Сүттегі майдың құрамы. Түйе сүтіндегі майдың құрамы тұқымына,
маусымға, азықтандырылуына, жеке физиологиялық ерекшеліктеріне және
басқа да факторларға байланысты өте кең ауқымда өзгеріп отырады. Түйе
сүтіндегі сүт майы 2,9-5,4% аралығында екендігі белгілі және түйе сүтіндегі
мөлшері 4,3-тен 1,1 %-ға дейін төмендеуі мүмкін [28, р. 96; 34, р.15].
Түйе сүті майындағы (34,5 мг) холестерин деңгейі сиырдың сүтіндегі
холестеринге қарағанда (25,63 мг) жоғары екенін көрсетті [56]. Түйе сүтінен
алынған майда сиыр сүтімен салыстырғанда каротин деңгейі төмен және қысқа
18
тізбекті май қышқылдарының концентрациясы аз болады. Түйе сүтінде ешкі,
қой мен енеке сүттеріне қарағанда қысқа тізбекті май қышқылдары 6-8 есе аз
[44, р. 36]. Түйе сүтінде май, капрон, каприл, каприн, лаурин, миристин,
миристол, пальмитин, пальмитол, стеарин, олеин, линол және арахидон сияқты
май қышқылдары кездеседі [33, с. 145; 34, р. 15 ].
Сүттегі көмірсудың құрамы. Сүт құрамындағы негізгі көмірсу – лактоза.
Сүт қанты (лактоза) лактациядағы жануарлардың желінінде синтезделеді.
Лактоза ағзадағы биохимиялық үрдістердің энергия көзі болып табылады,
кальций, фосфор, магнийдің сіңірілуіне ықпал етеді. Сүтқышқылды
бактериялардың әсерінен лактоза ыдырап, сүт қышқылын түзеді, ол өсіп келе
жатқан ағзаның сүйектерін қалыптастыру үшін қажет болатын кальций мен
фосфордың сіңірілуін реттейді. Сүттегі лактозаның құрамы май немесе ақуыз
құрамымен салыстырғанда тұрақты. Түйе сүті құрамында сиыр сүтіне
қарағанда сүт қанты орташа есеппен алғанда 5% жоғары болады. Hassan A.A.
мен оның әріптестері лактация кезеңіндегі түйе сүтіндегі лактозаның құрамын
зерттеп, оның аз өзгеретінін көрсетті. Лактацияның басында лактозаның
құрамы төмен 2,8% болса, ал лактацияның 24-күні ол 3,6% дейін жоғарылайды
[57].
Түйе сүтіндегі негізгі көмірсулар фракциясы сүт қанты – 3,3-тен 5,80%
аралығында болады. Шөлейт аудандардағы түйелердің жеуге болатын
өсімдіктерінің табиғаты лактозаның құрамын үлкен өзгерістерге әкелуі мүмкін.
Алайда әлемдегі кейбір дромедар түрлерінде лактозаның құрамы бірнеше рет
өзгерді [21, р. 87].
Дәрумендер алмастырылмайтын, маңызды биологиялық белсенді заттар
болып табылады. Аз мөлшерде олар ағзаның жасушалық алмасуына қатысады
және олардың қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта
барлық белгілі дәрумендер сүтте кездеседі. Дәрумендер ағзаның өмірлік
белсенділігінде маңызды рөл атқарады: кейбіреулері ферменттердің бір бөлігі
болып табылады және олар жасушалардың зат алмасу үрдістеріне, тіндердің,
жасуша топтарының қалыптасуына қатысады немесе антиоксиданттық
қасиеттерге ие [33, с. 50; 36, с. 323].
Түйе сүтінде D, E, A, C және B тобындағы дәрумендер сияқты көптеген
дәрумендер кездеседі [34, р. 14]. Түйе сүті С дәруменіне бай екендігі
анықталды. Түйе сүтінде ірі қара сүтіне қарағанда С дәрумені үш-бес есе көп.
Түйе сүтіндегі С дәруменінің орташа концентрациясы 34,16 мг/л құрайды. Түйе
сүтінде сиыр сүтіне қарағанда ниациннің (B
3
) жоғары концентрациясы
болатыны белгілі. USDA (2009) деректері бойынша (250 мл) түйенің сүті 10,5%
аскорбин қышқылы (С), 5,25% А дәрумені, 8,25% рибофлавин (В
2
), 15,5%
кобаламин және пиридоксин, тиамин мөлшері ұсынылатын тәуліктік
қажеттілікті қанағаттандырады. Салыстыру үшін сиыр сүтін (250 мл) алсақ, ол
ересек адамның 9% А дәруменіне, 3,5% аскорбин қышқылына (С), 11,5%
пиридоксинге (B
6
), 36% рибофлавинге (B
2
) деген тәуліктік қажеттілігін
қанағаттандырады.
19
Сүттегі С дәруменінің жоғары концентрациясы салдарынан рН мәні
деңгейінің төмен болуы сүтті тұрақтандырады, сондықтан ол кілегей қабатын
қалыптастырусыз салыстырмалы түрде ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Түйе
сүтіндегі С дәруменінің мөлшерінің көп болуы тағамдық тұрғыдан маңызды,
өйткені ол антиоксиданттық белсенділікке ие [57]. Түйе сүтіндегі С дәрумені
остеопороз жағдайында кальцийдің сіңірілуін қамтамасыз етіп, сүйектерде
сақталады [58].
Минералды заттар әртүрлі физиологиялық функцияларды атқаратын
тамақтанудың маңызды компоненттері болып табылады. Минералды заттар
ағзадағы қышқылды-сілтілік балансты сақтау үшін, тіндер мен жасушалардағы,
тін және жасушааралық сұйықтықтардағы сутегі иондарының белгілі бір
концентрациясын жасау үшін, сондай-ақ метаболизмнің қалыпты ағынын
қамтамасыз ететін осмостық қасиеттер беру үшін қажет. Ақуыздың
қалыптасуында минералды заттар өте маңызды. Эндокриндік бездердің
(мысалы, қалқанша безінде йодтың) қызметіндегі рөлі, сондай-ақ
ферментативті
үрдістерге
қатысуы
дәлелденген. Минералды
заттар
қышқылдарды бейтараптандыруға, ағзадағы судың алмасуын қалыпқа келтіруге
қатысады [37, с. 54-55; 40, с. 689].
Дромедар түйе сүтінде минералды заттардың мөлшері 0,60 пен 1,0%
аралығында болады. Азықтандырудағы айырмашылықтарға байланысты
минералды заттар деңгейінде елеулі ауытқулар болады [34]. Түйе сүті натрий,
калий, кальций, фосфор, магний, темір, мырыш және мыс сияқты әртүрлі
минералды заттардың бай көзі болып табылады. Түйе сүтінің құрамындағы
минералды заттар: мырыш, марганец, магний, темір, натрий, калий және
кальцийдің орташа мәндері (100 грамдағы) сәйкесінше 0,53, 0,05, 10,5, 0,29, 59,
156 және 114 мг құрайды [21, р. 86; 34, р. 15].
Түйе сүтінің бірқатар денсаулыққа пайдалы қасиеттері құрамындағы
биологиялық белсенді заттарға байланысты. Бұл компоненттер түйе сүтінде
табиғи түрде кездеседі [49, с. 13] немесе түйе сүтінің ақуыздарынан
пробиотикалық штаммдарды алады [9, р. 50].
Микроорганизмдердің мұражайында («Антиген» ҒӨК) сақталған түйе
сүті мен шұбатттан алынған сүтқышқылды бактериялардың антагонистік
қасиеттері зерттелген. Зерттеу барысында күшті антагонистік қасиеттеріне
байланысты, оларды пробиотикалық препараттарды шығару үшін пайдалануға
болатындығы анықталған [59].
Ұйытқы ферменттерінің көмегімен ашытылған шұбатта сүт көмірсулары
терең өзгеріске ұшырайды. Сүт қышқылы мен спирттік ашыту үрдісі кезінде
лактоза мөлшері азаяды, ал ашыту өнімдері – сүт қышқылы мен этил спиртінің
мөлшері жоғарылайды. Ферментация үрдісі кезінде шұбаттағы липидтердің
мөлшері өзгермейді, өйткені сүт қышқылды бактериялар мен сүт
ашытқысының құрамында триацилглицеролды гидролиздейтін липаза ферменті
болмайды [30, с. 9].
Сүтқышқылды өнімдерді, соның ішінде шұбатты ерте кезден бері
туберкулезді емдеуге және асқазан-ішек жолдарының ойық жарасы сияқты
20
басқа да ауруларды емдеу үшін қолданған. Түйе сүтімен ұйқы безі, бауыр мен
ішек зақымдануын емдеу тиімді болып табылады. Созылмалы гастрит ауруы
кезінде түйе сүтін пайдаланса, ол асқазанның шырышты қабығының қабынуын
тоқтатуға ықпал етеді және асқазан сөлінің қышқылдығын қалпына келтіреді.
Осы орайда, жаңа ғана сауылған түйе сүтін ашқарынға тамақ ішер алдында
жарты сағат бұрын 200 мл және күніне қосымша 1-2 рет қабылдаған денсаулық
үшін өте пайдалы [44, р. 36].
1 типті қант диабетімен ауыратын адамдарға инсулин терапиясына
қосымша ретінде түйе сүтінің тиімділігі, қауіпсіздігі және қолайлылығын
бағалау үшін ұзақ мерзімді ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілген. Түйе сүті 1
типті қант диабетімен ауыратын адамдар қолданатын инсулин дозасының
айтарлықтай қысқаруына, глюкоза деңгейін жақсартуға тиімді екенін көрсетті.
Бұдан кейінгі зерттеулер тәжірибелік егеуқұйрықтарға бақылау тобына және 2
типті диабет ауруымен ауыратындардың инсулинге сезімталдығына түйе
сүтінің гипогликемиялық әсерін анықтау мақсатында жүгізілген. Нәтижесінде
қант диабетімен ауыратын адамдарда инсулиннің мөлшері айтарлықтай
төмендейтіні анықталған [23, р. 24; 34, с.15; 60-62 ].
Түйе – тамақ көзі ретінде күнделікті өмірде өте қажет жануар. Түйелер
басқа сүтқоректілерге қарағанда көбірек сүт өндіреді. Қазіргі уақытта түйе
сүтінің адам ағзасына жоғары емдік әсеріне байланысты көптеп өсірілуде.
Зерттеулердің нәтижелері түйе сүтінің құрамы антибактериалды, вирусқа және
қатерлі ісікке қарсы белсенділік, антиоксиданттық, гипогликемиялық,
антиканцерогендік, қартаюдың алдын алатын қасиеттер, аутоиммунды
ауруларға әсері ерекше екенін растады [63-65].
Түйе сүтінің адам денсаулығына тигізетін пайдасы көп болғандықтан
қосымша зерттеуді қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |