Асептика. Анықтамасы, асептиканың түрлері


Қан алмастырғыштарының артықшылықтары



бет30/88
Дата09.05.2024
өлшемі388.97 Kb.
#500768
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   88
хирка ответ 1-135 (1)

39.Қан алмастырғыштарының артықшылықтары.
Қан алмастырушы сүйықтықтар физикалық біртекті, организмге барлық
бағытта әсер ететін трансфузионды орта деп аталып, қанның белгілі бір
қызметтерінің орнын басуға қабілетті.
Қан алмастырушы сұйықтықтардыің әртүрлі қоспалары немесе оларды
колданғаннан кейін организмге кешенді әсер етуі мүмкін.
Қан алмастырушы сұйықтықтар келесі талаптарға жауап беруі қажет:
• қан плазмасының физико-химиялық қасиеттеріне ұқсас болу керек;
• организмнен толығымен шығарылады немесе ферменттік жүйемен мета-
болизмге ұшырайды;
• организмге кайталап енгізгенде сенсибилизацияны шақырмауы керек;
• ағзалар және тіндерге уытты әсер етпеуі керек;
• залалсыздандыруға
төзімді, ұзақ уақыт бойы өзінің физико-химиялык
және биологиялық касиеттерін сактауы керек.
Қан алмастырушы сұйыктыктарды коллоидты ерітінділер - декстрандар
(декстран [ор. мол. масса 50 000-70 000], декстран [ор. мол. масса 30 000-
40 000]), желатин препараттары; тұзды ерітінділер - натрий хлоридінің
изотониялық ерітіндісі, Рингера Локк ерітіндісі; буферлік ерітінділер - на-
трий гидрокарбонатының ерітіндісі, трометамол ерітіндісі; қанттар және көп
атомды спирттердің ерітінділері (декстроза, сорбитол, фруктоза); Нәруызды
препараттар (нәруыз гидролизаттары, аминоқышқылдардың ерітінділері);
майлы препараттар - майлы эмульсиялар (мысалы, соя бұршақтарының
майы+үш глицеридтер); оксиэтилкрахмал препараттар (гидроксиэтилкрахмал)
деп бөлу қабылданған.

40.Қан алмастырғыштарды құю кезіндегі асқынулар. Алдын алу жіне емдеу.


Жанама реакциялар
Енгізілген каналмастырушы ерітінділерге жанама әсерлер сирек кездеседі.
Нәруыз гидролизаттарын және майлы эмульсияларын пайдаланған кез-
де, олар 1-1,5%, декстранды [ор. мол. массасы 50 000-70 000] құйғанда
0,1% жағдайда, препаратқа индивидуалды жоғары сезімталдықтың көрінісі
түрінде байқалады.
Аллергиялык, пирогенді, уытты реакцияларды ажыратады. Нәруыз
гидролизаттарын енгізгенге ауыр іріңді үрдістермен, аутосенсибилиза-
ция нәтижесіндегі күйіктері бар, аллергиялық аурулармен зардап шегуші
науқастарда аллергиялық реакциялар байқалуы мүмкін. Цианоз, тұншығу,
тахикардия, қабақтардың, беттің ісінуі (Квинке ісінуі), терінің қышынуы
және бөртпелермен байқалады. Пирогенді реакциялар дене температурасының
жоғарылауымен, қан алмастырғыштардың трансфузиясының соңында не-
месе одан кейін қалтыраудың пайда болуымен көрінеді. Реакцияның ал-
дын алу үшін бір рет пайдаланылатын жүйені қолдану керек, ұзақ уақыт
құйғанда (1 тәуліктен аса) жүйені ауыстыру, препараттарды олардын сақтау
мерзімінің есебімен пайдалану. Уытты реакциялар бастың ауруымен тахикар-
диямен, бауырдың ұлғаюымен, белдің ауырсынуымен, несептің өзгерісімен
көрінеді. Олардың себебіне, нәруыз гидролизаттарының және оның ыдырау
өнімдерінің кұрамында көп мөлшерде болуы жатады. Жарамсыздық белгілері
немесе сактау мерзімі өтіп кеткен кан алмастырушы сұйықтардың трансфузи-
ясына қатан тиым салынады.
Қан алмастырушы сұйықтарды құйып жатқандағы асқынулар пайда
болғанда, трансфузияны дереу тоқтату немесе енгізу жылдамдығын баяулату
керек, вена ішіне 10 мл 10% кальций хлоридін, антигистаминді препараттар-
ды (дифенгидрамин, хлоропирамин), 20 мл 40% декстроза ерітіндісін, 1 мл
0,2% платифиллин ерітіндісін,1 мл 1% тримепередин ерітіндісін инъекциялау
қажет. АҚ түсіп кеткенде қантамырларды тарылтатын және жүректің дәрілік
заттарын, кристаллоидты ерітінділерін, глюкокортикоидтарды қолданады.
Аскынулардың алдын алу үшін кұюдың қағидаларын сактау кажет,
трансфузиологиялык және аллергологиялық анамнезді анықтау, тәуліктік
дозасын және нәруызды препараттардың енгізу жылдамдығын (минутына
20-40 тамшы) асырмау, нәруызды қан алмастырушыларды, декстранды [ор.
мол. масса 50 000-70 000] және майлы эмульсияларды құйғанда міндетті түрде
биологиялық сынаманы жүргізу керек. Егер препаратты енгізгенге реакция
болатынына күдіктенген жағдайда, (10-15 бұрын) прометазин, хлоропирамин
немесе дифенгидраминді және кальций хлоридін болжаммен енгізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   88




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет