37.Парентеральды қоректену үшін қан алмастырғыштар, әсер ету механизмі, көрсетілімдері және қарсы көрсеткіштері. Нәруызды гидролизаттар
Нәруызды гидролизаттарды қанның қоректендіруші қызметін
толықтыру үшін қолданады. Препарат нәруыздар гидролизі (гидролизат-
тар) өнімдерінің ерітінділері болып табылады, кұрамында алмастырыла-
тын және алмастырылмайтын аминқышқылдары және төмен молекулярлы
пептидтер болады. Соңғысы құйған кезде бауырда сонына дейін ыдырауға
ұшырайды. Аминқышқылдар+Пептидтер техникалық казейіннен алына-
ды. Аминқышкылдар +Декстроза+Минералды тұздар+Пептидтерді кұюға
пайдаланылмаған бүтін донор канынан, эритроцитарлы массадан және плаз-
маны дайындағаннан кейінгі қан ұйындысынан, сонымен бірге ескі (пла-
центарлы) каннан дайындайды. Бүтін нәруызды молекула бауырда ыдырауға
ұшырайды, сондыктан бүтін қанды, плазманы, сарысуды қоректі орта деп
санамау керек және олар тек гемокоррекция үшін қолданылуы мүмкін. Егер
құйылатын аминқышқылдар кешенінің кұрамында, ен болмағанда бір алма-
стырмайтын нәруыз болмаса, нәруыз синтезі жүрмейді.
Аминқышқылдар+Пептидтер кұрамында 43-59 г аминқышқылдар және
карапайым пептидтер, 5,5 г натрий хлориді, 0,4 г калий хлориді, 0,4 г кальций
хлориді, 0,005 г магний хлориді, 1000 мл апирогенді су болады. Флакондарда
200 және 400 мл-ден шығарылады. 10-нан 23 °С-қа дейінгі температурада
сақталады. Жарамдылық мерзімі - 7 жыл. Препарат организммен жақсы
қабылданады (азотты қабылдау 80-93% жетеді), анафилактогенді қасиетке
ие емес.
Сақтаған кезде, флаконды шайқағанда жоғалатын аздаған тұнба түсуі
мүмкін.
Аминқышқылдар+Декстроза+Минералды тұздар+Пептидтердің құрамында
алмастыратын және алмастырмайтын аминкышқылдар және қарапайым пеп-
тидтер болады, мөлшері бойынша олардын кұрамы басқа гидролизаттарға
жақын. Ерітіндіге 5% декстроза ерітіндісі косылған. Флакондарда 400 мл-
ден шығарылады. 4-20 °С температурада сақталады. Жарамдылық мерзімі -
3 жыл. Препаратты сақтаған кезде флаконды шайқағанда жеңіл тарап
кететін, аздаған тұнбанын болуына рұқсат етіледі. Тұрақты тұнбаның және
бұлыңғырдың болуы преапаратты қолдануға жарамсыздығының көрсеткішіне
жатады.
Нәруызды гидролизаттар

Нәруызды қаналмастырушы ерітінділерді және аминқышқылды қоспаларды
қолдануға көрсеткіштер. Нәруызды гидролизаттарды науқасты операцияға
дайындағанда қолданады.
Әртүрлі патологиялық жағдайлар (онкологиялық аурулар, іріңді-
қабыну үрдістері, аурулар, шынайы қоректенудің бұзылысымен қатар
жүретін асқазанның ойық жара ауруы, өңештің, асқазанның антраль-
ды бөлігінің стенозы т.б.) нәруыз алмасуының бұзылуымен қатар жүреді,
бұл гипо- және диспротеинемияға әкеледі. Бұл организмнің операциялық
жарақатқа, инфекцияға төзімділігі төмендейді, операциядан кейінгі жараның
жазылуының бұзылуына және асқынулардың дамуына әкеледі. Нәруыз гидро-
лизаттарын және аминқышқылдардың қоспасын қолдану, дис- және гипопро-
теинемияны коррекциялауға мүмкіндік береді. Операциядан кейін нәруызды
қаналмастырушы ерітінділерді пайдалану, әсіресе өңешке, асказанға, ішекке
организмнің қалыпты азоттық тепе-теңдігін сақтауға мүмкіндік береді, опера-
циядан кейінгі кезеңнің ағымын қолайлырақ өтуін қамтамасыз етеді.
Нәруыз гидролизаттарын іріңдіқабыну ауруларында (перитонит кезінде,
плевра эмпиемасында, өкпе абцесінде, көлемді флегмоналарда, остеоми-
елит кезінде) және ішек түйілуінде де әрқашан айқын нәруыз ыдырауымен
және оның экссудатымен, іріңмен, ішектің бөліністерімен жоғалуы қатар
жүретіндіктен қолдану көрсетілген.
Нәруызды каналмастырушы сұйықтарды күйік жарақаты кезінде көп
мөлшерде нәруыз жоғалтумен және соңынан плазма жоғалту қатар жүретін
күйік ауруында, сонымен бірге оған іріңді-қабынулы асқыну қосылған
жағдайда пайдаланудың үлкен маңызы бар.
Нәруызды қаналмастырушы сұйықтарды қолданудын қарсы көрсеткішіне
кан айналымның жедел бұзылысы (шок, қан жоғалту), жедел және созылмалы
бүйрек жетіспеушілігі, тромбоз, тромбофлебит, тромбоэмболия жатады.
Нәруыз гидролизаттары және аминкышқылдардың қоспаларын көктамыр
ішіне, өте сирек - тері астына, сонымен бірге асқазанға және өңешке жасалған
операция уақытында жіңішке ішекке өткізілген зонд арқылы енгізеді.
Майлы эмульсиялар
Соя бұршақтарының майы+Үш глицеридтер - мөлшері 1 мкм-ден аз
бөлшектердегі 20% соя майының эмульсиясы, энергетикалық сиымдылығы
2100 ккал/л. Майлы эмульсиялар әсіресе ұзақ уақыт парентеральды
қоректендіргенде (3-4 апта бойына) көрсетілген. Оларды көп мөлшерде кало-
риялы, шектеулі көлемдегі сұйықтықтарды енгізу қажет болған жағдайларда
барынша пайдалануға болады.
Майлы эмульсияларды құюдың қарсы көрсеткішіне шок, ерте операциядан
кейінгі кезең, бауырдың ауыр аурулары, майлы эмболиялар, тромбофлебит,
тромбоэмболия, айқын атеросклероз, компенсацияланбаған қант диабеті,
май алмасуының бұзылысы жатады.
Қанттар, көп атомды спирттер
Организмнің энергетикалық сұранысын қанағаттандыру үшін паренте-
ральды коректендіруде декстрозаны, фруктозаны, сорбитолды пайдаланады.
5%, 10%, 20% және 40% түрінде коланылатын декстроза ерітінділері өте
үлкен рөл атқарады. Ол энергетикалық алмасуды ұстап тұруға қабілетті.
Декстрозаның артық мөлшері бүйректермен тез шығарылады, сондықтан
оны жеке өзін сирек пайдаланады, оны басқа қаналмастырушы сұйықтарға
қосымша энергетикалық ретінде, әсіресе нәруыз гидролизаттарына
колданады, Глюкозаның организмге сорылуы бұзылғанда (кант диабеті,
стресс, шок) фруктозаны, сорбитолды пайдаланады. Фруктоза толығымен ба-
уырда метаболизмге ұшырайды, оның сорылуы инсулинге байланысты емес.
5%, 10% немесе 20% ерітінді түрінде қолданылады.
Сорбитол - бауырда ыдырау жолымен сіңірілетін көп атомды спирт. Онын
сіңірілуі инсулинге байланысты емес, сондықтан оны қант диабетімен ауыра-
тын наукастарды парентеральды қоректендіру үшін пайдаланады. 5% ерітінді
түрінде қолданады.
Қолданылатын қанттар организмде нәруыздардың жиналуына ықпал жа-
сайды, олардың парентеральды қоректендіретін дозасы 250 г/тәу. құрайды.