Қарағанды облысының білім басқармасы Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығы


Ресурстық орталықта оқу үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктері



бет10/18
Дата17.10.2022
өлшемі118.34 Kb.
#462864
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
3. Ресурстық орталықта оқу үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктері
РО бірыңғай оқу жоспары нормативтік-құқықтық база негізінде, нормативтік-құқықтық негіздерді есепке ала отырып жасалады, ресурстық орталықтың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған және келесі қағидаттарға тұжырымдамалық сүйенеді:
- базистік пәндер бойынша мемлекеттік білім беру стандартының орындалуы;
- басым бағыттарда білім беру мазмұны кеңейту және стандартын арттыру, гуманитарлық пәндерді тереңдете оқыту;
- оқушылардың жеке және зерттеу жұмыстарына бағдарлануы.
Бірыңғай оқу жоспары әрбір білім алушыға оның оқу, психологиялық және физикалық жүктемесінің оңтайландырылуы жүретін жеке-бағдарланған білім алу маршрутын ұсынады, сонымен қатар, бейінді оқуға ауысудың икемді жүйесін, табысты әлеуметтенуін қамтамасыз ететін гуманитарлық пәндердің рөлі арта түседі.
Жоспар түлектерге өзін-өзі жетілдіруіне, дамытуына, жандандыруына мүмкіндік береді. Негізгі және қосымша білімнің оқу жоспары алты күндік режимде жұмыс жасайтын мектептерге арналған қолданыстағы БУП стилінде құрылған. Сабақтар екі кезеңге ұйымдастырылған. Қосымша білім алу блогі бар.
Өздік жұмысының дағдыларын қалыптастыру, оқушылардың келешектігі мамандығына байланысты таңдаған бағытына жақындау мақсатында, зерттеу сипатындағы білім алу модулі енгізілген. Оқушылардың зерттеулік дамуы бойынша жұмысқа ғылыми қоғамның пәндік секциялары, шығармашылық зертханалар мен шеберханалар арқылы қатысады.
Тірек мектебінде(РО) білім беру үрдісін 1-4(1-5);5-9(6-10); 10-11(11-12) сынып бағдарламалары бойынша дәстүрлі-мазмұнды-әдістемелік негізде жүзеге асырады:

  1. Лекциялар, семинарлар, практикумдар, зерханалық жұмыстар,

оқушылардың өз бетінше жобалық-зерттеу жұмысы және оқытудың басқа тиімді әдіс-тәсілдері мен құралдары оқу сабақтарын ұйымдастырудың негізгі нысандары болып табылады;

  1. Тірек мектебінде (ресурстық орталығында) 8-9 сыныптары үшін білім

беру үдерісі 3 сессия (I нұсқаушы, II оқу және III қорытынды) және сессия аралық кезеңді қамтиды;

  1. 8-9 сыныптары үшін сессияның ұзақтығы: үш күннен он күнге дейін

орнатылады, тірек мектебінің (ресурстық орталығының)Үйлестіру Кеңесімен бекітілген оқу процесінің кестесіне сәйкес бекітіледі. Сессиялық кезеңінде оқу зертханаларында және шеберханаларында практикалық оқу іс-әрекеті ұйымдастырылады;

  1. Тірек мектебінде (ресурстық орталығында) 10-11 сыныптары үшін білім

беру үдерісі 4 сессия (I нұсқаушы, II,III оқу, IV қорытынды) және сессия аралық кезеңді қамтиды;

  1. 10-11 сыныптары үшін Үлгілік оқу бағдарламасымен және оқу процесінің

кестесіне сәйкес, тірек мектебінің (ресурстық орталығының) Үйлестіру Кеңесімен бекітілген сессияның ұзақтығы: он күнге дейін тағайындалады; Сессиялық кезеңінде дәрістер, практикалық оқу іс-әрекеті оқу зертханаларында және шеберханаларында ұйымдастырылады;

  1. Нұсқаушы сессия –I сессия оқу жылының 1 тоқсан аяғында өткізіледі.

Сессия басталуынан бұрын оқушылардың функционалдық сауаттылығының дамуын және оқығандық деңгейін анықтауға кіріс тестілеуі өткізіледі. Әр оқушыны оқытудың жеке бағыттары анықталады, онымен сессия аралық кезеңде жұмыс жасау жоспарланады;

  1. 10-11 сыныптары үшін оқу сессиясы – оқу жылының ортасында 2 рет (II

сессия 2 тоқсан аяғында және III сессия 3 тоқсан аяғында) өткізіледі. Жаңа жағдайларда магниттік мектеп оқушыларының психологиялық бейімделуіне мүмкіндік беретін циклдік - модульдік нысанында тірек мектебі және магниттік мектептердің мұғалімдері оқу сабақтарын жүргізеді. Сессия нәтижелері бойынша оқушылардың оқу сатысы анықталады, сессия аралық кезеңде оқу қиыншылықтарының аймақтарын жою бойынша жеке ұсыныстар беріледі;

  1. 10-11 сыныптары үшін қорытынды IV сессия оқу жылының 4тоқсанның

аяғында өткізіледі. Оқытудың жеке бағыттарын іске асыру қорытындылары шығарылады, таңдау курстары және базалық пәндер бойынша түйінді проблемалары анықталады. Консультациялық пункттер жұмыс атқарады. Оқушылардың аттестацияға дайындық деңгейі бағаланады.
Сессиялық және сессияаралық білім алудың бағдарламасын жасауда тірек мектептің (ресурстық орталықтың) педагогикалық үрдісінің құрылымдық элементтерін ұстану қажет:

  • Мақсаты;

  • Міндеттері;

  • РО білім беру қызметінен күтілетін нәтижелер;

  • Мазмұны;

  • Әдістер мен құралдар;

  • Бақылау-бағалау құрамдары.

Қосымша, бейінді құрамдардың спорттық, көркемдік сабақтар күннің екінші жартысында жүргізіледі. Дамытушы модуль оқушылардың білім алуының жеке бағдарын қамтамасыз ететін сабақтар ұйымдастыруға бағытталған.
Сессия уақытында сабақты жүргізу формасы – пәндік-дәрістік, тәжірибелік бағытта (зертханалық, тәжірибелік жұмыстар, бақылау, диагностика, контроль), интерактивті түрлері де қолданылады: тренингтік және т.б.
Сабақ құрылымын жасауда басымдылық оқушылардың жеке белсенді оқу жұмысына, оқу материалы мазмұнының блоктық модульдық құрылымына, оқытудың жаңа технологияларын қолдануға, оқушылардың жемісті шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін оқытудың әдістері мен амалдарына беріледі (зерттеу және жоба жұмыстары). Оқу сессиялары шолу режиміне өтеді. Әр оқу күні шартты түрде 4 бөлікке бөлінеді. 1 бөлім бейін алды (8-9(9-10) сынып) және бейінді білім (10-11(11-12) сыныптар) материалдар бойынша өтетін сабақтарға арналған, сондай-ақ оқушылар бар ақауларды жоюға, жақсы жабдықталған оқу кабинеттері мен зертханаларда жұмыс жасауға мүмкіндіктері бар. Негізінде сессияаралық уақытта жеке білім алу маршруты құрылатын, оқушылардың білім алудағы қиыншылық тудыратын аймақтары анықталады. Екінші және үшінші бөлімдері жобалау жұмыстарына арналады, бұл балалардың бағалы сапаларын, әлеуметтік құзыреттіліктерін, түрлі тіршілік мәселелерін шешу қабілеттерін дамытады. Оқушылар түрлі пән аяларында өз жобаларының презентациясын жасайды, сонымен қоса ұжымдық әлеуметтік жобалар жасауға кіріктіріледі. Оқу күні дамытуға арналған бос уақытпен аяқталады: оқушылар сахнада көріністер қояды, концерттік бағдарламалар, көрмелер дайындайды, спорт жарыстарына қатысады. Ерекше орынды қорғаныстық-спорттық, сауықтыру, көркем-эстетикалық, өлкетанушылық және интеллектуалды сипаттағы сабақтар алады. Бұлар күннің екінші жартысында жүргізілетін пікірталастар, диспуттар, ойындар, конкурстар, психологиялық тренингтер.
Сессияаралық уақытта тірек мектебінің (РО) ақпараттық білім беру ортасы маңызды рөл атқарады. Кейбір тірек мектептерінде (РО) интернет жоқ болған жағдайда қағазды тасымалдаушы ретінде қолданып, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыруға болады, яғни шағын жинақы мектеп оқушылары әзірленген оқу құралдарымен және дидактикалық материалдар бойынша оқытылады. Бағыттаушы пәндер, қолданбалы курстар және таңдау бойынша курстар бойынша оқу-танымдық үрдісі үйлестіруші мұғалімнің немесе тьютор-мұғалімнің көмегімен жүзеге асырылады. Кейбір ресурстық орталықтарда электрондық оқулықтар бойынша жұмыс ұйымдастыруға болатын жергілікті электронды желі тартуға болады. Виртуалды физика, химия және биология зертханаларының барында, мұғалімдер оқу жабдықтарының жетіспеушілігі мәселесін шеше алады. Солай, тірек мектебінің (РО) оқу-әдістемелік, ақпараттық орталығының қажетті материалдарына қолжетімділік пайда болады.
Электронды оқыту мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты, соңғысын «онлайн» режимінде оқу материалын өз бетімен меңгеруіне бағыттай отырып, оны елеулі түрде өзгертеді. Мектептер, оқушылар мен мұғалімдер арасында, оқу, әдістемелік және ғылыми ақпараттармен, жалпы қызықтырушы мәселелер бойынша шығармашылық зерттеу жұмыстарымен жедел алмасуға максималды мүмкіндіктер туғызады.
Ол үшін, тірек мектебі мен магниттік мектептер үшін бірыңғай оқу кестесін құруға талап қойылады. Оқу материалының бір мезгілде жүргізілуі «онлайн» режимінде сабақ жүргізуге мүмкіндік береді, Жеке сабақтар мен топтық сабақтар жүргізіледі. Қатал түрде бір уақытта жергілікті желі арқылы оқушыларға, тьюторларға және пән мұғалімдеріне кеңес жұмыстары ұйымдастырылады. Бала дамуының дара траекториясын есепке ала отырып, қажетті ақпарат алуына қолжетімділік қамтылады.
Оқытудың сессиялық формасы тірек мектеп (ресурстық орталықта)8,9,10,11,(12) сынып оқушыларына келешектігі оқуын таңдауда қолдау көрсетуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді, Тірек мектебі базасындағы бейінді оқуға дейінгі дайындық келесі іс-шараларды қамтиды:

  • Болашақ мамандығының дұрыс таңдауын қалай жасау керек, қандай факторларды ескеру керек, мамандық таңдауда қандай себептерді негізге алу керектігін үйрететін кәсіби бағытталған кеңестер;

  • Сол аймақтың кәсібилендіру мүмкіндіктері жайында, яғни, кәсіби білім беру мекемелері жайында (кәсіби мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары), дайындық жүргізілетін мамандықтар жайында ақпарат беру. Осы мақсатта мамандар-кәсіби бағыттаушылар шақырылады, сол мекемелерге экскурсия ұйымдастырылады.

  • Оқушылардың қызығушылықтары мен бастапқы кәсіби ұнатуларының психологиялық диагностикасы, сонымен қатар тұлға түрінің диагностикасы;

  • Балаларда жоғары қызығушылық және эмоционалды үн қатуларын тудыратын «Мен - мамандықтар әлемінде» іскерлік ойыны;

  • Одан әрі кәсібиленуіне маңызы зор, түрлі пәндерді оқуда қабілеттерінің бар немесе жоқ болуының көрсеткіші бола алатын, оқушы жетістіктерінің мониторингі;

  • Оқушылардың тілеуі бойынша жеке кеңес беру.

Тірек мектебінің базасында бейінді оқыту шеңберінде шағын жинақты мектеп оқушылары, ең алдымен оқу жоспарының вариативті бөлігін меңгереді. Оларға өздерінің жеке сұраныстарын толық көлемде жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қолданбалы және таңдау курстарының кең спектрі ұсынылады.
Қазіргі уақытта көбіне «біліктілікті» амал жүзеге асырылуда, оның педагогикалық мақсаты жастардың жолында кезіккен мәселелерді өздері шеше алу қабілетінің болуына көмектесу. Сол себепті, тірек мектебінде оқушыларға пәндік және әлеуметтік тәжірибелер түрлері, машықтанулар, эксперименттік-зерттеулік және жобалық жұмыстар, тренингтер, іскерлік және ұйымдастырушылық ойындар, сонымен қатар кеңестер, портфолиомен өздік жұмысын жасау және рефлексивті текстердің жазылуы ұсынылады. Болашақта қашықтықтан оқытуды кең пайдалану болжалып отыр.
Оқу үрдісіндегі ерекше орынды оқушылардың басты біліктіліктері мен зерттеу мәдениетін дамыту бойынша педагогикалық қызметі алады. Жобалық-зерттеу жұмыстары қолданбалы және таңдау курстары негізінде кезеңдеп ұйымдастырылады.
Бейінді оқыту бағдарламасы мен жоғары кәсіби білім сабақтастығы оқушылардың жоғары оқу орнына сәтті түсулеріне алдыңғы жағдай жасайды.
Бейінді оқыту оқытудың және тәрбиелеудіңжіктелуін және дараландыруын қамтамасыз ететін, және курсты өздігінен таңдау негізінде,оның қызығушылығына сәйкес әр оқушының жеке даму траекториясын жобалау арқылы жеке-бағытталған технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады.

Тірек мектебінде (РО) келесі педагогикалық технологиялар қолданылады:


Ойлау үрдісін тереңдетуге және оқудың жекелігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін үш өлшемді оқу-әдістемелік жұмыс технологиясы. Меңгеру деңгейлері (В. Беспалько, Ж. Караев бойынша): оқу, алгоритмдік, эвристикалық және шығармашылық – өздік және бақылау жұмыстарын дайындауда негіз болып табылады.


  • ДБН (Дидактикалық бірліктердің нығаюы). ДБН қолдану нәтижелері – білімнің өздігінен дамуы.

  • Ұжымдық оқыту әдістері (ҰОӘ). Бірін бірі оқытатын - ауыспалы құрамның жұптасып жұмыс жасауы.

  • Оқу және жазу арқылы критикалық ойлаудың дамуы (RWCT). Оқушыға өздігінен білім табуға, ойлауға, талдауға, салыстыруға және өзінің таңдауын жасауға құқық беріледі. Нәтиже – оқушылардың белсендігінің артуы, оқуға деген қызығушылығының артуы, жоғары бағалар.

Мұғалім өзінің педагогикалық стиліне сәйкес келетін технологияларды таңдауға құқылы.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет