Асанова с. С., Калманова н. М


ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ӘДІСТЕМЕСІ



Pdf көрінісі
бет7/125
Дата24.09.2024
өлшемі1.93 Mb.
#503963
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   125
Асанова С , Калманова Н Экономикалық талдау 2021ж

1.3. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ ӘДІСТЕМЕСІ 
ШҚТ әдісі талдамалық зерттеудің бірқатар нақты әдістемесін пайдала-
нуды қарастырады. Әдістеме дегеніміз қандай да бір жұмысты тиімді
орындау үшін қажетті тәсілдер мен ережелердің жиынтығы. Экономикалық 


14 
талдауда әдістеме дегеніміз талдау мақсатына қол жеткізетін шаруашылық 
қызметтің үдерістері мен экономикалық құбылыстарын зерттеудің талдама-
лық тәсілдері мен ережелерінің жиынтығы. 
Талдаудың жалпы және жеке әдістемесі болады. 
Жалпы әдістемені ұлттық экономиканың әр түрлі салаларындағы эко-
номикалық талдаудың әр түрлі нысандарын зерттеу кезінде бірыңғай қолда-
нылатын зерттеу жүйесі ретінде түсіндіріледі. Жеке әдістеме белгілі бір эко-
номика салаларына, өндіріс тұрпатына (типіне), зерттеу нысандарына және 
талдау түрлеріне қатысты жалпыны нақтылайды. 
Талдаудың кез келген әдістемесі талдамалық зерттеулерді орындау үшін 
нұсқаудан немесе әдістенамалық кеңестерден тұрады. Ол келесідей 
кезеңдерден тұрады: 
• талдау міндеті мен мақсатын қалыптастыру; 
• талдау нысаны; 
• көмегімен талдаудың әрбір нысаны зерттелетін көрсеткіштер жүйесі;
• талдамалық зерттеуді жалғаспалылық пен дүркінділігі бойынша 
кеңестер; 
• зерттелетін нысанның зерттеу әдістемесі мен суреттеу тәсілі;
• талдау жасау үшін негіз болатын мәліметтер көзі;
• талдауды ұйымдастыру бойынша нұсқау (қандай тұлға, бөлім зертте-
удің қандай жекелеген бөліктерін жүргізетін болады); 
• ақпаратты талдамалық өңдеу үшін пайдалануы тиімді болатын техни-
калық құралдар; 
• талдау нәтижесін рәсімдеу тәртібі; 
• талдау нәтижесінің тұтынушылары. 
ШҚТ әдістемесінің екі элементіне неғұрлым терең тоқталайық: талдама-
лық жұмыстарды орындау жалғаспалылығы және қарастырылатын нысан-
дарды зерттеу тәсілдері. 
Кешенді ШҚТ орындау кезінде олар келесідей кезеңдерге бөлінеді:
• бірінші кезеңде талдаудың мақсаты, міндеттері және нысандары
нақтыланады, талдамалық жұмыс жоспары құрылады;
• екінші кезеңде оның көмегімен талдау нысанын сипаттауға мүмкіндік
беретін талдамалық және синтетикалық көрсеткіштер жүйесі жасалады;
• үшінші кезеңде талдауға қажетті ақпараттар жинақталып дайындала-
ды
(оның дәлдігі тексеріледі, салыстырмалы түрге келтіріледі және т.б.); 
• төртінші кезеңде шаруашылықтың нақты нәтижелері есеп жылының 
жоспар көрсеткіштерімен, өткен жылдың нақты мәліметтерімен, ал-
дыңғы
қатарлы кәсіпорындардың жетістіктерімен, орташа сала көрсет-
кіштерімен 
және т.б. салыстырылады; 
• бесінші кезеңде факторлы талдау орындалады: факторлар бөліп 
көрсетіледі және нәтижеге олардың әсері анықталады; 
• алтыншы кезеңде өндіріс тиімділігін арттырудың келешегі бар және 


15 
пайдалынылмаған резервтері анықталады; 
• жетінші кезеңде әр түрлі факторлардың әрекеттері және анықта-
лынған 
бірақ та қолданылмаған резервтерді ескере отырып, шаруашылықтың 
нәтижелеріне баға беріледі, оларды пайдалану бойынша іс-шаралар 
жасалынады.
ШҚТ тәжірибесі мен теориясы бойынша мұндай талдамалық зерттеуді 
орындаудың тізбектілігі мақсатқа сай болып табылады.
ШҚТ әдістемесінің маңызды элементі ретінде талдау тәсілдері мен тех-
никалық әдістер (талдау құралы) қолданылады.
Олардың ішінен ақпараттарды зерттеу және өңдеу үшін басқа пәндерде 
кеңінен қолданылатын дәстүрлі логикалық тәсілдерді бөліп көрсетуге болады 
(орташа және салыстырмалы шамаларды сызбалық, теңгерімдік салыстыру, 
талдамалық топтастыру, мамандарды сараптамалы бағалау, өткен тәжіри-
белер, интуиция негізінде экономикалық міндеттерді шешудің эвристикалық 
әдістері және т.б.). 
Шаруашылық нәтижелеріне факторлардың әсерін зерттеу үшін және 
талдаудағы резервтерді есепке алу үшін детерминдеу және стохастикалық 
факторлық талдау тәсілдері, экономикалық мәселелерді тиімді шешу әдістері
(тізбекті ауыстыруабсалютті және салыстырмалы айырмалар; интегралды, 
корреляциялық, құрамдасты әдістер; сызықты, дөңес бағдарламалу әдісі; 
жалпылама қызмет көрсету теориясы; ойындар теориясы; операцияны зерт-
теу және т.б.). Қандай да бір тәсілдерді қолдану талдау мақсатына және те-
реңдігіне, зерттеу нысанына, есептеуді жүргізудің техникалық мүмкіндік-
теріне және т.б. тәуелді болады.
Ғылыми зерттеу құралдарын жетілдірудің мәні өте үлкен және талдама-
лық жұмыстың тиімділігі мен табысының негізі болып табылады. Зерттелетін 
құбылыстардың мәнін адам неғұрлым терең түсінген сайын, соғұрлым ол 
зерттеудің тура әдістерін қолдануды алға қояды. Бұл барлық ғылым үшін тән. 
Соңғы жылдары ғылымның барлық салаларында зерттеу әдістемесі барынша 
жетілдіріліп келеді. Экономикалық зерттеулерде математикалық әдістерді 
пайдалану экономикалық ғылымның маңызды табысы болып келеді, ол өз 
кезегінде талдауды неғұрлым терең және кешенді жүргізуге мүмкіндік бе-
реді.
Келесі тарауларда талдаудың барлық техникалық тәсілдері егжей-
тегжейлі қарастырылатын болады: олардың мәні, тағайындалуы, пайдалану 
аясы, есептеу тәртібі және т.б. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   125




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет