Арпалыс (Волоколамск тас жолы)



Pdf көрінісі
бет6/76
Дата08.09.2022
өлшемі3.49 Mb.
#460424
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
Арпалыс 1,2

ҚОРҚЫНЫШ 


17 
 «Қоянды қамыс ӛлтірер, 
Ерді намыс ӛлтірер». 
(Халық мақалы). 
- Жазыңыз, - деді Бауыржан: «Бірінші тарау. Қорқыныш». 
Сәл ойланып, былай деді: 
-«Қорқыныш дегеніңді білместен, панфиловшылар тұңғыш ұрысқа 
құлшынған еді…» Қалай ойлайсыз: осылай бастау дұрыс па? 
- Білмеймін, - дедім мен күмілжіп. 
: Әдебиет ефрейторлары осылай жазады, - деді ол ызғарланып - 
Осында келгеніңізге бірсыпыра болды, оқ ызыңдап, мина ұлып жататын 
жерлермен жүріп кӛрдіңіз; қорқынышты ӛз басынан кешірсін деп, сонда 
әдейі ертіп апарған едім. Менің сӛзімді құптамасаңыз да болады, сол қауіпті 
сәтте бойыңызды билеген қорқыныш сезімін күшпен басқаныңызды мен 
айтпай-ақ білемін. 
Ендеше сіз, ӛзіңіздің қаламдас жолдастарыңыз сияқты соғысып 
жүргендерді артықша жаралған ерен батырлар деп суреттесеңіз жӛн бола ма? 
Олар да дәл ӛздеріңіздей адамдар емес пе? Ӛз бойыңыздағы адамдық сезім 
солдаттың бойында жоқ деп қалай айта аласыз. Сіздіңше, ол тӛменгі нәсілден 
шыққан жасық жан ба? Әлде, әммеден пәк әулие ме? 
Бәлкім, сіздіңше, ерлік деген - анадан туа бойга біткен қасиет 
шығар? Әлде каптенармустың шинелімен қоса «пәленшеге берілді», 
«түгеншеге берілді» деп белгі соғып үлестірген сыйы болар? 
Мен соғыста бірнеше жыл жүріп, талай сырды конілге тоқыдым, 
мыңдардан құралған әскери бӛлімі полктің командирі деген дәрежеге жеттім, 
солай болғасын, ерлік кӛктен түспейді десем, оным дәлелсіз болмас та. 
Ұлан-байтақ елімізге баса-кӛктеп кіргенде немістің үміт артқаны не 
еді? Шығысқа қарай жорыққа лек-лек сауытты машинаны бастап, генерал 
Қорқыныш та аттанады, оның алдында жан біткеннің құты қашып, безе 
жӛнеледі деп дәмеленді жау. 
Мың да тоғыз жүз қырық бірінші жылғы октябрьдің он бесінен он 
алтысына қараған түні жүргізген алғашқы ұрысымыз бір есептен 
Қорқынышқа қарсы жүргізілген ұрыс болды. Содан жеті апта ӛткен соң, 
жаудың әскерін Москва маңынан түріп тастаған кезімізде, олардың соңынан 
генерал Қорқыныш қаша жӛнелді. Қорқыныш ӛкшелеп қуғанда құт-береке 
кететінінемістер тұңғыш рет осы жолы сезді. 

Октябрьдің ортасына дейін, Москваға таяу шептерде айқас 
басталғанға дейін, біз ұрысқа қатысқан жоқ едік. Қазақстаннан шыққан соң, 
Ленинград облысының батпақ-шалшығын кешіп ӛткіздік. «Қонысымыз» 
майдан шебінен отыз-қырық шақырым жерде еді. Былайша айтқанда, Бас 
қомандованиенің резервінде, екінші қорғаныс шебінде болдық. 


18 
Алтыншы октябрь күні таңертең мынадай бүйрық алдым: 
батальонды дереу аяғынан тік тұрғызып, таяудағы темір жол разъезіне 
барыңдар депті. Барсақ, қызыл вагондар мен жайдақ платформалар әзір тұр 
екен. Түн ішінде апыр-топыр тиеліп, жүріп кеттік. Қайда дейсіз ғой? 
Батальон командирі болсам да, уақыты жетпей, мұны білуге менің де хақым 
жоқ еді. Майдан шебінен қашықтап, кейін кетіп бара жатқан сияқтымыз. 
Аралықта еш жерге тоқтамастан, поезымыз Бологой дейтін темір жол 
торабына қарай ызғып барады.
Жолда Бологойдан тамақтанасыңдар дегенді есіттік. Біздің 
эшелоңдарды әлдекім қуалап, асықтыра түскендей. Керек десе, тамақ ішіп те 
үлгермедік, айналасы екі-үш минутта паровоздар алмасып болды. Тағы да 
әрмен зымырай жӛнелдік. 
Бологойдан қалай қарай бұрылар екенбіз деп солдаттар елеуреп 
күтіп еді, кӛп ұзамай Москваға бет алғанымыз мәлім болды. Кіші 
станцияларға аялдамастан, солай қарай, біздің үш жүз он алтыншы атқыштар 
дивизиясы мінген эшелондар арасына бір жарым - екі сағат уақыт салып, 
зымырап келе жатты. 
Бізді мұнда әкеле жатқан себебі не? 
Белгісіз. 
Неге осынша асығыс келеміз? Москвадан қай жолмен бұрылар 
екенбіз? Қайда тоқтар екенбіз? 
Бәрі де белгісіз. 
Ерекше жедел жүрісіміз кӛңілді күптігей етіп, беймаза ой 
тудырады, Бізге де арпалысқа түсіп, қайрат кӛрсететін күн туды ғой деп 
ұйғардық. 

Жетінші октябрь күні Москваның батыс жағындағы жүз жиырма 
шақырым жерде, Волоколамск маңындағы бір орман ішіне келіп түстік. 
Полк командирі мені станцияға шақыртыпты. 
Темір жол маңайында қаз-қатар тізілген әйдік-әйдік құрсаулы темір 
күмбездерді кӛрдім. Бәрін де, әуеден қарағанда кӛрінбесін деп, кӛк ала түске 
бояған екен - орыстың әскери тілінде оны маскировка дейді. Бұлардың 
ішінде мұнай мен бензин сақталады. 
Кӛп ұзамай, сұр бұлт торлаған күзгі аспан аясындағы бұл кӛк ала 
күмбездердің соғыс отына шарпылып кірпік қаққанша бұрқ етіп аспанға 
атылып, жоқ боп кеткенін білем. 
Бұлардан ӛте беріп, станция үйін кӛрдім. Кейіннен әр жерін қап-
қара ыс басқан кірпіш дуалдарынан, үңірейген терезе тесіктерінен басқа бұл 
үйден де дәнеңе қалған жоқ. 
Темір жолдың үстінде де ұзыннан-ұзақ шұбатылған жайдақ 
платформалар тұр. Бұларға зеңбіректер тиеліпті. Біреу мені дауыстап 


19 
шақырды. Қарасам, біздің дивизиядағы артиллерия полкінің командирі 
полковник Малинин екен. 
- Уа, қашқын, аманбысың. Мыналарды кӛрдің бе, тамаша емес пе? - 
деді ол, зеңбіректерді нұсқап. 
Мұның мені «қашқын» деп атайтын себебі мынау. Мен соғыстан 
екі-үш жыл бұрын Қиыр Шығыста артиллерия батареясының командирі 
болып істегенмін. Алматыда генерал Панфилов басқарған дивизия жаңадан 
құрылып жатқан кезде осы полковник, менің артиллерист екенімді біліп, 
дивизион командирі етіп ӛз полкіне алуға әрекет істеген. Бірақ онысына 
кӛнбей, мен ӛз қалауым бойынша батальонға кеткен едім. Мені сол күннен 
бастап Малинин кӛрген жерде «қашқын» деп әзілдейтін. 
Әлгі платформаға тиелген зеңбіректер су жаңа, бәрі де машина 
майымен майланған. Бұлардың ішінде аузына бір кісі сыярлық арбиған 
үлкендері де бар. 
- Бәлі, деңкиген ауыры да бар екен ғой! - дедім мен. 
- Бұларды біз қамал зеңбіректері есебінде арнатамыз, - деді 
полковник. 
Қамал зеңбіректері ұзақ уақытқа арналған аса берік қорғаныс 
шебіне құрылады. Мен жұлып алғандай: 
- Е, сондай-ақ мұнда кӛп болмақпыз ба, жолдас полковник? деп 
сұрадым. 
- Қысты осы арада ӛткіземіз деймін. Ӛйткені осы Волоколамск 
маңындағы қорғаныс шебіне орналасатын болыппызғой. 
Мен тап сол күнге дейін: осы арада бірнеше күн ғана аялдап, тағы 
да ілгері қозғалармыз, майдан шебіне таман барармыз деп ойлаған едім. 
Күткеніміз болмай, әлі де майданнан қашық жерде, резервте 
отырмақ екенбіз ғой деп, іштен түңілгендей едім. 
Алдыңғы жағымызда, сонау Вязьманың ар жағында немістердің 
біздің майданымызды қақ жарып ӛткендігі туралы, Гитлер бұдан тӛрт күн 
бұрын: «Қызыл Армия жойылды, енді Москваға жол ашық» деп, радио 
арқылы әлемге жар салғаны жайында менің хабарым жоқ еді.
Бұл ара Москвадан жүз жиырма - жүз елу шақырым жерде. Осы 
ӛңір кейіннен «астананың қиыр шеті» деп аталып кетті. Бұл кезде Москваға 
қарай тырмысқан жаудың жолын бӛгеу үшін осы ӛңірде жаңадан майдан 
шебі құрылып жатқан-ды. Ел жүрегі болған астанамызға тӛнген қауіптің 
бетін қайтару жӛнінде алдын-ала жедел шаралар істері басталған-ды. Москва 
вокзалдарынан алдыңғы шепке жергілікті адамдардан құралған коммунист 
батальондары дүркін-дүркін жіберілуде еді. Олар әскери киімді де, қару-
жарақты да келген жерлерінде алды. Біз келерден бір-екі күн бұрын ғана 
Волоколамск арқылы Москва теңізіне Жоғарғы Совет атындағы жаяу әскер 
училищесі - кіші командирлер даярлайтын оқу орны апарылыпты; олардың 
ізінше оқуда машықтанатын зеңбіректерін алып, Москваның Қызыл тулы 
артиллериялық училищесі де осында жеткен екен. Бұл күндері астанамыз 


20 
Москва, жоғарғы әскери басшылығымыз Ставка, Кремль, Отанымыз, жауға 
қарсы тыңнан күш, жаңадан қару-жарақ жіберумен болды. 
Полк штабында дивизияның Волоколамск маңындағы бекініске 
орнығып, жаңадан қорғаныс шебін жасайтындығы анықталды. Оның ішінде 
менің батальоныма да енші жер тиген екен, маған сол бекініс ӛңірін кӛрсетіп 
берді. 

Кешкісін Волоколамскінің батыс жағында отыз километр жердегі 
Руза ӛзеніне қарай түнгі жорыққа аттандық. 
Оңтүстік Қазақстанда туып-оскен басым, бұл жердің шытымыр ауа 
райына бірден кӛндіге алмадым. Біздің елде қыс кеш түседі, бұл жерде болса, 
октябрьдің бас кезінде-ақ күн суытып кетті. Таңертеңгі мезгілдерде жер беті 
қатқақсып тоңып жатады. Батпағы тоңған кедір-бұдыр жолмен таң ата 
батальонға берілген учаскедегі ең үлкен қыстақ Новлянскийге жеттік. 
Жақындай бергенде, шүу дегеннен шіркеуінің тӛбесі мұнарланып 
кӛрінді. 
Батальонды қыстақ маңында қалдырып, ӛзім рота командирлерімен 
бірге жер жағдайын барлауға, әскери тілмен айтқанда когносцировка жасауға 
жӛнелдім. 
Жыланша иреңдеп аққан Рузаның жағалауынан менің батальоныма 
жеті километр жер берілген. Біздің әскери уставтың ережелеріне сәйкес, ұрыс 
кезінде мұндай жер кӛлемі батальон түгіл полкке де кӛптік қылады. Бірақ 
бұған алаң болғаным жоқ. Егер де, жаман айтпай жақсы жоқ, осы араға 
шынымен жау жететін болса, бұл жеті шақырымдық шепте неміс әскерлеріне 
бір батальон емес, бес яки он батальон қарсы тұрар деп кәміл сенген едім. 
Сондықтан да бекініс шебін осындай есеппен жасау керек деп ойладым мен. 
Сізге ондағы табиғат кӛркін суреттейтін жайым жоқ. Кӛз 
алдымыздағы кӛрініс әсем бе, әлде кӛріксіз бе, оны білмеймін. Менің 
алдымен ойластарғаным жер жабызы, әскери тілмен айтқанда бұл ӛңірдің 
топографиялық жағдайы болды. Жайлап аққан Рузаның айнадай жалтыр 
жүзінде қалқыған ірі жапырақтар кӛрінеді, Бұл кӛрініс, бәлкім, әдемі де 
болар, бірақ ішімнің: әрі қысаң, әрі тайаз, жау ӛтуте қолайлы оңбаған ӛзен 
екен деп пікір қорыттым. 
Әйткенмен ӛзеннің бергі жағасы құлама тік жар, бұндай танк ӛтпес 
бӛгетті әскер тілінде «эскарп» деп атайды. 
Ӛзеннің ар жағы - жазық дала және ойдым-ойдым қалың орман. 
Қыстақтан қиыстау жерде орман шеті емініп ӛзенге тӛніп тұр. Орыстың күзгі 
орманын салғысы келген суретші бұл жерден, әрине, табиғаттың ғажайып 
сұлулығын кӛрер еді. Бірақ бұл кӛрініс маған тіпті ұнамады, Ӛзенге емініп 
тұрған ағашты паналап, жаудың бізді жақын жерден, тосыннан соғуына 
мүмкіндік мол. 


21 
Сондықтан, сақтықта қорлық жоқ, бұл қарағай, шыршалардың 
қарасын ӛшіріп, кесіп тастау керек! Орманды ӛзеннен әрі сырып тастау 
керек! 
Күні бүгін тӛніп тұрған қауіп болмаса да, бекініс жасау міндетін 
мойынға алғасын, оны барлық жағынан адал атқару Қызыл Армия 
офицерлері мен солдаттарының ардақты борышы еді. 

Бұған дейін жай сыбыстан басқаны есітпеген болсақ, келесі күні 
алғашқы дүрбеленді, жаудан шегінудің кейбір белгілерін ӛз кӛзімізбен 
кӛрдік: мал-мүлкін тастап босқан жергілікті бейбіт халық жолмен шұбырып 
келеді, араларында қоршаудан сытылып шыққан бірен-саран жауынгерлер де 
бар. 
Әскер киіміндегі осы шұбырындыларды тұңғыш рет батальон 
асханасының қасында кездестірдім. 
Олар отқа жылынып отыр, Шаруашылық взводының командирі 
егде тартқан лейтенант Пономарев, соғыстан бұрын бір кішігірім 
құрылыстың директоры боп істеген кісі, оларға тандана қарауда. Аспаздар, 
асханаға кезекті жұмысқа белгіленген жауынгерлер де осында жиналыпты. 
Мені кӛрген жерден Пономарев; «Смирно!» деп команда беріп, 
алдымнан жүгіріп шықты. 
От басында отырғандарға кӛзімнің қиығымен қарадым: кейбірі 
түрегеліп, кейбірі орнынан бір қозғалып қана қойды. 
- Бұл неғылған адамдар? - деп сұрадым. 
Бӛтендердің ішінен бұжыр бет, тәпелтік қызыл әскер аяғын бері бір 
басып: 
- Қоршаудан шықтық, жолдас аға лейтенант! - деп мәлімдеді. 
«Қоршау» деген суық сӛзді алғаш есіткенім осы еді. 
- Қайдағы қоршау ол? 
- Вязьма түбіндегі, жолдас аға лейтенант… Енді ол осы жаққа 
ӛңмеңдеп келе жатыр. 
- Оның кім? 
- Кім екені белгілі ғой… немісті айтам да… 
- Ӛздерін кӛрдіңдер ме? 
- Оны қайдан кӛресің? Бас кӛтертпей, миналарын тӛбеңнен 
бұршақша жаудырады… Немесе тас жолмен танкілерін жӛңкітіп, айналасын 
атқылай жӛнеледі. 
- Танкілерін кӛрдіңдер ме? 
- Кинода ғана танкіге жасқанбай қарауға болады, жолдас аға 
лейтенант… Ал мұнда қарауға мұршаң қайда! Ол тарс-тұрс атқылай 
бастағанда, кӛзің қарауытып, не болғаныңды білмей кетесің. 
- Винтовкаң қайда? 


22 
- Міні, ӛзімде, бүп-бүтін… Ғапу етіңіз, жолдас аға лейтенант, 
тазаланбаған… 
- Енді қайда барасыңдар? 
- Москваға барып, жаңа жасаққа қосыламыз… Біз суыт жүріп, 
жолдағылардың кӛбінен басып оздық. Мыналарды бастап алып шықтым, 
жолдас аға лейтенант… Онымен Москвада айқассақ керек. Қазір кетеміз… 
Мұнда кӛп аялдауға болмайды, ол кешікпей бұл жерге де жетеді… 
Тамақтанып алуымызға рұқсат етесіз бе, жолдас аға лейтенант? 
Бұдыр бет аласа солдаттың қоршаудан қалай қашып шыққандары 
жайында тақылдап жайбарақат айтып тұрғаны әрі ғажап, әрі шошынарлық 
нәрсе еді. Біздің адамдар мұның сӛзіне құлағын тіге қалыпты. 
Оның «жасағына» мен тағы да кӛз салдым. Бәрі де кӛптен бері 
қырынбаған, жуынбаған, бет-ауыздары, мойындары, қолдары қара жағал. 
Бәтеңкелеріне, балтырлықтарына баттасып балшық қатып қалыпты. Бәрі де 
шинельшең, бірақ жараларында ешқандай айырым белгілері жоқ.
-Бәрің де жауынгерсіңдер ме? - деп сұрадым мен. 
Кӛпке дейін жауап болмады. Жалтақтап біріне-бірі кӛзінің астымен 
қарайды. Ақырында, абыржулы, мұңды пішінді, жиырма екі жастардағы 
жігіт орнынан түрегелді: 
- Мен лейтенантпын, взвод командирінің, - деді ол. 
Бұл сӛзден сырт пішінім ӛзгермесе ӛзгермеген болар, бірақ іштей 
қатты тіксіндім: бір сұмдықты есіткеңдей, жүрегім су ете түсті. Взвод 
командирі, Қызыл Армияның лейтенанты, офицері жай әскерлерге бас 
болудың орнына, ар-ұяттан айрылып, ӛзінен дәрежесі кішінің ығына еріп 
қашқындар тобына қалай қойылды екен? 
Тап осы кезде біздің аспаз «қоршаулықтардың» алдына бір кастрол 
кеспе кӛже әкеп қойды: 
- Ішіңдер, түге. Енді ӛз адамдарыңа келдіңдер ғой, аш 
қалмайсыңдар… Тойып алыңдар! - дейді. 
Әскери тәртіпті бұзып, қаһармандық борышын ұмытқан осы 
шұбырындылар маған әзірейілдің бір түріндей кӛрінді. Бір қарын майды бір 
құмалақ шірітер дегендей, бұлардың мүсәпірсінген кескіні, жауды 
құбыжықтай дәріптеген сӛздері біздің адамдарға жаман әсер ететіні сӛзсіз 
еді. Сондықтан үрейлі келімсектерді ӛз арамыздан тезірек аластағанды мақұл 
кӛрдім де, оларға ӛктем түрде: 
- Тұрыңдар бәрің! - деп әмір еттім. - Лейтенант Пономарев, мына 
қашқындардың қаруын алып, ӛздерін қамап таста! 
Отырғандар үрпиісіп түрегелді. 
- Бермеймін мылтығымды, - деді бұжыр солдат айбат шегіп. 
- Сӛйлеме! Лейтенант Пономарев, бұйрықты орындаңыз! деп, 
Пономаревқа бұрылып едім, ол қасын керіп, таңданған пішінмен әлдеқайда 
қарап тұр екен. Соның қараған жағына мен де кӛз жібердім, Бақсам, бізге 
қарай он шақты сұр шинельділер ілбіп келеді. Бірсыпырасының асынған 
мылтықтары бар, кейбіреулері қарусыз. Кейбірі жағасын кӛтеріп алыпты, 


23 
кейбірі қолын қалтасына салған, ығы-жығы бір тобыр. Жүрісі де, нұсқасы да 
біздің батальон адамдарына ұқсамайды. 
Олар жақын келгенде: 
- Неғылған адамсыңдар? - деп сұрадым мен. 
- Қоршаудан шықтық, жолдас аға лейтенант, деген жауап болды. 

Бұл күні де мен батальонның қорғаныс шебін бастанаяқ аралап 
жүрген едім. 
Уілдеп соққан ызғарлы жел жеті қат киіміңнен ӛтіп, етті қариды. 
Қылаулап түскен қиыршық қар бетке түрпідей тиеді. Ӛсімдік біткен 
қырауланып, ұсақ ақ моншақпен безенгендей. Түс кезі еді. Жауынгерлер таса 
жерлерде - қазылып бітпеген окоп ішінде, үюлі топырақ ығында тамақтанып 
жатыр. Шеп жағалай жас топыраққа шаншулы бел күректер тұр. Бәрін 
бақылап келемін. Кенеттен бӛтен дауыс құлағыма шалынды: 
- Жоқ, жігіттер, күткен жақтарыңнан келіп тиіспейді ол… 
- Басқаша тиіседі… 
Кәтӛлек түбін қырнаған қасық дыбысы естіледі. Үюлі топырақ 
тасасындағы шұңқыр ішінде бірнеше жауынгер тамақтанып отырған секілді. 
- Басқаша тиіскені қалай? 
Даусынан ажыраттым - мұны сұраған қазақ жігіті. 
- Тусыртыңнан айналып ӛтеді, соғыстан… не істейтінін білесің. 
Тағы да әлгі қазақ: 
- Ал сонда не істейді? - деп сұрады. 
Бұл кімнің окобы екен? Таныс дауыс. Қазақ жігіттерінің қайсысы? 
Боранбаев па? Йә, оның пулемет расчеты осында болатын. Мүмкін, 
Қалимолдин шығар… Екеуі бір пулеметте еді ғой. Қап, бұлар таға 
келімсектерді тамақтандырып жатыр екен ғой, енді қайтерсің! 
- Не істейді дерің бар ма! Бас қамыңды кӛзде, әйтпесе ӛлдім дей 
бер… - деді бӛтен дауыс. 
- Орманға барып паналау керек! Жау қалың ағашқа аяқ баспайды, - 
деді екінші біреу. 
Тағы да аяқ пен қасықтыңдыбысы естілді. Менің жауынгерлерім- 
мен бірге тамақтанып отырғандар қоршаудан шыққандар екен. Тағы бір 
бӛтен дауыс естілді: 
-Менің дорбам да, кәтӛлегім да сонда қалды… Тап осылай 
жайбарақат тамақ ішіп отыр едік, кенет… 
«…Кенет қаша жӛнелген екенсіңдер ғой, доңыздар!» деп айқайлап 
жібере жаздадым бірақ ӛзіме бір ой түсе кетті де, дыбыс бермедім. 
Анадай жерде күреңдеу жотасы жылтырап, шым қалқаның 
панасында станокты пулемет кӛрінеді. Таяудан болмаса, алыстан кӛзге 
түспестей болып тасаланған. Пулемет қасында пулеметші жауынгер күзетте 
тұр. Пулеметтің магазиніне оқтаулы лента кигізілген. 


24 
- Жақсы ата ма? - деп сұрадым жауынгерден. 
- Атқанда қандай, комбат жолдас, - басып қалсаңыз, бытырлата 
береді. 
Отыра қалып, пулемет аузын айнадай жарқыраған су бетіне кезеп, 
шүріппесін бастым. Пулемет селкілден, оқты ағыта бастады. Осы жерге 
орнығып, бекініс жасағаннан бері оқ атқан емеспіз, Қорғаныс бойында 
жаңғырығып естілген алғашқы атыс осы еді. 
Біреу шұңқырдан атып шықты. 
- Аттан! - деп дауыстадым мен. - Ал қаруыңды! 
Іле-шала, сұқсырдай сұңқылдаған ащы дауыс естілді: 
- Ойбай неміс! 
Неміс нақ үстіне тӛніп, тұншықтырғандай, бұл дауыс булығып 
шықты. Соның арасынша қашып бара жатқан біреу кӛрінді. Кӛзді ашып-
жұмғанша жұрт судай сапырылысып кетті. Лезде бұлай болады деген кімнің 
ойында бар? 
Сырт жағымыздағы қалың орман біздің екі жүз метрдей жерде. 
Әлдекімдер солай қарай зытып барады. Тӛмпешік жердің үстіне шығып, 
қашып бара жатқандарға аңырып қарап қалыппын. 
- Қайт!… - деген ӛктем дауыс мені мең-зең халден айықтырды. 
Жалт қарадым - дауыстаған пулеметші Блоха екен. Мені кӛріп ол мен жаққа, 
пулеметке қарай жүгірді, Менің кӛзіме Блоха оттай басылды. Тап осы сәтте 
оны бауырыма басып, жан досымдай, серігімдей, ең бір жақынымдай құшып 
сүйгім келді. 
Еңгезердей қазақ жігіті Қалимолдин де жүгіріп бара жатқан бетінде 
кілт тоқтай қалды да, қолын кӛкірегіне басып, кешірім сұрағандай, басын иді. 
Бұрын ол жүк кӛтеруші болып істеген, жауырыны қақпақтай палуан жігіт, 
зілдей ауыр станокты пулеметті оп-оңай арқалап жүре береді. Енді ол да 
Блоханың соңынан маған қарай зыр жүгіріп келеді. 
Бұдан соң бұрылған кӛзілдірікті Мурин. Соғысқа дейін 
консерваторияның аспиранты болып, музыка тарихы жӛнінде мақалалар 
жазып жүрген кісі. Қалта қарап тұрған күйінде оған біреу кездесіп, таяудағы 
орман жақты нұсқады. Азғырушының ығына еріп, Мурин тағы да бірнеше 
адым ілгері аттады да, тағы тоқтады. Қара терге шомылған әлсіз мойнын 
бұрандатып, біресе мен жаққа, біресе орманға жалтақтайды. Сонсоң, жалма-
жан кӛзілдірігін қолына алып, саусақтарымен әйнегін сүртті де, кейін қарай 
жүгірді. 
Бұлардың бәрі де бір бӛлімшенің, бір пулемет расчетының 
жауынгерлері еді. Басқасы түгел бас қосқанда, бӛлімше командирі сержант 
Боранбаевтың ӛзі жоқ болып шықты. 
Боранбаев бӛлімшенің командирі ғана емес, пулеметтің шебері де 
еді. Кілтипаны кӛп, айбарлы қаруды жік-жікке бӛліп ажыратқанда, оның 
қолы қолына жұқпайтын. Бір сӛзбен айтқанда, ӛз қаруының тілін білген, 
жетік жігіт еді. Оның пішініне, ӛнеріне сүйсініп, ішімнен: «Жігіттің бір 
сырлысы, әрі сегіз қырлысы осындай-ақ болар», деп ойлаушы едім. 


25 
Енді ол, ӛз айыбы бетіне шіркеу болып, менің кӛзіме кӛрінуден 
қаймығып, бір шетке тайқып кеткен сияқты.
Мезгеулік соқыр сезімге беріліп, аз да болса арына ақау түсіріп, 
енді мұңая алдыма келіп тұрғандарға үнсіз қараудамын. Бұлардың адал 
адамдар екенін білемін. Ӛлімнен ұят күшті дегендей, қазір әркімнің кірерге 
тесік таба алмай тұрғаны да белгілі. Ендеше, бұларға мен не демекпін? Бірақ 
келесі жылы да бұлардың бас сауғалау сезіміне құл болып, абыройдан 
айрылмауына кім кепіл? Адал жандарды бұл бәлекеттен қалай арашалау 
керек, қалай құтқару керек? 
Азбандар деп ақыл айтам ба? Тілдеп зекірем бе? Қамап жазалаймын 
ба? 
Қалай еткенім жӛн: айтыңызшы?! 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет