туып кетуі де мүмкін. Əзімбай үшін əкесі Еркежанды алмай, Зейнеп, Торымбаланың
біріне тайқып түссе, онда баяғы үлкен 6йдің бұлар ырқына кеткені.
Бұл сөйлемдердің біріншісінде шартты рай бағыныңқы жай сөйлем баяндауышы
қызметін жеке тұрып атқарса екінші сөйлемде көсемше етітікке көмекші болып барып
атқарып тұр. Осыған байланысты ескерте кететін бір нəрсе,
көптеген сөйлемдерде
шартты бағыныңқының функциясын шартты райдан болған бір ғана баяндауыштың
атқарып тұратыны да болады. Мұндайлар əсіресе мақал, мəтелдерде жиірек кездеседі.
Мысалы: Бірлік болмай, тірлік болмас. Түбінде осы сөз бос сөз болып қалатын болса,
ол Əйгерімнің бағын байлауы мүмкін. Ақыл сынына салып сөйлессе,
ісінің теріс
шыгатынын жігіт өзі де түсінді.
Достарыңызбен бөлісу: