Қармақшы аудандық мәслихатының 2015 жылғы желтоқсандағы



бет4/14
Дата17.06.2016
өлшемі1.25 Mb.
#142855
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

бизнестің инновациялық белсендігі төмен деңгейде.

Бәсекелік басымдылығы:

Ауылшаруашылығын дамытуға қолайлы топырағы мен климаттық жағдайы;

Тиімді географиялық орналасуы.

Мүмкіншілік:

Көмірсутектер шикізатың іздеу жұмыстарын ұйымдастыру-3500 м терендікте параметрлік сүйеніш скважинасын бұрғылау;

жел энергиясын пайдалану арқылы энергетикалық тәуелсіздікке жету;

заманға сәйкес туристік инфрақұрылымды дамыту,оның ішінде зиарат туризмді дамыту.


2 бағыт: Әлеуметтік даму

Білім саласы

Аймақтың білім жүйесі Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына басымдық беру есебімен дамып келеді және аймақтың экономикалық тұрақты өсуі үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Мектепке дейінгі білім беру

2015 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметтерге сәйкес мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің саны - 45 (оның ішінде балабақшалар - 25, шағын орталықтар - 20). Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің саны 3 жыл ішінде 9,7 ℅-ға ұлғайды. ( 2012 жылы - 41).

3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету 2012 жылмен (75,9%) салыстырғанда 18,7% ұлғайып, 94,6 ℅-ды құрады. 2014 жылдың қорытындысы бойынша 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 60,9℅-ды құрап отыр (ҚР бойынша орташа 52,3℅, облыс бойынша 49,5℅,).

11-Кесте. Қармақшы ауданы бойынша 2014 жылы 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтылуы.


Аудан

Барлығы

МДҰ


3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар саны

МДҰ-дағы 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар саны

Қамтылуы %

1 жастан 6 жасқа дейінгі кезекте тұрған балалар саны

Қармақшы ауданы

45

2996

2835

94,6

613

2014 жылдың қорытындысы бойынша мектепке дейінгі білім беру мекемелеріндегі жоғары және бірінші санатты педагогтардың үлесі төмен - 13,2℅ құрап отыр. Бұл ретте Қармақшы аудандарында бұл көрсеткіш 20℅-ға жоғары,

Жалпы орта білім

2014-2015 оқу жылындағы 22 жалпы орта білім беретін мектеп, 1 орталау мектеп, 3 мектептен тыс жұмыс жасайды. Оқушылар саны – 8743.

2015 жылдан бастап Байқоңыр қаласының қазақ тілінде оқытылатын білім беру ұйымдарын Ресей тарапынан Қазақстан Республикасының юрисдикциясына берілді.

Осыған сәйкес Байқоңыр қаласының 5 орта, 1 бастауыш және 1 балабақша қазіргі таңда 2015-2016 оқу жылынан бастап Қазақстан республикасының Білім стандартымен білім алуда. 6 мектепте 214 сынып,4755 оқушы, 463 мұғалім,152 әкімшілік қызметшілер мен 175 техникалық қызметшілер жұмыс жасауда.
12- Кесте. Қармақшы ауданы бойынша аймақтағы күндізгі білім беретін мектептер желісі (2014 жыл)


Аудан

Барлық мектептер

Оның ішінде қалалық/ ауылдық

Электронды оқыту жүйесі енгізілгені

Жаңа үлгідегі пән кабинеттерімен қамтамасыз етілуі

физика

химия

биология

Қармақшы ауданы

24

0/24

5

5

10

9

Аудан бойынша жалпы білім беретін Көмекбаев елді мекеніндегі №185 орта мектептің 22 оқушысы, Жосалы кенті № 250 мектеп-лицей, Төретам кентінде №80, №269 Ақай ауылындағы № 99 орта мектептерден 465 оқушы күнделікті тасымалмен қамтамасыз етілген.1-2 сынып оқушылары және аз қамтылған отбасылардың балалары (1998 оқушы) 100%-ға тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.

Орта білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы пән кабинеттерінің жаңа үлгіде жабдықталуын, мектептің компьютер сыныптарын жаңартуды, электронды оқыту жүйесін ендіруді қажет етеді. Интернет желісінің 4 Мбит/с және одан да жоғары жылдамдыққа жұмыс істеуі үшін құнын төмендету және ауылдық елді мекендерде байланыс желілерінің қолжетімділігін арттыру күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі болып қала берді.

Қазіргі таңда білім мекемелерінде 1836 мұғалім жұмыс жасайды. Оның ішінде 99 жоғары, 714 бірінші санатты, 440 мұғалім екінші санатты, 584 санатсыз мұғалімдер. Олардың 1671 жоғары білімді, 165 арнаулы орта білімді мұғалімдер.

Ауданда 22 мектептің 427 бітірушісінің 265-і ҰБТ-ге қатысты.ауданның орташа баллы 83,1 болды.

2013-2014 жылдың оқу жылында барлығы 451 мектеп бітірушілердің 124-і мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ЖОО-на түсті, немесе бітірушілердің 27,5 пайызын құрады.

2014-2015 жылдың оқу жылында барлығы 427 мектеп бітірушілердің 141-і мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ЖОО-на түсті, немесе бітірушілердің 33,0 пайызын құрады.

Өткен жылмен салыстырғанда 2014-2015 оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша ЖОО-на түскендер саны 13,7 пайызға өскен.


13-Кесте. Қармақшы ауданы бойынша 2014 жыл бойынша инклюзивтік білім берумен қамтылу, адам


Аудан/қала

Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың саны

Мектептерде оқитын балалар саны

Жалпы санының пайыздық көрсеткіші

Қармақшы ауданы

428

166

38,8

Кәсіптік-техникалық білім беру.

2014 жылдың қорытындысы бойынша аймақтағы ТжКБ ұйымдарының желісіне 1 ұйым енген, оларда 360 студент 5 арнайы мамандық бойынша білім алуда.

Қазіргі таңда, ТжКБ ұйымдарының материалды-техникалық базасын жаңарту қажеттілігі туындап отыр (2011 жылы Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданғанға дейін Қазақстандағы ТжКБ жүйесінің жаңартылуына мемлекеттік бюджеттен бұл салаға қаржы қарастырылмады және аймақтағы осы саланың инвестицияланбауының бірден-бір себебі осы болып табылады).


14-Кесте. Қармақшы ауданы бойынша аймақтардағы ТжКБ-ның капиталдық инвестициялық қажеттілігі (2014ж), бірлік


Аудан/қала

Жатақхана қажет етеді

Күрделі жөндеуді қажет етеді

Қармақшы ауданы

1

1

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қажеттіліктерін талдау негізінде және индустриялық-инновациялық жобаларды жүзеге асыру бойынша облыс көлемінде кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарын кәсіби бағдарлау жұмыстары жүргізілуде.

Оқу үдерісіне дуалды оқыту технологиясының элементтерін ендіру жұмыстары жүргізілуде. Оның ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етілуі қарастырылуда. Қармақшы аграрлық-техникалық колледжінде 1504000-«Ферма шаруашылығы» мамандығы, 1504092- «Электрожабдықтарға қызмет көрсетуші электромонтер» біліктілігіне дуалды оқыту технологиясын ендіру 2016-2017 оқу жылына қарастырылып отыр.

ТжКБ жүйесіндегі жекелеген көрсеткіштерді талдау барысы кадрлардың сапалық құрамында кемшіліктердің бар екенін көрсетеді, сондай-ақ білім алмайтын және жұмыссыз жастардың үлесі республикалық орташа деңгеймен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.


15-Кесте. 2012-2014 жылдар аралығындағы Қармақшы ауданы бойынша ТжКБ жүйесінің жеке көрсеткіштері


Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

ҚР бойынша орташа алғанда

(2014 ж.)



Оқу жылын аяқтағаннан кейінгі алғашқы жылдағы ТжКБ түлектерінің жұмысқа орналасудағы үлесі, оның ішінде:

-ауыл


-қала

%

61,7

60,9


61,2

62,3

61,7


61,9

68,0

66,5


67,8

68,0

ТжКБ ұйымдарындағы І және жоғары категориялы оқытушылардың үлесі

%

31,2

39,8

40,5

40,5

Электронды оқыту жүйесін пайдаланатын ТжКБ ұйымдарының үлесі

%

8,5

11,3

15,4

15,0

Жастардың (14-24 жас) техникалық және кәсіптік білім мен қамтамасыз етілу үлесі

%

17,0

17,0

18,0

18,0

SWOT-саланың ағымдағы ахуалын талдау:



Күшті жақтары (S):

Әлсіз жақтары (W):

1. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз етілуі пайызы (94,6%) жоғары;

2. 2013 жылы аймақта 3 аусымды оқыту жойылды;

3. 2014 жылы ҰБТ-ның орташа балы 2012 жылмен салыстырғанда 18,2% жоғарылады. 2015 жылы ҰБТ-ның орташа балы аймақта 83,1 балды құрады (облыс бойынша – 81,7%), облыс бойынша 2 орында;

5. Білім саласына бюджеттен бөлінген қаржы жыл сайын өсуде;





1. 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға арналған бөбекжай топтарының жетіспеушілігі (1 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың қамтылуы - 60,9%);

2. 2014 жылы аудандағы 1 мектеп апаттық жағдайда деп танылды ;

3. Білім беру ұйымдарының материалдық базасының және техникалық қамтамасыз етілуінің төмендігі;

4. Білім саласындағы қызметкерлердің біліктілік деңгейінің төмендігі (2014 жылы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарындағы жоғары және І санатты педагогтардың үлесі – 13,2%; ТжКБ – 39,2%; мектептерде – 48,6%);

5. ТжКБ жүйесін жатақханамен қамтамасыз етудің төмендігі;

6. ТжКБ жүйесінде ауылдық оқытудың өз деңгейінде дамымауы



Мүмкіндіктер (O):

Қауіптер (T):

1. Дүниежүзілік банктердің және Еуропа қайта құру даму банкісінің бағдарламасы негізінде инженер педагогтардың біліктілігін арттыру;

2. ТжКБұйымдарын басқаруда шетелдік тәжірибе негізінде корпоротивтік басқару жүйесін ендіру.



1. Техникалық және аграрлық білімі бар мамандардың тапшылығы;

2. Кең жолақты интернетке қолжетімділік құнының жоғарылығы.


Саланың негізгі мәселелері:

Білім саласы аймақтағы бәсекелестіктің негізі болып табылады. 2011-2015 жылдар аралығында аудан біршама жетістіктерге қол жеткізді: 3 аусымдық мектептердің мәселесі шешілді, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз етілуі 100 пайызға жуықтады, білім сапасы көтеріліп келеді. Білім саласында шешуін таппаған мәселелер де бар:

Мектепке дейінгі білім беруде:

1 жастан 3 жасқа дейінгі балалар топтарының жетіспеушілігі;

Жоғары білікті кадрлардың тапшылығы;

Аудан мен қалада кадрмен қамтамасыз етілудің тепе-теңдігінің сақталмауы.

Жалпы орта білім:

Апаттық жағдайдағы 1 мектептің болуы;

Кадрмен қамтамасыз етілу деңгейінің төмендігі, әсіресе ауылдық елді мекендерде;

Мектептерде материалдық-техникалық базаның төмендігі;

Кеңжолақты интернетке қол жеткізудегі қиындықтар;

Ауданда инклюзивті білім берумен қамтылудың төмендігі, тәртіп бойынша 3 мектептің бірі инклюзивті білім беру стандартына жауап беруі қажет;

Мүмкіндіктері шектеулі балалармен жұмыс істейтін кадрдың тапшылығы;

мектептің түлектерінің орналасуы, еңбекпен қамтылуы;

ТжКБ жүйесінде:



Колледждің материалдық-техникалық базасының төмендігі; 

ТжКБ қызметкерлерінің біліктілік деңгейінің төмендігі;

ТжКБ жүйесінде жатақхананың жетіспеуі;

ТжКБ жүйесінде дуалдық оқытудың өз деңгейінде дамымауы,колледждердің 25% ғана дуалдық оқытуды жүзеге асырады.


Жастар саясаты

Қармақшы ауданында 14 пен 29 жас аралығында 15 198 азамат тіркелген, ауыл жастары. Жастар өңірдегі жалпы халықтың 28,2 % құрайды.


16-Кесте. Қармақшы ауданы бойынша 2015 жылдың 1 қаңтарына



Атауы


Халық саны

(адам)


14-29 жас аралығындағы жастардың жалпы халық санынан үлесі(%)

барлығы

Оның ішінде:14-29 жастар саны

6

Қармақшы ауданы

53840

15 198

28,2 %
Қармақшы ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы аясында мемлекеттік жастар саясаты тиімділігін арттыру мақсатында атқарылған шаралар нәтижесінде 2014 жылы «14-29 жас аралығындағы халықтың мемлекеттік жастар саясатына қатысты қанағаттанарлық деңгейі» - 78 %. Әлеуметтік сауалнама мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде «Регион Юг-Запад» қоғамдық бірлестігімен жүргізілді.

Аталған «Жол картасы» аясында облыс әкімдігінің 2013 жылғы 12 қарашадағы № 352 қаулысына сәйкес жастармен адресті жұмысты күшейту және оларға әлеуметтік-құқықтық кеңестер беру жұмыстарын үйлестіру мақсатында «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылып, ауданда бөлімше негізінде ашылып, жұмыс жасауда. Жастар ресурстық орталығының қызметі жастардың өзін-өзі дамытуына және әлеуметтенуіне жағдай жасауға бағытталған.

Қазіргі таңда Қармақшы ауданында мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда 2 жастар қоғамдық бірлестігі жұмыс жасайды. Олар «Қармақшы Жастары» және «Қорқыт елі-Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестіктері.

«Жастар арасында діни экстремизм көріністерінің алдын алу» жобасы бойынша «Қармақшы Жастары» жастар қоғамдық бірлестігі «Дін және жастар», «Ата-анаға құрмет» тақырыптарында 11 кездесу, 7 дөңгелек үстел отырысын өткізді. Кездесулер барысында жастар ұйымы тарапынан әзірленген «Тұрғындар арасында діни экстремизм көріністерінің алдын алу» атты ақпараттық кітапшалар қатысушыларға ұсынылды.

«Жастар саясаты саласындағы іс-шараларды іске асыру» жобасы бойынша «Қорқыт елі-Қармақшы» жастар қоғамдық бірлестігі 3 акция, 3 КТК сайысын, 8 спорттық сайыс, 4 шығарма байқауын, 5 дөңгелек үстел отырысын ұйымдастырды.

Жыл сайын үкіметтік емес ұйымдардың саны мен белсенділігінің артуына орай, жастарға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс көлемінің ұлғаюына өз септігін тигізіп отыр. Бүгінгі таңда аудан көлемінде белсенді 17 үкiметтiк емес ұйым түрлі мақсатты шараларды жүзеге асыруда.

SWOT-саланың ағымдағы ахуалын талдау:



Күшті жақтары (S)

Әлсіз тұстары (W)

1.Жастар саясаты институционалды қамтамасыз етілген;

2.Аудан әкімдері жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес қызмет атқарады;

3. Облыстық ішкі саясат басқармасының жанындағы «Жастар ресурстық орталығы» КММ бөлімшесі жұмыс жасауы;

4.Ауданға қарасты ауылдық округтердегі жастармен жұмыс жасайтын мамандардың жұмыс жасауы;

5.Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға бөлінетін қаржы деңгейінің артуы;

6.Жастармен адресті жұмысты жүргізу үшін түрлі бағыттағы әлеуметтік жобалардың жүзеге асырылуы;

7. Жастар ұйымдарының белсенділігінің артуы.


1.Білікті мамандардың жетіспеушілігі;

2.Аудан деңгейінде жұмыс жасайтын жастар ұйымдарының теңгерімсіздігі;



Мүмкіндіктер (О)

Қауіптер (Т)

  1. Жастармен адресті жұмыс жүргізу;

  2. Жергілікті деңгейде мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету

Дәстүрлі емес діни ұйымдардың жастар арасында таралуы

Саланың негізгі мәселелер:

Мемлекеттік жастар саясаты бойынша ведомствоаралық және салааралық өзара байланыстың әлсіздігі;

Жастар саясатының ақпарат және мамандармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі;

Жастардың халықаралық тәжірибе алмасуларының әлсіз дамуы.

Өңірімізде мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылуына


Денсаулық сақтау

Ауданда Саламатты Қазақстан мемелкеттік бағдарламасын іске асырудың нәтижесінде сонымен қатар денсаулық сақтау ұйымдары мен басқару органдарының қызметінде кейбір көрсеткіштерке қол жеткізді. Қармақшы ауданы бойынша халықтың өмір сүруі ұзақтығы 71 жасқа өскен 2011 жылы 66 жас ал 2014 жылы (Облыс бойынша -69 жас).

Қармақшы ауданы бойынша 2015 жылы 1 қаңтарына халық саны 53,8 мың адамды құрады және 2013 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда (52,7 мың адам) 102,1 пайызға өскен. Бұл көрсеткіш сонымен қатар ауданда туу көрсеткішімен байланысты: 2012 жылы 1000 адамға шаққанда 24,8 дан 2014 жылы 1000 адамға шаққанда 25,0- ға дейін өскен немесе 0,8 пайыз.

Аудан бойынша өлім жетім деңгейі 2014 жылы (1000 тұрғынға шаққанда) 6,19 құрады, облыс бойынша орташа көрсеткіш -6,10. Өлімнің басты себептерінің бірі қан қан айналым жүйесі аурулары болып табылады.


17-Кесте. Қармақшы ауданы бойынша 2012-2014 жылдары 1000 туылғанға өлім жетім деңгейі

Аудан

Өлу көрсеткіші

Сәби өлімі

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

Қызылорда облысы

6,57

6,01

6,10

18,75

14,37

12,01

Қармақшы ауданы

7,27

6,42

6,35

23,05

18,32

14,05

Сәби өлімі 1000 тірі туылғанға тұрақсыз 9,0 дан 14,0 дейін. Аудандар ішінде ең жоғары көрсеткіш Қармақшы ауданы болып отыр.

Ауданда ана мен бала өлімін азайту үшін шұғыл шешім қабылдайтын өңірлік штаб жұмыс жасайды. Сонымен қатар антенатальды тууға дайындау және нәрестелерге реанимациялық көмек көрсетуде мамандарды оқытуға республикалық және халықаралық тренерлер мен ұстаздарды шақырту жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Тұрақты түрде критикалық жағдайдағы жүкті әйелдерге, туған әйелдер және 14 жасқа дейінгі балалардың үздіксіз мониторингі жүргізілуде. Нәрестелерді, жүкті әйелдерді скринингтік зертеулерден бөлек, 2011 жылы бірінші рет қант диабеті мен артериалды гипертензия ауруын анықтау да скринингтік зерттеулер жүргізілуде. Әйелдердегі сүт безі кінараттарын ерте сатыда анықтау мақсатында жылжымалы мамограф алынып тексеру жұмыстары жалғасуда. Осындай жаңалықтардың арқасында сапалы және қол жетімді медициналық қызметтер көрсету жақсара түсті, қатерлі ісік ауруларының асқынған сатыда анықталуы бәсеңсіді.

Соңғы 3 жылда аудан бойынша ана өлімі болған жоқ.

Қармақшы ауданы бойынша халықтың жалпы өлім құрылымында көп жылдар бойы қан айналым жүйесі ауруы бірінші орынды алса, ал екінші орынды қатерлі ісік ауруы, үшінші орынды тыныс алу мүшесінің ауруы құрап отыр.

Ауруларды ерте анықтау, алдын алу мақсатында тұрғындардың мақсатталған топтарына скринингтік зертеу шаралары жыл сайын өткізілуде.

Аудан бойынша 3 аурухана, аудандық емхана, 1 селолық емхана, 9 дәрігерлік амбулатория, 2 ФАП, 6 медициналық пункт жұмыс жасайды.

Аудан тұрғындарына медициналық қызмет көрсететін медицина қызметкерлерінен дәрігерлер – 92, орта медициналық қызметкерлер саны 439.

Ауданның әрбір 10000 тұрғынға шаққанда дәрігерлер қамтылуы 17,1 болса, орта буын медицина қызметкерлері 81,6.

Тұрғындардың денсаулығын жақсарту мақсатында 2013-2014 жылдарға арналған денсаулық сақтау «Жол картасы» бекітілді. «Жол картасы» бағдарламасы ана мен бала өлімі, онкологиялық аурушаңдық, жүрек қан айналым аурушаңдығы және туберкулез аурушаңдығы мәселелерінің шешуде нақты іс-шаралар жоспары қамтылған.

Саладағы қабылданған жүйелік шаралар аясында ауданда туберкулездің негізгі эпидемиологиялық көрсеткіштері тұрақтануы байқалады. Дегенмен, ауданда туберкулездің аурушаңдық көрсеткіші 2012 жылы 100 мың халыққа шаққанда 55,1-ден 2014 жылы 100 мың халыққа шаққанда 48,3-ке немесе 12,4%-ға төмендеген.

Туберкулез аурушаңдығының жоғары деңгейде қалуының негізгі факторларына- облыс халқының санитарлық мәдениетінің төмендігі, әрі кеш анықталуына байланысты болып отыр.

Қармақшы аудандық туберкулезге қарсы күрес диспансерлері туберкулездің созылмалы түрімен ауыратын науқастарды емдеуге қайта жасалған (перепрофилирован).

Қай айналым жүйесінің аурулары жылдан жылға өсе түсуде.2014 жылы аурушаңдық көрсеткіші 10 мың тұрғынға шаққанда 821,3 болса, ал 2015 жылдың осы мезгілінде 903,9 өсуде. Қай айналым жүйесінің ауруларының өсуінен тұрғындар арасында осы аурудан қайтыс болғандар саны 2014 жылы 42 болса,ал 2015 жылдың салыстырмалы уақытында қайтыс болғандар саны 75-ге дейін көтерілген.

Облыстың қатерлі ісік аурушаңдығы мен өлім жетім көрсеткіштерін салыстырғанда ең жоғарғы көрсеткіш Қармақшы (195,1 және 127,6). Өсудің негізгі себебі науқастардың асқынған сатысында қаралуы болып табылады.

Амбулаторлық деңгейде тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде аудан халқын тегін дәрілік заттармен қамтамассыз ету мақсатында 2014 жылы дәрілік заттарды қажет ететін тұрғындардың 100% қамтылды.

Аудандық денсаулық сақтау саласында әсіресе елді мекен тұрғындарына сапалы медициналық көмек көрсетуде жоғары білімді маман дәрігерлерінің тапшылығы сезілуде.

Салауатты өмір салтын насихаттау барысында темекі шегудің алдын алу заңдылықтарын сақтап және әлеуметтік маңызы бар аурулардың алдын алу мақсатында белсенді ақпаратты-коммуникациялық жұмыстар жүргізілуде және барлық қазақстандық қоғамдастықты салауатты өмір салтын қалыптастыруға тарту секторларының қарым-қатынасын жақсарту жұмысы қолға алынды.


Денсаулық сақтау саласының SWOT- анализі

Басым бағыты (S)

Әлсіз бағыты (W)

1. Халықтың өмір сүру ұзақтығының жоғары болуы (орта республикалық көрсеткіштен жоғары);

2. демографиялық көрсеткіштердің жақсаруы: нәресте өлім-жітімінің төмендеуі, орта республикалық деңгейден төмен болуы, туу көрсеткішінің жоғарылауы;

3. халыққа медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде түрлері бойынша жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетілуінің қолжетімділігінің жақсаруы;

4. аудандардар бойынша АИТВ инфекциясының аз тіркелуі.



1. халық денсаулығына аймақтағы экологиялық жағдайлардың әсері;

2. медициналық кадр жетіспеушілігі және біліктілік деңгейінің төмен болуы;

3. әлеуметтік маңызы бар аурулар деңгейінің жоғарылауы;

4. туберкулездің аурушаңдық көрсеткіші жоғары деңгейде болуы ;

5.медициналық көмек сапасының төмен болуы;

6. денсаулық сақтау ұйымдарының жабдықталу деңгейінің жеткіліксіздігі.




Мүмкіндіктер (О)

Қауіптер (Т)

  1. денсаулық саласында, оның ішінде ауылдық елді мекендерде жоғары квалификациялы мамандарды тарту арқылы сала қызметінің сапасын жақсарту;

  2. аурушаңдық деңгейін азайту мақсатында аймақтың экологиялық жағдайын жақсарту;

  3. көрсететін медициналық қызметтің сапасын жақсарту, денсаулық сақтау мекемелерін жарақтандыруын жоғарылату үшін денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды кеңейту.

1. денсаулық сақтау ұйымдарының материалды-техникалық базасын төмендігі мен дәрігерлік кадр тапшылығының деңгейінен халыққа медициналық қызметтің толық емес және сапасыз көрсетілуі;

2. экологиялық жағдайдың нашарлауы әлеуметтік маңызы бар аурулар деңгейінің жоғарылауына әкелуі;



Саланың негізгі мәселелері:

Ауданда халықты денсаулығын қорғау саласы бойынша белсенде тенденциялар байқалады: халықтың өлім жетімінің төмендеуі байқалады, демографиялық көрсеткіштерінің жақсаруы, халыққа көрсетілетін медициналық қызмет түрлерінің сапасы мен қолжетімділігі. Сонымен қатар, көкейкесті мәселелері болып:

халықтың денсаулық жағдайына әсер ететін аймақтың экологиялық жағдайының қолайсыздығы;

халықтың әлеуметтік маңызы бар аурумен әсіресе туберкулезбен ауыратын жоғары деңгейдегі аурушаңдық;

көрсетілетін медициналық қызмет сапасының жеткіліксіздігі;

кадрлық сұрақтардың шешімін таппағандағы (медициналық кадрлар біліктілігі деңгейінің жеткіліксіздігі мен тапшылығы);

денсаулық сақтау ұйымдарында материалды-техникалық жабдықтау деңгейінің жеткіліксіздігі;

Халықтың өз денсаулығына деген жауапкершілігінің төмендігі.
Еңбек және әлеуметтік қорғау

Аудан бойынша белсенді халық саны 66,9 пайызды құрады.

2014 жылы бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 69 512 теңгені құрады және 2012 жылмен салыстырғанда 3,0% -ға өсті. Нақты жалақы индексі 94,7 пайызды құрады. Ең жоғарғы еңбеккақы шамасы өнеркәсіпте - 72275 теңге, ең төменгі еңбеккақы шамасы ауылшаруашылығында (43497теңге) белгіленген.

18-кесте. Қармақшы ауданы бойынша 2012-2014 жылдардағы орташа айлық жалақы көрсеткіштерінің динамикасы, теңге




Аудан атауы

2012 ж.

2013 ж.

2014 ж.

Қармақшы ауданы

67 465

68 814

69 512

19-кесте. Қармақшы ауданы бойынша 2014 жыл әлеуметтік және еңбек нарығының негізгі көрсеткіштері.




Көрсеткіштер

Белсенді халық коэффициенті,

%


Жұмыссыздар деңгейі, %

Жұмыссыздар деңгейі

(15-28 жас аралығы), %



Орташа айлық атаулы жалақысы, теңге

Қармақшы ауданы

66.9

5.3

5.5

69840

Аудан бойынша 2014 жылы экономикалық белсенді халық саны 25,2 мың адамды құрады (жалпы халық санының 46,8 %, облыс бойынша бұл көрсеткіш 43,5 %). Аудан экономикасындағы құбылыстарына байланысты экономикалық белсенді халық саны 2012 жылы 29,5 мың адамнан (6,2 %) 2014 жылы 25,2 мың адамға дейін төмендеді. Сонымен бірге өңірде 23,9 мың адам жұмыспен қамтылған, яғни 2012 жылғы деңгеймен салыстырғанда 9,0 % төмен (23,9 мың адам). 2014 жылы облыстың экономикалық белсенді халық санының деңгейі 44,4 % құрады, бұл облыс көрсеткішке қарағанда (51,1 %).


20-кесте. Қармақшы ауданы бойынша экономикалық белсенді және жұмыспен қамтылған халық саны, мың адам





2012ж.

2013ж.

2014ж.

2015 жылдың 2 тоқсаны

Экономикалық белсенді халық

29,5

29,5

25,2

24,8

Жұмыспен қамтылған халық

27,7

27,7

23,9

23,6

2012-2014 жылдары өзін-өзі жұмыспен қамтылғандардың саны 11,5% төмендеген немесе 2012 жылы 8,5 мың адамнан 2014 жылы 10,1 мың адамға дейін. 2014 жылы өзін-өзі жұмыспен қамтылғандардың үлесі 40,2% құрады (2012 жылы 28,7%),


21-кесте. 2014 жылы Қармақшы ауданы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар саны, адам


№р/с

Аудан/қала атауы

2014 жылы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, адам

Барлығы

оның ішінде:

өнімді

өнімсіз

1

Қармақшы ауданы

10 121

5 803

4 318

Статистикалық мәліметтерге сәйкес 2014 жылы экономикалық белсенді халықтың 5,3 пайызын жұмыссыздар құрайды.


22-кесте. Қармақшы ауданы бойынша 2014 жылғы жұмыссыздық деңгейі




Аудан/қала

Жұмыссыздық деңгейі, %

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі

(15-28 жас), %



қала

аудан

қала

аудан

1

Қармақшы ауданы

-

5,3

-

5,5

Жұмыссыздар арасындағы көп үлесті кәсіби-мамандандырылған орта білімі бар азаматтар құрап отыр: ұзақ уақыт жұмыс істемейтіндер; мамандығы жоқ жұмысшылар; жұмыс өтілі 1 жылдан кем емес; тәжірибесі жоқ жастар. Жұмыссыздардың басым бөлігін әйелдер құрайды.

2011 жылдан бері Елбасының тапсырмасына сәйкес «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы іске асырылуда.

Бағдарламаның бірінші бағыты «инфрақұрылымдар мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтамасыз ету» барысында бөлінген қаржы – 751,2 млн. теңге, жұмысқа орналасқаны 52 адам.

Екінші бағыт бойынша «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамытуға» 781,3 млн теңге қаралған, кәсіпкерлік негізідері бойынша 192 адам оқу курсынан өтіп, 379 адам шағын несие алды, 110 жұмыс орны құрылды.

2015 жылы шағын несиелендіруге 252,5 млн.теңге бөлініп, 100 бағдарлама қатысушысына 206,5 млн.теңге таратылды.

Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшінші бағыт аясында: 1040 адам оқуды бітірді. Оқуды бітіргендердің ішінен жұмысқа орналасқаны 509 адам, соның ішінде 428-і тұрақты жұмыс, 22-і әлеуметтік жұмыс орындары, 54-і жастар тәжірибесіне жолданды.

Жұмыспен қамту қызметі арқылы 2012-2014 жылдар аралығында 2624 адам немесе жалпы хабарласқандардың 34,3 пайызы жұмыспен қамтылды. (2012 ж. – 2550 адам, 2013 ж.-2441 адам, 2014 ж. -2660 адам), оның ішінен 2552 адам (2012 ж. -858 адам, 2013 ж. – 891 адам, 2014 ж. - 803 адам) қоғамдық жұмыстарға жолданған.


23-кесте. Қармақшы ауданы бойынша аудандар бөлінісінде жұмысқа орналасқандардың саны туралы ақпарат (2014 ж.)




Аудан/қала

Хабарласқандар саны, адам

Жұмысқа орналасқандар саны, адам

Жұмысқа орналасқандардың үлесі

%


1

Қармақшы ауданы

4 820

2 072

43,0

«Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасының барлық бағыттарын пайдалану арқылы, жұмыссыздық деңгейі 2012 жылы 6,2 пайыздан 2014 жылы 5,3 пайызға дейін төмендеп, оның ішінде жастар жұмыссыздығы 8,5 пайыздан 5,5 пайызға азайған. 2012-2014 жылдар аралығында жұмысқа орналасқан мүгедектер саны 69 адам, жұмыспен қамту орталықтарына хабарласқан мүгедектер саны 37,9 пайыз.

Сонымен қатар, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында соңғы 4 жылда 24 инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, бірінші бағыт бойынша 52 жұмыс орындары құрылды. Бағдарламаны іске асыру барысында барлығы 2930 адам жұмысқа орналастырылып, әлеуметтік жұмыс орындарына - 791, 412 - жастар тәжірибесі арқылы жұмысқа орналасты.

Жыл сайын жұмыспен қамту органдары еңбек нарығының сұранысын анықтайды. Жүргізілген талдаудың нәтижесінде еңбек нарығында техникалық және жұмысшы мамандықтарына қажеттілік байқалады.

2015-2017 жылдарға қалыптасқан еңбек ресурстарының баланс болжамы жұмыс күшінің қажеттілігіне әлеуетті ұсыныс бағамының теңгерімін анықтады.

Аудан бойынша 2014 жылы 7882 аз қамтамасыз етілген азаматтарға 216,0 млн. теңгеге әлеуметтік көмек және балалар жәрдемақысы төленді, атап айтқанда:

атаулы әлеуметтік көмек - 332 азаматтарға 6989,0 мың теңгеге (ауылдық жерде - 240 адам);

18 жасқа дейінгі балаларға арналған жәрдемақы – 5531 балаға 86391,2 мың теңгеге (ауылдық жерде - 4478 бала);

тұрғын үй көмегі - 2019 отбасына 122640,9 мың теңгеге (ауылдық жерде - 856 отбасы).

2012 жылмен салыстырғанды атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны 64,9% (615 адамға) азайды. Бұл «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы аясында жүргізілген іс шараларға байланысты. Құрылған жаңа және маусымдық жұмыс орындарына бірінші кезекте атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы жұмыссыздар тартылады. Атаулы әлеуметтік көмек алушылар қатарындағы жұмысқа жарамдылардың үлесі (29,2%) республикалық көрсеткіштен (30,8%) 1,6 п.к. төмен.

Әлеуметтік көмек алатын отбасының бейнесі - бұл табысы кедейлік шегінен төмен, көп балалы (4 және одан жоғары), толық емес отбасылар.

Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандартына сәйкес өзіне қызмет көрсете алмайтын егде жастағы қарттарға, психикалық ауытқуы бар 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға 18 жастан асқан мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтердің 8 түрі бойынша қызметтер көрсетілуде. Күндізгі оңалту орталығы арқылы 20 бала қызмет алуда.

Саланы дамыту бойыншаSWOT-талдау:

Күшті жақтары(S):

Әлсіз тұстары(W):

1. Жұмыссыздық деңгейі аудан бойынша (5,3%), облыс бойынша бойынша (5,0%)

2. Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үлесі 27,1% , ҚР бойынша төмен.(29,5%)

3. Мүгедектердің денсаулық сапасын жақсарту және оңалту шараларын жүргізу үшін жаңа технологиялармен қамтылған мүгедектерді оңалту орталығы жұмыс істейді;

4. Үкіметтік емес ұйымдар психоневрологиялық ауытқулары бар және тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға күндізгі болу бөлімшелерінде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетеді;

5. Мүгедектердің объектілерге кіру және өмірлік іс-әрекетінде барлық салалар бойынша қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз ету мәселелерін шешу (арнаулы жол белгілері, жаяужүргінші жолдары, пандустар және т.б.);

6. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жеке ісін ашу үшін мүмкіндіктер мен жағдайлар жасалуда;

7. Медициналық әлеуметтік мекемелер (МӘМ) мүгедектердің денсаулығын жақсарту, мүгедектік топтарын төмендетуге ықпал жасау үшін заманауи жаңа технологиялармен қамтылған.


1. Аудан бойынша жастар арасында жұмыссыздық деңгейі жоғары-5,5%, облыс бойынша- 5,1%;

3. Еңбек нарығында шиеленіс өспейді, бірақ теңсіздік бар, сұраныс 1 жұмыс орнына 4-5 жұмыссыздан келіп отыр.

4. Ауылдық жерлерде білікті кадрлардың жетіспеушілігі.

5. Ауданда (ауылдық округтерде) кәсіпкерлікті дамыту Карталарының және сәйкесінше кәсіпкерлікті дамыту жүйесінің болмауы;

6. Шағын несие алушылардың кепілдік мүліктерінің болмауы;

7. Мүгедектер санының артуы, соның ішінде жүйке жүйесі бұзылған мүгедектер.  Нәтижесінде, стационарлық үлгідегі мекемелерде орын тапшылығы байқалады .



8.Мүгедектердіңқоғамға тиімді бірігуінің жоқтығы (медициналық көмек алудағы қиындықтар, жұмыспен қамту, білім беру, мәдени іс-шаралар, спорт, әлеуметтік, көлік және рекреациялық инфрақұрылым мүгедектердің қол жеткізуін алудағы қиындықтар)


Мүмкіндіктер (O):

Қауіп-қатерлер (T):

1.Шағын несие алуға сұраным жұмыссыз, өзін-өзі жұмыспен қамтыған және аз қамтамасыз етілген азаматтардан көптеп түсуде;

2. «Мүгедектерді оңалту орталығы» КММ-де орындардың көбеюуі;

3.Мүгедектердің әлеуметтік белсенділігінің артуы;

4. Село, қала/аудандар деңгейінде мүгедектерге көрсетілетін бірінші кезеңдегі оңалту шаралары.




1.Дағдарыс жағдайында кәсіпорындардың жабылуына байланысты жұмыссыздардың өсуі мүмкін

2.Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейінің артуы;

3. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік алушылар санының артуы;

4. Әлеуметтік оңалту ұйымдарына сұраныстың артуына байланысты қосымша қаржыландыру көздерінің болмауы;

5. Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың әрекетсіздігі;

6. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданыстағы көмек түрлерінің орнына, отбасының жұмысқа жарамды мүшелерінің жұмыспен қамтудың белсенді шараларына міндетті түрде қатысу шартымен жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің енгізілуіне байланысты болуы мүмкін қауіптер.



Еңбек және жұмыспен қамту саласындағы негізгі проблемалары:

Ауданда жан басына шаққандағы ақшалай табыстардың төмен деңгейі;

белгілі бір мамандықтар мен біліктілігі бар кадрлар тапшылығының өсуіне байланысты еңбек нарығындағы құрылымдық сәйкессіздіктердің күшеюі;

жұмыс күшіне сұраныс жеткілікті болғанымен ұсыныстың болмауы (жұмысшы мамандықтарына бос орындардың тұрақты болуы);

ауданның экономикасының дамуына қажетті білікті және құзыретті тұлғалардың созылмалы тапшылығы, инновациялық секторды қосқанда, оның ішінде жоғары білікті мамандардың және жастардың біздің аймақтан өмір сүру деңгейі жоғары және инновациялық бағытта еңбек етуге жағдай жасалған басқа аймаққа кетуі;

еңбек және өндірістік тәртіпті бұзушылылар сақталған;

аумақтың экологиялық апат аймағына жатуы.

Әлеуметтік қамсыздандыру саласында:

Мүгедектер және басқа да санаттағы азаматтардың оңалтуда қажеттілігі өсіп келе жатқандығы(ең жоғары кезектілік психоневрологиялық интернаттарда);

мүмкіндігі шектеулі адамдарүшін қолжетімді ортаның болмауы.


Мәдениет

Қазіргі таңда аудан көлемінде 1 аудандық, 3 ауылдық мәдениет үйі, 11 ауылдық клуб үйі, 1 жыраулар үйі, 1 аудандық тарихи-өлкетану музейі, 18 кітапхана, барлығы 35 мекеме жұмыс жасайды.

Аудан халқынына мәдени қызмет көрсету деңгейін арттыру мақсатында мәдениет мекемелері мен нысандарын жаңарту, түрлі мәдени шараларды ұйымдастыру тұрақты жүргізіліп келеді.

Атап айтқанда: 2012 жылы 1 клуб, 2013 жылы 3 клуб, 2015 жылы 1 мұражай салынып, пайдалануға берілді.

2012 жылы мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге аудандық бюджеттен 70,0 млн. теңге қаржы бөлініп, бу қазандығы ғимараттан тысқары орналастырылып, ішкі беті қайта жаңғыртылып, шатыры жаңартылды. 2013 жылы 13843,0 мың теңгеге аудандық мәдениет үйінің ауласы және Төретам кенттік клуб үйінің ауласы абаттандырылып, көгалдандырылды. 2014 жылы Жаңажол, ІІІ-Интернационал ауылдарындағы мәдениет үйлері облыстық бюджеттен бөлінген 43,0 млн. теңгеге күрделі жөндеуден өткізілді.2015 жылы 24,5 млн теңгеге аудандық мәдениет үйінің қас бетіне және 47,0 млн теңгеге Ақтөбе ауылында мәдениет үйіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Шалғай елді мекендер тұрғындарына, егіс бригадаларына, малшы қауымға мәдени қызмет көрсету мақсатында облыстық бюджет есебінен ауданға дыбыстық және музыкалық аппаратпен толық жабдықталған «Зерде» автомобилі берілді.

2012-2014 жылдар аралығында аудандағы клуб мекемелерінде 2 548 мәдени шаралар өткізілді. Мәдениет мекемелеріне келушілер саны кестеде көрсетілген.
24 кесте. Қармақшы ауданы бойынша 1000 адамға шаққандағы мәдени мекемелерге келушілер саны


Көрсеткіштер

2012ж.

2013ж.

2014 ж.

Клуб мекемелері

2731

2563

2848

Кітапханалар

3378

3342

3293

Аудандағы қолжетімді кітапханаларда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды тәжірибеге енгізу қазіргі кездегі басымдықтың бірі болып саналады. 18 кітапхананың 27-і компьютермен жабдықталған, бұл 33 %-ды құрайды. Дүр Оңғар, Ақай ауылдық кітапханалары модельді кітапхана ретінде қайта ашылып жаңаша қызмет көрсете бастады.

Ауылдық кітапханалар әлі де техникалық модернизациялауды қажет етеді. Өңірдегі кітапханалардың негізгі көрсеткіштері 29 кестеде көрсетілген.
25- кесте. Қармақшы ауданы кітапханаларының негізгі көрсеткіштері


Көрсеткіштер

2012ж.

2013ж.

2014ж.

Ақпараттық ресурстар көлемі

(кітап қоры)



459617

4681189

476903

Қорды толықтыру (жаңа әдебиеттер түсімі)

8089

7998

8714

Оқырмандар саны

20917

20965

21012

Кітап берілімі

399485

399522

399617

Келушілер саны

175987

176127

176153

Компьютермен жабдықталған кітапханалар саны

16

19

21

Жаңа ақпараттық технологияларды енгізу:

компьютерлер саны



16

19

21

Электронды каталогқа енгізілген кітаптар саны

576

74234

80710

Ауданда мұражай қорында барлығы 462 дана жәдігер бар.

Аудан көлемінде 85 тарих және мәдениет ескерткіші мемлекет қорғауына алынған, оның ішінде 3-і республикалық, 51 – жергілікті маңызы бар. 31 ескерткіш алдын-ала есепке алынған.

Ауданда тарих және мәдениет ескерткіштерін жаңарту жұмыстары жалғасуда. Қармақшы ауданындағы Шірік-Рабат қалашығының қазба жұмыстары жалғастырылды. Шірік-Рабат қалашығынан табылған қазба байлықтары да облыстық мұражай қорына табысталды.


Сала дамуының SWOT-талдауы:

Күшті жақтары (S):

Әлсіз жақтары (W):

1.Мәдениет мекемелеріне келушілер деңгейін арттыру;

2.Өткізілген мәдени-көпшілік шараларды арттыру;

3.Мәдениет саласындағы қызмет көрсету сапасына халықтың қанағаттану деңгейін арттыру.


  1. Мәдениет мекемелері ғимараттарын жаңалауға деген тұрақты қажеттілік;

  2. Тарихи ескерткіштерге жататын мәдениет мекемелерінің қанағаттанарлықсыз жағдайы;

  3. Елді мекендердегі мәдениет мекемелерін техникалық жабдықтау деңгейінің төмендігі;

  4. Ауылдық кітапханаларда Интернет, компьютерлендіру дің жоқтығы.

Мүмкіндіктер (О):

Қауіптер (Т):

  1. Жаңа мәдениет объектілерін салу, мәдениет мекемелерін материалдық-техникалық жабдықтауды жақсарту;

  2. Мәдениет саласындағы көрсетілетін қызмет түрлеріне ақпараттық-коммуникативтік технологияларды тәжірибеге ендіру арқылы қызмет сапасын арттыру;

  3. Еліміздегі және шетелдегі мәдениет, тарихи ескерткіштерінің материалдық-техникалық базасын нығайту және ЮНЕСКО тізіміне енгізу арқылы танымалдығын арттыру.

  1. Мәдениет мекемелерінің жағдайының төмендеуіне, квалификацияланған мамандандырылған кадрлардың жетіспеуіне, сондай-ақ мәдени-демалыс қызмет түрлерінің жоқтығына байланысты облыс халқының мәдениет саласындағы қызмет сапасына қанағатануының төмендеуі.

Саланың негізгі проблемалары:

Аймақта соңғы жылдарда мәдениет саласындағы жұмыстар дамытылып келеді: мәдениет ошақтарында күрделі жөндеулер жүргізілді, жаңа мәдениет орындары салынып, іске қосылды, тұрақты түрде мәдениет қызметтері кеңеюде, мәдениет ошақтарының жұмыстарын электронды нұсқаға көшіру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар өзекті мәселелер де бар:

Мәдениет ғимараттарын жаңалаудың қажеттілігі (мәдениет үйлері, кітапханалар);

Аймақтағы тарихи-мәдени мұраларды сақтау мәселелері, тарихи ескерткіштерге жататын мәдениет обьектлерінің қаннағаттанарлықсыз жағдайы;

Мәдениет ошақтарының материалдық-техникалық жағдайларының төмен деңгейі, әсіресе ауылдық жерлерде (музыкалық аспаптардың, жаңа жабдықтардың, сахналық костюмдердің жеткіліксіздігі),

Ауыл кітапханаларында компьютер мен Интернеттің жеткіліксіздігі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет