38.Су-тұз алмасуының және қышқыл-сілтілі жағдайдың реттеушілері. Оттегін тасымалдаушылар, әсер ету механизмі, көрсетілімдері және қарсы көрсеткіштері. сУ-тұЗДЫ ЖӘне ҚЫШҚЫЛ-сілтілі
тепе-теңдікті реттейтін заттар
Электролитті ерітінділер қанның реологиялық қасиетін жақсартып, микро-
циркуляцияны қалпына келтіреді. Шокта, қансырауда, ауыр интоксикация және
науқастың сусыздануы кезінде жасушааралық кеңістектегі су қан айналымына өтіп,
интерстициальді кеңістіктегі сұйықтықтың тапшылығына алып келеді. Тұзды
ерітінділердің молекулярлы салмағы төмен болғандықтан, капиллярлардың
қабырғасынан интерстициальді кеңістікке оңай өтіп, сұйықтықтың көлемін қалпына
келтіреді. Барлық плазма алмастырушы тұзды ерітінділер қан айналымынан тез
шығарылып отырады. Сондықтан, оларды коллоидты ерітінділермен бірге қосып
тағайындайды, өйткені олар тұзды ерітінділердің қан айналымдағы уақытын
ұзартады.
Натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісі натрий хлоридінің 0,9% сулы
ерітіндісі болып табылады. Олар герметикалық флакондарда шығарылады немесе
дәріханаларда дайындалады. Дене айтарлықтай су жоғалтып, жасушасыртылық
дегидратация байқалса, тәулігіне ерітіндінің 2 л мөлшерін енгізуге болады. Ерітінді
қан айналымынан тез шығатындықтан, шок және қансырау кезінде көмегі аз болады.
Оны қанмен және плазма алмастырушы коллоидты ерітінділермен бірге қосып
енгізеді.
Рингер- Локкерітіндісі. Кұрамында натрий гидрокарбонаты, натрий, калий,
кальций хлоридтары, глюкоза және бидистиллденген су бар. Ол изотониялық
ерітіндіге қарағанда, өзінің кұрамы бойынша физиологиялық болып табылады.Оны
шокты және қансырауды емдеуде қанмен, плазмамен және гемодинамикалық әсері
бар плазма алмастырушы ерітінділермен бірге қосып қолданады.
Лактасол. Құрамында натрий, калий, кальций, магний хлоридтары, натрий
лактаты және дистиллденген су бар. Натрий лактаты денеде натрий гидрокарбо-
натына айналып, қышқыл-сілтілік тепе-теңдікті реттеп, гемодинамиканы жақсартады.
Дисоль (натрий хлориді мен ацетаты) - регидратация және дезинтоксикация
үшін қолданылатын, қосарланған тұзды ерітінді.
Қышқыл-сілтілік тепе-теңдікті реттеу және ацидозды түзеу үшін, 5-7%
натрий гидрокарбонаты мен 3,66% трисамин (прометамол) ерітінділері
тағайындалады. Бұл ерітінділерді метаболиттік және аралас ацидозбен асқынған
жедел және созылмалы ауруларда (шок кезінде, көп мөлшерде қан құйғанда,
экстракорпоральді қан айналымында, күйіктерде, перитонитте, жедел панкреатитте,
реанимациялық және реанимациядан кейінгі кезеңде, диабеттік ацидозда)
пайдаланады.
Оттегіні тасымалдаушылар
Көпшілік плазма алмастырушы заттар қаның ең маңызды ролі - тіндерге
оттегіні тасымалдау қызметін атқара алмайды. Бұндай газ тасымалдаушы қасиеті
бар ерітінділерді іздеу мәселесі мынадай 2 бағытта жүреді: 1) газ тасымалдау қасиеті
бар модифицирленген гемоглобинді пайдалану; 2) газды тасымалдайтын субстрат
ретінде перфтор-көмірсулардың эмульсиясын пайдалану. Перфторкөмірсулардың
эмульсиясын тәжірибеде қолдану нәтижелерінің маңызы өте зор. Олар 60 айналым
% -ға дейін оттегі мен 90 айналым % -ға дейін көмірқышқыл газын ыдырататын,
химиялық және физикалық инертті қосылыстар болып табылады. Алғашқы болып,
клиникалық тәжірибеде перфторанды пайдалану рұқсат етілді.
Қолдану көрсеткіштері:
1. Жедел және созылмалы гиповолемия кезінде.
2. Іріңді-септикалық жағдайлар мен инфекциялық ауруларда микроциркуля-
цияның, тіндік газ алмасудың және әртүрлі этиологиялы метаболизмнің
бұзылыстары кезінде.
3. Донорлық ағзаларды қорғау кезінде.
4. Жасанды қан айналым аспабының ішінде қолдану.
5. Аяқ-қолдар мен миокардтың региональді перфузиясында.
6. Өкпенің, жаралар мен ішкі куыстардың лаважы кезінде.
Перфторанды биологиялық сынаманы жүргізгеннен кейін, дененің салмағына
шаққанда 5-30 мл/кг мөлшерде көк тамырға (тамшылатып немесе ағызып) енгізеді.
Максимальді пайдалану мөлшері - 100 мл/кг.