Қармақшы аудандық мәслихатының 2015 жылғы желтоқсандағы



бет3/14
Дата17.06.2016
өлшемі1.25 Mb.
#142855
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

2014 жылы облыстың тамақ өнімдерін өндіру (сусындарды қосқанда) көлемі 846,0 млн. теңгені құрап, 2012 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 25,7% артты (2012 жылы – 673,0 млн. теңге).

Аймақ күріш жармасының негізгі өндірушісі болып табылады. Аудан бойынша тамақ өндірісінің 36 % күріш өңдеу құрайды. Айта кетіні, қазіргі уақытта күріш өңдеудің барлық мәселесі шешімін тапқан. Аудан аумағында халықаралық стандарттарға сай 2 күріш зауыты жұмыс жасап тұр. Күріш өңдеумен айналысатын кәсіпорындар: Қармақшы ауданында – 2

Жалпы, тамақ өңдеу өнеркәсібінде өсім байқалады. Алайда, өңдеу кәсіпорындарының дамуы үшін шығарылатын шикізат түрлерінің (ет, сүт және т.б.) көлемін ұлғайту қажет.

Осы орайда, ет бағытындағы мал шаруашылығының дамуына мүмкіндік беретін жайылымдар бар. Экспорттық әлеуеті жоғары балық аулау және балық өңдеуді дамытуға қолайлы жағдай бар.

Ұлттық тамақ тұтыну нормасына сәйкес Қармақшы ауданында маңызды тамақ түрлерін өндірудің көлемі жеткіліксіз. Өз өндірісімізбен етке қажеттілік 50,0%, сүт және сүт өнімдеріне 42,0%, жұмыртқа 10,7% ғана қамтиды.

Аталған мәселенің негізгі себебі ет және сүт өндірудің басым бөлігі үй шаруашылығының үлесіне тиесілі болуында. Соған сәйкес, ауылшаруашылық кооперативтерін ұйымдастыру және сервистік-дайындау орталығын құру өзекті мәселе болып табылады.

ауданның агроөнеркәсіптік кешенінің негізгі жалпы жүйелік мәселелері:

ауыл шаруашылығы техникаларының физикалық және моральдық тозуы;

шаруашылық құрылымдардың қажетті көлемде техника сатып алуға қаржылай мүмкіншіліктерінің жоқтығы;

ауыл шаруашылығы өндірісінің майда болуы;

мал азығы қорының жетімсіздігі және құрама жемнің сырттан тасымалданатындығынан мал мен құс өнімділігінің төмендігі;

азық-түлік тауарларының ішкі нарығында терең өңделген өңірлік тауарлар үлесінің төмендігі;

экономиканың аграрлық саласына инвестиция тарту деңгейінің төмендігі;

жайылымдық жерлердің тозуы;

шалғайдағы жайылымдық жерлерді пайдалану үшін суландыру қондырғыларын қалпына келтіру жұмыстарының кешеуілдеуі;

өңірде мал шаруашылығы өнімдерін (жүн, тері, елтірі) өңдейтін кәсіпорындардың болмауы.

SWOT – сала дамуының анализі:

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

1. Экспорт көлемін өсіруге мүмкіндіктер беретін «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары арқылы мал басын және өнімділігін көтеру.

2. Техникалардың белсенді жаңалануы;

4 Қымбат емес табиғи газбен қамтамасыз етілуі (жылыжай және т.б. қажеттіліктерге қысқы жылу үшін).


1. Қолданыстағы тұқымдар мен малдардың генетикалық әлеуетінің төмен деңгейде болуы;

2. Мал азығы қорының жеткіліксіздігі, толық рационды құрама жемнің жоқтығы, осыдан мал мен құстың өнімділігінің төмендігі;

3. Өндірістік өңдеу үшін шикізаттың жеткіліксіздігі және отандық шикізатты терең өңдеу үлесінің төмендігі;

4. Өңірде мал шаруашылығы өнімдерін (жүн, тері, елтірі) өңдейтін кәсіпорындардың болмауы;

5. Ауыл шаруашылығы техникаларының физикалық тозуы;

6. Шаруашылық құрылымдарының қажетті техника сатып алуға қаржылық мүмкіндіктерінің болмауы;

7.Ауыл шаруашылығы өндірісінің майда болуы;

8. Ет және сүт өңдеудің басым бөлігі (90 %) жеке секторларда болуы;

9. Ірі күріш өсіруші шаруашылықтар тарапынан мал өсіруге және мал азығы дақылдарын егуге қызығушылықтың болмауы.


Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

1. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін топырақ-климат жағдайының қолайлы болуы

2.Жайылымдық жерлердің болуы;

3. Жаңа инновациялық агротехнологияны енгізу;

4. Сыртқы нарыққа шығу мүмкіндігі;

5. Саланы мемлекеттің белсенді қолдауы;

6.Ет, сүт, құс жұмыртқасы, картоп, көкөніс, бақша және т.б. өнімдерді өндіретін жеке ауылшаруашылық өндірушілерін біріктіру арқылы СДО, кооперативтер құру.

7. Келешекте мал шаруашылығын дамытуға оның ішінде экспорттық әлеуеті жоғары ет бағытында, балық аулау мен балық өндіругекүштіұстанымының болуы.


1. Табиғи сипаттағы қауіп-қатерлер (аяздар, үсіктер, жылу жетіспеушілігі, артық ылғалдылық, бұршақ, нөсер, қатты жел, құйын, су алу, жаппай жылу, өсімдіктер мен жануарлардың жаппай ауыруы, ракеталық-ғарыштық қызметтен зиян заттарды мөлшерден артық бөлінуі);

2. Арзан шет елдік ет, сүт өнімдерінен туындайтын жоғары қауіп;

3. Нарықты тауарлармен молықтыру қалыптасқан жағдайда өткізу көлемінің азаюына әкелуі мүмкін, бұл тез бұзылатын өнімдердің шығынына әкелуі мүмкін.


Шағын және орта кәсіпкерлік, сауда

Шағын және орта кәсіпкерлік

Шағын және орта кәсіпкерлік аймақ экономикасының өсуінің негізгі факторларының бірі болып табылады және әлеуметтік саланың дамуында маңызды рөл атқарады.

2014 жылы тіркелген шағын субъектілердің саны өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,6 пайызға, онда жұмыспен қамтылғандар саны 13,5 пайызға өсті. Шығарған өнім көлемі 9,2 пайызға, бюджетке түсірілген салықтар мен алымдар 2,0 пайызға өсіп отыр.

1000 тұрғынға шаққандағы шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілері саны 3,7 ден 4,0-ке дейін көтерілді.

Ұйымдастырушылық – құқықтық формасының бөлінісі бойынша ШОК құрылымында тіркелген субъектілердің көпшілік бөлігі жеке кәсіпкерлерге тиесілі (2012 – 2014 жылдар аралығында орташа есеппен – 85,3), заңды тұлғалар орташа есеппен белсенді ШОК субъектілерінің жалпы санының- 9,0-ын, ШФҚ - 5,7-ын құрады.

2012 жылы ШОК белсенді субъектілерінің саны - 20 813 бірлікті, 2013 жылы - 25 828 бірлікті (2012 жылғы деңгейден 24,1-ға жоғары) құрады. 2014 жылы ШОК белсенді субъектілерінің саны 2013 жылғы деңгейден салыстырмалы түрде 17,6-ға, 2012 жылғы деңгейден салыстырмалы түрде 45,9-ға артып, 30 377 бірлікті құрады.

2014 жылы ШОК белсенді субъектілерінің тіркелген үлесі жалпы санының - 62,9 құрады, яғни 2013 жылғы деңгейден 3,2-ға және 2012 жылғы деңгейден 10,1-ға жоғары.

2012 жылы ШОК саласында жұмыспен қамтылғандар саны 67 267 адамды құрады. 2013 жылы шағын және орта кәсіпкерлікте 74 374 адам жұмыспен қамтылды, яғни 2012 жылғы деңгеймен салыстырғанда 10,6-ға жоғары. 2014 жылы жұмыспен қамтылғандар саны 78 169 адамды құрады. Бұл көрсеткіш 2012 жылғы деңгейден 16,2-ға немесе 10 902 адамға және 2013 жылғы деңгейден 5,1-ға немесе 3 795 адамға артық.

ШОК құрылымында жұмыспен қамтылғандардың көпшілік бөлігі немесе ШОК жұмыспен қамтылғандардың жалпы санының 54,1-ы заңды тұлғаларға тиесілі, жеке кәсіпкерлер - 40,8, ШФҚ - 5 құрайды.

ШОК субъектілерімен шығарылған өнім көлемі 2013 жылы 242,6 млрд.теңгені құрады, яғни 2012 жылғы деңгейден 3,5-ға жоғары. 2014 жылдың қорытындысы бойынша ШОК субъектілерімен шығарылған өнім көлемі 2013 жылғы өнімге қарағанда 1,8-ға және 2012 жылғы өнімге қарағанда 5,5-ға артып, 247,2 млрд.теңгені құрады.

Ұйымдастырушылық – құқықтық форма бөлінісінде ШОК субъектілерімен шығарылған өнім көлемінің басым бөлігі заңды тұлғаларға тиесілі (2012 – 2014 жылдар аралығында орташа есеппен 88,4). ШФҚ-ның субъектілерімен шығарылған өнімінің жалпы көлемінің-3,3-ын, ЖК-8,3-ын өндіреді.

Статистикалық жедел деректер бойынша ЖӨӨ-гі ШОК-нің үлесі 2014 жылдың қорытындысы бойынша - 11,1-ды құрады. Бұл көрсеткіш бойынша облыс республика бойынша -15 орында.

Сонымен қатар, ЖӨӨ-дегі ШОК үлесі 2012 жылмен салыстырғанда (11,3-ды құрап) 0,2-ға төмендеген, 2013 жылға (10,6-ды құрап) қарағанда 0,5-ға артқан.

6 - Кесте 2012-2014 жылдар аралығындағы ауданның ШОК қызметінің негізгі көрсеткіштері




Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2012ж.

2013ж.

2014ж.

ШОК субъектілерінің тіркелген саны

бірлік

2041

2223

2257

ШОК тіркелген субъектілерінің жалпы санындағы белсенді субъектілерінің үлесі

%

20,0

22,0

22,5

ШОК-те жұмыспен қамтылғандар саны

адам

4836

5465

5495

ШОК субъектілерімен шығарылған өнім көлемі

млн. теңге

424,1

337,5

365,5

2010 жылдан бастап шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мен дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы жүзеге асырылуда.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын іске асыру үшін 2012 – 2014 жылдар аралығында бағдарлама аясында 3 жобаға субсидия беріліп, 6-грант берілді.

Кесте 7. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында бағыттары бөлінісінде қаржылық қолдау алған жобалар саны




Қолдау бағыттары

2012ж.

2013ж.

2014ж.

3 бағыт бойынша субсидиялау

1

1

1

Кепілдендіру

0

0

0

Гранттар

0

3

3

Өндірістік инфрақұрылымды дамыту

1

5

1

Кесте 8. «Бизнестің жол картасы – 2020» Бағдарламасы шеңберінде компоненттер бөлінісінде оқудан өткен қатысушылар саны




Компонент

2012ж.

2013ж.

2014ж.

Бизнес кеңесші 1

0

2

0

Бизнес кеңесші 2

0

4

2

Топ-менеджментті оқыту

0

1

2

Іскерлік байланыстар

0




1

Жас кәсіпкер мектебі










Аға сеньор










Барлығы




7

5

Сауда


Аудан халқын азық-түлік тауарларымен 315 сауда дүкені, 4 сауда базары, 5 сауда үйі және 5 көтерме сауда жасаушы кәсіпкерлік субъектісі, 12 шағын және орташа наубайхана қамтамасыз етеді. Қармақшы ауданындағы 3 сауда базары жұмыс жасайды. Олар: «Тансықбай», «Бибінұр» және «Мақсат» базарлары. Аталған базарлардың 2-еуі Жосалы кентінде орналасқан 1-еуі Төретам кентінде.

Ауданда бөлшек тауар айналымы 2012 жылы 2235,5 млн. теңгені құрады немесе 2011 жылмен салыстырғанда 14,1 пайызға, 2013 жылы 3040,8 млн. теңгені құрады немесе 2012 жылмен салыстырғанда 32,1 пайызға. 2014 жылы аудан бойынша бөлшек сауда тауар айналымы 3469,0 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 5,7 пайызға өсті.


9 Кесте. 2012-2014 жылдар аралығындағы аудан бойынша сауда қызметінің негізгі көрсеткіштері


Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2012ж.

2013ж.

2014ж.

Бөлшек сауда көлемі

млн теңге

2235,5

3040,8

3469,0

Бөлшек сауданың ФКИ (физикалық көлем индексі)

%

119,4

136,0

114,1

Сырттан әкелінетін өнімдер бағасын тұрақтандыру мақсатында ірі жеткізушілермен әлеуметтік маңызды тауарлар сату кезінде өндірушілердің өткізу бағасынан 10 артық емес жалпы тауар үстемесін белгілеу туралы 5 меморандумға қол қойылды.

2011-2014 жылдар аралығында сауда саласының дамуы заманауи сауда форматтарына көшуге, бөлшек сауда айналымында ірі сауда желілерінің үлесін арттыруға, сондай – ақ, сауда базарлары инфрақұрылымының талаптарын арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасындағы сауданы дамыту жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған Бағдарламаға сәйкес жүзеге асты.

Оң серпінге қарамастан, үдеріс процесі баяу жүруде. Аймаққа базар орындарының қымбаттылығы мен заманауи форматтағы сауда орындары үлесінің аздығы тән: сауданың негізгі үлесі (72,0%) жеке кәсіпкерлік қызметімен айналысатын жеке тұлғалардың сауда айналымына тиесілі.


Саланың даму жағдайына SWOT- талдау:

Күшті жақтары(S):

Әлсіз жақтары(W):

  1. 2015 – 2017 жылдарға арналған кәсіпкерлік пен туризмді дамытудың өңірлік жол картасы аясында ШОК-ті қолдау бойынша жұмысты жүйелендіру;

  2. Жыл сайын кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бюджет шығындарын ұлғайту;

  3. Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың оңтайлы іске асырылуы;

  4. Ауылдарда кәсіпкерлікті дамыту үшін микрокредиттер беру;

  5. ШОК қызметін ұзақ мерзімді қаржыландыру мен үйлестіру үшін құрылған институционалдық құрылымдардың болуы: ауданда кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы; кәсіпкерлік палатасы

  6. Бөлшек саудаға қазіргі сауда форматын енгізу тәжірибесі;

  7. Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларына мониторинг жасаудың қолданыстағы жүйесі

  8. «Бизнестің жол картасы-2020», «Өнімділік – 2020» бағдарламалары (кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау);

  9. Қызмет көрсету саласын дамыту Бағдарламасы (Сауда нарықтарын және бөлшек сауданы, сонымен қатар электрондық сауданы жетілдіруді мемлекеттік қолдау);

1.ШОК субъектілеріне арналған қаржылық ресурстарға қолжетімділік мәселесі;

2. ШОК субъектілерінің меншікті айналым құралдарының және кепіл мүлігінің жеткіліксіздігі;

3. ШОК субъектілерінің инновациялық белсенділік деңгейінің төмендігі;

4. Бизнесті дамытуда әкімшілік кедергілердің бар болуы;

5. Бизнеске оқу дайындығы деңгейінің жеткіліксіздігі;

6. Салалық бағдарламалардың іске асырылуы туралы кәсіпкерлерді ақпараттандырудың жеткіліксіздігі;

7. Сауда базарларының қызметі аясында көлеңкелі экономиканың үлкен көлемі;

8. Электронды сауданың дамуының төмен деңгейі.



Мүмкіндіктері (O):

Қауіптері (T):

1. Жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жетілдіруге және кеңейтуге бағытталған жобаларды республикалық және жергілікті бюджеттен қаржыландыру

2. Жаңа бәсекеге қабілетті өнеркәсіптерді ашу, жасау;

3. Кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау шаралар қолдану есебінен шағын және орта бизнес кәсіпорындарының қызметінің тиімділігінің дамуы мен жетілуі;

4. Инвестициялық жобаларды іске асыру барысында жаңа жұмыс орындарының ашылуы;



  1. Макроэкономикалық ортада қолайсыз өзгерістер: валюталық курс, қаржының көтерілуі, пайыздық мөлшерлеме, ақша ұсынысы, капиталдың қымбаттауы, инфляция экспорты;

  2. Бюджеттік ресурстардың тапшылығынан мемлекеттік салалық бағдарламаларды қаржыландырудың қысқаруы;

  3. Кәсіпкерлердің белсенділіктерінің бәсеңдеуі;

  4. Сыртқы экономикалық ахуалдың нашарлауы себебінен ШОБ-ке тәуелді жүйе түзуші компаниялардың өніміне деген сұранысының қысқаруының ШОБ-ке әсері

Инвестициялар

2012 жылы аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 6 679,0 млн. теңге болып, өткен жылмен салыстырғанда 3,6 есеге өсті. Негізгі қорға тартылған инвестициялардың құрылымы қаржыландыру көздеріне қарай мынадай болып қалыптасты: бюджет қаржысының үлесі 32,4 пайыз, басқа көздер үлесі 67,6 пайызды құрады.

2013 жылы аудан бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 49 366 млн. теңге болып, 2012 жылмен салыстырғанда 7,4 есеге артты.

Негізгі қорға тартылған инвестициялардың құрылымы қаржыландыру көздеріне қарай мынадай болып қалыптасты: республикалық бюджет 9,8 пайыз , жергілікті бюджет 2,1 пайыз, жеке қаражат 18,6 пайыз, шетел қаражаты 0,04 пайыз, қарыз қаржылары 69,5 пайыз.

Қармақшы ауданы бойынша 2014 жылы негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 28 857 млн.теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 41,6% кеміген («Батыс Еуропа-Батыс Қытай» және «Бейнеу-Бозой-Шымкент» жобаларының аяқталуы салдарынан). Қармақшы ауданы облыстың инвестициялардың жалпы көлемінің үлесі 11,1% құрады.


10 Кесте 2011-2014 жылдарда инвестицияның өзгеру динамикасы млн теңге

Инвестиция

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2014 жыл % 2013 жыл

Барлығы

6 679

49 366

28 857

58,4

Өнеркәсіп, инновация және инвестиция салаларына SWOT-талдау:



Күшті жақтары (S)

Әлсіз жақтары (W)

  1. Құрылыс материалдары өнеркәсібі, АӨК, машина жасау салаларын дамыту арқылы экономиканы диверсификациялау стратегиясының жүзеге асуының оң нәтижесі;

2. Еңбек ресурстары мен өнеркәсіп саласына кадр дайындайтын көппрофильді оқу орындарының жеткілікті деңгейі;

3. Индустриялық аймақтар ашу және оны дамыту арқылы инвестициялық тартымдылықтың көтерілуі; 





  1. Өнеркәсіп саласынан (6,5%) тау-кен өнеркәсібінің (90,5%) басымдылығы;

  2. Өнеркәсіптегі ЖҚҚ-ның өсуінің төмен қарқыны;

  3. Индустриялық сектор өнімділігінің жеткіліксіз өсу қарқыны;

4.Халық пен бизнес өкілдерінің инновациялық қызметтің негізін толыққанды түсінбеуі;

  1. ШОБ инновациялық белсенділігінің төменгі деңгейі;

  2. Өңірдің инновациялық жүйесінің аясында

ұйымдастырылған жүйелі байланыстың жоқтығы;

6.Сыртқы экономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты инвестицияларды дамытуға бөлінетін бюджеттік жұмсалымдардың қысқаруы;



Мүмкіндіктері (О)

Қауіп-қатерлері (Т)

1. «100 нақты қадам» Ұлттық іс-шаралар жоспарының аясында өнеркәсіпті, инвестицияларды және инновацияларды дамыту;

2.2015-2019 ж.ж. арналған  ИИДМБ аясында өнеркәсіпке қолдау көрсету;

3. « Бизнес Жол Картасы-2020», «Өнімділік -2020» арқылы салалық қолдау көрсету;

4. 2020 жылға дейінгі ҚР инновациялық дамуының концепциясының және Жол картасының жүзеге асуының дамуының болашағы;

5. Баламалы энергетика нысандарын салу арқылы инновациялық даму (күн, жел);


  1. Өңірдің моносалалық мамандануының сақталуы және аудандағы өнеркәсіптік дамудың біркелкі болмауы;

  2. Өңірдегі инновациялық белсенділіктің төменгі қарқынының салдарынан өнеркәсіптегі төменгі бәсекеқабілеттіліктің сақталуы;

  3. Энергожетіспеушілік, ауданның энерго тасымалдауда көршілес мемлекеттер мен өңірлерге тәуелдігінің күшеюі;

  4. Ресурстарды ұтымсыз пайдаланудың салдарынан, облыстың минералды-шикізаттық базасының сарқылуы.

Сектордың негізгі проблемалары:

тау-кен өндірісіндегі инвестициялардың басымдылығы;

аудан аумағы бөлінісінде инвестиция тартудың біркелкі болмауы;

біліктіліктің жеткіліксіз деңгейі және ИҚКО қызметінің орталық құрылымдармен жеткіліксіз үйлестірілуі;

сыртқы экономикалық жағдайдың нашарлауына байланысты инвестицияларды дамытуға бөлінетін бюджеттік жұмсалымдардың қысқаруы;

Инновациялар мен инвестициялар

Өңір экономикасының сапалы дамуының басты факторларының бірі – инвестция мен инновацияларды дамыту болып табылады.

Инвестиция көлемінің соңғы жылдары көп болуы негізінен «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» және «Бейнеу-Бозой-Шымкент» ірі көлемді жобаларының іске асырылуымен байланысты. Жобалардың 2014 жылы аяқталуы салдарынан инвестиция көлемінің өсу қарқыны бірқатар төмендеді. Сәйкесінше инновация мен инвестицияны дамыту бойынша алдағы уақытта атқарылатын шаралар ШОБ саласында технологиялық инновацияларды дамытуға және өңір экономикасының басым салаларына инвестиция тартуды ынталандыруға бағытталатын болады.


Аумақтық (кеңістіктік) даму

Қармақшы ауданының аумағы 31,0 мың шаршы шақырым немесе облыс аумағының 13,7 % алып жатыр. Қармақшы ауданының орталығы- Жосалы кенті. Ауданда облыс халқының 7,2% тұрады.

Қармақшы ауданның мамандандыруы- тамақ өнеркәсібі. Қармақшы ауданында сервистік инфрақұрылымды құру мақсатында көліктік дәлізді «Батыс-Европа-Батыс Қытай» жолы учаскесі жанында «Қорқыт ата зиарат ету орталығы» ашылды.

Өзекті мәселелер мен тәуекелдер:ауылшаруашылық өнімдерін өңдеу инфрақұрылымының жетілмегендігі;

энергия ресурсының тапшылығы;

су және жылу желілерінің техникалық жағдайы қанағаттанғысыз жағдайда;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет