Асептика. Анықтамасы, асептиканың түрлері


Дезинтоксикациялық ерітінділер, әсер ету механизмі, көрсетілімдері және қарсы көрсеткіштері



бет27/88
Дата09.05.2024
өлшемі388.97 Kb.
#500768
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   88
хирка ответ 1-135 (1)

36.Дезинтоксикациялық ерітінділер, әсер ету механизмі, көрсетілімдері және қарсы көрсеткіштері.
ДЕЗИНТОКСИКАЦИЯЛЫҚ ӘСЕР ЕТЕТІН ҚАН
АЛМАСТЫРУШЫ СҰЙЫҚТЫҚТАР
3% поливинилді төмен молекулярлы спирт ерітіндісі натрий хлоридінің
изотониялықерітіндісінде. Флакондарда 100, 200 және 400 мл сыйыймдылықта
шығарылады. +10 С төмен емес температурада сақталады. Бір реттік дозасы -
250 мл. Препаратты екі рет бірнеше сағат сайын енгізеді, енгізу жылдамдығы
минутына - 20-30 тамшы. Қолдану көрсеткішіне іріңді-резорбтивті
кызбамен қатар жүретін ауыр іріңді-қабыну аурулар, іріңді перитонит, ішек
түйілуі, сепсис, күйік ауруы, операциядан кейінгі және жарақаттан кейінгі
жағдайлар жатады.
Препаратты колданудың карсы көрсеткішіне тромбофлебит,
тромбомболиялық жағдай жатады (эмболияның кауіптілігіне байланысты).
Гемодез - электролиттердің ерітіндісінде сұйылтылған 6% поливинил-
пирролидонның төмен молекулярлы ерітіндісі. Бұл ерітіндіде Na, K, Са, Mg, Cl
иондары бар. Молекулярлық салмағы 10000-15000 . Көлемі 100, 200, 400 мл
флакондарда шығарылады. 0°С -тан +20°С -қа дейінгі температурада сақталады.
Сақталу мерзімі - 5 жыл. Гемодездің абсорбциялық қасиеті өте жақсы: қан
айналымындағы токсиндерді байланыстырып (соның ішінде бактериялық уларды
да), жартылай бейтараптандырып, несеппен шығуын қамтамасыз етеді. Ерітінді
бүйрек арқылы тез шығарылады: 4-6 сағаттан кейін, гемодездің 80% бөлінеді.
Гемодез интоксикация кезіндегі капиллярлардағы эритроциттердің тоқырауын
жояды, тіндерден токсиндерді шығарып, капиллярлық перфузияны жақсартады.
Бір реттік орташа енгізу мөлшері 200-400 мл. Балалардың салмағына шаққанда
15 мл/кг есеппен енгізіледі. Құю жылдамдығы минутына 40-50 тамшы.
Қолданудың көрсеткіштері: іріңді-резорбтивті қызбамен қабаттасқан ауыр
іріңді-қабыну дерттері, іріңді перитонит, ішектің түйілуі, сепсис, күйік ауруы,
операциядан және жарақаттардан кейінгі жағдайларда пайдаланылады.
Қарсы көрсеткіштері: бронхиальді ұстама, жедел нефрит, миға қанның
құйылуы.
Полидез - натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісінде сұйылтылған
поливинил спиртінің 3% ерітіндісі. Әсер ету механизмі гемодезге ұқсас. Бір реттік
енгізу мөлшері 250 мл. Ерітіндіні екіге бөліп (енгізудің арасы бірнеше сағат),
минутына 20 - 40 тамшы жылдамдықпен құю керек. Бүйрек арқылы 24 сағатта
шығарылады.
Қолдану көрсеткіштері гемодездікі сияқты.
Қарсы көрсеткіштері: тромбофлебит және эмболияның даму қаупі
болғандықтан, тромбоэмболиялық жағдайларда қолдануға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет