8
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ МАЗМҰНЫ, НЫСАНЫ,
ПӘНІ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Кәсіпорынның тиімді жұмысын қамтамасыз ету өндірістік шаруашылық
қызметті экономикалық сауатты басқаруды талап етеді және көбнесе ол
қабылданатын басқарушылық шешімдер нәтижесін жоспарлау және
қалыптасқан жағдайды талдау шеберлігімен анықталады. Кәсіпорынның
тиімді жұмысын қамтамасыз ету оның өндірістік – шаруашылық қызметін
экономикалық сауатты басқаруды талап етеді және ол көбінесе қалыптасқан
жағдайды талдау және басқарушылық шешімді қабылдау нәтижелерін
жоспарлау шеберлігімен анықталады.
Талдау дегеніміз заттың немесе құбылыстың ішкі мәнін түсіну
мақсатында оның құрамдас бөліктерге (элементтерге) бөлінуі. Мысалы,
автокөлікті басқару үшін оның неден тұратынын білу қажет: бөлшектерін,
торабын, олардың атқаратын міндеті мен әрекет ету қағидаларын және т.б.
Бұл жағдай экономикалық құбылыстар мен үдерістерге де қатысты. Дәл
осындай пайданың мәнін түсіну үшін оны табудың негізгі көздерін, сондай-
ақ, оның шамасын анықтайтын факторларын білу қажет. Оны неғұрлым
терең бөлшектеп зерттеген сайын қаржылық нәтижені қалыптастыру
үдерістерін тиімдірек басқаруға болады.
Экономикалық талдау – бұл құрамдас бөліктерге бөлінуіне негізделген
экономикалық құбылыстары мен үдерістердің мәнін танып білудің ғылыми
тәсілі және олардың байланыстар мен тәуелділіктерінің әр алуандығын
зерттеу.
Экономикалық талдаудың пайда болуы экономикалық құбылыстар мен
үдерістер мәнін тану құралы ретінде бухалтерлік есеп пен теңгерім
жүргізудің пайда болуымен және дамуымен байланыстырады. Бірақ ол өзінің
теориялық және тәжірибелік дамуы нарықтық қатынастардың дамуы кезінде,
атап айтқанда XIX ғасырдың екінші жартысында басталды. Шаруашылық
қызметті талдау білімнің арнайы саласы ретінде ерекшеленуі кешірек XX
ғасырдың бірінші жартысында пайда болды.
ШҚТ басқарушылық функциясы ретінде өндірісті жоспарлау мен
болжаумен тығыз байланысты, өйткені бұл функцияларға терең талдау
жасамай жүзеге асыру мүмкін емес.
Жоспарлау үшін ақпараттар дайындауда, жоспарлы көрсеткіштерді
негіздеу мен сапаны бағалауда, жоспардың орындалуын шынайы бағалауда
және тексеруде маңызды рөл ШҚТ-ға тиесілі. Шын мәнінде кәсіпорын үшін
жоспарларды бекіту өндірістің болашақта дамуын қамтамасыз ететін
шешімдер болып табылады. Сонымен қатар өткен кезеңдегі жоспарлардың
орындалу нәтижелері ескеріліп, кәсіпорынның даму үрдістері зерттеледі,
өндірістің қосымша резервтері ескеріліп, іздестіріледі. ШҚТ жоспарларды
негіздеу құралы ғана емес, сонымен бірге олардың орындалуын бақылау
болып табылады. Жоспарлау кәсіпорын қызметінің нәтижесін талдаудан
9
басталып, онымен аяқталады және бұл жоспарлау деңгейін арттырып, оны
ғылыми негіздеуге мүмкіндік береді.
Талдаудың бұл функциясы – жоспардың орындалуын бақылау және
дайындау, оларды негіздеу үшін ақпараттар – нарықтық экономикада
күшейеді, өйткені сыртқы ортаның белгісіздік және құбылмалы жағдайында
ағымдағы және болашақтағы жоспарларға түзету енгізуді талап етеді.
Тұрақты өзгеріп отыратын сыртқы жағдайлар жоспарлауды үздіксіз жүргізіп
отыруын қажет етеді. Жоспарлау бойынша менеджер әрбір жағдайдың
өзгерісін талдап, бағалауы тиіс және кәсіпорын жоспарына жедел өзгерістер
енгізе білуі тиіс.
Өндіріс тиімділігін арттыратын резервтерін анықтау мен пайдалануға
талдаудағы үлкен рөл беріледі. Ол ресурстардың үнемді пайданылуы мен
тиімді жұмсалуына, алдыңғы қатарлы тәжірибені анықтау мен ендіруге,
жаңа өндіріс техникасы мен технологиясын, еңбекті ғылыми ұйымдастыруға,
жұмыстағы кемшіліктерді, артық шығындарды ескертуге ықпал етеді.
Нәтижесінде кәсіпорын экономикасы нығайып, оның қызметінің тиімділігі
артады.
Осылайша, ШҚТ өндірістің басқарушылық жүйесіндегі маңызды
элемент, ішкі шаруашылық қызметті анықтайтын әрекет етуші құрал,
басқарушылық шешімдер мен ғылыми негізделген жоспарларды жасаудың
негізі болып табылады.
Қазіргі уақытта өндірісті басқару құралы ретінде талдаудың рөлі артуда.
Бұл әр түрлі келесі жағдайлармен негізделген:
- өндірістің капитал сыйымдылығы мен ғылыми сыйымдылығының
артуымен, шикізат құны мен оның тапшылығының өсуімен байланысты
өндіріс тиімділігін арттыру қажеттілігімен;
- басқарудың әміршілдік-әкімшілдік жүйесінен шығып, нарықтық
қатынастарға өтумен;
- экономиканы мемлекет иелігінен алу, кәсіпорындарды жекешелен-
дірумен және басқа да экономикалық реформалардың іс-шараларымен
байланысты.
Бұл жағдайда, кәсіпорын жетекшісі өз сезіміне және ойымен шамалауға
сүйене алмайды. Басқарушылық шешімдері мен әрекеттері дәл есептеуге,
терең және жан-жақты экономикалық талдауларға негізделуі тиіс. Бірде-бір
ұйымдастырушылық,
техникалық,
технологиялық
іс-шаралар
оның
экономикалық тиімділігіне негізделмей, жүзеге асырылмауы тиіс.
ШҚТ рөлін дұрыс бағаламау, қазіргі жағдайда басқарушылық әрекеттер
мен жоспарлардағы қателіктер едәуір шығындарды әкеледі. Керісінше, ШҚТ
дұрыс көзқараспен қарайтын кәсіпорындар жақсы нәтижелер, жоғары
экономикалық тиімділікке ие болады.
Шаруашылық субъектісінің ШҚТ негізгі мақсаттары:
1. Экономикалық заңдар әрекетінің сипатын зерттеу, кәсіпорынның
нақты жағдайында экономикалық үдерістер мен құбылыстардың үрдістері
мен заңдылықтарын бекіту.
10
2. Ағымдағы және болашақтағы жоспарларды ғылыми негіздеу. Өткен
жылдардағы (5-10жылдар) кәсіпорын қызметінің нәтижелерін терең
экономикалық талдаусыз, болашаққа негізделген болжамсыз, кәсіпорын
экономикасының даму заңдылықтарын зерттеусіз, орын алған кемшіліктер
мен қателіктерді анықтамай, ғылыми негізделген жоспарды жасауға,
басқарушылық шешімдердің тиімді нұсқасын таңдауға болмайды.
3. Ресурстарды үнемді пайдалануды, басқарушылық шешімдері мен жос-
парлардың орындалуын бақылау. Талдау дәлелдерін үйлестіру және қол
жеткізілген нәтижелерді бағалау мақсатында ғана емес экономикалық
үдерістерге жедел ықпал ету және қателіктер мен кемшіліктерді анықтау
үшін жүргізіледі.
4. Шаруашылық қызмет нәтижесіне сыртқы және ішкі, субъективті және
шынайы факторлардың ықпалын зерттеу.
5. Алдыңғы қатарлы тәжірибені және ғылым мен тәжірибенің жетіс-
тіктерін зерттеу негізінде кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру
резервтерін іздеу.
6. Экономиканың даму деңгейіне және бар мүмкіндіктерді пайдалануға,
өнім мен қызмет нарығында оның жағдайын анықтауға қол жеткізген
жоспарларды орындау бойынша кәсіпорын қызметінің нәтижесін бағалау.
Шынайы диагностикалау бизнес-үдерісті басқару жүйесінің тиімділігін
арттыруға ықпал етеді.
7. Анықталған резервтерді пайдалану бойынша нұсқаулар жасау.
Жалпы ШҚТ ғылым ретінде шаруашылық даму үрдістерін зерттеумен,
ғылыми негізделген жоспарлармен, басқарушылық шешімдермен, олардың
орындалуын бақылаумен, қол жеткізген нәтижелерді бағалаумен, өндіріс
тиімділігін
арттырудың
шаруашылық
резервтерінің
негізделген
шамаларымен, оның өлшемімен және оны іздеумен, сондай-ақ оларды
пайдалану бойынша іс-шараларды жасаумен байланысты арнайы білімдер
жүйесін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |