Асанова с. С., Калманова н. М



Pdf көрінісі
бет8/125
Дата24.09.2024
өлшемі1.93 Mb.
#503963
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   125
Асанова С , Калманова Н Экономикалық талдау 2021ж

 
 
1.4 ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТЫ АНАЛИТИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР 
ЖҮЙЕСІН ЖАСАУ
Талдаудың барлық нысандары жоспар, есеп, есептеме және ақпараттың 
басқада көздерінің көрсеткіштер жүйесінен көрінеді. Сонымен қатар эконо-
микалық нысанды немесе құбылысты сипаттау үшін бір ғана емес, өзара бай-


16 
ланысты көрсеткіштер кешені толығымен қолданылады.
Экономикалық көрсеткіштер тобы 1.2.1. кестеде көрсетілген. 
1.1.3 кесте - Экономикалық көрсеткіштер тобы 
 
Топтау белгілері 
Көрсеткіштер түрлері 
Мазмұны бойынша 
− сандық (көлемі, саны); 
− сапалы (еңбек өнімділігі, өзіндік құн, баға, рентабелділігі). 
Синтез 
деңгейі 
бойынша 
− жеке (нысанның жекелеген жақтары); 
− жалпылама (общая характеристика); 
− көмекші (нысанды толығымен сипаттау үшін). 
Өрнектеу 
формасы 
бойынша 
− абсолютті; 
− салыстырмалы. 
Себепті салдарлы қаты-
нас деңгейі бойынша 
факторлы
− нәтижелілік. 
Қалыптастыру 
тәсілі 
бойынша 
− нормативті; жоспарлы;
− есептік; 
− есептемелік;
− аналитикалық (бағалау). 
Талдау нысанына тәуелді көрсеткіштер келесі кіші жүйелерге топтала-
ды:
1. Кәсіпорынның дамуының ұйымдық-техникалық деңгейінің көрсеткіштері 
- кәсіпорынның өндірістік құрылымын, басқару құрылымын, өндірістің шоғырла-
нуы мен мамандану деңгейін, өндірістік циклдың ұзақтығын, технологиялық 
үдерістердің прогрессивтілігін сипаттайды. Осы ішкі жүйенің көрсеткіштері 
басқарудың барлық басқа көрсеткіштеріне әсер етеді. 
2. Жабдықтау көрсеткіштері - кәсіпорынды негізгі өндіріс құралдарымен, 
материалдық және еңбек ресурстарымен қамтамасыз етуді сипаттайды. Шығары-
латын өнім, өзіндік құн және пайда өндірістің барлық қажетті ресурстармен қан-
шалықты толық және уақтылы қамтамасыз етілуіне байланысты. 
3. Өндіріс көрсеткіштері - жалпы және тауарлық өнімнің көлемін құндық 
және физикалық өрнектегі көлемінен, өнімнің құрылымынан, оның сапасы мен 
өндіріс ырғағынан тұрады. 
4. Өткізу көрсеткіштері - өнімді жөнелту және өткізу көлемі туралы мәлімет-
тер, қоймалардағы дайын өнім қалдықтары. 
5. Өндіріс құралдарын пайдалану көрсеткіштері – оның негізгілері қор қай-
тарымы, қор сыйымдылығы, негізгі қорлардың орташа жылдық құны, жабдық 
бірлігінің орташа сағаттық өнімділігі, қолда бар жабдықты пайдалану коэффици-
енті. 
6. Еңбек заттарын пайдалану көрсеткіштері - материал сиымдылығы, мате-
риал қайтымы, талданып отырған кезеңдегі пайдаланылған еңбек заттарының 
құны. 
7. Еңбек ресурстарын пайдалану көрсеткіштері - бір жұмыскерге және бір 
жұмысшыға шаққандағы өнім көлемі, орташа сағаттық, орташа тәуліктік, орташа 
айлық өнімділік. 


17 
8. Өндіріс шығындарының көрсеткіштері - өндіріс шығындарының 
жиынтығы, өндірілген өнімнің бір теңгесіне жұмсалатын шығындар. 
9. Пайда мен рентабельділіктің көрсеткіштері. 
10. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының көрсеткіштері – нақты қолдағы 
капиталды және оның құрылымын, оны пайдаланудың тиімділігі мен қарқынды-
лығын сипаттайтын көрсеткіштер, пайданы пайдалану көрсеткіштері, кәсіпорын-
ның төлем қабілеттілігі, оның қаржылық тұрақтылығы. 
Талдау кезінде қолданылатын барлық көрсеткіштер өзара байланысты 
және бір-біріне тәуелді, бұл талдау кезіндегі басқару әрекеттерінің реттілігін 
анықтайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет