Асанова с. С., Калманова н. М


кесте - Экономикалық талдау түрлерінің жіктемесі



Pdf көрінісі
бет6/125
Дата24.09.2024
өлшемі1.93 Mb.
#503963
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125
Асанова С , Калманова Н Экономикалық талдау 2021ж

1.1.2 кесте - Экономикалық талдау түрлерінің жіктемесі 
 
Жіктеу белгілері 
Талдау түрлері 
Уақыт нышаны бойынша 
− алдын ала талдау (шаруашылық операцияны жа-
сағанға дейін)
− келесі талдау (шаруашылық операцияны жасаған-
нан кейін). 
Басқару деңгейі бойынша 
− макроэкономикалық; 
− микроэкономикалық. 
Кеңістік белгісі бойынша 
− фирмааралық;
− ішкіфирмалы. 
Талдау 
субъектілері 
бойынша 
− сыртқы; 
− ішкі. 
Талдау 
көрсеткіштерін 
қамту деңгейі бойынша 
біртекті
− таңдаулы; 
Жүргізу 
кезектілігі 
бойынша
− кезектілігі; 
− бір реттілік. 


12 
Басқару объектісі бойынша 
техника-экономикалық, 
қаржылық, 
аудиторлық 
(бухгалтерлік), әлеуметтік-экономикалық, экономика-
статистикалық, экономика-экологиялық, басқару 
деңгейін талдау, маркетингтік, инвестициялық. 
Нысанды зерттеу әдістемесі 
бойынша 
сапалық және сандық талдау, жедел талдау, іргелі тал-
дау, маржиналды талдау, экономикалық-матема- тика-
лық талдау және т.б. болып бөлінеді. 
-стоимостной, экспертный, ситуационный, коэффици-
ентный. 
ШҚТ аталған түрі әрбір мазмұны бойынша және оны жүргізу әдістемесі 
мен ұйымдастыруы бойынша әр түрлі болып келеді. 
1.2 ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ 
Ғылыми әдіс кең мағынада өз пәнін зерттеу тәсілі болып түсіндіріледі. 
Өз пәнін зерттеу үшін әр түрлі ғылымның пайдаланатын арнайы тәсілдерін
(оның ішінде ШҚТ) танып білудің жалпы диалектикалық әдісімен негізде-
леді. Танымның диалектикалық әдісі барлық ұғымдар мен үдерістерді 
тұрақты қозғалыста, өзгерісте, дамуда қарастыру қажеттігін түсіндіреді. 
ШҚТ-ғы ерекше белгілерінің қайнар көзі - тұрақты салыстырудың 
қажеттілігі. Салыстыру ШҚТ өте кең қолданылады: қызметтің нақты нәти-
желері өткен жылдың нәтижелерімен, басқа кәсіпорындардың жетістік-
терімен, жоспарлы көрсеткіштермен және т.б. салыстырылады.
Диалектика әрбір үдерісті, әрбір ұғымды бірлікте және қарама-
қайшылықта болады деп қарастыруды үйретеді. Осыдан әрбір үдерістің, 
әрбір құбылыстың оң және теріс жақтарын, ішкі қайшылықтарын зерттеу ке-
рек екендігінен туындайды. Бұл да ШҚТ ерекше белгілерінің бірі.
Талдауда диалектикалық әдісті пайдалану кәсіпорынның шаруашылық 
қызметін зерттеу үшін барлық өзара байланысты ескеру арқылы 
жүргізілетіндігін білдіреді. Қандайда бір ұғымды басқалармен байланыссыз 
жеке қарау дұрыс емес. Бұл да ШҚТ-дың әдістемелік ерекшелігінің бірі. 
Талдаудың маңызды әдістемелік ерекшелігі, оның себепті-салдарлы 
байланыстарды анықтаумен бірге олардың сандық сипаттамасын беруі, яғни 
қызмет нәтижесіне әсер етуші факторлардың әсерін өлшеуді қамтамасыз 
ету. Бұл экономика жағдайына диагнозды дәл қоюға және оның нәтижесі 
бойынша ұсыныстарды дәлірек негіздеуге мүмкіндік береді. Талдаудағы се-
бепті байланыстарды өлшеу және зерттеуді индукция және дедукция 
әдістерімен жүзеге асыруға болады. Логикалық индукция көмегімен себепті 
байланыстарды зерттеу тәсілін зерттеудің жекеден жалпыға, жеке дәлелде-
уден жалпылауға, себептен нәтижеге қарай жүргізіледі. Дедукция – зерттеу 
жалпы дәлелден жекеге, нәтижеден себептерге қарай жүзеге асырылатынын 
көрсететін әдіс. Индукциялық әдіс талдауда дедукция әдісімен біріге отырып, 
үйлесімділікте пайдаланылады. 


13 
ШҚТ диалектикалық әдісте қолдану, әрбір үдерісті, әрбір экономикалық 
құбылысты жүйе ретінде, өзара байланысты көптеген элементтердің 
жиынтығы ретінде қарастыруды білдіреді. Бұл жерден айрықша ерекшілік-
терінің бірі болып табылатын талдау нысандарын зерттеуге жүйелі 
көзқарастың қажеттілігі туындайды. 
Жүйелі көзқарас қарастырылып отырған құбылыстар мен үдерістерді
элементтерге барынша көп бөлшектеуді, оларды жүйелеу мен ситездеуді 
қарастырады. 
Қандайда бір ұғымдарды бөлшектеу зерттелетін нысанда ең басты және 
елеулісін анықтау үшін қаншалықты қажет болатын дәрежеде жүргізіледіОл 
талдау нысанынан және мақсатынан тәуелді болады. ШҚТ талдаушыдан 
экономикалық көрсеткіштердің мәнін нақты білуді, сондай-ақ олардың да-
муын анықтайтын факторлар мен себептерін анықтауды талап ететін күрделі 
міндет болып табылады. 
Элементтерді жүйелеу олардың өзара байланысын, өзара әрекетін, өза-
ра тәуелділігін өзара бағынушылығын зерттеу негізінде жүргізіледі. Бұл 
зерттелетін нысанның (жүйенің) жуықтама үлгісін құруға, оның негізгі 
құрамдастарын, функцияларын, жүйе элементтерінің өзара матасылғанын 
(өзара тәуелділігін) анықтауға зерттелетін көрсеткіштердің ішкі байланыста-
рына сәйкес келетін талдаудың логикалық-әдістемелік сызбасын ашуға 
мүмкіндік береді. 
Кәсіпорын экономикасының жекелеген жақтарын, олардың өзара байла-
нысын, матасылғанын, тәуелділігін зерттегеннен кейін, зерттеудің барлық 
материалдарын қортындылау қажет. Қортындылау (синтездеу) талдаудағы 
жауапты кезең. Талдау нәтижелерін қортындылаған кезде көптеген зертте-
летін факторлардың ішінен қызмет нәтижесі тәуелді болатын кездей-
соқтықтардан ұқсастарын ажыратып, негізгілері мен маңыздыларын бөліп 
алу қажет. 
ШҚТ жоғарыда аталғандардан көрініп тұрғандай әдістемеліктің маңы-
зды ерекшілігі кәсіпорынның шаруашылық қызметіндегі экономикалық
құбылыстар мен үдерістердің себепті-салдарлы байланыстарын жүйелі, ке-
шенді зерттеу үшін қажетті көрсеткіштер жүйесін жасау және пайдалану бо-
лып табылады. 
Сонымен ШҚТ әдісі – бұл кәсіпорынның тимді қызмет етуін арттыру 
мақсатында жоспар, есеп, есептеме және басқа да ақпарат көздерінің көрсет-
кіштер жүйесін арнайы тәсілдермен өңдеу жолымен кәсіпорын қызметінің 
нәтижесіне әсер ететін факторлардың әсерін қортындылау, өлшеу, кешенді 
және жүйелі зерттеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет