Қармақшы аудандық мәслихатының 2015 жылғы желтоқсандағы



бет6/14
Дата17.06.2016
өлшемі1.25 Mb.
#142855
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Аудан территориясынан өтетін автожолдардың ұзындығы: Республикалық маңыздағы автожолдың ұзындығы- 159 шақырым, Облыстық маңыздағы автожолдың ұзындығы- 42 шақырым. (32-74 шақырым аралығы), аудандық маңыздағы автожолдың ұзындығы- 153,1 шақырым. Оның ішінде асфальттанғаны- 142,0 шақырым және 11,1 шақырымы- топырақ.

38 кесте. Автомобиль жолдарының аудан/ бөлінісіндегі ұзындығы мен тығыздығы



№ р/с

Қала/аудан

Ұзақтығы, км

1000 шаршы м. тығыздығы

3

Қармақшы ауданы

153,1

0,14

39-Кесте Жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының техникалық жағдайы және ұзындығы



№ р/с

Қала/аудан

Жергілікті маңызы бар жолдар

Ұзындығы,

шақырым


автомобиль жолдарының техникалық жағдайы, %

жақсы

Қанағатта-нарлық

Қанағатта-нарлықсыз

3

Қармақшы ауданы

153,1

67,0

16,0

17,0


Сонымен бірге, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі келтіретін салада келесі шешілмеген мәселелер орын алып отыр:

автожолдар көпірлері мен өткелдердің техникалық жағдайларының қанағаттандырарлықсыз болуы (75%);

республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының тозуы, жолдардың қанағаттандырарлықсыз жағдайдағы үлесі 40% құрайды;

Автомобиль жолдарының күтіп ұстау жұмыстарына бөлінген қаржының жеткіліксіздігі.

Автомобиль көлігі.

Жолаушы тасымалына байланысты Қармақшы ауданы аумағында 12 ауылдық округтері мен 2 кент орналасқан. Аудан орталығы Жосалы кенті және аталған ауылдық округтер арасындағы жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру қызметі жеке кәсіпкер Б. Қалжанова арқылы жолушылар тасымалымен жеке көліктер арқылы іске асырылуда.

Көмекбаев, Қуаңдария, Алдашбай ахун, Жаңажол, ІІІ-Интернационал ауылдық округтері және Төретам кентіне жолаушыларды тасымалдау мақсатында бекітілген кестеге сәйкес күніне 1 рет автобустар және шағын автобустар қатынауда. Ақтөбе, Ақжар, Төребай би, Дауылкөл және Иіркөл ауылдық округтер тұрғындары аудан орталығына жеке жеңіл автокөліктерімен және жолаушы тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлер арқылы қатынайды. Жалпы қазіргі таңда аудан орталығы мен ауылдық округтер арасына жолаушылар тасымалдау қызметімен 10 жеке кәсіпкер айналысады.

Жосалы кенті бойынша жолаушылар тасымалы жеке кәсіпкер Б.Қалжанова арқылы таңғы сағат 08-00 ден кешкі сағат 20-00ге дейінгі аралықта кентішілік бағыт бойынша 8 шағын автобустармен үздіксіз атқарылуда.

40 кесте. 2012-2014 жылдары аудандағы автокөлік инфрақұрылымының негізгі көрсеткіштері.


№ р/с

Атаулар көрсеткіші

Өлшем бірлігі

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

1

Жолаушы айналымы

млн.жолаушы шақырым

99,3

107,0

123,6

2

Жолаушы тасымалдау

мың адам

4037,5

4378,0

4834,7

3

Жүк айналымы

млн тн шақырым

804,8

859,5

859,5

4

Жүк тасымалдау

мың тонна

5873,2

6373,9

6445,0

2014 жылы меншiк нысанына қарамастан барлық тасымалдаушылармен 4834,7 мың. жолаушы тасымалданып, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 10,4 % өсіп отыр. Жолаушылар айналымы 2014 жылға 123,6 млн.жолаушы/шақырым сипатталып, 2013 жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 15,5 % өсіп отыр.

Сонымен қатар, салада келесі проблемалық мәселелер шешілмей қалып отыр:

автомобиль жолдарының көліктік пайдалану көрсеткішін жақсарту мақсатында жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу жобаларын іске асыруға қаржының жеткіліксіз бөлінуі;

жолаушыларға сервистік қызмет көрсететін автокөлік құралдары паркінің жоғы;

аймақтағы автокөлік инфрақұрылымының (автовокзал, автостансалар) замануи талаптарға сәйкес еместігі.

Жоғары елді мекендер қоғамдық автокөлік қатынасымен толық қамтылған.

Автокөлік қатынасының қажеттілігі жөнінде шағын елді мекен тұрғындарынан негізделген өтініштер түскен жағдайда экономикалық тиімділігін ескере отырып жолаушы тасымалын ұйымдастыру мәселесі (автокөлік жолын салу, тасымалдаушылардың шығындарын демеу қаржыландыру (субсидия) және т.б.) қарастырылатын болады.


Аймақтағы саланың даму жағдайының SWOT талдауы

Күшті жақтары (S):

Әлсіз жақтары (W):

1. Жақсы жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесінің өсуі (54%-дан 62%-ға дейін);

2. Аудан аумағынан «Батыс Еуропа-Батыс Кытай» автодәлізінің өтуі;

3. ауданның барлық елді мекендерінің тұрақты автобус қатынасымен қамтылуы;

4. Екі жолақты темір жолдардың болуы;

5. Аудан аумағынан Қазақстаннан басқа басқа таяу шет елдерді - Ресей федерациясы, Қырғыстан, Тәжікстан, Өзбекстанды қамтитын темір жол желісінің өтуі;


1. Автожолдар көпірлері мен өткелдердің елеулі деңгейде тозуы;

2. Автоматтандыру процесстері мен инновацияларды енгізу деңгейінің төмендігі;

3.Аудандағы автомобиль жолдарының төмен тығыздығы;


Мүмкіндіктер (O):

Қатерлер (T):

1. «Нұрлы-жол» мемлекеттік бағдарлама-сын іске асыру және соның салдары ретінде автожолдар желісін дамыту мүмкіндігі және ауданның қолжетімділігін арттыру;

2. 2020 жылға дейін көліктік инфрақұлымын дамыту бағдарламасының іске асырылуы автожолдарды жаңғыртуға мүмкіндік береді;




1 Бюджет шығыстарын қысқарту себебінен автожолдар жағдайының одан әрі нашарлау салдары;

2. ауданда негізгі тасымалдаушылармен (мысалға, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ) даму бағдарламаларының қысқаруы;

3. Энергия бағасының өсуі себебінен көлік шығындарының өсуі.

Инфрақұрылымдық кешен


Көлік. 2020 жылға қарай ауданның дамуында басымдылықтар жаңа құрылыс және аймақтың көліктік инфрақұрылымын жаңғырту, ауданның қолданыстағы жолаушы тасымалдау маршруттары желісін дамыту, болып табылады, жолаушылар және жүк тасымалдау көлемін ұлғайту, сондай-ақ аудан елді мекендері арасын көлік байланысымен қамтамасыз ету.

Бұдан басқа, автокөлік жолдарының құрылысы мен жаңғырту есебінен аудан елді мекендері, аудандар және облыс орталығы арасында жолаушылар мен жүктердің жүру уақыты қысқаратын болады.

Аудандық маңыздағы жолдар желісіне құрылыс, күрделі және орташа жөндеу жүргізу, ауданның өткелдері мен көпірлерін салу және қайта жаңғырту.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы
Энергетикалық инфрақұрылым

Қармақшы ауданы бойынша электр тарату торабы мекемесінің теңгерімінде 299 км- 35 кВ, 228 км- 10 кВ, 196 км- 0,4 кВ әуелік электр желілері, 12 дана 35/10 кВ қосалқы станса, 2 дана 10 кВ тарату қондырғысы, 104 дана- 10/0,4 кВ қосалқы стансасы бар. Электр қуатын пайдалану мөлшері аудан бойынша күнделікті 124 мВт көлемінде болып, айына 3 844 000 кВт/ сағат электр қуатты құрап отыр.

Электр желілері бойынша «Қармақшы электр тарату торабы» мекемесі арқылы төмендегі көлемде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді: 10 кВт электр желісі- 31,7 шақырым ,0,4 кВ электр желісі- 28,9 шақырым,10/0,4 кВ қосалқы стансалар- 13 дана

Ағымдағы жөндеу жұмыстары: 10 кВ электр желісі- 38,5 шақырым,0,4 кВ электр желісі- 33,6 шақырым, 10/0,4 кВ қосалқы стансалар- 15 дана,35/10 кВ қосалқы станса- 2 дана.

2014 жылы аталған мекеме тарапынан төмендегі жұмыстар атқарылды.

Күрделі жөндеу бойынша:10 кВ электр желісі- 27,2 шақырым, 0,4 кВ электр желісі- 20,4 шақырым, 10/0,4 кВ қосалқы стансалар- 10 дана.

Ағымдағы жөндеу бойынша: 10Кв электр желісі- 11,6 шақырым, 0,4 кВ электр желісі- 14,0 шақырым, 10/0,4 кВ қосалқы стансалар- 10 дана, 35/10 кВ қосалқы станса- 12 дана.

Осы жұмыстармен бірге, 2012- 2013 жылдары «Қармақшы ауданы орталығының электрмен жабдықтау жүйесін дамыту» жобасы аясында Жосалы кентінің көшелеріне орнатылған электр шамдарын пайдалануға беру мақсатында қажетті электр есептегіш қондырғылары орнатылды.

Сумен қамтамасыз ету

Ауыз су жүйелері аудан бойынша 227,56 шақырым (Жосалы кенті бойынша – 77 шақырым, Төретам кенті бойынша – 28 шақырым, ауылдар бойынша -122,56 шақырым орташа тозумен 54 пайыз), соның ішінде, топтық және магистралды су құбырлары 988 км (тозу -40 пайыз). Ауыз су жүйелерінің жалпы тозуы 60 пайызды құрайды.

Орталықтандырылған ауыз су жүйелеріне аймақ бойынша 70,3 пайыз қол жеткізді, оның ішінде, ауылдық елді мекендер және қала бойынша 77,6 пайыз.

Жалпы жылына халыққа берілетін ауыз су көлемі -23,7 млн. куб/м.

2012 жылы аудан тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Республикалық және облыстық бюджеттен 237,1 млн теңге бөлініп, Ақжар, Ақтөбе елді мекендегі ауыз су жүйесін тұрғын үйлеріне су құбырын жеткізу жұмыстары жүргізілді. Барлығы 746 үйге су құбыры кіргізілді және 252 көру құдығы қойылды.

2013 жылы «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша бөлінген қаржы көлемі 14437,0 мың теңге. «Көмекбаев елді мекеніндегі сорғы станциясын қайта жаңғырту 1 кезең» жалпы сметалық құны 16 137,0 мың теңгенің құрылысына облыстық бюджеттен 14937,0 мың теңге қаржы бөлініп, тиісті жұмыстары толық атқарылды.

2014 жылы «Ақбұлақ» бағдарламасы аясында биылғы жылы 445 млн 162 мың теңге бөлініп, 3 жоба іске асырылуда.

Бұл, «Жосалы кентінде су құбыры желілерінің құрылысы» (4 кезең) (166,7 млн теңге), «Ақай елді мекеніндегі сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту және кенейту» (166,7 млн теңге) және «Тұрмағамбет елді мекеніндегі сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту және кенейту» (111,8 млн теңге)

Жосалы кентінде су құбыры желілерінің құрылысы бойынша 26,7 шақырым ауыз су желілері жүргізілді, Ақай елді мекеніндегі сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту және кенейту бойынша 15 шақырым ауыз су желілері жүргізілді, «Тұрмағамбет елді мекеніндегі сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту және кенейту» бойынша 14 шақырым ауыз су желілері жүргізілді,

2015 жылы бұл жобаларды аяқтауға «Жосалы кентінде су құбыры желілерінің құрылысы» (4 кезең) (238,2 млн теңге), «Ақай елді мекеніндегі сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту және кенейту» (190,3 млн теңге) және «Тұрмағамбет елді мекеніндегі сумен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту және кенейту» (364,3 млн теңге) бөлінді Толық жұмыстары 2015 жылы аяқталады.

Аудан елді мекендерде ауыз су жүйелерін жер асты су қөздерінен пайдаланады.

41-кесте. Ауданның ауыз сумен қамту көрсеткішінің облыстың орташа көрсеткішімен салыстыру




Атауы

Ауыз суға қол жеткізуі, %

АЕМ

ҚЕМ

Қармақшы ауданы бойынша

51,7

0

Қызылорда облысы

70,6

80,4

Аудан бойынша барлық 29 ауылдық елді мекеннің 15-сі орталықтандырылған ауыз суға қосылған немесе 51,7 пайызды құрайды.

Газбен қамту

Төретам кентіне жүргізілетін газ құбырының және квартал ішілік құбырларының құрылысы жобасының мемлекеттік сараптамадан өткізілген жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге облыстық бюджеттен 19,8 млн теңге бөлініп, ЖСҚ әзірленді.

Ақай ауылдық округіне жүргізілетін газ құбырының және квартал ішілік құбырларының құрылысы жобасының мемлекеттік сараптамадан өткізілген жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге облыстық бюджеттен 11,5 млн теңге бөлініп, ЖСҚ әзірленді,

Жосалы кентіне жүргізілетін газ құбырының және квартал ішілік құбырларының құрылысы жобасының мемлекеттік сараптамадан өткізілген жобалық сметалық құжаттама әзірлеуге облыстық бюджеттен 19,8 млн теңге бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.Бұл жобалардың құрылыстары 2016 жылы басталады.

Тұрғын үй қоры

Қармақшы ауданында 73 көпқабатты тұрғын үй бар, оның ішінде 63 үй күрделі жөндеуді қажет етеді. 2011 жылдан бастап «Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған» бағдарламасы аясында рес публикалық бюджеттен 33,0 млн теңге бөлініп, аудан бойынша 6 көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде: 2012 жылы Жосалы кентінің 2 тұрғын үйіне 4,3 млн теңгеге жөндеу жүргізілді. 2015 жылы барлығы 6 көпқабатты тұрғын үй 28,7 млн теңгеге жөндеуден өтті. Оның ішінде Жосалы, Төретам кенттерінен және ІІІ-Интернационал ауылынан 2 тұрғын үйден барлығы 6 үй жөндеуден өтті.


42-кесте Көпқабатты тұрғын үйлердің жөндеу жұмыстары


п/п


Аудан/қала

Көпқабатты тұрғын үйлердің жалпы саны, бірлігі

(2011 жылдың 1 қаңтарына.)



Оның ішінде жөндеуді талап ететін

(2011 жылдың 1 қаңтарына.)



2011-2015 жылдары жөндеуден өткен көпқабатты тұрғын үйлер саны


бірлігі

%

бірлігі

%

3

Қармакшы ауданы

73

63

86,3

6

9,5

Ауданда барлығы 73 көпқабатты тұрғын үйлер бар, олардың 54- Жосалы кентінде, 12 -Төретам кентінде, 7- ІІІ-Интернационал ауылында орналасқан. Оның ішінде қазіргі таңда жөндеуді қажет ететіні 57 көпқабатты тұрғын үйлер, немесе 78,0%,




Басым жақтары (S):

Әлсіз жақтары (W):

1. халықтың орталықтандырылған ауыз суға қосылу көрсеткішінің жоғары болуы

(94 пайыз);

2. газдандыру жүйесінің қарқынды дамуы және аудан халқын табиғи газбен қамтамасыз ету;

3. 2020ж дейінгі Өңірлерді дамыту бағдарламасының орындалуының іс шара жоспарын іске асырылуы ТКШ инфрақұрылымын жаңғырту және дамытуға, сонымен қатар, халықтың сумен қамту және су бұру қызметтеріне қол жеткізу жағдайының жақсаруы;

4. энергоүнемдеудің экономикалық өнімділігі және энерготиімділікті жоғарылату;

5. экономиканың технологиялық жаңғыртылуына ықпалы.



1. Энергия тапшылығы, ауданның экономикасына дамуын шектейтін, көршілес мемлекеттер мен аймақтардың энергиясына тәуелділіктің күшеюі.

2. Электр желілерінің тозығы жетуіне байланысты электр энергиясының шығындарының күрт өсуі.

3. Ауылдық елді мекендерде су бұру жүйесінің болмауы.

4. Жылумен жабдықтау инфрақұрылымының техникалық жағдайы қанағаттанғысыз (қазандықтар мен қондырғылар)

5. ауданның елді мекендерінің газбен толық қамтамасыз етілмеуі;

6. жөндеуді қажет ететін кондоминиумның жоғары үлесі;

7. мекемелерде физикалық және моралдық тозығы жеткен энергосыйымдылығы жоғары технологияларды қолдану.

8. Энергоүнемдеуді таныстыру және насихаттаудың жеткіліксіз дәрежесі.



Мүмкіндіктер (O):

Қауіптер (T):

1. Энергия тиімділікті арттырып, электр шаруашылығын қайта жаңғырту арқылы энергия шығындарын төмендету;

2. ұтымды және тұрақты энергетикалық ресурстарды пайдалану;

3. генерацияның жаңа көздерінің құрылысы, оның ішінде 2020 жылға дейін өңірдерлі дамыту бағдарламасының іс шараларын пайдалану арқылы.

4. жаңартылған энергия көздерін пайдалану (гелиоэнергетика,т.б);

5. жаңа жер асты су қорларының зерттелу нәтижесінде ауылдық елді мекендерде сумен қамту көрсеткішін көтеру.

6. сумен қамту жүйелерінің жаңғыртылуы нәтижесінде су ысыраптарын азайту.

7. кәрізді насос станцияларының және кәріз су жүйелерін жаңғырту.

8. Ауданда «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистарлды газ құбыры арқылы газдандыру;

10. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында көп қабатты тұрғын үйлерді жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы көлемін ұлғайту.


1. Отын-энергетикалық ресурстарды тиімсіз пайдалану;
2. Отын бағасының жоғарылауы, соның салдарынан электроэнергияның бағасының жоғарылауы;

3.Энергетикалық инфрақұрылымның құрылысына және жаңғыртылуына мемлекеттік инвестицияның қысқаруы.

4. тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымының жағдайының төмендеуі,

тұрғын үй қорының ескіруіне байланысты авариялық жағдайлардың туындауы;

5. Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын құрылысы және жаңғырту жұмыстарына республикалық, облыстық бюджеттерден бөлінетін қаржы көлемінің қысқаруы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет