өткен «Көңілді қыс»шығармашылық байқауына жеңімпаздар дайындағыны үшін дипломмен марапатталды.
Тутекеева Рымкул Республикалық қашықтық байқауға жүлделі орын алған оқушыларды дайындағаны үшін дипломмен марапатталды.
Серикова С «Платон» Халықаралық білім дамыту орталығы ұйымдастырған "Сандар әлемі" атты конкурсына мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі қатысып дипломмен марапатталды. Республикалық қашықтық байқауға жүлделі орын алған оқушыларды дайындағаны үшін дипломмен марапатталды. Республикалық дарынды оқушылар порталы ұйымдастырылған шығармашылық байқауларға шәкірт дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Байжанова Е Білім дәрежесін көтеріп, болашақ ұрпақтың интеллектуалдық дамуына үлес қосып, сапалы білім берумен қатар республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада тарапынан ұйымдастырылған оқушылар арасындағы пәндік олимпиадаға шәкірттер қатыстырып жоғары нәтиже көрсеткені жәнен олимпиада жеңмпаздарын дайындаған үшін марапатталады.
Абенова Ү Орыс тілі пәнінен республикалық интернет олимпиадаға оқушыларды дайындағаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ошақбаева Аманкүл Игілікқызының жетістігі
Абаева Ақниет Мектепішілік олимпиадада – І орын, аудандық олимпиададан-ІІ
орын иеленді.- ҚР ОҚ ШҒА 49 ғылыми практикалық конференциясы шеңберінде өткен 2-ші деңгейлі аймақтық ғылыми – зерттеу жұмыстарының байқауында облыстық ІІ дәрежелі диплом 9-сынып оқушысы Байкенова Құндызды дайындағаны үшін Білім бөлімінің алғыс хатымен Оспанова Қымбат Ерболқызы марапатталды.
2018-2019 оқу жылындағы мектептің әдістемелік жұмыстың қорытындысын шығара келе әр пән мұғалімдерді 12 критериялар бойынша бағаланды
Мұғалімдердің былтырғы жылмен салыстырғанда байқауларға қатысуының орташа екенін байқаймыз. Былтырғы 2017-2018 оқу жылының көрсеткіші – 76 болса, биылғы 2018-2019 оқу жылында – 72. Марапаттаулар – 55. Баспасөз беттеріне 7 мұғалім (жалпы 43 мұғалімнің 16,6%) облыстық, республикалық және халықаралық дәрежедегі жинақтарға өз мақалаларын жариялады.
Аудандық кезеңнен «Жыл мұғалімі» конкурсына Саденова Меруерт қатысып 3- орын марапатталды.
«ЗЕРДЕ» республикалық конкурсының облыстық кезеңіне оқушыны жоғары деңгейде дайындағаны үшін Каримова Газизаға Алғыс хат
Республикалық интернет байқауына қатысып 9 мұғалім қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
- Оқушылардың пәндік олимпиадалардағы жетістігі-7 жүлделі орын. 
- Оқушылардың марафон, шығарма, эссе, байқауларда жетістіктері-10 оқушы орын алды. 
- Қашықтық олимпиадаларда жетістіктері-25 орын. 
- Оқушылардың ғылыми жобалармен айналысуы-25
- NIO.KZ республикалық интернет олимпиадасына 2 мұғалім (1,5%) қатысып және оқушы дайындағаны үшін құрмет грамоталары, алғыс хаттармен марапатталды.
Республикалық интернет байқауына қатысып 20 мұғалім қатысып, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Генофонд Евразия» республикалық байқауға «Үздік презентация сабағым» секциясы бойынша 2 мұғалім қатысты. Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Мәңгілік Елге бастар жол» тақырыбында өткен аудандық «Ұшқыр ой» дебаттық сайысында командаға жетекшілік көрсеткені үшін мақтау грамотасымен, Халықаралық «Пони» интеллектуалдық конкурсына жүлдегер оқушы дайындағаны үшін бастауыш сынып мұғалімдері дипломмен марапатталды.

11.4. Оқу- тәрбие үрдісін ұйымдастырудың 3 жылдағы ерекшеліктері.


Әдістемелік бірлестіктердің көрсеткіштерін саралай келе пайыздық көрсеткішпен 
1. Жігер пән бірлестігі -40%
2. Шамшырақ пәні бірлестігі -21%
3. Өнер пәні бірлестігі -22%;
4. Көкжиек пәні бірлестігі- 35%;
5. Сергек пәні бірлестігі -28%
6. Алгорифм пән бірлестігі -23%;
2017-2018 оқу жылымен салыстырғанда мұғалімдердің әр түрлі байқауларға қатысу, мақала жариялануы деңгейі өскенін байқауға болады. Былтырғы оқу жылында 77 орын болса, 2018-2019 оқу жылында 80 жетістік бар.
Қорытындылай келе, мектептің ғылыми - әдістемелік жұмысы жүргізілуі қаңағатанарлық деңгейде. Дегенмен пән мұғалімдер мен пән бірлестіктерінің жыл бойы жұмыстарына сараптама жасай келе жеткен жетістіктермен қатар кемшілік тұстарыда орын алды. 
Кәсіби байқаулар мен пән мұғалімдердің авторлық бағдарламаларды дайындау, пед оқуларға қатысу мен оқушыларды ғылыми шығармашылық жобалармен айналысу орын алмады. 
2018-2019 оқу жылында АББ –не On-line жүйесінде сабақ беруге 5 мұғалімге сұраныс берілген болатын, АББ-ніңаудандық деңгейде сабақтар өткізілді.

  1. Саденова М.А 1 сынып сауат ашу «Табиғатқа саяхат ж дыбысы мен әрпі» облыстық ,

  2. Байжанова Е. 6 сынып математика «Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу» аудандық,

  3. Тутекеева Р 2 сынып әдебиеттік оқу «Мәтін: қой», тақырыбында аудандық онлайн сабағы жақсы деңгейде өтті.

  4. Момбекова Т 9 сынып математика «Негізгі тригонометриялық тепе-теңдіктер» аудандық /бала күтіміне шығуына байланысты өткен жоқ/,

  5. Абилова М 9 сынып география «Экономикалық аудандастық» облыстық /денсаулығына байланысты өткен жоқ/,

Пән мұғалімдері инновациялық технологиялардың элементтерін тиімді пайдаланып, оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауы байқалды. Сабақтарында уақытты тиімді пайдаланып, «BilimLand» қорынан сабаққа қатысты видео материалдарды ала отырып пайдаланды, көрермендер тарапынан жақсы пікірлер айтылып, жақсы бағасын алды.

11.5. Педагогикалық кадрлардың сапалы құрамы (сызықпен түсірілген бейнеде немесе диаграммада (әр мектеп жеке): білімі, санаты, деңгейлі курсты бітіруі, маман-маман емес (кадрларының корпоративті мінездемесі).





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет