Қармақшы аудандық мәслихатының 2015 жылғы желтоқсандағы


Дене шынықтыру және спорт



бет5/14
Дата17.06.2016
өлшемі1.25 Mb.
#142855
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Дене шынықтыру және спорт


Ауданда дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын тұрғындардың санын арттыру мақсатында әлеуметтік тапсырыс шеңберінде 2012 жылы 40,0 млн теңге, 2013 жылы 49,4 млн. теңге, 2014 жылы 59,9 млн. теңге бөлінген.
26-кесте. 2012-2014 жылдардағы Қармақшы ауданындағы спорт ғимараттарының желісі, саны:


Аудан атауы

Стадион

Спорт кешендері

Спорт залдары

Салынған спорттық залдар

Ату тирі




2012ж

2013ж




2014ж

2012ж

Қармакшы

1

1

29

15

14

27-кесте. Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар көрсеткіші 2012 жылмен салыстырғанда 2014 жылы 2,0 % өсті (2012 жылы – 22,1 %, 2014 жылы – 24,0 %), оның ішінде.



Аудан


2012 ж.

2013 ж.




Барлығы

Балалар мен жасөспірімдер мектептерінің үлесі

Барлығы

Балалар мен жасөспірімдер мектептерінің үлесі




Барлық халық саны

Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны

%

Оқушылар саны

Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны

%

Барлық халық саны

Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны

%

Оқушылар саны

Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны

%

Қармақшы

52600

11605

22,1

8955,0

1198

13,4

53382

12290

23,0

8789

1256

14,3

жалғасы




2014 ж.

Барлығы

Балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері

Барлық халық саны

Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны

%

Оқушылар саны

Дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар саны

%

Қармақшы

53811

12960

24,0

8743

1246

14,3

2012 жылы 115 спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіліп, оның ішінде (16100 қатысушы), 2013 жылы 123 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізіліп (16910 қатысушы), 2014 жылы 128 спорттық-бұқаралық іс-шара өткізіліп (17560 қатысушы) қатысқан болатын.

Сонымен қатар, 2012 жылдың қорытындысы бойынша аудан спортшылары Қазақстан Республикасының чемпионаттарында, Азия және Дүниежүзілік чемпионаттарында 13 алтын, 9 күміс, 14 қола; 2013 жылы 15 алтын, 10 күміс, 18 қола; 2014 жылы 18 алтын, 10 күміс, 21 қола медальдарды жеңіп алды.

2014 жылғы спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының Ұлттық құрама командасына 17-і спортшымыз енді.


Саланың даму жағдайын SWOT талдау:


Күшті жақтары(S):

Әлсіз жақтары(W):

1.Аумақтың спорттық әлеуетінің жоғарылуы;

2. Аудан тұрғындары арасында қоғамдық және әлеуметтік салаларында халықтың спортқа деген қызығушылығы артуда;

3.Спорт кешендерінің жұмысында қызмет сапасының өсуі байқалады;

4. Аудан спортшыларының жетістіктері жыл сайын артып келеді;

5.Ауылдық жерлерде дене шынықтыру және спортты дамытуға назар аударылуда.


1.2014 жылдың қорытындысына орай аймақ бойынша спорт залдарының қажеттілігі;

2.Ауылдық жерлерде алыс орналасқан спорт ұйымдарының материалдық-техникалық базаларының жабдықталуы әлсіз деңгейде;

3.Көптеген спорттық ғимараттардың техникалық пайдалану жөнінде жетілдірілген талаптар мен нормативтерге, жарыс пен оқу-жаттығу процесін өткізу ережелері мен халықаралық регламенттерге сәйкес келмеуі.


Мүмкіндіктері (O):

Қауіптер (T):

1.Ауданда инфрақұрылымда дене шынықтыру және спортпен шұғылдану үшін мүмкіндік жасау (спорт кешендерін, шағын футбол, волейбол, баскетбол үшін алаңдар құру);

2.Ауданның жоғары және лайықты спорттық резервтелген спортшыларды, жоғары кәсібилі мамандарды тәрбиелеу;

3.Ауылдық инфрақұрылымдарда спортпен шұғылданушыларға мүмкіндік жасау;

4.Тұрғын үйлердің аулаларында, демалыс саябақтарда көпшілік пайдаланатын спорт нысандарын салу және т.б.



1.Спорт инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы, спорт ұйымдарының материалдық-техникалық жабдықталуының төмен деңгейі;

2.Ауылда спорт құрылғыларының, спорт құрал-жабдықтары және нысандардың жетіспеушілігі;

3.Спорттық инфрақұрылымның және материалдық-техникалық базаның әлсіздігінен халықаралық деңгейдегі спортшылардың және спорт резервін дайындау деңгейінің төмендеуі.


Саланың негізгі келелі мәселелер:

ауылдық жерлерде орналасқан спорт нысандардын материалдық-техникалық базамен қамтылуі әлсіз деңгейде;

сапалы спорт құрал-жабдықтардың болмауы, дегенмен спорттық резервтің және халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлауды жоғары деңгейде ұымдастыруға мүмкіндік бермейді;

балалар мен жасөспірімдер клубтардың желісі жеткіліксіз қамтылған.


Туризм

Аудан туристік индустрияны дамытуға айтарлықтай мүмкіншіліктерге ие: Ұлы Жібек Жолы бойында орналасқан орта ғасырлық тарихи нысандар, «Байконур» ғарыш кешені, «Қорқыт Ата» мемориалдық кешені, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің бойында сервистік қызмет көрсету орталықтарын орналастыру туризмнің дамуына үлкен серпін береді. Сонымен бірге, «Байконур» ғарыш кешенінде «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі іс-шара өткізілетін болады.



Аймақтағы басты туристік орындар: «Байконур» ғарыш кешені, «Қорқыт Ата» мемориалдық кешені.Туризм дамуының басты көрсеткіштері тұрақты өсу тенденциясын көрсетеді.
28-Кесте. Өңірдегі туризм дамуының басты көрсеткіштерінің динамикасы


№ р/н

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2012ж.

2013ж.

2014ж.

1

аудандағы орналастыру орындарының қызмет көрсетілген келушілер саны

- резиденттер



адам

493


360


474


-резидент еместер




-

-

-

2

Орналастыру орындарының саны

бірлік

3

3

2

3

Орналастыру орындарының көрсетілген қызмет көлемі

млн. теңге

23,2

21,6

40,4

4

Жұмыспен қамтылғандар саны

адам

9

22

17

2011-2015 жылдарға арналған Аумақты дамыту бағдарламасының іске асырылуы барысында өңірде туризмді дамыту ҮИИД 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасының шеңберінде келесідей бағыттары бойынша: инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, орындарға орналастыру желісін дамыту, тарихи ескерткіштерге қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу, туристік өнімдерді дамыту және насихаттау, мамандардын біліктілігін арттыру бағыттары арқылы жүзеге асырылды.



Қармақшы ауданында орналасқан туристік нысандарға баратын автомобиль жолдарын салу, Қармақшы ауданында орналасқан Төретам және Ақай ауылдарындағы көліктік және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін жаңарту қажет. .

«Қорқыт Ата» мемориалдық кешенінің қайта жаңғырту жұмыстары аяқталып, «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшырылған зымырандарды тамашалау мақсатында көру алаңдарын салу.

«Қазақстан – ғарыш жолы», «Қорқыт сазы және Ғарыш айлағы» туристік маршруттары әзірленді.

Туристік өнімдер жыл сайынғы «Байқоңыр» Инвестициялық форумы, БАҚ өкілдеріне арналған ақпараттық турларда, халықаралық жәрмеңкемен көрмелер шеңберінде жүзеге асырылады. Бұл салаға әрі қарай жүйелі маркетингтік және ақпараттық қолдау қажет.

Сала қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және «ЭКСПО - 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесіне дайындық мақсатында экскурсоводтарға, мұражай және қонақ үй қызметкерлеріне арналған семинар-тренингтер өткізілді.


Саланың даму жағдайының SWOT-талдауы:

Күшті жақтары (S):

Әлсіз жақтары (W):

1. Туризм саласын дамыту үшін табиғи-рекрациялық және тарихи-мәдени нысандарды, «Байконур» ғарыш кешенін, «Қорқыт Ата» мемориалдық кешенін мүмкіншіліктерін қолдану

2. Жыл сайынғы «Байконур» Инвестициялық форум алаңы іс-шара туризмін дамытуға, сонымен бірге туризм индустриясына инвесторлар тартуға ықпалын тигізеді.

4. Ауданда туризмді дамытудың жол картасының іске асырылуы

5. Қонақ үй және мейрамхана бизнесіне жеке кәсіпкерлерді тартуда жағымды динамикасы



1.Туризм орындарында инженерлік, транспорттық және әлеуметтік инфрақұрылымның сапалы болмауы;

2. Туризм саласын дамыту жоспарында жергілікті қызығушылық танытқан қоғамдармен бизнес өкілдерімен бірге жұмыста атқаруда өңірде басымдылықтардың әлсіздігі

3. Орналасу орындарында келушілерге көрсететін қызмет сапасының төмен болуы (қонақ үй, кемпингтер, қонақжайлылық үйлер, демалыс үйі);

4. Жол бойы инфрақұрылымының қызмет көрсету сапасының төмен және жетіспеуі

5. Туризм саласында білікті мамандардың болмауы – гид аудармашылар, орналасу орындарының және мейрамханалардың менеджерлері

6. Туристік саланың ақпараттық инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы (сайт, виртуалды карта, буклеттер, сілтемелер)

7.Сала аралық өзара әрекеттесудің әлсіздігі (білім, қоғамдық транспорт, қоғамдық тамақтану, бөлшек сауда, банктер);

8. Туризм саласында, қонақ үй және мейрамхана бизнесінде жергілікті кәсіби ассоцияциялардың болмауы (қызмет көрсету сапасының өсуі бойынша бизнес бастамаларымен қамтамасыз етілмейді).

Мүмкіншіліктер (O):

Қауіптер (T):

1. Аудан аумағынан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық авто көлік магистралінің өтуі

2 .ҚР туризмді дамыту концепциясы аясында кластерлік мүмкіншілігі (Келушілерді тарту үшін ұлттық операторларды қолдану, ОҚО интегралды туристік өнім әзірлеу);

3. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Большая страна - Большая семья» туристік жобасына қатысу мүмкіншілігі

4. ҚР қызмет көрсету саласын дамыту бағдарламасы аясында жасөспірімдер туризмін дамыту;

5. ҚР қызмет көрсету саласын дамыту бағдарламасы аясында гидтерді оқыту

«ЭКСПО 2017» халықаралық көрмесінің іс-шараларына қатысу;



1. Бизнес туризмнің халықаралық экономикалық дағдарыстың әсерінен қысқаруы;

2. Сыртқы экономикалық жағдайдың, валюта тұрақтылығы;

3. Ішкі туризмді дамытуда Қазақстанның басқа өңірлерімен бәсекелестік.


Туризм саласының мәселелері:

Ауданда туризм саласын дамытуда мүмкіншіліктерге ие. Сонымен бірге, аудандағы туризм орындарында инженерлік, көліктік, әлеуметтік және ақпараттық инфрақұрылым жеткіліксіз дамыған.

Кәсіпкерлерді, кәсіби ассоциацияларды, мемлекеттік емес ұйымдарды тарту арқылы саланың дамытудың өңіраралық жоспарлауда ішкі дағдысының жетіспеуі(мемлекеттік қолдаудан басқа ресурстарды тарту мақсатында);

Ішкі туризмнің нашар дамуы (оқушыларға арналған мектеп туризмін дамыту, мүгедек балалармен аз қамтылған отбасыдан шыққан балалар үшін «Қызылорда-Байконур» бағыты бойынша тұрақты экскурсия жүргізу)

Туризм орындарында инженерлік,транспорттық және әлеуметтік инфрақұрылымның сапалы болмауы;

Орналасу орындарында келушілерге көрсететін қызмет сапасының төмен болуы (жергілікті қызмет көрсету стандартын әзірлеу үшін жергілікті туристік және қонақ үй бизнесінің ассоциациясын дамыту қажет);

Жол бойы инфрақұрылымының қызмет көрсету сапасының төмен және жетіспеуі ;

Туризм саласында білікті мамандарының (білім беретін мекемелермен жұмыстар жүргізу);

Туристік саланың ақпараттық инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуы (барлық мәдени, көрме іс-шараларының on-line күнтізбесін әзірлеу қажет).
Үш тілді дамыту

Қармақшы ауданы бойынша мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мақсатындағы барлық іс-шаралар Қазақстан халқының бірлігі мен өңірлік лингвистикалық капиталды сақтауға, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге бағытталған. Қорытындысымен аудан тұрғындарының мемлекеттік тілді меңгергендері 2015 жылғы қараша айында 99,0 пайызды құрады, 2013 жылғы көрсеткішпен (98%) салыстырғанда 1,0 пайызға өскен.


Кесте 29. Қармақшы ауданы бойынша 2013-2015 жылдардағы шығыс құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі, %.

Мекеме атауы

Өлшем бірлігі

2013 ж

2014 ж

2015

(1қазанға)



Аудан әкімдігі

%

99,7

99,9

100

Кент әкімдіктері

%

99,9

100

100

Аудандық бөлімдер

%

99,7

100

100

Қазақ тілін білмейтін мемлекеттік қызметкерлерге арнайы курстар ұйымдастырылуда.

«Тілдерді оқытудың өңірлік орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны арқылы 2008-2012 жылдары мемлекеттік тілді үйренуге ынталылық танытқан 1016 адам, 2013 жылы - 216 адам, 2014 жылы - 294 адам, 2015 жылы 140 адам облыстық бюджет есебінен оқытылды.

Тілдерді дамытудың негізігі бағыттарының бірі – аудан көлемінде тіл туралы заңнамалардың сақталуын қадағалау.

Осы мақсатта, 2013 жылы 54, 2014 жылы 35, 2015 жылы 24 мемлекеттік мекемеге жоспарлы тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесімен, 3 мекемеге тиісті ұсыныстар беріліп, тексерілген мекемелердің барлығы да «Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын қолдану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлеріне» сәйкес - тәуекел дәрежесінің болмашы тобына жатқызылды.

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының нысаналы индикаторына қол жеткізуге дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында жыл сайын әртүрлі мақсаттағы кәсіби топтар арасында ҚАЗТЕСТ – қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі бойынша байқау сынақтары ұйымдастырылып келеді.

ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы қызметкерлерімен бірлесе жүргізген жұмыстардың нәтижесімен 2013-2015 жылдары 6530 адам ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша байқау сынақтарын тапсырды.

Қызылорда облысының әкімдігі жанында облыстық ономастика комиссиясының және мемлекеттік тіл саясатын одан әрі жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының жұмысы жүзеге асырылуда.

Мемлекеттік органдардың іс жүргізуінде орыс тілі қазақ тілімен қатар қолданылады. Қазақ тілін меңгермеген азаматтар үшін арнайы курстар ұйымдастырылуда. Сондай-ақ, Тілдерді оқытудың өңірлік орталығында ағылшын тілін үйрету де қарастырылған. Облыстық бюджет есебінен 2014 жылы 72 мемлекеттік қызметші ағылшын тілін оқып үйренсе, 2015 жылы 72 мемлекеттік қызметші ағылышын тілін үйренуде.

Тілдердің үштұғырлығы саясатын насихаттау мақсатында үш тілді меңгерген жастар арасында «Тіл шебері» облыстық байқауы, «Тілдарын», «Тіл – тұнық ойдың кәусары» облыстық олимпиадалары, қазақ жастарының арасында орыс тілі білгірлерінің «Тіл – барлық білімнің кілті», «Ой-сана» облыстық байқаулары, орыс жастарының арасында қазақ тілі білгірлерінің «Тіл-халық жанын танудың кілті», «Тіл-парасат» облыстық байқаулары өткізіліп келеді.

Сонымен қатар, 2013 жылдан бері Қызылорда қалалық «Қоғам ТВ» телеарнасы арқылы қазақ тілін үйренуге ынта білдірген өзге этнос өкілдері мен қазақ тілін білмейтін басқа да азаматтар үшін «Қазақ тілін үйренейік!» атты телесабақтары жүргізіліп келсе, 2015 жылдан бастап үштілді насихаттауға арналған «Тіл үйренейік» телебағдарламасы көрермен назарына ұсынылуда.

Тілдерді дамытудағы негізгі проблемалар:

мемлекеттік тілді меңгеру деңгейінің әркелкілігі;

әлеуметтік-коммуникативтік кеңістіктегі мемлекеттік тілдің жеткіліксіз енгізілуі;

ұйымдар мен кәсіпорындарда, қаржы институттары, яғни банк салаларында мемлекеттік тілдің қолданылу деңгейінің төмендігі, қаржылық бағдарламалардың бір ғана тілде жүргізілуі және мемлекеттік тілді меңгеру деңгейінің әркелкілігі қоғамдағы мемлекеттік тілдің қолданылу деңгейін көтеруге кедергі келтіретін негізгі факторлар болып табылады.
Саланы дамытудың жағдайына SWOT-талдау:


Күшті жақтары (S)

Әлсіз тұстары (W)

1. Тілдік әралуандылықты сақтай отырып, мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысы қамтамасыз етілуде;

2. Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу үдерісінің белсенді жүргізілуі;

3. Тілдерді оқытудың өңірлік орталығының жұмыс жасауы;

4. Мемлекеттік тілді оқытуды әдістемелік қамтамасыз ету жүйесінің қалыптасуы;

5. Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға бөлінетін қаржы деңгейінің артуы;


1. Тілдерді дамыту мен ономастика бойынша нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілудің жеткіліксіздігі;

2. Қоғамдық өмірдің барлық салаларында мемлекеттік тілге деген сұраныстың болмауы;

3. Мораторийге байланысты жеке кәсіпкерлік нысандардың көрнекі ақпараттарында тіл туралы заң талаптарының сақталуына тексерулер жүргізуге мүмкіндіктің болмауы.


Мүмкіндіктер (О)

Қауіптер (Т)

1. Ұлттық және рухани бірліктің басты факторы, негізгі басымдығы ретінде мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру;

2. Әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікте мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту;

3. Қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын сақтау және нығайту.


1. Қоғамдағы мемлекеттік тілді меңгеру деңгейінің әркелкілігі;

2. Жеке кәсіпкерлік нысандардың көрнекі ақпараттарында «Тіл туралы» Заң талаптарының бұзылуы;

3. Жеке ұйымдардың, ІІ деңгейлі банктердің ісқағаздарында «Тіл туралы» Заңның сақталмауы.

Тілдерді дамыту

Қармақшы ауданында тұрғындардың мемлекеттік тілді меңгерудің жоғары пайызға жетуіне жағдайлар жасалған. Сонымен қатар, ұйымдар мен кәсіпорындарда мемлекеттік тілдің қолданылуы өзекті мәселелер болып қала береді. Осыған байланысты, алдағы уақытта бұл салада барлық іс-шаралар мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру, қолдану аясын кеңейтуге және өңірлік лингвистикалық капиталды сақтауға және нығайтуға бағытталады.
Ішкі саясат

Этносаралық келісім

Қармақшы ауданында 70 этнос өкілдері өмір сүреді. Аудан халкының жалпы санының 96,0 % қазақтар, 0,7 % орыстар, 2,1 % түріктерді құрайды.

Қазіргі таңда, аудан көлемінде 1 этномәдени бағыттағы қоғамдық бірлестік жұмыс атқарады.

Аудан бойынша өзге ұлт өкілдерінің ұйымдастырумен түрлі мәдени күндер, «Наурыз», «Құрбан айт», «Рождество», Пасха ұлттық мерекелері кеңінен аталып өтеді.


      1. Қоғамдық қауіпсіздік пен тәртіпті қамтамасыз ету

Қармақшы ауданында криминогенді ахуал тұрақты қалыптасқан. Облыста тіркелген қылмыстардың 3,2 пайызы Қармақшы ауданының үлесінде.
30-Кесте. Қармақшы ауданы бойынша 2012-2014 жылдары тіркелген қылмыстар саны


Қала, аудан

2012ж.

2013ж.

+,-

(%)


2014ж.

+,-

(%)


Қызылорда облысы

9781

11297

15,5

9918

-12,2

Қармақшы ауданы

311

353

13,5

305

-13,6

2012 жылы аудан көлемінде 311 қылмыс тіркелді, оның ішінде 63,0 пайызын ұрлық құрайды. Тіркелген қылмыстар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 23,0 пайызға өсіп отыр. Қылмыстың ашылу деңгейі 21,0 пайызды құрайды.

2013 жылы аудан көлемінде жалпы саны 353 қылмыс тіркелді, оның ішінде ауыр және аса ауыр қылмыстар саны 34. Тіркелген қылмыстың 60 пайызы ұрлық құрайды. Тіркелген қылмыстар саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 13,5 пайызға өсіп отыр. Ауыр және аса ауыр қылмыстардың ашу деңгейі 65,6 пайызды құрайды.

2014 жылы аудан көлемінде жалпы саны 305 қылмыс тіркелді. Қылмыстың алдын алу мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының нәтижесінде қылмыстың жалпы саны өткен жылдың тиісті кезенімен салыстырғанда 13,6 пайызға төмендеді.

Қылмыстық құқық бұзушылықтардың өсім алуының негізгі себебі- 2015 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген Қазақстан Республикасы заңнамаларындағы өзгерістер болып табылып, оған сәйкес әкімгершілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 46 бабы теріс қылықтарға қайта дәрежеленді.

Осыған байланысты келіп - түскен арыз – шағымдар бойынша толық және түбегейлі шешім қабылдау үшін бірінші кезекте сотқа дейінгі тергеп – тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеп – тексеру амалдары жүргізіледі.

31-Кесте. Қармақшы ауданы бойынша 2012-2014 жылдары жасөспірімдермен жасалған қылмыстар туралы мәлімет


Аудан атауы

2012ж.

2013ж.

+,-

(%)


2014ж.

+,-

(%)


Қызылорда облысы

151

145

-4,0

78

-46,2

Қармақшы ауданы

8

7

-12,5

2

-71,4

Жасөспірімдердің арасында қылмыстылықтың алдын алуда «мектеп» полицейлерін тиімді пайдаланудамыз. Мектептерде жалпы «мектеп» полицейлері қызмет атқаруда.

2013-2014 жылдары ауданда бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыстар саны өсім алған.
32-Кесте. Қармақшы ауданы бойынша 2012-2014 жылдары бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыстар саны туралы мәлімет


Қала, аудан

2012ж.

2013ж.

+,-

(%)


2014ж.

+,-

(%)


Қызылорда облысы

266

174

-34,6

217

24,7

Қармақшы ауданы

12

8

-33,3

3

-62,5

2013-2014 жылдары өңірімізде көше қылмыстылығың төмендеу тенденциясы қалыптасты


33-Кесте. Қармақшы ауданы бойынша 2012-2014 жылдары өңірімізде көше қылмыстылығы туралы мәлімет


Қала, аудан

2012ж.

2013ж.

+,-

(%)


2014ж.

+,-

(%)


Қызылорда облысы

1773

2200

24,1

1901

-13,6

Қармақшы ауданы

61

63

3,3

46

-27,0

Аудан көлемінде үнемі түрде жүргізілетін жедел – профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде өңірімізде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде оң септігізін тигізді.

аудан көлемінде «Құқық тәртібі», «Қауіпсіз аула», «Түнгі қала», «Көше», «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» және тағыда басқа жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізілді.

Жыл сайын, аудандық ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайтуға қаражат бөлінуде.

Жыл сайын автокөлік санының артуына орай, жол қозғалысының қауіпсіздігі күшейтілуде.

Тек соңғы 10 жыл ішінде аудан көлемінде автокөліктер саны 1,5 есеге көбейіп, 9467 бірлікті құрады .


34-Кесте. Қармақшы ауданы бойынша 2012-2015 жылдары автокөліктер саны.


Қала, аудан

2012ж.

2013ж.

2014ж.

2015ж.

Қызылорда облысы

122 795

128 370

135 676

142 075

Қармақшы ауданы

10078

9007

9304

9467

Байқоңыр қ.

9303

6458

7289

7321

2013-2014 жылдары аудан көлемінде жол апаттарының саны азаюда .


35-Кесте. Қармақшы ауданы бойынша жол-көлік оқиғалары туралы мәлімет


Аудан

2013ж.

2014ж.

+/- (%)

ЖКО

Қайтыс болды

Жарақат алды

ЖКО

Қайтыс болды

Жарақат алды

ЖКО

Қайтыс болды

Жарақат алды

Қызылорда облысы

443

116

576

367

83

463

-17,2

-28,4

-19,6

Қармақшы ауданы

26

6

41

18

4

27

-30,8

-33,3

-34,1

36-Кесте. Қармақшы ауданы бойынша 2013-2014 жылдары 100 жарақат алғандардың жол-көлік оқиғаларына шаққандағы көрсеткіш




Қала, аудан

2013ж.

2014ж.

2015ж. 9 айы

Қызылорда облысы

16,8

15,2

18,6

Қармақшы ауданы

12,8

12,9

10,3

Адам өліміне әкеліп соқтыратын жол-көлік оқиғаларының орын алудың негізгі себептері:

біріншіден, аудан көлеміндегі автокөлік паркінің қарқындап өсуі, тек соңғы 10 жылда ауданда автокөлік саны 1,5 еседен астамға өсім алып, қазіргі таңда 9,4 мыңды құрады;

екіншіден, автокөлік паркі мен оның жылдамдық сипаттамаларына сәйкес, жол тораптары мен инфрақұрылымын жетілдіру қажет етілуде;

үшіншіден, адами фактор, яғни жол қозғалысының күрделенуіне орай автокөлік жүргізушілерінің кінәсі. Талдау көрсеткендей, ауыр зардаптарға әкелген жол апаттарының басым бөлігі жылдамдықты шамадан тыс асыруынан, қиылыс пен жаяу жүргінші жолақтарынан өту ережелерін бұзу, қарсы бағытқа шығу салдарынан орын алған.

төртіншіден, жүргізушілерді даярлау жүйесі әлі де болса да жетілдіруді қажет етеді. Осыған сәйкес, жүргізушілерді даярлау мектептерінің басшыларымен кездесулер өткізіліп, даярлау деңгейін көтеру мәселелері талқыланды.

Негізгі проблемалар:

Жергілікті тұрғыдар ме азаматтық қоғамдардың институттарын негізге ала отырып, құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі жалпы мемлекеттік тиімді жүйесі құрылмаған;

Бейнебақылау жүйесін жетілдіру;

Ішкі істер органдары жеке құрамының тұрғын үй мен басқа да әлеуметтік мәселелерін жақсарту;

Заңсыз көші-қондылық процестерінің жоғарылауы.

Жол-көлік оқиғаларының ауыртпалығына төмендегідей мән-жайлар әсерін тигізуде:

жолдардың кең ауқымы мен техникалық жай – күйінің төмендігі;

автокөлік паркі мен оның жылдамдық сипаттамаларына сәйкес, жол тораптары мен инфрақұрылымының төмендігі;

аудандағы автокөлік санының күрт өсуі;

жол-көлік оқиғаларының өсім алуының негізгі себептерінің бірі – жол қозғалысының қатысушылары, оның ішінде автокөлік жүргізушілер даярлығының төмендігі.


SWOT-саланы жетілдірудің талдауы:


Күшті жақтары (S):

Әлсіз жақтары (W):

1.Өңірде криминогенді ахуалды жақсарту;

2.Азаматтардың құқықтары мен бостандығын, заңды мүдделерін қорғайтын жағдай жасалған;

3.Қылмыстар туралы хабарламалар мен арыздарды толығымен тіркеу;

4.Өңірде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін тиісті деңгейде ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасы нығайтылған;

5.Жолда жүру ережелерін анықтау шараларын жандандыру арқылы жол апаттарының санын азайту;

6.Қабылданған шаралар нәтижесінде, өңірімізде есірткі ахуалы тұрақтанып, есірткі тұтынушылар азайды;

7. «Мектеп» инспекторлары институтын одан әрі жетілдіру.


1.Балалар үшін арналған арнайы аулааралық клубтар, спорттық секциялардың жоқтығы;

2.Ішкі істер органдарына тиісті типтік үлгідегі ғимараттармен қамтамасыз етілмеуі мен қолданыстағы ғимараттарды қайта құруылмауы;

3. Жол инфраструктурасының жетілмеуі;

4. Жол жүрісінің қатысушыларының әсіресе автокөлік жүргізушілері тәртібінің төмендігі, жүргізушілерді даярлау деңгейін көтеруді қажет етеді;

5. Жол апаттарының салдарынан оның ауыртпалық көрсеткіштерінің жоғарылауы.


Мүмкіндіктер (O):

Қауіп-қатер(T):

1.Жергілікті тұрғындар мен азаматтар қоғамдықтарының институттарына сүйене отырып, жалпымемлекеттік жүйе құру;

2.Жол апаттарын төмендету үшін жол тораптарының инфраструктурасын жетілдіру, құрылысы мен жөндеу жұмыстарын жүргізу;

3.Информациялық жүйелер және электронды базаларды құру мен модернизациялау;

4.Қылмыстар мен құқық бұзушылықтарға уақылыты ден қою;



1.Қазақстанмен шекаралас елдерде әлеуметтік-саяси ахуалының тұрақты болмауы көші-қон ағынына әкеліп, олардың негізінен ұрлық, есірткі қылмыстары мен қару-жарақтардың тасымалының көбеюіне соқтыруы мүмкін;

2.Орталық Азия елдерінің біліксіз еңбек мигранттарының Ресейден Қазақстанға ауытқуы.


Саланың проблемалық мәселелері:

өңірдің географиялық жағдайын және құрғақты жазын ескере отырып, өрт шығу тәуекелдері;

өрт қауіпсіздігі құрал-жабдықтарымен және техникаларының жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеуі.


4 бағыт: Инфрақұрылым

Байланыс және коммуникация


Сандық (компьютерлік) сауаттылық-адамдардың ақпараттық-коммуникациялық технологияларды білуі, күнделікті және кәсіби жұмысында қолдануы болып табылады. Ақпараттық технологиялармен жұмыс жасау дағдысыныңдеңгейін көтеру ақпараттық қоғамның баршаға қолжетімділігін арттыруға әкеледі.

Жалпы білім беру мекемелеріндегі 6 мен 15 жас аралығындағы балалардың сандық сауаттылыққа үйрету жалпы білім стандарттарына сәйкес деңгейлері бойынша оқытылады.

Аудандық статистика басқармасының мәліметіне сәйкес 2015 жылға Қармақшы ауданы бойынша 14-74 жас аралығындағы азаматтар саны 37901 адамды құрайды.

Оның ішінде 7100 бюджеттік сала қызметкерлері, яғни компютерлік сауаттылығы бар болып саналады.

2014 жылы аудандық бюджеттен компютерлік сауаттылықты арттыруға 1615,0 мың теңге қаржы бөлініп, оқытылған адам саны 2900 адамды құраса, 2015 жылы бюджеттен бөлінген қаржы 807,0 мың теңгені құрады. Оқытылған адам саны 2000.

Оқыту семинарлары базалық және негізгі оқу жоспарлары бойынша орта мектептердің сыныптарында тәжірибелік сабақтарды орындау арқылы жүзеге асырылды.

Жыл сайын оқу үрдісін қамтамасыз ету үшін қаржы бөлінеді (оқу әдістемелерінің санын көбейту, оқытушылар жалақысы және т.б.)

Алайда, жалпы халықтың 6-74 жас аралығындағы компьютерді қолдану үлесі төмен.

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы негізгі мәселелер қатарына күнделікті өмірде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданудың төмендігі жатады.


Саланың дамуы жағдайының SWOT-талдауы:

Мықты жақтары(S):

Әлсіз жақтары (W):

1. Ақпараттық қоғамның дамуы.

1.Ауылдық округтердегі тұрғындардың төмен деңгейде ақпараттануы және қажеті оргтехникалармен жеткілікті түрде қамтамасыз етілмеуі;

2.Ауылдық, әсіресе, алыс шалғайда орналасқан округтерде, коммуникациялық байланыстары жылдамдығының төмен болуы



Мүмкіндіктері (O):

Қауіпі (T):

1.Күнделікті өмірде азаматтардың және мекемелердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен қолдануға көшуі;

2.Ақпараттық технологияларды қолдануда тұрғындардың қызығушылығы.



1.Тұрғындардың электронды мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігінің болмауы.

Құрылыс


Соңғы үш жылда құрылыс саласы бойынша келесідей нәтижелерге қол жеткізілді. 2012 жыл қорытындысымен барлық қаржыландыру көздерінен аудан бойынша барлығы 17 410 шарша метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде аудан тұрғындары есебінен жалпы ауданы 14 937 шаршы метр.

2013 жылы аудан бойынша барлығы 17 559 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде аудан тұрғындары есебінен жалпы ауданы 17 421 шаршы метр.

Облыс бөлінісінде пайдалануға берілетін тұрғын үйдің 0,4 % Қармақшы ауданына тиесілі болып келеді.

2014 жыл қорытындысымен барлық қаржыландыру көздерінен 21 207 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде аудан тұрғындары есебінен жалпы ауданы 19 320 шаршы метр.

Облыс бөлінісінде пайдалануға берілетін тұрғын үйдің 4,8 % Қармақшы ауданына тиесілі болып келеді.

Қазіргі қолданыстағы 1 тұрғынды 18,0 шаршы метр өлшемде тұрғын үймен қамтамасыз ету әлеуметтік нормасы бойынша Қармақшы ауданының 1 тұрғынына орташа 19,3 шаршы метр тиесілі болып келеді.

1 шаршы метр тұрғын үйдің орташа нақты құны тұрғындармен салынған тұрғын үйлерді қоса есептегенде 47,2 мың теңгені құрайды.

Аудан бойынша тұрғын үй құрылысы елді мекендердің бекітілген бас жоспарына, сонымен қатар кент немесе ауылдық елді мекендердің жеке бөліктеріне және функционалдық аймақтарына әзірленетін нақтылы жоспарлау жобаларына сәйкес жүргізілуде.

Елді мекендердің бас жоспары (нақтылы жоспарлау жобалары) кенттің, ауылдың немесе басқа елді мекендерді дамытудың кешенді жоспарлауын айқындайтын негізгі қала құрылысы құжаты болып табылады

2008-2014 жылдарда аудан бойынша бас жоспарлар әзірленіп және бекітілді:

5000 адамнан аса халық саны бар аудандағы 2 елді мекендердің бас жоспары.

500-ден 5000-ға дейін халық саны бар 14 ауылдық елді мекендердің даму сызбасы.


37-Кесте 2012-2014 жылдарға аудан бойынша пайдалануға берілген барлық әлеуметтік нысандар құрайды:






Оның ішінде қызмет ету саласы бойынша

Жыл

Пайдалануға берілген нысандар саны

Білім нысандары

Денсаулық сақтау нысандары

Мәдениет нысандары

Спорт нысандары

Өзгелер

2012

3

1

1

1

-



2013

5

1

1

3

-



2014

3

2

1

-

-


SWOT-саланың даму жағдайына сараптама:




Күшті жақтары (S):

Әлсіз жақтары (W):

1). Пайдалануға берілген тұрғын үй құрылысының 15,7 пайызға өсімі (2012-2014 жылдар аралығында 48537 мың шаршы метрден –56176 шаршы метрге)

1). Тұрғын үймен қамтамасыз етілуі 18,0 шыршы метр/адам құрайды ҚР көрсеткішінен (19,3 ш.м./адам) жоғары болуы

2). 2 есеге жалға берілетін үйлер құрылысы көлемінің өсуі;

2).Құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету бойынша әлсіз жабдықталу;

3). Аудан тұрғындарын бюджет қаражаты есебінен ғана қол жетімді баспанамен қамтамасыз етіп қоймай, сондай-ақ жеке инвесторлар есебінен қамтамасыз ету;

3). Әзірленетін жобалық-сметалық құжаттардың жеткіліксіз деңгейі;

4 Мемлекеттік қала құрылысы кадастры ақпараттық жүйесінің болуы

4).Жалға берілетін үйлер, инфрақұрылым құрылысын жеткіліксіз қаржыландыру;

5). Бас жоспарлардың, нақтылы жоспарлау жобаларының болуы;

5). Елді мекендерде ретсіз жер телімдерін бөлу және жеке және заңды тұлғалардың нысандар мен тұрғын үй салу кезінде қала құрылысы регламенттерін сақтамауы;

Мүмкіншіліктер (O):

Қауіп-қатер (T):

1). «Өңірлерді дамыту 2020-ға дейінгі», «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламаларын жүзеге асыру арқылы облыс тұрғындарын қол жетімді баспанамен қамтамасыз ету;

1).Тұрғын-үй және жүргізілетін инфрақұрылым құрылысын қаржыландыруды қысқаруы;

2).Әлеуметтік салада құрылыс нысандарын салуда типтік жобаларды қолдану;

2).Құрылыс құны мен сапасына әсер ететін құрылыс материалдарының қымбаттауы;

3).Қазіргі заманғы құрылыс материалдарын, жаңа технологияны, машина және механизмдерді пайдалану;

3).Елді мекендердің аумақтарында ескі және апаттық жағдайдағы тұрғын үйлер санының көбеюі

4).Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын күшейтіп, тиісті мамандардың біліктілігін арттыру.

4).Басқа облыстарға жоғары білікті мамандардың кетуі.

2.1.4. Инфрақұрылымды кешен

Жол және көлік

Қармақшы ауданының көліктік инфрақұрылымы жоғарғы деңгейде топтасуымен сипатталады: негізгі автокөлік, темір жол және су күре жолдары аудан аумағынан бір-бірімен қосарланған түрде өтіп жатыр. Аудан аумағынан халықаралық "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" супер-көлік дәлізінің ең ұзақ бөлігі өтіп жатырғандықтан аймақ жоғарғы транзиттік әлеуетке ие болып отыр.

Қармақшы ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуында аймақтың 90% халқы тұратын барлық елді мекеннің 85% негізгі көліктік магистральды бойлай орналасуымен аудандық көліктік инфрақұрылымының мәні сипатталады.

2012-2014 жылдары түрлі бюджет есебінен 3030,5 млн теңге бөлініп, 89 шақырым жолдар мен көшелер жөндеуден өтті.

«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автожолының біздің аудан территориясындағы бөлігі толық пайдалануға берілді.

Қазіргі кезде осы Қармақшы ауданының территориясынан өтетін ұзындығы 110 шақырым теміржолдың бойында 2 теміржол вокзалы және 8 теміржол бекеттері орналасқан.

Соңғы үш жылда жолаушылар айналымы 24,4%, жүк айналымы 6,7% өсіп отыр. Жолаушылар айналымы бойынша негізгі көлік түрі автомобиль көлігі, жүк айналымы бойынша – темір жол.

Автомобиль жолдары

Аудан аймағынан "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" автомогистраль жолының 163 шақырым бөлігі өтіп жатыр. Автожолдың аудандағы бөлігі ауданның 13 елді мекенінен өтіп жатыр.

Аудан осы халықаралық дәліз бойынша еліміздің оңтүстігімен (Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарымен), сондай-ақ, Қазақстанның батысымен байланысады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет