Қармақшы аудандық мәслихатының 2015 жылғы желтоқсандағы



бет2/14
Дата17.06.2016
өлшемі1.25 Mb.
#142855
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

2. Ағымдағы жағдайды талдау

Бағыт: Экономика

Өңірлік макроэкономика


Қармақшы ауданының аумағы 31,0 мың шаршы шақырым немесе облыс аумағының 13,7 % алып жатыр Қармақшы ауданы–Қызылорда облысындағы жеті ауданның бірі, 1927 жылы құрылған. Оңтүстік шығысында Жалағаш, солтүстік батысында Қазалы ауданымен, оңтүстік батысында Өзбекстан Республикасымен, солтүстік шығысында Қарағанды облысымен шектеседі.

Ұлы Жібек жолының Қармақшылық бөлігі тарихи ескерткіштердің, археологияның, сәулет өнерінің, қала тұрғызудың керемет кешені. Ол Шірік-Рабат сияқты ежелгі қалаларымен белгілі, олар тек сауда орталығы болып қана қоймай, сонымен бірге ғылым мен мәдениет орталығы болды. Сырдарияның бойында Ұлы жырау – философ Қорқыт ата жерленген.

Аудан аумағында әлемге әйгілі «Байқоныр» космодромы орналасқан, сонымен қатар Қармақшы ауданының үстінен 163 шақырым көліктік дәлізді «Батыс-Европа-Батыс Қытай» жолы өтеді. Жосалы төбелерінің атымен үлкен бригадалық станцияның аты «Жосалы» болып аталады. Қазіргі кезде осы Қармақшы ауданының территориясынан өтетін ұзындығы 110 шақырым теміржолдың бойында 2 теміржол вокзалы және 8 теміржол бекеттері орналасқан.

Аудан жерін толығымен Тұран ойпаты алып жатыр. Қиыр солтүстігінен Арал Қарақұмының төбелі келген Жінішкеқұм және Көлқұдыққұм құмды алабы, орталық тұсында Алақайдың ақтақыры және Жосалы даласы, оңтүстігінде Қызылқұмның төбелі құмдары орналасқан. Ауданның ең биік жері солтүстігінде (Тарғыл тауы, 160 м). Жер қойнауынан құрылыс материалдары барланған. Топырағы солтүстігінде сұр құмайтты сұр, тақыр және тақыр тәрізді топырақ, орталық бөлігінде құмайтты сұр, бозғылт сұр, Сырдария аңғары мен жайылмасында шалғынды топырақ және шалғынды-батпақты топырақ қалыптасқан. Оларда бозжусан, ерекшешөп, баялыш,бұйырғын, тасбұйырғын, көкпек, ши, қарасексеуіл, сарсазан, қамыс, құрақ қаратал, жиде, жыңғыл, шеңгел, т.б. өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, борсық, құмқояны, құстардан қаз, үйрек, қырғауыл,көкқұтан, т.б. мекендейді. Сырдария өзені балыққа бай.

Климаты тым континенттік, қысы біршама суық, жазы ыстық әрі куаң, аңызақты келеді. Қантар айындағы ауаның жылдық орташа температурасы 9-13 градус С, шілдеде 27-29 градус С. Жауын –шашынның жылдық орташа мөлшері 100-150 мм. Аудан жерінің орта тұсынан Сырдария өзені ағып өтеді. Одан Қармақшы, Шиелі каналдары тартылған. Оңтүстігінде Сырдарияның ежелгі арналары – Жаңадария, Инкәрдария, жатыр.

Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде өңірді мамандандыру аграрлық – индустриялық болып табылады. Дамыған ауыл шаруашылығымен және табиғи қазбалардың бай кендерімен өңдеу өнеркәсібін одан әрі дамыту қарастырылуда. Атап айтқанда: азық-түлік тағамдары, құрылыс материалдары және мұнай газ өңдеу өндірістері. Сонымен қатар, суармалы жерлерді ұлғайту, жерлерді суаруда су ресурстарын үнемдеуге көшу және мал басын арттыру жолымен ауыл шаруашылығын одан әрі дамыту қарастыруда.

Болжамды схема салаларды дамытуды қарастырады: құрылыс материалдарын өндірісі, энергиямен, сумен жабдықтау, сонымен қатар, инфрақұрылымды дамыту.

Ғаламдық экономикалық дағдарыс жағдайында, әсерін әзірше Қазақстан Республикасы жеңілдетуде, Қармақшы ауданы бірінші кезекте аз уақытта экономикалық және әлеуметтік нәтиже беретін және халықты ең көп жұмыспен қамтуды қамтамасыз ететін салаларды дамытатын болады.

Әлеуметтік тұрақтылық, экономикалық өсім және іскерлік белсенділікті арттыру- облыстың алдағы 5 жылдықта дамытудың басты басымдықтары. Олар «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясат және бес институтционалдық реформаларды жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» ұлт жоспарына сай келеді.

Өнеркәсіп

2012 жылы ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары өндірген өнім көлемі 2 962,0 млн теңгені құрайды. 2011 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 89,2 пайызды құрады. Кен өндіру өнеркәсібінің үлесі жалпы өнеркәсіп өнімнің ішінде 3,2 пайызды, өңдеу өнеркәсібі 89,3 пайызды, электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлуде 7,5 пайызды құрады.

2013 жылы ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары өндірген өнім көлемі 5 799,0 млн теңгені құрайды. 2012 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 191,8 пайызды құрады. Кен өндіру өнеркәсібінің үлесі жалпы өнеркәсіп өнімнің ішінде 2,0 пайызды, өңдеу өнеркәсібі 88,6 пайызды, электр энергиясын, газ бен суды өндіру және бөлуде 2,0 пайызды, басқа салалар 7,4 пайызды құрады. Өңдеу өнеркәсібінің дамуында өсу қарқыны байқалып, 2012 жылмен салыстырғанда 95,0 пайызға, кен өндіру өнеркәсібі 97,8 пайызға өсіп отыр.

2014 жылы ауданның өнеркәсіп кәсіпорындары өндірген өнім көлемі 1929,0 млн теңгені құрайды. 2013 жылмен салыстырғанда өнеркәсіп өнімінің көлемі 33,4 пайызды құрады. Кен өндіру өнеркәсібінің үлесі жалпы өнеркәсіп өнімнің ішінде 2,5 пайызды, өңдеу өнеркәсібі 81,6 пайызды, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау 6,2 пайызды, сумен жабдықтау: кәріз жүйесі, қалдықтардың жинақталуын және таратылуын бақылау 14,4 пайызды құрады.
1 - кесте.2012-2014 жылдардағы экономикалық қызмет түрлері бойынша өнеркәсіп өндірісінің көлемі.

Өнеркәсіп

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Барлығы

2 962,0

5 799,0

1 929,0

Оның ішінде:










Кен өндіру өнеркәсібі

41,0

81,0

49,0

Өңдеу өнеркәсібі

2 654,0

5 342,0

76,8

Электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау

85,0

100,0

121,0

Сумен жабдықтау: кәріз жүйесі, қалдықтардың жинақталуын және таратылуын бақылау

182,0

277,0

278,0

Көрсеткіштін төмендеудін басты себебі аудан аумағындағы қазіргі таңда атқарылып жатырған ірі жобалар жоқ, соған байланысты өнімге сүраныс азайған. Сонымен қатар машина жасау саласы бойынша «ППС Ойл трэйд» ЖШС мекемесі қазіргі уақытта өз жұмысын тоқтатып тұр. Аудан бойынша қиыршық тас пен құм өндіру былтырғы жылға қарағанда биыл екі есеге жуық төмендеп кеткен. Себебі өнімге сұраныстың азайып кетуіне байланысты болып отыр.

Қармақшы ауданы тамақ өнеркәсібіне негізделген. Өнеркәсіптің дамуына «Өнімділік-2020», «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламалары арқылы қосымша мемлекеттік қолдаулар көрсетілуде.

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарлама аясында 7 жоба бойынша 120,4 млн. теңге несие қаражатының пайыздық үстемелерін субсидиялауға және 1 жоба 1,0 млн теңгенің грантына қол жеткізді.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде жобаларды ұйымдастыру және іске асыру үшін мемлекеттік гранттар ұсыну жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің қарауына аудан тарапынан 3 жоба қатыстырылды.

Кен өндіру өнеркәсібі.

Аудан аймағында құрылыс құмдарының мол қорлары бар. Минералдық-шикізат кешені саласын дамыту мақсатында мемлекеттің қолдауымен ауданда іздестіру-барлау жұмыстары жүргізілуде. Қармақшы ауданында 3,5 мың метрлік тереңдікте ұңғыма жұмыстарын жүргізу жобасы қолдау табылды.

Өңдеу өнеркәсібі

Өңірде өңдеу өнеркәсібі ішінде тамақ, құрылыс материалдарын өндіру, машина жасау, жеңіл өнеркәсіп салалары жолға қойылған.

2013 жылы өңдеу өнеркәсібі саласында 5 342 млн.теңгенің өнімі өндірілген, бұл 2012 жылмен салыстырғанда 2,0 есеге өскен. Көрсеткіштің өсу себебі ірі инфрақұрылымдық «Батыс Европа-Батыс Қытай», «Бейнеу-Бозой-Шымкент» жобаларға байланысты болды.

2014 жылдың қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі саласында 1 481 млн.теңгенің өнімі өндірілген,яғни 2013 жылмен салыстырғанда 2,7 есеге азайып кеткен.

Көрсеткіштін төмендеудін басты себебі аудан аумағындағы қазіргі таңда атқарылып жатырған ірі жобалар жоқ, соған байланысты өнімге сүраныс азайған. Сонымен қатар машина жасау саласы бойынша «ППС Ойл трэйд» ЖШС мекемесі қазіргі уақытта өз жұмысын тоқтатып тұр.


2 – Кесте. 2012-2014 жылдардағы Қармақшы ауданының өңдеу өнеркәсібінің негізгі көрсеткіштері

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2012ж.

2013ж.

2014ж.

Облыс бойынша

(2014ж.)


Өңдеу өнеркәсібінің НҚИ

%

89,2

191,8

33,4

97,1

Машина жасау.

Қармақшы ауданында «ППС-ойл трэйд» ЖШС (цистерна жуу, жөндеу) бар

Өңдеу өнеркәсібнде машина жасау саласының үлесі 1,3% құрайды. Ауданда 2014 жылы машина жасау саласында 33,8 млн. теңгенің өнімі өндіріліп (қызметі атқарылып), нақты көлем индексі 2013 жылмен салыстырғанда 52,4% құрады.

Жеңіл өнеркәсіп

2014 жылы жеңіл өнеркәсіп саласында 9,8 млн. теңгенің өнімі өндірілді. Нақты көлем индексі 2013 жылмен салыстырғанда 61,1% құрады. Жеңіл өнеркәсібінің өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 0,3 % құрайды.


Саланың даму жөніндегі SWOT-сараптама:

Күшті жақтары (S):

Әлсіз жақтары (W):

        1. Пайдалы қазбаларға бай кен орындары;

        2. Өңдеу өнеркәсібіне пайдаланылатын минеральды қорлардың болуы;

3. Еңбек ресурстары мен өнеркәсіп саласындағы мамандарды дайындайтын көпсалалы оқу орындарының болуы

1. Кен өндіру өнеркәсібі мен өңдеу өнеркәсібінің арасындағы үлкен айырмашылық.

2. Электрмен жабдықтау жүйелерінің тозу дәрежесі жоғары;

2. Ауданда ірі өнеркәсіп кәсіпорын болмауы;;

3.Индустрияландыру бағытында өнімділіктің жоғарғы өсу қарқыны жеткіліксіз;

4. Өңірдің индустриялық қуаттылықтың орналасуы тепетеңдіксіз

5. 2011-2015 жылдары аралығында ауданда машина жасаудың үлесі 1,3 %-дан 0,3 %-ға дейін төмендеген.



Мүмкіндіктері (O):

Қауіптері (T):

1.Пайдалы қазбалар кен орындарында құрылыс саласын дамуына үлкен мүмкіндіктің болуы;

2. Өнеркәсіптің бәсекеге қабілетті және еңбек өнімділігін арттыру мақсатында өндірісті модернизациядан өткізу;

3. Өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін ауыл шаруашылық шикізаттарының көлемін арттыру.


1.Экономика құрылымының шағын салалығынан шикізат пен тұтынушылық өнімдердің бағасына тәуелділігі.

2. Экспорттың шикізаттық бағытта сақталуы.





Өнеркәсіп саласының өзекті мәселелері:

аудан көлемінде ірі өнеркәсіп өнімдерін шығаратын және өңдейтін кәсіпорындар жоқтығы;

-аудан экономикасы негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған, сонымен қатар кен өнеркәсібінінің даму қарқынының төмендігі;

-кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің төмендігі;

-тамақ және жеңіл өнеркәсіп өнімдерін шығаратын өндірістің жоқтығы;

-инновациялық технологияны дамытуға мүдделі, қаржы құюға дайын отандық және шетелдік инвесторлардың жоқтығы;

-өнімдердің бәсекеге қабілеттілігінің төмен болуы;

Агроөнеркәсіп кешені

2015 жылдың 1 қаңтарына ауданның елді мекендерде 53,9 мың адам тұрады немесе Қызылорда облысының жалпы халық санының 7,1% құрайды. Жеке шаруалықпен айналысатын азаматтарды қоспағанда ауыл шаруашылығында жұмыспен қамтылғандардың орташа жылдық саны 0,9 мың адамды немесе аудан бойынша барлық жалдамалы жұмысшылардың 14,4 % құрайды.

Аудан бойынша ауыл шаруашылығы өндірісі және өңдеумен 185 ауыл шаруашылығы кәсіпорындары мен шаруа немесе фермерлік шаруашылықтар айналысуда.

Ауданның жер қоры 3104 мың га құрайды, оның ішінде егістік жерлер көлемі 32,3 мың га (1,0%), көп жылдық екпелер 58,8 мың гектар, шабындық жерлер және жайылымдық жерлер 11824,2 мың га (49,2%).

2012 жылы ауылшаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 6 009,4 млн. теңгені құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 109,6 пайызға артты.2013 жылы ауылшаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 6 032,6 млн. теңгені құрап, 2012 жылмен салыстырғанда 101,2 пайызға артты. 2014 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 5 910,2 млн теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 97,0 пайызды құрады.

Төмендеудің себебі ауа-райының қолайсыз жағдайы және 2014 жылы өсімдік шаруашылығының өндіріс көлемінің қысқаруы, егіс көлемінің (жекелегенде картоптың егіс көлемі 22,7%, көкөніс – 26,5%, бақша – 14,8%), сонымен қатар, ауыл шаруашылығы дақылдары өнімділігінің төмендегіне (картоптың өнімділігі 22,5%, бақша дақылдары – 14,5%, көкөніс – 40,6 % ) әсер етті.
3 Кесте Ауылшаруашылық өнімінің жалпы көлемі (млн теңге)

Көрсеткіштің аты

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Ауылшаруашылық өнімінің жалпы көлемі,

Өткен жылмен



6009,4

109,6%


6032,6

101,2


5910,2

97,0


Оның ішінде: өсімдік шаруашылығы

Өткен жылмен



4411,0

113,0%


4372,9

99,2


4130,5

95,4


Малшаруашылығы

Өткен жылмен



1576,3

100,8%


1653,5

110,0


1769,2

101,2


Қызметтер

Өткен жылмен



22,1

39,9%


6,2

27,6


10,5

190,3


Ауданның ауыл шаруашылығы құрылымының басым бөлігі егіншілік шаруашылығы 57%, мал шаруашылығымен 43% айналысады. Егіншілік саласының негізі күріш өсіру, картоп, көкөніс, бақша және мал азығы және майлы дақылдар өндірісі.

Ауданда барлығы 32317 га суармалы жер бар, оның ішінде инженерлік жүйеге келтірілгені 23050 га, 38 күріш ауыспалы егіс жүйесі және 6 мал азығындық ауыспалы егіс жүйесі бар.

4 кесте. Өсімдік шаруашылығының 2012-2014 жылдардағы негізгі көрсеткіштерінің динамикасы


Дақыл түрі

2012ж.

2013ж.

2014ж.

Егіс көлемі, га

Орта өнім, ц/га

Жалпы өнім, . тн.

Егіс көлемі, га

Орта өнім, ц/га

Жалпы өнім, . тн.

Егіс көлемі, га

Орта өнім, ц/га

Жалпы өнім, . тн.

Күріш

11770

43,5

52136

12509

39,1

48144

14321

38,8

50898

Картоп

1400

155,6

21790

1400

155,5

21457

1082

153,7

16632

Көкөніс

690

178,1

12273

690

175,8

14166

507

166,0

8416

Бақша

688

191,3

13149

825

207,0

14825

703

180,3

12675

Мал шаруашылығы саласында түйе, жылқы, қой шаруашылықтары дамып келеді. 2014 жылы облыстағы ірі қара малының 9,0%, қой-ешкі 8,6%, жылқы 6 %, түйе 6,6 % үлесінде болды.

Статистикалық талдау есебінде ауыл шаруашылығы мал басының негізгі бөлігі жұртшылықта шоғырланған.

Агробизнес-2020 бағдарламасы және басқа да салалық бағдарламалардың аясында ауданда 2012-2015 жылдар аралығында асыл тұқымды 42 бас МІҚ, 4 бас түйе, 6 жылқы, 756 бас қой сатып алынды.


5 кесте. Субсидияландыру бағдарламасы шеңберінде 2012-2014 жылдар
аралығында аудан көлемінде сатып алынған асыл тұқымды малдар жөнінде анықтама


Мал түрлері

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

МІҚ

9

13

20

Қой

0

0

0

Жылқы

0

0

0

Түйе




0

4


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет