103
ҚОРЫТЫНДЫ
Диссератциялық жұмыс нәтижелері
бойынша келесі тұжырымдар
жасалды:
1. Түйе сүтінің жоғары тағамдық және биологиялық құндылыққа ие
екендігін, сүтқышқылды өнімдерді алуда теңдестірілген негізі болып
табылатындығын физика-химиялық және
функционалды-технологиялық
сипаттамаларды талдау нәтижелері көрсетті.
2.
Ұйытқы таңдау мақсатында жүргізілген зерттеулер нәтижесі БСӨҒЗИ
әзірлеген өндірістік симбиотикалық ұйытқыны таңдауға мүмкіндік берді. Бұл
ұйытқының оңтайлы мөлшері – 10%, ашыту уақыты 5-6 сағат болды.
Технологиялық операцияның ұзақтығын қысқарту энергия құнын төмендетеді.
3. Сүтқышқылды сусынға қосылатын пребиотикалық қасиеттері бар
көмірсулар (фруктоза, изомальтулоза, лактулоза) композициясының ең
оңтайлы
мөлшері 5% болатыны анықталды. Пребиоткалық қасиеттері бар тәттілендіргіш
көмірсулар композициясының оңтайлы мөлшерін анықтау мақсатында
жүргізілген зерттеу нәтижелері «Түйе сүті негізінде пребиотикалық қасиеттері
бар ішетін йогурт алу тәсілі» ҚР пайдалы модель патентімен расталады
(Қосымша В).
4. Түйе сүті негізінде алынған пребиотикалық қасиеті бар сүтқышқылды
сусын өндірудің биотехнология үрдісінің технологиялық сызбасы дайындалды.
Бұл сүтқышқылды сусынға шәрбәтті қосып өндірісте
өндіргенде классикалық
йогурт өндіретін қондырғылар қолданылатыны, олар қосымша баптауды қажет
етпейтінін көрсетті.
5. Пребиотикалық қасиеттері бар сүтқышқылды сусын құрамындағы
аминқышқылдарының жалпы құрамы бақылаумен салыстырғанда жоғарылап,
бақылау үлгісімен салыстырғанда 0,35 г/100 г
құрады, ауыстырылмайтын
аминқышқылдарының мөлшері 0,23 г/100 г артты. Дәрумендердің мөлшері В
2
дәрумені – 0,54мг, В
6
дәрумені – 0,52мг, С дәрумені – 1,32мг жоғарылады.
6.
Талдау нәтижелерінен сүтқышқылды
сусынды көмірсулар
композициясымен байытқанда ақуыздың массалық үлесі бақылау үлгісіне
қарағанда 0,35
%
, көмірсу 2,5
%
жоғарлайтынын көрсетті. Жаңа өнімнің
энергетикалық құндылығы 77,61 ккал/ 324,93 кДж. Өнімінің сақтау мерзімі (4±2)
ºС температурада 7 тәулік.
7. Өндірістік жағдайда сүтқышқылды сусын алу биотехнологиясының
ұйым стандарты СТ ТОО 161140015749-4-2019 жасалып,
сусынға өндірістік
жағдайда өндірістік сынақ «LF Company» ЖШС өткізілді (Қосымша А және Б ).
8. Түйе сүті негізінде алынған пребиотикалық қасиеттері бар
сүтқышқылды
сусынның
иммунобиологиялық
және
антиоксидаттық
қасиеттерін зерттеу мақсатында клиника алды зерттеу нәтижесі сүтқышқылды
сусынмен бір ай азықтандырылған тышқандарда көкбауырда IgM-АТЖ саны
32,4х10
3
болды, сынама өнімді алмаған тышқандарға қарағанда 1,3 есе өсетінін
көрсетті. Антиоксидантты ферменттердің құрамы сүтқышқылды сусынмен
азықтандырылған кезде жоғарылады.