Қарағанды облысының білім басқармасы Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу әдістемелік орталығы


Оқу-тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыру



бет9/18
Дата17.10.2022
өлшемі118.34 Kb.
#462864
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18
2. Оқу-тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыру
РО МЖМБС 2012 анықталатын, міндетті түрде базалық мазмұны бар бірыңғай оқу жоспары және бағдарламасы бойынша жұмыс жасайды. Бірыңғай оқу жоспары мен бағдарламасы аудандық білім беру бөлімінің келісімі бойынша РО үйлестіру кеңесімен бекітіледі.
Бірінші саты РО міндетті базалық білім берумен қатар, оқу үрдісіне дүниетану және эстетикалық бағыттағы пәндерді енгізуді, сондай-ақ неғұрлым талапты оқушыларды анықтап, дайындауды қамтамасыз етеді.
Ерекше көңілді образдық-ассоциативтік ойлаудың дамуына әсер ететін пәндерге бөлген дұрыс (ән сабағы, бейнелеу өнері, хореография, дамытатын ойындар). Осы жастың туған және шет тілдерін оқуға сезімталдығын ескеру ұсынылады.
Екінші саты лингвистикалық, ғылымды жүйелі зерделеуге жеткілікті эстетикалық, физикалық қабілеттерін кешенді қалыптастыруды қарастыратындамыта оқытудықамтамасыз етеді.
Сонымен қоса жеке оқу пәндерін терең оқытуды енгізу жолымен оқытудың негізгі бағытына байланысты білім алудың вариативтілігі қарастырылуда.
Үшінші саты жалпы білім алу мен бейінді дайындықты аяқтайды және РО оқушыларының дүниетанымдық, философиялық-этикалық, психологиялық дайындығын қамтамасыз етеді.
Бейінді пәндер мен элективті курстарды оқытуға заманауи жабдықталған кабинеттерде практикумдар өткізу және РО жұмысына қаланың жетекші оқу орындарының сәйкес кафедраларының оқытушыларын тарту, факультативтер мен таңдау курстарының кең жүйесін дамыту жолдарымен қол жеткізіледі.
Сабақты ұйымдастырудың негізгі формалары, дәстүрлімен қатар, дәрістер, семинарлар, практикумдар, зертханалық жұмыстар болып табылады және заманауи әдістер мен оқыту құралдары қолданылатын оқытудың басқа да нәтижелі түрлері.
РО үздіксіз оқу-тәрбиелеу үрдістері үшін жағдай жасау мақсатында ұзартылған күн топтары құрылады.
Оқу-тәрбие үрдісін ізгілендіру үшін оңтайлы жағдай жасау мақсатында, оқушылардың сабақтан тыс жұмыстары жеке формалар арқылы және түрлі үйірмелерде, клубтарда, ғылыми қоғамдастықтар мен басқа бірлестіктерде жұмыстар жасау арқылы ұйымдастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет