Қармақшы аудандық мәслихатының 2015 жылғы желтоқсандағы



бет7/14
Дата17.06.2016
өлшемі1.25 Mb.
#142855
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Саланың негізгі проблемалары:

Аудан бойынша электр тораптарының жоғары деңгейде тозуы (64 %);

2.5.2. Жер ресурстары

Қармақшы ауданының жалпы жер қоры 3104070 гектарды құрайды. Осы көлемнің ішінен 556324 гектар жерді Байқоңыр ғарыш кешені үшін Ресей Федерациясы жалға алып пайдалануда және 127834 гектар Қарағанды облысынан ұзақ мерзімге пайдалануға алынған жерлер.

Аудан бойынша барлық жер пайдаланушылары жер санаттары 2015 жылдың 1 қарашасына:

ауылшаруашылығы жерлері–384634 га,

елді мекен жерлері–47324 га,

өнеркәсіп, көлік, қорғаныс, байланыс және басқа бағыттағы жерлер–4612 га,

орман қорының жері–428961 га,

су қорының жері–12368 га,

мемлекеттік қордағы жерлер–1797681 га болып бөлінді.

Ауданда барлығы 32317 га суармалы жер бар, оның ішінде инженерлік жүйеге келтірілгені 23050 га, 38 күріш ауыспалы егіс жүйесі және 6 мал азығындық ауыспалы егіс жүйесі бар.

Қармақшы ауданының климаты континенталді - ыстық, құрғақ, ұзақ жазы маусымы және суық, қысқа, қары аз қыс маусымымен ерекшеленеді.

Ауданның топырақ түрлеріне ортақ сипаттамалық белгілер тән: жоғары карбонатты, топырақ ерітіндісінің сілтілілігі, ерігіш тұздардың болуы, қыртысының қабаттылығы және құнарлылығының төменділігі.

Өсімдіктің топырақ қабаты шөлді аймаққа жатқызылған. Жалпы жер көлемінің 25 %-ы суландыру жүйелерін қоса алғанда Сырдария өзені арнасының бойында, 20 %-ы жартылай шөлді аймақта, 55 %-ы шөлді аймақта орналасқан.

Ауданның жалпы жер қорының 12,4 %-ын құрайтын 384,6 мың га жер учаскелері ауыл шаруашылығы мақсаты үшін тұлғалардың жеке меншігі мен жер пайдалануына табысталған. Бүгінгі таңда аудан көлемінде 230 жер пайдаланушылар тіркелген, оның 213-ы шаруа қожалықтары және 17-і мемлекеттік және мемлекеттік емес заңды тұлғалар.

Ауыл шаруашылығы мақсаты үшін табысталған жер алқаптарының түрлері негізінен жайылым алаптары 220,8 мың га (ауыл шаруашылығы жерлерінің 58,0 %), егістігі 20,7 мың га (ауыл шаруашылығы жерлерінің 5,4 %), тыңайған жерлері мен шабындықтар 18,5 мың га (ауыл шаруашылығы жерлерінің 5,0 %) құрап отыр. Жалпы ауыл шаруашылығы мақсатында табысталған жерлердің 117,0 мың га (31,0 %) бөгде алаптардан тұрады. Бұл жерлер жайылымдық жерлердегі жарамсыз алаптарымен ерекшеленеді (тақыр, сорланған және т.б.). Жайылымдық алқаптарына сұраныстардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі бағыты мал шаруашылығы болып табылатын ауданның солтүстік өңірлерінің үлесіне келеді.

Ауданның жайылымдық жерлері табиғи жайылымдық ретінде пайдаланылады, жайылым айналымы қолданылмаған.

Негізінен өңіріміздің табиғи-климаттық жағдайы күрделі, топырақ құнарының төмен болуы мен жазғы кезеңдердегі жоғарғы температураның әсерінен ауыл шаруашылығы өндірісінде күріш өсіру тиімді болып саналады және Қармақшы ауданы ірі күріш өнімін өндіруші болып табылады. Аудан бойынша күріш егіп отырған ірі шаруашылықтар. Атап айтқанда: "Алдашбай ахун" ЖШС 21028,0 га, "Тұрмағамбет" ЖШС 33125,0 га, "Ақтөбе и К" ЖШС 38126,0 га, "Жаңажол" ЖШС 29944,0 га, "Ораз ахун ЛТД" ЖШС 13980,0 га, "ІІІ-Интернационал" ЖШС 11344,0 га, "Достық жер МК" ЖШС 10138,0 га.

Қыс маусымындағы желдің әсерінен топырақ қабатының тоңданып қалуына байланысты көп жылдық мәдени дақылдарды өсіруге мүмкіндік жоқ.

Жерді тиімді және ұтымды пайдалану - келешек ұрпақ үшін тұрақтылық, тәуелсіздік және байлықтың негізі болып табылады.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеудің технологиясын дұрыс қолданбау, жерді тиімсіз пайдалану фактілері кездеседі. Бұл бағытта пайдаланылмаған/ұтымсыз пайдаланылған жерлерді анықтау, оларды жер заңдылықтарына сәйкес мемлекет меншігіне қайтарып алу не қайта айналымға тартуға байланысты шаралар тұрақты түрде жүргізілуде.

Саланың дамуы жағдайының SWOT-талдауы:

Күшті жақтары (S):

Әлсіз жақтары (S):

1. Бос жерлердің болуы;

2. Агроқұрылымдардың ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануды ұлғайту.



1. Ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымсыз пайдалану;

2. Білікті мамандардың жетіспеушілігі;

3. Жердің әлеуетін пайдаланудың төменгі нәтижелері.


Мүмкіндіктер (О):

Қауіптері (Т):

1.Жерді ұтымды пайдалану;

2. Жерді пайдаланудың тиімділігін арттыруда тыңайтқыштар қолдану;

3. Білікті мамандар дайындау;

4. Ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру.



1. Жердің тұздануы мен құнарлылығының төмендеуі.

Саланың негізгі проблемалары:

Келешек ауыл шаруашылығы айналымына тарту мақсатында инженерлік-жүйеге келтірілген жерлердің коллекторлы-дренажды және суландыру жүйелерін кезең-кезеңімен қайта қалпына келтіру қажет.


6 бағыт; Мемлекеттік

Қармақшы ауданының мемлекеттік органдар құрылымы аудан әкімінің аппаратынан, аудандық мәслихаттан, 2 кент, 12 ауылдық округі әкімдігінен және 14 аудандық бөлімнен тұрады.

Аудан әкімінің аппараты ақпараттық қамтамасыз ету, талдау және ұйымдастыру жұмыстарымен қатар жергілікті атқарушы органдар қызметтерін автоматтандыру арқылы олардың тиімділігін арттыруды көздейді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы олардың халыққа қызмет көрсету орталығы және «үкіметтің электронды» веб-порталы арқылы ұсынылуымен бағаланады. Сонымен қатар, халықтың мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына қанағаттанушылық деңгейі де қызметтердің электронды түрде ұсынылуына тікелей байланысты.

Ауданда 33 қызмет түрі электронды нысанда көрсетіледі, атап айтқанда:

- аудандық білім бөлімімен 7 қызмет;

-аудандық ауылшаруашылығы бөлімімен 5 қызмет;

-аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен 4 қызмет;

- аудандық жұмыспен қамту,әлеуметтік бағдарламалар және азаматтардың хал актілерін тіркеу бөлімімен 11 қызмет;

- аудандық сәулет және қала құрылыс бөлімімен 2 қызмет;

- кент, ауылдық округі әкімдерімен 1 қызмет.

Аталмыш мемлекеттік көрсетілетін қызметтер «Е-Лицензиялау» деректер қоры, «Е-Собес», «Әлеуметтік көмек», «АХАЖ ТП» ақпараттық жүйелері және ХҚКО АЫЖ арқылы ұсынылуда.

2015 жыл 10 айында аудан бойынша мемлекеттік көрсетілген қызметтер саны - 57330:

Оның ішінде ХҚКО арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 15289.

Мемлекеттік орган арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны -22562.

ЭҮӨШ ЭҮП және ЕЛ ЭҮП бағдарламалары арқылы жасалған мониторингі бойынша жасалған қорытынды бойынша электронды үкімет порталы арқылы түскен және көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 3116.

«ЭҮП» және (немесе) ХҚКО арқылы көрсетудің мүмкіндігі бар мемлекеттік қызметтердің мемлекеттік органда қағаз түрінде көрсетілген саны – 16363.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді ұсыну кезіндегі мерзім бұзушылықтың алдын алу мақсатында Қармақшы ауданы әкімі аппараты кент, ауылдық округі әкімдері және аудандық бөлімдерімен түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді. Дегенмен, 2015 жылдың қаңтар айында аудандық білім бөлімі тарапынан электронды үкімет порталы арқылы көрсетілетін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, банктерге, ішкі істер органдарына кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру» қызметі бөлімдегі жауапты қызметкердің бала күтімі демалысына шығуға құжат әзірлеуі кезінде қараусыз қалып, мерзімі бұзылған. Нәтижесінде бөлім қызметкеріне «ескерту» түрінде тәртіптік шара көрілді.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қол жетімділігін және сапасын арттыру мақсатында аудан әкімінің сайтына аудандық жергілікті атқарушы органдармен ұсынылатын 85 қызметтің стандарттары мен регламентері орналастырылды.

«Үкіметтің электронды порталы» және ХҚКО арқылы ұсынылатын қызметтерді алу жолдары туралы аудандық ішкі саясат бөлімі арқылы 2 баннер әзірленіп, Жосалы және Төретам кенттері орталықтарына орналастырылса, 2 бейнеролик кент орталықтарындағы «LED» экран арқылы аптаның екі күні бекітілген кестеге сәйкес көрсетіліп отырды.

Барлық мемлекеттік қызмет көрсетуші органдарда ілінген ақпараттық тақта әзірленіп, мемлекеттік қызметтердің стандарттары орналастырылды.

Сонымен қатар, қызмет алушылардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қолжетімділіг арттыру және стандарт талаптарын түсіндіруге қатысты жыл басында медиа жоспар бекітілді.

Аталмыш жоспарға сәйкес аудандық «Қармақшы таңы» газетінде 10 мақала жарық көрді. Соның ішінде аудандық ауылшаруашылығы бөлімінен 4, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінен 1, аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінен 1, аудандық білім бөлімінен 1, аудандық жер қатынастары бөлімінен 1, аудандық ветеринария және ветеринариялық бөлімінен 2 мақала ұсынылды.

Кент, ауылдық округтері жауапты мамандарының қатысуымен 2015 жылдың 27 ақпанында «Жеке қосалқы шаруашылығы бар болуы туралы анықтама беру» қызметі бойынша электронды тізілімді өзектендіруді нұсқаулыққа сәйкес электронды үкімет порталында қалай жүргізу керектігін интернет арқылы көрсетіліп оқыту семинары өткізілді.

2015 жылдың 28 сәуірінде «2014 жылдың қорытындысымен Қармақшы ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жайы туралы» кент, ауылдық округі әкімдерінің, жауапты қызметкерлерінің және 14 аудандық бөлім басшылары мен мамандары және «НұрОтан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары, «Қармақшы таңы» газетінің тілшісі, «Қармақшы Даму» кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестігінің төрағасы, аудандық кәсіпкерлік палатасының өкілінің қатысуымен талдау жиналысы өткізіліп, материалдары аудан әкімінің сайтына орналастырылды.

Жиын қорытындысымен қызмет сапасын арттыру және аудан бойынша электронды ұсынылатын қызметтер үлесін арттыру бағытында жұмыс жасау кент, ауылдық округі әкімдері мен аудандық бөлім басшыларына тапсырылды.

2015 жылдың 15 шілдесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты барлық мемлекеттік құрылым басшылары мен мамандарының қатысуымен «2015 жылдың І жарты жылдығында Қармақшы ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдармен көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жайы туралы» жиын өткізілді.

Аталған жиында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын және қызметкерлердің біліктілігін арттыру мен өзара ауысымдылықты қамтамасыз ету жөнінде жергілікті атқарушы орган басшыларына хаттамалық тапсырма берілді. Жоғарыда аталған 2 жиналыстың да қорытындысы және жиын барысында берілген тапсырмалар «Қармақшы таңы» газетінде жарық көрді.


3. Негізгі бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар және оларға қол жеткізу жолдары

1 бағыт: Экономика

1-мақсат. Аудан экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету.


№ п/п

Нысаналы индикаторлар

2014ж.

2015ж.

2016ж.

2017ж.

2018ж.

2019ж.

2020ж.

Ақпарат көздері

Жауапты орындаушы

нақты

бағалау

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

Жалпы өңірлік өнімнің нақты көлемінің индексі, %

-

-

-

-

-

-

-

статистикалық деректер

АЭжБЖБ

2

Халықтың жан басына шаққандағы жалпы өңірлік өнiм, адамға/мың теңге

-

-

-

-

-

-

-

статистикалық деректер

АЭжБЖБ

3

Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны, %

107,5

104,2

104,5

104,7

104,9

105,0

105,2

Қаржыминініңведомстволық есептілігі

АЭжБЖБ



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет