Қанның реинфузиясы
Серозды куыстарға іш куысы немесе плевралды куыстарға жарақаттық
закымдану, ішкі ағзалардын аурулары немесе операциялар нәтижесінде кұйылған
канды қайтадан кұю немесе реинфузия әдісі, баскаларға карағанда ертеден белгілі
болды. Канның реинфузиясын бұзылған жатырдан тыс жүктілікте, көкбауырдын,
бауырдын, шарбы кан тамырларынын, кеуде ішілік кан тамырлардын, өкпенің
жыртылуында қолданады. Реинфузияның карсы көрсеткішіне кеудедегі қуыс
ағзалардың (ірі бронхылардың, өнештің) іш куысының куыс ағзаларының -
(асқазан, ішектің, өт куығының, бауырдан тыс өт жолдарынын), несеп куықтың
жарақаттануы, сонымен қатар қатерлі жана түзілімдердің болуы жатады. Іш
куысында 24 сағ. артық болған қанды құю ұсынылмайды.
Канды консервациялау үшін қанмен 1:4 қатынастағы арнайы ерітінді не-
месе 50 мл натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісіндегі 10 мг натрий ге-
парин ерітіндісін, 500 мл сыйымдылықтағы флаконға пайдаланады. Қанды
металл ожаумен немесе үлкен касықпен сапырып алу жолымен алып, дереу
8 қабат марледен сүзгілейді немесе сорғыш көмегімен 0,2 атм кем болмайтын
күшпен қоюлатады. Аспирация көмегімен қанды жинау әдісінің келешегі бар.
Тұрактандырғышы бар флакондарға жиналған кан 8 кабат марледен сүзгілеуге
ұшырайды. Қанды стандартты сүзгілерді пайдаланумен, қан құюға арналған
жүйе арқылы құяды.
Реинфузия операциялық жоғарғы құйылған қанды жинап, опера-
ция уақытында жоғалтылған қанның орнын толтыру үшін науқасқа құюда
тиімдірек. Қанды вакуум көмегіментұрақтандырғышы бар флакондарға жинап,
соңынан 8 кабат марлемен кұяды. Жараға құйылған канның реинфузиясының
қарсы көрсеткішіне: қанның іріңмен ішек, асқазан ішіндегілермен ластануы,
жатырдың жыртылуы кезіндегі қан кету, қатерлі өспелер жатады.
Алмастырып қан құю
Алмастырып кан құю реципиенттің қан тамыр арнасынан жартылай не-
месе толығымен канды алып тастап, біруақытта дәл сол көлемдегі қанды
құюмен сипатталады. Алмастырып қан кұю көрсеткішіне: әртүрлі уланулар,
жаңа туған нәрестелердің гемолитикалық ауруы, гемотрансфузионды шок,
жедел бүйрек жетіспеушілігі. Ауыстырып қан құюмен бірге, эксфузирленуші
қанмен улар, токсиндерді шығарып тастайды. Қан құюды орын алмастыру
максатында жүргізеді.
Алмастырып қан кұю үшін жаңа консервіленген немесе консервіленген
сақтау мерзімі ұзақ болмаған канды пайдаланады. Қанды кез келген бет-
кей венаға құйып, эксфузияны емшараның ұзақ болуынан, қанның ұйып
қалуын болдырмау үшін ірі веналардан немесе артерияларда жүргізеді. Қанды
шығарып, донорлық қанды құюдың орташа жылдамдығы 1000 мл 15-20 мин
ішінде, біруақытта іске асырылады. Қанды толығымен ауыстыру үшін 10-15 л
донор каны кажет.
Достарыңызбен бөлісу: |