Арнаулы бiлiмдендiру министрлiгi



Pdf көрінісі
бет15/88
Дата20.05.2022
өлшемі1.02 Mb.
#458416
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   88
синтаксис кітап

Өнер-білім бар жұрттар 
Тастан сарай салғызды (Ы. Алтынсарин). 
Болатын сұңқар ұшырып, 
Мұхиттан əрі асамыз. 
Қуаттан дария ағызып, 
Ерліктен ерлік туғызып 
Өрге өрлеп тасамыз (Жамбыл) 
Мұндай шығыс жалғаулы сөз тіркесін меңгеретін етістіктің жетегінде тура 
толықтауыш та болады. Сонда шығыс жалғаулы жанама толықтауыш тура 
толықтауышпен де мағыналық байланыста тұрады.
Мағлұматтың, əрекетінің шығу көзін білдіреді. Ондай сөз тіркестерін құрайтын 
етістіктер кісінің қабылдау əрекетін білдіретін сабақты етістіктер (алу, алдыру, білу, 
есту, оқу, үйрену, сұрау); кісіден есіту, кітаптан алу, үлкеннен үйрену, сөзінен білу , 
жолдасынан сүрап алу. 
Жүсіп оның жайын Күншіден сұрап білді(Мүсірепов). Жұмыскерлер Ереминнен 
естігенін айтты (М.Əуезов). 
3.Шығыс жалғаулы зат есімдер айрылу, құтылу, айғу, жазылу, қашу, тазарту, 
тазару, безу сияқты етістіктермен тіркесіп, бердеңеден арылу, құтылу мағанасында 
жұмсалады. Мысалы: арудан айығу, бəледен құтылу, жамандықтан қашу. 
4.Сан есім не болмаса сан есімнен анықтауышы бар зат есім шығыс жалғауда 
тұрып етістікпен тіркескенде, сөз тіркесі заттың сандық бөлшегіне даралаған мөлшерін 
білдіреді. Сегіз жүз жылқыдан бір тай қалмаған екен. Əрбір қонақтың сыртында 
екіден, үштен жастықтар жатыр (М.Əуезов). 
Пысықтауыштық қатынастағы етістікті сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары шығыс 
жалғау арқылы тіккелей етістікке не демеулер арқылы етістікке бағынады, мысалы: 
таудан асты, бір жылдан асты, аудан əрі асты, бір жылдан соң асты. Пысықтауыштық 
қатынастағы сөз тіркестері, негізінде, мынадай мағыналарда айтылады.
1.Көлемдік. Ондай сөз тіркестерінің көлемдік мағыналары істелетін істің
əйтеуір,бір басталу орнын көрсетуге негізденеді.Көбінесе олар қимыл процесінің 
орнын көрсетеді, мысалы: арбадан түсу, үйден шығу, терезеден кіру, тоғайдан өтіу. 
Көлемдік мағыналы сөз тіркестерінің енді бірқтары қимылдың басталу, болу орнын 
білдіреді, мысалы: каладан аттану, базардан қайту, осы арадан тарау. 
2.Мезгілдік. Бұл мағынада бағыныңқы сөз мезгіл мəнді жəне кісінің жас мөлшерін 
білдіретін есімдер болады дабасыңқы сөз көбінесе қабылдау мəнді етістіктер болады
мысалы: былтырдан білемін, жастайымнан түсінгенмін. 
3.Себеп-салдар. Бұл мағынада жұмсалатын сөз тіркесінің шығыс жалғауы сыңары 
есімше не қимылдық есім болады, мысалы: ұяалғаннан қызарды, түсінбегендіктен 
қателесті, 
үйықтап 
қалғандықтан 
кешікті.Жақып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет