29.Қан құйылу кезіндегі асқынулардың себептері, алдын алуы және асқынулардың емі. Кан кұюдың ережелерін мұқият сақтаған кезде ол емдеудің қауіпсіз әдісі
болып есептеледі. Құюдың ережелерін бұзу, қарсы көрсеткіштерді есепке ал-
мау, трансфузия техникасында кателіктер трансфузиядан кейінгі аскынуларға
әкелуі мүмкін.
Аскынудың сипаты мен дәрежесінің айкындылығы әртүрлі. Олар ағзалар
мен жүйелердің қызметінің ауыр бұзылысымен қабаттаспауы және өмірге
кауіп төндірмеуі мүмкін. Оған пирогенді және жеңіл аллергиялык реакциялар
жатады. Олар трансфузиядан кейін тез арада дамиды және дене кызуының
жоғарылауымен, жалпы өзін нашар сезінуі, әлсіздікпен көрінеді. Қалтырау,
бас ауруы, терінің қышынуы, дененің кейбір бөліктерінің ісінуі (Квинке
ісінуі) пайда болуы мүмкін.
Пирогендік реакциялардың үлесіне барлық аскынулардың жартысы
тиесілі, олар жеңіл, орташа, ауыр болады. Жеңіл дәрежесінде дене кызуы
1 градусқа жуық жоғарылайды, бас ауруы, бұлшық еттерде ауырсыну пай-
да болады. Орташа ауырлықтағы реакция қалтыраумен, дене қызуының
1,5-2 градуска жоғарылауымен, тамыр соғысы мен тыныстың жиілеуімен
қабаттасады. Ауыр реакциялар кезінде күшті қалтырау, дене қызуы 2 гра-
дустан артық (40 гр және жоғары) жоғарылауы байқалады, катты бас ауру,
бұлшық еттердің, сүйектердің сырқырауы, ентігу, еріндердің цианозы, тахи-
кардия байкалады.
Пирогендік реакциялардың себебі, плазма нәруыздарының және до-
нор қанының лейкоциттерінің ыдырау өнімдері, микробтардың тіршілік
әрекетінің өнімдері болып есептеледі.
Науқаста пирогенді реакция байқалғанда, көрпемен қымтап, аяқтарына
жылытқы қойып қыздыру, ыстық шай ішкізу қажет, стероидты емес, қабынуға
қарсы дәрі-дәрмек беру керек. Жеңіл және орташа ауырлықтағы реакция-
ларда бұл көмек жеткілікті болады. Ауыр реакцияларды науқасқа қосымша
иньекция түрінде стероидты емес, кабынуға қарсы тағайындайды, вена ішіне
5-10 мл 10% кальций хлоридінің ерітіндісін енгізеді, декстроза ерітіндісін
тамшылатып кұяды. Пирогенді реакциялардың алдын алу үшін ауыр анеми-
ясы бар науқастарға жуылған және мұздатылған эритроциттерді құю кажет.
Аллергиялық реакциялар - реципиент организмінің Ig-ге сенсибили-
зациялану салдарынан, көбінесе олар қайталанған трансфузиялар кезінде
байкалады. Аллергиялық реакциялардың клиникалық көріністері: дене
температурасының жоғарылауы, калтырау, жалпы көңіл күйінің болмауы,
есекжем, ентігу, тұншығу, жүрек айну, кұсу. Емдеу үшін антигистаминді және
десенсибилизациялаушы заттарды (дифенгидрамин, хлоропирамин, кальций
хлориді, глюкокортикондтар), кан тамырлық жетіспеушілік көріністерінде -
қан тамырлар тонусын жоғарылатушы заттарды қолданады.
Қанның антигенге қатысты, негізінен АВО жүйесі және Rh-фактор бой-
ынша үйлесімсіздік кұйылған кезде гемотрансфузионды шок дамиды. Оның
патогенезінің негізінде, құйылған қанның қан тамыр ішілік гемолизінің тез
арада орын алуы жатыр. Қан үйлесімсіздігінін негізгі себептері - дәрігер іс-
әрекетіндегі кателіктер, қан құю қағидаларын бұзу.
САҚ төмендеуінің дәрежесіне байланысты шоктың 3 сатысын ажыратады:
• І саты - 90 мм с.б. дейін;
• II саты - 80-70 мм с.б. дейін;
• III саты - 70 мм с.б төмен.
Гемотрансфузионды шоктың ағымында кезеңдерді ажыратады:
меншікті гемотрансфузионды шок;
• диурездің төмендеуімен, уремияның дамуымен сипатталатын олигоурия
және анурия кезеңі; бұл кезеңнің ұзақтығы 1,5-2 апта;
• диурездің қалпына келу кезеңі - полиурия және азотемияның азаюымен
сипатталады; оның ұзақтығы - 2-3 апта;
• сауығу кезеңі, 1-3 ай бойына созылады (бүйрек жеткіліксіздігінің
ауырлығына байланысты).
Шоктың клиникалық симптомдары трансфузияның басында, 10-30 мл
қанды кұйғаннан кейін, трансфузия соңында немесе одан кейінгі жуық
уақыттарда пайда болуы мүмкін. Науқас мазасызданып, төс артындағы
ауырсынуға және тыныстың тарылуын сезінуіне, беліндегі, бұлшық еттердегі
ауырсынуға, кейде қалтырауға шағымданады. Ентігу, тыныс алудың қиыңдауы
байкалады. Беті гиперемияланған, кейде бозғылт немесе цианозды. Жүрек
айну, құсу, еріксіз несеп бөлінуі және дефекация болуы мүмкін. Пульс жиі,
толымдылығы әлсіз, АҚ төмендейді. Симптомдардың жылдам өршуінде өлім
тууы мүмкін.
Наркоз астындағы операция уақытында сәйкес емес қан құйған кез-
де шоктың көріністері көбінесе байқалмайды немесе әлсіз білінеді. Мұндай
жағдайда қанның сәйкессіздігі АҚ жоғарылауымен немесе төмендеуімен,
операциялық жарада тіңдердің қанағыштығы жоғарылауымен көрінеді.
Науқасты наркоздан шығарғаннан кейін, тахикардия, АҚ төмендеуі білінеді,
тынысалу жеткіліксіздігі болуы мүмкін.
Гемотрансфузионды шоктың қан құйған кезіндегі клиникалық көрінісі,
Rh-фактор бойынша сәйкессіздігінде, 30-40 мин. кейін, кейде қан құйғаннан
кейін бірнеше сағаттарда, қанның көп мөлшері құйылғаннан кейін дамуы
мүмкін. Мұндай асқыну ауыр өтеді.
Науқасты шоктан шығарғаннан кейін, жедел бүйрек жетіспеушілігі дамуы
мүмкін. Алғашқы күндері диурездің төмендеуі (олигурия), салыстырмалы
төмен тығыздықты несеп, уремияның көріністерінің үдеуі байқалады. Жедел
бүйрек жетіспеушілігі үдеген кезде, несеп бөлінуінің толық тоқтауы (анурия)
орын алуы мүмкін. Қанда қалдық азот және мочевинаның, билирубиннің
құрамы артады. Ауыр жағдайда бұл кезеңнің ұзақтығы 8-15 тіпті 30 тәулікке
созылады. Бүйрек жетіспеушілігінің қолайлы ағымында диурез біртіндеп
калпына келеді және сауығу кезеңі басталады. Уремия дамығанда науқастар
13-15-ші күні дүниеден өтуі мүмкін.
Гемотрансфузионды шоктың бастапқы белгілері көрінгенде қан құюды
тоқтату қажет, сәйкессіздік себебінің анықталуын күтпей, қарқынды терапи-
яны бастау керек.
• Жүрек-қантамырлык заттар ретінде строфантин-К, меруерттүлгликозиді,
АҚ төмендегенде - норэпинефрин, антигистаминді заттар ретінде дефенгидрамин, хлоропирамин немесе прометазин қолданады, глюкохор-
тикоидтарды (50-150 мг преднизолон немесе 250 мг гидрокортизон) кан
тамырлык қызметін ынталандыру және антиген-антидене реакциясын
баяулату мақсатында енгізеді.
• Гемодинамиканы, микроциркуляцияны қалпына келтіру үшін қан алма-
стырушы сұйықтықтарды қолданады: декстран (ор. мол. массасы 30 000-
40 000) тұзды ерітінділер.
• Гемолиз өнімдерін жою үшін Повидон+Натрий хлориді+калий
хлориді+магний хлориді+натрий гидрокарбонатын, натрий гидрокарбо-
наты немесе лактатын енгізеді.
• Диурезді куаттау үшін фуросемид, моннитол.
• Бүйрек қан тамырларының спазмын шешу үшін екі жақты белдік про-
каинды бөгетті шұғыл жасайды.
• Науқастарға тыныс алу үшін ылғалданған оттегі береді, тыныс
жетіспеушілігінде ӨЖЖ жүргізеді.
• Гемотрансфузионды шокты емдеуде 1500-2000 мл плазманы ағызып,
оның орнын жаңа мұздатылған плазмамен ауыстырумен, плазма алма-
стыруды жүргізу көрсетілген.
• Жедел бүйрек жетіспеушілігіндегі дәрі-дәрмектік терапияның тиімсіздігі,
уремияның плазмоферездің көрсеткішіне жатады.
Шоктың пайда болуы қай жерде орын алса, сол мекемеде реанимациялық
шаралар жүргізіледі. Бүйрек жетіспеушілігін емдеуді, қанның экстраренальды
тазалаушы арнайы бөлімшелерде іске асырады.
Бактериальды-токсикалық шок өте сирек байкалады. Оның себебіне, қанды
даярлау немесе сақтау барысында канның инфицирленуі жатады. Асқынуы
тікелей трансфузия уақытында немесе одан 30-60 минуттан кейін пайда бо-
лады. Бірден дірілдеп қалтырау, дененің жоғары температурасы, қозу, естің
бұлыңғырлануы, жиі, жіп тәрізді пульс, АҚ күрт төмендеуі, еріксіз несеп және
дефекация көрінеді.
Диагнозды растау үшін құйған канның калдығын бактериологиялық
зерттеудің үлкен маңызы бар.
Емі - шокка қарсы, дезинтоксикационды және антибактериалды терапия-
ны үздіксіз қолдануды, сонымен катар, ауырсынуды басу және қан тамырларды
тарылтушы заттарды (фенипэфрин, норэпинефрин) реологиялык және дезин-
токсикационды әсері бар каналмастырушы сұйықтықтарды (декстран (ор. мол.
массасы 30 000-40 000), Повидон+натрий хлориді+калий хлориді+кальций
хлориді+магний хлориді+натрий гидрокарбонаты), электролитті ерітінділер,
антикоагулянттар, әсер ету аукымы кең антибиотиктерді (аминогликазтдтер,
цефалоспориндер) камтиды.
Қанды алмастырып құятын, алдын ала кешенді терапиямен толықтыру
тиімдірек.
Ауалы эмболия - қан кұю техникасын бұзған кезде орын алуы мүмкін -
трансфузияға арналған жүйені дұрыс толтырмау (онда ауа қалып қояды),
қысыммен қан кұюды өз уақытында тоқтатпау. Мұндай жағдайларда ауа венаға түсіп, одан жүректің оң бөлігіне, әрі қарай өкпе артериясына өтіп,
оның сабауларын бекітеді. Ауалы эмболияның дамуы үшін венаға бір
уакытта 2-3 см куб ауаның түсуі жеткілікті. Өкпе артериясының ауалы
эмболиясының клиникалық белгілеріне кеудедегі күрт ауру сезімі, ентігу,
күшті жөтел, тұлғаның жоғарғы бөлігінің цианозы, әлсіз жиі пульс, АҚ
төмендеуі жатады.
Науқастар мазасыз, қолдарымен кеудесін қысып ұстап, қорқыныш
сезінеді. Ағымы көбінесе қолайсыз. Эмболияның бастапқы белгілерінде қан
құюды токтатып, реанимациялық шараларды бастау қажет. Жасанды тыныс
алдыру, жүрек-қан тамырлык дәрілік заттарды енгізу.
Қан кұю кезіндегі тромбоэмболия канды сақтау кезінде түзілетін кан
ұйындыларының қан кұю кезіндегі эмболиясы немесе қан құйған кездегі вена-
да п. б тромбтың үзілуі нәтижесінде болады. Асқынуы ауалы эмболия типінде
өтеді. Шағын тромбтар өкпе артериясының ұсақ тармақтарын бітейді, өкпенің
инфаркты (кеудедегі ауру сезімі, жөтел, басында құрғақ, содан соң қан аралас
кақырықпен, дене қызуының жоғарылауы) дамиды. Ренттенологиялық зерт-
теу кезінде ошақты пневмония суреті анықталады.
Тромбоэмболияның бастапқы белгілерінде бірден қан құюды тоқтатып,
жүрек-кан тамырлық дәрілік заттарды қолданады, оттегімен тыныс алдырып,
фибринолизинді (адамның), стрептокиназаны, натрий гепаринін енгізеді.
Ауқымды гемотрансфузияны, қан тамыр арнасына донорлық қанның
АҚК-ң 40-50%-нан (2-3 литр қан) мөлшерін қысқа уақыт ішінде (24 сағ.
дейін) кұюды есептейді. Әртүрлі донордан алынған қанның мұндай мөлшерін
күйған кезде ауқымды гемотрансфузияның синдромы деп аталушы, күрделі
симптомдық кешен дамиды. Оның дамуын анықтаушы негізгі фактор, суық
(рефрижераторлы) қанның әсер етуі, көп мөлшерде натрий цитратының
түсуі, плазманы сақтаған кездегі, қанның ыдырау өнімдерінің (калий, амми-
ак т.б.) жиналуы, сонымен қатар кан тамыр арнасына көлемді сұйықтықтың
түсуі, жүрек-қан тамыр жүйесіне жүктеме туғызады.
Жүректің жедел кеңеюі науқас қанына консервіленген қанның көп
мөлшерін сорғалатып құю немес қысыммен тез енгізу. Ентігу, цианоз, оң
қабырға астындағы ауру сезіміне шағымданады, жиі, аз аритмиялы пульс,
АҚ төмендеуі және ОВҚ жоғарылауы. Жүректің зорығу белгілерінде құюды
тоқтатып, қанағызу ( 200-300 мл) және жүректік (строфантин-К, інжір гүл
гликозиді), қан тамыр тарылтушы дәрілік заттарды, 10% кальций хлоридінің
ерітіндісін (10 мл) енгізу керек.
Цитратты интоксикация көлемді гемотрансфузия кезінде дамиды.
Натрий цитраты реципиент қанының кальций иондарын байланыстыра-
ды, гипокальциямияның дамуымен қатар цитраттың қанда шоғырлануы,
ауыр интоксикацияға әкеледі, оның симптомдарына тремор, тыры-
су, пульстің жиілеуі, АҚ төмендеуі, аритмия жатады. Ауыр жағдайларда
қарашықтардың кеңеюі, өкпелердің және мидың ісінуі қосылады.
Цитратты интоксикацияның алдын алу үшін гемотарнсфузия уақытында,
консервіленген қанның әрбір 500 мл-не 5 мл 10% калций хлоридінің
ерітіндісін немесе кальций глюконатын енгізу қажет. Ұзақ мерзімге
сақталған (10 тәу, артық) консервіленген қаннын көп мөлшерін кұюдың
салдарынан ауыр калийлік интоксикация дамуы мүмкін, ол қарыншалар
фибрилляциясына, содан соң жүректің тоқтауына әкеледі. Гиперкалиямия
брадкардиямен, аритмиямен, миокардтын атониясымен көрінеді, кан
анализінде, калийдің артық мөлшері анықталады.
Калийлік интоксикацияның алдын алу үшін кыска мерзімге (3-5 тәулік)
сакталған қанды құю, жуылған және мұздатылған эритроциттерді колданубо-
лып табылады. Емдік максатта 10% кальций хлоридінің, натрий хлоридінің
изотониялық ерітіндісін, 40% декстраза ерітіндісін инсулинмен, жүрек
препараттарының инфузиясын пайдаланады. Аукымды гемотрансфузия
кезінде көптеген донордың топтық және резустық сәйкес қанын құйғанмен,
дербес плазма нәруыздарының сәйкес емес канын кұю салдарынан канның
гомологиялық синдромы деп аталушы ауыр асқыну дамуы мүмкін. Бұл
синдромның клиникалық белгілеріне тері жамылғысының көкшіл түспен
бозғылттануы, жиі әлсіз пульс. АҚ төмендеген, ОВҚ жоғары, өкпелерде
көптеген ұсак көпіршікті сырылдар анықталады. Өкпе ісінуі үдеуі мүмкін,
ол ірі көпіршікті, ылғалды сырылдармен, сырылдаушы тыныспен көрінеді.
Гемотокриттің төмендеуі және АҚК қалыпты немесе қан жоғалтудың ор-
нын артық мөлшермен толықтыруға қарамастан, күрт азаюы байқалады,
канның ұю уақыты баяулайды. Синдромның негізінде микроциркуляцияның
бұзылысы, эритроциттердің стазы, микротромбоздар, қанның қорға жиналуы
жатыр.
Қанның гомологиялық синдромының алдын алуға, АҚК және оның
компоненттерін ескеріп жоғалтылған канның орнын толтыруды қарастырады.
Донор қанын гемодинамикалық қан алмастырушы шокқа қарсы (декстран
(ор. мол. массасы 50 000-70 000) декстран (ор. мол. массасы 30 000-40 000),
қанның реологиялық касиетін (ағысын) пішінді элементтерді сұйылтуесебінен
тұтқырлығын төмендетіп жақсартушы, микроциркуляцияны жақсартушы
сұйықтықтармен біріктіру өте маңызды.
Ауқымды трансфузияға қажеттілік туғанда, гемоглобинконцентрациясының
орнын толтыруға тырысудың қажеті жок. Оттегінің тасымалдау қызметін
куаттау үшін 75-80 г/л деңгейі жеткілікті.
АҚК-ң жеткіліксіз мөлшерін қан алмастырушы сұйықтықтармен
толықтыру қажет. Қанның гомологиялық синдромын ескерудегі маңызды
орынды канның немесе плазманың аутотрансфузиясы, яғни науқасқа
абсолютті сәйкестендірілген трансфузионды орталарды, сонымен қатар
мұздатылған және жуылған эритроциттерді құю алады.
Инфекциялық асқыну. Оған қанмен жедел инфекциялық аурулардың
(грипп, кызылша, сүзек, бруцеллездің, токсоплазмоздың т.б.) тасымалда-
нушы, сонымен қатар сарысулық жолмен таралушы аурулардың (гепатит В
және С, АИТС, цитомегаловирусты инфекция, безгек т.б.) берілуі жатады.
Мұндай асқынулардың алдын алуға донорларды мұқият іріктеу, донор-
лар арасында санитарлық-ағарту жұмыстары, қан кұю станцияларындағы,
донорлык пункттердегі жұмыстарды дұрыс ұйымдастыру.