Асептика. Анықтамасы, асептиканың түрлері



бет17/88
Дата09.05.2024
өлшемі388.97 Kb.
#500768
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   88
хирка ответ 1-135 (1)

Абсоллютті көрсетілімдер:

  1. Жедел қан жоғалту (АҚК 21% тен )

  2. 2-3 дәрежелі травматикалық шок

  3. Үлкен көлемді қан жоғалтатын операциялар

Салыстырмалы:

  1. Анемия

  2. Ауыр интоксикациямен өтетін қабыну аурулары

  3. Созылып жатқан қанжоғалту

  4. Қан ұю жүйесі бұзылыстары

  5. Иммунды статустың төмендеуі

  6. Регенерация мен реактивтілікті төмендететін созылмалы қабыну процесстері

  7. Кейбір уланулар

Абсолютті қарсы көрсетілімдер: жедел жүрек-өкпелік жеткіліксіздіктің өкпе ісінумен бірге сипатталуы
Салыстырмалы қарсы: жаңа пайда болған тромбоздар мен эмболиялар, ми қанайналымның ауыр бұзылыстары, жүрек ишемиялық аурулары, сепсистік эндокардит, жүрек ақаулары, миокардиттегі 3 дәрежелі қанайналым жетіспеуі, 3 дәрежелі гипертония, бауыр бен бүйректің ауыр жеткіліксіздіктері, аллергиямен байланысты аурулар (брониалды астма, поливалентті аллергия), жедел диссеминирленген туберкулез, ревматизм.

27. Қан құю техникасы. Сәйкестікке сынақ, сынақты кезегімен жүргізу, науқастың жағдайын бақылау.
ЖАУАБЫ:
Қан құю кезінде венаішілік және артерияішілік(қазір қолданылмайды). Негізінен ағзаға көктамырға тамшылатып енгізеді. Тек, өте ірі көлемді қан жоғалту болса ғана, артерия арқылы енгізеді.
Қан құюдың әдісіне қарай 2 үлкен топқа бөле аламыз:
Өз қанын құю (аутогемотрансфузия) және Донорлық қанды құю


  1. Гемотрансфузияға көрсетілімдері мен қарсы көрсетілімдерін анықтап, анамнез жинау және қан құюға дайындау

  2. Реципиенттің қан тобы мен резусын анықтау

  3. Сәйкес келетін донор қанын анықтап, макроскопиялық оның жарамдылығын анықтау

  4. Донордың қан тобын АВ0 жүйесімен тексеру

  5. АВ0 жүйесімен сәйкестігін индивидуалды тексеру

  6. Резус-фактордың сәйкестігін индивидуалды тексеру

  7. Биологиялық сынама жүргізу

  8. Гемотрансфузияны жүргізу

  9. Қажетті құжаттарды толтыру

  10. Пациенттің жағдайын бақылау

Сәйкестікке сынама кезінде ең алдымен трансфузияға дейін АВ0 және резус факторлы жүйеге жасалады.



  • АВ0 бойынша: ақ пластинкалы ортаға не пробиркаға 0,1 мл реципиент қанының сарысуын тамғызып, 0,01 мл донор қанымен араластырады. Температура 15-25 градус болу керек. 5 минуттан кейін результатты бағалайды. Агглютинация болмаса демек, АВ0 жүйе бойынша сәйкес келеді. Агглютинация болса, демек қан құю жасалмайды, себебі сәйкес емес.

  • Резус-фактор бойынша: 33% тік полиглюкин қолдану арқылы жасалады. Пробиркаға реципиенттің 2 тамшы сарысуын, 1 тамшы донор қанын және 1 тамшы 33% тік полиглюкин енгізеді. Араластырып, оси бойынша айналдырады да, қабырғасына тегіс қабатпен жағылатындай етеді. Пробирканы 5 мин-тай араластырып, 3-4 мл физиологиялық ерітінді қосып тағы араластырады. 2-3 рет пробирканы горизонталь қалыпқа жеткенше араластырады (шайқамай). Результаты: эритроциттердің агглютинация болса, сәйкес емес, демек қан құйылмайды. Пробиркада біркелкі боялып, агглютинация болмаса, демек резус- фактор бойынша сәйкес.

  • Биологиялық сынама – 15 мл қанды енгізіп, 3 минут бойы науқас жағдайын бақылайды. Клиникалық реакциялар мен асқыну орын алмаса, тағы да 15 мл қан енгізіп, 3 минут бақылайды. Жалпы 3 рет қайталайды және ешқайсына реакция байқалмаса, демек сәйкес келетін қан болып табылады. Ал, сәйкес емес болатын болса, науқаста мазасыздық, тахикардия, ентігу, гиперемия мен қысылу, іштің ауруы әсіресе бел аймағының ауырсынуы байқалады. Наркозда жатқан пациентке бұл сынама жарамайды. Наркоз кезіндегі ең нақты бағалау диурез арқылы жасалады, егер диурез төмендесе не тоқтаса, түсі өзгерсе, демек қан сәйкес емес.

Науқас жағдайын 3 сағат көлемінде бақылайды. Шағымдарын, жалпы жағдайының өзгеруін бақылап, температурасын пульс және АҚ өлшенеді. Макроскопиялық тұрғыдан қан құюдан кейінгі зәрін бағалайды. Көлемі, түсі өзгеруі асқынулардың өтіп жатқанын көрсетеді. Наркоз кезінде болса, катетер арқылы зәрді шығғарып, бағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет