Асембаева эльмира куандыковна


Қорғауға ұсынылатын ғылыми жұмыс нәтижелерінің жинақталуына



Pdf көрінісі
бет10/45
Дата21.09.2023
өлшемі7.94 Mb.
#478091
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45
Диссертация Асембаева Э К

Қорғауға ұсынылатын ғылыми жұмыс нәтижелерінің жинақталуына 
диссертанттың жеке үлесі. Диссертант жұмыс бойынша әдеби деректерді 
талдау, жұмыстың мақсаты мен міндетін анықтау, тәжірибелік зерттеулердің 


12 
орындалуын жоспарлау және жүргізу, алынған мәліметтерді статистикалық 
өндеу мен талдау, диссертацияның қолжазбасын жазу және рәсімдеу бойынша 
өз үлесін қосты. Жұмыста баяндалған ғылыми жаңалықтар, негізгі нәтижелер 
мен қорытындылар диссертанттың жеке қатысуымен жүргізілген зерттеулері 
нәтижесінде алынған.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және енгізу. Диссертациялық 
жұмыстың зерттеу нәтижелері және негізгі қағидалары төмендегідей 
халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларда баяндалды және 
талқыланды: 
– «Азық-түлік инновациясы және биотехнологиясы
»
атты IV 
Халықаралық ғылыми конференция (2016, Кемерова, Ресей); 
– «Экономиканың, тауартанудың және тауарлардың қауіпсіздігін 
қамтамасыз етудің өзекті мәселелері» атты халықаралық қатысуымен 
Бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференция (2018, Коломна, Ресей); 
– «Биотехнология: болашаққа көзқарас» IV Халықаралық ғылыми- 
практикалық конференция (2018, Ставрополь, Ресей); 
– «Заманауи әлемдегі ғылым және білім: ХХІ ғасырдың шақырулары» 
атты VI Халықаралық ғылыми-практикалық конференция (2020, Нур-султан, 
Қазақстан);
– «Биотехнология: болашаққа көзқарас» VI Халықаралық ғылыми- 
практикалық конференция (2020, Ставрополь, Ресей). 
Басылымдар.
Зерттеу жұмысының нәтижелері 15 ғылыми еңбекте 
басылып шықты, оның ішінде: 1 мақала Scopus мәліметтер базасына енетін 
импакт-факторы бар халықаралық журналдарда, 5 мақала Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті тізіміндегі 
республикалық ғылыми журналдарда, 1 мақала Бүкілресейлік сүт өнеркәсібі 
ғылыми-зерттеу институты жинағында және 5 тезис халықаралық ғылыми 
конференциялардың материалдар жинағында жарияланған. Зерттеулер 
бойынша 2 ҚР патенттері және 1 ҚР пайдалы модель патенті алынды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет